Оксиќышќылдар



бет8/22
Дата26.01.2022
өлшемі1.11 Mb.
#454859
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22
Дип.-Бір-негізді-екі-атомды-оксиқышқылдар 2

Эмиль Герман Фишер

(1852-1912)

Неміс органик-химигі, Нобель сыйпығының лауреаты, Петербург ғылым академиясының шетелдік мүшесі. Ғылыми еңбектері көмірсулар химиясына, пурин қосылыстарына, ақуыздарға арналған. Көмірсулардың номенклатурасын, олардың рациомал формуласы мен жіктеуін жасады. Глюкоза, фруктоза, маннозаны синтетикалық жолмен алды. Пурин қосылыстарының құрылысын зерттеді. Аминқышқылдары бір-бірімен карбоксил және амин топтарының әрекеттесіп, су бөлу арқылы байланысатынын көрсетті. Попипептидтер синтезіне жол ашты. Ақуыз молекуласының полипептидтік құрылыс теориясын жасады.


Сүт қышқылының салыстырмалы тұлғасы глицерин ангидриді сүт қышқылына айналдырылып тағайындалды. Глицерин ангидридінің альдегидтік тобын тотықтырып карбоксил тобына, ал СН2—ОН топты тотықсыздандырып СН3 — топқа айналдырылды. Тұлғасы жағынан солға бұрғыш сүт қышқылының Д-глицерин ангидридіне сәйкес екендігін тәжірибе көрсетті, олай болса Д (—) сүт қышқылы.

Осылайша көптеген заттардың салыстырмалы тұлғалары тағайындалды.

Глицерин альдегидін үлгі ретінде алудың дұрыс екендігі 1951 жылы дәлелденді;

Оптикалық актив заттардың тұлғаларын белгілеу үшін латын әріптері Д және L қолданылады, заттардың бұрылыс бағыттары d және 1 әріптерімен, немесе, олардан да гөрі ( + ) және ( —) деп белгіленеді.

Тағы да есте болатын бір жәйт: оптикалық пәрменділік заттардың молекулаларында ассиметриялы атомдар жоқта да байқалады, бірақ бүтіндей алғанда олар да ассиметриялы заттар (симметриялық жазықтығы жоқ). Ондай уақиғада әңгіме молекулалық ассиметрия жөнінде болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет