ҚОРҒау шаралары бойынша ұлттық ЖҮйені күшейту және қолдану-қОҒаммен кеңесу және шағымдарды шешу механизмі



бет1/4
Дата11.07.2016
өлшемі379.16 Kb.
#190173
  1   2   3   4




№ исх: 03-23/2629 от: 03.11.2014

АДБ ТҚ – 7566 REG: "ҚОРҒАУ ШАРАЛАРЫ БОЙЫНША ҰЛТТЫҚ ЖҮЙЕНІ КҮШЕЙТУ ЖӘНЕ ҚОЛДАНУ-ҚОҒАММЕН КЕҢЕСУ ЖӘНЕ ШАҒЫМДАРДЫ ШЕШУ МЕХАНИЗМІ"autoshape 57

АБР ТС-7566 REG: УСИЛЕНИЕ И ПРИМЕНЕНИЕ НАЦИОНАЛЬНЫХ СИСТЕМ ПО ЗАЩИТНЫМ МЕРАМ - КОНСУЛЬТАЦИИ С ОБЩЕСТВЕННОСТЬЮ И МЕХАНИЗМ РАЗРЕШЕНИЯ ЖАЛОБ

ADB TA-7566 REG: Strengthening and Use of Country Safeguard Systems - Community Consultation and Grievance Redress mecHAnisM

ЖОЛ СЕКТОРЫНДАҒЫ ЖОБАЛАР ҮШІН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ШАРАЛАРЫ БОЙЫНША ШАҒЫМДАРДЫ ШЕШУ МЕХАНИЗМІ БОЙЫНША АҚПАРАТТЫҚ БРОШЮРА

ИНФОРМАЦИОННАЯ БРОШЮРА ПО МЕХАНИЗМУ РАЗРЕШЕНИЯ ЖАЛОБ ПО ЭКОЛОГИЧЕСКИМ И СОЦИАЛЬНЫМ ЗАЩИТНЫМ МЕРАМ ДЛЯ ПРОЕКТОВ В ДОРОЖНОМ СЕКТОРЕ

INFORMATION BROCHURE ON GRIEVANCE REDRESS MECHANISM ON Environment and Social Safeguards FOR ROAD SECTOR PROJECTS
ҚР ИДМ Автомобиль Жолдары Комитеті

«КазАвтоЖол» ҰК АҚ

Комитет Автомобильных Дорог при МИР РК

АО НК «КазАвтоЖол»

Committee of Roads, MID RK

NC Kazautozhol JSC




қазан

октябрь October

2014

autoshape 57



ШАҒЫМДАРДЫ ҚАРАУ БОЙЫНША МЕХАНИЗМ ИДЕЯЛАРЫ МЕН МАҚСАТТАРЫ

Шағымдарды қарау механизмі инфрақұрылымды дамыту саласында қауіп немесе сәтсіз ықпалмен байланысты жобаларды жүзеге асыруда көбірек маңызды болып келеді. Мұндай механизм талаптарға сәйкес қоғамды кірістіру, қауіпті азайту және әлеуметтік өзгерістердің оң процесіне ықпал ету, қамтамасыз ету әдісі ретінде қызмет етеді.Шағымдарды қарау механизмі ерте кезеңдегі жобалар бойынша шағымдарды қарау мен бағалауда нәтижелі құрал болуы мүмкін.


Шағымдарды шешу механизмі (ШШМ): жобаны жүзеге асырудағы қиындықтар мен сенімі ақталмаған кідіріс қауіпін, қақтығыстарды қысқартуға (і); жоба қызметі және нәтиже сапасын жақсартуға (іі); мүддесі қозғалған тұлғалардың құқықтарын қамтамасыз етуге (ііі); жеке тұлғаларға қатысты жобаның болжанбаған салдарын елеуге және табуға (іv); жергілікті қауымға пайда келтіру және демеуге, максималды қатысуға (v) бағытталған.
Жол секторындағы жобалар үшін экологиялық және әлеуметтік қорғау шаралары бойынша шағымдарды қарау механизмі бойынша Нұсқау REG ТҚ-7566 шеңберінде дайындалған: қорғау шаралары бойынша ұлттық жүйені күшейту және қолдану – шағымдарды шешу және кеңес беру механизмі Азия Даму Банк (АДБ) қаржыландырылған. Шағымдарды шешу механизмі бойынша Нұсқау (ШШМ Нұсқау) жол секторының жобалары үшін қолданылатын шағымдарды қарауға бағытталған жалпылама құжат ретінде дайындалған.
ШШМ бойынша Нұсқаудың ортақ мақсаты жоба бойынша әрбір берілген шағымның, сонымен бірге қауым мүшелерінен, жергілікті кәсіпорындар мен өзге де мүдделі тараптардан шешілуі үшін дер кезінде және нәтижелі екі жақты кері байланыс механизмін қамтамасыз ету үшін мүдделі тараптар арасында нәтижелі байланыс құру болып табылады. Шағымдарды шешу тараптар арасында медиация жүргізуді білдіреді және ол стандарттар мен Халықаралық қаржы институтары тәжірибесіне сай болу керек.
Осылайша шағымдарды басқару процесі орындаушылар үшінде, қауым үшінде шағын даулардың тез, әрі әділ шешіп, екі жақтыда қанағаттандырады. Сонымен қатар, сот тәртібі арқылы шешу кезеңіне жеткізбей ақ, ШШМ мәселелерді анықтау мен тез шешуге көмектеседі.




ШАҒЫМДАРДЫ ҚАРАУ ДЕҢГЕЙЛЕРІ ЖӘНЕ
КІРІСТІРІЛГЕН ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

ШШМ жоба қызметі қаралған аймақта тұратын немесе жұмыс атқаратындар үшін қол жетімді. Жобашеңберіндегі қызметке қатысы бар әрбір тұлғаның ШҚМ-не қатысуға құқығы бар. Ұсынылып отырған ШШМ Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінде қарастырылған шағымдар мен дауларды шешудің мемлекеттік механизмінің орнын баспайды, бірақ оны қолдануды барынша азайту мүмкіндігі болып табылады.


ШШМ инвестициялық бағдарламадағы жобаны басқарудың жалпы құрылымына сәйкес келеді, онда ШШМ-нің уақытылы жүзеге асырылу жауапкершілігі кеңесшілердің қолдауымен (АЖК) «КазАвтоЖол» ҰК АҚ (Қазвтожолға) жүктелген, ол кеңесшілер инвестициялық бағдарламалар шегінде құрылыс жұмыстары мен өзгеде шараларды қадағалау мен басқаруға тартылған Жобаны басқару бойынша Кеңесшілер (ЖБК), Құрылысты қадағалау бойынша Кеңесшілер (ҚҚК), ал бұл уақытта құрылыс мердігерлері (ҚМ) құрылыс жұмыстарын орындайды. Өз кезегінде облыстық, аудандық, ауылдық әкімдіктер заңға сәйкес шағымдарды басқарумен байланысты өз міндеттерін орындайды,және медиаторларда / үкіметты емес ұйымдар (ҮҰ) шағымдарды достастық арқылы шешу үшін осы механизмге тартылады.
ШШМ бойынша Нұсқау АЖК-нің басшылығымен жүзеге асырылатын жол секторы жобалары үшін шағымдарды шешудің екі деңгейін қарастырады: шағымдарды аймақтық (облыстық) Шағымдарды шешу бойынша Комитеттер (ШШК) арқылы және орталық (Астана) деңгейде шешу.






ШШМ: аймақтық деңгей

Бірінші кезеңде аймақтық деңгейдегі ШШК арқылы шағымдарды шешу мүмкіндігі көзделеді. Аймақтық деңгейдегі әрбір жоба үшін ШШК құрылады, оның құрамына:



  • Қазавтожол облыстық филиалы өкілдері;

  • ЖБК өкілдері;

  • Oблыстық және аудандық әкімдіктер өкілдері;

  • ҚҚК өкілдері;

  • ҚМ өкілдері.

Жоба аймағында орналасқан ауылдық округ әкімдері ШШМ процесі туралы ақпараттандырылып және шағымдарды қарауда қатыстырылады және өзі басқарып отырған ауылдық округке қатысты жиналыстарға келе алады. Қосымша айтарымыз, кәсіби медиаторлар немесе ҮҰ өкілдері шағымдарды шешуде қажеттілігіне қарай қатыстырылуы мүмкін.


Қазавтожол облыстық филиалының өкілі аймақтық деңгейдегі ШШК-нде төрағалық етеді және ШШМ-не және оның уақытылы,нәтижелі шешілуіне жауапты.Қорғау шаралары бойынша маман / қоғаммен байланыс бойынша маман Қазавтожол облыстық филиалының басшысымен тағайындалады. Ол аймақтық деңгейдегі ШШК-нде үйлестіруші, тараптардың қатысуына жауапты болып табылады.
Аймақтық деңгейдегі ШШК келесі міндеттерді қарастырады:

  • шағымды тіркеу;

  • ШШМ бойынша нұсқау шеңберінде қарау;

  • Жобамен байланысты барлық шағымдарды іріктеу (яғни жобаға қатысты барлық экологиялық, әлеуметтік негіздері кіретін шағымдар);

  • Шағымды қарау, қойылған мәселені зерттеу, шешуге мүмкіндік жасау;

  • Шағым деңгейі мен оның шешілуін құжаттау;

  • Егер шағым шешілмесе, оны орталық деңгейдегі (Астана) ШШК-не не себепті аймақтық деңгейде шешілмегендігі туралы барлық құжаттарымен жолдау;

  • Шағым берген тарапқа кері байланысты орнату және есептілікпен қамтамасыз ету;

  • Жоба тараптары мен халық, оған қоса Қазавтодол облыстық филиалдары, әкімдіктер, ЖБК-лер, ҚҚК-лері, ҚМ-лері, ҮҰ/медиаторлар арасындағы байланысты қамтамасыз ету және мәлімет беруді арттыру;

  • Жергілікті тұрғындарға жоба туралы ақпараттар (брошюралар, үнпарақтар және тб. тарату.







ШШМ: Орталық деңгей

Аймақтық деңгейдегі ШШК-нде шешімі табылмаған шағым ШШК құрылған орталық деңгейде қаралады. Орталық деңгейдегі ШШК келесі тараптардан тұрады:



  • Қазавтожол өкілдері;

  • АЖК-ның өкілдері;

  • Қазавтожол облыстық филиалының өкілдері.

Әрбір жобамен байланысты шағыдар үшін ЖБК өкілдеріорталық деңгейдегі ШШК-не қатысуға шақырылады. Шағым берген тарап, сонымен қатар мемлекеттік мүдделі тараптар, облыстық /аудандық/ ауылдық әкімдіктер, ҚҚК, ҚМ ШШК-нің отырысына қатысуға шақырылады. Қажеттілігіне орай, қосымша, кәсіби медиатор (ҮҰ өкілдері) шағымды шешуге шақырылуы мүмкін.
Қазавтожол өкілі орталық деңгейдегі ШШК-нде төрағалық қызметті атқарадыжәне барлық өтіп жатқан процестерге жауап береді. Қорғану шаралары бойынша маманорталық деңгейдегі ШШК-нің үйлестірушісі қызметін атқарып, барлық құжаттарды жинап, есеп жүргізіп, қатысушыларды шағымның қарау процесі туралы ақпарат беріп отырады.
Орталық деңгейдегі ШШК міндеттері:

  • Шағымды қайта қарау, сонымен бірге нақты шағымданудағы ШШК аймақтық деңгейдегі отырыс жазбалары/ хаттамалары;

  • Шағымды қайта қарау, сұрақты зерттеу, шағымды шешу процесіндегі медиация;

  • Шағымды шешуде жоба тараптары мен қажетті мемлекеттік органдарды әрекетке ендіру;

  • Шағым деңгейін құжаттау және оны шешу;

  • Шағым берген тараппен кері байланыс орнату;

  • Егер шағым ШШК орталық деңгейінде шешілмесе, шешілмеу себебін көрсете отырып ҚР нормативті құқықтық актілеріне сілтеме жасай отырып шешуге ұсыныс жасау;

  • Жобадағы тараптардың түрлі өзара байланысы (Қазавтожол, АЖК, Қазавтожол облыстық филиалын қоса, ҮҰ/медиаторлар, Халықаралық Қаржылық Институты (ХҚИ);

  • Жергілікті және мемлекеттік мүдделі тұлғаларға жоба туралы ақпаратты тарату (брошюралар, таратпа қағаздар және т.б.)







ШШМ: құқықтық жүйе

Егерде аймақтық және орталық деңгейдегі ШШК тарапынан көмек болмай, еш шешім қабылданбаса, егер бұл механизм шағымданушы тарапты қанағаттандырмаса іс ҚР заңнамасымен шешілу үшін сотқа беріледі.


Сонымен қатар, осы ШШМ бойынша нұсқау істі қараудан кейін бірінші инстанциядағы сотқа беруге шектемейді.





ШАҒЫМДАРДЫ ҚАРАУ ПРОЦЕСІ

Шағымдарды қарау процесі негізгі төрт қадамнан тұрады:



  • (a) Шағымды тіркеу;

  • (b) Шағымдарды іріктеу;

  • (c) Шағымдарды қарау;

  • (d) Кері байланыс/ есептілік.






(a) Шағымдарды тіркеу

Шағымданушы немесе мүдделі тұлғалар ауылдық әкімдікке, ҚМ және ҚҚК уәкілетті тұлғаларына, Қазавтожол облыстық филиалының үйлестірушісіне бара алады, телефон соға алады немесе хат жолдай алады және шағымдарын тіркей алады.


Жеке немесе телефон арқылы келген шағымдар қабылданғандығы туралы дереу расталуы керек.
Пошта арқылы немесе электрондық пошта немесе факс арқылы келген шағымдар қабылданғандығы туралы үш күн ішінде Қазавтожол облыстық филиалының үйлестірушісі хатпен расталуы керек.
Шағымдарды алудың қай әдісі қолданыл масын (мысалы:пошта, эл пошта, факс, телефон) ол аймақтық деңгейдегі ШШК үйлестірушісімен тіркеліп отыруы керек. Шағымдардың барлығы (қосымша соңында)
Егер шағым беруші тұлға өзі туралы мәліметті жасырса, мұндай шағым домалақ шағым ретінде аймақтық деңгейдегі ШШК-е қаралады. Бұл жағдайда жауап әкімдік, Қазавтожол облыстық филиалының ақпараттық тақтасына шағым беруші көру үшін ілінеді.






(b) Шағымдарды іріктеу

Шағымдарды алған соңаймақтық деңгейдегі ШШК үйлестірушісі келесі категориялар бойынша іріктеу керек, олар түріне қарамастан барлығы журналда және базада тіркелуі керек:


А типі: сұранымдар, түсініктемелер және ұсыныстар:

Бұл тип даумен еш қатысы жоқ және тек түсінік беруді қажет етеді. Жауап Қазавтожол және ЖБК мен келісілген соң, қабылдау кезінде ҚМ, ҚҚК, ауылдық/аудандық/ облыстық әкімдік немесе медиаторлармен беріледі.


В типі: құқықтарының бұзылуы немесе кеңесшілер, мердігерлер, Қазавтожолмен міндеттердің орындалмауы немесе дау кезінде:

Жағдайдың күрделілігіне қарай мәлімет жинуды, зерттеуді немесе медиацияны қажет етуі мүмкін. Бұл жағдай аймақтық деңгейдегі ШШК-не қарау мен шешуге жолданады.


С типі: алаяқтық немесе сыбайлас жемқорлық туралы шағым:

Бұл тип жобаның шағымдарды шешу бойынша механизм шеңберінде қарауға жатпайды. Шағым берушіге қажетті мемлекеттік органға немесе ХҚИ жобалық тобына бару ары қарай керекті ақпарат және шағымды қолдау үшін ұсынылады.


ШШМ бойынша нұсқау шеңберінде жобаға не оның қызметіне қатысы жоқ шағымдар қаралмайды.






(в) Шағымды қарау

Түсіндірілген немесе қабылдаушы тараппен шешілген сұранымдар мен шағымдар сол мезетте жабылуы мүмкін.


Әрі қарай жобаны жүзеге асыруға кірістірілген тараптармен бағалауды және шара қолдануды талап ететін жағдайлар аймақтық деңгейдегі ШШК-нде қаралады.
Аймақтық деңгейдегі ШШК

  • Кездесулер айына екі рет жүргізіледі, бірақ қажеттілігіне қарай кезектен тыс отырыстар ұйымдастырлуы мүмкін.

  • Шағымды он жұмыс күн ішінде қаралады.

Үйлестіруші өз кезегінде барлық ақпараттың тіркелуін қадағалап және осы деңгейде тараптардың мәселесін қанағаттандырудың барлық жолдары қаралатындығын көрсетіп отырады.


Егер шағым аймақтық деңгейдегі ШШК шешілмесе, ол орталық деңгейдегі ШШК-ге барлық жинақталған құжаттармен бірге беріледі. Орталық деңгейдегі ШШК үйлестірушісі өз кезегінде құжаттарды танысуға отырыстың барлық мүшелеріне береді.
ШШҚ-нің орталық деңгейдегі

  • Кездесулер ай сайын жүргізіледі, бірақ қажеттілігіне қарай кезектен тыс отырыстар ұйымдастырлуы мүмкін

  • ШШК қарауындағы шағым жиырма жұмыс күн ішінде қаралады.

Орталық деңгейдегі үйлестірушісі барлық құжаттарды ШШК-нің мұшелер арасында өткізеді және әрекетпен шешімдер тиісті рәсімделгенін қамтамасыз етеді


Егер шағым орталық деңгейдегі ШШК-мен шешілмесе, оны сот арқылы шешу ұсынылады.






(г) Кері байланыс есептілік



Аймақтық деңгейде:

  • Кеңседе немесе ШШК-нің үйлестірушісіне телефон арқылы берген шағымдар дереу тіркеледі.

  • Ал пошта немесе факс арқылы берілген шағымдардың тіркелгендігі туралы жауап ШШК-нің үйлестірушісі 3 жұмыс күн ішінде беріледі.

  • Егер ол жоба қызметіне қатысты болмаса (ауылдық/ аудандық/ облыстық әкімдігіне тиіселі) жолданған жері туралы хабар беріледі.

Шағымды алғандығы туралы растау шағымды тіркеу нысанында көрсетілген хабарлама ретінде беріледі.


Егер шағым ШШК-нің аймақтық деңгейде шешімін тапса, оның қорытындысы шағымданушы тарапқа хабарланады. Егер ШШК-нің аймақтық деңгейде шешілмей ШШК-нің орталық деңгейге жолданса, онда жолданған уақыты көрсетіле отырып, және оның шешім қашан дайындалатын туралы тиесілі хабар беріледі.
Орталық деңгейде:

  • Егер шағым орталық деңгейде шешімін тапса, оның қорытындысы шағымданушы тарапқа хабарланады.

  • Егер орталық деңгейде шешілмей ҚР құқықтық жүйесіне берілгендігі және не себепті орталық деңгейде шешімі табылмағандығын көрсете отырып, хабар беріледі.

Егер домалақ шағым болса немесе шағымданушы өзі туралы мәлімет беруден бас тартса, бұл жағдайда жауап әкімдік, Қазавтожол облыстық филиалының және (ауылдық/ аудандық/ облыстық әкімдігіне тиіселі) ақпараттық тақтасына шағым беруші көру үшін ілінеді. Шағымдар қорытындысы құжаттар базасында тіркеліп және тиісті есептерде жұмыс атқару туралы хабар көрсетіліп отырады.








МОНИТОРИНГ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ

Шағымдар шағымдарды тіркеу нысанын қолдану арқылы мониторинг пен есептілік жүргізілу үшін аймақтық ШҚМ-нің қадағаланып отырылуы керек. Шағымдарды тіркеу нысаны әр уақытта да тіркелуі керек. Орталық деңгейдегі ШШК-нің үйлестірушісі аймақтық деңгейдегі ШШК-нің үйлестірушісінен ақпарат алып барлық жүріп жатқан процесс бойынша мониторинг жүргізеді, шағымдар мерзімін қадағалайды, АЖК-не тоқсан сайын жолданатын есепті дайындайды. Сонымен қатар, ШШК-нің орталық үйлестіруші жол секторының барлық жобалары бойынша орталықтандырлыған шағымдар базасын жүргізіп және ай сайын оны жаңалап отырады.








ШАҒЫМДАРДЫҢ ҚАРАЛУЫ БОЙЫНША ШАРАЛАРДЫ ЖАРИЯЛАУ

Әрбір жобаның басында (құрылыс жұмыстары әр учаскіде басталу кезені) ҚМ және ҚҚК-тері ШШМ, оның қолданылуы туралы қоғамдық кеңестер жүргізеді.


ҚМ, ҚҚК, ЖБК, Қазавтожол облыстық филиалы және әкімдіктер, сонымен қатар ҮҰ және кәсіби медиаторлар ШШМ-нің маңызды қатысушылары болып табылады. Ол шағымның тез әрі оңтайлы шешілуін қамтамасыз етеді. ШШК-нің үйлестірушісі ШШМ туралы ақпараттардың таратылуы туралы шраларды ұйымдастырады. Ол туралы барлық ақпараттар ҚМ, ҚҚК, ЖБК, Қазавтожол облыстық филиалы және әкімдіктер кеңселерінде қол жетімді болуы керек.






АЙМАҚТЫҚ ШҚК-нің МҮШЕЛЕРІ – БАЙЛАНЫС МӘЛІМЕТТЕР


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет