Қорғауға жіберілді



бет1/9
Дата22.06.2016
өлшемі2.9 Mb.
#153678
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ


Факультет Физика - математика

Кафедра Информатика және ақпараттық технологиялар


Қорғауға жіберілді


Кафедра меңгерушісі

Абишова А.А.

(Аты-жөні)

«_____»___________2014 ж.






ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: VB программалау тіліне құрылған электрондық оқулық

5В060200-«Информатика»



Орындаған:

Жаншаева Жулдыз Еркиновна, ИФЗ – 101С_____________

қолы


Жетекші

Қыдыралина Л.М., аға оқытушы _____________

қолы



Семей

2014


Мазмұны

Кіріспе

3

Негізгі бөлім




1 Электронды оқулықты пайдалану

5

1.1 Электронды оқулық құрудың жолдары

8

1.2 Электрондық оқулықтың құрылымдық ұйымдастырылуы

13

1.3 Электронды оқулық мазмұнының толықтылығына қойылатын талаптар

15

1.4 Тестке қойылатын талаптар

18

1.5 Электронды оқулықты көрнекілеуге қойылатын талаптар

20

1.6 Электронды оқулықты әзірлеушіге қойылатын талаптар

21

1.7 Электрондық оқулықтың материалдық – техникалық базаға қойылатын талаптар

23

1.8 Электрондық оқулықпен жұмыс істеу тәртіптері

29

1.9 Электрондық оқулықтың құрылымы

32

2 Visual Basic тілінде программалау негіздері

33

2.1 Visual Basic тілінде программалау түсінігі

34

2.2 Интеграциялық құрастыру ортасы

39

2.3 Берілген басқару объектінің құрамы, әдістері және жағдайлары

51

2.4 Data control – объектісінің түсінігі мен оның маңызы

56

3 Программаланған оқытудың негізі

65

3.1Үйренуші бағдарламалардың түрлері

68

3.1.1Ресейлік ғылым және тәжірибедегі программалық оқытудың дамуы

69

3.2 Программалық оқытудың жеткіліксіздігі және артықшылықтары

70

3.3 Delphi де қолданылатын файлдар

72

3.4 Проект құрылымы

74

3.5 VB программалау тіліне құрылған электрондық оқулық

76

Қорытынды

90

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

92

Қосымшалар

70



Кіріспе

Қоғамды ақпараттандыру ғылыми техникалық прогресс жетістіктерінің күнделікті тұрмысқа ауқымды енуінің нәтижесі, яғни адам өміріне іс - әрекеттің интеллектуальды түрлерінің жан – жақты әсер етуі мен ролінің жоғарлауына байланысты обьективті процесс. Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында электрондық оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес [2].

Қазақстан Республикасындағы ақпараттандыру жүйесін ары қарай дамыту процесін оқып үйренудің ақпараттық ресурсы болып табылатын оқытуға арналған программалық құралдардын дайындамай жүзеге асыру мүмкін емес. Олардың атқаратын қызметтерінің де ауқымы кең, мысалы, бақылайтын және тест жүргізетін программалар, компьютерлік ойындар, ақпараттық жүйелер, оқыту орталары, электрондық оқулықтар және мультимедиалық программалар. Қазіргі танда Қазақстан Республикасындағы шаруашылықтардың барлығы жаңа ақпараттандырылған инновациялық технологиялармен жұмыс істеуде.

Соңғы бiр екi жыл жаңа программалардың тасқыны көптеген адамдарға кәсiптiк информациялық технологияларды пайдалана бiлудiң аса қажеттiгiн көрсеттi. Бiздiң қоғамымызда болып жатқан өзгерiстер орта бiлiм беру саласының дамуына да өзгерiстер енгiзуге өз ықпалын тигiзбей қалмады. Қазiргi кезде Қазақстан Республикасының Үкiметi техникамен қайта жабдықтауға, жаңа информациялық технологияларды енгiзуге көп көңiл бөлуде [5].

Дипломдық жұмысымның құрылымы:

Кіріспе, теориялық және практикалық бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде курс жұмысының мақсаты, өзектілігі және құрылымы берілген. Теориялық бөлімде Электрондық оқулықты пайдалану және оған қойылатын талаптар туралы жалпы түсінік қарастырылған. Сонымен қатар Delphi ортасында және «VB программалау тілі» бойынша құрылған электрондық оқулық құралының мазмұны көрсетілген. Практикалық бөлімінде Delhpi ортасында және «VB программалау тілі» пәні бойынша жасалған электрондық оқулық құралына интерактивтілік кіргізу.

Дипломдық жұмыстың мақсаты:


  • Электрондық оқулық туралы негізгі түсініктерді қалыптастыру.

  • Электрондық оқулықты құру технологиясы туралы түсініктерді және «VB программалау тілі» бойынша электрондық оқулық құру, яғни осы пәнге нтерактивтілік кіргізу.

1 Электронды оқулықты пайдалану

Жаңа ақпараттық технологияларды оқыту үрдісінде қолдану бағыттарының бірі оқытуды жеңілдететін электрондық кітаптар мен әдістемелердің жасалуы. Оқыту үрдісінде электрондық оқулықты пайдаланудағы мақсат пәннің оқу материалын түсіндірудің дидактикалық мүмкіндіктерін жетілдіру болып табылады. Оқытудың компьютерлік технологиясын оқу үрдісіне кеңінен енуі оқушылардың өзіндік және шығармашылық белсенділігіен дамыта отырып, электрондық оқу көқмегімен олардың өзіндік жұмыс түрлерін орындауға баулиды. Қазіргі шығарып жатқан электронды оқулықтар дәстүрлі оқулықтардың үлгісі емес, ол кәсіптік оқытудың автоматтандырылған үрдісі болып табылады. Электронды оқулық шығарған өнімнің технологиялық тізбегін анимация арқылы бейнелі түрде қабылдауға мүмкіндік береді. Электронды оқулық мазмұны оқушының интеллектілік қабілетін дамытуға бағытталу қажет және оның мына қасиеттерді қанағаттандыру жеткілікті: жинақтылық, жүйелілік, көркемділік, жылдамдылық. Электронды оқулықтарда материалдар логикалық байланыста модульдермен берілген әрбір модуль мазмұнына және анықтамалық аппаратына сәйкес құрастырылған [21].

Элекронды оқулықтар жаңа ақпараттық технологиялардың барлық жетістіктерін пайдалану мүмкіндігімен ерекшеленеді, яғни, мәтіндік материалға гиперсілтемелер жасауға, мультимедиалық және басқарылатын анимацияларды пайдалануға дыбысты қосарлап қамтуға, оқушылардың білім деңгейіне бақылау жасауға жағдай бар. Электронды оқулықтың басты мақсаты оқушылардың білім сапасын артыру, мұғалімдерге ғылыми-әдістемелік көмек көрсету. Электрондық оқулық барысында біз дәстүрлі сабақтың ауқымын кеңейтіп, ақпараттың ортаны едәуір жоғарлатып, білім беру үрдісін көру арқылы қабылдауын қамтамасыз етеміз, яғни, бұл басты ерекшелігі және тиімділігі оқушы мен мұғалім арасындағы байлансы көзбен көру арқылы жүргізіледі. Қазіргі кезде көптеген оқу орындарында компьютер мүмкіндіктерін толық пайдалануға арналған электронды оқулық жасауда және республика көлемінде бұл оқулықтарға конкурс жарияланады. Электронды оқулықтың басты ерекшелігі жаңа компьютерлік технологиялардың барлық жетістіктерін пайдалану, мультимедиалық және басқарылатын анимацияларды пайдалану, дарынды балалармен тұрақты және жүйелі жұмыс істеу мүмкіндігі болып табылады. Электронды оқулық оқу пәнінің негізгі ғылыми мазмұнын қамтитын компьютерлік технологияға негізделген оқыту, бақұылау, модельдеу, тестілеу т.б. бағдарламалардың жиынтығы [13].

Электронды оқулық жай оқулықтарға қарағанда өте тиімді қосымша мүмкіндіктер береді. Атап айтқанда:

- кері байланысты ақпараты іздеу мүмкіндіктері біраз уақыт алатын болса, электронды оқулық қажетті материалды тез табуға мүмкіндік береді;

- жай оқулықтағы ақпаратты іздеу мүмкіндіктері біраз уақыт алатын болса, электронды оқулық қажетті материалды тез табуға мүмкіндік береді.

- гипермәтінді түсіндірулерге өту барысында уақытты үнемдеуге көмектеседі.

Электронды оқулықтың ерекшеліктері:



  • оқытуды дараландырады;

  • программалық өнімді қамтиды;

  • тың оқу материалын қамтиды;

  • оқытудың тиімділігін арттырады;

  • оқу әрекетінің өнімділігін артырады,

  • білім алушының оқуға деген қызығушылығын және ынтасын артрады;

  • материалдың ресурстарға кететін шығындарды азайтады;

  • электронды оқулықпен жұмыс істеу сұқбаттық түрде жүргізіледі.

Электрондық оқулық баспасына қойылатын талаптар:

  • титулдық бет;

  • мазмұны;

  • негізгі бөлімі;

  • көмекші құжат және утилиттер.

Титулдық бетте – электронды оқулық құралы туралы мәліметтер беріледі. Электронды оқулықта мәліметке қойылатын талаптар нақты стандарт бөліміне сай келеді. Негізгі бөлімде электронды оқулық құралының мақсаты мен тапсырмасы қамтылған оқу материалының барлық көлемін қамту керек. Соған байланысты қорытынды бақылау тапсырмасы жүргізілу керек. Мұндағы оқу материалына ғылыми терминологияны қолдану қажерт және ол түсінікті нақты толық болып, қарама-қайщылық болуы тиіс.

Утилиттер пайдаланушының тіркеуді қамтамасыз етіп, мазмұнын қарау үшін қажет. Сонымен қатар ағымды, өтпелі, қорытынды тестілеудің өтуін қадағалайды. Көмекшіде электронды оқулық құралын жұмысын басқару туралы ақпарат болуы тиіс. Электронды оқулық жарыққа шығарған кезден бастап қатынас ұйымдастырады. Электронды оқулық мазмұны төмендегідей негізгі бөлімдерден тұрады:



  • теориялық материалдар және оны сабақ өткізу әдістемелерімен

байланыстыру;

  • жаттығулар немесе есептер;

  • бақылауға араналған немесе тест алуға негізделген материалдар;

  • жеке өз бетінше және топпен жаттығуға арналған сабақтарды өткізу

әдістемелері.

Электронды оқулық әрбір адамға дербестік тұрғыдан қатынас жасауға мүмкіндік беріп, олардың өз бетімен білім алуын қамтасыз етеді және белгілі бір бөлім бойынша білімді тексеруге мүмкіндік береді. Электронды оқулықтарды оқыту үрдісінде қолдану сапалы білім берудің қазіргі таңда өзекті мәселесі екенін ерекше атауға болады. Оқыту үрдісінде компьютерді қолдануі мақсат емес тек оқыту құралы және бұрынғы оқыту формалары мен әдістерін толықтырады. Оқыту барысында бағдарламаның жабдықтарын тиімдісін, пайдалысын көрсете отырып, мамандарды дайындау сапасын арттырады [21].




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет