Орындаған Дәулетбек Рахат



Дата12.03.2024
өлшемі88.85 Kb.
#495118
Реферат.Мәдениет пен өркениеттегі ғылым


Орындаған Дәулетбек Рахат
Топ:ГИ-301



Тақырып:Мәдениет пен өркениеттегі ғылым
Мазмұны:
Кіріспе
1.1.Өркениет және Мәдениет
1.2.Мәдениет жүйесіндегі ғылым.
1.3.Ғылымның дүниетанымдық аспектілері.
1.4.Ғылым ұғымдары: ғылым философиясы мен әдістемесіндегі негізгі тәсілдер
Қорытынды
Кіріспе

Мәдениет пен өркениет


Мәдениет ұғымын тереңірек түсіну үшін, оған мағыналық жақындығы бар кейбір басқа ұғымдармен арақатынасын қарастырып өтейік. Осы сипатта біздің зердемізге бірінші түсетін үғым — өркениет. Өркениет (цивилизация) семантикалық жағынан алғанда (латын тілінің — «civilis» сөзі) азаматтық дегенді білдіреді. Римдіктер бұл үғымды «варварлықтар» деп өздері атаған, басқа халықтар мен мемлекеттерден айырмашылықтарын көрсету мақсатында қолданған. Яғни, «өркениет» олардың түсініктері бойынша азаматтық қоғамы, қалалық мәдениеті, заңға негізделген басқару тәртібі бар Рим империясының даму дәрежесін білдіреді.
Ғасырлар бойы қалыптасқан осы екі үғымның мағыналарын төмендегідей топтастыруға мүмкіндік бар:
• 1. Мәдениет пен өркениет бір. Олар синонимдер (И. Гердер, Э.Б. Тайлор).
• 2. Өркениет — мәдениеттің ақыры, оның кәрілік шағы, руханилықтың антиподы (Ж.Ж. Руссо, Ш. Фурье, О. Шпенглер).
• 3. Өркениет — мәдениеттің прогресі, болашаққа бой сермеуі, қоғамның парасаттылық деңгейі (Ф. Вольтер, Д. Белл).
• 4. Өркениет — тағылық пен варварлықтан кейінгі тарихи-мәдени саты (Л. Морган).
• 5. Өркениет — этностар мен мемлекеттерге тән мәдениеттің оқшау түрі (А. Тойнби, Н.Я. Данилевский және т.б.).6. Өркениет мәдениеттің техникалық даму деңгейі, оның материалдық жағы.
Бұдан көретініміз, мәдениет пен өркениет бір-бірімен байланысты ұғымдар екен. Мәдениеттанушы Г. Чайлдтың пікірінше, өркениетке еңбектің қоғамдық жолмен бөлінуі, қалалардың пайда болуы, жазбаша мәдениеттің дамуы, қолөнер мен сауданың өркендеуі, азаматтық қоғам мен мемлекеттің орнауы жатады.
Мәдениетті тұлғалық сипатта қарастырғанда, бірнеше елеулі түсініктерге тоқтала кету қажет, олардың ішіндегі маңыздылары: мәдени әрекет, мәдени орта, мәдени игіліктер мен қажеттіліктер және мәдени ұйымдар мен ұжымдар. Бүлардың арасында ең түбегейлісі — мәдени әрекет. Әрекеттену — жалпы адам мен қоғамның өмір сүру тәсілі, тіршіліктің тірегі. Мәдени әрекет деп, әдетте, мәдениет игіліктерін өндіруге, таратуға, тұтынуға бағытталған мақсатқа сәйкес әлеуметтік іс-қимылдарды атайды. Мәдени игіліктерді толассыз жасау нәтижесінде адам өзінің де мәдени деңгейін көтереді.
Осы әрекеттің қайнары, түпкі қозғаушы күші ретінде ғылым адамның талап-мұқтаждарын, мәдени қажеттіліктерді бөліп қарастырады. Осылардың қатарына біз мынандай адамдық қажеттіліктерді жатқызамыз: өмірдің мәні мен мағынасын іздеу, өмірден өз орнын табуға ұмтылу, шығармашылыққа талпыныс, альтруизм, гумандылық және тағы басқалары.
Мәдени орта ұғымы мәдениеттің коммуникациялық (қатынастық) табиғатымен тығыз байланысты. Мәдени орта заттық-материалдық, әлеуметтік ұйымдар мен ұжымдардан, рухани қызмет орындарынан тұрады. Оларға техника мен қүрал-жабдықтардың даму деңгейі, тұрмыстық мәдени дәрежесі, адамдардың білімділігі, кәсіптік шеберлігі, рухани мәдениетті сақтау және насихаттау ұйымдары (мұрағаттар, мұражайлар, кітапханалар, клубтар және тағы басқалар) жатады.
Қайсыбір ұлттық мәдениетті алсақ та, ондағы салт-дәстүрлер жүйесіне бірден назарымыз ауады. «Салт-дәстүр, — дейді белгілі философ Гердер, — тіл мен мәдениет бастауларының анасы» (И.Г. Гердер. Идеи к философии истории человечества. Москва, 1977, с. 252). Мәдениет өзінің кең мағынасында бір ұрпақтың келесі ұрпаққа жолдаған өмір сүру тәсілі болғандықтан, осы жалғастықты, мұрагерлікті жүзеге асыратын салт-дәстүрлер жүйесі мәдениет өзегін қүрастырады. Әсіресе, жазу-сызу болмаған ерте заманда мәдениет ырымдар мен сәуегейлікке, . сенім-нанымдарға, дәстүрлі түсініктерге иек артқан. Ал салт-дәстүрлерге Ғұзыхан Ақпанбет мынандай баға береді: «Олар — терең философиялық ойдың, ғасырлар бойы жинақталған тәжірибенің сұрыпталған түжырымы, негізгі нәрі, қысқа да көркем бейнесі». (Қазақтың дүниетанымы. Алматы, 1993, 36-бет).

Шынында да, өнер мөдениеттің алтын қазынасы, адамның ұлылығын білдіретін ғажап көріністердің бірі — оның әсемдікке, сұлулыққа үмтылуы.


Осыған дейін қарастырылған анықтамалардан бір түйінді ой айтуға болады: мәдениет — адам әлемі. Мәдениет көріністерінде адамдық парасат, оқыл-ой, ізгілік пен әдемілік заттандырылып, игіліктер дүниесі құралған. Сонымен бірге мәдениет адамды тұлға деңгейіне көтеретін негізгі құрал. Әл-Фараби айтқандай, адам — «хайуани мадани», яғни, Мәдениетті жан. Адам — табиғат туьндысы және ол үшін табиғи орта мәңгілік қажеттілік болып қалады. Мәдениет адамнан табиғатты бөліп алады деген пікір қанша рет айтылса да, адамның табиғи шығармашылықтың ең жоғары үлгісі екендігіне күмән жоқ. И. Гердердің тілімен айтқанда, адам — табиғаттың бірінші азаттық алған пендесі.
Ғасырлар — адамның мәдени дамуының куәсі. Бірақ осы алға қарай жылжу Жер-Анаға әр уақытта жайлы бола бермеді. Адам қоршаған ортаны өзіне ыңғайлы тұраққа айналдыруға тырысты, алайда осы белсенділік көп жағдайда табиғатты күйзелтіп, қүлдыратып жіберді.Мәдениет пен табиғатты қарама-қарсы қоюдың бір түрі адамның табиғи анти мәдениеттілігі жөніндегі ілімдер еді (киниктер, Ницше). Контрмәдениет атты XX ғасыр туындысы бұқаралық мәдениеттегі руханилықтың затқа, тауарға айналуына қарсы қозғалыс сипатында болды. Мәдениет пен табиғатты ұштастыруға тырысатын ілім — мәдени антропология. Оның негізін са-лушылардың бірі — Э. Уилсон.
Әрине аталған ілімдер табиғи-биологиялық заңдылықтарды тым әсірелеп жібереді, әйткенмен оның қисыны бар сияқты. Өйткені, XX ғасыр мәдениет пен табиғат дилеммасының адам тағдыры үшін қауіпті екендігін көрсетіп, заман талабына сәйкес экологиялық мәдениет ілімін тудырды. Адамдық шовинизмді тежейтін бүл ілімнің негізі есебінде мынадай идеяларды атап өткен жөн:
• а) академик В.И. Вернадскийдің Ноосфера (парасатты орта) туралы ілімі;
• ә) Рим клубының экологиялық түжырымдары;
• б) Тейяр де Шарденнің адам жөніндегі гуманистік эволю-циялық теориясы;
• в) Л.Н. Толстой, М. Ганди, А. Швейцер, Э. Фромм т.б. дамытқан гуманистік этика т.б.
Тағы айта кететін жайт, осы экология мәселелеріне байланысты Шығыс пен Батыстың арасындағы айырмашылық туралы. Интровертивтік Шығыс мәдениеті табиғатқа жақын, ол үстемдік етуге шақырған жоқ.
Сонымен, мәдениет адам мен табиғатты бөліп тұрған «қытай қорғаны» емес, керісінше, олардың арасындағы нәзік үндестік және рухани қыл-көпір. Осы үндестікті (гармонияны) одан әрі жетілдіру — адамзаттың алдындағы келелі міндет.
Адам және мәдениет мәселесін тереңдете түсетін тағы бір жайт адамның қабілеттілігіне, жан-жақтылығына, шексіздігіне байланысты. Американ ғалымы К. Поппер айтқандай, адам бірдей үш дүниеге: физикалық, ментальдық (психикалық) және идеалдыққа жатады. Сонда мәдениет осылардың қайсысымен көбірек анықталады деген заңды сұрақ туады. Егер біз мәдениетті тек материалдық және рухани бөліктерге бөлудің қарадүрсін шеңберінен шыға алсақ, онда мәдениеттің өзінің ішкі мағынасында идеалды екендігіне көзіміз жетеді. Себебі, адамды қоршаған заттар, дүние — бұл мәдениеттің сыртқы көрінісі ғана, оның мәні — руханилықты адам әрекетінің нәтижесінде заттандыруда жатыр. Мәдениеттің ішкі мәні қоғамдағы өмір сүріп жатқан адамдардың өзіндік санасында, парасаттылық сезімдерінде, рухани ізденістерінде айқындалады.
1.2.Қазіргі заманғы ғылымдар жүйесіндегі мәдениеттанудың алатын орны және оның басқа ғылым салаларымен байланысы. Мәдениеттану жеке пән ретінде XIX ғасырдың соңғы ширегінде қалыптаса бастады, сондықтан да оны әлі де болса да буыны бекімеген жас ғылымдар саласына жатқызамыз. Мәдениеттану - мәдениет туралы ғылым, сонымен қатар философиялық ілім, өйткені ол философияның басты саласы — мәдениет философиясын қамтиды. Мәдениеттану қоғамда болып жатқан түрлі процестерді (материалдық, әлеуметтік, саяси, адамгершілік, көркемдік т.б.) барынша қамтып, мәдениет дамуының жалпы заңдылықгарын, оның өмір сүруінің принциптерін және бір-біріне этно-әлеуметтік, саяси-моральдык, ғылыми-көркемдік және тарихи сипаттамаларымен, жағдайларымен ерекшелінетін алуан мәдениет түрлерінің өзара байланыстары мен тәуелділіктерін зерттейді.

Мәдениеттану пәні сонымен қатар жергілікті және региональды мәдениеттердің сапалық ерекшеліктерін, олардың өзара байланыстары мен мәдениеттің басқа түрлерімен мирасқорлығын, қарым-қатынасын зерттей отырып, адамзат баласының біртұтас мәдени даму процесінің жалпы заңдылықтарын анықтайды. Демек, мәдениеттану пәні түрлі қоғамдар барысындағы мәдени өмірді жан-жақты қамти отырьш, ондағы басты мәдени процестерге ғылыми тұрғыдан талдау жасайды. Мәдениеттануды тек қана гуманитарлық ғылымдар саласына ғана емес, жалпы теориялық пәндер қатарына да жатқызуға болады. өйткені бұл пән адамзат баласының мәдени өмірдегі толып жатқан құбылыстарын жүйелі түрде қарастырады. Ал мәдени процестердің мәнін ашып көрсетуде түрлі ғылым салаларының өкілдері, атап айтқанда, этнографтардың, әдебиетшілердің, социологтардың, психологтардың, тарихшылардың, демографтардың және т.б. ат салысатынын ескерсек, мәдениеттанумен барлық ғылымдар саласының айналысатындығын айқын аңғаруға болады. Шындығында да, мәдениеттануға осы уақытқа дейін түрлі ғылым салалары, атап айтқанда, антропология, психология, тарих, педагогика зор ықпал етті. Енді осы аталған ғылым салаларының мәдениеттануға қалайша ықпал ететіндігін қарастырып көрейік.


Антропологияның басты бағытының бірі — қоғам мен адамды салыстырмалы тұрғыдан зерттеу. Осы тұрғыдан алып қарағанда, "антропология" мәдениет деген ұғымның мағынасын анықтауда үш жағдайға назар аударады. Олар:


-Қоғам мен адамның мәдени қалыптасуы (ағартушылық);


-Қоғамдық және адамзаттық салт-дәстүрлердің, әдет-ғұрыптардың, қалыптасқан дағдылардың, қоғамдық мекемелердің және т.б. жиынтығы (бірлігі);


-Белгілі бір қалыптасқан мәдени жүйенің басқа мәдени құндылықтарға қарсылығы.


Мәдениетке антропологиялық тұрғыдан берілген бұл анықтаманы мәдениеттану саласындағы көптеген сыншылар "жалпылама" деп есептеп, оның эмпирикалық сипатта екендігін баса көрсетеді. Сонымен қатар олар "әлеуметтік антропология" әлеуметтанудың (социологияның) негізгі әдістері мен үлгілерін қабылдап, осы ғылымға мүлде бет бұрып кетті деп пайымдап, ал "мәдени антропология" деп аталатын антропологияның басты саласы — психология мен тарихқа ден қойды деп тұжырым жасайды. Әрине, түрлі пәндерге бағдар жасау өзіміз қарастырып отырған антропология саласында ғана емес, жалпы мәдениетті түрлі мағынада түсіндіруге әкеліп соғары сөзсіз. Осы орайда ерекше атап өтетін бір жәйт, ғасырлар бойғы даму жолынан өткен социология да дәл баяғыдай жаратылыстану ғылымдарына сүйенеді, әлеуметтік ғылымды әлеуметтік философияға қарсы қояды.


Дүние жүзі халықтары мен этникалық топтарының, тайпаларының мәдени және тұрмыстық ерекшеліктерін, олардың шығу тегі мәселелерін, олардың жер жүзіне таралып коныстануы мен мәдени тарихы карымқатынастарын зерттейтін этнография ғылымы адамзат баласының өткен заман мен бүгінгі таңдағы мәдениеттің мол мұрасын игеруге және оны ғылыми тұрғыдан ашып көрсетуде айрықша рөл атқарып отыр. Этнография ғылымы белгілі бір халықтың қай этносқа жататындығына қарамастан, олардың қайсысының болсын материалдық және рухани мәдениет саласындағы жетістіктеріне үлкен құрметпен қарауға үйрете отырып, мәдениеттану ғылымының қалыптасуына өзінің қомақты үлесін қоса білді. Егер антропология мен этнография адамның биологиялық белгілеріне сүйене отырып, мәдениетпен "жаратылыстану ғылымдары" ретінде үйлесімділік тапса, қоғамды жүйелі түрде қарастыратын әлеуметтану (социология) ғылымының биологиямен байланысы жоқ.


Мәдениеттану саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарында түрлі әлеуметтік топтарға жататын адамдардың қызметі мен іс-әрекеті заңдылықтарын зерттейтін әлеуметтік социологияның мәліметтерінің алатын орны ерекше, өйткені олардың мәдени іс-әрекет көріністері белгілі бір психологиялық сарынға байланысты болғандықтан, мәдениет саласындағы зерттеу жұмыстарында бұл факторларды ескермеске болмайды. Мысалы: жер мен табиғатқа ерекше сезіммен қарайтын ауыл психологиясының өзіндік ерекшеліктерін білмей және байыбына бармай тұрып, — "шаруа мәдениеті" жайында толық түсінік ала алмаймыз.


Ұлттық мәдениеттің ойдағыдай зерттелуі этникалық немесе ұлттық психологияның мәліметтеріне де тығыз байланысты болып келеді. Нақты тарихи тәжірибе негізінде әрбір нәсілдің, тайпалар мен халықтардың психикалық өмір салтының ерекшеліктерін байқай отырып "этнопсихология" рухтың не белгілі бір ұлттың қайталанбайтын өзіндік қасиеттері жөніндегі Гегельдің, Гумбольдтың және олардың ізбасарларының философиялық қағидаларына барып тіреледі. Ресейде жекелеген халықтардың, олардың ішінде, орыс халқының мәдени-психологиялық сипаттамасын Н.А. Бердяев тамаша . сипаттап берген болатын. Этнопсихологиялық зерттеулер ұлттық мәдениетті жасаушылардың психологиялық ерекшеліктерін есепке ала отырып, кез келген ұлттық мәдениеттің өзіне ғана тән сипатын ашып көрсетуде қомақты табыстарға жетіп отыр. Мысалы: орыс биінің, аргентин тангосының, негрлер музыкасының терең ұлттық мәнін тамаша рухани дүниелерді өмірге келтірген халықтың ұлттық мінезін ескергенде ғана толық түсінуге мүмкіндік алған болар едік.


Халық туралы және қоғамдық факторларға байланысты оның даму заңдылықтары жайындағы демография ғылымының да мәдениеттануға тікелей қатысы бар. Ұлттық мәдениеттің тоқырауы немесе оның орны толмас ауыр зардаптарға ұшырауы — қоғамдық-саяси жағдайларға және т.б. тікелей байланысты екендігін дәлелдеп жатудың қажеті бола қоймас, өйткені мың өліп, мың тірілген қазақ халқының өткен тарихы сөзімізге нақты дәлел бола алады. "Азшылық" халықтардың немесе тұтастай өркениеттердің құрьш кетуі отаршылдықпен, басып алушылықпен, шектен тыс қанаушылықпен, табиғи апаттармен, эпидемиялармен, маскүнемдікпен, нашақорлықпен және т.б. тығыз байланысты болды.

XX ғасырда мәдениеттану ғылымының дамып, одан әрі қалыптасуына өзіндік үлес қосқан ғылым салаларына сипаттама беруді аяқтай отырып, тағы бір ғылым саласын ерекше атап өтуді жөн көрдік. Ол — белгілер мен таңба жүйесін зерттейтін семиотика ғылымы. Бұл жас, әрі қажетті ғылым саласы аз уақыт шеңберінде мәдениеттану ғылымымен біте қайнасып кетті десек қателеспеген болар едік. Семиотикалық тәсіл лингвистика, әдебиет, кино, театр теориясында, қоғамдық ғылымдарда және басқа да ғылым салаларында кеңінен қолданылуда, онымен тіпті информатика мен кибернетика да тамаша үндестік табуда. Демек, мәдениеттанудың басқа ғылым салаларымен өзара сабақтастықта дамуына және "мәдениет" мәселесімен барлық ғылымдардың айналысатындығына қарап, " мәдениеттану жеке пән ретінде бар ма?" деген ой да туып қалуы ғажап емес. Біздің айтарымыз, мәдениеттану - ғылымның жеке саласы ретінде өзінің алғашқы қадамын жасауда, сондықтан оның болашағы да зор болмақ.


1.3.Ғылымның дүниетанымдық аспектілері.


Бүгінгі күні біз қазіргі қоғамдағы ғылым адам өмірінің көптеген салалары мен салаларында маңызды рөл атқарады деп айта аламыз. Ғылымның даму деңгейі қоғам дамуының негізгі көрсеткіштерінің бірі болып табылады, сондай-ақ бұл – мемлекеттің қазіргі дамуының көрсеткіші. Адамның айналасы – бұл ғылымның жетістіктері. Қоғамды ақпараттандыру қазір кез келген ақпаратты интернетте таба алатын жоғары деңгейге жетті. Әр үйде және кеңседе қазір компьютер, интернет бар.
Алайда, ғылым қазіргі кезеңде ғылыми қауымдастық құрылымының ішінде жаңа салаларды құра отырып, осындай проблемаларды шешуге тырысады. Бұл мәселелерді эргономика ғылымы зерттейді. Ол – адамды компьютермен және басқа да машиналармен өзара әрекеттестікте зерттейтін ғылым. Эргономика адамның еңбек қызметін кешенді зерттеумен айналысады, сондықтан көптеген ғылыми пәндерді біріктіреді: физиология, еңбек гигиенасы, Психология және т.б. ғалымдар адам ағзасына жүктемені азайту жолдарын табуға ұмтылады, компьютерде жұмыс істеуге байланысты, жетілдірілген және қауіпсіз техниканы құруға қатысады.
Ғылыми танымда ғылыми әдіс үлкен рөл атқарады. Ғылыми әдіс деген не екенін түсіну үшін алдымен әдіс деген не екенін қарастырайық. Кең мағынада әдіс – бұл теориялық және практикалық қызметтің құралдарын (құралдарды, операциялар тәсілдерін және т. б.) ұйымдастыру тәсілі. Кез келген ақылға қонымды іс-әрекет белгілі бір реттеуші қағидаларға бағынады, оларды таңдауына қызметтің нәтижесі айтарлықтай тәуелді болады. Әдіс адамның қызметін оңтайландырады,оны қызметті ұйымдастырудың неғұрлым ұтымды тәсілдерімен қаруландырады. Әдіс (грек. methodos-жол, бағыт) бұл әлемді зерттеу және түрлендіру тәсілі, білімді құру және оны пайдаланудың белгілі бір тәртібі. процесін бағыттау әдісіне мүмкіндік береді. Әдіс ұғымы әдістеме ұғымымен тығыз байланысты.
«Методология» (әдістеме) – бұл қызмет әдісі бағынатын заңдылықтар туралы, әдістердің шығу тегі, мәні, олардың тиімділігі туралы философиялық ілім. Әдістеме – қызметтің әрбір нысанында неғұрлым жетілдірілген әдістерді жасау принциптерін тұжырымдауға арналған сала.
Ғылыми әдіс таным мен практиканың жанама түрі ретінде де әрекет етеді. Әдіс теория мен тәжірибені біріктіреді, өйткені әлемді танымның тарихи тәжірибесін жинақтайды және ғылыми теориялардың құрылымы бойынша таным Әрбір ғылымның өз әдістері бар. Бірақ философия теория және әдіс ретінде әрекет етеді. Теория – әлемнің белгілі бір саласын түсіндіретін және сипаттайтын білім жиынтығы. Ғылым анықтамасы кең, әрі күрделі, мәселен, ол әлеуметтік құбылыс ретінде келесі аспектілер тұрғысынан қарастырылуы мүмкін, қараңыз:
- ғылым – ерекше қызмет ретінде;
- ғылым білім жүйесі ретінде;
- ғылым әлеуметтік институт ретінде;
- ғылым өндірістік күш ретінде;
- ғылым қоғамдық сананың формасы ретінде.
Ғылым – білімнің ерекше формасы ретінде келесі белгілермен көрінеді:
- тереңдік, мәндік байланыстарды және объективті әлемнің қарым-қатынасын анықтау, осы байланыстар мен қарым-қатынастар тіркелетін ғылым заңдарын қалыптастыру, сондай-ақ ғылыми теорияны құру;
- ғылыми білімнің жалпы мәні;
- объектінің өзгеруін болжау, болжау;
- нәтижелердің қатаң дәлелдемесі мен негізділігі, қорытындылардың нақтылығы;
- беделге сілтемелердің болмауы;
- үздіксіз өзін-өзі жаңарту;
- кәсіби даярланған кадрлардың болуы;
- арнайы тілдің және зерттеу әдістерінің болуы;
- қатаң құрылымдылық және т.б.

1.4.Ғылым ұғымдары: ғылым философиясы мен әдістемесіндегі негізгі тәсілдер


Ғылым философиясы – философияның ғылымды адам іс-әрекетінің ерекше аясы әрі ұдайы дамудағы таным жүйесі ретінде қарастыратын бір саласы.

Ғылыми танымды гносеология және методология тұрғыдан зерттеу тарихы әріден басталғанымен, Ғылыми философия 20 ғ-да ғана дербес пән ретінде қалыптаса бастады. Ең алғаш бұл термин О.Конт, Э.Литтре, Г.Спенсер, т.б. ғалымдар еңбектерінде қолданылды. Олар ғылым тілін филос. тұрғыдан зерттеу әрекеттері тек формальды (матем.) логиканың шеңберінде жүзеге асуға тиіс, ал ғыл.-теор. ұғымдарды эмпирикалық таным, тәжірибе сынағы арқылы негіздеуге болады деп тұжырымдады. Бұл тұжырым бойынша, ғылым – адамның ең жоғары ісі, ал ғылым философиясының бір ғана міндеті – тұтастай ғылымды, оның пәндік салаларын логикалық-методол. тұрғыдан қамтамасыз ету. Бертін келе бұл тұжырымдаманың сыңаржақтылығына көзі жеткен ғалымдар ғылым философиясының зерттеу нысандарына елеулі өзгерістер енгізді. Енді ол ғылымның құрылымымен қатар тарихын зерттеуге ден қойып, бұрыннан белгілі проблемалармен қатар жаңа пәндік мәселелерді, олардың қалыптасу үрдісін қарастыра бастады.


Ғылымның теориялық сатысының белгілі бір шамада тәжірибеге тәуелсіз екендігін мойындап, жаңа ғыл. білімнің табиғатында тәжірибесынақ арқылы дәлелдеу мүмкін емес дүниетанымдық көзқарастардың, методол. принциптердің болатынына көз жеткізді. Бірақ ғылымның даму заңдылығын, оның қызметтік міндеттерін дұрыс түсіндіре алатын методол. ұстын – диалект. көзқарас қана. Сананың техникаландырылу деңгейінің артып, компьютерлік дүмпудің өркениет өресіне тікелей әсер етуі, сол арқылы ғылым функциясының кеңейіп, қоғамның өзге салаларымен, алуан текті мәдениет тұрпаттарымен байланысының күшеюі ғылым философиясының алдына күрделі мәселелер қойып отыр. Сондықтан ғылым философиясы ғылыми танымның логикалық-гносеология проблемаларымен қатар ғылымның әлеумметтік-философия және этика-этника мәселелерін зерттеуге тиіс. Ғылым философиясы мен методологиясының қазақстандық мектебі (негізін қалаушы Ж.Әбділдин мен Ә.Нысанбаев) отыз жыл бойы осы бағытта ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде.


XX ғасырдың аяғы мен XXI ғасырдың бірінші онжылдығында ғылымның философиялық мәселелері, оның дүниетанымы, онтологиялық, гносеологиялық, методологиялық, аксиологиялық және праксеологиялық аспектілері өте өзекті болды.

«Ғылым философиясы» терминінің өзін алғаш рет 1840 жылы ағылшын зерттеушісі Уилсон Юэлл енгізген деп саналады. Кейінірек бұл терминді Е. Дюрингу дамытқан болатын. В.Селларс ғылым философиясын «это философия, которая берет науку серьезно» деп есептеді, өйткені ғылым адамзат болмысының ажырамас бөлігі болып табылады. В.И.Вернадскийдің пікірінше, ғылым философиясы «жаратылыстанудың жалпы мәселелерін талқылау кезінде философия мен ғылымның тығыз байланысы» болып табылады. Демек, « философиялық және ғылыми сұрақтар эллиндік ғылым дәуіріндегідей біріктірілді ». Г.Гегель: «егер ғылым өзі үшін тануды талап етсе, онда, «ол міндетті түрде ақыл мен ойдың алдында өзін-өзі ақтауы керек» деген тұжырым жасаған.


Кейбір ғалымдар «ғылым философиясы» ежелгі әлемде пайда болды деп санайды , ал кейбіреулері бұл пікірмен мүлде келіспейді. Оның себебі, зерттеушілердің көпшілігі ғылымның өзі және дәлірек айтсақ, эксперименталды және математикаландырылған жаратылыстану Еуропада тек XVII-XVIII ғасырларда пайда болғандығын алға тартады.


Қазіргі кезде қалыптасқан ғылым философиясы метатеория мәртебесіне ие. Бұл дегеніміз, ол белгілі бір ғылым саласына қарамастан ғылыми білімді ұйымдастырудың жалпы принциптерін, оның дамуы мен ғылыми қызмет принциптерін көрсетеді. Басқаша айтқанда, ғылым философиясы жеке ғылымдардың (физика, биология, әлеуметтану және т.б.) ерекшеліктерін ғана емес, барлық ғылымдарға тән сипаттамалық белгілерді, техниканы, әдістерді зерттейді, бұл ғылымды бейсаналықтан ажыратады. Сонымен бірге, оны биология, физика және басқа да арнайы ғылымдардың дамуы барысында туындайтын философиялық мәселелерге тоқталу үшін, даму ерекшелігі мен білімнің жеке салаларын талдауға бұруға болады.


ХХ ғасырдың ортасындағы ғылым философиясында ғылымды эмпирикалық негіздеу мәселелері және ғылыми білімдегі эмпирикалық зерттеулердің рөлі, сонымен қатар ғылыми білімдегі эмпирикалық және теориялық байланыстарға басымдылық беріліп, осы тұрғыда көптеген жұмыстар атқарылған болатын.


ХХ ғасырдың аяғында, ғылым философиясында ғылыми ұтымдылық пен ғылыми критерийлер туралы жаңа түсініктер қалыптаса бастаған болатын. Ғылым дамуының әртүрлі модельдері арасындағы бәсекелестік күшейе түсті. Соңында, ғылыми білімді әлеуметтік детерминациялау туралы мәселесі басшылыққа алынып, соның нәтижесінде; ғылыми білімдерді және ғылыми мәселелері гуманизациялау өзекті бола бастаған болатын.


Қазіргі ғылым философиясы жаратылыстану ғылымы мен гуманитарлық білім арасындағы жоғалған байланыс рөлін атқарады және қазіргі өркениеттегі ғылымның этикаға, саясатқа және дінге деген әртүрлі көзқарастарындағы орнын түсінуге талпыныстар жасауғу бағыттталған. Осының арқасында, ғылым философиясы құбылыстар мен процестерге ғалымдардың тар шеңберлі кәсіби көзқараспен қарауына жол бермей, жалпы мәдени функцияны да орындайды. Ол бізді кез-келген проблеманың философиялық жоспарына, ойдың шындықпен байланысына толығымен назар аударуымызға әсер етеді.


Қорытынды


Алғашқы қауымда ғылыми білімнің алғышарттары ғана болды.Мәдениет пен өркениеттер өзгерген сайын адамзатқа неше түрлі өзгерістер әкелді.Ежелгі кезеңнен бастап қазіргі қоғам дәуіріне дейінгі кезеңдегі жиналған білімдер мен деректер, технологиялар бұл адамның жеткен үлкен жетістіктерінің бірі.Ғылым саласымен мәдениет пен өркениет тығыз байланысты.Себебі мәдениет дамып,өркениет ауысқан сайын да ғылым саласы жетіліп,дамып отырады.Оған дәлел өзіміздің өмір сүріп жатқан уақытытымыз.Біз бұл жетістікке бірден жете қойған жоқпыз.Өркениеттердің даму сатысынан өтуі арқылы қазіргі технологиялық заманға да жетіп отырмыз

Пайдаланылған әдебиеттер


https://kk.m.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D3%99%D0%B4%D0%B5%D0%BD%D0%B8%D0%B5%D1%82 сайты
И. Гердер, Э.Б. Тайлор әдебиеттері
И.Г. Гердер. Идеи к философии истории человечества. Москва, 1977, с. 252
Қазақтың дүниетанымы. Алматы, 1993, 36-бет
Дж. Берналдың, С.Г.Струмилин пікірлері
Қазақ Энциклопедиясы

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет