Өнімнің өзіндік құны, оның мазмұны және құрылымы



бет1/3
Дата15.12.2023
өлшемі29.25 Kb.
#486684
  1   2   3
1 ЕГЖ Жақсығалиев Бекзат эконономика


Ғұмарбек Даукеев атындағы
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯ ЖӘНЕ ҒАРЫШТЫҚ ИНЖЕНЕРИЯ ИНСТИТУТЫ
«Инженерлік экология және еңбек қауіпсіздігі» кафедрасы

№1 Есептік сызба жұмыс

Пәні: ЖБП ЖОО компонетінің модулі (экология және өмір қауіпсіздігі, экономика, кәсіпкерлік, көшбасшылық және инновация негіздері
Мамандық: Аспап жасау
Тақырып: Өнімнің өзіндік құнын төмендету, пайда, рентабельділікті арттыру әдістері
Орындаған: Жақсығалиев Бекзат Нұсқа: 3
Тобы: ПСк-19-5
Тексерген: Нұрпейіс Е.

______________ «____» ______2023ж

Алматы,2023

1.1 Өнімнің өзіндік құны, оның мазмұны және құрылымы


Көп экономистер шығындарды анықтау үшін айтарлықтай өз үлестерін қосқан. К. Маркс 2 дәрежелі қағидаға негізделеді, олар: өндірістік шығындар, айналым шығындары.


Өндірістік шығындар түсінігінде жолақыға, шикізатқа, материалдарға кеткен шығындар кіреді, сонымен қатар мұның ішіне еңбек құралдарының амортизациясы да кіреді. Тағы басқа өндірістік шығындар түсінігіне тауарды шығару мақсатында кәсіпорын ұйымдастырушыларының жұмсаған шығындары жатады. Бір тауар құнының екіден бір бөлігін өндірістік шығындар құрайды.
Айналым шығындарының жіктелуі сол тауарды өткізу үрдісімен байланысты. Ол өндірістік инфрақұрылымға жақынырақ болып келеді және тауар құнына кіріп, соңғысын ұлғайтады. Қосымша шығындар тауар сатылғаннан кейін түскен ақшадан ғана төленеді. Таза айналым шығындары – сату шығындары (сатушылардың жолақысы және тағы басқа), маркетинг (тұтынушылардың сұранысын анықтау), жарнама, штаб-пәтер персоналының жолақысы және тағы басқа. Таза шығындар тауар құнын ұлғайтпай, тауарды өндіру үрдісі кезіндегі сатылғаннан түскен пайдамен төленеді.
Қазіргі кездегі шығындар концепциясын Шығыс экономистері енгізген, олар көбінесе жоғарыда айтылып кеткен екі кезді де қамтиды. Жалпы теорияда экономикалық және бухгалтерлік шығындар қалыптастырылады.
Өндірістік шығындарға ақша түрінде көрсетілгенімен, белгілі бір өнім өндіруге, қызмет көрсетуге кеткен материалдық және еңбекке кеткен шығындар жатады. Сонымен қатар, олар өзіне өндіріс құралдарына жұмсаған шығындарды (шикізат, материалдар, бұйымдардың жиынтығы, жанар май, электр энергиясы және тағы басқа) және өндіріс қызметкерлерінің жалақысын жатқызады. Осы арқылы тауар өндірісі кәсіпкерге қаншаға айналатынын көруге болады.
Берілген анықтама бухгалтерлік шығындарды анықтап, сатып алынған ресурстардың төлемі ретінде тек нақты шығындарды қосады. Осылайша, бухгалтерлік шығындар экономикалық шығындардан ерекшеленеді. Ал сол экономикалық шығындар болса, өнім өндіру үшін нақты емес шығындарды қоса есептейді.
Нақты емес шығындар – бұл өнім процесінде қолданылатын өндірістік фактор, бірақ ол белсенді емес. Оған фирманы басқаратын адамдардың өзіндік еңбегін, оның өнім өндірісінде қолданылатын өзіндік капиталын немесе жерді жатқызуға болады, бірақ ол кәсіпорын меншігінде болуы керек. Нақты емес шығындарды фирманың экономикалық шығындарына қосу үшін оларға ақшалай түрде баға беру керек. Ал егер ресурстарды сатып алмаса, оны қалай істеуге болады? Ол үшін берілген ресурстардың «альтернативті құны» деген түсінік қолданылады. Мысалы, белгісіз бір кәсіпкер өндіріске өзінің қаржысын салды дейік.
Бұл қаржыны қолданудың альтернативті нұсқауы ретінде машиналарды жатқызуға болады. Кез келген кәсіпорынның акциясын сатып алатын болса, соған байланысты ол дивиденд алады және коммерциялық банктің депозитіне ақша салып, процент алады. Берілген ресурстардың жоғарыда айтылып кеткен альтернативті нұсқауларына қарағандағы ақша салымының альтернативті құнын бағаласақ, кәсіпкердің өз өндірісіне салғаны тиімді болады, әрі ақшалай табыс әкеледі. Егер акцияны сатып алуды альтернативті жағынан пайдаланатын болсақ, онда өз өндірісіне салынған салым жіберіп алған дивидендтер қатынасының альтернативті құнын құрайды, яғни нақты емес шығындар көлемі бухгалтерлік шығындармен қосқандағы өндірістік шығындардың нақты көлемін көрсетеді.
Кәсіпкер үшін, көбінесе, жалпы шығындарының көлемі емес, орташа шығындар көлемі – бір бұйымды өндіру үшін орта есеппен неше шығын жұмсайтыны маңызды болып табылады. Орташа шығындарды есептеу үшін жалпы шығындарды өндіретін өнім көлеміне бөлу керек. Орташа шығынды тауар бағасымен салыстыра отырып, бұл өнімді өндірудің тиімділігін анықтауға болады.
Шекті шығындар бір өнім данасын артық шығарса, қаншалықты өсім болатынын анықтайды. Бұл фирмаға бір дана өнімді артық шығарғанда қаншалықты табысты болатынын көрсетеді.
Шығындар ұзақ және қысқа мерзімді болып ажыратылады. Қысқа мерзімде тұрақты шығындар көрсетіледі. Ал ұзақ мерзімде ауыспалы шығындар көрсетіледі.
Өнімді өндіруге кететін шығындар, яғни өндірістік шығындар келесідей факторларға байланысты болады:

  1. Өнімді өндіру үшін қажетті технологиялардың жұмсалуы және өндірістің дұрыс ұйымдастырылуы;

  2. Табиғи шикізаттардың пайдаланылуы;

  3. Өндіріске дайын болу және оны дұрыс меңгеру;

  4. Технологияны жаңарту және оны ұйымдастыру, сонымен қатар өнім сапасын жоғарылату, оған деген сенімділікті күшейту және тағы сол сияқты;

  5. Өнімді өндірер алдында оған алдын-ала жоба жасау, яғни ойдан сол тауарды құрастыру, арнайы модель немесе үлгілер жасау, эксперимент жұмыстарын жүргізу және осы жұмыстарды жүзеге асыратын адамдарға авторлық жұмысына сыйақылар беру;

  6. Өндірістік процесті қамтамасыз ету, яғни өндіріске қажетті шикізат, материалдар, отын, энергия, құрал-жабдықтар және басқа да еңбек құралдары, жұмысқа жарамды негізгі өндірістік қорлар, санитарлы-гигиеналық жұмыстарын жүргізу және осылармен қамтамасыз ету;

  7. Жұмысшыларға еңбек ету үшін жақсы жағдай жасау және техникалық сақтандыруды қамтамасыз ету;

  8. Өндірісті басқару, яғни фирма немесе кәсіпорында қанша адам жұмыс істейді, ол фирманың құрылымы қандай және қандай жұмыстарды жүзеге асырып отыр, осы фирмаға кеткен ақпаратты, консультациялық, аудиторлық қызметтерге кеткен шығындарды есептеу;

  9. Кадрлар дайындау және қайта дайындау;

  10. Мемлекеттік қорға кететін шығындарды есептеу, яғни әлеуметтік сақтандыруды мемлекеттік және мемлекеттік емес деп бөлу, зейнетақымен қамтамасыз ету, осылардың бәріне белгілі мөлшерде ақша-қаражат беру;

  11. Медициналық сақтандырумен және тағы басқаларымен қамтамасыз ету.

Әрине, кәсіпорын қызметінің нәтижесі оның өнімінің қаншалықты сатылғанынан (қызмет көрсетілгенінен) көрінеді. Ал оның ақырғы нәтижесі сатылған өнім көлемі мен сол өнімді өндіруге кеткен шығыны арқылы анықталады.
Жалпы, нарықтық экономика жағдайларында жақсы нәтиже беретін шығындарды қалыптастыру керек. Сондықтан, шығындарды басқаруға аса маңызды көңіл бөлінеді. Кез келген объектінің басқарушылығына сәйкес, кәсіпорын шығындарын басқару - оның барлық қызметінің орындалғанын болжау қажет.
Шығындарды басқару қызметі басқару элементтерінің циклы арқылы жүзеге асады: жоспарлау, ұйымдастыру, координациялау және реттеу, ынталандырушы және активизация, есеп және талдау.
Шығындарды жоспарлаудың негізгі міндеті – жоспарлау кезінде материалды, өндірістік және айналым процесіндегі еңбек және басқа ресурстарды үнемдеу арқылы өндірістік шығындарды дұрыс анықтау. Кәсіпорын шығындарын жоспарлау үшін әр түрлі көрсеткіштер қолданылады. Олардың ішіндегі ең негізгілері – бұл бір дана өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы және бір теңгеге шаққандағы шығыны. Сонымен қатар, өткізген өнімнің өзіндік құнын жоспарлағанда, шығындар элемент түрінде көрсетілген, өнімге кеткен өзіндік құнды құрайтын шығындар сметасы жасалынады.
Өндірістік шығындар сметасы – кәсіпорынның өндірістік қызметтерінің, экономикалық элементтерінің, кесіп алғандағы, оның барлық шығындарының соммасы көрсетілген жалпылама көрсеткіш. Онда, біріншіден, өнімнің жалпы және тауар өндірісімен байланысты негізгі және қосымша өндірістің барлық шығындары; екіншіден, өндірістік емес қызмет көрсету және жұмыс шығындары; үшіншіден, орналасқан жері мен қайнар көзіне байланыссыз жаңа өндірісті қабылдауға кеткен шығындар көрсетілген. Бұл шығындар ережесі бойынша зауыт ішіндегі айналым есебісіз алынады.
Өндіріс шығындарының сметасын жасау үрдісін келесі кезеңдерге бөлуге болады:

  1. Нақты бір өнімге жатқызуға болатын тікелей шығындар есебі және шыққан орнында жойылатын шығындар;

  2. Бастапқы шығын есебі, бірақ ол нақты шығындарды алып жүрмейді. Жойылуына байланысты ол 2 түрлі болады:

- пайда болған орнында жойылатын тікелей жойылу шығындары;
- шығындардың пайда болған орнына тікелей қатысты емес шығындар.
Басшылар сметаның көмегімен, өздерінен төменгі деңгейдегі басшыларға өздерінің жоспары туралы хабарлайды. Оны дайындау үрдісі басқарушылық шешімдерді қабылдауға, үлкен көлемдегі қажетті ақпараттарды алуға мүмкіндік береді. Егер смета фирмадағы үлкен көлемдегі жұмысшылардың қатысуымен жасалса, онда ол барлық бөлімшелердің өте тиімді ынталандырғышы болады.
Негізделмеген баға құруды және кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметін басқару үшін тек кәсіпорын бойынша ғана емес, оның бөлімшелерінің, өнім түрінің шығындарын ғана емес, сонымен бірге бір өнімге кеткен шығынды есептеу керек, яғни өзіндік құнның калькуляциясын, өнімнің калькуляциясын – бір бұйымның немесе жартылай фабрикаттың бір данасын анықтап есептеу керек.
Кәсіпорынның іс-әрекетіндегі басты көрсеткіштердің бірі - өнімнің өзіндік құны болып табылады. Ол - өнімді өндіруге және оны сатудағы ақшалай нысанында көрсетілетін шығындардың жиынтығы. Өзіндік құнның экономикалық мазмұны – жұмсалған шығындардың орнын толтыру және соның есебінен өндірілетін барлық элементтердегі жай, ұдайы өндірісті, өндірістік қорларды және жұмыс күштерін қамтамасыз ету. Осы арада, кәсіпорын өнімінің өзіндік құнының маңызды элементтері: амортизация, жұмсалған материалдық ресурстардың құны, еңбек ақы – бұл шығындардың басты статьялары. Сонымен қатар, кәсіпорын бір уақытта басқа да шығындарды іске асырады: өз қызметкерлеріне сый ақы, банктік несиеге пайыз төлеу, әлеуметтік объектілерді ұстау, бюджеттен тыс қорларға аударым жарналарын жасау – бұл шығындар кәсіпорынның қосымша шығындарын құрайды. Бірақ, өнімнің өзіндік құнына шаруашылықтың әлеуметтік шығындары (балалар бақшасы, емхана, жатақхана, мектеп, клуб, тағы басқа) кірмейді.
Өнімнің өзіндік құнына қосымша қосылатын шығындар:

  • Әлеуметтік сақтандыруға жалақы қорынан 37 %;

  • Банк несиесіне пайыз;

  • Мемлекеттік тұрғындарды жұмыспен қамту қорына жалақы қорынан 1%;

  • Міндетті медициналық сақтандыруға;

  • Негізгі капиталды жұмысқа жарамды қалпында ұстауға кететін шығын;

  • Айыптар, тағы басқа ескерілмеген өндірістік шығындар;

  • Тәуекелділікке, мамандар ұстауға қосымша шығындар.

Өзіндік құн өндіру сатыларына байланысты: цехтық, фабрика-зауыттық немесе өндірістік және толық өзіндік құн болып бөлінеді.
Өнімнің цехтық өзіндік құны – өндірілген өнімге цехта, учаскілерде, бригадаларда шыққан шығындар.
Фабрика-зауыттық немесе өндірістік өзіндік құн – бұл цехтық шығындармен қоса, жалпы өндірістік шығындар немесе:
ӨӨҚ = ЦӨҚ * (1 + Әж.ө.ш.). (1)
Мұнда жалпы өндірістік шығын (Әж.ө.ш.) коэффициент арқылы беріледі. Мысалы, цехтық шығынға щаққандағы жалпы өндірістік шығынның коэффициенті 0,5 болса, онда ӨӨҚ = ЦӨҚ * (1 + 0,5) =1,5 ЦӨҚ болады.
Өнімнің толық өзіндік құны - өндірістік өзіндік құн және өнімді өткізуге кететін шығындар (кезең шығындары):
ТӨҚ = ӨӨҚ * (1 + 0,03). (2)
Мұндағы 0,03 коэффициенті өндіріспен байланысы жоқ шығындар мөлшері болып табылады.
Сонымен қатар, өнімнің өзіндік құнын қолдану мақсатына қарай оны бірнеше түрге бөлуге болады: жоспарлы, болжамды (есеп) және нақтылы.
Жоспарлы өзіндік құн – ғылым мен техника жетістігіне және ұйымдастыру жағдайына байланысты қажетті шығындар.
Болжамды өзіндік құны – технико-экономикалық есептерді ескере отырып, жаңа енгізілген ғылыми жетістіктерге кеткен шығындар.
Нақтылы өзіндік құн – барлық өнімге шаққан нақты шығындар және өнім бірлігіне шаққандағы өзіндік құн. [19]
Өзіндік құн тиімділіктің мынадай маңызды көрсеткіштері – пайда және пайдалылықтың деңгейі мен серпінін анықтайды. Өзіндік құнның маңызы оның орындалу функцияларымен анықталады:

  1. Өзіндік құн өнім құнының кең бөлігі болып табылады. Мұның мәні - өнімнің өзіндік құны арқылы өндіріс қаражаттарын жұмсауды қамтамасыз етеді.

  2. Өзіндік құн көтерме сауда бағасын қалыптастырудың негізі болып табылады, оның есепсіз жүргізілуі бағаның құрылуына негіздеме бола алмайды.

  3. Өзіндік құнның негізінде пайданы, кейбір бұйымдардың пайдалылығын, яғни оларды шығарудың мақсатқа сай екендігін есептеу. [7]





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет