1 курс
Сұрақтар:
1. Дене шынықтыру кезінде жарақаттанудың негізгі себептері
Түрлі жаттығулармен әсіресе, жарыс кезінде спортшы организіміне түсетін ауырпалық өте зор. Әр спорт түрінде жарақаттану қаупі де әр түрлі болады. Спорт түріне орай өзіне тән зақымдануы және жиірек жарақаттанатын дене бөлімдері – «осал жерлері» де болады.
Жалпы спорттық зақымдардың ішінде жиі кездесетіндері – соғып алу, бұлшық еттер мен сіңірлердің созылуы, жыртылуы, үзілуі. Бұлар жабық жарақаттарға жатады. Жабық дейтін себебі теріде жара болмайды. Ашық спорттық жарақаттардың ішінде жиі кездесетіні – терінің сыдырылуы, сызаты.
Кейде жаттығу барысында, жарыс кезінде ауыр жарақаттар да кездеседі (буынның шығып кетуі, сүйектің сынуы, мидың шайқалуы, буындардың, омыртқа жотасының зақымдануы және т.б.).
Жаттығу мен жарыс кезінде ең жиі зақымданатын дене бөлімдері бар. Олар әр спорт түрінде әр түрлі болады. Мысалы, боксшыларға бас пен беттің жарақаттары тән болса, спорттық гимнастика мен шаңғыда аяқ сүйектері, буындары, бұлшық ет пен сіңірлердің зақымданануы, ал футболшыларда тізе буындарының зақымданануы жиірек кездеседі.
Сонымен спорттық зақымдарға ортақ ерекшеліктер: спорттық жарақаттардың тоқсан пайызы жеңіл жарақаттарға жатады, ал орташа жарақаттар тоғыз пайыз шамасында болса, ауыр жарақаттар бір пайыз көлемінде кездеседі.
2. Салауатты өмір салты дегеніміз не, және оны қалай жүзеге асырасыз?
Салауатты өмір салты (СӨС) — бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет. Өмір Адамның өмір салты өздігінен қалыптаспайды, ал салауатты өмір салты өмір сүру барысында мақсатты түрде қалыптасады. Қазіргі мәліметтер бойынша денсаулық 53-55%- ға салауатты өмір салтына тәуелді болады екен. Бұдан салауатты өмір салтын ұстанудың қаншалықты маңызды екендігі айқын.
Қимыл белсенділігі мен организмді шынықтыру – салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі шартттарының бірі болып табылады. Адам әрдайым қимыл-қозғалыста болса органимзмнің жұмыс жасау қабілеті жоғарылап, белсенділігі артады және кез-келген ауруға өздігігінен жауап беріп күресе алады. Қозғалыс адам өмірі үшін аса қажет. Дене жаттығулары – организмдегі жасқа байланысты өзгерістердің алдын алатын және ұзақ өмір сүруге көмектесетін маңызды амалдардың бірі.Мысалға қарапайым жаяу жүруді алайық. Ежелгі гректер: «Егер сұлу болам десең – жүр, денсаулығым мықты болсын десең – жүр» деген екен. Жаяу жүру – өзіңізді бір қалыпта ұстаудың қарапайым жолы. Кейбір спорттың түрі адамдарға кері әсерін тигізуі мүмкін, ал жаяу жүрудің ешқандай зияны жоқ. Денсаулықты сақтауда уақытымен дұрыс тамақтанудың маңызы өте зор. Қазіргі біз өмір сүріп жатқан заманда ішетін асымыздың бәрі де жасанды жолмен дайындалғандықтан, құнарлығы мен пайдасын жойып, артық салмақ пен денсаулықтың құртылуына әкеліп соқтырады.Денсаулығыңызды сақтағыңыз келсе, жиі тамақтануды, суды көбірек ішуді әдетке айналдыру қажет. Тез дайындалатын тағамдардан және тәттілерден бас тарту керек және калория нормасын сақтауды әдетке айналдырып, қалағалауда ұстаған абзал.
Достарыңызбен бөлісу: |