- негізгі шығындар;
- қосымша шығындар.
Біртектілік деңгейіне байланысты шығындар:
- элементті шығындар (шикізатқа, негізгі материалдарға, негізгі қордың амортизациясына кететін шығындар), оларды құрамдық бөліктерге бөлуге болмайды;
- кешенді шығындар (құрал-жабдықтардың эксплуатациясы және оларды сақтаудағы жалпы өндірістік шығындар), олар бірнеше біртекті шығындардан тұрады.
Технологиялық үрдісіне байланысты шығындар:
- негізгі шығындар, олар өнім өндірісіне тікелей қажетті, жұмысты атқаруға, қызмет көрсетуге қажетті шығындар;
- қосымша шығындар, олар өндіріс үрдісін басқаруға, қызмет көрсетуге, координациялауға, еңбек етуге жағымды жағдай жасауға қажет.
Өнімнің өзіндік құнына және пайда болу уақытына байланысты шығындар:
- ағымдағы шығындар, олар ағымдағы уақытқа қатысты болып, сол кезеңнің өзіндік құнына кіреді;
- болашақ кезең шығындары, олар берілген уақытта болады, бірақ алдағы уақыттағы өнімнің өзіндік құнына белгілі бір мөлшерде кіреді;
- алдағы күтілетін шығындар (кезекті демалысқа төленетін төлемдер, мезгілдік шығындар және тағы басқа), бұл әлі жұмсалмаған шығындар, бірақ бұларға нормалданған смета жасалады.
Бастапқы элементтер бойынша шығындар:
- «Материалды шығындар» элементі бойынша. Бұған шикізаттың құны, транспортты дайындау шығындарын ескере отырып, негізгі материалдардың құны, комплектілік бұйымдар, жартылай фабрикаттар, қосымша материалдар, сонымен қатар жанар майға және энергияның барлық түрлеріне кеткен шығындар жатады;
- «Еңбек ақы» элементі бойынша. Олар: негізгі өндірістік персоналдың жалақысы, оның ішінде өндіріс нәтижесіне берілетін жұмысшылардың сый ақысы, ынталандырушы және орнын толтыратын төлемдер, соның ішінде пайданың индексациясына және бағалардың жоғарылауына байланысты компенсациялық жалақы, заңмен бекітілген мөлшердегі әйелдерге баланы қарағаны үшін жартылай төленетін төлем;
- «Сақтандыруға берілетін төлемдер» элементі бойынша. Заң шеңберінде бекітілген әлеуметтік сақтандыру, зейнетақы қоры, толық жұмыс күніне байланысты мемлекеттік қордан және жұмысшылардың жалақысынан алынатын медициналық сақтандыру шығындары;
- «Қосымша шығындар» элементі бойынша. Кешенді сипаттағы өндірісті басқарумен және қызмет көрсетумен байланысты шығындар, яғни шығындардың құрамына барлық экономикалық элементтегі шығындар кіреді, сондай-ақ бір немесе бірнеше өнімдерді шығарғанда, бір жағынан, бұл шығындар нақты сол өнімге қатысты болмай, дайын өнім арасында бөлінеді, екінші жағынан, жанама кезектегі бұйымдар арасында бөлінеді. Бұл элемент өзіне келесілерді кіргізеді: өндірісті еңбек құралдарымен және құрал-жабдықтармен қамтамасыз ететін шығындар, негізгі өндірістік қорды жұмыс жағдайында ұстап тұру, негізгі өндірістік персоналдың жалақысы, оның ішінде өндіріс нәтижесінде берілетін жұмысшылардың сый ақысы, ынталандырушы және орнын толтыратын төлемдер, өндіріс тоқтап тұрғандағы жоғалтулар, кепілдікпен қызмет көрсетуге кеткен шығындар, өнімді жөндеуге және жоғарыда көрсетілген шығындар элементтерінің біреуіне де қатысты емес басқа да шығындар;
Жоғарыда айтылып кеткен жалпыға бірдей элементтер өзінің сипаты бойынша сапалы біртекті, өндірістік бағытталуға және қолдануға байланыссыз шығындар. Сондықтан, экономикалық элементтердің классификациясы кәсіпорынның өнім өндірісінің жалпы шығындарының негізінде жатыр.
Калькуляциялау статьялары бойынша шығындар классификациясы өндірістік бағытта, өндіріс үрдісінің пайда болу орнына байланысты және өнімді өткізу бойынша бөлулерді көрсетеді. Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарының классификациясына сәйкес, шығындар келесі топтар бойынша классификацияланады:
1) Тауарлы-материалдық корларды бағалауға мүмкіндік беретін және өндірген өнімнің өзіндік құнын есептейтін шығындар:
- өтіп кеткен шығындар – болашақта пайда әкелмейтін және жұмсалып болған қаржылар, бұрын сатып алынып, қазір қолда бар және болашақта пайда әкелетін шығындар;
- өндірістік және өндірістік емес шығындар;
2) Басқарушылық шешімдерді қабылдауға мүмкіндік беретін шығындар:
- тұрақты және ауыспалы шығындар;
- шығындарды есептегенде қабылдайтын және қабылдамайтын шығындар (яғни болашақ кезең шығындары және өткен кезең шығындары);
- алып тастауға болатын шығындар, альтернативті дұрыс бағытты таңдағанда, құтылуға болатын шығындар;
- алып тастауға болмайтын шығындар;
- альтернативті шығындар – белгілі бір альтернативті бағытты таңдағанда, басқа біреуінен бас тартуға тура келеді;
- өсімкі шығындар – қосымша өнім топтарының бірлігін шығарудың нәтижесінде пайда болатын қосымша шығындар (маржиналды шығындар – қосымша бір өнім бірлігін шығаруға кеткен шығындар);
Берілген классификация шекті шығындар және шекті пайда теңдеуінің ережесіне негізделе отырып, оптималды көлемді және бағаны анықтауға мүмкіндік береді.
3) Шығындардың деңгейін бағыттап және қадағалап отырумен байланысты шығындар:
- бағытталатын шығындар;
- бағытталмайтын шығындар.
Сонымен, өндірістік шығындардың теоретикалық бөлімін жалғастырайық. Тұрақты шығындар өндіріс көлеміне байланыссыз және нөлдік өнім көлемінде де бола береді. Бұл – кәсіпорынның алдындағы міндеттемелер (қарыздар бойынша проценттер және тағы басқалары), салық, амортизациялық төлемдер, күзет қызметіне төлемдер, жал төлемі, нөлдік өнім көлеміндегі құралдарға қызмет ету шығындары, басқару персоналының жалақысы, тағы басқалар.
2. НАРЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА КӘСІПОРЫНДАҒЫ ӨНДІРІСТІК ШЫҒЫНДАРДЫ ТӨМЕНДЕТУ РЕЗЕРВТЕРІ ТАЛДАУ
2.1 «ҚазАвтоЖол» АҚ қаржылық-экономикалық белсенділігін талдау
Достарыңызбен бөлісу: |