Орындаған: Мәтжанов Арғын. Тобы



бет1/7
Дата02.05.2023
өлшемі113.66 Kb.
#473119
  1   2   3   4   5   6   7
Ð Ó Ñ жанов Ð Ñ Ò Ñ н, РРР Ð Ð Ð


Қазақстан Республикасы Ғылым және Жоғары Білім министрлігі
«Алматы энергетика және байланыс университеті коммерциялық емес акционерлік қоғамы Ғұмарбек Дәукеев атындағы»
Жылуэнергетика және басқару жүйелері институты

«ЖБП ЖОО КОМПОНЕНТІНІҢ МОДУЛІ (ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ӨМІР ҚАУІПСІЗДІГІ, ЭКОНОМИКА, КӘСІПКЕРЛІК, КӨШБАСШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯ НЕГІЗДЕРІ)» пәні


Есептік графикалық жұмыс


Орындаған:Мәтжанов Арғын.
Тобы: БЖДк-19-1
Тексерген: Нұрпейіс Еділ


Алматы 2023ж
Нарық экономика жағдайында кәсіпорындағы өндіріс шығындарды
төмендету резервтері (өнеркәсіп тік кәсіпорын мысалында);
10-Нұсқа
МАЗМҰНЫ






КІРІСПЕ

4










1

НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА ӨНІМ ШЫҒЫНЫҢ ТӨМЕНДЕТУДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ

6


1.1

Өнімнің өзіндік құны, оның мазмұны және құрылымы

6

1.2

Нарық экономика жағдайында кәсіпорындағы өндірістік шығындарды төмендетуді қалыптастыру

8


1.3

Кәсіпорындағы өндірістік шығындар құнның жіктемелік белгілері, олардың ерекшеліктері

10











2

НАРЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА КӘСІПОРЫНДАҒЫ ӨНДІРІСТІК ШЫҒЫНДАРДЫ ТӨМЕНДЕТУ РЕЗЕРВТЕРІ ТАЛДАУ

14


2.1

«ҚазАвтоЖол» АҚ қаржы-экономикалық белсенділігін талдау

14

2.2

Кәсіпорын өнімдерінің өзіндік құн шығындарын талдау

22










3.1

Кәсіпорында өнімнің өзіндік құнын төмендету резервтері

23













ҚОРЫТЫНДЫ

27













ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ ТІЗІМІ

29

КІРІСПЕ



Кез келген кәсіпорын өзінің атқарған жұмысынан неғұрлым көп пайда алуға тырысады. Кәсіпорындар өздерінің тауарларын тек жоғарғы тиімді бағамен сатып қана қоймай, сонымен қатар оны өндіруге және өткізуге кететін шығындарды қысқартуға тырысады. Кәсіпорын табысының ұлғаюының қайнар көзі, ең біріншіден, оның сыртқы жағдайына байланысты болса, екіншіден, кәсіпорынның ұйымдастырылған өндіріс үрдісінің тиімділігіне және өндірілетін тауардың кезекті өткізілуіне байланысты болады.
Өндірістік шығындар, өнімнің өзіндік құны экономикалық сатының басты элементтері болып табылады. Олардың деңгейі, көбінесе, пайда көлемін, кәсіпорын рентабельділігін және шаруашылық қызметінің тиімділігін анықтайды. Сонымен қатар, кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін, беріктілігін, қаржылық тұрақтылығын анықтай отырып, оның өндірістік шығындарын қысқартып, оптималды экономикалық жетілдірудің негізгі бағыты болып табылады.
«Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» деген ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында (Астана, 2016 жылғы 18 ақпан):
«Экономиканы түпкілікті реформалауға бағыт ұстап, біз қысқа мерзімнің ішінде нарықтық реформаларды жүргізе білдік, тиісті заңнамамызды жасауға қол жеткіздік. Бүгінгі таңда Қазақстанда нақтылы жұмыс істеп тұрған нарықтық экономика бар.
Егер осыдан он жыл бұрын жан басына шаққандағы жалпы ішкі өніміміз жеті жүз доллардан сәл ғана асса, 2015 жылдың соңында ол екі мың жеті жүз долларға жетті, ендеше 2016 жылы біздің жан басына шаққандағы жалпы ішкі өніміміз енді үш мың доллардай болады деген болжамымыз бар.
Осыған орай, біз ұлттық табысты арттыруымыз қажет. Ал ол үшін, ең алдымен, табыс, пайда әкелетін кәсіпкерлікті, әсіресе шағын және орта бизнесті, олардың субъектілерін одан әрі дамытып, өнім сапасы мен өндіріс тиімділігін арттырып, табысын көбейту керек. Яғни, кез келген өндірістік кәсіпорын өзінің өндірістік шығындарын қысқартқаны, төмендеткені жөн. Бұл пайданы арттырудың негізгі кепілі болып табылады. Сондықтан, осы дипломдық жұмыстың тақырыбы «Кәсіпорын өнімінің өзіндік құнын төмендету жолдары» - қазіргі кездегі өндірістік кәсіпорындар үшін өзекті мәселе болып отыр.
Ол кәсіпорынның жалпы өндірістік тиімділігін анықтайды. Өзіндік құнды, яғни өндірістік шығындарды жүйелі түрде төмендету – кәсіпорындардың жұмыс істеу тиімділігін арттырудың негізгі құралы болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында залалды кәсіпорындарды қаржылай қолдау қағидаға жатпайды.
Ұлттық экономиканың барлық салаларында өндіріс шығындарын төмендетудің мына негізгі бағыттарын айтуға болады:

  • ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін пайдалану;

  • өндіріс және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру;

  • экономикалық үрдістерді мемлекет тарапынан реттеу.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет