Орындаған: жұмағалиев Ұ. а. Фис-301 тобы студенті тексерген: ботағариев т.Ә



бет1/6
Дата30.03.2022
өлшемі0.94 Mb.
#456528
түріОқулық
  1   2   3   4   5   6
Ұлан

ОРындаған: жұмағалиев Ұ.а. ФИС-301 тобы студенті тексерген: БОТАҒАРИЕВ Т.Ә.

МӘНЖАЗБА

Қолданылған әдебиеттер: 1. С.Тайжанов,А.Қарақовтың «Дене тәрбиесі» оқулық Алматы “Үш Қиян”, 2009ж 429 б. 2. Е. Уаңбаевтың «Дене тәрбиесінің негіздері» -Алматы: «Санат», 2000-72б. 3. Т.Ә.Ботағариев,С.С Кубиеваның «Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесінің жалпы негіздері» -ОРАЛ 2010 -233б.

І – БӨЛІМ

Тақырыбы: Дене тәрбиесі сабағының теориялық аспектілері

Жоспар: 1. Сабақтың мазмұны мен құрылымы 2. Сабақтың бөлімдері 3. Хронометрлеу 4. Педагогикалық бақылау 5. Сабақта жүктемені белгілеу “пульс динамикасы”

Сабақтың мазмұны Сабақтың мазмұны - дене тәрбиесі сабағының мазмұны төмендегідей өзара үш байланысты шартты түрде айырып көрсетеді. Дене жаттығуларының құрамы және онымен байланысты білім түріндегі оқу материалы. Үйрену обьектісі бола отырып, дене жаттығулары дене тәрбиесі сабағының ерекшелігін, оның пәндік мазмұнын көрсетеді. Педагогтің ұйымдастыру - басқарушылық қызметі: сабақтың мақсатын белгілеу,оқу тапсырмаларын түсіндіру,практикалық қимылдың үлгісін көрсету,көмек пен қауіпсіздік шараларын жүзеге асыру,ескертулер мен нұсқаулар беру;жаттығу орнын жинастыру және дайындау, құрал-жабдықтарды жинастыру және үйлестіру,оқушылар қимылын өзара бақылауды және үлгерімді есепке алу,үйге берілген тапсырманы айту және сабақтың қорытындысын жасау. Педагог қызметінің әрбір элементін жүзеге асыру-жаттығушылардың жеке басына тәрбиелік әсер етумен және сауықтыру міндеттерінің шешілуімен бірге жүреді. Оқушының оқу-танымдық қызметі:дидактикалық міндеттерді қабылдау және ақылға салу;нақты міндетті шешу жобасын ойша құрастыру және кейін оны жүзеге асыру;мұғалімнің реттеушілік нұсқаулары және оқу тапсырмаларын орындау ісінде өзін-өзі бағалаудағы оқу-танымдық қызметінің нәтежиесі сабақты өткізудің сапалық бағасының басты өлшемі болады.

Сабақтың құрылымы - бұл оның мазмұн элементтерінің сабақ кезінде орналасуының дидактикалық негізделген қатынасы мен реттілігі.Құрылым барлық элементтердің ішкі байланысын, олардың өзара іс-қимылының жоғары өнімділігін қамтамасыз етеді.Сөйтіп, сабақтың негізгі құрылымдық бірліктері педагог пен элементтері болып табылады. Дене жаттығуларын меңгеру белгілі-бір психологиялық және физиологиялық заңдылықтарға сәйкес оқушылардың белсенді қозғалыс қызметін ұйымдастыруын қажет етеді. Уақыт бойынша бір-бірімен байланысты орналасқан сабақ мазмұнының барлық элементтерін сабақ құрылымы деп аталады. Бұл заңдылықтарды есепке алу сабақтың құрылымы бірлігіндегі ең басты үш түрлі байланысты құрамды бөліктерді айырып қарауға негізделген.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет