Дәріс кезінде жұмыс істеу тәртібі:
Электрондық оқулықпен дәріс жүргізуде және оны дайындауда демеуді қамтамасыз ететін бағдарлама сәйкес материалды түсінікті және көрнекті баянадауға көмектеседі. Бұдан басқа дәрістік материалдарды дайындау презентациясында дәрісті студенттерге тарату үшін таза күйінде немесе мұғалімнің толықтыруымен пайдаланатын тарату материалдарын басуға арналған үлгісі болуы керек. Материалды автоматты түрде ұсыну тәртібін жеке қарастыруға болады. Мұнда бағдарлама толығымен лекторды ауыстыра алады және оқушылар мазмұндаманы ғана тоқтата алады немесе қажетті фрагментті қайталайды.
Семинар және ағымдағы тестілеу кезінде жұмыс істеу тәртібі:
Компьютерлік технологияның мүмкіндіктері оларды семинар сабақтарында қосымша пайдалануға болады. Әр оқушының жеке жұмысы бағдарламамен бақыланады, ал статистикалық ақпараттар мұғалімде жиналады. Электрондық оқулықтар қосымша құрал болып табылады. Олар мұғалімдерді ауыстырмайды тек қана толықтырады. Осы арқылы мұғалім оқушының шынайы уақыттағы үлгерім мониторингінің құралын алады. Тапсырманың орындалу статистикасы мұғалім экранында жиналады, бұл оқушының тапсырманы орындау жылдамдығының ерекшелігін ескеруге мүмкіндік береді. Компьютерді семинарлық сабақта қолдану тест жүргізуді, оқушының үлгерімі жөнінде ақпаратты жинау мен талдауды біршама жеңілдетеді. Сонымен қоса бағалаудың «тармақталған» жүйесін қолдануда маңызды болуы мүмкін. Мұнда бірнеше тақырыпқа қатысты тақырыптар әр түрлі бөлімдерге қойылатын бағалар санына сәйкес бағаланады, осы арқылы мұғалім оқушының үлгерімі туралы, материалдардың меңгерілуі туралы толық мәлімет ала алады [18].
Қорытынды тестілеу және емтихан кезіде жұмыс істеу тәртібі:
Өтілген курс бойынша сынақ Электрондық оқулықты қолдана отырып жүргізіледі. Бағдарламамен қамтамасыз ету мамандары оқушылар үлгерімі мәліметтер базасын және тіркеу жүйесін бұзудан қорғауға ерекше назар аудару қажет. Компьютерлік бағдарламаларды мұғалім көмекші ретінде қолдануда тиісті пайдаланған жағдайда топтық сабақты біртіндеп жекешеге айналдыруға мүмкіндік береді. Шынайы уақыт тәртібінде компьютерлер үлкен көлемдегі ақпараттарды жинап, өңдеуге мүмкіндік береді. Компьютермен орындалған алдын-ала талдау мұғалімдерге оқушылардың қайсысының қате жіберіп алғандығын толық түсінбегендігін немесе керісінше қайсысына түсіндірудің қажет еместігін анықтауға көмектеседі. Компьютерлік оқулық білім беру мен оқыту сапасын арттыруда қуатты құрал бола алады. Бірақ ең алдымен тестілеу жүйесі өңдеу немесе дизайн жүйесі сияқты оның әрбір тораптарын түбегейлі ойластыру қажет және барлығы ыңғайлы , түсінікті болуы қажет.
Электрондық оқулықпен өз бетімен жұмыс істеу тәртібі:
Электрондық оқулық мүмкіндігі көбінде оқушының оқушының жұмыс сітеу барысында ашылады. Мұнда оқушыны оқу процесіне қызықтыратын және оның зейінінің алаңдауына жол бермейтін анимация немесе бейне интерактивті компоненттер және таңдап алынған музыкалық ілеспе сияқты барлық мультимедиалық қызметтер мен компоненттік іздеу жүйесінің барлық мүмкіндіктері талап етілуі мүмкін. Қазіргі электрондық оқулықтың бастапқы беттерінде электрондық оқулықпен жұмыс жасау тәртібі жазылған, бұл да оқушының уақыт жұмысының тәртібін іздеуге қысқартады.
Сілтемелермен жұмыс істеу тәртібі:
Ең көлемді оқулықтың өзі аталған пән бойынша оқушыға қажетті барлық ақпарат көлемін сыйдыра алмайды. Әрқашан қосымша әдебиет қажет болады. Электрондық оқулық 650 және 700 Мбайт көлеміндегі компакт дискіден тұрады. Бұл негізгі бағдарламадағы жоғарыда көрсетілген жұмыс істеу тәртібімен барлық мультимедиалық және комуникациялық формадағы мәтін үшін біршама жеткілікті көлем (шамамен 350000 беттен тұрады) болып табылады, бірақ дискіге қанша ақпарат жазылса да оның қажет еместігі болмайды. Бұл жағдайда Электрондық оқулық жасайтын мамандарға дискіні қолдап отыру үшін сілтеме бар сайт жасалады [21].
1.9 Электрондық оқулықтың құрылымы
Есептеу технологиясының тұрмысқа кеңінен енуі мұғалімсіз оқыту технологиясы мен электрондық оқулықты құру секілді алдағы қатарлы әрекет саласының дамуын қамтамассыз етеді.
Қағаз оқулықпен салыстырғанда, электрондық оқулықтың «интелектісі» жоғары, себебі компьютер оқытушысы әрекетінің кейбір аспектісін оған еліктеп қайталай алады (білім деген дәл анықтау, керекті жерде түсінік беру т.б.) Электрондық оқулық белгілі бір пән бойынша қажетті барлық материалды сақтайды. Электрондық оқулықтарда «интелектілік аспектілердің» болуы, оның жеткіліксіз жағын (тек компьютерде қолдану) компенсациялып қана қоймай, оған қағаз оқулыққа қарағанда артықшылық та береді (ықшамдылығы, қажетті ақпаратты оңай тауып алу сияқты). Әрбір оқулық бір жағынан автономды болуы керек, екінші жағынан өзінің ішкі құрылымы мен форматы жағынан, ондағы ақпараттық мәліметтерге байланысты белгілі бір стандартқа сай болып, оқулықтар жиынын белгілі бір жүйеге келтіруге мүмкіндік беретіндей болғаны жөн. Сонымен қатар жеке пәндерді қашықтықтан оқытуды бір оқу жылына жинақтауға мүмкіндік бере алатындай болғаны дұрыс [15].
Егер бұл оқулық кейіннен оқушы, студент емтихан немесе сынақ тапсыратындай мазмұнда жазылған болса, онда бір мазмұндық материал үш түрде болуы керек. Жақсы электрондық оқулықты құрудың негізгі шарты – бұл оның құрамында оқу материалдарының толық түрде берілуі, яғни мәтіннің, суреттердің, сызба нұсқалардың болуы.
Енді оқулықтың құрылымдық элементеріне кеңірек тоқталайық. Электрондық оқулықтың негізгі беті мүмкінділігінше көркемделген болуы керек. Оны графиктік қосымшалар мен суреттер, фон арқылы көркемдейді. Негізгі бет көркемделген болса оқушы немесе студент қолданған кезде оның қызығушылығын арттырады.
2 Visual Basic тілінде программалау негіздері
Visual Basic тілі өте мықты тілдердің біреуі, бұл тіл арқылы кез-келген программалау мәселесін шешуге болады. Ол үшін бұл тілді жете меңгеру керек. Бұл тілді жақсы білген программист өзін-өзі жоғары деп сезінуіне болады.
Visual Basic тілін компьютерге орнату үшін компакт-дискідегі файлдардың ішінен Setup программасын таңдап алу керек. Бұл тілмен қоса программаның құжаттарын, анықтамаларын және көптеген мысалдарын да жазып алуға болады.
Setup программасын іске қосқанда, ол өзіне керекті каталогты құрып алады, одан кейін программист өзінің жұмысына қажетті, керекті компонентін таңдап алуына болады, егер сіз кез-келген бір компонентін орнатуға ұмытып кетсеңіз бүкіл программаны өшіру қажет емес, ол үшін компакт дискіні CD ROM-ға салып толықтырып алуға болады [5].
Visual Basic тілінің көмегімен тез әрі оңай Windows жүйесіне арналған қосымшалар құруға болады. Бұдан пайдаланушылардың Windows ортасында жақсы программа құрушы немесе жаңа үйренуші болуына қатаң талап қойылмайды. Visual Basic тілі көптеген пайдалы саймандар көмегімен программа құрушының жұмысын жеңілдетеді. Олар: Жобалар, формалар, объектілер, шаблондар, стандартты емес басқарушы элементтер. Сонымен қатар, программа құрушының жұмысын жеңілдететін интегралдық саймандар бар.
Қазіргі кезде бірнеше жүзден астам командалар мен функциялар және қызметші сөздер бар. Олардың көпшілігі Windows жүйесін пайдаланудағы графикалық интерфейспен тығыз байланысты. Жаңадан үйренушінің өзінде бірнеше қызметші сөздерді білгеннің өзінде-ақ бірталай көріністер жасай алады. Ал маманданған программа құрушыларға күрделі есептерді шешу үшін мүмкіндік мол [9].
2.1 Visual Basic тілінде программалау түсінігі
Экранда көрінген барлық объектілер мен саймандарды тышқанның оң жақ батырмасын басу арқылы да басқаруға болады.
Visual Basic тілін компьютерге алғаш жүктегенде Project Wizard-тың New Project – сұхбат терезесі ашылады.
Бұл жерде бірнеше типтік проектілі шаблонның біреуін таңдауға болады. Терезе үш бөлімнен тұрады: New (Жаңа Жобалар), Existing (Бар Жобалар) және Recent (Алдында ғана қолданылған Жобалар).
Егер пайдаланушы New бөлімін таңдаса, Visual Basic тілінің бастама қосымшасын көре алады.
Existing бөлімінде бұрыннан бар Жобаларды таңдауға болады. Бұл Visual Basic-тің құрамына кіретін мысалдар немесе алдын – ала жұмыс істелінген Жобалар болуы мүмкін. Visual Basic тілінде программа құру үшін осы бөлімдегі айтылған мәселелерге баса назар аудару қажет.
Recent бөлімі алдында қолданылған Жобаның біреуін таңдауға мүмкіндік береді. Ол Existing бөліміне ұқсас Recent бөлімінде соңғы уақытта жұмыс істеген Жобаларды көруге болады.
Visual Basic тілінің ең маңызды ортасы – IDE – интегралды ортасы. Онда функциялар жиыны біріктірілген. Сонымен бірге түзету, қатені тексеру, тоқтату жұмыстары бір ортада жүргізіледі, ал саймандар бірігіп жұмыс істеу интегралды ортасын құрайды. (IDE, Integrated Development Environment).
IDE мынадай бірнеше компоненттерден тұрады:
∙ Бас меню;
∙ Саймандар қатары (тақтасы);
∙ Жоба терезесі;
∙ Қасиеттер терезесі;
∙ Басқару элементтері тақтасы;
∙ Форма конструкторы.
Бас меню: Бас меню Visual Basic терезесінің жоғарғы жағында орналасқан. Ол Windows қосымшаларының меню қатарына ұқсас. Бас менюмен жұмыс істеу ортасында программа құру үшін көп мүмкіндік береді. Оның сол жағында ең бірінші File менюі орналасқан. Ол файлдармен жұмыс істеу арқылы қосымша құруға арналған. Онда жаңа файл құру, бұрын құрылған файлды ашу, баспаға шығару және Жобаны сақтау жұмыстары атқарылады.
Саймендер тақтасы: Visual Basic тілінде бас менюдің астында саймандар тақтасы орналасқан. Ол ең қажетті командаларды тез орындауға ыңғайлы. Егер тышқан курсорын сайман белгісіне алып барсақ, ол кішкене көтеріледі де, сол сайман жөнінде мағлұмат береді.
Жоба терезесі.:Экранның оң жағында Жоба терезесі бекітілген. Ол әртүрлі құрушы жобадан ақпаратты тез алуға арналған – формалардан, кластардан, модульдерден тұрады. Қосымшаны құрайтын барлық объектілер Жобада біріктірілген.
Қасиеттер терезесі: Жоба терезесінің астында орналасқан. Әрбір форма қосымшадағы объект ретінде саналады, ал әрбір элемент осы формадағы объект деп есептеледі. Барлық объектілердің өзіндік атрибуттары, яғни қасиеттері бар. Кейбір атрибуттар объектінің сыртқы түрін ғана емес орналасу тәртібін де өзгертеді. Объектілердің қасиеттерін өзгерту осы терезеде жүзеге асырылады.
Басқару элементтер тақтасы: Бұл терезеде қосымша интерфейсін құруға арналған негізгі компоненттер орналасқан.
Форма Visual Basic программасындағы ең басты элемент. Бұл терезеде программа құру кезіндегі негізгі әрекеттер орындалады.
Басқару элементтері дегеніміз форма бетіне орналастырылатын обьектілер болып табылады. Бұл обьектілердің өзіне тән қасиеттері мен әдістері бар. Элемент қасиеті оның сыртқы түрін анықтайды.(орналасуы, түсі, көлемі және т.б.) Қасиетті жобалау кезінде де, программаның орындалуы кезінде де өзгертуге болады. Әдістер дегеніміз программаның орындалуы кезіндегі обьектінің қызметін анықтайтын процедуралар. Барлық басқару элементтеріне тән келесі қасиеттер белгілі:
- Name – программада сілтеме жасауға арналған обьект аты, оны программаның орындалу барысында өзгертуге болмайды;
- Caption – басқару элементінің тақырыбы;
- Left – басқару элементінің форманың немесе рамканың сол жақ шетіне қатысты орналасуы;
- Top – басқару элементініңформаның немесе рамканың жоғарғы шетіне қатысты орналасуы;
- Heigth – басқару элементінің биіктігі;
- Width – басқару элементінің ені;
- Visible – басқару элементінің экранда көрінуі, екі мәнге ие – true және false
Сонымен қатар, көптеген басқару элементіне ортақ әдістер мыналар:
Click – басқару элементін бір рет шерту;
DblClick – басқару элементін екі рет шерту;
Move – басқару элементінің формада орын ауыстыруы;
Drag – басқару элементін жылжыту.
Енді жиі қолданылатын басқару элементтерін қарастырайық:
-
CommandButton
-
TextBox
-
Label
-
Frame
-
CheckBox
-
OptionButton
-
ListBox
-
ComboBox
Енді қарапайым қосымша құру мысалын қарастырайық. Visual Basic тілін компьютерге алғаш жүктегенде Project Wizard-тың New Project – сұхбат терезесі ашылады [4].
Бұл жерде бірнеше типтік проектілі шаблонның біреуін таңдауға болады. Терезе үш бөлімнен тұрады: New (Жаңа Жобалар), Existing (Бар Жобалар) және Recent (Алдында ғана қолданылған Жобалар).
Егер пайдаланушы New бөлімін таңдаса, Visual Basic тілінің бастама қосымшасын көре алады. Бұл жерден Standart.exe таңдаймыз. Visual Basic тілінің ең маңызды ортасы – IDE – интегралды ортасы ашылады. Мұндағы ең негізгі терезе – форма болып табылады. Форма бетіне басқару элементтер тақтасынан элементтер алып орналастыруға болады. Әрбір элементтің өзіне тән қасиеттері, әдістері және оқиғалары бар. Элемент қасиетін қасиеттер терезесінде өзгертуге болады. Қосымшаны құрып болған соң оны сақтау қажет. Ол үшін Файл – сохранить проект как командаларын орындаймыз. Алдымен форма файлы, одан соң проект файлы сақталады [11].
Мәліметтік жүйе дегеніміз кез келген қиналған жерде анықтамасын береді. Бұл жүйе негізгі 4 бөлімнен тұрады:
-
What`s New in Visual Bаsic 6.0 (Бұл программаның қандай жаңалығы бар)? Бұл бөлімде Visual Bаsic-те қандай жаңалық және жаңартылған мүмкіншіліктері бар екенін тез арада анықтауға болады. Бөлімшелер ретінде орналасқан 200-ден астам сілтемелер бар, толық ақпаратты қабылдау үшін.
-
Find It Fast (Жедел іздеу). Анықтаманың бұл бөлімі пәндік аймақта қолданылады. Бұл бөлімшедегі сілтемелер іздеуді жеңілдетеді.
-
Overview topics (Қашқын шолу). Бұл анықтаманың бөлімшесі анықтама немесе кітаптың бөлімшелеріне қысқаша шолу жасауға мүмкіндік береді, керекті бөлімшені оқымастан бұрын.
-
See Also Links (Тағыда сілтемелерге қара). See Also Links батырмасын басқанда, тақырыптың астында орналасқан, тақырыптардың атауларын шығарады, бұл тақырыпқа қатысты толықтырылған ақпаратты қабылдап алуға болады.
Windows басты мәзірінен программаны жүктеу үшін келесі команданы орындау қажет:
-
Экран бетіндегі төменгі жағындағы «ПУСК» батырмасын басамыз.
-
Ашылған мәзірден «ВСЕ ПРОГРАММЫ» батырмасын таңдаймыз.
-
Microsoft Visual Basic 6.0 таңдап алып басамыз.
Е гер сізге тез жүктелетін Visual Basic 6.0 программасы қажет болса, онда экран бетіндегі "жұмыс столына" Visual Basic 6.0 белгісін шығарып қоюға болады. Visual Basic 6.0 жүктеген кезде экран бетіне диалогты терезе ашылады New Project (жаңа проект) таңдаймыз, құру мастерін немесе алдында құрылған проектіге шығуға болады. Бұл терезе келесі қосымшадан тұрады Сурет 1.:
Сурет 1. Диалогтық терезе. Мастердің жаңа жобасы.
1. New (жаңа жобалар) – жаңа проект құру үшін арналған, шаблондары және мастерларды қамтиды.
2. Existing (бар жобалар) – Visual Basic 6.0 ұсынылған мысалдағы проектілерді және алдындағы сақталған проектілерді осы жерден табуға болады.
3. Recent (жақында қолданылған жобалар) - соңғы уақытта ашылған проектілердің тізімін сақтайды. Жаңа поект құру үшін New қосындысы қолданылады. Ол жерде келесі түрдегі проект шаблонын таңдап алуға болады.
2.2 Интеграциялық құрастыру ортасы
IDE (Integrated Development Environment) интеграциялық құрастыру ортасы бұл Visual Basic-тегі ең негізгі бөлімі, нақ осы жерде бүкіл қосымшаларды бір бөлікке қосуға болады және осы жерде уақттың көп бөлігі өтеді.
IDE жобалаудың құрлымының ортасына келесі негізгі элементер кіреді:
-
Негізгі мәзір;
-
Стандартты құрылғы;
-
Басқару элементі;
-
Проекттік терезе;
-
Форманың конструкторы;
-
Мәзір редакторы;
-
Құрылым терезесі;
-
Терезенің макеттік формасы;
-
Т ерезедегі объектілерді көру. Сурет 2.
Сурет 2. IDE Visual Basic-тегі интеграциялық құрастыру ортасы.
Интерфейсті өңдеудің келесі қағидалары бар:
1. «Стандартизация» стандарты құрылғыларды қолданады. Форманың дизайны және формадағы басқару элементтерін тағыда мәзір кнопкаларын орналастырады.
-
Қолайлылығы және оңай жұмыс ортасы. Интерфейс қолайлы да түсінікті болуға тиіс. Ең бастысы жұмыс жасауы оңай ойда қалуы керек.
-
Дизайнның сыртқы бейнесі. Көзге қолайсыз интерфейс болмау керек. Егер қажет болған жағдайда қосымша беттер және қосымшалар формаға енгізіледі.
4. Топталуы. Мағынасы бойынша басқару элементтерін формаға топтау керек, топталу элементтерін қолдана отырып жасауға болады [10].
Инструменттер панелі (Toolbars):
Инструменттер панелі көп қолданатын командаларға тез және оңай жетуін қамтамасыз етеді. Кез-келген функцияны орындау үшін тышқанның тетігімен басу қажет. Ең бірінші рет Visual Basic-те жұмыс істей бастаған кезде инструменттер панелі стандартты түрде шығады Сурет 3. Қосымша инструменттер панелін де шығарып қоюға болады.
Сурет 3. Visual Basic инструменттер панелі
Бұл панел арқылы кез-келген жобамен жұмыс істеп, оны қадағалап және өзгертуге болады. Мұнда тағы негізгі меню бар, ол арқылы жобаны сақтауға, ашуға және кез-келген әрекеттерді орындауға болады.
Жоба терезесі:
Дисплейдің оң жақ шетінде инструменттер панелінің астында жоба терезесі орнастырылған Сурет 4. Ол жобаның қандай формалары, модульдері және класстары туралы ақпаратты тез алуға арналған
Сурет 4. Жоба терезесі
Қасиеттер терезесі:
Қ асиеттер терезесі жоба терезесінің астында орналасқан. Бұл жерде белгіленген объектінің қасиеттері көрсетілген. Кез-келген жобада объектілердің өзіне тәне көлемі және түсі болады Сурет 5.
Сурет 5. Қасиеттер терезесі.
Синтаксис:
Visual Basic-тің алфавиті латын әріптері A – дан Z – қа дейін, араб сандары 0 – ден 9 – ға дейін және арнаулы символдардан: []()/* + -% л $ & ! " "?';:,. тұрады.
Программа жоғарыдан төменге қарай орындалады. Программаның бір жолында тек бір оператор ғана бола алады. Программаның әр жолының аяғында ;, . символдары қойылмайды.
Математикалық функцияларды Visual Basic тілі былайша аударады Кесте 2.
Математикалық функция
|
Visual Basic
|
А + Ь
|
A + b
|
А-Ь
|
A-b
|
Ab
|
A*b
|
A:b Ab
|
A/b AAb
|
лГа
|
SQR (a)
|
[a]
|
ABC (a)
|
Sin x
|
Sin (x)
|
Cos x
|
Cos (x)
|
g x
|
Tg(x)
|
Ctgx
|
1 / tg (x)
|
0,5
|
0.5
|
Кесте 2. Математикалық функциялар
Интерфейс түрлері. Windows ортасында Visual Basic 6.0 программасында интерфейс түрлерін енгізуге болады. Бір документті SDI және көптік документті MDR.
Бір документті – бүл интерфейс түрі. Бүл жерде бір ғана терезеде бір докуметпен жұмыс істей аламыз. Мысалға алатын болсақ Microsoft WordPad. Бірнеше документтермен жүмыс істеу үшін бірнеше рет интерфейсті жүктеу керек. Әрбір формаға өзіне байланысты арнайы интерфейс SDI түрі болуы қажет. SDI – Интерфейсі.
SDI – түріндегі интерфейсі келесі элементтерден тұрады.:
Негізгі мәзір:
-
Элементтік басқару мен бірге "панель" қүрылғылары
-
Мәліметтерді басқаратын элементтер орналасады қосымша терезе үшін
-
Мәліметтермен жұмас жасау үшін басқарылатын элементтер
-
"Строка состояние" элементтерінен түрады.
Visual Basic тілінің айнымалының 3 түрі бар:
1) Dim;
2) Private;
3) Public.
Dim - айнымалы және оның мәні процедура орындалғанша сақталады. Private - айнымалы және оның мәні форма орындалғанша сақталады. Public - айнымалы және оның мәні программа орындалғанша сақталады [6].
Мәлімет түрлері:
-
• Сандық Integer, Long, Single, Double, Currency.
-
• Символдық информация String.
-
Дата түрі Date.
-
0...255 дейін сандар Byte.
-
Логикалық информация Boolean.
-
Кез-келген тип Variant.
-
Объектік информация Objec.
Программаны жүктеу. "Run" (Запуск) мәзір командасы қолданбалы басқару үшін арналған Кесте 4.:
Командалар
|
Мағынасы
|
START
|
Проектіні орындау үшін арналған.
|
Start with Full Compile
|
Толық «компиляция» мен қолданбалы шығару.
|
Break
|
Қолданбалы орындауды тоқтата тұру.
|
End
|
Қолданбалы орындауды тоқтатады.
|
Restart
|
Қолданбалыны жүктейді.
|
Кесте 4. Командалар аты.
Форманы жүктеген кезде START командасын орындаған кезде яғни экран бетіне арнайы форма шығады.
Форманы орындау кезіндегі негізгі жұмыс қүрылғысы. "Toolbox" - ВИД мәзірінен шығарылады.
Pointer – Тышқанның жүру жолын көрсетеді
PictureBox – Графикалық терезені формаға енгізеді, элементтерді топтарға байланыстыруға арналған. Графикалық бейнелерді және де текстік графикалық элементтерді және анимацияларды енгізуге арналған.
Label – формаға объектілерді орналастырады, жазуларды және текстік ақпараты құруға арналған.
TextBox – формаға текстік "поля" орнатады. Санды, текстік ақпаратты орнатады.
Frame – форманың логикалық топтардағы объектілерге тақырыпша мен
CommandButton – программаны енгізу кезінде формаға арнайы кнопкаларды енгізеді.
Checkbox – формаға «флажок» орналастырады, шартты программа үшін немесе жұмысты орындау кезінде «иә-жоқ» қағидасын ұстанады.
OptionButton – формаға жұмыс режимін орнатады немесе программаның орындалуын қадағалайды .
ComboBox – формада объект қүрады, "поля" және ашылатын тізім құрады.
ListBox – берілген тізІм бойынша бір немесе бірнеше мағына бойынша формада тізім кұрады.
HscrollBar – формада көлденең тізімді орналастырады. Сырғыту бойыша берілген ортадан табуға арналған.
VscrollBar – формада тігінен тізімді орналастырады. Сырғыту бойыша берілген ортадан табуға арналған
Timer – формада "таймер" - ді орналастырады.
DriveListBox – формаға құрылғылардың тізімін орналастырады.
DirListBox – папкаларды форма тізімін бойынша шығарады.
FileListBox – формада тайлдардың тізімін шығарады.
Shape – Геометриялық бейнелерді форма бетіне енгізеді.
Line – сызықшаны форма бетіне енгізеді
Image – формада "поля" енгізеді, графикалық бейнелерді көрсету үшін арналған.
Data - Мәлімет базасьшда басқару элементін құрады және "новигация" нәтижесін көрсетеді.
Таймер. Тетігі (таймер) Visual Basic тілінде системдік уақатты орнату үшін мәзірдегі берілген объектіні орнатып қоямыз Кесте 5:
Құрамы
|
Мағынасы
|
Interval (интервал)
|
Интервал объектінің минут\секундын анықтайды. 0 дан 64 767 дейінгі аралықтағы мағынаны енгізуге болады.
|
Enabled (доступно)
|
Таймермен режимдік уақытты орнатады. Егерде мағынаның құрлымы True (истина) болатын болса онда таймер форманы жуктеген сәттен бастап санай бастайды. Қүрлымға False мағынасын жүктеген кезде таимер операциясын тоқтата түрады.
|
Кесте 5. Таймер
Menu Editor мәзір редакторлық терезесінде формаға мәзір жолдарын редактауға және құруға болады Сурет 6.
Сурет 6. Мәзір терезесінің редакторы.
Проектінің құрамына кіретін элементтерді көру үшін арналған терезе. Бұл терезеде тек қана элементтерге ғана жіберіледі сондай - ақ олардың құрамына кіретін әдіс тәсілдеріне де көруге болады.
Формадағы макеттік терезе Form Layout, View мәзірінен Form Layout Windows командасын шақырады. Проектіне орындаған кезде форма кішкене түрінде қандай түрде манитор бетіне шығатыдығын көрсетеді. Форманы тексеру ушін START командасын Run мәзірінен шығарамыз.Сіз жасап отырған форманы дәл солай көрсетіледі [5].
Visual Basic қазіргі уақытта программалаудың ең танымал тілдерінің бірі болып саналады. Q Basic - тің ең күшті мүмкіндіктерін, оның ең негізгі алгоритмдік құрылымдарын және жаңаша ақпараттық – технологиялық амалды — MS Office немесе Internet Explorer сияқты ресурстарды бірлесіп пайдалану идеологиясын бойына жинақтаған, ол кәсіби программист үшін де, жаңадан үйренушіге де бірдей тартымды.
Visual Basic-тің арқасында, соңғы кезде ойыншық саналған Бейсик тілі программалау тілдерінің ең қарапайым және ең күштісі болды. Visual Basic қысқа мерзімде Windows-қа кәсіби деңгейлі интерфейсі бар қолданбалы жасауға мүмкіндік береді, бұл жағдай кәсіби программистердің оны пайдалануын жиілетіп, оның позициясын құрастырушылар бәсекесінде күшейте түседі.
Visual Basic программалауда алғашқы қадамдар жасап жүргендер үшін ерекше тартымды. Бірнеше түйінді сөз үйреніп, Windows - та жұмыс істеу дағдылары болса жеткілікті. Қолданбаның сыртқы көрінісін жасау үшін, Paint сияқты дайын объектілерді экранның қажетті онына жай ғана тасымалдап отыруға болады.
Visual Basic программалау жүйесі Windows-тың барлық офистік қолданбаларына енгізілген, бүл жағдай ақпараттық технологияға ойшыл, шығармашылық тұрғыдан қарауға мүмкіндік береді [12].
Объекті – бағытталған программалаудың негізгі түсініктері:
1объект;
2объектінің қасиеті;
3 объектінің әдісі;
4 оқиға;
5 объектілер класы.
Объект - қасиеттер мен әдістер жиынтығы.
Мысалы, автомобиль объект болады, өйткені түс, модель, жылдамдық сияқты қасиеттері бар. Екпін, аялдамаавтомобильдің іс-әрекетіне, әдісіне қатысты. Осылайша, қасиет дегеніміз объектіге тән нәрсе, әдіс дегеніміз – объектіге тән нәрсе, әдіс дегеніміз – объектінің іс-әрекеті. Яғни, қасиет дегеніміз – объектінің сипаттамасы, ал әдіс – объект орындай алатын әрекет.
Объекті – бағытталған программалауда объектімен жүмыс істеу үшін келесі жазу пішімі қолданылады:
Объект. әдіс
Объект. қасиет
Объект. қасиет. әдіс
Оқиға – объекті жағдайының қайсыбір әрекетке жауап ретінде өзгеруі. Мысалы, пайдаланушының Word мәтіндік процессоріндегі алфавиттік – сандық перненің басу әрекетіне жауап ретінде символ пайда болады. Объетілер кластарға біріге алады. Класс – әдістер немесе қасиеттер ортақтығымен сипатталатын объектілер жиынтығы. Visual Basic-тің бүкіл программалауы оқиғалардан құралған. Өңдеу дегеніміз – бірінші жолда оқиғаны өңдеушінің атын көрсеттетін процедура.
Private SUB объект аты - оқиғаны өңдеушінің аты (параметрлері) операторлар
End SUB
Мысалы, Click оқиғасы маусты шерткенде пайда болады:
Private SUB
command l_Click () print «жұмыс аяқталды» end
End SUB
Мауспен command 1 атты объектінің үстінен шертсеңіз (Visual Basic -те бұл батырма) «жұмыс аяқталды» сөздері басылып шығарылады және end операторы команданың орындауды аяқтайды. Келесі прцедура Labell атты объектіде «Іске қосу» жазуын (Captions қаситеі) орындайды:
Private SUB command 1 Click ()
Labell. Captions = «ПУСК»
End SUB
Visual Basic - ті жүктеу үшін командалар бірізділігін орындаңыз:
Пуск - программы - Microsoft Visual Basic 6.0 - Visual Basic 6.0
Пайда болған New Project терезесінде Standart EXE - ні таңдап, открыть батырмасын баску керек.
Visual Basic ортасында қолданба қүруды екі кезеңге бөлуге болады:
-
Экрандық интерфейсті жобалау;
-
Программа мәтінін жазу.
Visual Basic жүктелген соң экранда Visual Basic - тің жинақталған ортасы пайда блады.
Меню және қүрал - саймандар панельдері Windows - тың басқа қолданбаларымен бір стильде орындалған. Сондықтан Visual Basic - ке тән және өте қарапайым қолданбаны жасау үшін қажетті элементтердің ғана қызметі түсіндіріледі.
Фон және жазу түсін өзгерту үшін View - Color Palette менюін пайдалануға болады Сурет-7.
Сурет 7. Түстер палитрасы
Пішіндер ерекшелейміз де, ол үшін ақ фон, ал тор сызықтар желісі үшін- қара фон қоямыз. Top сызықтар желілерінің ара қашықтығын беру үшін Tools-Options - General менюінің пунктін таңдау керек те, Width және Heigth өрістерінің қажетті мәндерін (мысалы 60 және 60) іске қсу керек.Тор сызықтар желілері пішіндегі элементтерді тексеруге көмектеседі.
Пішіндер макетінің терезесі сіздің макетіңіздің экранда қандай орын алатынын көрсетеді және тасымалдау жолымен оның орнын өзгертуге көмектеседі. Макетті монитордың ортасына қоып көруге болады.
Жоба терезесі Бағыттауыш сияқты жобаңыздың құрамын көрсетеді. Қолданбаны құрайтын барлық объектілер жобаға бірігеді. Өте қарапайым жобада бір пішін болады. Жоба дискіге VBP кеңейтумен жазылады. Пішіндер конструкторы. Бұл терезеге пішіннің кескіні немесе программаның (кодтың) терезесі шығарылады. Ауыстырып қосу View меню пунктінің көмегемен іске аысрылады: View - Object View – Code.
Пішін. Шын мәніде бүл да терезе, оған қолданбаларды жасау негізінде түрлі басқару элементтерін орындауға болады. Элементтер панелі мен қасиеттер терезесне ерекше назар аудару қажет.
Элементтер панелінде қолданбаның интерфейсі жинақталатын компоненттер болады. Әр элемент пішінге қарапайым тасымалдау мен немесе маустың екі шертуімен көшіріледі. Содан соң Paint - те жасағандай, оның өлшемін өзгертуге және жылжытуға болады.
Қасиеттер терезесі ерекшеленген объектілерді бейнелейді. Әр элемент, айталық, пішін, батырма, және т.б. объект деп есептеледі және қасиеттері болады, мысалы, Captions қасиеті - жазу, Height қасиеті - биіктік, тағы басқа қасиеттер терезесінде ерекшеленген объектінің барша тізімін көріп шығуға болады [16].
Қасиеттер тізімі екі бағанаға бөлінген. Сол жақтағысында объектінің қасиеттері, ал оң жақтағысында қасиеттер мәндері бар. Қасиеттер мәтіндері жабық орналастырылған, өйткені оларды программист қана таңдап, өзгерте алады. Маусты шерту арқылы, пішінді тауып, оның Caption (жазу) қасиетін табу керек. Содан соң маустың меңзерін Form1 қойып, Caption мәнін суреттер сөзіне өзгертуге болады. Visual Basic программалау ортасы жасалынып жатқан қосымшаның көзбен шолушы құрастырушысын, кодын жазбай-ақ, қарапайым графикалық модельдеу құралының көмегімен қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Көптеген графикалық объектілерді жекелеген бөлшектерден жасап шығуға болады. Бөлшектердегі таңдағанды олардан түрлі объектілер жинау мүмкіндігі өте маңызды екенін есте ұстау қажет. Графикалық редактор ортасында бөлшектерден объект құрастыруға болады, бірақ бүл мақсат үшін Visual Basic өте қолайлы.
Жоба – қолданбаны құрайтын файлдар жиынтығы. Дербес жүмыс істейтін қолданбаны жасау үшін Make Project As командасын пайдалануға болады. Бұл жағдайда Ml. exe. Файлы жасалады. Енді бұл файлды Visual Basic-сіз Windows ортасында іске қоса беруге болады.
Visual Basic айнымалылардың келесі типтерін қолданылады. Integer – 32768 ден 32767 дейінті – бүтін сандар;
Long – 2147483648 – ден 2147483647 дейінгі – бүтін сандары; Single – заттық сандар;
String – жолдық шамаларды;
Boolean – логикалық шамаларды, екі мәнді: True және False.
Достарыңызбен бөлісу: |