Жамбас-сан буынының байлам аппараттары
Байлам аппараттары төрт байламнан тұрады: 1. Lig. iliofemorale /алдынан/ spina ilei anterior-ден басталып және жартылай Linea intertrochanterica-ға келіп бекітіледі, ал жартылай екі шоғырмен буын қабының /zona orbicularis weberi/ үстінен ортан жіліктің мойнын қоршайды.
Байлам қабықтың алдыңғы бетімен өтеді. Ол денедегі ең мықты /3000 кг/ күшті көтереді байлам. Ол бұлшық ет қимылын тежейді /жазылуын, бүгілуін және сыртқы айналып кетуін/.
Lig. pubocapsulae /ішінен/ eminenta iliopectinea-дай және жапқыш тесіктен жиегінен басталады. Байлам буынның ішкі бетімен өтіп және жартылай trochanter minor-ға бекітіледі, ол жартылай буын қабығына бірігеді.
Lig. ischiocapsulare /артынан/ отырықшы сүйек төмпешігінен басталып, буын қабығының артқы бетімен өтіп және буын қабына бірігеді.
Lig. teres fossa acetabuli-ден басталып және foves capitis femoris-ке бекітеді.
Осы байламдардың арасында нашар бекітілген жерлер қалады, осы жерлер шығып кеткенде ажырап кетеді. Буын қуысы кейде bursa iliopectinea-мен байланысады.
Буынның қанмен қамтамасыз етілуі: A. gluteae inferioris-тің соңғы тармақтарымен, аа. circum flexae femoris medialis және lateralis-пен, a. obturateria-дан a. acetabuli шығады, ол Lig. teres-ке және ортан жіліктің басына кіріп кетеді.
Жүйкеленуі: буынның алдыңғы-сыртқы бөлігі, n. femoralis тармақтарымен, артқы-бөлігі отырықшы сүйектің тармақтарымен қоректендіреді.
Жамбас-сан буынының қозғалысы: бүгілу және жазылу, алып келу, алып кету және айналдыру. Spina ilii anterior және tuberculim pubicum арасы арқылы өтетін ұзынша сызық ұршық ойысын және ортан жіліктің басын екіге тең бөледі. Trochanter majoris ұшы арқылы өтетін көлденең сызық ортан жіліктің ортасы арқылы өтеді. Trochanter majoris ұшы spina ilii anterior superior және tuber ischi-ді біріктіретін сызықта жатады /Roser-Nelaton сызығы/.
Осы сызықтарды пайдаланып ортан жіліктің басының орналасуын және fossa acetabuli-ге қатынасын анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |