Ойын туралы ұлы ойшылдардың пікірлері II. Негізгі бөлім



Дата01.09.2022
өлшемі137.18 Kb.
#460121
Кіріспе ОЙЫН


Кіріспе
-Ойын туралы ұлы ойшылдардың пікірлері
II. Негізгі бөлім
2.1 Ойын – оқытудың жаңа технологиясының маңызды бөлігі
2.2.Оқу жұмысындағы ойын технологиясының қолданудың тиімділігі.
2.3. Оқу жұмысындағы ойынның атқаратын негізгі қызметтері.
2.4. Ойынның психологиялық және педагогикалық ерекшеліктері.
2.5 Ойын технологиясы арқылы оқушылардың шығармашылығын қалыптастыру.
2.6.Ойынның түрлері
А) Дидактикалық ойындар
Ә)Ұлттық ойындар
III.Қорытынды бөлім.
Оқу жұмысындағы ойын технологиясының маңызы.
Әдебиеттер тізімі.
Еліміздің егеменді ел болғалы бері келелі де ауқымды өзгерістер жүруде. Саяси, экономикалық, қаржылық т.б. салалардағы секілді білім беру саласы да мұндай өзгерістерден тыс қалған жоқ. Себебі мемлекетті нығайту, көркейту үшін өмірге жаңаша көзқарастағы, білімді, жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелеу қажеттігі туындады. Сондықтан қандай халықтың даму стратегиясын алып қараса, онда өскелең жас ұрпақты елін сүйетін отаншыл, саналы, тәрбиелі етіп шығару- оның басты бағдарларының бірі. Қазіргі жас- ертеңгі халық тағдырын шешетін азамат. Осыдан білім беру мекмелерінің алдынан күрделі міндет тұр. Ол- оқушыны саналы ойлайтын ертеңгі күні қоғамда өз орнын табатын жеке тұлғаны тәрбиелеп шығару.
Қазіргі кезеңде саласының алдына қойылған талаптар- оқушыларға білімді тереңдетіп беру. Мұны кейінгі жылдары шыққан оқулықтар да көруімізге болады. Мұндай жағдайда оқушының алдында үлкен мәселе: оқушыны қалайша шаршатпай, енжарлыққа салдырмай терең білім беруге болады. Осы тұрғыдан алып қарағанда оқыту үрдісінде ойын әдісін қолдану- бұл проблеманы шешудің бірден- бір жолы.
Ойын- күрделі философиялық, педагогикалық ұғым. Философия адам мәселесін зерттегендіктен, бұл жерде адамның санасы мен ойын арасындағы қарым-қатынас жайы тыс қалмайды. Мысалы, сонау ерте заманға грек ойшылдарынан бастау алатын ойын теориясы қазірге дейін өрбу, даму үстінде.
Біздің эрамызға дейінгі ІV ғасырда өмір сүрген грек философы Гепокрит ойынды мәңгілікке теңеген. Оның пікірінше, ойын «Мәңгілік- шахмат ойнап отырған бала». Платон ойын теориясын қалыптастырушы ретінде назарға алынады, оның пікірінше, ойын –әрі жоғары ақыл, рахаттану, қызық және теңдесі жоқ жоғары құбылыс.
Осының нәтижесінде қазіргі кезеңде ойынды философиялық тұрғыдан ұғындыруда мынадай теориялар қалыптасқан:
Ойын дегеніміз ұшқын, білімге құштарлық пен еліктеудің маздап жанған оты. Ойынсыз,музыкасыз,творчествосыз,фантазиясыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды. В.М. Сухомлинский .
Ойын- артық күштен арылу жолы (Ф.Шиллер., Г.Спенсер).
Ойын балаларды ересек өмірге дайындайды (К.Гросс, К.Блююллер)
Ойын- мәңгілікке ұштасатын құбылыс (Платон, Демокрит). 
Функционалды тенденция теориясы (Д.Н.Узнадзе, т.б.)
Педагог ғалымдар ойынның оқыту процесіне оң әсерін тигізетініне келісе отырып, мынадай пікір айтады.
А.С. Гуревич, А.В. Килиниюктер ойынды оқытудың активті түрі деп қарастырса, Н.Н. Скатова, Р.И. Половникова, В.К. Романт оқытудың ойын әдісі дейді. Тағы бір ғалымдар оқытудың ойын элементтері деп қарастырамыз. Біз ойынды әдіс секілді ойын кезінде оқушымен оқытушының арасындағы байланыс туындап оқыту процесінде тактиканы емес, стратегияны анықтайды. Біз ойынды іштей жөндей отырып оның мынадай элементтерін өзара тығыз байланыста болатынын атап көрсеткіміз келеді.
1.Ойын – оқытудың жаңа технологиясының маңызды бөлігі
Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында жан-жақты дамыған, сауатты, саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Мұндай мақсаттың баянды болуы оқу-тәрбие жүйесінің үлесіне тиетінін ескерсек, жас жеткіншектердің білімді, білікті болуында ойынның алатын орны ерекше.
Қазіргі кезде “ойын” ұғымының мағынасы кеңейіп, тұрмыс пен мәдениеттің түрлі салаларын қамтуда. Бұрын балалар ойыны мен актер ойыны педагогика мен өнертанудың ғана зерттеу нысандары болып келсе, қазіргі таңда ойын проблемасы психология, әлеуметтану, мәдениеттану, әдебиеттану, т.б. салалардың көкейтесті мәселесіне айналып отыр. Ойын арқылы оқушы білім алуға, оқуға қызықтыра отырып тұлғаны дамуын қалыптастыруға болады.
Ойын – оқытуда жаңа технологияның маңызды бөлігі болып табылады. «Ойын »ұғымына түсініктеме берсек – бұл адамның мінез- құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізінде іс-әрекеттің бір түрі.
Педагогикалық ойынның маңызы зор. Ойын біріншіден, білу және үйрену, екіншіден, адамның ойнай отырып, өзіндік білім алуы өмір тәжірбесін жинақтауға көмектеседі. Ойынның кәсіптік, әуестену, оқу-жаттығу ойындары сияқты түрлері бар. Ол дем алу, көңіл көтеру бола тұра оқуға, шығармашылыққа, емдеуге, адам қарым-қатынасының типтерінің модельдеріне, еңбекте көрініс табады.
Ойынды ерте заманнан үлкендердің іс-тәжірибесін жеткіншек ұрпаққа жеткізу үшін пайдаланған. Ойын халық педагогикасында, мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелерде кеңінен пайдаланылады. Қазіргі мектепте ойын әрекеті ойын пәнінің тарауын және тақырыбын түсіну үшін өздік технология ретінде, жалпы технологияның элементі ретінде, сабақ немесе оның бір бөлігі ретінде, сыныптан тыс жұмыстың технологиясы ретінде қолданылады.
Оқыту барысында ойын технологиясының тиімділігі.
Адамзаттың көптеген жылдар бойғы ойнау тәжірбиесі ойынның білімдік құндылығын дәлелдеді. Ойынның шығу сырын ғалымдар жүздеген жылдар бойы зерттеп келеді. Оның шығу тарихы жайлы көптеген пікірлер бар. Көп тұжырымдардың бірі бойынша ойын қоғамның діни, әлеуметтік экономикалық және мәдени дамуы кезіндегі бос уақыт пен демалысты өткізу мәселесінен туындағын. Ерте заманда ойын қоғамдық өмірдің бір бөлігі болып, оған діни саяси маңыз берілген. Ойын өмірде пайдасыз көрінгенмен аса қажетті көрініс құбылыс. Сабақта тиімді қолданылған ойын түрлері \ мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың аса зор ілтипатпен тыңдап, жемісті, сапалы меңгеруіне сенімді көмекші бола алады. Өйткені, кіші жастағы оқушылар жас ерекшеліктеріне байланысты ойынға өте ынталы келеді. Балалар тез сергіп, тапсырмаларды тез, әрі қызығып орындайтын болады. Ойын балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін, қызығушылығын арттырудағы басты құрал. Ойын барысында балалардың белсенділігі, шығармашылығы дамиды. Ал мұғалімнің міндеті \ балаларды ойынға өз қызығушылығымен, ынтасымен қатысуын қамтамасыз ету. Ойын мен адам мәдениетінің өзара байланысы ғылыми түрде анықталды. Олардың тұлғаны дамытудағы маңызы анықталды, оның психологиялық және әлеуметтік факторлармен келісімі жөнінде кең қарастырылуда. Ойын технологиялары әлі де білім беру саласында жаңа инновация болып табылады. Педагогикалық технология ұғымы түрлі педагогикалық ойын түрлерін педагогикалық процесте әдістер мен тәсілдердің кең көлемді топтарын біріктіреді, оның жалпы ойындардан ерекшелігі оқытуда нақты мақсатының қойылуымен және оның оқу\ танымдық бағыты сипатталған, негізі салынған педагогикалық нәтижесіне сай анықталады. Сабақ барысындағы ойын әдістері мен жағдайларының көмегі арқылы құрылады. Сабақ үстінде оқушылардың біліктілігі, іскерлігі, дағдысы, дүниетанымы дамиды. 
Негізгі бетбұрыс оқушы білімінің сапасын арттыру, ол дегеніміз түпкі нәтижені көре білу, яғни оқушыға берген біліміміздің қайтарымын көру. Ол үшін сабаққа сыныптағы оқушының барлығын қызықтыра отырып қарастыру қажет. Бес саусақ бірдей емес, яғни әр оқушының сабаққа қызығушылық, дүниетанымы, даму ерекшеліктері әртүрлі. Сондықтан оқушылардың осы топтарына әртүрлі деңгейде талап қоюға тура келеді. Ал ойын элементтері кез келген оқушының қызығушылығын тудырады. Тіпті нашар оқитын оқушының өзі ойын арқылы берілген тапсырмаларды асқан қызығушылықпен, белсенділікпен орындайды. Оқушылардың қызығушылықтарын туғызатын ойындардың бірі - танымдық, тарихи ойындар. Ойын элементтерін қолдана отырып мұғалім оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, зейінін арттыру мақсатында әртүрлі әдіс - тәсілдерді қолданады. Атап айтқанда, мүғалім ойын жағдаяттарын туғыза отырып, әртүрлі заттарды қолдану арқылы сұрақтар қойып, затты көрсетіп, түсіндіріп ойын сюжетін құрастырады. Сабақтарда танымдық ойындарды жаңа тақырыпты түсіндіру барысында, қайталау, пысықтау, қорытындылау сабақтарында да пайдалануға болады. Ойындар оқушылардың ой\өрісін дамытып, ойлау қабілетін арттырумен қатар, үйретілген, өтілген тақырыптарды саналы да берік меңгеруге үлкен әсер етеді. Ойындар оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін жетілдірумен қатар, сөздік қорларын молайтып, сауатты жазуға да баулиды. Оқушылар ойын ойнау барысында үйренген сөздерін айтып қана қоймай, оның қандай мағынада қолданылатынын да біледі. Ойын оқу пәндерінің мазмүнымен тығыз байланыста жүргізілгенде ғана дұрыс нәтижелер береді.
Бүгінгі таңда өздеріміз тәлім-тәрбие беріп жатқан бүлдіршіндер ертеңгі күні тек білімді кадр ғана емес, Отанын жанындай сүйетін, ұлттық тарихы мен мәдениетін қастерлейтін, рухани кемелденген азамат болып өсіп жетілуі қажет. Өзінің қазақстандық екенін, Қазақстанда туғаннан әрбір бала мақтаныш ете алса ғана-біздің бұл ісіміздің нәтижелі болғаны. Сонда ғана біз, ұстаздар, бүгінгі заман алдымызға қойып отырған күрделі міндетті абыроймен атқарып, еліміздің болашақ азаматтарын тәрбиелеп өсірдік деп сеніммен айта аламыз. Ынтымақ, бірлік, сыйластыққа қазақ жастарын бала күннен баулысақ, ел іргесі сөгілмек емес.
Сабақ барысында ойын түрлерін дидактикалық материал ретінде пайдаланудың маңызы зор. Ойын арқылы баланың бойына адамгершілік қасиеттермен қатар, білімге, өнерге деген құштарлығы қалыптасады. Тіпті нашар оқиды-ау деген оқушылардың өздері де ойын түрлері араласқан сабаққа зер салып, ынталана түседі. Ойын араласқан жерде жарыс болмай тұрмайды. Оқушылар жолдастарынан қалып қоймау үшін сабаққа белсенді қатысып, қойылған сұрақтарға жауап іздеп, ойлана бастайды. Сабақта ойын түрлерін пайдалану оқушылардың ой-өрісін дамытуға әсер етеді.
Тілдің дамуына ойын өте үлкен әсер етеді. Ойын ақыл-ой дамуына да әсер етеді, бала ойын үстінде заттар мен іс-әрекеттерді жалпылауды, сөздің жалпылама мағынасын қолдануды т.б. үйренеді. Ойын жағдайына ену баланың ақыл-ой әрекеттерінің түрлі сипаттарынын шарты болып табылады. Ойын баланың психикасына сапалы өзгерістер туғызады: онда мектеп жетекші болатын оқу әрекетінің негіздері қаланады. Сабақты ойын түрінде өткізу шәкірттердің білімге ынта-ықыласын арттырады. Оқытудың түпкі мақсаты - оның сапалы болуы. Яғни, сабақтың түрлері мен әдістерін, мазмұнын жетілдіруге оны әдіскерлік, танымдық, білімдік, тәрбиелік жағынан сапалық жаңа деңгейге көтеру. Оқытудың тәрбиелік қызметі мен практикалық бағытын күшейту де осы міндеттерден туындайды. Сабақта ойын түрлерін пайдалану - сабақтың әдістерін жетілдіру жолындағы ізденістердің маңызды бір буыны. Дидактикалық ойындар барлық сыныптарда қолданылады. Әсіресе алты жастан бастап оқытудың ойын әдістеріне көп көңіл бөлу керек. Демек, ойын деген аты ғана, ал шынында да, ол сабақтың, еңбектің жиынтығы. Ойын түрлерінен тәрбиенің түп мақсатын байқауға болады.
Оқушыларды ұлттық болмысқа тәрбиелеу. Бұл төмендегі жұмыстар бойынша жүргізіледі:
а) дидактикалық ойындарды ұлттық тәлім-тәрбие көздерімен ұштастыруда жұмбақтарды, мақал-мәтелдерді, халықтың даналық, өсиет сөздерін оқыту барысында ойындар арқылы кеңінен қолдану;
ә) көркем шығармаларды дидактикалық ойын түрінде беру арқылы оқушылардың ұлттық мәдениет пен әдебиетке дұрыс көзқарасын қалыптастыру;
б) дидактикалық ойындар арқылы оқушыларға шешендік сөздерді үйретіп, олардың тіл мәдениетін жетілдіру керек.
Сонымен қатар қазақ халқының ұлттық ойындары балалардың ой-өрісін қалыптастыратын, білгірлікке шындайтын бірден-бір құрал болып есептеледі. Ол балалардың бос уақытын көңілді өткізіп, денсаулықтарын шындай түсуімен бірге халықтың салт-дәстүрін, тілін дамытуға көмегін тигізеді.
1.2. Оқу жұмысындағы ойынның атқаратын негізгі қызметтері:
Педагогикалық ойындардың функциясын мұғалімнің дұрыс түсінуі оқу үрдісіндегі ойын технологиясының орны мен рөлін анықтайды. Ойын элементтері мен оқытуды ұштастыру мқғалім шеберлігіне байланысты. Кез-келген ойынның өзіндік пайдасы бар. Ойынның бірнеше маңызды функцияларына тоқталайық.
1. Ойынның әлеуметтік-мәдени белгілері.
2. Ұлтаралық қарым-қатынас функциясы.
3. Ойында адамның өзін іс жүзінде көрсетуі.
4. Коммуникативтік ойын.
5. Ойынның диагностикалық функциясы.
6. Ойынның емдеу функциясы.
7. Ойынның түзету функциясы.
8. Ойынның көңіл көтерту функциясы.
Енді әр функцияны қысқаша сипаттайық.
1. Ойынның әлеуметтік-мәдени белгілері. Ойын - баланы әлеуметтендірудің бірден-бір құралы. Ол бір жағынан тұлғаның қалыптасуына, құрбы-құрдастарына, қоғамға тән рухани құндылықтар мен нормаларды, білімді игеруге мақсатты түрде бағытталса, екінші жағынан адамның қалыптасуына аяқ астынан әсер ететін әлеуметтік бақылау үрдістері болып табылады. Ойынның әлеуметтік-мәдени белгісі мәдени байлықты, тәрбие әдеуетін игерген ұжымның толыққанды мүшесі бола алатын баланың тұлға ретінде қалыптасуының көрсеткіші.
2. Ұлтаралық қарым-қатынас функциясы. Бұл функцияның мақсаты ұлтына, нәсіліне қарамастан барлық адамдарға тән әлеуметтік-мәдени құндылықтарды меңгерту болып табылады. Ойындар арқылы кез-келген ұлт өкілдері өз ұрпақтарын өмірдегі әртүрлі жағдаяттардан жол таба білуге, кикілжіңді қатыгездіксіз шешуге, әр қилы эмоцияларды дұрыс қабылдай білуге үйретеді. Ойында шекара жоқ. Ұлттық ойындар, ұлтаралық ойындар, әртүрлі салалық ойындар, бүкіл адамзатқа тән ойындар көптеп саналады.
3. Ойында адамның өзін іс жүзінде көрсетуі. Бұл ойынның функцияларының бірі. Адамға ойынның өзін іс жүзінде көрсетіп, тұлға ретінде қалыптасуы үшін маңызы зор. Сол себептен ойын үрдісі адам үшін маңызды. Ойын барысында бала өзін іс жүзінде көрсетеді. Адам өмірінде үнемі ойын жағдаятына кездесіп тұрады. Соны шешу арқылы адамның ой-µрісінің дамуы көрінеді. 
4. Коммуникативтік ойын. Белгілі бір ережесі болса да ойын коммуникативті әрекет. Ойын оқушыларды адам қарым-қатынастарының әр түрлі жағдайларында болдырады. Осы әр түрлі қиыншылықтан жол таба білуге итермелейді. Топтық ойынға қатысушылар ойыншылар қоғамын құрайды. Осы қоғамның мүшелері бір-бірімен коммуникативті байланыс орната алмаса, ешқандай ойын болуы мүмкін емес. 
Ойын - күрделі математикалық, психологиялық, педагогикалық ұғым.
Психология тұрғысынан ойынды зерттеуге Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн, Д.Б.Эльконин, Б.Г.Ананьев, А.Н.Леонтьев секілді ғалымдар ат салысты. С.Л.Рубинштейннің пікірінше "ойын негізінде адамның барлық психикалық қабілеттері қалыптасады, баланы ересек өмірге дайындайды. Ойын арқылы бала қоршаған ортамен қарым-қатынас жасайды.
К.Г.Исулов ойынды адам санасының қоршаған ортамен араласуындағы эвристикалық іс-әрекеті деп қарастырды. Психологтар ойынның мынадай тізбесін дәлелдеген:
Қажеттілік - мотив –мақсат- ойын іс-әрекеті - нәтиже.
Демек, психологиялық тұрғыдан ойын:
а) Әлеуметтік тұрғыдан ойлауды қалыптастырады:
ә) Танымдық мотивтің дамуына әкеледі;
б) Іс-әрекеттің бір түрі ретінде оқу және еңбекпен қатар тұрады;
в) Логикалық ойлаудан эвристикалық ойлауға үйретеді.
Педагог ғылымдар ойынның оқыту процесінде оң әсерін тигізетініне келісе отырып, мынандай пікір айтады.
Белгілі педагог Ю.К.Бабанский ойынды "как мощное средство стимулирования познавательного интереса учащихся" - деп көрсетсе, педагогтардың арасында ойын іс-әрекетін педагогикалық құбылыстардың қай түріне жатқызу жөнінде бір пікір жоқ. А.С.Гуревич, А.В.Килиниюктер ойынды оқытудың активті түрі деп қарастырса, Н.Н.Скатова, Р.И.Половникова, В.К.Роман оқытудың ойын әдісі дейді. Тағы бір ғалымдар оқытудың ойын элементтері деп қарастырады. Біз ойынды әдіс деп қарастырамыз. Себебі әдіс секілді ойын кезінде оқушымен оқытушының арасындағы байланыс туындап оқыту процесінде тактиканы емес, стратегияны анықтайды. Біз ойынды іштей жөндей отырып оның мынадай элементтерін өзара тығыз байланыста болатынын атап көрсеткіміз келеді.
Ойын элементтері ойынның біртұтас құрылысын береді. Ойын құрылысында алдымен оқытудың мақсаты тұрады.
Ойын - өзіндік басқаруды жинақтайтын қоғамдық тәжірибені меңгеруге бағытталған белгілі бір жағдайдағы іс-әрекеттің түрі. Адам әрекетіндегі ойын құрылымының кезеңдері:
1) мақсат қою; 
2) жоспарлау; 
3) мақсатты жүзеге асыру; 
4) адамның өзін субъект деп табуын қорытындылау болып бөлінеді.
С.А.Шмаковтың пікірінше, ойын - бұл тәртібіне өзіндік басқаруды жинақтайтын қоғамдық тәжірибені меңгеруге бағытталған белгілі бір жағдайдағы іс-әрекет түрі. Көптеген ойындар келесі түрлерімен ерекшеленеді:
1) еркін дамыйтын әрекет;
2) шығармашылық әрекет;
3) тікелей немесе жанама ережелер.
Ойын технологиясы арқылы оқушылардың шығармашылығын қалыптастыру.
Сабақта тиімді қолданылған ойын түрлері — мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың аса зор ілтипатпен тыңдап, жемісті, сапалы меңгеруіне сенімді көмекші бола алады. Өйткені, кіші жастағы оқушылар жас ерекшеліктеріне байланысты ойынға өте ынталы келеді. Балалар тез сергіп, тапсырмаларды тез, әрі қызығып орындайтын болады.
Ойын балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін, қызығушылығын арттырудағы басты құрал. Ойын барысында балалардың белсенділігі, шығармашылығы дамиды.
Ал мұғалімнің міндеті — балаларды ойынға өз қызығушылығымен, ынтасымен қатысуын қамтамасыз ету.
Ойын мен адам мәдениетінің өзара байланысы ғылыми түрде анықталды. Олардың тұлғаны дамытудағы маңызы анықталды, оның психологиялық және әлеуметтік факторлармен келісімі жөнінде кең қарастырылуда. Ойын технологиялары әлі де білім беру саласында жаңа инновация болып табылады.
Педагогикалық технология ұғымы түрлі педагогикалық ойын түрлерін педагогикалық процесте әдістер мен тәсілдердің кең көлемді топтарын біріктіреді, оның жалпы ойындардан ерекшелігі оқытуда нақты мақсатының қойылуымен және оның оқу-танымдық бағыты сипатталған, негізі салынған педагогикалық нәтижесіне сай анықталады. Сабақ барысындағы ойын әдістері оқушыларды оқу қызметіне ынталандыру құралы ретінде ойын әдістері мен жағдайларының көмегі арқылы құрылады. Сабақ барысында ойын әдістері мен жағдайларын өткізу мынадай негізгі бағыттарда жүргізіледі:
Сабақ процесінде пайдаланатын ойындардың бірнеше түрлерін атап көрсетуге болады.
Бастауыш сынып мұғалімдерінің оқу– тәрбие жұмысының негізгі саласы сабақ. Сабақ үстінде оқушылардың біліктілігі, іскерлігі, дағдысы, дүниетанымы дамиды. Негізгі бетбұрыс оқушы білімінің сапасын арттыру, ол дегеніміз түпкі нәтижені көре білу, яғни окушыға берген біліміміздің қайтарымын көру. Ол үшін сабаққа сыныптағы оқушының барлығын қызықтыра отырып қатыстыру қажет. Бес саусақ бірдей емес, яғни әр оқушының сабаққа қызығушылығы, дүниетанымы, даму ерекшеліктері әртүрлі. Сондықтан оқушылардың осы топтарына әртүрлі деңгейде талап қоюға тура келеді. Ал ойын элементтері кез-келген оқушының қызығушылығын тудырады. Тіпті нашар оқитын оқушының өзі ойын арқылы берілген тапсырмаларды асқан қызығушылықпен, белсенділікпен орындайды.
Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді. Сөйтіп, өзінің өмірден байқағандарын іске асырып, қоршаған адамдардың іс - әрекетіне еліктейді. Соның нәтижесінде өзі көрген жағдайларды отбасылық тұрмыс пен қызмет түрлерін жаңғыртады. Мәселен, қазақтың ұлттық ойындары: «Бәйге», «Көкпар», «Хан талапай», «Қыз қуу», «Теңге алу», «Аударыспақ», «Орамал тастау», «Көкпар», «Асық», «Сиқырлы қоржын»т. б. балалардың еңбекке деген қарым - қатынасы мен қабілеттерін арттырады.
Қазақ құндылығының ғасырлар қойнауынан сүрінбей өтіп, өзінің үрдіс дәстүрін сақтаған қазақ балалар фольклорының айрықша бір саласы-балалар ойындары. Ұрпағын ойламайтын халық болмайды. Қазақ ойындарының өміршең қызметі де оның жеткіншек ұрпақты тәрбиелеу ісімен байланысты болуында.
Баланың ойын үстіндегі өзін-өзі жаттықтыруы, өмірді білуге деген құмарлығы, шынығуы, шындалуы, оның ақыл-ойы, дене еңбегіндегі белсенділігін арттырып, алдына қойған мақсатына жетуге деген ерік-қайратын шыңдайды, алға қарай ұмтылсын, құштарлығын оятады. Осының нәтижесінде оқушының өз бетімен ізденуі, білімді қажетсінуі өсіп, нақтылы мақсаткерлікке ұласады. Ойынға қатысқан әр оқушының алдына жеңіске деген ұмтылыс пайда болады.
Ойынды түрлендіруге жаңылтпаштарды, мақал-мәтелдерді, жұмбақтарды жатқызуға болады. Олар әр тілді, әрі ақыл-ойды дамытуға, демалыс сәттерін тиімді пайдалануға септігін тигізеді. Оқушы әрекет үстінде өзін-өзі еркін ұстауға, қысылып-қымтырылмауға, басқалармен тіл табысуға, жолдастық, достық сезімінің оянуына мүмкіндік жасайды.
Сабақта ойын түрлерін пайдалану сабақ түрлері мен әдістерін жетілдіру жолындағы ізденістердің маңызды бір буыны. Ойын элементтерін оқу процесін пысықтау, жаңа сабақты қорытындылау кезеңдерінде, қайталау сабақтарында пайдалануға болады. Ойын түрлерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса, оның танымдылық маңызы да арта түседі. Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін, тартымдығын күшейтеді, оқушылардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады. Ойынмен ұйымдастырылған сабақ балаларға көңілді, жеңіл келеді. Ойынды іріктеп алуға нақтылы сабақтың мақсаты, мүмкіндіктері менжағдайларын ескеруге ерекше назар аударға жөн. Баланың ойын жетілдіріп, сабаққа қызығушылығын, белсенділігін арттыру үшін бастауыш сынып мұғалімінің басты қолданатын тәсілі - ойын.
Ойын арқылы ұйымдастырылған сабақ балаларға жеңіл әрі тартымды, әрі түсінікті болады. Ойын сабақтары оқушылардың өздігінен жұмыс істеуге, ойлау қабілетін дамытуға үйретеді. Ойын кезінде балалардың достық сезімін оятып, бір-біріне қамқорлығы, ұжымдық бірлігі нығаяды. Балаларды жақсылыққа, қайырымдылыққа, ізгілікке, әдептілікке тәрбиелеуге болады. Ойын түрлерін сабақта тиімді пайдалана білу мұғалімнің меңгертіп отырған білімін ықыласпен тыңдап, білімді берік меңгеруіне көмектеседі.
Қорытынды бөлім.
Оқу жұмысындағы ойын технологиясының маңызы.
Білім беру–аса күрделі әлеуметтік-экономикалық механизм. Оны реформалаудың мәселелері де сан қырлы. Қазіргі кездегі республикамызда қолға алынған білім беру жүйесін реформалау ісі осы саланың экономикалық – ұйымдық, құқықтық, құрылымдық жақтарын түбегейлі өзгертуге бағытталған біртұтас кешенді шаралармен тығыз байланысты. Білім беру ісіндегі жаңа үрдістің мән-мағынасы, сипаты мен бағыт-бағдарын айқындаушы дәйекті факторлар:
Ойын – адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып білімін жетілдіреді.
Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді. Соның нәтижесінде өзі көрген жағдайларды, отбасылық тұрмыс пен қызмет түрлерін жаңғыртады. Ойын балалардың еңбекке деген қарым-қатынасы мен қабілеттерін қалыптастырады. Ойынның ережелері ойнаушының қисынды ой қабілетінің дамуы, бір-біріне деген сыйластық, қажеттіліктерімен санасуы әр оқушының жеке әрекетінен туындайды. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкінді Ойынның негізгі мақсаты-баланы қызықтыра отырып білімді меңгерту болса, мұғалімнің міндету-сол ойын түрлерін пайдалана отырып оқушылардың өздігімен жұмыс істей білуге, ой белсенділігі мен тіл байлығын арттыра түсуге түрлі дағды мен шеберлікті меңгертуге қол жеткізу. Оқу-тәрбие жұмысында ойындарды қолданудың кең спектрін сипаттау мақсатында көптеген ғылыми зерттеулер жасау арқылы мынадай мәселелердің басы ашылды:
ойлау, ес, сөйлеу, жігер, назар үрдістеріне дидактикалық ойындардың әсер ету сипаты;
жеке оқыту маңызының артуы;
оқу ойындарына қатысушылардың таным қызығуы арқылы шығармашылық ізденіске ұмтылуы, т.б.
А.С. Макаренконың айтуы бойынша, ойынға бір жақты көзқарас педагогикалық процесте ойынды дұрыс пайдаланбауға әкеп соғады, көп ретте мұғалімдер ойынның негізгі мәні балаларға қуаныш сыйлау екенін ұмытады. Ойын бала үшін жаңа ортаға тезірек үйренуіне мүмкіндік береді. Ал Ю.К. Бабанский - ойында бастауыш сынып оқушыларының барлық әрекеттерін ынталандырудың түрлері мен әдістері ретінде ұсынады Н.К. Крупская өзінің көптеген еңбектерінде ойынның бала өміріндегі маңызына үлкен мән берген. Қандай ойын болмасын, әйтеуір бір нәрсеге үйретеді, ең бастысы - баланы мұқияттылыққа, еңбекке, жолдастарымен ынтымақта болуға үйренеді.
Тиімді қолданылған ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын окушылардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Әлем педагогикасында ойын - белгіленген ережелері бар, бір мақсатқа жету үшін ойыншылар арасындағы сайыс пен жарыс ретінде қарастырылады.Ойын ең алдымен қарым-қатынас жасау, үйрету, өмірлік тәжірибені жинақтау жолындағы әлеуметтік мәдени феномен болып табылады.
Ойынның қиыншылығы оның түрлерінің көптігінен, қатысушылар санынан, ойын өткізу алгоритмінен туындап отыр. Ойын әрекеті сәби кездегі қарапайым сылдырмақтардан басталып, бірте-бірте күрделену арқасында фантастикалық шындық деңгейіндегі видео-компьютерлік ойындарға айналады. Ойынның табиғилығы сонша, ол оқу элементінің таптырмас бөлігі. Ойын үрдісі кезінде сыныптағы топтардың әлеуметтік рөлі және ойын тәртібі игеріледі. Ойын мақсаттарына жету жолында ұжымның бірлескен іс-әрекетінің дағдысы, оқушылардың жеке мінез-құлқы қалыптасады. Ақыл-ойды дамыту ойындарынан бастап бизнеске, мәдениетке, қоғамтануға және басқарудың барлық салаларына сәйкес мамандар даярлауға қатысты бағдарламаларды меңгеруге көмектеседі.

Балалар- біздің болашағымыз,егеменді еліміздің ертеңі.Осы келешек


ұрпақтың ойы озық , білімі терең ,тәлім- тәрбиесі жоғары болу үшін
мемлекетіміз ерекше көңіл бөлуде .Оның айқын көрінісі Елбасымыз
Н.Ә.Назарбаев ,өз сөзінде «Қазіргі заман талабына сай,жан-жақты жетелеген
, бойында ұлттық сана мен ұлттық психология қалыптасқан,имандылық әдебі
,парасаты бар ұрпақ тәрбиелеу» деп атап көрсетті .Балабақшадағы тәрбиелеу-
оқыту жұмысында балалардың тілін дамыту,сөздік қорларын дамыту,ауызша
сөйлеуге үйрете отырып үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану
әрі оны күнделікті іс-әрекет кезіндегі тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге
жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.Біз балалармен сөздік жұмысын
жүргізе отырып оларды айналасындағы заттармен таныстырып,атын айта
білуге,қасиеті мен сапасын,түр-түсі және пішінін ажырата білуге
өмірдегі,қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым,түсініктерін
дамыта отырып белсенді түрде тілдік қарым-қатынас жасай білуге үйретеміз.
Соның ішінде ойын-баланың шын тіршілігі.Ойын-бала әрекетінің негізгі
түрі.Ойын арқылы қоғамдық тәжірибені меңгереді,өзінің психологиялық
ерекшеліктерін қалыптастырады.Мәселен,кез келген бала еш уақытта жалғыз
ойнамайды,қатар құрбыларымен бірлесіп ойнайды,сол арқылы бір-бірімен
өзара қарым-қатынас жасайды.Өз тәжірибемде заттарды қарау,сурет
қарау,жұмбақ шешу және құрастыру,саяхат,ойын сабақтарын ұйымдастыру
барысында балалар сөздік қорларын дамытады.Сөйтіп бала топтағы жасына
сәйкес бағдарламалық міндетті меңгереді.Топта өзім жетекшілік ете отырып
балаларды ойын ережесін сақтауға әрі ойната отырып ойлануға
бағыттайды,заттың атын немесе қасиетін есінде сақтап қалуға жол
ашады,ойынға қызықтыра отырып зейінін,қиялын дамытады. Заттармен
ойналатын ойын ойыншықтарды,табиғи заттарды қолдану арқылы
өтіледі.Мысалы: «Дәл осындай тауып ал», «Салыстыр да атын ата», «Қай
ағаштың жапырағы?», «Бірдей ойыншықты тап»т.б.Соныммен бірге балалар
саусағын ойната отырып тілін дамыту.Саусақ ойыны-бұл ұрпақтан-ұрпаққа
жалғасын тауып келе жатқан әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық.
Саусақ ойыны саусақтардың көмегімен қандай да болмасын ертегіні немесе өлең-тақпақ шумағын сахналау болып табылады.Саусақ ойыны арқылы
баланың сөйлеуге деген талпынысы,қабілеті дамып,ынтасы артады және
шығармашылық әрекетіне жол ашады.Саусақтардың қозғалыс-қимылына
қарап бала қуанады,шаттанады,сөзді айтуға тырысады.Сонымен бірге халық
арасында кеңінен тарап жүрген»Қуырмаш»ойыны да саусақтардың нәзік
қимылын жетілдіруге бағытталған.
Мысалы: «Моншақ».
Қызыл сары ,көк моншақ,
Мен жасаймын көп моншақ.
Мұнда қатар екі қолдың бас бармағы мен сұқ саусақтарының ұшын түйістіре
отырып моншақ тәрізді бейнелейді .Ол өте балалар үшін қызықты әрекет,қол
бұлшық етін дамытуға үлкен көмегін тигізеді.Сонымен қатар өзімен-өзі
қызмет ету дағдысын қалыптастыру:тиегін өзі салу,өзі ағыту,бауын байлау
т.б.
Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев «Ойын ойнап,ән салмай,өсер
бала бола ма?»-деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын
алады.Ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына ықпал
ететін тәрбие құралы.Балалар ойын арқылы тез тіл табысып,жақсы
ұғысады,бірінен-бірі ептілікті үйренеді.Халқымыз ойындарға тек балаларды
алдандыру,ойнату әдісі деп қарамай олардың мінез -құлқының қалыптасу
құралы деп ерекше бағалаған.Ойын арқылы бала өзін қоршаған
ортамен,табиғатпен,адамдар еңбегімен,қарым-қатынастарымен танысады.
Атақты педогог В.А.Сухомлинскийдің сөзімен айтқанда, «Ойынсыз ақыл-
ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес».
Ойын арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып,өзін
қоршаған дүние туралы түсінік алады.Күнделікті топта баланы ойынға
қызықтыра отырып оқу-іс әрекеті кезіндегі тілдік қарым-қатынаста қолдана
білуге жаттықтыру.Баланы өжеттілікке,шапшаңдылыққа, ептілікке,
батылдыққа, байсалдыққа,тапқырлыққа үйрететін де ойын.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет