Үйірме жұмысында кесте тігудің тақырыптық жоспары.
Барлығы: 44 сағат.
Теориялық: 12 сағат
Практикалық: 32 сағат.
Р/с
|
Тақырыбы
|
Жалпы сағат саны
|
Теориялық
|
Практикалық
|
1.1
1.2
1.3
1.4
2.1
2.2
2.3.
3.1
3.2
3.3
3.4
3.5
3.6
|
І Бөлім. Бейнелеу өнері және оның түрлері.
Бейнелеу өнерінің түрлерімен таныстыру.
Сәндік қолданбалы өнер жайында мәлімет беру және оның түрлері
Ою-өрнек туралы мәлімет және ою-өрнектерді қағаз бетіне стилизациялап түсіру.
Ою-өрнектерден композиция құрастыру.
ІІ Бөлім Бейнелеу өнердің саласы Сәндік қолданбалы өнерінің түрі кесте тігу өнері
Кесте тігу өнерінің шығу, даму тарихы
Кесте түрлері.
Кесте тігуге арналған құрал-жабдықтар.
ІІІ Бөлім Кесте тігуге дайындық және кесте тігу жолдары.
Кесте тігуге арналған құрал-жабдықтарды дайындау (кергіш, мата, жіп, ине т.б).
Кесте тігуге композиция дайындау, графикалық тәсілде және түрлі-түсте. (акварель, гуашь).
Дайындалған нобайды мата бетіне түсіру.
Оқушыларға құрал-жабдықтарды дұрыс пайдаланауды үйрету, техникалық қауіпсіздігі.
Кестені тігуге кірісу және тігілу жолдары. (айқас тігу, тепшіп тігу, шалып тігу, айқыш-ұйқыш т.б.)
Жұмысты аяқтап безендіру. (моншақтар қадау, безендіру).
|
2
2
6
4
2
2
2
4
4
2
2
8
4
|
2
2
2
-
2
2
-
-
-
-
-
-
-
|
-
-
4
4
-
-
-
4
4
2
2
8
4
|
3.2 Кесте тігу өнерін оқушыларға үйретудің сабақ жоспары.
Сабақтың тақырыбы: Кесте тігу.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды қол тігістері арқылы шеберлікке баулу. Кесте тігу өнерін үйрету барысында оқушыларды ұқыптылыққа, әсемдікке, көркемділікке, шеберлікке, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Технологиялық карта, сөз-жұмбақ, қол тігістің түрлері, кесте түрлері, сәндік жастықтар.
Қажетті құрал-жабдықтар: Бір түсті мата, түсті кесте жіптер, ине, қайшы, кергіш, бор, үлгі, калька қағазы.
Сабақтың барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, сабақ
өтуге дайындау, сынып кезекшілігін дайындау, қауіпсіздік ережесін сұрау және үй тапсырмасын сұрау. Сұрақ-жауап әдісінде кеспе қағазды пайдаланып оқушылардың білімін пысықтау.
-
Жаңа сабақты өту:
Өрнек- бұл қандай да бір зат немесе бұйымдарды сәндеуге арналып,
бір элементті бір ырғақпен қайталай отырып құрастырылған немесе бүтін композиция құрайтын сурет.
Кесте өрнек құрастыру кезінде суретші нұсқаға қарап нобайлар жасайды. Қазақ сәндік бұйымдарын кестелегенде көбінесе кесте тек тұрмыстық бұйымдарды сәндейді, бірақ ол өзінше жеке мәнге ие бола алмайды. Ал, бұйым кестенің көмегімен ғана көркем де сәнді болып бағалана алады. Қазақтың ұлттық, жануарлар, өсімдік бейнесіндегі геометриялық ою-өрнектерін таңдайды. Олардың өзін кестеленетін бұйымның түріне, материалдық фактурасы мен кесте түріне қарап қолданылады. Мысалы геометриялық өрнектерді көбінесе ірі тоқылған маталарға айқас тігісінен кесте тіккенде салады.
Кестеленетін кестенің қай түрімен немесе қандай жіппен тігуіне байланысты әр түрлі етіп салуға болады.
Өрнекпен бұйымның барлық жері тегіс немесе оның жеке бөліктері дастархан шеті, жастық қаптың ортасы т.с. кестеленіп сәнделеді. Өрнектің барлық бөліктерінің өлшемдерін дұрыс орналастыру керек. Ереже бойынша кесте белгілі бір геометриялық формамен шектелген жазықтық бетіне түседі, мысалы төртбұрышты дастархан, үшбұрышты шәлі, дөңгелек формалы жастық қап.
Қазақ кестелері негізінен симметриялы болып келеді. Өрнектің орналасуы бұйым түрі мен шебердің ойластыруына байланысты
Түс
Кестеленетін бұйымға жіптерді дұрыс таңдау үшін түстердің үйлесімділігін, олардың бір-біріне әсерін ескеру керек. Түстік оң-бұл әр түстің өзіндік ерекшелігі- қызыл, көк, сары, т.с.с. Түстік оң түстерді бір бірінен ажыратуға көмектеседі ( жасылды көктен, көкті көгілдірден т.с.с.) Мысалы , қызыл түске диаметрлік қарама қарсы түс жасыл көгілдір, қызыл-сарыға көгілдір, сарыға көк т.с.с. сарының жасыл сарымен үйлесімділігі. Ақ қарамен, қара сұрмен, ақпен. Барлық жағдайдада олардың үйлесімділігіне екі түстің бірі үлкен ықпал береді. Түс нәрсенің формасын және өлшеніп көз мөлшерінде өзгертіп көрсетеді. Ашық және түстер үлкейтіп нәрсені бізге жақындатады. Бұл ерекшелікті өрнектікң қандайда бір бөлігін ерекшелеп көрсету үшін пайдалану керек. Жіптердің түсін бұйымның түріне, көлеміне және өрнектің қалоай орналасатынына қөарап таңдайды. Ереже бойынша фонға (мата түріне) қосымша орын, ал өрнекке негізгі деп қарау шарт. Фон өрнектен ашық болып ерекше көзге түспеу керек. Түстік шешім сонымен бірге кестенің орындалу техникасына да байланысты. (Айқас тігіс, шым кесте, әредік кесте т.б.)
Мата мен жіп таңдау.
Мата мен жіпті болашақ бұйымның түріне, өрнекке және кестенің орындалу техникасына қарап таңдайды. Мысалы, дастархан, қол орамал сияқты үй жиһаздарына шым кесте орындайтын болсақ лавсан қосылған лен матасын және түрлі түсті бірнеше қабатталға жіптер таңдаймыз. Ал, әредік кестемен көркемделген жейде орындағымыз келсе онда жұқа мата (маркизет, ситец) мен бір түсті қабатты мулиме жіп аламыз. Айқас тігісті кесте тігу үшін ірі тоқылған лен немесе жартылай лен маталар таңдаған дұрыс.
Ойма кесте орындау үшін негізгі жібі мен арқау жіптері бірдей жуандықпен тоқылған мата алу керек. Мұндай кесте үшін жартылай лен мата жарамайды. Себебі оның негізгі мақта- мата жіп те, арқауы лен болады.
Салынған өрнектің сызығы бойымен кестелеу үшін лен , жібек, жұн, сукно, клетка, жолақ түскен, тіпті күрделі кұрылымы ( егер олар , әрине,кестенің өрнегімен көлемімен үйлесетін болса) маталар бола береді.
Кесте тігу үшін лен, мулине, жүн, штапель, жібек, синтетикалық жіптер түстерін пайдалануға болады. Жіп мықты бірқалыпты боялған, сумен күнге оңбайтын болу керек. Жіптің мықтылығын оны қолмен созып көреді, жақсы жіп үзілмейді және шиыршықталып тұрады.
Мулиенің бумасын ашып, оны түйінделген жерінен қияды. Жіп жазып 50-60 см жобасында бірнеше бөлікке бөліп барлық жіптерді қосып жіпті ішінен оңай суырып алуға болады.
Кесте тігуге дайындық.
Бұйымға кестені пішімі кесілмей тұрып немесе кесілген пішімге тігу керек. Бірінші жағдайда бұйымның бөлігіне пішіп бойынша сызықтар түсіріліп, оның ішіне өрнек салынып, содан кейін ғана кестеленеді. Қарапайым, күрделі емес өрнектерді дайын бұйымдарда кестелей беруге болады. Өрнекті көшірерде матаның астына қатты қағаз немесе ағаш тақтайша қою керек. Жазық матаға кесте түсірерде (дастархан, қол орамал т.с.с.) матаның шетін тегіс қию үшін шетіндегі бір жіпті суырып алып тастаймыз, пайда болған түзу сызықтың бойымен қиып шығамыз. Матаның енін де ұзындығын да осы әдіспен қияды.
Дастарханның жиектерін көркем тігіс түрлерімен кестелеуде матаға түзу сызықты жіптерін суырып алып тастау арқылы түсіреді. Көлденеңнен, тігінен суырылған жіптердің арасынан пайда болған тік төртбұрыш, төртбұрышткр арасына негізгі өрнектер көрсетіледі. Ал, суырылған жіптің үстіне өрнектің қосымша тігісі түседі. Егер өрнек геометриялық, ал мата біркелкі жіптермен тоқылған болса, оны матадағы жіптерді есептей отырып орындауға болады. Ал, кесте түрі мата структурасына байланысты болмаған дағдайда (шым, біз, әредік кестелер) өрнекті мата бетіне көшіріп салу керек.
Суретті матаға көшіру.
Бірінші кезекте түп нұсқадағы өрнек жақсы ұшталған қаламмен калька немесе милиметрлік қағазға көшіріледі. Содан кейін ғана барып матаға көшіру керек.
Суретші көшірме қағаздың көмегімен түсіру. Алдын ала үтіктелген матаны тегіс жазықтыққа (үстел, тақта) тегістеп жаяды.
Сызықпен немесе іші толтырылған (сабақты, бір жақты шым) кестеге арналған өрнек салынған кальканы түйреуіштер арқылы матаға бекітеді. Кальканың астына майлы бетін матаға қаратып көшірме қағаз салады да, өрнек сызығы бойымен өткір ұшталған қаламмен сызып шығады. Мүмкіндігінше көшірме қағаздың түрлі түсін алып қойған дұрыс. Ашық түсті маталар үшін қара түстес маталарға ашық (ақ, сары) түсті көшірме қағаздар пайдаланылады.
Өрнек сызылып боялған соң, көшірме қағазды алып тастап, кальканың бір жағының ғана түйреуіштерін алып тастап, суреттің матаға дұрыс көшірілгендігін тексеру керек. Содан кейін ғана кальканы алып тастайды.
Геометриялық өрнектерді ( есептеп тігетін жіптер үшін) де осылай көшірме қағаздың көмегімен көшіруге болады. Бұл үшін жуан иненің ұшымен ( мектеп циркулының аяғымен) милиметрлік және көшірме қағазда өрнекте көлденең, тік сызықтардың түйіскен жерлерінен тесіп шығады. Матада нүктелерден құралған өрнек пайда болады.
Мата мен жіп кірлемес үшін бұрын пайдаланылған көшірме қағазды пайдаланған дұрыс. Жаңа қағазды пайдаланбас бұрын, оның майлы бетін құрғақ мақтамен немесе матамен сүртіп тастау керек.
Тігіс түрлері.
-
Жай тігістер: қаю, көктеу, бүгу, тепшу, жапсырма қауыстыру, қабу, сыру, торлау, бүрмелеу, ілгектеп тігу, шарбақтап тігу және т.б.
-
Көркем тігістер: айқас тігіс, алтындап тігу, бедерлеп тігіс, кесте тігіс, зерлеу, оқалау және т.б.
Жаңа сабақтың тақырыбын ашу мақсатында сөз жұмбақ пайдалану.
Практикалық жұмыс.
Бұйымды қол және кесте тігістерімен тігу.
Жаңа сабақты пысықтау.
Оқушылардың жаңа сабақты қалай меңгергендігін тексеру үшін тақырыпқа сәйкес тест сұрақтарын дайындап, оқушылар білімін байқау.
Жаңа сабақты қорытындылау.
Оқушылардыңбілімін ескеріп, жасаған практикалық жұмыстарын тексеріп бағалау.
Үйге тапсырма.
Практикалық жұмысын /сәндік жастықшаға кесте тігу және қол тігісі/ үйде аяқтап, тест сұрағына үйде дайындалып келу.
3.3 Сәндік қолданбалы өнер саласы бойынша оқушыларға эстетикалық тәрбие беру процесі.
Жүргізілетін сабақ тек білім беру шеңберімен шектеліп қана қойса бүгінгі талапқа сай келмес еді.Басқа пәндер сияқты бейнелеу өнері де оқушының ой-жүйесін ұштай білсе, сезім жүйелерін оятып, өнерге құштарлығын арттырса, әсемдікті сезініп, терең түсінуге жетелесе ғана талап деңгейінен шықпақ.
Бейнелеу өнері – тәрбиелік өрісі өте кең пән. Ол оқушының ой қиялын байытып, твор÷естволық қабілетін арттырады, рухани байлығын молайтады, көркемдік мәні шексіз, жалпы өнерден мағлұмат беріп, интернационалдық сезімге бөлейді.
Бейнелеу өнерінің эстетикалық талғамды қалыптастырудағы орны ұшан теңіз. П.Г.×ернышевский айтқандай ң Айнаадағы әсемдікті түсіну, таңырқана тамашалау адамды жарқын қуанышқа бөлейді, тамашаға таңқалдыра тәрбиелеу тәтті қиял туғызады, сайып келгенде эстетикалық тәрбиеге рақатқа бөлейді.ң
Психология ғылымы сезім мен тебіреніс бірге жүрген жерде, ой-жүйесінің қабылдағыш қасиетінің ұйытқысы болетынын әлдеқашан дәлелдеп бегрген болатын. Бұл екеуі қатарласа отырып білім негіздерін тиянақты игеруге, адамның жеке басының жан-жақты қалыптасуына шексіз ықпал жасайды. өйткені оқыту процесінде өнер саласының түрлі тізбегін адам санасына құя берумен қатар, олардың астарына толық көзін жеткізбейінше, эмоциялық сезім тудырмақ емес. ұғыну,сезіну, талғампаздық жарыса жүрсе ғана жарасымды. Демек оқыта отырып адамның ой-қиялын оятып қана қоймай оны тұтандыра білу қажет. Сонда ғана қолға алып отырған материал жаңа жағынан бейнелі құбылыста танылып өнерге эстетикалық көзқарас өрістей бермек.
Эстетикалық сезім құдіреті затты көру ғана емес, сезімді де оятады. Халық өнерін сезіммен тану немесе обúектісін сезіне қабылдау – көрген мен естігеннің мән мазмұнына қанығудың алғашқы баспалдағы.
Эстетикалық қабылдау құбылыстың сырт бейнесі мен ішкі сырын, шындықты танытады, яғни өнердің көркін ғана көрсетіп қоймай, адамның өнерге деген көзқарасын анықтайды.
Эстетикалық талғам ерекшеліктерінің бірі – адамның тарихи мұраға, халық өнеріне көзқарасы оның өз өмір тәжірибесімен астасып жатуында. Осыдан барып оқушы әрбір халық туындысын ой елегінен өткізе қабылдайды, оның қашан,қайда,қандай жағдайда пайда болғанын болжайды, ішкі сырын түсінеді. Демек, эстетикалық қабылдаудың шығармашылық жағы деп – оқушының оқығанын өз білімімен салыстыра түсінуін айтамыз. Осыған қарай бейнелеу өнері сабағында халық өнерін пайдаланып, оны түсіндірумен қатар оқушыларға осы материал төңірегінде сұрақ қою оқушы қиялын толықтырып, нақтылы шындықты іздеп таптыру қажет.
Халық өнерін оқып, оны өмірмен ұштастыра білген адамның жан дүниесі кеңейеді, ой алғырлығы артады, адамды сауаттылыққа жетелейді. Халқымыздың өнері ата-аналарымыздың маңдай тері, ғасырлар қолтаңбасы, өнері мен білім тарихы. Сондықтан сол өнер келешек ұрпаққа жеткізіліп түсіндіре білуді қажет етеді.Қазіргі кезде республика мектептерінде халық өнерінің әр түрін оқытып үйрету жақсы жолға қойылған. Оған мысал ретінде кейінгі кезде мектеп көрмелерінде көптеп кездесіп жүрген оқушылардың өз қолдарымен жасалған түрлі ұлттық ою-өрнектер, кестелер, ыдыс-аяқтарды айтуға болады.
Халық өнері арқылы оқушылар өз елінің өнерімен және оның түрлерімен танысады. Әр халықтың мәдени бейнесі өзіне тән ою-өрнектерден, бояулар қолданыстан, архитектуралық ерекшеліктерінен көрініп тұрады. Мәдениеттің асылдарын өнер арқылы бойға сіңіріп, ой-өрісін кеңейтіп шындыққа көз жеткізу адамға тән қасиет. өз халқының өнерін жете білу, жалпы өнерді жетік білуге, оларды талдай білуге септігін тигізеді. Халық өнерін оқытудың тағы бір ерекшелігі - өнер көркемдігін көрсету,өнерді сүю және өмірде пайдалана білу. Сонымен қатар шәкірт көкейінде халықтың әлеуметтік-эстетикалық тәжірибесінен мағлұмат бере отырып маңайындағы мәдени ескерткіштерге көзқарасын ояту.
Эстетикалық қабылдау толып жатқан эмоциялар туғызуы мүмкін.Мәселен, өмірдегі немесе өнер заттарындағы әсемдікке тап болғанда адамның сүйсінуі және масаттануы, ренжуі,қайғыруы,жақсы көру және жек көру сезіміне, мйірімдік және елжіреу сезімін әсемдік әрқашан сезімге бөлейді. Оқудағы эстетикалық тәрбие жалпы білім беретін бір қатар пәндерді ең алдымен әдебиет, тарих ,география, биология сияқты пәндерден сондай-ақ эстетикалық циклды ән, сурет салу, бейнелеу өнерінің негіздері сияқты арнаулы пәндерді оқыту процесінде жүзеге асырылады, және эстетикалық циклдағы арнаулы пәндер эстетикалыұ тәрбиеде зор роль атқарады.
Сурет сабақтары 1-6 сыныптар аралығында барлық сыныптарда оқытылады. Оқушылар көшіріп сурет салуға,нобайлар мен зарисовкалар салуға,тақырып бойынша және еркін тақырып бойынша сурет салып уйренеді. 1-сыныпта сурет салудың әдістеріне уйретудің үстінде, оқушыларды ертегілермен балалар кітаптарындағы көркемиллюстрациялармен таныстырады. 2-3 сыныпта оқушылар белгілі тақырыпқа өткізілетін әңгімеге байланысты әдеби шығармаларға берілетін иллюстрациялар және аса көрнекті суретшіленр картиналарының көшірмелері бойынша кескіндемемен танысады. 4-сыныпта кескіндеме, графика, мүсін өнерімен,сәулет өнерімен, көркемсурет, сәндік қолданбалы онермен және оның түрлерімен танысады. Сондай-ақ сәндік қолданбалы өнердің де оушыларға беретін эстетикалық тәрбиелік мәні зор.
Эстетикалық қызмет өнер шығармаларын жасауды да,эстетикалық жағынан тартымды заттармен,бұйымдар шығарудыда, эстетиканы тұрмысқа және адамды қоршаған өмірге енгізуді де қамтиды. Мектепте оқушыларды өздерін өмірде шама шарқынша корсете білуге тәрбиелеу міндеті алға қойылған. Ал бұл үшін оқушының әнмен, бимен, бейнелеу өнерімен, кескіндемемен, мүсін жасаумен шұғылдануға қажетті іскерліктері мен дағдылары болуға тиіс. Бұл салалардағы кейбір іскерліктер мен дағдыларға үйрету ісі сурет салуда және ән сабағында, сондай-ақ эстетикалық тәрбие жөнінде сыныптан тыс өткізілетін үйірме сабақтарында, түрлі іс-шараларға дайындық кезінде және оларды өткізу процесінде жүргізіледі. Дербес шығармашылық жұмыста ою-өрнектер салу, турлі бұйымдардан құрастырып сурет салу, қабырға газеттерін , альбомдарды әшекейлеу т.б.көзделеді. Бұл жұмыстың көптеген түрлері еңбекке тәрбиелеумен байланысы. Оқушы басқа пәндерді игере отырып бейнелеу өнерін және қолөнердің келешекке қажет екенін түсінуі керек, бұл салада білімін көтеруге дағдыланса эстетикалық талғамы өсіп, дүниеге деген көзқарасының қалыптасуына зор ықпалын тигізеді.
Қорытынды.
Халық бұрын ғылым мен білімге қолы жетпесе де, сұлулықпен әсемдікті таңдайда, талғай білген. өз тұрмысы мен мәдениетінде қолөнерді мұрат тұтып жетілдіре білген. Шеберліктің небір сән саласын асқан ұқыптылықпен көкірегінде қастерлей сақтап меңгеріп біздің дәуірімізге ұштастырған.
Халқымыздың сонау арғы кезеңдердегі мәдени өміріне көз жүгіртіп көрсек ерте заманда да он саусағынан өнері тамған іскер шеберлердің жасаған бұйымдары таңғажайып шежіре болып шертіледі. Олардың қолтаңбалары түскен өшпес салтанатына айналуда.
Біздің ата-бабаларымыз өздерінің қандай рухани қазынаға мұрагер екенін жете танымаған. Сол ол халықтың өтеуі халық қолөнерін зерттеу қалын қауымның игілігіне айналдыру біздің заманымызда жүзеге асырылып келеді. Сәндік қолөнері-халықтық мәдениет пен өнердің айқын көрінісі
ңөнегелі елден өнерлі, өнегелі бала туарң-дейді халық мақалы. Көне де келешегі зор өнеріміздің өркендеуіне мемлекеттік маңыз беріліп, өмірімізде игілікті қозғалыс байқалуда.
Мемлекетіміздегі қолөнер шеберханаларының өнімдерінің саны мен сапасының жақсаруы-оның бірден-бір айқын көрінісі деуге болады.
Біздің қаламызда өнерге байланысты жалпы мектептердегі тереңдетілген сыныптар, арнайы көркем-сурет, өнер мектептері, колледждер, жоғары оқу орындары жұмыс істеп, жастар арасында қолөнерді көркейту шараларын насихаттауға оқып үйретуге үлес қосуда. Адамзат қоғамында бұрын соңды жасаған мұраны мәдени, жүйесі меңгеруге, жалпы әсемдік рухани құнды игіліктерді бағалай білуге жастарды тәрбиелеу қашанда маңызды мәселе. Сондықтан халқымыздың келешегі үшін, оның өсіп-өркендеу, дамуы үшін жас ұрпаққа жақсы тәрбие беріп, өнер мен білімді үйреніп, мәдениетін көтеру қажет.
өнерге деген құштарлыққа тәрбиелеуде оқушылардың эстетикалық талғамын дамыту үшін ең алдымен жанұяда, мектепте жан-жақты тәрбиелеуді қажет етеді. Мысалы: оқушыларды кесте тігуге үйретуде жұмыстың түсі, өрнегінің әсемділігі, сурет нұсқауларының көңілділігі және оқушының қолданбалы өнерге үйренуімен, мәдени мұраны игерумен білім дережесімен байланыстыра отырып, эстетикалық талғамын дамытуға болатындығы анықталды. Осыған байланысты оқушылардың бойында көзге ілінген заттардың ағашынан жирендіріп, сұлуына сүйсінетін, адам жанын түсіне алатын адамгершілік қасиетін қалыптастырамыз.
Сонымен бірге дипломдық жұмысымда оқушылардың өнерге деген қызығушылығын арттыру үшін үйірме жұмысын жүргізудің әртүрлі әдістерін тиімді қолдану әдістері қарастырылды.
Дипломдық жұмыстың зерттеу нысаналарының бір жағы балалардың шеберлігін ескере отырып өнерге қызығушылық жақтары қарастырылды. Сынып оқушыларына кесте өнерін, оның түрлерін, тігу техникасын игерудің қарапайым тәсілінен күрделі технологиясына көшу жолдары үйірменің тақырыптық күнтізбе жоспарларын құрастырып көрсетуге тырыстым.
Осы төңіректе зерттеу жұмысын жүргізе отырып мынандай қорытындыға келдім.
Біріншіден бүгінгі заман ағымына сай кесте түрлерін тігуді үйрене отырып, кестені сәнді бұйым ретінде бағалы өнер туындысы деп қарауды ұсынамын.
Мұнда аралас техниканы, яғни қайыс, табиғи заттарды (ағаш бұтақтары, шиді т.б.) әсем моншақтарды, гау¿ар тастарды пайдалана отырып жұмысты әсем де құнды етіп жасауға болады.
Екіншіден, оқушыларға кесте тігуді оқытып үйрету барысында көрнекілік, лабораториялық, ауызша баяндау әдістерін қолданамыз.
Үшіншіден, нәтижеде оқушылардың сәндік қолданбалы өнердің бір түрі кесте тігуді үйрету барысында олардың эстетикалық талғамын қалыптастыруға, қызығушылық қабілетін арттыруға, қиял, ой-өрісін қамти отырып, өнерге деген құрмет сезімдерін оятамыз. Практикалық іс-әрекет барысында кергішке мата керуді жіптерді дайындау, оларды бояуды, материалды үнемді, дұрыс пайдалануды, құрал-жабдықтармен дұрыс жұмыс жасауды, өзінің жұмысына талдау жасауды, жұмысты ұқыпты жасауды үйрету.
Дипломның қосымша бөлімінде кесте тігудің жолдары, оның түрлері, нобайлар, жұмыстың суреттері көрсетілген. Оларды сабақта қолдануға және олардың негізінде жаңа көрнекіліктер жэасап алуға мүмкіндіктер бар.
Дипломдық жұмыс кесте түрлерінің барлығын жасап үйренуді қамтымаса да оқушыға құнды білім берірі анық.
Қазақстанның сәндік қолданбалы өнері-біздің мәдениетіміздің құрамды бөлігі. Оны дамыта отырып, жер-жерде халық шеберлерінің өнегелі істерін жас ұрпақтарға насихаттау, қолөнер бұйымдарының сапасын арттыра беру аса құрметті және иглікті іс болмақ.
Пайдаланылған әдебиеттер.
-
Әбдуәлиева Ш. Халық қолөнері.
Алматы 1992ж.
-
Қасиманов С.Қазақ халқының қолөнері.
Алматы «Қазақстан» 1995ж.
-
Марғұлан А.Х. Казахское народное прикладное искусство. Алматы «өнер» 1986ж том1, том2, том3.
-
Нұрғалиев Н. Шаңырақ-үй тұрмыс энциклопедиясы. Алматы 1989ж.
-
Рондели Л.Д. Народное декоративно-прикладное искусство. Алма-Ата 1984г.
-
Әмірғазин Қ. Қолданбалы көркем өнер.
Алматы «Рауан» 1992ж.
-
Қазақстан мектебі. Халықтың қолөнер туралы.
Алматы 1991ж №7 63-65 беттер.
-
Ералина А. Халық шеберлері шығармашылығын оқу-тәрбие жұмыстарында қолдану.
Шымкент 1997ж.
-
Тәжімұратов Шебердің қолы ортақ.
Алматы
-
Арғынбаев.Х. Қазақ халқының қол өнері ғылыми зерттеу еңбектері.
Алматы. Өнер 1987 ж.128 бет.
-
Әбдіғаппарова Ү.М. Қазақтың ұлттық ою өрнектері. (оқу құралы)
Алматы.Өнер. 1999ж 152 бет.
-
Еспенбетов.Б. Оқушыларды халықтың қолданбалы өнеріне баулу.
Бастауыш мектеп. № 9; 10 бет. Алматы 1988ж.
-
Еспенбетов.Б. Ұрпағымыз ұмытпасын.
Бастауыш мектеп. № 1; 27-28 бет. Алматы 1990ж.
-
Еспенбетов.Б. Халықтың қол өнері туралы.
Қазақстан мектебі № 7 63-65 бет. Алматы 1991 ж.
-
Народное декоративно-прикладное искусство казахов.
Под.ред. Н.Б.Нурмухамедова. Аврора 1970 г. 207 стр.
-
Казыханова Б. Эстетическая культура Казахского народа.
Алматы; Қазақстан 1973 г. 223 стр.
Достарыңызбен бөлісу: |