Орындаған: Рахимова г мамандығы : Арнайы педагогика: логопедия B01902 ( бакалавриат ) Курс: Тексерген



Дата11.11.2022
өлшемі440.85 Kb.
#464589
Инк.білім бер.мақсаты міндеті принципі Рахимова Г

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ Тақырыбы:Инклюзивті білім берудің мақсаты,міндеттері,негізгі ұғымдары мен принциптері. Орындаған:Рахимова Г Мамандығы :Арнайы педагогика: логопедия 6B01902 ( бакалавриат ) Курс: 2 Тексерген: Рахым Жұлдыз Алматы 2022

Инклюзивті білім берудің мақсаты: Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты балалармен бірге білім беру. Яғни адамның жынысына , дініне, шығу тегіне қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде білім беру жүйесі болып табылады. Инклюзивті білім беру- мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып-үйретудің бір формасы.

Инклюзивті білім берудің негізгі ұғымдары мен қағидалары. Инклюзивті білім беру дегеніміз балалардың жас ерекшелігіне,жынысына,қимыл-қозғалыстық және ақыл-есінің жағдайына,әлеуметтік жағдайына қарамастан сапалы білім алу, даму мүмкіндігін алу. Барлық балаларға мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді.Оқушылардың тең құқықтарын анықтайды,ұжымның іс- әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді. Адамдармен қарым- қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді.

Инклюзивті білім беру саясатының міндеттері мынадай:

  • Әрбір бала білім алуға құқылы және оны алуға тиіс.
  • Әрбір баланың дара қабілеттері, қызығушылықтары, қажеттіліктері және оқуға деген мұқтаждықтары болады.
  • Білім беру жүйесіне оң өзғерістер, яғни осы мұқтаждықтарды қанағаттандыру мақсатына орай өзгерту.

Инклюзивті білім берудің міндеттеріне орай, инклюзивті білім берудің негізгі 8 принципі туындайды.
1. Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады.
2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.
3. Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы.
4. Барлық адам бір-біріне қажет.
5. Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады.
6. Барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді.
7.Әрбір оқушы үшін жетістік кежетуөзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру.
8. Жан- жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.

Инклюзивті білім берудің негізгі принциптері Инклюзивті білім беру - жалпы орта мектептерде мүмкіндігі шектеулі балаларды дені сау балалармен бірге оқыту Инклюзивтік білім беру негізінде – Барлық адамдарға тең қарым- қатынас Балалар арасында дискриминацияны болдырмау, Арнайы білім беруді қажет ететін балаларға арнайы жағдай жасау.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет