Орындаған: Әбуова Мейрамгүл Мамандық: 6В04103 – Есеп және аудит Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп Қабылдаған



бет1/2
Дата15.12.2023
өлшемі77.4 Kb.
#486697
  1   2
Мемлекеттік мекемелердегі жалдауды есепке алу


Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
Сорбонна Қазақстан институты

Баяндама
Тақырыбы: «Мемлекеттік мекемелердегі жалдауды есепке алу»



Орындаған: Әбуова Мейрамгүл
Мамандық: 6В04103 – Есеп және аудит
Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп
Қабылдаған: Файзуллина С. А.

Алматы 2023


Жалдауды есепке алудың тəртібі
Жалдау төмендегідей жіктеледі:
– егер ол жалдау мерзімі аяқталғаннан кейін меншік құқығының ауысуына қарамастан, активті иеленуге байланысты барлық тəуекелдер мен пайдаларды дерлік беруді білдіретін болса;
– егер ол активті иеленуге байланысты барлық тəуекелдер мен пайдаларды дерлік беруді білдірсе, операциялық жалдау.
Жалдауды қаржылық немесе операциялық ретінде жіктеу көп жағдайда операцияның мазмұнына, шарттың талаптарына байланысты болады жəне жалдаудың басталған күніне жүргізіледі.
Жалдау шартының басталуы – жалдау туралы шартты жасау немесе тараптардың негізгі жалдау шарттарына қатысты міндеттемелер қабылдауының неғұрлым ерте күні.
Жеке немесе жиынтықта əдетте жалдауды қаржылық ретінде жіктеуге алып келетін жағдайларға мыналар жатқызылады:
– жалдау шарты жалдау мерзімінің соңында активті иелену құқығын жалға алушыға беруді көздейді;
– жалға алушының жалдау мерзімінің басында осы құқықты іске асыру күні əділ құннан айтарлықтай төмен бағаға осы активті сатып алуға құқығы бар, ал жалдауды қабылдаған күні бұл құқықтың жүзеге асырылатыны туралы негізделген сенім бар;
– жалдау мерзімі меншік құқығын беру болмаған кезде де, активтің экономикалық қызмет мерзімін елеулі бөлігіне қолданылады;
– жалдау қарым-қатынастарының басталу күніне келтірілген ең төменгі жалдау төлемдерінің келтірілген құны жалдау мəні болып табылатын активтің əділ құнына іс жүзінде тең;
– жалға берілген активтердің маманданған сипаты бар, оларды жалдаушы ғана елеулі өзгертусіз пайдалана алады.
Мемлекеттік мекеменің жалдау бойынша операцияларды есепке алуы үшін мынадай шоттар алынған:
1270 «Жал бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек»;
2220 «Жал бойынша ұзақ мерзімді дебиторлық берешек»;
3260 «Жал бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек»;
4120 «Жал бойынша ұзақ мерзімді кредиторлық берешек».
Қаржылық жалдауды есепке алу кезінде жалға алушылар жалдау мерзімінің басында өздерінің қаржылық ахуал туралы есептілігінде:
– активтер ретінде – қаржылық жалдау шеңберінде сатып алынған активтерді;
– міндеттемелер ретінде – жалдауға байланысты міндеттемелерді таниды.
Жалға алушы осы операцияны мынадай корреспонденциямен көрсетеді: «Негізгі құралдар», «Инвестициялық жылжымайтын мүлік», «Биологиялық активтер» немесе «Материалдық емес активтер» шоттарының дебеті, 4120 «Жал бойынша ұзақ мерзімді кредиторлық берешек» шотының кредиті.


Жал бойынша шоттар байланысы



Операция мазмұны

Дт

Кт

1

Қаржылық жалға мүлікті
алу

2310-2380 Негізгі құралдар 2710 Материалдық емес активтер

4120 Жал бойынша ұзақ
мерзімді кредиторлық
берешек

2

Ұзақ мерзімді жал
міндеттемесінің
ағымдық бөліміне бір
уақытта екінші жазу
беріледі

4120 Жал бойынша
ұзақ мерзімді
кредиторлық берешек

3260 Жал бойынша қысқа
мерзімді кредиторлық
берешек

3

Қаржылық жал бойынша
сыйақы есептелді

7130 Жал бойынша
шығыстар

3250 Төленуге тиісті
қысқа мерзімді
сыйақылар

4

Қаржылық жал бойынша
міндеттеме өтелді

3260 Жал бойынша
қысқа мерзімді
кредиторлық берешек

1081 Жеке қаржыландыру
жоспары бойынша
міндеттемелер
қабылдауға
арналған жоспарлы
тағайындаулары




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет