Ауыл шаруашылығы жерлеріндегі зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерді есепке алу, анықтау және болжау әдістемесі



бет1/7
Дата20.05.2022
өлшемі1.16 Mb.
#457974
  1   2   3   4   5   6   7
) 25.10.2017



Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының
2017 жылғы « » № бұйрығымен
бекітілген

Ауыл шаруашылығы жерлеріндегі зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерді есепке алу, анықтау және болжау әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер

1. Ауыл шаруашылығы жерлеріндегі зиянды және аса қауіпті, зиянды организмдерді есепке алу, анықтау және болжау әдістемесі (бұдан әрі –Әдістеме) Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шілдедегі «Өсімдіктерді қорғау туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабы 2) тармақшасына сәйкес әзірленген және ауыл шаруашылығы жерлеріндегі зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерді есепке алуды, анықтауды және болжауды жүргізуді осы әдістеме айқындайды.


2. Әдістемеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) акарифаг – кенелермен қоректенетін ағза;
2) аса қауiптi зиянды организмдер – оқтын-оқтын жаппай көбеюге және таралуға бейiм, экономикалық, экологиялық залал келтiретiн және уәкілетті орган бекiтетiн аса қауiптi зиянды организмдер тiзбесiне енгiзiлген зиянкестер мен өсiмдiктер аурулары;
3) арнаулы техника – пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдануға арналған құрылғы және (немесе) жабдық;
4) арнаулы сақтау орындағы (көмінділер) – тыйым салынған немесе жарамсыз болып қалған пестицидтерді (улы химикаттарды), сондай-ақ олардың ыдыстарын кейіннен кәдеге жарату немесе жою арқылы қауіпсіз сақтауға арналған сақтау орындары;
5) ауыл шаруашылығы мақсатындағы объектілер – ауыл шаруашылығы және өзге де жерлер, өсімдік шаруашылығы өнімін өндіруге, сақтауға және қайта өңдеуге арналған астық сақтау орындары, көкөніс сақтау орындары, қоймалар, ашық алаңдар, өндірістік және өзге де үй-жайлар;
6) ауру таратушы, тасымалдаушы – ауру ағзадан сау ағзаға ауру қоздырғыштарын тарату жолымен ауруды таратушы ағза;
7) бактериофаг – бактерияларды зақымдайтын вирус;
8) бактерицид – бактерияларға қарсы қолданылатын химиялық зат;
9) вирусоцид - вирустарға қарсы қолданылатын химиялық зат;
10) дақылды себуге дейін гербицидті қолдану – гербицидтерді ауылшаруашылығы дақылдарын себуге немесе отырғызуға дейін топыраққа немесе арамшөп өскіндеріне бүркіп шашу арқылы қолдану;
11) гербицидтер – қажет емес шөптесін өсімдіктерімен күресу үшін қолданылатын химиялық заттар;
12) гербология – арамшөптер және олармен күресу әдістері туралы ғылым;
13) гербицидпен таспалап бүрку – онда жұмыс сұйықтығы өсімдік дақылдарының қатары бойынша таралатын гербицидпен бүрку;
14) гербицидті бағыттап қолдану – олардың өсіп-өну кезеңінде өсімдік дақылдарын гербицидпен бүрку тәсілі, бұл өсімдік дақылдарына жұмыс сұйықтығының міндетті түрде тиуіне жол бермейді;
15) гербицидпен жаппай бүрку – оның кезінде өңделетін барлық алаң бойынша жұмыс сұйықтығы біркелкі бөлінетін гербицидпен бүрку;
16) егісті арамшөп басу – бірлік аумақта арамшөп өскіндерінің немесе олардың салмағының саны;
17) егістікті (топырақты, тұқымды) арамшөптің бастапқы басуы – арамшөптерді жою жөніндегі іс-шараларды жүргізу алдындағы егістікті (топырақты, тұқымды) арамшөптің бастапқы басуы;
18) жанаспа әсерлі гербицид – жұмыс сұйықтығының өсімдікке тиген жерлерінде өсімдік ұлпасына уытты әсер ететін гербицидтер, жанаспа гербицидтермен зақымдалған ұлпа бүртүрлі күйік түрінде болады;
19) жүйелі гербицидтер - өсімдік организміне жер үсті бөлігі немесе тамыр жүйесі арқылы енетін, ұлпа бойынша жылжуға және физиологиялық процестерді бұзуды тудыруға қабілетті гербицидтер;
20) жалпы әсерлі гербицидпен топырақты залалсыздандыру – бірнеше жыл бойы өсімдіктерді толық жоюды қамтамасыз ететін жалпы жою әрекетіндегі дозаларда гербицидті қолдану;
21) зиянды ағзалар – топыраққа, өсімдікке және ауыл шаруашылық өніміне теріс әсер ететін зиянкестер, арамшөп және өсімдіктердің аурулары;
22) зиянкестер санының депрессиясы – олармен қоныстанған аумақтардың қысқаруына байланысты зиянкестер санының төмендеуі;
23) зиянкестердің өсімдікті қоныстауы – жекелеген өсімдіктердегі зиянкес дарақтардың саны;
24) зиянкес популяциясының тығыздығы – алаң бірлігіне жеке зиянкестің саны;
25) зиянкестің көбею потенциялы – уақыт аралығы, мерзім, ұрпақтың пайда болуы кезінде, зиянкес популяциясы санының көбеюінің жасырын мүмкіндігі;
26) зиянкестердің нақты өсімталдылығы - зиянкестердің өмір сүру кезеңіндегі өсімталдығы;
27) зиянкестер санының популяциясы – популяциямен қамтыған аймақтағы зиянкес дарақтарының саны;
28) зиянды ағзалар санының өзгеруі - зиянды ағзалар санының уақыт пен кеңістікке өзгеруі;
29) зиян тигізудің экономикалық шегі – зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдердің өсімдік шаруашылығы өнімінің ысырабын туғызатын, фитосанитариялық іс-шараларды жүргізуді қажет ететін саны;
30) өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау (мемлекеттік фитосанитарлық бақылау) – уәкілетті органның өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған қызметі;
31) олигогендік өсімдік төзімділігі – өсімдіктің гендерінің аз санымен бақыланатын, зиянды организмдердің жекелеген тектеріне өсімдіктердің төзімділігі;
32) облигатты тоғышар – тек иесінің ағзасынан, оның ұлпасынан немесе жасушасынан бөлек өмір сүруге бейімді тоғышар;
33) өсімдіктерді жаппай жоятын гербицид – өңделген аумақтағы барлық шөптесін өсімдіктерді жаппай жоятын гербицидтер;
34) өсімдік ауруының депрессиясы – олармен айтарлықтай зиян келтірілмейтін, өсімдік ауруларының әлсіз дамуы;
35) өсімдіктердің зиянкестері – одан келетін шығынға экономикалық тұрғыдан жол берілмейтін, өсімдіктің зақымдануын тудыруға қабылетті жануардың түрі;
36) өсімдік аурулары – фитопатогеннің немесе қоршаған ортаның қолайсыз жағдайлары әсерінен клетканың, ағзаның және барлық өсімдіктің қалыпты зат алмасуының ауытқуы;
37) өсімдік вирозы - вирустар қоздыратын өсімдіктердің аурулары;
38) өсімдіктер ауруларын анықтау (диагностика) – өсімдіктер ауруларына тән белгілер жиынтығы бойынша тану;
39) өскіннің шығуына дейін қолданатын гербицид – гербицидтерді ауылшаруашылығы дақылдары өскіндерінің шығуына дейін қолдану;
40) өсімдік зиянкестерінің (ауруларының) дамуына ұзақ мерзімді болжау – өсімдік зиянкестерінің (ауруларының) санын, таралуын, пайда болу мерзімін алдағы өсімдіктің өсіп-өну, жыл ішінде немесе мезгіл кезеңіне болжау;
41) өсімдіктердің зиянды организмінің табиғи жауы – зиянды организмдердің тіршілік әрекетін жоятын немесе басатын организмдер;
42) өсімдіктің залалдануы – өсімдікке фитопатогеннің ене басталу сәті, аурудың басталуы;
43) өсімдіктерді қорғау – өсімдік шаруашылығы өнімін зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдерден ысырабын болғызбау мақсатымен фитосанитариялық мониторинг әдістерін, фитосанитариялық іс-шараларды әзірлеуге және практикада қолдануға бағытталған қызмет саласы;
44) өсімдіктіктердің ауруларға беріктігі – өсімдіктің ауру қоздырғыштарын қабылдамау қабілеті;
45) өсімдіктер ауруларының инкубациялық кезеңі – фитопатогеннің енуі және өсімдіктер ауруы белгілерінің көрінуі сәті арасындағы кезең;
46) өсімдіктер зиянкестерінің (ауруларының) қысқа мерзімдік болжамы – өсімдіктер зиянкесінің санын, таралуын және пайда болуы уақытын бірнеше күннен бір ай мерзіміне дейін болжау;
47) өсімдіктердің жаппай зиянкесі – өнім түсімнің немесе ауылшаруашылығы өнімнің сапасының төмендеуіне әкеп соғатын, тұрақты санымен немесе өзінің өсіп-өну қабілеттілігімен сипатталатын зиянкес;
48) өсімдіктердің микозы – саңырауқұлақтар қоздыратын өсімдіктер аурулары;
49) өсімдік бактериозы – бактериялар қоздыратын өсімдіктердің аурулары;
50) өсімдіктер зиянкестерінің (ауруларының) көпжылдық болжамы – зиянкестің санын, таралуын және пайда болуы уақытын немесе өсімдіктер (ауруларының) қарқындылығын кем дегенде 2 жыл бұрын болжау;
51) өсімдіктер нематодозы – нематодалар қоздыратын өсімдік аурулары;
52) өсімдіктің полегендік төзімділігі – зиянды организмнің түрлеріне тән емес, және өсімдіктің көптеген гендерімен бақыланылатын өсімдіктің төзімділі;
53) өсімдіктер ауруының дамуы – баллмен немесе пайызбен көрсетілген өсімдіктің залалдану дәрежесі;
54) өсімдіктер зиянкесінің (ауруының) таралуы – белгіленген уақыт аралығындағы белгілі бір аймақта өсімдіктер зиянкесінің (ауруының) түрлерінің орналасуы;
55) өсімдіктер ауруының таралуы – пайызбен көрсетілген ауру өсімдіктердің саны;
56) өсімдік шаруашылығы өнімі – халықтың тамақ өнімдеріне, мал шаруашылығын – жемшөпке және өнеркәсіптің шикізатқа деген қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған өнім;
57) өсімдіктің төзімділігі – аурумен қатты залалданған кезде өсімдіктің өнім беру қабілеттілігі;
58) панфитотия – бірнеше мемлекетті және құрлықтарды қамтитын, өсімдік ауруларының жаппай таралуы;
59) пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу – препараттарды биологиялық, уыттылық, гигиеналық және экологиялық бағалау процессін аяқтайтын рәсім, оның нәтижесі бойынша жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасына сәйкес қолдану кұқығына тіркеу куәлігі беріледі;
60) пестицидтердің (улы химикаттардың) бастапқы компоненттері – пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіруге арналған химиялық және басқа заттар;
61) пестицидтерді оқшаулап қолдану - зиянды организмдердің көп шоғырланған орындарда немесе олармен көп жанасу орындарында пестицидті таңдап қолдану;
62) пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру – тыйым салынған немесе жарамсыз болып қалған пестицидтерді (улы химикаттарды), сондай-ақ олардың ыдыстарын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәдеге жаратуға, жоюға бағытталған іс-шаралар;
63) пестицидтердің (улы химикаттардың) қалдық мөлшері – өсімдік шаруашылығы өнімі мен қоршаған орта объектілеріндегі пестицидтерді (улы химикаттар) құрамының мөлшерлік көрсеткіші, олардың адам мен жануарлар қауіпсіздігі осы көрсеткіш арқылы бағаланады;
64) пестицидтер (улы химикаттар) – зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдерге қарсы, сондай-ақ жегінді жинау алдында құрғатып алу, жапырақтарды түсіру және өсімдіктердің өсуін реттеу үшін пайдаланылатын химиялық, биологиялық және басқа да заттар;
65) популяция – оның мекен ету ортасының бір бөлігін мекендейтін және генетопикалық және фенотопикалық ерекшеліктермен сипатталатын, өсімдік және жануарлар организмдерінің белгілі түрлерінің жеке топтары;
66) пестецидті өскін шыққаннан кейін қолдану – ауыл шаруашылығы дақылдарының өскіні шыққаннан кейін гербицидті қолдану;
67) пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау, тасымалдау және қолдану ережесі – пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау, тасымалдау және қолдану шарттары мен технологиясына қойылатын міндетті қауіпсіздік талаптары;
68) пестицидтер (улы химикаттар) тізімі – Қазақстан Респуликасының аумағында қолдануға рұқсат етіліп тіркелген пестицидтер (улы химикаттар) тізбесі;
69) субстрат – онда немесе онда ағзалар өмір сүретін қоректі орта;
70) талғам әсерлі гербицидтер – шөптесін өсімдіктердің бір түрлерін, оның ішінде арам шөптерді жоятын, өзге түрлеріне теріс әсерін тигізбейтін гербицидтер;
71) топырақтағы арамшөптер тұқымының қоры – бірлік аумақтағы топырақтағы арамшөптер тұқымының саны;
72) тұқымның инкурстациясы – өсіп-өнуін қорғауға ықпал ететін белсенді заттар мен бояғыштары бар суда еритін қабықпен қаптау;
73) тоғышар иесі – басқа ағза үшін қорек көзі, өмір сүру және даму ортасы қызметін атқаратын тірі ағза;
74) топырақ фунгистазисі – топырақтың фитопатогендік саңырауқұлақтардың инфекциялық нышанының өсуі мен дамуына кедергі жасау қасиеті;
75) өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – өсімдіктерді қорғау саласындағы басшылықты, сондай-ақ өз өкілеттігі шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
76) факультативтік тоғышар – өлі ұлпаларда дамитын, бірақ та белгілі жағдайларда тоғышар ретінде тіршілік ететін тоғышар;
77) фитопатогеннің вируленттілігі – белгілі өсімдік иелеріне қатысты оның патогендік дәрежесін айқындайтын фитопатоген қасиеттерінің жиынтығы;
78) фитопатогеннің түрі – өсімдік иесінің белгілі бір сортын залалдауға қабілетті, фитопатоген түрінің бөлігі немесе мамандандырылған нысаны;
79) фитонцидтер – олар микроорганизмдердің өсуін тежеуі мүмкін жоғарғы жасыл өсімдіктермен қалыптастырылатын химиялық заттар;
80) фитопатоген – өсімдік ауруының қоздырғыштары;
81) фитосанитариялық ахуал – ауылшаруашылық мақсатындағы объектілердің зиянды және ерекше аса қауіпті зиянды организмдердің санымен және зиян тигізуімен анықталатын қалыптасқан жай-күйі;
82) фитосанитариялық іс–шаралар – зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдердің саны мен зиян тигізуін азайтуды қамтамасыз ететін шаралар кешені;
83) фитосанитариялық нормативтер – фитосанитариялық іс-шаралар көлемін анықтау үшін пайдаланылатын белгіленген шаралар параметрі;
84) фитосанитариялық мониторинг – зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдерді зеррттеуді, байқауды, олардың дамуы мен таралуын есепке алуды, сондай-ақ осылардың негізінде фитосанитариялық болжам әзірлеуді қамтитын іс-шаралар жүйесі;
85) фитофаг – өсімдіктермен қоректенетін ағза;
86) фумигант – газ түрінде әрекет ететін затты бөлуге қабілетті пестицид;
87) фунгицид – саңырауқұлақтарға қарсы қолданылатын химиялық зат;
88) энтомофагтарды ареал ішінде ауыстыру – ареал аймағында энтомофагтарды бір белдемнен өзге белдемге орын ауыстыруы;
89) энтомофагтарды шығару – энтомофагтарды иелерінен, табиғаттан немесе зертханаларда өсіріліп жиналғандардан алу;
90) энтомофагтың интродукциясы – осы мекендерде кездеспейтін зиянды организмдердің табиғи жауларын сырттан әкелу;
91) энтомофагтың іздеу қабілеттілігі – энтомофагтың әртүрлі биотоптардан өз иесін табу қабілеті;
92) энтомофагқа қолдау жасау – энтомофагтарды сақтауды және жинақтауды қамтамасыз ететін жағдайды жасау;
93) энтомофагтарды жерсіндіру – интродуцияланған энтомофагтарды жаңа тіршілік жағдайына икемдеу;
94) энтомофагпен толықтыру әдісі – зиянкестерді жою мақсатында энтомофогтардың үлкен санын көп мөлшерде шығару;
95) экспозиция – фумиганттың зиянды организмге әсер етуінің ұзақтығы, атап айтқанда залалсыздандырылатын объектіге енгізудің бастапқы кезеңінен бастап оны дегазациясының соңына дейін;
96) энтомопотогенді микроорганизмдер – жәндіктердің ауруын тудыратын микрооганизм;
97) энтомофаг – бунақденелермен қоректенетін ағза;
98) энфитотия – өсімдіктердің жаппай ауруы, бұның белгілі бір аймақта және бірнеше жыл қатарынан аздаған ауытқушылықтары болады;
99) эпифитотия – аурудың жаппай таралуы;
100) этиология – аурудың себептерімен айналысатын ғылым.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» мониторингілеу жұмыстарын сапалы, сенімді және жедел жүргізу бойынша, сонымен қатар зиянды, аса қауіпті зиянды организмдер бойынша ұсынылған ақпараттардың сапасы, сенімділігі үшін жауапты болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет