Өкім қарағанды қ. № 2013 ж. 2013-2014 оқу жылында оқу процесін



бет6/6
Дата29.02.2016
өлшемі439.5 Kb.
1   2   3   4   5   6

10.49. Докторлық диссертацияны қорғау нәтижелері стенограммамен ресімделеді.

Докторлық диссертацияларды қорғау қорытындысы бойынша диссертациялық кеңес екі шешімнің біреуін қабылдайды:

1) оң шешімді қабылдау кезінде докторантқа жоғары академиялық дәреже философия докторы немесе тиісті мамандықтар бойынша бейіні бойынша беру туралы Комитетке өтініш жасау;

2) теріс шешімдерді қабылдау кезінде – докторантқа жоғары академиялық дәреже философия докторы немесе тиісті мамандықтар бойынша бейіні бойынша беруден бас тарту.

10.50. Докторлық диссертацияны қорғау бойынша оң шешім қабылданған жағдайда кеңестің ғылыми хатшысы докторлық диссертацияны қорғау туралы докторанттың жеке ісін жасайды.

10.51. Докторлық диссертацияны қорғау туралы докторанттың жеке ісінде келесі материалдар енеді:

1) докторлық диссертация;

2) ғылыми жетекшілердің пікірлері;

3) диссертация тақырыбы бойынша жарияланымдар тізімі;

4) қорғау туралы шығарушы кафедраның шешімі (кафедра мәжілісінің хаттамасынан үзінді);

5) диссертацияны жариялап қорғауға деген ұсыныстар туралы сараптама комиссиясының қорытындысы;

6) екі ресми оппоненттердің пікірлері;

7) докторлық диссертацияны қорғау стенограммасы;



8) докторлық диссертацияны қорғау бойынша жабық дауыс берудің нәтижесі туралы санақ комиссиясының хаттамасы;

9) жоғары білім туралы дипломың көшірмесі;

10) кешенді емтиханды тапсыру туралы МАК мәжілісі хаттамасының көшірмесі;

11) докторантураның кәсіптік оқу бағдарламасын игеру туралы транскрипт көшірмесі.

10.52. Докторлық диссертацияны қорғағаннан кейін бір ай ішінде докторанттың докторлық диссертацияны қорғау туралы жеке ісі білім және саласының уәкілетті органына ұсынылады.

10.53. МАК және докторлық диссертациялрды қорғау бойынша диссертациялық кеңес төрағасы докторанттарды қорытынды аттестаттау нәтижелері туралы бірыңғай есеп береді және бір ай ішінде есепті Ректорға ұсынады.

10.54. Докторанттардың қорытынды аттестациясының нәтижесі туралы есепке МАК Төрағасы және докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестің төрағасы қол қояды.

10.55. Докторанттарды қорытынды аттестаттау нәтижесі туралы есеп Ғылыми Кеңес отырысында талқыланады және бекітіледі

10.56. Университет докторантурада білім алушыларды қорытынды аттестаттау біткеннен кейін екі ай мерзім ішінде білім беру саласының уәкілетті органдарына докторанттарды қорытынды аттестаттау нәтижесі туралы есепті ұсынады.

10.57. Докторанттардың докторлық диссертацияларды қорғау нәтижесіне докторлық диссертацияны қорғау бойынша диссертациялық кеңестің қабылдаған шешімі көрсетілген докторлық дисертацияны қорғаған докторанттар тізімі тіркеледі. Тізімге ректор қол қояды.

11. . Білім алушылардың барлық бақылау түрлері бойынша білімі, дағдысы, машықтары, құзіреттілігі тікелей пропорционалды ара қатысы бар балл-рейтингтік әріптік жүйесінің бағаларымен анықталады.

11.2. «Өте жақсы» деген бағаға А бағасы сәйкес келеді, сандық баламасы - 4,0 және пайыздық құрамы - 95-100% және А-, сандық баламасы -3,67 және пайыздық құрамы 90-94%.

Аталған баға, егер білім алушы семестр ішінде пәндердің барлық бағдарламалық сұрақтары бойынша, сондай-ақ дербес жұмыстардың тақырыптары бойынша үздік білімін көрсетсе, аралық тапсырмаларды жүйелі түрде тапсырса, оқылатын пәннің негізгі бағдарламасы бойынша теориялық және қолданбалы мәселелерде, сондай-ақ бағдарламадан тыс мәселелер бойынша дербестік көрсете білген жағдайда және негізгі заңдар мен процестерді, ұғымдарды үздік білуі, пәндердің теориялық мәселелерін қорытындылауға деген қабілеттілігі, аудитория бойынша аралық тапсырмаларды және дербес жұмыстарды тұрақты тапсырған кезде қойылады.



11.3. «Жақсы» деген баға В+ бағасына сәйкес келеді, сандық баламасы - 3,33 және пайыздық құрамы 85-89%, және В бағасы, сандық баламасы 30 және пайыздық құрамы 80-84% және В- бағасы, сандық баламасы - 2,67 және пайыздық құрамы - 75-79%.

Аталған баға, егер студент пәндердің нақты тақырыптарының негізгі мазмұнын ашатын сұрақтар бойынша жақсы білім көрсетсе және бағдарламадағы материалдарды 75%-дан кем емес меңгерген жағдайда, бұл ретте бақылау және зертханалық жұмыстарды дер кезінде орындап тапсырған, ешқандай ескертусіз үй тапсырмаларын және коллоквиумдарды дер кезінде дұрыс орындаған, оқытушы нұсқауымен қосымша әдебиетті пайдаланған, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысқан, бағдарлама материалдарын оқытушы көмегімен жүйелі меңгерген жағдайда қойылады.



11.4. «Қанағаттанарлық» бағасы С+ бағасына сәйкес келеді, сандық баламасы 2,33 және пайыздық құрамы 70-74%, және С бағасына сәйкес келеді, сандық баламасы 2,0 және пайыздық құрамы 65-69%, С- бағасына сәйкес келеді, сандық баламасы 1,67 және пайыздық құрамы 55-59% және D бағасына сәйкес келеді, сандық баламасы 1,0 және пайыздық құрамы 50-54%.

Аталған баға студентке, егер ол бағдарламадағы материалдарды 50 %-дан кем емес меңгерген жағдайда аудиториялық сабақтар және СДЖ барлық түрлері бойынша түсінікті сипаттағы сұрақтарды меңгерген, бақылау және зертханалық жұмыстарды, үй жұмыстарын орындау барысында оқытушы көмегіне зәру, коллоквиумдар тапсырған кезде қателер жіберген, зерттеу жұмыстарында белсенділік танытпаған, тек оқытушы көрсеткен оқулық әдебиеттермен ғана шектелген, материалдарды жүйелеу кезінде үлкен қиыншылық тудырған жағдайда қойылады.



11.5. «Қанағаттанарлықсыз» бағасы "F" бағасына сәйкес келеді, сандық баламасы 0 және пайыздық құрамы 0-49%. "F" бағасы студентке, егер ол бағдарламада қарастырылған негізгі материалдарды, пәндер бойынша аудиториялық сабақтар материалдарын меңгермеген жағдайда, сабаққа жиі қатыспаған және дер кезінде семестр тапсырмаларын тапсырмаған жағдайда, сабақтың тең жартысына қатыспаған және оқу жоспарында қарастырылған жұмыстарды орындамаған, ағымдағы және аралық бақылау тапсырмаларын тапсырмаған жағдайда қойылады.

12. Оқу тәртібі

12.1. Жеке оқу жоспары негізінде оқу сабақтарының кестесі жасалады, ол кестені академиялық кезең басталғанға дейін 5 күн ішінде оқу ісі жөніндегі проректор бекітеді.

12.2. Аудиториялық сабақ кестесі байланыс сағаттары бойынша жасалады. Сабақтың бастауы сағат 9.00-де.

12.3. Студенттердің дербес жұмыстары оқытушы жетекшілігімен (СӨДЖ) (Office Hours) білім алушының келісімімен оқытушымен жеке дара жүргізілетін аудиториялық сабақтар кестесіне, сағатын көрсете отырып енгізіледі.

12.4 Академиялық сабақ (пара) ұзақтығы 50 минутта анықталады. Оқытушылар мен студенттер сабақтың басталғаны туралы қоңыраудың соғуынан біледі. 4 сағат сабақтан кейін 15-20 минут түскі үзіліс болады.

12.5. Студенттердің аудиторияға сабақ басталғаннан кейін кіруіне тыйым салынған.

12.6. Сабақ басталғанға дейін (сабақтар арасындағы үзілістерде де) лаборанттар және ассистенттер қажетті оқулық құралдары және аппаратураны дайындайды.

12.7. Сабақ топта, бірнеше топтарда, қосымша топтарда ұйымдастырылады. Топ құрамы ректор бұйрығымен бекітіледі.

12.8. Әрбір топқа топ старостасы және оның орынбасарын барынша сабақты жақсы оқитын және тәртіпті студенттерден тағайындайды.

12.9. Топ старостасы және оның орынбасарын тікелей институт директорына бағынады және топта директордың барлық өкімдері мен нұсқауларын жүргізеді.

12.10. Топ старостасы және ол болмаған кезде оның орынбасары:

  • топ журналына және журналда жазылған жазбалардың сақталуына жауап береді;

топ журналында әрбір пәнге «Сабақ үлгерімі мен қатысуын есепке алу» туралы бірнеше бетті арнайды. Бұл ретте:

- оқу жоспарына сәйкес осы пән бойынша сабақтар санын ескереді;

- оқытушы келісімімен аталған пән бойынша бақылаудың ағымдық нысандарында қосымша бағандар келтіріледі (үй тапсырмалары, ЕГЖ, модульдер);

- оқытудың блоктық жүйесі кезінде бағаларды қою үшін бағандар қарастырылады;

- студенттердің сабақтың барлық түрлеріне қатысуын арнайы есепке алу жүргізіледі. Әрбір пәнге «Сабақ үлгерімі және қатысуын есепке алу» туралы журнал беттерінде:

- орынсыз себептер бойынша сабаққа қатыспаған студентке тиісті бағанға «Н» әрпі қойылады;

- егер сабаққа қатыспау сырқаттанумен байланысты болса, онда «В» әрпі, ал студент директорат рұқсатымен сабаққа қатыспаса, «Д» әрпі қойылады;

- староста «Сабаққа қатыспау себептері» журналына студенттің тегін, медициналық анықтаманың №, оның жарамды мерзімін, берілген күнін, дәрігердің аты-жөні көрсетілген медициналық мекеменің атауын жазады. (Староста анықтаманы директоратқа тапсырады);

- сабаққа қатысқан студенттің тегіне қарсы ешқандай жазба қойылмайды;

- топ студенттерінің арасынан күн сайын кезекші тағайындалады және ол аудиторияда тазалық пен тәртіпті қамтамасыз етеді;

- ректорат, директор, кафедра меңгерушілері, кураторлардың өкімдерін топ студенттерінің орындауын қамтамасыз етеді

- секретариатқа немесе оның орынбасарына оқытушының сабақты өткізбегені туралы тез арада хабарлайды.

- студенттер өміріндегі мен топтағы олқылықтар туралы институт директорына тез арада хабарлайды;

- студенттердің ҚарМТУ Жарғысында қарастырылған олардың міндеттері мен құқықтарын орындауын қамтамасыз етеді;

- әрбір оқу аптасының соңында және айдың соңғы күнінде институт секретариатына журналды тексеруге тапсырады;

- аудиториялық сабақтарда топтың оқу пәндерін, сондай-ақ оқу жабдықтарын бақылайды және қамтамасыз етеді;

- топ студенттері арасында оқулықтар мен оқу құралдарын алуды дер кезінде ұйымдастырады;

- сабақ кестесіне енгізілген өзгерістерді студенттерге дер кезінде хабарлайды.



12.11. Старостаның көрсетілген қызметі шегіндегі өкімі топ студенттерінің барлығы үшін міндетті.

12.12. Студент:

- білім гранты және шарт негізінде оқуға;

- мамандықтардың жалпыға міндетті стандарттары аясында білім алуға;

- белгіленген көлемде стипендия алуға (мемлекеттік тапсырыс бойынша оқып жатқан тұлғалар үшін);

- жеке траектория шеңберінде оқуға;

- өзінің қабілеттілігі мен мүмкіндіктеріне сәйкес білім және қосымша көрсетілетін білім қызметтерін алуға;

- оқу жоспарына сәйкес баламалы курстарды таңдауға;

- жоғары оқу орнында немесе аталған елді мекенде профессорлық-оқытушылық құрамның саны жеткілікті болған жағдайда оқытушыны таңдауға;

- заңмен белгіленген тәртіпте бір оқу орнынан басқа оқу орнына, бір мамандықтан басқа мамандыққа ауысуға және қайта қабылдануға;

- жеке пікірлері мен ойларын еркін жеткізуге;

- баға жариялығына;

- академиялық демалысқа (денсаулық жағдайына байланысты, соның ішінде жүктілік пен босану бойынша)

- Университет келісім-шарт жасасқан басқа жоғары оқу орындарында жеке оқу пәндерін оқуға;

- зертханалық жабдықтарды және компьютерлерді, институт, кафедра, кітапханалардың ғылыми-анықтамалық материалдарын пайдалануға;

- оқу процесі және студенттердің құқықтары мен міндеттері туралы ақпаратты қамтитын «Анықтамалық-жол көрсеткішпен» қамтамасыз етілуге;

- қоғамдық ұйымдар арқылы Университет қызметі мен студенттік өмірдің маңызды шешімдерін шешуге қатысуға;

- Университет Жарғысы және тиісті ережелермен байланысты ғылыми-зерттеу жұмыстары мен қызметтің басқа түрлеріне қатысуға;

- ұйымдастырушы болуға және ғылыми-техникалық шығармашылық орталықтар, кооперативтер, баспа қызметі, ғылыми-техникалық проблемаларды шешуге қатысатын басқа шаруашылық-есептегі ұйымдардың жұмысына қатысуға;

- медициналық қызмет көрсету және студенттердің белгілі бір топтары үшін белгіленген басқа жеңілдіктерді алуға;

- оқуда, ғылыми-өндірістік пен басқа қызметтердегі табыстары үшін марапаттау және сыйлық беру, алғыс жариялау, грамотамен, ақшалай сыйлықпен, құнды сыйлықтармен марапаттау және профилакторияларға немесе спорттық-сауықтыру лагеріне тегін жолдама алуға (материалдық марапаттау түрлерін таңдау директорат және кафедраның ұсыныстары бойынша жүзеге асырылады).

- Университет жатақханасына тұруға құқылы.

12.13. Студент обязан:

Университет жайында ҚарМТУ-дың ішкі тәртіп ережелеріне бағынуға;

- еңбекті қорғау ережесін және қауіпсіздік техникасын және өндірістік санитарияны қатаң сақтауға;

- оқу жоспарының талаптарын орындауға;

- Университет ректоратының, инсттитут директорының, кафедра меңгерушілерінің, кураторлардың, старосталардың тапсырмаларын орындауға;


  • - таңдап алған мамандығы бойынша теориялық білімге және практикалық дағдыларға ие болуға;

  • оқу жетістіктерін ішкі бағалау ойынша Унивеситет және ҚР БҒМ өткізетін барлық іс-шараларға қатысуға;

  • қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өтуге;

  • оқу пәндерін дер кезінде жазуға және институтқа жеке оқу жоспарын беруге;

оқу пәндері бойынша СӨЖ орындауға;

- сабаққа күн сайын қатысу, сабаққа ауырып қатыса алмаған жағдайда институт секретариатын ауырғаны жөнінде ескерту керек, сосын тиісті емдеу мекемесінің белегіленген үлгідегі анықтамасын 3 оқу күні ішінде инстиут директорына беруге;

- оқу-әдістемелік әдебиеттерге және мүліктерге ұқыпты қарауға;

- бірге оқитын курстастарына, оқытушыларға және т.б. мейірімді болуға;



  • - сабақ кезінде ұялы телефондарын өшіруге;

  • қоғамдық орындарда этикалық нормаларды және жалпыға ортақ тәртіп ережелерін сақтауға;

  • жеке сүйіспеншілігін көрсетуде ұстамды болуға және университет ғимараттарында, көшелерде және қоғамдық орындарда оны көрсетпеуге міндетті.

12.14. Университетте өткізу жүйесі бар. Корпусқа кіруге студент билеті (сынақ кітапшасы) болған жағдайда рұқсат етіледі.

12.15. Студенттерге оқу тәртібін, Университет жайында және студенттер жатақханасында ҚарМТУ-дың ішкі тәртіп ережелерін, сонымен қатар студент міндеттерін бұзғаны үшін тәртіптік жаза шаралары қолданылуы мүмкін, ол жаза шаралары:

- ескерту;

- сөгіс;

- Университеттен шығару.



12.16. Ескерту, сөгіс, Университеттен шығару сияқты тәртіптік жаза шараларын қолданғанда ақталу үшін медициналық анықтаманы ұсыну қабылданған шараларды жоюға негіз бола алмайды.

12.17. Студенттер тәртіпті және сүйкімді таза жүруге тиіс (спорт кешенінен басқа Университет корпустарына спорттық киіммен келуге тыйым салынады).

Оқу ісі жөніндегі проректор В.В. Егоров




Каталог: wp-content -> uploads -> 2012
2012 -> Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерiн және ережесiн бекiту туралы
2012 -> К. С. Тілеуқабылова стив джобс – Аpple корпорациясының негізін қалаушы Қарағанды 2014 алғы сөЗ
2012 -> 1 кесте Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің
2012 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2012 -> Б. Г. НҰҒман қожа ахмет яссауи


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет