4. Бағдарламаның мақсаты, мiндеттерi, нысаналы индикаторлары және iске асыру нәтижелерiнiң көрсеткiштерi
Бағдарламаның мақсаты
Халықтың тұрғын үйге қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ететiн тұрғын үй құрылысын дамыту проблемаларын кешендi түрде шешу.
Бағдарламаның мiндеттерi
1. Ұсыныс тарапынан да, сұраныс тарапынан да толыққанды теңгерiмдi тұрғын үй нарығын жасау.
2. «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген азаматтардың санаттарын, сондай-ақ жас отбасыларын және халықтың қалың жiгiн тұрғын үй құрылыс жинақтары желiсi және «Қазақстандық ипотекалық компания» ипотекалық ұйым» АҚ бойынша жайлылығы 3 және 4 сыныпты, оның iшiнде аз қабатты бағасы қолжетiмдi, энергия тиiмдiлiн және экологиялық талаптарына жауап беретiн тұрғын үй салу жолымен тұрғын үймен қамтамасыз ету.
3. Жаппай тұрғын үй салу мақсатында, ең алдымен экономикалық сынып үшiн аумақты кешендi игеру және құрылыс салынған аумақты дамыту.
4. Тұрғын үй құрылысына жеке инвестицияларды тарту және мемлекеттiк-жеке меншiк әрiптестiктi ынталандыру.
5. Тұрғын үй құрылысы салынатын аудандардың инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту.
6. Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту.
7. Тозған және авариялық тұрғын үйлердi бұзу мәселесiн шешу.
8. Азаматтардың коммерциялық емес бiрлестiктерiнiң, оның iшiнде тұрғын үй құрылысы кооперативтерiнiң, сондай-ақ жеке құрылыс салушылардың тұрғын үй салуын қолдау.
9. Энергия үнемдеу және экология талаптарына сәйкес келетiн қазiргi заманғы жаңа технологиялар енгiзу, құрылыс материалдарының, бұйымдары мен конструкцияларының өндiрiсiн ұлғайту, тұрғын үй құрылысындағы қазақстандық қамтудың үлесiн арттыру жолымен Қазақстан Республикасында құрылыс индустриясын дамыту.
Бағдарламаның нысаналы индикаторлары және iске асыру нәтижелерiнiң көрсеткiштерi
|
Өлшем бiрлiгi
|
Жауапты мемлекеттiк орган
|
2012
|
2013
|
2014
|
2015
|
2016
|
2017
|
2018
|
2019
|
2020
|
Қаржыландырудың барлық көздерi есебiнен тұрғын үй салу
|
мың шаршы метр
|
ҚТКШIА, ЖАО
|
6 050
|
6 600
|
6 900
|
7 200
|
7 600
|
7 700
|
8 000
|
9 000
|
10 000
|
ЖАО-да кезекте тұрған азаматтар үшiн тұрғын үй
|
мың шаршы метр
|
ҚТКШIА, ЖАО
|
136,4
|
225
|
275
|
275
|
275
|
275
|
275
|
275
|
275
|
ҚТҚЖБ желiсi бойынша халықтың барлық санаттары үшiн тұрғын үй
|
мың шаршы метр
|
ҚТКШIА, ЖАО
|
313
|
320
|
330
|
330
|
330
|
330
|
330
|
330
|
330
|
Жас отбасылар үшiн тұрғын үй
|
мың шаршы метр
|
ҚТКШIА, ЖАО
|
-
|
155
|
155
|
200
|
200
|
200
|
200
|
200
|
200
|
«ҚИК» АҚ Қорының тұрғын үйi – сатып алу құқығымен жалдау
|
мың шаршы метр
|
ҚТКШIА, «ҚИК» АҚ
|
-
|
-
|
210
|
250
|
545
|
530
|
530
|
530
|
530
|
«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлiк қорының жалға беретiн тұрғын үйi
|
мың шаршы метр
|
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, ҚТКШIА, ЖАО
|
-
|
60
|
90
|
150
|
150
|
150
|
150
|
150
|
150
|
Авариялық тұрғын үйлердi бұзу жөнiндегi пилоттық жобалар шеңберiнде тұрғын үй салу
|
мың шаршы метр
|
ҚТКШIА, Маңғыстау облысының және Астана қаласының әкiмдiктерi
|
-
|
25
|
25
|
30
|
35
|
50
|
50
|
50
|
50
|
Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының шеңберiнде тұрғын үй салу
|
мың шаршы метр
|
ҚТКШIА, ЖАО
|
102,6
|
115
|
115
|
165
|
165
|
165
|
165
|
165
|
165
|
ЖТҚ
|
мың шаршы метр
|
ЖАО
|
3 000
|
3 200
|
3 200
|
3 250
|
3 300
|
3 350
|
3 400
|
3 800
|
4 300
|
Коммерциялық тұрғын үй
|
мың шаршы метр
|
ЖАО
|
2 498
|
2 500
|
2 500
|
2 550
|
2 600
|
2 650
|
2 900
|
3 500
|
4 000
|
5. Бағдарламаны iске асыру кезеңдерi
Бағдарламаның шеңберiнде мынадай негiзгi бағыттар көзделiп отыр:
1. ЖАО-да кезекте тұрған азаматтар үшiн тұрғын үй салу.
2. ҚТҚЖБ желiсi бойынша:
1) халықтың барлық санаттары үшiн;
2) жас отбасылар үшiн тұрғын үй салу.
3. «ҚИК» АҚ-тың тұрғын үй салуы.
4. Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша тұрғын үй қорын жөндеу (қайталама тұрғын үй).
5. Авариялық тұрғын үйлердi бұзу жөнiндегi пилоттық жобалар шеңберiнде тұрғын үй салу.
6. ЖТҚ.
7. Инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылым салу.
8. Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының шеңберiнде тұрғын үй салу.
9. «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлiк қоры» АҚ-тың тұрғын үй салуы.
Бағдарламаға қатысушы Бағдарламаның барлық бағыттары бойынша бiр елдi мекенде жеке меншiгiне бiр тұрғын үй сатып алуға құқылы. Осы талаптың орындалуын бақылау ЖАО-ға және Бағдарламаның операторына жүктеледi.
ЖАО-да кезекте тұрғандар үшiн тұрғын үй
Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезекте тұрған азаматтар үшiн республикалық бюджет қаражатының есебiнен әрбiр облыста, Астана және Алматы қалаларында мемлекеттiк жалға берiлетiн үйлердi (пәтерлердi) жобалау және жыл сайын салу және (немесе) жеке құрылыс салушылардан сатып алу көзделедi.
Мемлекеттiк жалға берiлетiн үйдегi пәтерлер «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ЖАО-да кезекте тұрғандарға берiледi.
Бюджет қаражаты есебiнен тек жайлылығы 4-сыныпты жалға берiлетiн тұрғын үйлердi жобалау және салу және (немесе) дайынын сатып алу жүргiзiлетiн болады.
Жайлылығы 4-сыныпты мемлекеттiк жалға берiлетiн үйдiң 1 шаршы метрiн салудың және (немесе) жеке құрылыс салушылардан сатып алудың құны өңiрлерде 80 мың теңгеден артық болмайды (инженерлiк желiлердiң құнын және өңiрдiң сейсмикалығын есептемегенде) және Астана мен Алматы қалаларында 120 мың теңге мөлшерiнде (инженерлiк желiлердiң құнын есептемегенде).
Бұл ретте өңiрлер бойынша пәтердiң жалпы алаңының бiр шаршы метрiнiң құны тұрғын үйлердiң жобалау-сметалық құжаттамасына Мемлекеттiк сараптаманың оң қорытындысының негiзiнде анықталатын болады.
Жоғары сейсмикалық аудандар үшiн тұрғын үйдiң бiр шаршы метрiн салу құнына:
1) 10 балл – 1,27;
2) 9 балл – 1,22;
3) 8 балл – 1,16;
4) 7 балл – 1,1 түзету коэффициенттерi рұқсат етiледi.
Тұрғын үй құрылысы ауданының сейсмикалығы «Сейсмикалық аудандардағы құрылыс» 2.03-30-2006 Қазақстан Республикасының ҚНжЕ сәйкес анықталады.
Тұрғын үй салуға және (немесе) жеке құрылыс салушылардан тұрғын үй сатып алуға құрылыс құнынан асатын шығындар жергiлiктi бюджет қаражатының есебiнен төленуi мүмкiн. Ол үшiн ЖАО жергiлiктi бюджетте тиiстi жылға республикалық бюджеттен бөлiнген қаражаттың сомасынан 10 %-ға дейiн резерв ұстауы қажет. Осы қаражатты, қажет болған жағдайда ЖАО кезекте тұрғандар үшiн тұрғын үй салған кезде қоса қаржыландыруға ғана емес, сондай-ақ тұрғын үй құрылысың басқа бағыттарына да – халықтың барлық санаттары мен жас отбасылар үшiн тұрғын үй салуға да пайдалана алады.
2015 жылдан бастап кезекте тұрған азаматтар үшiн тұрғын үй салу бағыты бойынша, сондай-ақ халықтың барлық санаттары мен жас отбасылар үшiн тұрғын үй салу деген басқа бағыттар бойынша құрылыстың құнына инфляция коэффициентiн қолдана отырып жыл сайын қаражат бөлу көзделiп отыр.
Тұрғын үйдi уақытында iске қосу және құрылыстың құнын төмендету үшiн ЖАО инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылым жеткiзiлген жер учаскелерiн бөлуге тиiс.
Жалға берiлетiн (коммуналдық) тұрғын үй салу және сату тетiгiнiң өзi мынадай:
1) Қазақстан Республикасының Үкiметi жалға берiлетiн үйлердi және инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға және салуға және/немесе сатуға бюджет қаражатын бөледi;
2) ЖАО жалға берiлетiн тұрғын үй құрылысына жер учаскелерiн бөледi, инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етедi, жалға берiлетiн үйлердi жобалайды және салады және (немесе) жеке құрылыс салушылардан пәтерлердi (үйлердi) сатып алады, құрылыс жұмыстарының барысына және сапасына бақылау жасайды, салынған тұрғын үйлердi балансқа қабылдайды, жоғарыда көрсетiлген санаттардағы азаматтарға пәтерлердi бөледi, жалдау ақысын өндiрiп алады;
3) жалдау төлемi түрiндегi қаражат бюджетке қайтарылады.
Жалға берiлетiн (коммуналдық) үйлер және инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылым салған кезде ЖАО әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорацияларын тартуы мүмкiн.
Жалға берiлетiн тұрғын үй құрылысы құнының өсуiне жол бермеу және бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында Агенттiк Қазақстанның барлық өңiрлерi үшiн энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi мемлекеттiк нормативтердiң талаптарын ескере отырып, тұрғын үйлердiң үлгi жобалары әзiрленетiн болады. Энергия үнемдеу шараларын қолдану жалға берiлетiн (коммуналдық) тұрған үйлердi күтiп-ұстауға арналған пайдалану шығыстарын төмендетуге мүмкiндiк бередi.
ҚТҚЖБ желiсi бойынша тұрғын үй
1) Халықтың барлық санаттары үшiн тұрғын үй
Тұрғын үй құрылысының бұл бағыты 2010 жылғы 29 қаңтардағы Елбасының Қазақстан халқына арнаған «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкiндiктерi» атты Жолдауына сәйкес басталған тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесiн дамыту жұмыстары аясында әзiрленген және 2011 - 2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы бағдарламасының аясында iске асырылады.
Көрсетiлген 2011-2014 жылдарға арналған бағдарламаны iске асыруды талдау бұл тұрғын үйдiң халық тарапынан сұранысқа ие екенiн көрсеттi. 2011 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны iске асыру басталғанда банктiң 17 мыңға жуық салымшысы осы бағыт бойынша тұрғын үй сатып алуға ниет бiлдiрсе, бүгiнде 75 мың адамнан асып түстi. Сонымен қатар 2011- 2014 жылдарға арналған бағдарлама аясында шамамен 10 мың пәтер (орташа – жыл сайын 2,5 мың пәтер) салу жоспарланып отыр. Бұл мұқтаждықтан 7,5 есе аз.
Осыған орай осы бағыт бойынша тұрғын үй құрылысын жалғастырып қана қоймай, оны қаржыландыруды көбейту қажет.
Тұрғын үйдi ЖАО-ның салу және оны тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесi арқылы iске асыру тетiгi мынадай:
1. ЖАО-ның жобалау, салу және/немесе дайын тұрғын үйдi сатып алуды жүзеге асыруы үшiн республикалық бюджеттен кредиттер беру. Жоба әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациялар арқылы iске асырылған жағдайда, ЖАО тұрғын үй құрылысын жүзеге асыру үшiн ӘКК-ге бюджеттiк кредит бөледi.
2. ЖАО мен ҚТҚЖБ-ның тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесi арқылы тұрғын үй салу және iске асыру жобасының аясында ынтымақтастық бойынша ниеттерi туралы келiсiмге қол қоюы.
ЖАО және ҚТҚЖБ келiскен жобалар таңдап алынған соң әрбiр құрылыс объектiсi бойынша тұрғын үй салу және iске асыру бойынша ЖАО және ҚТҚЖБ ынтымақтастығы туралы шартқа қол қойылады.
ЖАО және ҚТҚЖБ тұрғын үйдi сатып алу-сату, жалға алу шарттарының үлгi нысандарын келiседi.
3. ҚТҚЖБ-ның сатып алушылар мен жалға алушылар пулдарын құрып, олардың арасында пәтерлердi бөлуi.
ҚТҚЖБ пулдардың қатысушыларымен тұрғын үй құрылыс жинақ шарттарына қосымша келiсiмдер жасайды, онда пулға қатысу талаптары, оның iшiнде 3 ай iшiнде тұрғын үй құрылыс жинағына жарналар жинақтау бойынша төлемдер салынбаған жағдайда ҚТҚЖБ-ның пул қатысушысын ауыстыру құқығы қамтылады. Тұрғын үй құрылыс жинақ шартына қосымша келiсiм жасалған күүннен бастап төлемдерге монтиронг жүргiзiледi. ҚТҚЖБ пул қатысушыларын ауыстыруды пулдарды құру үшiн белгiленген тәртiппен жасайды.
4. Пулға қатысушылардың тұрғын үйдi сатып алуы мынадай бағыттар бойынша:
1) тұрғын үй құрылысы аяқталған соң тұрғын үй, алдын ала әрi аралық тұрғын үй қарыздары және меншiктi қаражат есебiнен;
2) тұрғын үйдi жалдау арқылы кейiннен тұрғын үй қарыздары есебiнен жүзеге асырылуы мүмкiн. Ең жоғарғы жалдау мерзiмi – тұрғын үй пайдалануға берiлген күннен бастап 8 жылдан артық емес;
5. ЖАО-ның тұрғын үй құрылысын және оны пайдалануға берiлуiн қамтамасыз етуi.
6. ЖАО-ның тұрғын үй сатып алатын сатып алушылар пулына қатысушылармен пәтерлердi сатып алу-сату шарттарын жасауы немесе тұрғын үй құрылыс жинағын жинақтау мерзiмi аяқталған соң тұрғын үйдi сатып алуды көздеп отырған пулға қатысушылармен кейiннен сатып ала отырып жалдау шарттарын жасауы.
7. Бөлiнген пәтерлердi сатып алу үшiн ҚТҚЖБ-ның пулға қатысушыларға қарыздар беруi.
Пулға қатысушы кепiлдi қамтамасыз ету ретiнде сатып алынған пәтердi ҚТҚЖБ-ға бередi.
ҚТҚЖБ сатып алушылар пулына қатысушылардың қарыздары мен жинақтарының және меншiктi қаражатының сомасын ЖАО-ға сатып алынатын пәтер төлемiне есебiне аударады.
8. ЖАО-ның бюджеттiк кредиттi өтеуi.
Құрылыс кезiнде сатып алушылар пулына қатысушылардың өкiлi ретiнде ҚТҚЖБ тұрғын үйдiң әрбiр объектiсi құрылысының барысын мониторингiлеудi жүзеге асырады. Құрылыс аяқталғаннан кейiн ЖАО салынған тұрғын үй объектiсiнiң, пайдалануға қабылдауға қатысу үшiн тұрғын үй объектiсi пайдалануға беруге дайын екендiгi туралы ҚТҚЖБ-ға жазбаша хабарлайды.
Тұрғын үй объектiсi пайдалануға берiлгеннен кейiн:
ЖАО ҚТҚЖБ берген әрбiр тұрғын үй объектiсi бойынша пул қатысушыларының тiзiмi негiзiнде сатып алу-сату (не тұрғын үйдi жалдау) шарттарын жасайды, Бағдарлама қатысушысының қаражаты есебiнен тұрғын үйге меншiк құқығын рәсiмдеу мен тiркеудi жүзеге асырады.
Бағдарламаға қатысушының қаражаты есебiнен ҚТҚЖБ кепiл шартын тiркеудi қамтамасыз етедi.
Осы бағыт бойынша тұрғын үй – халықтың барлық санаттары үшiн жайлылық деңгейi 3 және 4-сыныпты болуға тиiс.
Таза әрленген тұрғын үйдiң 1 шаршы метрi үшiн сату бағасы мынаны құрайтын болады:
1) жайлылығы 4-сыныпты Астана және Алматы қалаларында 120 мың теңге шегiнде (инженерлiк желiлердiң құнын есептемегенде), Атырау, Өскемен және Ақтау қалаларында 100 мың теңге (инженерлiк желiлердiң құнын есептемегенде), қалған өңiрлерде 80 мың теңге (инженерлiк желiлердiң құнын есептемегенде);
2) жайлылығы 3-сыныпты Астана және Алматы қалаларында 142,5 мың теңге шегiнде (инженерлiк желiлердiң құнын есептемегенде), Атырау, Өскемен және Ақтау қалаларында 112,5 мың теңге (инженерлiк желiлердiң құнын есептемегенде), қалған өңiрлерде 90 мың теңге (инженерлiк желiлердiң құнын есептемегенде);
3) Алматы қаласының маңындағы Алматы облысының аумақтарында таза әрленген тұрғын үйдiң бiр шаршы метрi үшiн баға Алматы қаласы бойынша жайлылығы 3 және 4-сыныпты тұрғын үйдiң бағасы сияқты көзделедi.
Бұл ретте, өңiрлер бойынша пәтердiң жалпы алаңының бiр шаршы метрiнiң құны тұрғын үйдiң жобалау-сметалық құжаттамасына Мемлекеттiк сараптаманың оң қорытындысының негiзiнде анықталатын болады.
Тұрғын үй салуға және (немесе) жеке құрылыс салушылардан тұрғын сатып алуға құрылыс құнынан асатын шығындар ЖАО құрған резервтен жергiлiктi бюджет қаражатының есебiнен төленуi мүмкiн.
2015 жылдан бастап халықтың барлық санаттары үшiн тұрғын үй салу бағыты бойынша құрылыстың құнына инфляция коэффициентiн қолдана отырып, жыл сайын қаражат бөлу көзделiп отыр.
Осы схеманы практика жүзiнде iске асыру үшiн жергiлiктi атқарушы органдар инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылым жеткiзiлген жер учаскелерiн бөлуге тиiс.
Осы схема халықтың қалың жiгi үшiн тұрғын үйге қолжетiмдiлiктi арттырады.
Тетiктiң басты артықшылығы – тұрғын үй сатып алуды мемлекет қаржыландыруының қажет болмауы. Тұрғын үйдi сатып алу жалдаушының тұрғын үй құрылыс жинақтарының және ҚТҚЖБ берген тұрғын үй қарыздарының есебiнен жүргiзiледi.
Жалға берiлетiн тұрғын үйде тұрып жатып 8 жылдан көп емес мерзiм iшiнде тұрғын үйдi сатып алу үшiн қаражат жинақтау мүмкiндiгi жалдаушылар үшiн басым артықшылық болып табылады, мұнда тек коммуналдық төлемдерге, содан кейiн 15 жылға дейiн мерзiмге тұрғын үй қарызын алу.
Пулдар құру және тұрғын үйдi бөлу тәртiбiн ҚТҚЖБ басқару органы анықтайды.
Тұрғын үйдi сатып алушылардың және кейiн сатып алу құқығымен тұрғын үйлердi жалдау пулын қалыптастыруға қойылатын негiзгi талаптар:
1. Тұрғын үйдi сатып алушылардың және кейiн сатып алу құқығымен тұрғын үйдi жалдаушылардың пулдары «Халықтың барлық санаттарына арналған тұрғын үй» бағыты бойынша Бағдарламаға қатысу үшiн берген өтiнiштердiң негiзiнде ҚТҚЖБ салымшыларының iшiнен қалыптастырады;
2. Пулдарды қалыптастырған кезде пулға қосудың басым құқығы төмендегi көрсеткiштер ескерiле отырып, ең жоғары балл жинаған ҚТҚЖБ салымшыларында болады: бағалау көрсеткiшiнiң мәнi (көлемi), тұрғын үй құрылыс жинағының ең төменгi қажеттi көлемiн жинақтау, тұрғын үй құрылыс жинағын жинақтау мерзiмi. Баллды есептеу өтiнiш берушiлердiң пулдарға қатысуға өтiнiштерiн қабылдау аяқталған күннен бастап келесi жұмыс күнiндегi жағдай бойынша жасалады.
3. Балл есептелiп болған соң тұрғын үй сатып алушылар пулына қатысушыларды iрiктеу үшiн өтiнiш берушiлердiң төлем қабiлетi бағаланады.
ҚТҚЖБ қарыздары есебiнен тұрығын үй сатып алушылар пулына қалыптастырушыларға қойылатын негiзгi өлшемдер:
1) «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 7 желтоқсандағы Заңының нормаларын, қарыздар алу үшiн тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы шарттың талаптарын және ҚТҚЖБ-ның iшкi құжаттарын орындау;
2) ҚТҚЖБ талаптарына сәйкес қарызға қызмет көрсету үшiн төлем қабiлетiн растау;
3) ҚТҚЖБ-ның iшкi талаптарына сәйкес сатып алынатын тұрғын үйдi кепiлдiк қамтамасыз етуге беру.
Республикалық бюджеттен қаражатты пайдалана отырып, ҚТҚЖБ қарыздарының есебiнен тұрғын үй сатып алу үшiн Бағдарламаға қатысушы мынадай талаптарға сай болуға тиiс:
4) Бағдарламаға қатысушыда және оның отбасының мүшелерiнде (жұбайының, кәмелетке толмаған балаларының) Бағдарламаға қатысуға өтiнiш берген елдi мекенде меншiк құқығында тұрғын үй болмауы немесе егер Бағдарламаға қатысушының, оның отбасы мүшелерiнiң (жұбайының, кәмелетке толмаған балаларының) меншiк құқығындағы алып отырған пайдалы алаңның мөлшерi отбасындағы бiр адамға шаққанда (жұбайлар, кәмелетке толмаған балалар, сондай-ақ еңбекке жарамсыз балалар, жұбайлардың еңбекке жарамсыз немесе зейнет жасына жеткен ата-аналары – бiрге тұрып жатса және еңбекке жарамсыз балалардың, жұбайлардың еңбекке жарамсыз немесе зейнет жасына жеткен ата-аналарының меншiгiнде тұрғын үй жоқ болса) кемiнде 15 (он бес) шаршы метрден аз болған жағдайда Бағдарламаға қатысушының тұрғын үй жағдайын жақсарту қажеттiгi;
5) Бағдарламаға қатысушы және оның отбасының мүшелерi (жұбайының, кәмелетке толмаған балаларының) соңғы бес жылдың iшiнде тұрғын үй жағдайларын қасақана нашарлатуы фактiлерiнiң болмауы.
Осы шарттардың орындалуын тексерудi банк жүзеге асыратын болады.
4. Тұрғын үй сатып алушылар пулына қатысу үшiн төлем қабiлетiн растамаған өтiнiш берушiлер бойынша тұрғын үй жалдаушылар пулына iрiктеу үшiн төлем қабiлетiн бағалау жүргiзiледi.
Кейiн сатып алумен тұрғын үй жалдаушылар пулына қатысушыларға қойылатын негiзгi талаптар:
1) Бағдарламаға қатысуға өтiнiш берiлетiн елдi мекенде тiркелу;
2) Бағдарлама қатысушысының және оның отбасы мүшелерiнiң (жұбайының, кәмелетке толмаған балаларының) Бағдарламаға қатысуға өтiнiш берiлетiн елдi мекенде меншiк құқығындағы тұрғын үйiнiң болмауы;
3) Бағдарламаға қатысуға өтiнiш берiлген елдi мекенде Бағдарлама қатысушысының және оның отбасы мүшелерiнiң (жұбайының, кәмелетке толмаған балаларының) соңғы 5 жыл iшiнде тұрғын үй жағдайларын әдейi нашарлату фактiлерiнiң болмауы.
4) ҚТҚЖБ талаптарына сай тұрғын үй жалдау кезеңiнде жинақ жинақтау үшiн төлем қабiлетiн растау;
5) өтiнiш беру алдындағы соңғы 6 айдағы отбасының айлық ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 15 есе мөлшерiнен артық емес жиынтық таза табысы (зейнетақы аударымдары, жеке табыс салығы мен басқа да аударымдар шегерiлген).
5. Пулға қосу үшiн басымдылығы мынадай ретпен анықталады:
1) ҚТҚЖБ қарыздары және жинақталған тұрғын үй құрылыс жинақтары есебiнен тұрғын үй сатып алушылар пулдарына қатысушылар;
2) артынан сатып алумен тұрғын үй жалдаушылар пулдарына қатысушылар.
5-тармақтың 1), 2) тармақшаларында анықталған топтар iшiндегi пулдарға қатысушылары арасында тұрғын үйдi бөлу пулдар құру кезiнде жинаған балл санымен анықталады. Балл тең болған кезде басым пулға қатысу үшiн өтiнiш берiлген күннiң неғұрлым ерте болуымен анықталады.
Кейiннен сатып алу құқығымен жалға берудiң ерекшелiгi:
1. ҚТҚЖБ кейiн сатып алу құқығымен тұрғын үй жалдаушылар пулына қатысушылар тiзiмiн ЖАО-ға бередi;
2. ЖАО Бағдарламаға қатысушылармен шарт жасайды, оның iшiнде төмендегiлер көзделедi:
1) жалдаушылардың Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi агенттiгiнiң 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 бұйрығымен бекiтiлген Мемлекеттiк жалдамалы үйлерден алынатын жалдық төлемдi есептеу әдiстемесiне сәйкес ЖАО белгiлеген, бiрақ 8 жылдан аспайтын кезеңге 1 ш.м. үшiн 100 теңгеден артық емес жалдық төлемдi төлеуi;
2) коммуналдық қызметтердi төлеу: электр қуаты, су, жылу, тұрғын үй күтiмiне мақсатты шығыстар және т.б.;
3) тұрғын үй құрылыс жинақ шартында белгiленген жинақтау мерзiмi iшiнде тұрғын үй құрылыс жинағына жарналар жинақтау мiндеттемесi (жалдамалы тұрғын үй сатып алу үшiн жинақ жинақтаудың ең төменгi мерзiмi – тұрғын үй пайдалануға берiлген күннен бастап 8 жылдан артық емес);
4) ҚТҚЖБ-ден 3 ай бойынша тұрғын үй құрылыс жинағына жарналар жинақтау бойынша төлемдердiң болмауы туралы ақпарат түскен кезде ЖАО-ның жалға алушыны және оның отбасы мүшелерiн шығарып жiберу тәртiбi.
Бұл жағдайда ЖАО жалға алушыны пәтерден шығарады, ҚТҚЖБ қатысушының жинақталған тұрғын үй құрылыс жинағынан және кепiлдi жарнасынан ЖАО-ға жалдамалы тұрғын үйде Бағдарлама қатысушысының нақты тұрғаны үшiн өтемақыны аударады. Өтемақы сомасы жалдау шарты жасалған күннен бастап тұрған әрбiр ай үшiн 8 жыл iшiнде жинақ жинақтаудың стандарт талаптарында есептелген салымға ай сайынғы жарна көлемiнiң бiр еселiк көлемiнде есептеледi.
ЖАО жалға алушыны тұрғын үйден шығару туралы ақпаратты, оның iшiнде ЖАО-ға өтемақы аудару үшiн тұрған ай санын ҚТҚЖБ-ге бередi.
Жалға алушылар пулына қатысушыларды ауыстыруды ҚТҚЖБ пулдарды құру үшiн белгiленген тәртiппен жүргiзедi. Келесi жалға алушы үшiн тұрғын үй құнын ЖАО алдыңғы жалға алушының нақты тұрғаны үшiн алған өтемақы көлемiнде азайтады.
5) жалдамалы тұрғын үйде тұру тәртiбi мен талаптары және т.б.
Жалдау шартының және/немесе тұрғын үй құрылыс жинақ шартының талаптарын орындамағаны үшiн Бағдарламаға қатысушыны жалдамалы тұрғын үйден шығару рәсiмiн ЖАО жүзеге асырады.
ЖАО жасалған жалдау шарттарының көшiрмелерiн Банкке бередi.
3. ҚТҚЖБ-ның Бағдарлама қатысушыларымен кейiн сатып алу құқығымен тұрғын үй жалдау, жарналар жинақтау бойынша төлемдер жасалмаған жағдайда, жалға алушыдан тұрғын үй құрылыс жинағын жинақтау бойынша 6 еселiк ай сайынғы жарна көлемiнде кепiлдi жарна қабылдау талаптарын қамтитын тұрғын үй құрылыс жинақ шарттарына қосымша келiсiмдер жасау.
4. Жалға алушының пәтерге кiруi, жасалған тұрғын үй құрылыс жинақ шартына сай тұрғын үй құрылыс жинағын жинақтауды жүзеге асыруы.
5. Жалға алушының ерiктi түрде жалдамалы тұрғын үйден шығуы қажет болған жағдайда, ҚТҚЖБ Бағдарламаға қатысушының жалдамалы тұрғын үйде нақты тұрған мерзiмi үшiн қатысушының жинақталған тұрғын үй құрылыс жинақтарынан және кепiлдiк жарналарынан ЖАО-ға өтемақы аударады. Өтемақы сомасы жалға алу шарты жасалған күннен бастап тұрған әрбiр ай үшiн 8 жыл iшiнде қаражат жинақтаудың стандартты талаптарына сай есептелген салымға ай сайынғы жарнаның бiр реттiк мөлшерi шамасында есептеледi.
ЖАО ҚТҚЖБ-ге жалға алушыныны пәтерден шығуы, соның iшiнде өтемақы аудару үшiн тұрған айларының саны туралы ақпарат бередi.
Бағдарламаға қатысушыны ауыстыруды ҚТҚЖБ пул қалыптастыру үшiн белгiленген мерзiмде жүзеге асырады. ЖАО жаңа жалға алушы үшiн тұрғын үй құнын алдыңғы жалға алушының нақты тұрғаны үшiн алынған өтемақы мөлшерiне азайтады.
6. Тұрғын үй құрылыс жинақтарын жинақтау мерзiмiнiң аяқталуына және жалдамалы тұрғын үйдi сатып алу мақсатында тұрғын үй қарызын алу талаптарына қарай жалдамалы тұрғын үйдi сатып алу-сату шарттарын жасау үшiн ҚТҚЖБ ЖАО-ға тiзiмдер жiберуi.
7. ЖАО Бағдарламаға қатысушылармен сатып алу-сату шарттарын рәсiмдеуi және қол қоюы, банктiк қарыз және кепiл шарттарын рәсiмдеу үшiн оларды ҚТҚЖБ-ге беруi.
8. «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, Банктiң iшкi құжаттарының талаптарына сәйкес 15 жылға дейiнгi мерзiмге тұрғын үй қарыздарын беру.
Сатып алынатын жалдамалы тұрғын үй Банкке кепiлге берiледi.
Тұрғын үй қарыздарын алу үшiн негiзгi өлшемдер:
1) Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы» Заңының нормаларын, қарыз алу үшiн тұрғын үй құрылыс жинақ шарттарының талаптарын және ҚТҚЖБ iшкi нормативтiк құжаттарын орындау;
2) ҚТҚЖБ талаптарына сай қарызға қызмет көрсету үшiн төлем қабiлеттiлiгiн растау;
3) ҚТҚЖБ iшкi құжаттарында белгiленген талаптарға сәйкес келетiн кепiлзаттық қамтамасыз етудi беру.
Бағыт бойынша Бағдарламаны (тұрғын үйдi кейiннен сатып алумен жалға алу) жүзеге асыру 2013 жылдан басталады.
Достарыңызбен бөлісу: |