ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКА ФАКУЛЬТЕТІ
Философия пәнінен
№2 Семестрлік жұмыс
Тақырыбы: «Материя» және «субстанция» ұғымдарының даму тарихы
Орындаған: Дәулетбек Ғ.
Тексерген: Джаркинбаев Е.
Тобы: ЭСХк-16-1
Алматы 2018 ж.
Мазмұны
І. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ..... ... ... ... ... ... .... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
II. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
2.1 Материя... ... ... ... ......................................................................................5
2.2 Субстанция... ... ... ... .................................................................................7
III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .... ... ... ..11
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ..... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .... ... ... ..12
Кіріспе
Материя ұғымы – дүниені адамның санасынан тыс, әрі тәуелсіз объективті шындық деп қарайтын материалистік дүниетанымның түп қазығы, мән – мағынасы болып табылатын негізгі ұғым. Бұл ұғым материалистік ағыммен бірге пайда болып, бірге жасасып, тарихи түрде қалыптасқан. Ежелгі материалистік ілімдерде дүние, бүкіл әлем үнемі қозғалыста тұрған материя, онда материядан басқа еш нәрсе жоқ, сондықтан барлық құбылыстардың жалпыға ортақ субстанциясы материя деп есептеледі. Бірақ бұл ілімдер материяны оның тұрақты түрлерімен, яғни затпен пара – пар деп санады. Қысқасы, материя туралы қалыптасқан мұндай біржақты, шектеулі көзқарас ғылымның танымның, қоғамдық практиканың, жалпы мәдениеттің, сондай – ақ, философиялық ой – жүйенің даму деңгеймен байланысты еді. Бұл анықтамада материяның негізгі екі белгісі айқын көрсетілді, біріншіден, материя адамның санасынан тыстәуелсіз өмір сүреді, екіншіден, ол адамның санасында бейнеленеді. Бірінші белгі материяның санаға қарағанда бірінші, бастапқы екендігін білдірсе, екінші – материалдық дүниені танып – білуге болатындығын көрсетеді. Сөйтіп, материаның бұл анықтамасы философияның негізгі мәселесін тұтасымен материалистік ағымның нақты пайдасына шешеді. Сонымен бірге бұл анықтамада материаның нақты түрлері мен қалыптары, белгілі бір қасиеттері көрсетілмейді. Мұның өзі диалектикалық ойлау әдісінің метафизикадан айырмашылығын көрсетеді. Материаның басты қасиеті – санадан тыс объективті нақтылық ретінде өмір сүруі. Материя, біріншіден, санаға дейін өмір сүреді; екіншіден, тысқары өмір сүреді; үшіншінден, бейнесі жасалатын құбылыс есебінде санадан тәуелсіз өмір сүреді;
Объективтік дүниеде үнемі қозғалыста болатын материядан басқа ештеңе де жоқ. Қозғалыс – материяның ажырамас, мәнді қасиеті, атрибуты, өмір сүру тәсілі. Ол да материя сияқты жоқтан бар болмайды, жоғалып кетпейді.
Өзінің практикалық қызметінде қоршаған ортамен қарым-қатынас жасау барысында алуан түрлі заттарды, құбылыстар мен процестерді байқай отырып, адам сонау ерте заманда-ақ өзіне мынадай сұрақ қоюға мәжбүр болды: шетсіз де шексіз көп заттар мен құбылыстардың бәріне тән, бәріне ортақ негіз болып табылатын нәрсе бар ма? Әрине, бұл сұрақ өте күрделі әрі маңызды еді. Ең әуелі адамдардың өздерін қоршаған ортадан бөліп қарап, өздерінен тысқары және өз алдына дербес заттар мен құбылыстар өмір сүреді деген қорытындыға келу үшін сан ғасырлар мен мыңдаған жылдар қажет болды. Бірақ бұл қорытынды адам санасының дамуындағы елеулі кезең, айтулы уақиға еді. Бұдан әлдеқайда көп уақыт өткенде ертедегі грек ойшылдары табиғат құбылыстарының құпияларын ұғынуға талпына отырып, дүниенің бір негізі, түп қазығы, ортақ бір бастамасы бар деген тұжырымға келді. Оны олар субстанция (латынша – түп негіз, мән деген сөзден шыққан) деп атады. Субстанция алуан түрлі заттардың, құбылыстардың, процестердің өмір сүруінің, олардың ішкі бірлігінің негізі деп қаралды. Түрлі заттар, құбылыстар мен процестер пайда болып немесе белгілі бір уақытта жоғалып кетіп жатады, ал субстанция еш уақытта пайда болмайды, жоғалып та кетпейді, ол бар болғаны өзінің өмір сүру әдісін, болмысын өзгертеді, бір күйден екіншісіне ауысып отырады. Дүниенің бірлігі, оның негізінде бір ғана субстанция бар деп ұғындыратын ілім монизм философиясына жатады. Субстанция туралы, дүниенің мәні жөнінде материалистік және діни-идеалистік көзқарастар тарихи тұрғыдан алғанда бір мезгілде дерлік пайда болған.
Мақсаты
Бұл семестрлік жұмысты жазу барысындағы мақсатым материя мен субстанция ұғымдары туралы жалпы түсінік берумен қатар, олардың қасиеттерін, негізгі мәселелерін толық ашып түсіндіру болып келеді.
Тақырыптың өзектілігі
Материя – дүниені адамның санасынан тыс, әрі тәуелсіз объективті шындық деп қарайтын материалистік дүниетанымның түп қазығы, мән – мағынасы болып табылатын негізгі ұғым. Бұл ұғым материалистік ағыммен бірге пайда болып, бірге жасасып, тарихи түрде қалыптасқан. Ежелгі материалистік ілімдерде дүние, бүкіл әлем үнемі қозғалыста тұрған материя, онда материядан басқа еш нәрсе жоқ, сондықтан барлық құбылыстардың жалпыға ортақ субстанциясы материя деп есептеледі. Субстанция– заттың біртұтастығының мәндік қасиетін, оның барлық өзгерістерінің негізін, себебін, тіршілік етуінің түп-тамырын білдіретін философиялық категория. Сонымен қатар дүниенің бірлігі неде, сол бірлік неден туындайтынын көрсететін, ұғымдық дәрежеде түсіндіретін форма. Философиялық тұжырымдамалар дүниенің бірлігін анықтауына сай монизм, дуализм, плюрализм болып бөлінеді.
Материя
Материя (лат. materіa — зат) — әлемдегі алуан түрлі нысандар мен олардың жүйелерін, дүниедегі сан алуан құбылыстар мен оқиғалардың, қандай да болсын қатынастар мен байланыстардың, қасиеттер мен формалардың негізін, ішкі мәнін, себебін білдіретін философиялық ұғым. Айналадағы бүкіл дүние — мәңгі қозғалыстағы материяның алуан түрге түсіп, құбылып өзгеруінің, шексіз байланыстары мен қатынастарының көрінісі. Ежелгі қытай, үнді, грек философиясында материя дүниедегі барлық заттардың негізі, дүниенің алғашқы тегі деп түсіндірілді. Ежелгі материалистік ілімдерде дүние, бүкіл әлем үнемі қозғалыста тұрған материя, онда материядан басқа еш нәрсе жоқ, сондықтан барлық құбылыстардың жалпыға ортақ субстанциясы материя деп есептеледі. Бірақ бұл ілімдер материяны оның тұрақты түрлерімен, яғни затпен пара-пар деп санады. Ежелгі грек философисында барлық сан алуан заттардың түпкі тегі белгілі бір бастапқы зат деген көзқарас орын алады. Мәселен, Фалес үшін ол – су, Анаксимен үшін – ауа, Гераклит үшін – от. Дүние негізгі төрт заттан – судан, ауадан, топырақ пен оттан тұрады, материя дегеніміз – осы деген ұғым да кең таралған болатын. Анаксимандр дүниедегі барлық құбылыстардың бастама негізгі анық емес, шетсіз де шексіз, таусылмайтын, үнемі өзгеріп отыратын материя – апейрон деп түсіндірді. Материализмнің негізгі принциптері Демокриттің атом туралы ілімінде тереңірек қарастырылады. Оның ой-пікірлерін кейіннен Эпикур мен Тит Лукрецкий Кар дамытты. Бұл ілім мынаған келіп саяды. Әлемдегі барлық дүниелер мен заттар атомнан құралады. Атом – пайда болмайтын, жоғалып та кетпейтін, кеңістікте мәңгілік қозғалып отыратын, бөлінбейтін ең кішкене бөлшек (атом деген сөздің өзі бөлінбейтін бөлшек деген ұғымды білдіреді). Денелер мен заттардың және олардың қасиеттерінің әртүрлі болуы құрамындағы атомдардың санына және ол атомдардың өзара орналасуына байланысты. Қысқасы, ежелгі грек материалистерінің көзқарасы бойынша, күрделі заттардың бәрі қарапайым заттардан шыққан, солардың қосындысы, құрамасы. Күрделі заттар сондықтан да тұрақсыз, өзгере береді. Олар ыдырағанда алғашқы қарапайым заттардан ажырайды. Ал қарапайым заттар біртекті, тұрақты болады. Материя міне, осы кезеңнен бастап-ақ материалистік бағытта бүкіл ғарыштың түпкі негізі, бүкіл әлемнің біртұтастығы шығатын тек ретінде қаралады. Сөйтіп, ежелгі материалистердің көзқарасында, тұтас алғанда, дүниенің материалдығы, оның мәңгілігі мен үздіксіз өзгермелі болуы, материяның санадан тәуелсіздігі сияқты бірсыпыра өте маңызды, әлі күнге мәні жоғалмайтын құнды пікірлер бар. Олар үшін әлем түрлі заттардың кездейсоқ қосындысы емес, ол біртұтас құбылыс. Алайда олардың философиялық ой-толғамы өз дәуірлерінің даму деңгейіне сәйкес қарапайым әрі шектеулі еді. Солай бола тұрса да, олар жасаған ілімнің кейбір негіздері XIX ғасырдың аяғында дейін материалист философтар мен жаратылыстанушы ғалымдардың ой жүйесінде үстем орын алып келді. Жаңа дәуір философиясында (XVII – XVIII ғасырлар) қоғамдық өндіріс пен жаратылыс ғалымдардының, әсіресе, математика мен механиканың дамуы, қоғамдық еңбек бөлінісінің тереңдеуі материяны механикалық заттармен, дәлірек айтқанда, заттардың механикалық қасиеттерімен теңгеруге жол ашады. Материалистік ой енді материаны заттардың белгілі бір түрімен емес, олардың бәріне де тән ортақ касиеттерімен байланытсуға бейімделді. Мәселен, И. Ньютонның механикасында тұрақты шама болып табылатын масса маңызды рөл атқарады, массаны ол материяның сандық өлшемі деп қарады. Кейіннен философтар мен жаратылыстану ғалымдары материя мен массаны пара-пар деген пікірге ауытқып кетті. Д.И. Менделеев 1889 жылы Санкт-Петербургте жарыққа шыққан «Химия негіздері» деген еңбегінде былай деп жазған болатын: «Зат немесе материя дегеніміз кеңістікте орны мен салмағы бар масса….». Материя ұғымының мәнін түсінуге біршама жақындап келген француз материалистері болды. «Жалпы алғанда материя дегеніміз біздің сезімімізге әсер ете алатынның бәрі…» , — деп жазды П. Гольбах. Сөйтіп, XIX ғасырдың аяғына дейінгі материалистік дүниетанымда материя ұғымы түсінуде метафизикалық, механикалық көзқарас үстем болды. Оның өкілдері материя мен нақты материалдық объектілердің арасындағы айырмашылықты біле алмады, материя ұғымын өздерінің материалдық дүниенің құрылымы туралы түсініктерімен теңгерді, материяны санамен емес, түр, қасиет, қозғалыс ұғымдарымен салыстыра қарастырды.
Аристотель материяны алуан түрлі заттық дүниенің болу мүмкіндігі ғана деп қарайды. Аристотельдің материяны бастапқы ырықсыз зат, ал рухты белсенді жасампаз құдіретті күш деп дуалистік тұрғыда анықтауы кейінгі философия тарихында маңызды орын алды. Жаңа заман философтарынан Декарт субстанция жөніндегі теориясында материяны оның көлемімен барабар деп қарады. Бруно мен Спиноза субстанция ретінде бүкіл дүние, әлем табиғатпен барабар деп санады. Спиноза жеке заттар сыртқы себептің нәтижесінде ғана қозғалысқа түседі, ал табиғат болса өздігінен қозғалып өзгереді дейді. Дидро мен Гольбах “материя — табиғат”, “материя механикалық қасиеттердің жиынтығы” деген тұжырымдамаларды ұштастыруға тырысты және материя ұғымының сыңаржақтылығын аңғарып, материя дегеніміз — біздің түйсіктерімізде бейнеленетін және осы түйсіктерді тудырушы себеп деп, оған танымдық тұрғыдан анықтама берді. Материя анықтамасын оған қарама-қарсы тұрған материалды дүниемен емес, идеалды дүниемен қатысы арқылы да ашуға болады. Материядан өзге мұндай бейматериалдылыққа тек сана ғана жатады. Зат өзінің санада бейнеленуіне байланысты, біріншіден, ойдың нысаны болса, екіншіден, сол зат жөніндегі ойдың нәтижесі, ұғым. Сөйтіп, ол қос мәнділікке ие болады. Бұл екі ұғым — материя мен сана диалектикасының бір-біріне қарама-қарсы жалпы категориялары. Материя ұғымында объективті дүниені тану кезінде айқындалған оның ең жалпы қасиеттерін сипаттайтын белгілері анықталады. Осы заманғы ғылыми түсінік бойынша материяның маңызды қасиеттері:
1) сақталу мен өзгеру (қозғалыс), 2) үздіктілік пен үздіксіздік, 3) кеңістік пен уақыт.
Бұл қасиеттер объективті дүниеде бірімен-бірі ажырамас диалектикалық бірлікте болады. Материалдық дүниедегі объектілердің ішкі құрылымы тәртіпке келіп реттелген элементтерден түзілген жүйелер болып келді. Материяның біртұтастығы оның әмбебап қасиеттерінен айқын көрінеді. Ол қасиеттерге жататындар: материяның жаңадан пайда болмайтындығы мен жойылмайтындығы, уақыт өлшемінде мәңгі өмір сүретіндігі, кеңістіктегі шексіздігі, құрылымының алуан түрлілігі. Материаның өмір сүруінің көптеген қалыптары мен түрлері, оның жүйе есебінде ұйымдасуының әр түрлі материлдық деңгейлеріне сәйкес қозғалыстың да сапалық көп түрі болады. Бұл мәселені тереңірек зерттеп, бір арнаға түсірген Ф. Энгельс болатын. ХХ ғ. басында материя жөнінде жаңа гносеологиялық (танымдық) тұжырым пайда болады. Ол негізінен алғанда, ғылыми-техникалық прогресспен, ескі атомистиканың күйзелісімен байланысты болатын. Материяны заттық субстратқа (негізге) теңеуге болмайды. Материя дегеніміз – объективті шындықты біздің санамызда бейнелейтін философиялық категория, яғни, ұғым. Соңғы кездегі көзқарастарға келсек, олар біржақты гносеологизмге қарсы, - материяны субстанциялық - аксиологиялық (құндылық) тұрғысынан сипаттағысы келеді. Бұл тұрғыдан алып қарағанда, материя – тек қана физикалық реалдық емес, сонымен қатар, рух та – мәңгілік материяның көп қасиеттерінің бірі болып есептеледі. Кез келген материалдық обектінің өмір сүруі оны құрайтын элементтердің қарым – қатынасына байланысты. Философияда өзгерісті қозғалыс деген түсінікпен байланыстырамыз, материя қозғалыс дегенді бұл тек механикалық деп түсінбеу керек. Бұл кез келген объектінің кеңістіктегі өзгеуі қарым қатынасына байланысты. Материя қозғалыссыз өмір сұре алмайды қозғалыз материяның басты атрибуты. Қозғалыстың негізгі 2 түрін ажыратамыз:
1) заттың сапасын сақтау. 2) бір сападан келесі бір сапалық өзгеріске ауысу.
Материя қозғалысының 5 формасын ажырытамыз. Олар: механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық, әлеуметтік. Механикалық – кеңістікте қозғалып, орын ауыстыру; Физикалық – электромагнетизм, гравитация, жылу, тағы басқалары; Химиялық – атомдар мен молекулалардың затқа айналуы; Биологиялық – тірі организмдердегі зат алмасуы; Әлеуметтік – қоғамдық өмірдегі өзгерістер және ақыл-ой.
Осы қозғалыс формаларын 3 блокқа біріктіреміз:
1) Физикалық, химиялық қозғалыс формаларын бұл өлі табиғатпен байланыста.
2) Биологиялық қозғалысы тірі табиғатпен байланысты.
3) Қозғалыстың әлеуметтік формасы бұл қоғаммен байланысты.
Бұл жіктеу өз маңызын әлі сақтап келеді, сақтай да бермек. Сондай-ақ, ғылымның дамуы, адам практикасының жемісі материяның ұйымдасып, жүйеленуінің жаңа сапалық түрлерін аша беретіні сөзсіз. Олар жоғарыдағы жіктеуді толықтырып, тереңдетіп отырмақ. Жалпы алғанда қозғалыстың түрлерін ғылым салалары зерттейді. Сондықтан оларға тоқталып жатпай, айта кететін бір нәрсе: философия тарихында жасалған ең терең әрі мәнді төңкеріс – материяның әлеуметтік, қоғамдық түрінің ашылуы, басқаша айтқанда, адамзат тарихын материалистік тұрғыдан түсіндіру. Қоғамның материалдық негізінің неде екенін ашу – материяны затпен пара-пар деп ойлаудан үзілді-кесілді бас тарту, оны материя туралы ғылыми көзқарастың пайда болуы деуге болады. Қоғамдық өмірдің негізі – адамдардың материалдық өндірісі, табиғатты, қоғамдық, яғни адамдардың өздерін өзгерту кызметі. Сондай-ақ, адамның санасы да оның болмысын бейнелеп, оның болашақ жобаларын идеалды түрде жасай отырып, адамдардың материалдық өмір процестерінде белсенді әрекет жасайды. Осы тұрғыдан алғанда адамның ақыл-ойы да қозғалыстың ерекше түріне жатады. Қозғалыстың формалары өзара тығыз әрі күрделі байланыста болады. Физикалық қозғалыс өз құрамында механикалық қозғалысты, химиялық қозғалыс – механикалық және физикалық қозғалысты қамтиды, тағы басқалары. Ең жоғары әлеуметтік қозғалыстың құрамында алдыңғы формалардың бәрі өз бейнесін табады. Басқаша айтқанда, материяның тарихи дамуы төменгі деңгейден жоғары деңгейге өткен сайын қозғалыстың түрлері де бір сападан екінші, жоғары да күрделі сапаға ауысып отырады. Сондықтан да қозғалыстың неғұрлым жоғары түрлерін оның төменгі түрлерінен әсте де бөліп алып қарастыруға болмайды. Оның үстіне жоғары түрлерді төменгі түрлермен тепе-тең етіп қарастыру да қате. Мәселе, электронды есептеу машиналары қаншалықты жылдам әрі «қабілетті» болғанымен, оларды адам миымен теңестіруге болмайды. Электронды есептеу машиналарында механикалық, физикалық, химиялық процестер жүріп жатады, ал адам миының кызметі ең жоғары қоғамдық қозғалыс түріне қатысты.
Достарыңызбен бөлісу: |