«Қолданбалы программалық жабдықтар»


CorelDraw 13 графикалық редакторының негізгі



бет3/5
Дата09.07.2016
өлшемі7.06 Mb.
#186710
1   2   3   4   5

CorelDraw 13 графикалық редакторының негізгі

терезесімен танысу
CorelDraw 13 іске қосқаннан кейін редактрленген және жаңадан құрылатын құжаттарға жылдам қатынас жасауды жүзеге асыратын заставка-меню (1 сурет) ашылады.

1- сурет. CorelDraw 13-ң заставка-менюі



Жаңа (Новый) командасын таңдағаннан кейін экранда бос құжаты бар негізгі терезе (2 сурет) ашылады. CorelDraw 13 терезелерінің негізгі элементтері Windows - тың стандартты терезелерінің элементтеріне ұқсас.




1-Қасиеттер тақтасы таңдалған құралдың қасиеттерін және құрал параметрлерін немесе объект қасиеттерін басқаратын элементтер жиынын көрсетеді.

2-Сызғыштар объектілердің орналасу орнын және өлшемдерін беруде жұмысты жеңілдету үшін қызмет атқарады. Текстпен жұмыста шегініс қоюды, жақтау өлшемін беруде көмектеседі.

3-Түстер палитрасы контурлер және бояулар түстерін таңдау үшін арналған. Объекті контурының немесе бояуының түсін жою үшін палитраның жоғарғы бөлігінде орналасқан крест түріндегі батырманы шерту қажет.

4-Инструменнтер тақтасы графикалық құралдар жинағын қамтиды. Олардың көмегімен объектілерді құруға және редактрлеуге болады.

5-Қалып-күй қатары ерекшеленген объекті немесе команда туралы мағлұматты көрсетеді.

6-Парақтарды есептегіш құжаттағы парақтар санын көрсетеді.
Құралдар тақтасы

Әдетте ол терезенің сол жақ шетінде орналасқан және CorelDraw 13-ң графикалық құралдарының батырмаларын қамтиды. Өздерінің төменгі оң жақ бұрышында кішкене үшбұрышты қамтитын құралдар, белгілердің ашылу мүмкіндіктері бар. Ол үшін осы үшбұрышты тышқанмен шерту керек.

Тақта CorelDraw 13 –ң төмендегі құралдарына қатынас жасауды қамтамасыз етеді.
Бағыттауыш объетілерді ерекшелеу, белгілеу үшін қажет.

Тіктөртбұрыш-тіктөртбұрыш салу үшін қажет.

Эллипс-эллипс салу үшін қажет

Текст-тескстпен жұмыста қолданылады.






Фигура - форманы өзгертуді береді.

Пышақ – қию сызығы бойынша объектілерді бөлшектейді.
Өшіргіш – объектінің қажетсіз бөліктерін өшіру үшін қажет.
Еркін бұру – объектіні қажетті бағытқа бұрады.

Қисық – сызықты «қолмен» салу үшін қолданылады.
Безье қисығы – қажетті нүктелерді шерту арқылы сызықтар салады.
Живопись – таңдалынған қажетті қалыңдықта перомен сурет салады.
Өлшем құралы өлшемі бар сызықтарды қою үшін және сызбада белгілеу үшін қолданылады.

Интерактивті байланыстырғыш сызық объектіге байланатын және онымен қоса орын ауыстыратын объектілерді сызықтармен біріктіру үшін қолданылады.


Масштаб объектілерді масштабтау үшін қолданылады

Қол құралы – көріну облысын барлық жұмыс істеу өрісінде орын ауыстыру үшін қолданылады.

Көпбұрыш - берілген төбе саны бойынша көпбұрыш салады.
Спираль – спираль салуға мүмкіндік береді.

Тор - қағазды сызып алу үшін қажет.



Интерактивті бояу құралы объектілерді бояу тәсілдерн басқарады.
Бұрыштары бойынша интерактивті бояу бояуды редактрлеуді жүзеге асырады, яғни оны белгіленген нүктелермен шектелген жекелеме сегменттерге бөледі.

Интерактивті ағыс бір объектіден екіншіге өтуді іске асырады, мұнда аралық трансформациясы санмен беріледі.

Интерактивті контур құралы объект контурының дубликатын құрады.

Интерактивті бұрмалау құралы объектіні еркін деформациялау үшін қолданылады. Бұл бұрмалау үшін қасиеттер тақтасынан деформация типі таңдалынады.

Интерактивті қабықша құралы таңдалған объектілердің контурларын модификациялау үшін қолданылады..

Интерактивті қысу жазық объектілерді псевдоүшөлшемді бейнеге түрлендіре, үшінші координата бойынша «қысу» үшін қолданылады.

Интерактивті көлеңке таңдалған объектіге қатысты көлеңке эффектісін құрады.

Интерактивті тұнықтық объектінің тұнықтығын басқарады.
Контур контурлар параметрлерін басқарады. Алғашқы екеуі контур перосы және контур түсі сұхбат терезелеріне жол сілтейді.



Бояу – бояу параметрлерін басқарады.

Бейне масштабы

Стандартты құралдар тақтасында үнсіз келісім бойынша енгізу өрісінде ағымдағы масштабты көрсететін Үлкейту деңгейлері (Уровни увеличения) деп аталатын ашылмалы тізім әрқашан болады. Оны қалауымызша өзргертуге болады. Сонымен қатар кескінді өзгертуге болатын Масштаб құралы бар.

3-сурет. Қасиеттер тақтасындағы масштабтау құралдары.


Cұрақтар:

  1. CorelDRAW графикалық редакторының қызметері қандай?

  2. Растрлы графикамен жұмыс істейтін Corel пакетінің программасы қалай аталады?

  3. Corel R.A.V.E. редакторының қызметі қандай? Оның қандай мүмкіндіктері бар?

  4. Программаның негізгі терезесінің элементтері?

  5. Құралдар тақталарының негізгі қызметтері не деп ойлайсыз?

  6. Масштабтау құралының қызметі не?

  7. Қасиеттер тақтасының негізгі ерекшелігі не?

  8. Контурлер және облыстарды бояу үшін қандай палитра қоладнылады?

Қолданылатын әдебиеттер:

Бэйн С. Эффективная работа: CorelDraw11, пер. с англ.- СПб.: Питер, 2003

Г. Тимофеев, Е. Тимофеева. Графический дизайн. -Ростов-на-Дону: Феникс, 2004

Под ред. С.В. Симоновича. Информатика. Базовый курс. 2-е издание. -СПб.: Питер, 2005


8-дәріс. «CorelDraw редакторында, графикамен, мәтіндер және объектілер тобымен жұмыс»

Дәріс жоспары:

1.CorelDraw объектісі түсінігі.

2. Тіктөртбұрыштар, көпбұрыштар және эллипстерді салу.

3. Объектілерді түрлендіру.

4. Контур түсі және объектіні бояу.

5. Объектілер формаларын модификациялау.

6. Мәтіндерменжұмыс.

7. Объектілермен жұмыс.

1.CorelDraw объектісі түсінігі.

Векторлық форматтағы кез келген кескін бір-біріне бағынышсыз редактрленетін, көптеген құрама бөліктерден тұрады. Кескін құрайтын негізгі элементтер объектілер болып табылады. Кескін элементтері: түзу, қисық, тұйық қисық, эллипс, тіктөртбұрыш, көпбұрыш және т.б. объект деп аталады. Бірнеше объектілер комбинациясы арқылы жаңа объект құруға болады.

2. Тіктөртбұрыштар, көпбұрыштар және эллипстерді салу.

Тіктөртбұрыш құралын таңдау арқылы тіктөртбұрыштардың кезөкелген түрін және әртүрлі өлшемде құруға болады. Тіктөртбұрышты салу үшін бастапқы бұрыштан қарама-қарсы бұрышқа тышқанды жүргізу қажет. Салынған объектіде центр координаттары және өлшемі болады. Оларды қасиеттер тақтасында (1-сурет) өзгертуге болады.


1-сурет. Объект центрінің координатын және өлшемін енгізу өрістері.


Сонымен қатар тақтасында тіктөртбұрыштың кез-келген бұрышының дөңгеленуінің радиусын есептегіштер арқылы беруге болады (2-сурет).

2-сурет. Бұрыштардың дөңгеленуін беретін тіктөртбұрыш параметрлері.

Эллипс пен көпбұрыштар тіктөртбұрышқа ұқсас құрылады. Тек қана көпбұрыш қабырғаларының санын қасиеттер тақтасында көрсетсе, әртүрлі көпбұрыштар алуға болады: үшбұрышғ бесбұрыш т.б.

3. Объектілерді түрлендіру.

Құралдар тақтасынан Бағыттауыш құралын таңдағаннан кейін немесе объектінің үстінен тышқанмен шерткеннен кейін объектіні редактрлеуге болады. Оның маңайында қара тіктөртбұрыштар, центрінде крест, төбелерінде - контурлы тіктөртбұрыштар көрінеді. (3-сурет). Осындай барлық басқарушы элементтер объектіні редактрлеу үшін арналған: орын ауыстыру, өлшемін өзгерту, жою. Егер тышқанмен объект үстінен екі рет шертсе, онда объект 4-суретте көрсетілген түрде болады, және онған мынадай операциялар орындауға болады: айналдыру, қисайту және т.б.

3-сурет 4-сурет

Объектілер тобын белгілеу үшін, Shift пернесін басып тұрып объектілерді тышқанмен шерту қажет. Белгіленуді алып тастау үшін бос жерден бір рет шертсе болғаны. Объектіні басқа жерге көшіру үшін оның центрінен тышқанның оң жағымен ұстап алып қалаған жерге апарады.

CorelDraw қолданушыға объектіні көшірудің үш түрін береді: алмасу буфері арқылы, көшірмесін алу және қисайту арқылы. Алмасу арқылы көшіргенде Редактировать—Копировать және Редактировать—Вставить командалары қолданылады. Редактировать—Дублирлвать командасы объектіні жұмыс өрісіне көшірмесін біраз ығыстыру арқылы көшіреді. Мұнда алмастыру буфері қолданылмайды. Команданы қайталай беретін болса белгілі бір қадаммен ығыстыру арқылы көшіре береді (5-сурет).




5-сурет. Эллипстің көшірмесін (дублировать) алу мысалы.

Редактировать—Клонировать командасы да объект көшірмесін бірден жұмыс өрісіне көшіреді. Көшірмесін алудан өзгешелігі түпнұсқа мен жаңа объект арасында байланыс орнатады.

4. Контур түсі және объектіні бояу.

Белгіленген элементті бояу үшін түстер палитрасына барып ұнаған түспен тышқанның оңжағын шерту, ал контурын бояу үшін сол шертсе болғаны. Егер обектіде бояу жоқ болса, онда объект мөлдір болып есептеледі де, одан басқа объектілер көрініп тұрады. Тұйық контурлы объектілерді интерактивті бояумен бояған ыңғайлы. Онда қасиеттер тақтасында сәйкес басқару элементтері пайда болады.

Бояу элементтер тобы өзіне мынадай бояу тәсілдерін қамтиды:


  • Біртекті бояу,таңдалған түспен тұтас бояйды.;

  • Градиентті бояу, таңдау бойынша параметрлерін өзгертіп отыруға болады;

  • Өрнекпен бояу;

  • Текстурамен бояу;

  • PostScript өрнегімен бояу.

6
-сурет. PostScript өрнегімен бояу сұхбат терезесі.
5. Объектілер формаларын модификациялау.

Инетерактивті ағыс құралымен жұмыс істеу үшін тексті объектіні есептемегенде кем дегенде екі объекті болу қажет. Құралды таңдағаннан кейін қасиеттер тақтасынан есептегіш арқылы аралық трансформация санын таңдау қажет. Құралды пайдалану негізі алғашқы объектіні таңдап екінші объектіге тышқанмен жылжуда. Аралық трансформациялар автоматты түрде құрылады. (7 сурет).


7-сурет. Бесбұрыштан тіктөртбұрышқа 5 қадаммен өту мысалы.

Интерактивті контур құралы таңдалған объект негізінде контур жасауға арналған (тексті объект қарастырылмайды). Құралды таңдаған кезде қасиеттер тақтасында контурды құру бағыты бар басқарушы элементтер (центрге, сыртқа, ішке қарай), контурдағы қадам саны, контур сызығының түстері, контур түстерінің сағат тіліне қарсы және сағат тілімен бағыттары, бояу түстері және т.б. болады (8-сурет).


8-сурет. Екі қадаммен үшбұрыш үшін сыртқа контур салу.

Интерактивті бұрмалау құралының көмегімен объектілерді еркін деформациялауға болады. Мұнда деформацияның үш түрі бар: бұртита және жаншыта бұрмалау, ілгекпен бұрмалау және шиыршықтата бұрмалау.

9-сурет. Интерактивті бұрмалау тақтасының қасиеті.



10-сурет. Тіктөртбұрышты интерактивті бұрмалау мысалдары (тіктөртбұрыш, жаншыта және бұртита бұрмалау, ілмегі бар бұрмалау және шиыршықтата бұрмалау)



Интерактивті қысу құралы контурларды қысу жолымен псевдоүшөлшемді кескін алады (ашық және жабық).

11-сурет. Бояусыз және бояумен тіктөртбұрышты қысу мысалдары.



Интерактивті көлеңке құралымен көлеңке эффектілерін таңдайды. Құралды таңдағаннан кейін көлеңке орналасатын орынға курсорды жылжыту қажет. Көлеңке эффектісі тек қана бояуы бар тұйық контурларда жасалынады.

12-сурет. Алтыбұрыштың көлеңкесі.
Интерактивті қабықша құралы таңдалған объектілердің контурларын модификациялау үшін қолданылады. Объект маңайында өзінің тірек нүктелері бар басқарушы объект орналасады.

13-сурет. Тіктөртбұрыш және түйін нүктелері арқылы оны модификациялау.

6. Мәтіндермен жұмыс

Мәтіндердің екі түрімен жұмыс істеу мүмкіндігі бар: фигуралы және қарапайым мәтін. Мәтінді енгізу үшін Құралдар тақтасынан "Мәтін" құралын таңдап жұмыс парағының үстіне апарып тышқанмен мәтіндік облыс салады. Содан кейін қажетті тіл, мәтін өлшемі және т.б. форматтау элементтері таңдалынады. Фигуралы мәтін рафикалық объектіні білдіреді, яғни басқа объектілерге ұқсас жұмыс істеуге болады. Көлемді емес мәтіндерді енгізу үшін қолданылады.


14-сурет. Фигуралы мәтін


Қарапайым мәтін жақтау ішіне жазылады. Ол көлемді текстік ақпарат енгізу үшін қажет.

15-сурет. Қарапайым мәтін.

Мәтін (Текст) менюі арқылы мәтінді қисық сызық маңайына орналастыруға болады.
1
6-сурет. Қисық сызық бойына мәтінді орналастыру.
Қасиет тақтасы арқылы қисық сызық бойындағы мәтін қасиетін өзгертуге болады (4-сурет).

17-сурет. Қасиет тақтасындағы басқару элементтері.


7. Объектілер тобымен жұмыс

Жұмыс парағына және бір-біріне қатысты объектілерді дұрыс орналастыру үшін Упорядочить -- Выравнивание и распределение командасы қолданылады (5- сурет).



17-сурет. Выравнивание и распределение сұхбат терезесі.


Cұрақтар:

  1. CorelDraw прогаммасындағы объект ұғымын қалай түсінесіз?

  2. Тіктөртбұрыштар, көпбұрыштар және элипстер қалай салынады?

  3. Объектілерді түрлендіру үшін қандай құралдар пайдаланылады?

  4. Объектілер формаларын модификациялау үшін қандай құралдар қолданылады?

  5. Объектілерді бояудың қандай түрлері бар?

  6. CorelDraw редакторында мәтіндердің неше түрімен жұмыс жасауға болады?

  7. Фигуралы мәтін қандай жағдайда қолданылады?

  8. Қарапайым мәтін қай кезде қолданылады?

  9. Мәтіндерді қандай құралмен енгізеді?

  10. Мәтіндерге өзгертулер енгізу үшін қолданылатын негізгі мәзір?

  11. Жұмыс парағына және бір-біріне объектілерді дұрыс орналастыру үшін қандай команда орындалады?

Қолданылатын әдебиеттер:

Бэйн С. Эффективная работа: CorelDraw11, пер. с англ.- СПб.: Питер, 2003

Г. Тимофеев, Е. Тимофеева. Графический дизайн. -Ростов-на-Дону: Феникс, 2004

Под ред. С.В. Симоновича. Информатика. Базовый курс. 2-е издание. -СПб.: Питер, 2005



9-дәріс. «Логикалық операциялармен жұмыс»

Дәріс жоспары:

  1. НЕМЕСЕ операциясы.

  2. АЛУ операциясы.

  3. ЖӘНЕ опеациясы.

Объектілерді логикалық операциялармен басқару Реттеу (Упорядочить) – Құру (Формирование) – Құру (Формирование) командасы арқылы орындалады. Осы команданы орындау арқылы объектілерге келесі операцияларды жүргізуге болады.

1. НЕМЕСЕ операциясы.

"Біріктіру" операциясы логикалық "Немесе" операциясына сәйкес келеді. Таңдалынып алынған объетілер бір контурды құрады, нәтижелік объект қасиеті соңғы таңдалынған объетінің қасиетін алады (1-сурет). Егер таңдалынып алынған объектілер қиылыспаса, ортақ контурлері болмайтын бірлік объект құрады, бірақ та соңғы таңдалынған объектінің қасиетін алады (2-сурет). Егер объектілер қиылыспаған болса, онда кері операция мүмкін (Ажырату), бірақ объектілердің бастапқы қасиеттері сақталмайды. "Бастапқы объект" және "Соңғы объект" өрістеріне қанатбелгі қойылса, онда ол объектілер де сақталады. Егер қойылмаса сақталмайды.









1 (а) сурет.

Екі объект көрсетілген. Бастапқы объект эллипс. Соңғы объект тік төртбұрыш.




1 (ә) сурет.

Қолданылатын "Біріктіру" операциясы.



1 (б) сурет. Бастапқы объект пен соңғы объект және операцияны таңдағаннан кейін пайда болған нәтижелік объект. Объект қасиеті тік төртбұрыш қасиетін қамтиды.










2 (а) сурет.

Екі объект көрсетілген. Бастапқы объект төртбұрыш. Соңғы объект тік эллипс.




2 (ә) сурет.

Қолданылатын "Біріктіру" операциясы.



2 (б) сурет. Біріктіру амалын таңдағаннан кейін пайда болған нәтижелік объект. Объект қасиеті эллипс қасиетін қамтиды.

2. АЛУ операциясы.

"ШЫҒАРУ" операциясы логикалық "Алу" операциясына сәйкес келеді. Таңдалынып алынған объектілерде қиылысу зонасы болу керек, себебі соңғы объектіден бастапқы объект алынып тасталынады (3, 4 -суреттер). Бастапқы объектілер бірікпейді, олардың қасиеттері нәтижелік объектіге берілмейді. Бастапқы объект ешқандай өзгерісті мүлдем қабылдамайды. Кері операция мүмкін емес, және бастапқы қалыпты қалпына келтіру тек болдырмау командасымен орындалады. "Бастапқы объект" және "Соңғы объект" өрістеріне қанатбелгі қойылса, онда ол объектілер де сақталады. Егер қойылмаса сақталмайды.








3 (а) сурет.

Екі объект көрсетілген. Бастапқы объект эллипс. Соңғы объект тік төртбұрыш.




3 (ә) сурет.

Қолданылатын "Алу" операциясы.



3 (б) сурет. Бастапқы объект пен соңғы объект және операцияны таңдағаннан кейін пайда болған нәтижелік объект.










4 (а) сурет.

Екі объект көрсетілген. Бастапқы объект тік төртбұрыш. Соңғы объект эллипс.




4 (ә) сурет.

Қолданылатын "Алу" операциясы.



4 (б) сурет. Бастапқы объект пен соңғы объект және операцияны таңдағаннан кейін пайда болған нәтижелік объект.

Алу перациясының дербес жағдайлары болып "Алдыңғысы алу соңғысы" (Передние минус задние) және "Соңғысы алу алдыңғысы" командалары табылады (5, 6 - суреттер).









5 (а) сурет.

Екі объект бірге белгіленеді.




5 (ә) сурет.

Қолданылатын "Алу" операциясы.



5 (б) сурет. Бірден пайда болған нәтижелік объект.









6 (а) сурет.

Екі объект бірге белгіленеді.




6 (ә) сурет.

Қолданылатын "Алу" операциясы.



6 (б) сурет. Бірден пайда болған нәтижелік объект.

3. ЖӘНЕ опеациясы.

"Қиылысу" операциясы логикалық "Және" операциясына сәйкес келеді. Таңдалынып алынған объектілерде қиылысу зонасы болу керек, себебі осы зона нәтижелік объект ретінде қалады (7 -сурет). Нәтижелік объект соңғы таңдалынып алынған объект қасиетін қамтиды. Кері операция мүмкін емес, және бастапқы қалыпқа келтіру үшін Болдырмау командаларын орындайды. "Бастапқы объект" және "Соңғы объект" өрістеріне қанатбелгі қойылса, онда ол объектілер де сақталады. Егер қойылмаса сақталмайды.










7 (а) сурет.

Екі объект көрсетілген. Бастапқы объект эллипс. Соңғы объект тік төртбұрыш.




7 (ә) сурет.

Қолданылатын "Қиылысу" операциясы.



7 (б) сурет. Бастапқы объект пен соңғы объект және операцияны таңдағаннан кейін пайда болған нәтижелік объект. Объект қасиеті тік төртбұрыш қасиетін қамтиды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет