"Қолжетімді тұрғын үй 2020" бағдарламасын бекіту туралы



бет13/13
Дата24.02.2016
өлшемі0.49 Mb.
#18000
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

6. Қажетті ресурстар


      Ескерту. 6-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.09.12 № 1189, 2012.12.29 № 1777, 31.05.2013 № 560; 31.03.2014 N 286 қаулыларымен.

      2012 - 2020 жылдарға арналған Бағдарламаны іске асыруға республикалық және жергілікті бюджеттің қаражаты, даму институттарының қаражаты, сондай-ақ жеке меншік ішкі және шетелдік инвестициялар бағытталатын болады.


      Кредиттік тұрғын үйді, кезекте тұрғандар мен жас отбасылар үшін жалға берілетін тұрғын үйлерді салуды, тұрғын үй құрылысы жинақтары жүйесін дамытуды, ҚТҚЖБ-ты және «ҚИК» ИҰ» АҚ-ты қорландыруды, авариялық тұрғын үйлерді бұзу жөніндегі пилоттық жобалар шеңберінде тұрғын үй салуды, сондай-ақ инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды, оның ішінде Астана және Алматы қалаларының серіктес қалаларын дамытуды және жайластыруды республикалық бюджет есебінен қаржыландыру көлемі – 2 000,7 млрд. теңге, оның ішінде: 2012 жылы – 144,3 млрд. теңге, 2013 жылы – 182,9 млрд. теңге, 2014 жылы – 266,1 млрд. теңге, 2015 жылы – 242,5 млрд. теңге, 2016 жылы – 252,8 млрд. теңге, 2017 жылы – 219,0 млрд. теңге, 2018 жылы – 223,3 млрд. теңге, 2019 жылы – 228,3 млрд. теңге, 2020 жылы – 241,6 млрд. теңге.
      2012 - 2020 жылдарға арналған Бағдарламаны қаржыландыру көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің болжамды көрсеткіштері шеңберінде нақтыланатын болады.

Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже


      Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде:
      2012 - 2020 жылдары қаржыландырудың барлық көздері есебінен жалпы алаңы 69050,0 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беруге жоспарланып отыр, оның ішінде 2012 жылы – 6050,0 мың шаршы метр, 2013 жылы – 6600,0 мың шаршы метр, 2014 жылы – 6900,0 мың шаршы метр, 2015 жылы – 7200,0 мың шаршы метр, 2016 жылы – 7600,0 мың шаршы метр, 2017 жылы – 7700,0 мың шаршы метр, 2018 жылы – 8000,0 мың шаршы метр, 2019 жылы – 9000,0 мың шаршы метр, 2020 жылы – 10000,0 мың шаршы метр.
      2012 - 2020 жылдары республикалық бюджеттен бөлінген кредиттік қаражат есебінен мыналар салынады:
      1) жергілікті атқарушы органдардың кредиттік тұрғын үй салуы, кейін оны тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы сатуы – 2 943,0 мың шаршы метр, оның ішінде 2012 жылы – 245,0 мың шаршы метр, 2013 жылы – 388,0 мың шаршы метр, 2014 – 2020 жылдары жыл сайын 330,0 мың шаршы метр;
      2012 - 2020 жылдары республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер есебінен мыналар салынады:
      2) жергілікті атқарушы органдардың кезекте тұрғандар үшін жалға берілетін (кредиттік) тұрғын үй салуы – 2 300,0 мың шаршы метр, оның ішінде 2012 жылы – 150,0 мың шаршы метр, 2013 жылы – 225,0 мың шаршы метр, 2014 – 2020 жылдары жыл сайын 275,0 мың шаршы метр;
      3) жергілікті атқарушы органдардың жас отбасылар үшін жалға берілетін тұрғын үй салуы – 1510,0 мың шаршы метр, оның ішінде 2012 жылы – 155,0 мың шаршы метр, 2013 жылы – 155,0 мың шаршы метр, 2014 жылы – 155,0 мың шаршы метр, 2015 – 2020 жылдары жыл сайын 200,0 мың шаршы метр;
      4) «ҚИК» ИҰ» АҚ-тың тұрғын үй қоры, халыққа сатып алу құқығымен жалдау арқылы сатылады – 3125,0 мың шаршы метр, оның ішінде 2014 жылы – 210,0 мың шаршы метр, 2015 жылы – 250,0 мың шаршы метр, 2016 жылы – 545,0 мың шаршы метр, 2017 – 2020 жылдары жыл сайын 530,0 мың шаршы метр;
      5) авариялық тұрғын үйлерді бұзу жөніндегі пилоттық жобалар шеңберінде тұрғын үй салу – 315,0 мың шаршы метр, оның ішінде 2013 жылы – 25,0 мың шаршы метр, 2014 жылы – 25,0 мың шаршы метр, 2015 жылы – 30,0 мың шаршы метр, 2016 жылы – 35,0 мың шаршы метр, 2017 – 2020 жылдары жыл сайын 50,0 мың шаршы метр.
      «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-тың меншікті қаражаты және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты есебінен 2013 жылы – 60,0 мың шаршы метр, 2014 жылы – 90,0 мың шаршы метр, 2015 - 2020 жылдары – 150,0 мың шаршы метр тұрғын үй салынатын болады.
      Құрылыс материалдары өнеркәсібі, электротехникалық, металлургия және химия өнеркәсібі өнімдерін, сондай-ақ жаңа тұрғын үйді жайластыру бұйымдарын шығаруды арттыру есебінен сабақтас салаларда мультипликативтік тиімділік күтілуде.

7. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары


      Іс-шаралар жоспары осы Бағдарламаға қосымшада көрсетілген.

«Қолжетімді тұрғын үй - 2020»


бағдарламасына қосымша  

Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары


      Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.09.12 № 1189, 2012.12.29 № 1777, 31.05.2013 № 560; 31.03.2014 N 286 қаулыларымен.

Р/с №

Іс-шаралар

Орындау мерзімі

Жауапты орындаушылар

Болжанатын шығыстар, млрд. теңге*

Қаржыландыру көздері

Аяқталу нысаны

1

2

3

4

5

6

7

1.

Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тұрғын үйді жобалауға, салуға және (немесе) сатып алуға кредиттер беру

2012-2020 жылдар 1-тоқсан

ӨДМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ЖАО-сы

442,8 оның ішінде:
2012 жылы – 42,1;
2013 жылы – 34,6;
2014 жылы – 57,6;
2015 жылы –39,7;
2016 жылы – 44,0;
2017 жылы – 46,2;
2018 жылы – 49,5;
2019 жылы – 52,9;
2020 жылы – 56,2

Республикалық бюджет

ҚРҮ-ге, ЭБЖМ-ге ақпарат

оның ішінде:
















Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы тұрғын үй салуға және (немесе) сатып алуға кредиттер беру

2012-2020 жылдар 1-тоқсан

ӨДМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ЖАО-сы

402,8 оның ішінде:
2012 жылы – 42,1;
2013 жылы – 34,6;
2014 жылы – 37,6;
2015 жылы –39,7;
2016 жылы – 44,0;
2017 жылы – 46,2;
2018 жылы – 49,5;
2019 жылы – 52,9;
2020 жылы – 56,2

Республикалық бюджет

ҚРҮ-ге, ЭБЖМ-ге ақпарат

Астана қаласының бюджетіне авариялық тұрғын үй бұзылатын аудандарда тұрғын үй салуға кредит беру

2012-2020 жылдар 1-тоқсан

ӨДМ, Астана қаласының әкімдігі

20,0 оның ішінде:
2014 жылы – 20,0

Республикалық бюджет

ҚРҮ-ге, ЭБЖМ-ге ақпарат

2.

Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалауға, салуға және (немесе) сатып алуға берілетін нысаналы даму трансферттері

2012-2020 жылдар 1-тоқсан

ӨДМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ЖАО-сы

489,7, оның ішінде:
2012 жылы – 32,8;
2013 жылы – 40,0;
2014 жылы – 47,0;
2015 жылы –52,2;
2016 жылы – 56,4;
2017 жылы – 59,6;
2018 жылы – 62,7;
2019 жылы – 66,9;
2020 жылы – 72,2

Республикалық бюджет

ҚРҮ-ге, ЭБЖМ-ге ақпарат

оның ішінде:
















Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ЖАО-да кезекте тұрған азаматтар үшін мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалауға, салуға және (немесе) сатып алуға берілетін нысаналы даму трансферттері

2012-2020 жылдар 1-тоқсан

ӨДМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ЖАО-сы

263,6, оның ішінде:
2012 жылы – 19,6
2013 жылы – 25,0
2014 жылы – 25,0
2015 жылы – 27,0
2016 жылы – 30,0
2017 жылы – 31,0
2018 жылы – 33,0
2019 жылы – 35,0
2020 жылы – 38,0

Республикалық бюджет

ҚРҮ-ге, ЭБЖМ-ге ақпарат

Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жас отбасылар үшін жалға берілетін тұрғын үй жобалауға, салуға және (немесе) сатып алуға берілетін нысаналы даму трансферттері

2012-2020 жылдар 1-тоқсан

ӨДМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ЖАО-сы

226,1, оның ішінде:
2012 жылы – 13,2;
2013 жылы – 15,0;
2014 жылы – 22,0;
2015 жылы – 25,2;
2016 жылы – 26,4;
2017 жылы – 28,6;
2018 жылы – 29,7;
2019 жылы – 31,9;
2020 жылы – 34,2

Республикалық бюджет

ҚРҮ-ге, ЭБЖМ-ге ақпарат

2-1.

Авариялық тұрғын үй бұзылатын аудандарда тұрғын үй салуға Астана қаласының бюджетіне нысаналы трансферттер

2012 - 2020 жылдары1-тоқсан

ӨДМ,
Астана қаласының әкімдігі

20,0, оның ішінде: 2013 жылы – 20,0

Республикалық бюджет

ҚРҮ-ге, ЭБЖМ-ге ақпарат

3.

Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға, дамытуға, жайластыруға және (немесе) сатып алуға берілетін нысаналы даму трансферттері

2012-2020 жылдар 1-тоқсан

ӨДМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ЖАО-сы

844,2, оның ішінде:
2012 жылы – 57,3;
2013 жылы – 62,3;
2014 ж. – 104,2;
2015 ж. – 102,9;
2016 ж. – 103,5;
2017 жылы – 103,5;
2018 жылы – 103,5;
2019 жылы – 103,5;
2020 жылы – 103,5

Республикалық бюджет

ҚРҮ-ге, ЭБЖМ-ге ақпарат

оның ішінде:
















инженерлік- коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту, жайластыру және (немесе) сатып алу

2012 – 2020 жылдар 1-тоқсан

ӨДМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ЖАО-сы

811,0, оның ішінде:
2012 жылы – 51,0
2013 жылы – 60,0
2014 - 2020 жылдары жыл сайын 100,0

Республикалық бюджет

ҚРҮ-ге, ЭБЖМ-ге ақпарат

Алматы және Астана қалаларының серіктес қалаларын дамыту

2012 – 2020 жылдар 1-тоқсан

ӨДМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ЖАО-сы

33,2, оның ішінде:
2012 жылы – 6,3;
2013 жылы – 2,3;
2014 жылы – 4,2;
2015 жылы – 2,9;
2016 жылы – 3,5;
2017 жылы – 3,5;
2018 жылы – 3,5;
2019 жылы – 3,5;
2020 жылы – 3,5

Республикалық бюджет

ҚРҮ-ге, ЭБЖМ-ге ақпарат

4.

Жалға берілетін тұрғын үйді және құрылысы аяқталмаған тұрғын үй құрылыс объектілерін, салынған және пайдалануға берілген (дайын) тұрғын үйді үшінші тұлғалардан алу (сатып алу) салуды қамтамасыз ету үшін «ҚИК» ИҰ» АҚ жарғылық капиталын ұлғайту

2012-2020 жылдар 1-тоқсан

ӨДМ, «ҚИК» ИҰ» АҚ

122,8, оның ішінде: 2013 жылы – 15,0; 2014 жылы – 42,0; 2015 жылы – 32,1; 2016 жылы – 33,7

Республикалық бюджет

ҚРҮ-ге, ЭБЖМ-ге ақпарат

5.

Алматы облысының бюджетіне (Алматы қаласының серіктес қалаларында) инженерлік- коммуникациялық инфрақұрылымды салу үшін уәкілетті ұйымның жарғылық капиталын қалыптастыруға берілетін нысаналы даму трансферттері

2013-2020 жылдар 1-тоқсан

ӨДМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ЖАО-сы

89,0, оның ішінде:
2013 жылы – 11,0
2014 жылы – 15,3
2015 жылы – 15,5
2016 жылы – 15,3
2017 жылы – 9,7
2018 жылы – 7,5
2019 жылы – 5,0
2020 жылы – 9,7

Республикалық бюджет

ҚРҮ-ге, ЭБЖМ-ге ақпарат

6.

«Қазақстанның Тұрғын үй құрылысы жинақ банкі» АҚ кредит беру

2012-2020 жылдар

ӨДМ, «Қазақстанның Тұрғын үй құрылысы жинақ банкі» АҚ

12,2, оның ішінде:
2012 жылы – 12,2

Республикалық бюджет

ҚРҮ-ге, ЭБЖМ-ге ақпарат

7.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілеріне сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйді дамыту, жалға берілетін тұрғын үйдің құрылысын ынталандыру, тұрғын үй құрылысына инвестицияларды тарту, жалға берілетін тұрғын үйді қаржыландыру және ипотекалық ұйымдардың қызметін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу

2012 жылғы 4-тоқсан

ЭДСМ, Қаржымині, ӨДМ, ҚР ҰБ (келісімі бойынша), «ҚИК» ИҰ» АҚ

Талап етілмейді




Заң жобасының тұжырымдамасы

8.

«ҚИК» ИҰ» АҚ-қа облигацияларды шығару үшін мемлекеттік кепілдік беру

2015-2016 жылдар

ЭДСМ, Қаржымині, ӨДМ, «ҚИК» ИҰ» АҚ







56,504 млрд.теңге, оның ішінде 2015 жылы – 27,563 млрд. теңге, 2016 жылы – 28,941 млрд. теңге сомасына мемлекеттік кепілдік терді шығару

9.

Тұрғын үй құрылысы үшін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген жер учаскелерін бөлу

2013-2020 жылдар

облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ЖАО-сы, ҚР Жер ресурстар агенттігі







Жарты жылда 1 рет ӨДМ-ға ақпарат

10.

Тұрғын үйдің жоспарланған көлемін салу және пайдалануға беру

2012-2020 жылдар

облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ЖАО-сы, ӨДМ, «ҚИК» ИҰ» АҚ, «Самұрық-Қазына» АҚ







ҚРҮ-ге, ЭБЖМ-ге ақпарат

11.

Жергілікті атқарушы органдардың халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарының ішінен кезекте тұрғандар үшін жайлылығы 4-сыныпты, сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй салуы бөлігінде Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу

2013 жылғы 3-тоқсан

ӨДМ, Әділетмин і, Қаржымині

Талап етілмейді




Заң жобасын ың тұжырым дамасы

* - Бағдарламаны іске асыруға арналған шығыстар тиісті қаржы кезеңдеріне арналған республикалық бюджет туралы Заңда нақтыланады

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:


      ҚРҮ – Қазақстан Республикасының Үкіметі;
      ӨДМ – Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі;
      ЭБЖМ – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі;
      Қаржымині – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі;
      ҚР ҰБ – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;
      ЖАО – жергілікті атқарушы органдар;
      «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы;
      «Жылжымайтын мүлік қоры» АҚ – «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» акционерлік қоғамы;
      ҚТҚЖБ – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы;
      «ҚИК» ИҰ» АҚ – «Қазақстандық ипотекалық компания» ипотекалық ұйым» акционерлік қоғамы;
      ӘКК – әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация;
      ТҚК – тұрғын үй құрылысы кооперативтері;
      ҚР ҚНжЕ – Қазақстан Республикасының Құрылыс нормалары және ережелері;
      ЖТҚ – жеке тұрғын үй құрылысы.

Қазақстан Республикасы


Үкiметiнiң     
2012 жылғы 21 маусымдағы
№ 821 қаулысына   
қосымша       

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi


      1. «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2011 - 2014 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 31 наурыздағы № 329 қаулысы.
      2. «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2011 - 2014 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 31 наурыздағы № 329 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 13 қыркүйектегi № 1049 қаулысы.
      3. «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2011 - 2014 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 31 наурыздағы № 329 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 13 желтоқсандағы № 1524 қаулысы.
      4. «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2011 - 2014 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 31 наурыздағы № 329 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 24 мамырдағы № 672 қаулысы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет