Опабекова Гүлзия Жүрсінқызы Оқу-тәрбие процесіндегі тұлғааралық қарым-қатынастың өзіндік бағалауға психологиялық әсері



бет1/2
Дата13.06.2016
өлшемі428.06 Kb.
#131809
түріДиссертация
  1   2
ӘОЖ 316.628:37.015.3:316.472.4 Қолжазба құқығында


Опабекова Гүлзия Жүрсінқызы


Оқу-тәрбие процесіндегі тұлғааралық қарым-қатынастың өзіндік бағалауға психологиялық әсері

6М010300 – «Педагогика және психология»мамандығы бойынша білім магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған

рефераты

Қызылорда, 2012 ж

Диссертациялық жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Музыка-педагогикалық» факультеті, «педагогика және психология» кафедраларында орындалды.



Ғылыми жетекші:

психология ғылымдарының кандидаты

А.Ж. Аяғанова




Ресми оппонент:

Пс.ғ.к., доцент міндетін атқарушы Ш.Т.Турдалиева

Диссертация 2012 жылдың «_____» маусымында сағат ____Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік универсиетінде (мекен-жайы: 120014, Қызылорда қаласы, Төле би көшесі, №36 А, 7 оқу ғимараты, «Музыка-педагогикалық» факультеті, 4 қабат, №______ дәрісхана) қорғалады.

Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ҒТК танысуға болады.

КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бұл зерттеуде оқу-тәрбие процесіндегі тұлғааралық қарым-қатынастың өзіндік бағалауға психологиялық әсері қарастырылған. Өзіндік сананың негізгі компоненттерінің бірі өзіндік бағалау оқу-тәрбие процесіндегі қарым-қатынас арқылы зерттеледі.

Жұмыста оқу-тәрбие процесіндегі тұлғаның өзіндік, мұғалімнің және ата-ананың салыстырмалы бағалауы эксперимент барысында анықталды.



Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Бүгінгі күні қоғам талаптарының бірі жан-жақты үйлесімді дамыған және «Мен» жүйесінде тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Сонымен қатар, білім беру жүйесіндегі инновация тұтас педагогикалық процессте тұлғаның өзіндік сана компоненттерін зерттеуге ерекше қарауды талап етіп отыр. Осы орайда, еліміздегі түбегейлі өзгерістер тұлға құрылымына психологиялық тұрғыдан жаңа сипатта зерттеуді қажет етеді. Сонымен қатар, қоғамдағы болып жатқан өзгерістер шығармашыл тұлғаның мақсатқа бағытты қалыптасуын, белсенді өмірлік бағыты бар тұлға дамуын талап етіп отыр. Бұл талаптың жүзеге асуы белгілі бір дәрежеде тұлғаның өзіндік сана компоненттерінің табиғаты түсінігімен анықталады. Ал, өзіндік бағалау өзіндік сана компоненттерінің бірі болып табылады. Сондықтан оқу-тәрбие процесінде өзіндік бағалауды айқындау - басты мәселелердің бірі. Психология ғылымында өзіндік бағалау ерекшеліктерін зерттеу, оларға оқу-тәрбие процесіндегі тұлғааралық қарым-қатынастың психологиялық әсерін қарастыру мәселесінің артта қалып отырғандығын атап өткен жөн.

Психология ғылымында өзіндік бағалау мәселесі жеткілікті қарастырылған, дегенмен оқу-тәрбие процесінде мазмұны, құрылымы, толық зерттелмеген.

Өзіндік бағалаудың даму сатысына қарай тұлға ерекшеліктерін зерттеулерге негіз болған еңбектер бар (Б.Г. Ананьев , Л.И. Божович ,А.И. Липкина, И.И. Чеснокова , Н.Ф. Талызин, В.В. Менчинская, В.В. Столин , Е.И. Савонько). Сондай-ақ, қазіргі психологиялық зерттеулерде өзіндік бағалауды анықтауда өзіндік реттелудің жеке бастық және психикалық механизмдерін табуға бағытталған жұмыстар (Л.И. Божович , И.С. Кон , ақыл-ойдың қалыптасуы мен өзіндік бағалаудағы сана-сезім, оның құрамдас бөлігі ретінде қарастырған зерттеулер (А.В. Захарова) көптеп саналады.

Өзіндік бағалауды тұлғаның мінез-құлқын реттеуші, жеке бастық феномен ретінде сипаттаған көптеген эксперименттік жұмыстарды атап өтуге болады (Д.В. Демина, В.Ф. Сафин, С.Ф. Спичак], З.В. Кузьмина, А.И. Липкина және т.б.).

Тұлғаның әлемді танып білуі қарым-қатынас арқылы жүзеге асады. Қазіргі кезде адамның қарым-қатынас процесстері телекоммуникациялар, компьютерлік коммуникациялар сияқты жаңа технологиялар арқылы жүзеге асады. Сондықтан, психологтар мен педагогтар басты назарды тұлғаның қарым-қатынас мәселесіне ерекше аударуы, әсіресе айналасындағы өзгерістерге бірден бейімделе алмайтын, ұялшақ, қарым-қатынасқа жеңіл түсе алмайтын адамдарға көмектесу қажеттігін туындатып отыр. Міне сондықтан, қазіргі таңда психология ғылымындағы тұлғаның өзіндік бағалауын қарым-қатынас арқылы қалыптастыруда педагогикалық–психологиялық тренингтерді пайдалану мәселесі алға шығып отыр.

Шетел және кеңестік психологияның бағыты ең алдымен қарым-қатынас екендігі бәрімізге белгілі. Оларды зерттеуде көптеген ғалымдардың еңбектері бар, олар: Б.Г. Ананьев, А.А. Бодалев, Э. Берн, Г.А. Ковалев, А.А. Леонтьев, Л.А. Петровский, К. Роджерс және т.б. Аталмыш ғалымдардың еңбектерінде қарым-қатынас психологияның жалпы әдіснамалық және теориялық негізі болатын зерттеудің нәтижелері көрсетілген.

Қарым-қатынас мәселесі жөнінде маңызды пікірлер М.Жұмабаев, Ж. Аймауытов М. Дулатовт.б. еңбектерінде көрініс тапқан.

Қарым-қатынасты әлеуметтiк бақылаудың тағы бiр басты амалы – құқық, яғни үкiмет тарапынан анықталатын, адамдардың жүрiс-тұрысындағы құқықтық ережелер. Бұл көпшiлiктiң заң ретiнде қабылданған ықтияры, елде, қоғамға және оның мүшелерiне зиян келтiретiн тәртiпке, іс-әрекетке тосқауыл қояды. Бiрақ, заң қандай қатал болса да, адамдар арасындағы қарым-қатынасты толық қамти алмайды. Әрбiр айтылған сөз, iстелiнген iске заңды бақылау жүргiзу мүмкiн емес.

Қазіргі таңда әсіресе, жалпы білім беру саласының дамуында жағымды өзгерістер мен оқыту мен тәрбиелеу ісінің ұтымды жақтары ашылып жатқаны қарым-қатынастың тұлға дамуындағы әсерін жаңа қырынан зерттеуді қажет отыр. Осы орайда, оқу-тәрбие процесіндегі тұлғааралық қарым-қатынас арқылы тұлғаның өзіндік бағалауын анықтау мәселесі біздің зерттеуміздің басты мақсатын құрап, өзінің өзектілігін туындатады.

Зерттеудің мақсаты: Оқу-тәрбие процесіндегі тұлғааралық қарым-қатынастың өзіндік бағалауға психологиялық әсерін теориялық және эксперименттік зерттеу.

Зерттеу міндеттері:

1. Психология ғылымындағы қарым-қатынас пен өзіндік бағалау ерекшеліктерін теориялық талдау.

2. Оқу-тәрбие процесіндегі қарым-қатынастың өзіндік бағалауға психологиялық әсерін эксперименттік зерттеу.

3. Эксперимент нәтижелерін, қорытындыларын және ұсыныстарын жасау.



Зерттеу нысаны: Жеткіншектердің өзіндік бағалау ерекшеліктері.

Зерттеу пәні: Оқу-тәрбие процесіндегі тұлғааралық қарым-қатынастың өзіндік бағалауға психологиялық әсері.

Зерттеудің болжамы: Егер, оқу-тәрбие процесіндегі тұлғааралық қарым-қатынасты педагогикалық-психологиялық тренингтер арқылы дамытса, онда ол адекватты өзіндік бағалау қалыптасуына оң әсер етеді.

Зерттеу базасы: Қызылорда қаласының №222 Т. Рұсқұлов атындағы қазақ орта мектебінің (5 және 9 сынып оқушылары қатысты. Респонденттерді таңдау көлемі: N= 90.

Зерттеу жұмысының теориялық-әдіснамалық негіздері жүйелік құрылымдық әдіснама (С.Л. Рубинштейн, Б.Г. Ананьев), мәдени-тарихи тұжырымдама (Л.С. Выготский), өзіндік бағалауды теориялық-эмпирикалық деңгейде зерттеу (В.В. Столин, И.И. Чеснокова, А.В. Захарова, П.Р. Чамата, К.А. Абульханова, Е.И. Савонько, А.И. Липкина және т.б.), өзіндік бағалауды өз беттілік, жеке тұлғалық феномен, адамның мінез-құлқын реттеуші ретіндегі тұжырымдалар (З.З. Кузьмина, Д.В. Демина, А.И. Липкина, М.И. Лисина, В.С. Магун, В.Ф. Сафин) болып табылады. Қарым-қатынас пен іс-әрекет құрлымы мен динамикасын қарастыру А.А.Леонтьевтің, А.Адлердің, М.С.Каганның, Б.Ф.Ломовтың еңбектері болып табылады.

Қазақстандық ғалымдар М.М. Мұқановтың, С.М. Жақыповтың, С.Қ. Бердібаеваның, Н.С. Жұбаназарованың, И. Амированың және А.Ж. Аяғанованың зерттеу жұмыстары негізге алынды.



Зерттеуде қолданылған әдістер: Зерттеу мәселесі бойынша педагогикалық және психологиялық әдебиеттерге теориялық талдау жасау.

Қарым-қатынас деңгейін анықтауға арналған төмендегі әдістер пайдаланылды:



  • Р.Ф. Ряховскийдің қарым-қатынас деңгейі әдістемесі;

  • М.Снайдердің қарым-қатынаста өзін-өзі бақылауын бағалау әдістемесі;

  • Еркін сауалнама

Өзіндік бағалауды анықтауға арналған төмендегі әдістер пайдаланылды:

  • өзіндік қатынас сипаттамасы ретінде жеткіншектердің эмоциялық көңіл-күйінің ерекшеліктерін анықтау мақсатында проективті әдіс «Үй. Адам. Ағаш» пайдаланылды;

  • жеткіншектердің өзіндік бағалау ерекшеліктерін анықтауға арналған «Кішкене баспалдақ» және «Өзіңді бағала» әдістемесі пайдаланылды;

  • Алынған мәліметтерді математикалық- статистикалық өңдеу тәсілдері, яғни, Пирсонның тетрахорикалық коэффициент корреляциясы қолданылды:

Тұлғаның жағымды өзіндік қатынас қасиеттерін дамыту мақсатында тұлғааралық қарым-қатынас тренингтері жүргізілді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

- оқу-тәрбие процесіндегі тұлғааралық қарым-қатынастың өзіндік бағалауға әсер ететіні анықталды;

- оқу-тәрбие процесіндегі қарым-қатынаста қолданылатын педагогикалық-психологиялық тренингтер жүйеленді.

Зерттеудің теориялық мәні:

Зерттеу жұмысының мәні психология ғылымындағы өзіндік бағалау мәселелерінің теориялық түсініктері мен тұжырымдарының кеңейюімен, оны оқу-тәрбие процесінде қарастырумен байланысты.

Зерттеу жұмысында адекватты өзіндік бағалауды қалыптастыру оқу-тәрбие процесінің нәтижелілігіне жағымды әсер етеді деген теориялық тұжырым жасалып, негізделді.

Зерттеу барысында алынған мәліметтер негізінде оқу-тәрбие процесінің өзіндік бағалауға психологиялық әсері жайлы тұжырымдар толықтырылды.



Зерттеудің практикалық маңыздылығы. Ғылыми зерттеудің практикалық маңыздылығының құндылығы оның дәйектілігімен анықталған.

Зерттеуден алынған нәтижелерді өзіндік бағалауларын диагностикалауда, тұлға іс-әрекетінде кездесетін қиындықтарды болдырмау мақсатында ұйымдастырылатын психологиялық қызмет жүйесінде, білім беру жүйелеріндегі мамандардың біліктілігін жетілдіру институттарында және ата-аналарға кеңес беруде қолдануға болады.

Теориялық- эксперименттік бөлімде қолданылған бейімделген зерттеу әдістемелерін психодиагностикалық, ата-аналар мен білім беру мекемелерінің қызметкерлеріне психологиялық кеңес беру практикасында және психология саласы бойынша «Даму психологиясы», «Практикалық психология» курстарында пайдалануға болады.

Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:

1. Өзіндік бағалау тұлғаның ортаға адаптациялану процесінде дифференциялданады және қоршаған ортаға тәуелді болады;

2. Оқу-тәрбие процесіндегі қарым-қатынас педагогикалық психологиялық тренингтер арқылы дамытылса өзіндік бағалауға жағымды әсер етеді;

3. Өзіндік бағалау күрделі де жүйелі құрылым бола отырып, тұлғада неғұрлым өзіне деген сенімділік жоғары болса, солғұрлым өзара түсіністікке негізделген жағымды тұлғааралық қарым-қатынас орнайды.



Зерттеу жұмысының талқылануы мен жариялануы.

Диссертация тақырыбы бойынша жарияланған еңбектер тізімі.



  1. Оқу-тәрбие процесіндегі тұлғааралық қарым-қатынастың өзіндік бағалауға

психологиялық әсері

«Жас ғалымдардың жинағы» Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік

университетінің 75 жылдыққа арналған (баспада).//

2. Дарынды балалардың психологиялық ерекшеліктері.

//«Жаңа формациядағы педагогтарды даярлау мақсатында

инновациялық технологияларды оқу -тәрбие үрдісіне енгізу

мәселелері» атты Халықаралық ғылыми –тәжірибелік интернет-

конференцияның материалдары. І том.-83-88 б.

Шымкент-Мәскеу, 2012.//

Жұмыстың құрылымы мен көлемі:

Диссертациялық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиет тізімінен және қосымша тіркелген материалдардан тұрады. Жұмыстың жалпы көлемі - бет, қолданылған деректер тізімі-110 әдебиеттерден тұрады.


Негізгі бөлім

Жұмыстың зерттелу бағыты. Оқу-тәрбие процесіндегі тұлғааралық қарым-қатынастың өзіндік бағалауға психологиялық әсері зерттелген.

Кіріспеде диссертациялық зерттеу тақырыбының өзектілігі, жұмыстың зерттелу деңгейі қарастырылып, мақсаты мен міндеттері, болжамы, әдістері, зерттеу жұмысының теориялық- әдістемелік негіздері, ғылыми жаңалығы айқындалып, зерттеудің теориялық мәні мен практикалық маңыздылығы, қорғауға ұсынылатын тұжырымдар сипатталады.

Зерттеу жұмысының бірінші бөлімі «Психология ғылымындағы қарым-қатынас пен өзіндік бағалау мәселелерінің зерттелуін теориялық негіздеу» деп аталды. Бұл бөлімде тұлғааралық қарым-қатынастың әлеуметтік, педагогикалық және психологиялық феномені, өзіндік бағалаудың теориялық негіздері мен оның даму ерекшеліктері қарастырылады.


Тұлғааралық қарым-қатынас процесі қоғамдық қатынастың пайда болуының өзіндік формасын танытады. Бұл процестің ерекшелігі әр түрлі деңгейдегі қоғамдық өмірдің өндірістік байланысын, оның осы қоғамдағы сатысының дамуын көрсетеді. Олардың өзгерісі барлық басқа қоғамдық қатынастың өзгеруіне және адамааралық қарым-қатынастың әр түрлі топтары мен деңгейдегі өзіндік қатынастары мен өзіндік іс-әрекеттерін байқатады.

Әлеуметтік, педагогикалық және психологиялық феномен ретінде тұлғааралық қарым-қатынасты түсіндіру үшін ең алдымен, оның тұлға түсінігімен арақатынасын көрсету қажет. Өз мазмұны бойынша тұлға және қарым-қатынас ұғымдары екі өзара қиылысушы орта ретінде қарастыруға болады.


ТҰЛҒА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС

1 – сурет. Қарым –қатынас және тұға түсінігінің арақатынасы

Жоғарыдағы суретке сипаттама береміз.

А аймағы – өзгеліксіз функциялық –рөлдік қарым-қатынас.

Ә аймағы - өзгешелікті қарым-қатынас коммуникативті жеке адамның әрекеті.

Б аймағы – психикалық қасиет, жеке адамның күйімен, процестері.


Қарым-қатынассыз адамның өзін-өзі іске асыру, өзін көрсетуі және орнықтылу ұмтылысымен байланысты жеке қажеттіліктері қанағаттануы мүмкін емес. Осы орайда, біздің зерттеулерімізде қарым-қатынастың педагогикалық сипаты тұжырымдалады. Педагогикалық қарым-қатынаста көптеген зерттеулер көрсетіп жүргендей төмендегі стильдерді бөледі. Осы стильдерге сипаттама беріп өтеміз.

Автократтық стиль- педагог білім алушының кез-келген мәселені талқылауға қатысуына, сыни пікірлер айтуына мүмкіндік бермей, тек өзі ғана шешім қабылдайды. Авторитарлық стиль-білім алушылар мәселені талқылауға қатысады, дегенмен ұжымға немесе әрбір білім алушыға байланысты мәселені педагог өзі ғана шешеді. Топтардағы әлеуметтік-психологиялық ахуал төмен болады.

Либералды (анархиялық) стиль – бұнда керісінше жауапкершіліктен бас тартқан педагог іс-әрекетке барынша немқұрайлы араласады. Ол өз қызметіне формализммен қарайды. Оқу-тәрбие процесіне қатысушы білім алушылардың ешбірінің мәселелеріне қызығушылықтың жоқтығы, немқұрайлыққа сүйенетін бұл стиль ештеңеге араласпау тактикасына негізделген. Осы тактика нәтижесінде үлгірім және тұлғалық даму динамикасын қадағалау, білім алушылардың іс-әрекетін бақылау педагогтың назарынан тыс қалып қояды.

Бұл екі стиль бірі-бірімен қарама-қарсы болғанмен екеуінде де оқушы мен педагогтың арасындағы дистанттық қарым-қатынасты білдіреді. Бұл екі стильге балама болып табылатын демократиялық деп аталады. Педагог оқушыларға үлкен сенім артады, олардың мүмкіндіктерін, кемшіліктері мен жетістіктерін лайықты бағалайды. Әрбір білім алушыға терең түсіністікпен қарайды. Жеке тұлғаның қалыптасу динамикасына айрықша мән береді. Демократиялық стиль негізінде жұмыс жүргізілген ұжымдарда әлеуметтік-психологиялық климат жақсы болады. Олардың арасындағы қарым-қатынас сенімге негізделіп, өздеріне және бірі-біріне талап қою деңгейі жоғары болады, педагог білім алушыларды шығармашылықпен жұмыс жасауға баулиды, өзіндік қалыптасуына жағдай жасайды.

Қарым-қатынас психологиясындағы әлеуметтік перцепция механизмі төмендегідей түсініктермен сипатталады:


  • идентификация – өзін басқаларға теңестіру, ұқсастыру;

  • эмпатия – эмоциялық түсіну, өзгенің ішкі жағдайын өз сезімдері арқылы қабылдау.

Тұлғааралық қарым-қатынаста әлеуметтік рефлексия ұғымының орны ерекше. Әлеуметтік рефлексия – бұл ортақтасу барысында өзін-өзі тану механизм болып табылады.

Әлеуметтік институттарда жүзеге асушы интерперсоналдық және тұлғалық дамуға бағытталған қарым-қатынас деп аталады. Осы орайда, әлеуметтік қатынастар мақсатына қарай, императив (бұйрық), манипулация (айла), диалог (қосүн, қоскөз, қостіл) болып бөлінеді. Әлеуметтік қатынастардың императивтік түрінде тұлға серігінің тәртібі мен іс-әрекетіне бақылау жасау мақсатындағы әсер етуде автор, директорлық форма (отыр, тұр, әкел) ұстанады.

Педагогикалық кәсіби қарым-қатынас негіздерін меңгерудің басты шарттарына төмендегідей мәселелер кіреді:

-педагогикалық қарым-қатынастың құрылымы мен заңдылықтарын зерттеу;

-педагогикалық коммуникацияның технологиясын меңгеру;

-педагогикалық кәсіби қарым-қатынастың білігі мен дағдысын қалыптастыру;

-коммуникативті қабілеттерді дамыту.

Бірінші бөлімді қорыта келе, біздің зерттеуміздің негізі болып отырған оқу-тәрбие процесіндегі тұлғааралық қарым-қатынас тұлғаның өзіндік сана компоненті болып табылатын өзіндік бағалауының қалыптасуында өзіндік орны бар.

Зерттеудің екінші бөлімі «Оқу-тәрбие процесіндегі тұлғааралық қарым-қатынастың өзіндік бағалауға психологиялық әсерін эксперименттік зерттеу» деп аталады. Бұл бөлімде зерттеудің бағыты анықталып, оның әдістері негізделе отырып, сыналушыларға сипаттама беріледі. Осы бөлімде зерттеуіміздің өзегі болып табылатын оқу-тәрбие процесіндегі тұлғааралық қарым-қатынастың өзіндік бағалауға әсері бейімделген әдістер арқылы зерттеледі.


Біздің зерттеумізде эксперимент үш кезеңнен тұрады.

Бірінші кезеңнің бірінші сатысында жеткіншектердің қарым-қатынас деңгейлері анықталды. Екінші сатыда М.Снайдердің қарым-қатынаста өзін-өзі бақылауын бағалау әдістемесі жүргізілді. Үшінші сатыда еркін сауалнама алынды.

Екінші кезеңде оқу-тәрбие процесіндегі тұлғааралық қарым-қатынаста жеткіншектердің өзіндік бағалау ерекшеліктері анықталды. Мұнда біз жеткіншектердің өзіндік бағалауында кездесетін, яғни сол жас кезеңіне тән сипаттамаларды анықтау жоспарланды.

Үшінші кезеңде біз педагогикалық-психологиялық тренингтер ұйымдастырылды.

Зерттеу жұмысымызда басшылыққа алынған әдістерге сипаттама береміз.

1. Қарым-қатынас деңгейін анықтауға арналған төмендегі әдістер пайдаланылды:


  • Р.Ф. Ряховскийдің қарым-қатынас деңгейі әдістемесі;

  • М.Снайдердің қарым-қатынаста өзін-өзі бақылауын бағалау әдістемесі;

  • Еркін сауалнама

2. Өзіндік бағалауды анықтауға арналған төмендегі әдістер пайдаланылды:

  • өзіндік қатынас сипаттамасы ретінде жеткіншектердің эмоциялық көңіл-күйінің ерекшеліктерін анықтау мақсатында проективті әдіс «Үй. Адам. Ағаш» пайдаланылды;

  • жеткіншектердің өзіндік бағалау ерекшеліктерін анықтауға арналған «Кішкене баспалдақ» және «Өзіңді бағала» әдістемесі пайдаланылды;

  • Алынған мәліметтерді математикалық- статистикалық өңдеу тәсілдері, яғни, Пирсонның тетрахорикалық коэффициент корреляциясы қолданылды:

3. Тұлғаның жағымды өзіндік қатынас қасиеттерін дамыту мақсатында тұлғааралық қарым-қатынас тренингтері жүргізілді.

Жалпы алғанда тұлғаның өзіндік бағалауы адамзат психикасының өте күрделі және интегральді қалыптасуы болып табылады. Жоғарыда теориялық зерттеулерге талдау көрсеткендей, өзіндік бағалау психикалық дамудың белгілі бір жалпы деңгейін білдеретін, ішкі әрекетінде, яғни «ақылда» қалыптасатын тұлғалық қасиет айнасы болып табылады.

Эксперименттің екінші кезеңінің мақсаты жеткіншектердің өзіндік бағалау ерекшеліктерін зерттеу болып табылады. Бұл үшін екі әдіс пайдаланылды. Мұнда біріншіден, жеткіншектердің тұлғалық ерекшеліктерін зерттеуде «Үй. Ағаш. Адам» атты проективті әдіс пайдаланылды. Екіншіден, жеткіншектердің өзіндік бағалау ерекшеліктерін анықтау мақсатында «Кішкене баспалдақ» және «Өзіңді бағала» әдістемесі пайдаланылды.

Келесі «Кішкене баспалдақ» әдісінде жеткіншектердің өзінің, анасының және педагогтың көзқарасы бойынша өзіндік бағалауларын анықтауға мүмкіндік беріледі. Бұл бізге жеткіншектердің ересектердің өзіне деген қатынасы қандай екендігі туралы пікір жасауға мүмкіндік береді.

Жеткіншектердің өзін-өзі шынайы, объективті бағалауы өзінің мүмкіншілігін жоғары, кейде төмен бағалау туындаған жағдайда адекваттық емес өзін-өзі бағалау көрініс беруі мүмкін.

Үшінші кезеңде педагогикалық-психологиялық тренингтер арқылы тұлғалық ерекшеліктер, яғни, өзіндік бағалауға әсер етуші жағымды қасиеттерді дамыту көзделді.

Осы бөлімде біз зерттеу жұмысымыздың респонденттеріне сипаттама беруді жөн деп санаймыз. Адам онтогенезіндегі ең күрделі кезеңнің бірі жеткіншектік шақ болып табылады. Бұл кезеңде осы уақытқа дейінгі қалыптасқан психологиялық құрылымдардың қайта құрылуы ғана жүріп қоймай, сонымен қатар, жаңа білімдер қалыптасып, саналық көзқарастар мен әлеуметтік ішкі ыңғайланудың қалыптасуының жалпы бағыттылығы өседі және өзгереді. Осы жас кезеңіне тән ерекшелігі оқу үлгерімінің төмендеуі, жұмыс қабілетінің түсуі және тұлғалық ішкі құрылымындағы үйлесімсіздік, мінез-құлықтың қарсыласқан негативті сипаты болып табылады. Бұл жас сатысын ішкі және сыртқы қатынастардағы бағдарлануды жоғалтқан, «Мен» және өзіндік әлемнің бөліну сатысы деп айтап көрсетуге болады.

Жеткіншектік кезеңде құлықтық-этикалық мінез-құлық өлшемдері меңгеріледі. Сондай-ақ, өзінің мінез-құлқында пайда болған бағалауға негізделген пайымдау жүйесіне жетекшілік ете бастайды.

Біздің эксперимент жұмысымыз Қызылорда қаласының №222 Т. Рұсқұлов атындағы қазақ орта мектебінің 5 және 9 сынып оқушыларымен өткізілді. Себебі, кіші жеткіншектік жас сипаттамасы 5 сынып оқушыларына сипатты болса, ал үлкен жеткіншектік кезеңге 9 сыныптағыларға тән. Экспериментке 90 респондент қатысты.

Экспериментжұмысының қорытындыларына тоқталып өтеміз. Экспериментіміздің кезеңінен алынған нәтижелерге талдау жасаймыз. Ең алдымен алынған нәтижелерді сапалық талдаудан бастаймыз. Біздің зерттеуімізде оқушылардың бойында қалыптасатын қарым-қатынастың өзіндік бақылауға әсері деңгейін анықталды. Міне, осыған байланысты зерттеулер жүргізілді. Алғашында оқушылардың қарым-қатынас деңгейі анықталды. Нәтижелері төмендегі кестеде көрсетілген.
Кесте -1 .5-9 сынып оқушыларының қарым-қатынас деңгейінің көрсеткіштері


Бастапқы кезең

Көрсеткіш-тер

5 cынып

Оқушы саны




9 сынып

Оқушы

саны


1

2

3



43 %

20 %


26 %

45

1

2

3



49%

28 %


31%

45

Проективті әдіс «Үй. Ағаш. Адам» тестісінде сандық бағалау үшін сапалық көрсеткіштері төмендегі симтомдық (белгілік) кешендерде топталады: 1- қорғансыздық; 2- мазасыздық, алаңдаушылық; 3- өзіне сенімсіздік; 4- өзіне қанағаттанбау, өзін жарым-жан сезіну; 5- жауластық, қастандыққа бейім; 6- шиеленіс (фрустрация); 7- қарым-қатынастағы қиындық; 8- депрессияға бейімділік. Бұл әдістеме бойынша төмендегідей қорытынды алынды.


Кесте -2. 5-9 сынып балаларында «Үй.Ағаш. Адам» проективті техникасы бойынша симтомокомплекстің көрінуі (%), (N =90)





Симтомокомплекс атауы

5-сынып балалары

9-сынып балалары

Жалпы балалары

1.

Қорғансыздық

59,6

46,7

53,2

2.

Мазасыздық

54

39,1

46,6

3.

Өзіне сенімсіздік

39,7

25,2

32,5

4.

Өзіне қанағаттанбау

31,4

18,9

25,2

5.

Жауластық

18,7

31,5

25,1

6.

Шиеленістік

14,8

19,1

16,9

7.

Қарым-қатынастағы

қиындық


16,5

21,1

18,8

8.

Депрессивтілік

17,3

13,6

15,4

Зерттеу нәтижесінде талданатын мәліметтер тұтастай барлық іріктеуде жүйкелік- психикалық статустың көрсеткіштерін ұсынды. Біздің зерттеуміздің қорытындысында алынған мәліметтер төмендегі 3 кестеде ұсынылып отыр. Бұл кестеде біз сыналушыларды үш топқа бөлу арқылы статистикалық талдау нәтижесін көрсетуді көздеп отырмыз. Яғни, төменгі, адекватты және аралас көрсеткіштегі өзіндік бағалау сипаттамасы балалар тобы.

Кесте-3. 5-9 сынып балаларының адекватты, төмен және аралас өзіндік бағалаулары (%), (N = 90)


Оқушылар

Адекватты өзіндік бағалау

Аралас өзіндік бағалау

Төмен өзіндік бағалау

Бесінші сынып оқушылары

25,8

30,6

43,6

Тоғызыншы сынып оқушылары

32,2

37,4

30,3



2-сурет. 5-9 сынып балаларының өзіндік бағалау ерекшеліктері
«Үй. Ағаш. Адам» проективті сурет тестінен алынған мәліметтерді талдау нәтижесі арқылы төмендегідей шешім жасауға болады:

1. «Үй. Ағаш. Адам» классикалық проективті әдістемесі балалардың өзіндік бағалау қатынасын зерттеу барысында пайдалануға болады. Сондықтан, эмоциялық көңіл-күйі туралы ақпараттарды анықтайтын жанама әдіс ретінде қолданылады, бірақ, өзіндік қатынастың жеткілікті түрде маңызды сипаттамасын жасауға мүмкіндік береді.

2. Өзіндік бағалаудың төмен деңгейі, оның адекватсыздығы өзіне сенімсіздік, қорғансыздық, өзіне-өзі қанағаттанбау, мазасыздану және депрессивтлік симптомдарында көрініс береді. Сонымен бірге, бұл балаларға жауластық, шиеленістік, жалпы алғанда, достарымен және ересектермен қарым-қатынастағы қиындықтар тән.

3. Өзіндік бағалаудың адекватты деңгейі мынадай сипаттамаларда көрінеді: өз-өзіне сенімділік, қорғанғандық және өзіндік құндылықты сезіну, сондай-ақ, қарым-қатынастағы қиындық, шиеленістің және жауластықтың болмауы.

4. Өзіндік бағалауы төмен балаларға ашуланшақтық, агрессивті мінез-құлық, өз-өзіне сенімсіздік, тақта алдында жауап беру қорқынышы, оқу мотивациясының, мектеп достарының болмауы немесе формальді қарым-қатынаста көрінетін эмоциялық қызбалық сипатты.

5. Төмен өзіндік бағалау бесінші сынып балаларда көбірек көрсеткішті, сондай-ақ, жүйкелік-психикалық қалыптың жоғары адекватсыздығын танытты. Бұл бізді жеткіншектік кезеңдегі дағдарыс ситуацияларға негізделеді деген тұжырымға алып келді.

Біз зерттеу барысында «Кішкене баспалдақ» және «Өзіңді бағала» деп аталатын әдістеменің ғалым Т.Д. Марциновская суреттеген нұсқасын пайдаландық.

Бесінші және тоғызыншы сынып балаларының өзіндік бағалауы ерекшеліктерін айқындауда пайланылған екінші әдістеме «Өзіңді бағала» тестісі болды (Т.Д. Марциновская). Бұл әдістеме бізге 11-15 жастағы балалардың өзіндік бағалауын анықтауда сенімді көрсеткіштерді жинақтауға жағдай берді.

Осы әдістемелер бойынша жүргізілген жұмыстардың қорытындысын ұсынамыз.
Кесте-4.5-9 сынып балаларының өзіндік бағалау нәтижесі (%), (N =90)


Қасиеттер категориясы

5 сынып

төмен өзіндік бағалау



5сынып

орташа өзіндік бағалау



5 сынып

жоғары өзіндік бағалау



9 сынып

төмен өзіндік бағалау



9 сынып

орташа өзіндік бағалау



9 сынып

жоғары өзіндік бағалау



Эмоциялық

7,3

33,9

53,5

21,9

36,5

44,7

Рухани

4,7

27

64,5

11,4

28,3

57,6

Интеллектік

11,9

14,1

72,3

24,1

14,7

58,9

Мінез-құлықтық

23,4

22,3

53,4

33,7

19,1

46,3

Қорытынды

11,8

24,3

60,9

22,7

24,6

51,8

Біздің зерттеулеріміздің тағы бір қызықты сәті баланың өзіне анасы мен педагог орнына берген бағалаулары болып табылады. Бұл мәліметтер келесі кестеде көрсетілген.


Кесте -5. 5-9 сынып балаларының өз қасиеттеріне анасының орнына берген бағалауларының нәтижесі (%), (N =90)



Қасиеттер категориясы

5 сынып

төмен өзіндік бағалау



5 сынып

орташа өзіндік бағалау



5 сынып

жоғары өзіндік бағалау



9 сынып

төмен өзіндік бағалау



9 сынып

орташа өзіндік бағалау



9 сынып

жоғары өзіндік бағалау



Эмоциялық

19,2

40,4

38,5

23,7

41,9

32,8

Рухани

11,7

30,3

55,7

19,5

35,1

45,5

Интеллектік

11,2

24,3

62,8

29,4

33,4

37,4

Мінез-құлықтық

33,2

35

31,6

36,2

25,5

38,2

Қорытынды

18,8

32,5

47,2

27,2

33,9

38,5

Кесте- 6. 5-9 сынып балаларының өз қасиеттеріне педагогтың орнына берген бағалауларының нәтижесі (%), (N =90)





Қасиеттер категориясы

5 сынып

төмен өзіндік бағалау



5 сынып

орташа өзіндік бағалау



5 сынып

жоғары өзіндік бағалау



9 сынып

төмен өзіндік бағалау



9 сынып

орташа өзіндік бағалау



9 сынып

жоғары өзіндік бағалау



Эмоциялық

25,2

42,4

33,5

25,1

41,6

32,6

Рухани

25,3

36,6

39,1

19,7

35,7

45,2

Интеллектік

22,5

46,3

29,3

29,2

33,6

37,2

Мінез-құлықтық

34,2

35,7

30,2

36,3

25,3

38,4

Қорытынды

26,8

40,3

33

27,5

34

38,4

Жоғарыдағы кестелерде көрсетілген нәтижелерді біріктіріп көреміз. Бұл кестеде өзіндік бағалау, анасы және педагог үшін бағалаулар көрсетіледі.


Кесте -7. 5-9 сынып балаларының өз қасиеттерін үштікте (бала, ана, педагог) бағалауларының нәтижесі (%), (N =90)




Қасиеттер категориясы

5 сынып

төмен өзіндік бағалау



5 сынып

орташа өзіндік бағалау



5 сынып

жоғары өзіндік бағалау



9 сынып

төмен өзіндік бағалау



9 сынып

орташа өзіндік бағалау



9 сынып

жоғары өзіндік бағалау



Өзіндік бағалау

11,8 %

24,3 %

60,9 %

22,7 %

24,6 %

51,8 %

Анасы үшін бағалау

18,8%

32,5%

47,2%

27,2%

33,9

38,5%

Педагог үшін бағалау

26,8 %

40,3%

33%

27,5%

34%

38,4%



3-сурет. 5-9 сынып оқушыларының өзін анасының, педагогтың және өзінің көзқарасында бағалауы
Кесте- 8. Балалардың өздеріндегі жағымды қасиеттерін бағалауы (%), (N =90)


Қасиеттер категориясы

5 сынып

төмен өзіндік бағалау



5сынып

орташа өзіндік бағалау



5 сынып

жоғары өзіндік бағалау



9 сынып

төмен өзіндік бағалау



9 сынып

орташа өзіндік бағалау



9 сынып

жоғары өзіндік бағалау



1. Көңілді

1,5

8,3

87,9

11,2

30,1

59,1

2. Мейірімді

1,1

8,9

89,8

4,6

11,9

83

3. Ақылды

-

8,7

91,6

7,9

18,1

73,9

4. Адал

1,2

5,9

91,1

3,9

20,4

77,2

5. Тапқыр

5,9

36,2

57,1

9,1

55,1

33,7

6. Тәртіпті

12,1

11,9

73,7

22,6

31,5

45,5

7. Тапқыр

14,4

17,9

66,1

16,1

26,2

57,2

8. Сенімді

20,1

34,1

46,3

9,1

40,1

51,4

9. Әділ

13,2

52,1

33,9

11,9

38,3

49,2

10. Қабілетті

10,9

43,2

44,8

10,1

53,3

36,5

Сонымен, өткізілген әдістемелердің нәтижесін талдай келе біз төмендегідей қорытындыға келдік:

1. 11-15 жастағы балалардың өзіндік бағалау пікірлерінің жастық ерекшеліктері оның белгілі бір жоғары деңгейі, баланың шынайы мүмкіндіктері мен сипаттамаларына адекватсыздығы болып табылады. Дәл осы балаларда өзіндік бағалау пікірілері қалыптасудың жастық нормасы.

2. Баланың өзіндік бағалауы шындыққа тәуелсіз болғанмен, бала тұлғасы, жетістіктері және мінез-құлығы туралы ересектердің пікірлері мен бағалаулар сипатына және қарым-қатынас жасауына тәуелді анықталды.

Проективті «Үй. Ағаш. Адам» әдісі бойынша салыстырмалы жұмыс жүргізілді, яғни, балалардың жүйкелік –психикалық статусы анықталды:

А тобы- эмоциялық жайлы;

С тобы- бұл сипаттама бойынша аралас топ;

В тобы- жүйкелік психикалық статусы қолайсыз.


Кесте -9. Жеткіншектердің өзіндік бағалауларының көрсеткіші


Оқушылар

Адекватты өзіндік бағалау

Аралас өзіндік бағалау

Төмен өзіндік бағалау

Бесінші сынып оқушылары

23,8

45,9

28,5

Тоғызыншы сынып оқушылары

35,7

38,2

24,3



4- сурет. Жеткіншектердің өзіндік бағалауы

«Кішкене басқыш», «Өзіңді бағалау» әдістемесі арқылы өзіндік бағалаудың аналогиялық жұмысы жүргізілді.

А тобы - адекватты, жоғары өзіндік бағалау;

С тобы - бұл сипаттама бойынша аралас;

В тобы - төменгі өзіндік бағалау.

Эксперимент барысында біз анасы, педагогы және өзінің көзқарасындағы өзіндік бағалауларды салыстырмалы көрсеткішін айқындау жұмыстары жүргізілді. Осы алынған нәтижелерді үш позиция бойынша арифметикалық орташа мәндерінің айырмашылықтарын есептейміз.

Позициялар:

1. Өз «Мені»;

2. Педагог көзқарасындағы «Мен»;

3. Анасы көзқарасындағы «Мен».
Кесте -10. Жеткіншектедің 3 бойынша өзіндік бағалауы


Топтар


3 позиция бойынша өзіндік бағалау шкалалары

1

2

3

5 сынып

4,5

5,4

7,6

9сынып

6,8

3,1

5,7




1-позиция:

өзінің «Мені»



Педагог көзқарасындағы

«Мен»


Анасының көзқарасындағы «Мен»

Нәтижелер көрсеткендей І және ІІ топтарда оқушылардың өзіндік бағалаулары №1 және 8 шкалалардан басқасында мәнді емес. Мұның себебі қарым-қатынас көрсеткіштері мен эмоциялық өзіндік қатынастың өзіндік пікір қалыптасуда маңыздылығы болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет