Сабақтың тақырыбы: Домбыра Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары



бет1/3
Дата13.03.2024
өлшемі76.5 Kb.
#495227
түріСабақ
  1   2   3
1 "Г"


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Қазақ тілі Т2

Бөлім: 6. Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті

Күні :

Педагогтің аты-жөні:

Сынып: 1 «Г» II-топ

Қатысқан оқушылар: Қатыспаған оқушылар :

Сабақтың тақырыбы: Домбыра

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары

1.1.5.1 мәтіннің тақырыбын иллюстрация арқылы болжау;
1.2.3.1 сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және үлгі бойынша жауап беру;
1.3.4.1* мұғалімнің қолдауымен мәтін немесе иллюстрация бойынша қарапайым сұрақтар (кім? не? қандай? қанша?) қою және қысқаша жауап беру.

Сабақтың мақсаты :

Музыкалық аспап туралы түсінік алады. Өзінің домбырасы бар немесе жоқ екенін және өзінің домбыра тартатынын/тартпайтынын айта алады, ұ әрпін таниды, дұрыс дыбыстайды, жаза алады, ұ дыбысы кездесетін сөздер қатарын атай алады.



Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
(5 минут)

Оқушылармен амандасады, олардың сабаққа дайындығын тексереді.
«Сиқырлы алаң» әдісі бойынша сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастырады.

Мұғаліммен амандасып, назарларын сабаққа аударады.
Шеңберге тұрып, бір-біріне жақсы тілек айтады.

Қолпаштау


Сабақтың ортасы
(6-32 минут)



1.Тыңда. Қайтала.
Сөздікпен таныстыру:
Домбыра- домбра
Домбыра тартамын- играю на домбре
2. 1 –тапсырма. Тыңда. Қайтала. Үлгі бойынша сөйле
1-тапсырма бойынша жұмыс істейді. Оқушылар Алмабектің сөзін тыңдайды, оқиды, содан кейін сол тапсырмадағы «Сенде домбыра бар ма?» деген сұраққа жауап береді.
Бұл сұраққа әр бала өзінің шынайы жауабын береді. Осыдан кейін мұғалім оқушыларды Алмабектің «Мен домбыра тартамын» деген сөйлем үлгісімен таныстырады.
3.2-тапсырма.
«Доп лақтыру» ойыны бойынша сұрақ-жауап ұйымдастырылады. Оқушылардың тапсырмада берілген сұрақтарға дұрыс жауап бере алуына көңіл бөледі.
4. 3-тапсырма. Тыңда, қайтала, үлгі бойынша сөйле
тапсырманы орындау үшін домбыра қажет болады (шынайы домбыра болмаған жағдайда ойыншық домбыра/домбыраның суреті қолданылады).
Ең алдымен оқушыларға диалогті тыңдатады. Содан кейін осы диалог негізінде оқушылар жұппен сөйлеседі.
Тапсырмада ұсынылған диалог шынайы болу үшін екінші баланың қолында домбыра болуы керек. Содан кейін олар оқулықта берілген үлгі бойынша өзара сөйлеседі

Тыңдалым,айтылым.
Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды.
1-тапсырмада сөйлеу үлгісін аудиодискіден тыңдайды, қайталайды.
«Сенде домбыра бар ма?» деген сұраққа шынайы жауап береді.
«Мен домбыра тартамын» деген сөйлеммен танысады, үлгіні тыңдайды, қайталайды, түсінеді




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет