Орал қаласы әкімдігінің 2008 жылғы



Дата08.07.2016
өлшемі92.61 Kb.
#184466


Орал қаласы әкімдігінің

2008 жылғы « 10» 04

№ 993 қаулысымен бекітілген

24-қосымша


«Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу»

мемлекеттік қызмет көрсету

стандарты
1.Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметтің анықтамасы: уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу.

2.Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет төмендегілер негізінде көрсетіледі:

1) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 43 бабының 9 тармағы;

2) Қазақстан Республикасы Жер Ресурстарын Басқару Агенттігі төрағасының «Жер телімдеріне құқық рәсімдеу жөніндегі Әдістемелік нұсқауларды бекіту туралы» 2006 жылғы 14 маусымдағы № 74-ө бұйрығы;

3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30-маусымдағы №561 «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту» туралы қаулысының 3-бөлімі, 73-тармағы.

4.Аталған мемлекеттік қызметті ұсынатын мемлекеттік органның, мемлекеттік мекеменің атауы:

1) «Орал қалалық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім ), мекенжайы: Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы,182/1.

2) Батыс Қазақстан еншілес мемлекеттік кәсіпорынының Орал қалалық жер-кадастрлық филиалы (бұдан әрі – «МемЖерҒӨО" Батыс Қазақстан ЕМК),

мекенжайы: Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Ә.Молдағұлова көшесі, 22.

5.Тұтынушы алатын мемлекеттік қызметті көрсетуді аяқтау нысаны: уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу.

6. Мемлекеттік қызмет заңды және жеке тұлғаларға көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсетудегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:

1) мемлекеттік қызмет көрсету қажетті құжаттарды тапсырған (тіркелген, талон алған сәттен бастап),мемлекеттік қызметті алу үшін электрондық сұрау берген сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: 30 күнтізбелік күн ішінде;

Қажетті құжаттар өтінішпен бірге Бөлімге тапсырылады, бөлім бастығы тексеріп қол қойғаннан кейін тұтынушы «МемЖерҒӨО" Батыс Қазақстан ЕМК жер учаскесіне акт құжатына тапсырыс беру үшін құжаттарды алып кетеді. Акт 30 күнтізбелік күннің ішінде дайындалады.

2) қажетті құжаттарды тапсыру барысында (тіркеу, талон алу кезінде) кезекте күтудің, электрондық сұрау қалыптастырудың ең ұзақ уақыты – 40 минуттан аспайды;

3) құжаттарды алған кезде кезекте күтудің ең ұзақ уақыты, мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі ретінде файлдың барынша рұқсат етілетін мөлшері – 40 минуттан аспайды.

8. Бұл мемлекеттік қызмет көрсету ақысы заңнамаларда бекітілген құнға

сәйкес төленеді.

9. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына және қол жетімділігіне қойылатын талаптар туралы ақпарат көзі - бұқаралық ақпарат құралдарындағы ақпараттар, Орал қаласы әкімдігінің ресми сайты (www. оral-akimat.kz). Бұл стандарт Бөлімдегі арнайы стенде орналасқан, мекенжайы: Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1 үй.

10. Жұмыс кестесі – күн сайын, сағат 9.00-дан 18.00-ге дейін, құжаттарды қабылдау уақыты сағат 9.00-дан 13.00–ге дейін, демалыс және мерекелік күндерінен басқа, түскі үзіліс уақыты сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін, аталған мемлекеттік қызметті алу үшін алдын ала жазылу және жедел қызмет көрсету қарастырылмаған.

11. Осы мемлекеттік қызметті көрсету үшін келесі жағдайлар жасалған:

1) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі өтініштердің үлгісі орналастырылған стендтің алдында жазба үстелдері және отырғыштар қойылған;

2) кабинетте күту үшін орындықтар қойылған;

3) өрт қауіпсіздігі талаптары сақталған.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12. Мемлекеттік қызметті алу үшін, оның ішінде жеңілдіктері бар адамдар үшін қажетті құжаттар мен талаптар тізбесі:

1) Өтініш;

2) Орал қаласы әкімінің жер беру туралы қаулысы;

3) жер телімінің шекаларының белгіленгені туралы акт көшірмесі, (жерге орналастыру мекемесі);

4) Салық төлеушісінің куәлік көшірмесі (заңды тұлғаларға) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша салық комитетінде беріледі, сенбі мен жексенбіден басқа күндері сағат 09.00-18.30-ға

дейін қабылдайды, үзіліс уақыты сағат 12.30-13.00-ге дейін, мекенжайы: Орал қаласы, Некрасов көшесі, 30/1, телефон: 50-55-71;

5)Салық төлеушінің тіркеу нөмірі берілгені туралы куәлігі (СТН), Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша салық комитетінде беріледі, сенбі мен жексенбіден басқа күндері сағат 09.00-18.30-ға дейін қабылдайды, үзіліс уақыты сағат 12.30-13.00-ге дейін, мекенжайы: Орал қаласы, Некрасов көшесі, 30/1, телефон: 50-55-71;

6) Жеке куәлiгiнің көшірмесі (төлқұжат), Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Батыс Қазақстан облысы әділет департаментінің Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы беріледі, күн сайын сағат 9.00-18.00-ге дейін үзіліссіз, мекенжайы: Орал қаласы, Жамбыл көшесі, 81, телефондары: 28-19-07, 28-13-12;

7)статистикалық карточканың көшірмесі (заңды тұлғаларға).

8)Оралмандар халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық органдары берген оралман куәлігін ұсынады.

13. Мемлекеттік қызметті алу үшін толтыруға қажетті бланк (өтініш нысандарын) беретін орын - Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1, 2п кабинет, телефоны 51-24-96.

14. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті толтырылған бланкілерді, өтініштер мен басқа да құжатты тапсыратын жауапты адамның кабинетінің мекенжайы мен нөмірі:

1) Бөлім, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1, 2п кабинет, телефоны: 51-24-96.

2) «МемЖерҒӨО" Батыс Қазақстан ЕМК, Орал қаласы, Ә. Молдағұлова көшесі, 22, 110 кабинет.

15.Тұтынушы мемлекеттік қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттарды тапсырғанын растайтын құжат:

Тұтынушының өтініші Бөлімнің кіріс журналында тіркеледі;

«МемЖерҒӨО" Батыс Қазақстан ЕМК-да құжаттарды тапсырғандығын растайтын талон береді, талонда тұтынушының мемлекеттік қызметті алатын мерзімі көрсетіледі.

16. Қызмет көрсету нәтижесін жеткізу тәсілі – өтініш иесінің жеке баруы арқылы жүргізіледі. Жер учаскесіне акт беруді Бөлімнің қызметкері жүргізеді. Мекен-жайы: Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1, 5п кабинет, телефоны 51-47-35.

17. Мемлекеттік қызмет көрсетуді уақытша тоқтатуға немесе бас тартуға негіздемелердің толық тізбесі:

1) ұсынылған құжаттардың осы стандарттың 12-тармағында көзделген талаптарға сай келмеуі;

2) қажетті құжаттардағы ақпараттың толық, нақты болмауы немесе түзетулердің болуы.
3.Жұмыс қағидаттары
18. Мемлекеттік органның қызмет көрсету кезінде басшылыққа алатын жұмыс қағидаттары: сыпайлық,көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат, тұтынушы мен құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың сақталуы,

қорғалуы, құпиялылығын қамтамасыз ету, тұтынушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.

4. Жұмыс нәтижелері

 

19.Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы Стандартқа қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.



20.Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.

 

5.Шағымдану тәртібі


21.Уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіретін және шағым дайындауға жәрдем көрсететін мемлекеттік органның атауы, лаузымды тұлғаның телефоны, кабинетінің нөмірі:

1) Мамандардың әрекетіне шағымдану тәртібін түсіндіретін Бөлім бастығы, мекенжайы: Достық-Дружба даңғылы 182/1, кабинет 3п, телефоны: 50-39-82.

2) Бөлім бастығының әрекетіне шағымдану тәртібін түсіндіретін Орал қаласы әкімі аппаратының басшысы, мекенжайы: Достық-Дружба даңғылы 182/1, кабинет № 21, телефоны: 51-36-85.

22. Шағым берілетін мемлекеттік органның атауы, лауазымды тұлғаның кабинетінің нөмірі :

1) Шағымдар пошта немесе қолма-қол Бөлімнің кеңсесі арқылы жазбаша түрде қабылданады, мекенжайы: Достық-Дружба даңғылы 182/1, кабинет 4п, 50-39-82.

2) Шағымдар пошта немесе қолма-қол Орал қаласы әкімі аппараты кеңсесі арқылы жазбаша түрде қабылданады, мекенжайы: Достық-Дружба даңғылы 182/1, кабинет 10, телефоны: 50-70-54.

23. Шағымның қабылданғанын растайтын құжаттың атауы: азаматтың жазбаша жүгінуін кіріс журналына тіркей отырып, тіркеу туралы талон немесе азаматты жеке мәселесімен қабылдау уақыты көрсетілген карточка беріледі. Шағымды қарау мерзімі – 15 күнтізбелік күнге дейін. Шағымның қаралу

барысы туралы білуге болатын лауазымды адамның байланыс мәліметтері: мекенжайы - Достық-Дружба даңғылы, 182/1, кабинет 10, телефоны: 50-70-54.

6.Байланыс ақпараты
24. Байланыс мәліметтері: Тұтынушыларды қабылдау Бөлімнің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес жүргізіледі.

1) Бөлім бастығы:

Мекенжайы: Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1, 3п кабинет, телефоны: 50-39-82.

Жұмыс кестесі: күн сайын, сағат 9.00-дан 18.30-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Қабылдау кестесі: дүйсенбіден бейсенбіге дейін сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін, демалыс және мерекелік күндерінен басқа.

2) «МемЖерҒӨО» Батыс Қазақстан ЕМК директоры:

Мекен жайы: Орал қаласы, Ә.Молдагұлова көшесі, 22, кабинет 110, телефоны: 54-70-43.

Жұмыс кестесі: күн сайын, сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін, түске үзіліс – 13.00-ден 14.30-ге дейін. Қабылдау кестесі жұма күні сағат 9.00-ден 12.00-ге дейін.

Жоғары тұрған ұйымның байланыс деректері:

Жергілікті атқарушы орган Орал қаласы әкімінің аппараты, Орал қаласы, Достық даңғылы, 182/1, 10 а (кеңсе) кабинет, телефон: 50-70-54, мекенжайы бойынша, жұмыс кестесі – күн сайын, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 9-00-ден - 18-30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14-30-ға дейін.

25. Қосымша ақпарат: Бөлім келесі мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді: 

1) Жерді тұрақты пайдалану құқығына актілерді ресімдеу;

2) Уақытша өтеулі ( ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актілерді ресімдеу;

3) Жер учаскесіне жеке меншік құқығына арналған актілерді ресімдеу;

4) Жер учаскелері туралы анықтама беру.

«Уақытша өтеусіз жер пайдалану

құқығына актілерді ресімдеу» мемлекеттік

қызмет көрсетудің стандартына

қосымша
Кесте.Сапа және қолжетiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәнi




Сапа және қол жетiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Көрсеткiштiң келесi жылдағы нысаналы мәнi

Көрсеткiштiң есептi жылдағы ағымдағы мәнi

1

2

3

4

1. Мерзімділігі

1.1. құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызмет-тi ұсыну оқиғаларының % үлесi










1.2 қызмет алуды кезекте 40 минуттан аспайтын уақыт кеткен тұтынушылардың % (үлесi)










2. Сапасы

2.1 қызметтi ұсыну үрдiсiнiң сапасына қанағаттанған тұтынушы-лардың % (үлесi)










2.2 құжаттарды лауазымды тұлға дұрыс рәсiмдеген жағдайдың (жүргiзiлген төлемдер, есеп айырысулар және т.б) % (үлесi)










3. Қолжетiмдiлiк

3.1 қызметтi ұсыну тәртiбi туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесi)










3.2 тұтынушы құжаттарды дұрыс толтырған және бiрiншi реттен тапсырған оқиғалардың % (үлесi)










3.3 интернет арқылы қолжетiмдi қызметтерiнiң ақпарат % (үлесi)










4. Шағымдану үдерiсi

4.1 қызметтiң осы түрi бойынша қызмет көрсетiлген тұтынушылар-дың жалпы санына негiзделген шағымдардың % (үлесi)










4.2 белгiленген мерзiмде қаралған және қанағаттандырылған негiздел-ген шағымдардың % (үлесi)










4.3 шағымданулың қолданыстағы тәртiбiне қанағаттанған тұтынушы-лардың % (үлесi)










4.4 шағымдану мерзiмiне қанағат-танған тұтынушылардың % (үлесi)










5. Сыпайылық

5.1 қызметкерлердiң сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесi)













Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет