Орындаған: Құрманғали Д. Е



Дата10.06.2022
өлшемі291.52 Kb.
#459109
түріДиплом
Дипломды Ж мыс та ырыбы Веб сайтты растыру ж не зірлеу


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі Қарағанды мемлекеттік технологиялық университеті инновациялық технологиялар колледжі
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Веб – сайтты құрастыру және әзірлеу
Мамандық: 1304000 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
Орындаған: Құрманғали Д.Е.
Тобы: КВТ 9/17 – 1
Тексерген: Жақсыбаева С.Р.
Қарағанды - 2021 жыл
Мазмұны
Кіріспе ..................................................................................................................2
1 Бөлім. Web дизайн, оған қолданылатын бағдарламалар
1.1. Web дизайнның пайда болуы.....................................................................4
1.2. Web дизайнға қойылатын талаптар...........................................................6
1.3. Macromedia Flash-тың пайда болу тарихы..............................................10
1.3.1. Іс-әрекет принципі..........................................................................11
1.3.2. Flash мүмкіндіктері.........................................................................12
1.3.3. Flash-тағы сценарийлер..................................................................15
1.3.4. Macromedia Flash ұстанымдары..................................................17
1.3.5. Macromedia Flash-ті web-те қолдану.............................................19
1.3.6. Macromedia Flash символдарын жасау және редакциялау.........21
1.4. Баннерге сипаттама..................................................................................33
1.5. PHP бағдарламалау тілі...........................................................................35
1.6. СSS және JavaScript-ты web-дизайнда қолдану....................................43
1.7. Macromedia Dreamweaver MX ..............................................................47
2 Бөлім. «talapker.kz» сайт жобасын жасақтау
2.1. Ұлттық бірыңғай тестілеу.......................................................................51
2.2. Сайтты құру этаптары. «talapker.kz» сайтының құрылымы................52
3 Бөлім. Жобаның техникалық-экономикалық сипаттамасы
3.1. Жобаның техникалық сипаттамасы.......................................................57
3.2. Жобаның экономикалық сипаттамасы...................................................58
4 Бөлім. Еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігі
4.1. Компьютерде жұмыс жасау кезіндегі қауіпті және зиянды өндірістікфакторларды талдау...........................................................................................61
4.2. Компьютерде жұмыс жасау кезіндегі физикалық қауіпті және зиянды өндірістік факторлар..........................................................................................66
4.3. Психофизиологиялық қауіпті және зиянды өндірістік факторлар......69
4.4. Өрт қауіпсіздігі........................................................................................70
Қорытынды..................................................................................................72
Қолданылған әдебиеттер.................................................................................74
Қосымша......................................................................................................76

Кіріспе
XXI ғасыр ақпараттық технологиялар ғасыры. Ақпараттану адам өмірінің бір бөлігіне айналды. Әсіресе адамның интеллектуалды өмір ортасына, білім жинау, тарату мен қолдануға әсері орасан. Еліміздегі білім беру саласы да жаһандық ақпараттанудан қалмай, бірге дамып келеді. Алайда интернет ресурстарына көз жүгіртсек, қазақ тіліндегі сапалы сайттардың өте аз, тіпті жоқтың қасы деп айтуға болады.


Мемлекеттік грант иеленіп, жоғарғы оқу орнына түскісі келетін оқушы Ұлттық Бірыңғай Тестілеу тапсыру керек. Ол мектепте алған білімін тексеру үшін арнайы сынақ тест тапсырады, оның нәтижесін де ұзақ күтеді. Және қазір мектеп оқушыларына дейін ғаламторды жақсы меңгерген, қажет материалдарын оңай іздеп табады. Мектеп бітіруші түлектерге арналған «talapker.kz» сайты уақытты үнемдеп, бір жерден бірнеше пайдалы ақпарат алып, сынақ тестісін өтіп, өз-өзін тексеруге керемет мүмкіндік береді. Сайттың артықшылығы:
Оның мобилдігі;
Интернет арқылы байланыстың әркімге қолжетімдігі;
Материалдардың жаңаланып толықтырылуы;
Сынақ тест тапсыруда уақыт пен ақшаны үнемдеу;
Екі тілде болуы( қазақ және орыс тіліндегі оқырмандарға арналған);
Ыңғайлы навигация және көркем web-дизайн.
Объектіні зерттеуге қолданылғанбағдарламалар – Macromedia Flash, Dreamweaver MX, Javascript және ActionScript .
Зерттеу тақырыбы – Web-дизайн көмеімен талапкерлерге арналған «talapker.kz» сайтын құру.
Мақсаты: мектеп бітіруші түлектерге пайдалы, креативті дизайнды сайт-көмекші құрастыру.
Ол үшін мен алдыма мынандай мақсаттар қойдым:
1. Жобама байланысты материалдар жинақтау
2. Macromedia Flash, Dreamweaver MX бағдарламалары арқылы сайт дизайнын көркемдеу.
3. Javascript және ActionScript бағдарламалары арқылы сынақ тест және навигация батырмалары үшін скрип жазу.
4. Сайтты материалдармен толықтыру.
5. Қазақ және орыс тілінде нұсқалар жасап, сайт жобасын аяқтау.

1 Web дизайн, оған қолданылатын бағдарламалар


1.1 Web дизайнның пайда болуы
Web дизайн тарихы 1991 жылы алғашқы web-сайттың пайда болуынан басталды. Оның құрастырушысы Тим Бернерс-Ли өз сайтында HTTP мәліметтерді тасымалдаушы, URL адресациялау жүйесі, HTML гипермәтіндік бейнелеу тілі негізіндегі World Wide Web жаңа технологиясы туралы жазды. Бұл ашылу ақпараттық технологиялардың дамуына үлкен септігін тигізді. Әлемдегі бірінші сайт алғашқы интернет-каталог та болды, кейін Тим Бернерс-Ли оған басқа сайттарға сілтемелер тізімін орналастырды. Сөйтіп виртуалды шындықтың үшөлшемді кеңістігінің танымалдығы арта берді. Өзіндік мақсат қуған жаңа сайттар пайда болды. Технологиялардың дамуы сайттарды жетілдіре түсті, web-беттің көркемделуіне үлкен көңіл бөліне бастады. Сурет графикасы әдемі, сапалы жасалуы бағалана бастады. Осылармен бірге web дизайн дами түсті. Web дизайн түсінігіне сайттың шаблонын жасау және оны графикалық көркемдеу жатады. Қазіргі таңда web дизайн өзіне бірнеше мақсат қояды: қолданушыда объект бейнесін оң қабылдату, сайт құрылымының қарапайымдылығы мен анықтылығы, қолданушы интерфейсінің оңай түсінігі, навигациялық жүйенің ыңғайлылығы және т.б. Осы мақсаттарға жету үшін сайтты құрастырушы компьютерлік графикамен жұмыс жасайтын программа-құралдарының кең таңдауын, html- және java кодтарын қолданады. Бұл оның әлі де даму үстінде екенін көрсетеді.
Webдизайн білім мен өнердің қосылысы. Оның негізгі аспектілеріне бес облыс кіреді.
Мазмұны. Мұнда сайт мазмұнының қалыбы мен ұйымдастыруы кіреді. Мүмкін болар диапазон-мәтіннің қалай жазылғанынан HTML гипермәтіндік технология көмегімен қалай ұйымдастырылғаны, берілгені және құрылғанына дейін.
Көрінетін бейнелері. Бұл сайттағы экран кеңістігінің құрылуына қатысты. Құрылу әдетте HTML, CSS немесе Flash көмегімен жүреді және көркемдік не навигация қызметін атқаратын графикалық элементтерден тұрады. Сайттың көрінетін бейнелері- web дизайнның негізгі аспектісі, бірақ ең маңыздысы емес.
Технология. Оған бағдарлама көмегімен құрылған түрлі интерактивті элементтер кіреді. JavaScript сияқты клиент жағында жұмыс істейтін сценарий тілдерінен Java-сервер секілді серверлік қосымшаға дейін элементтер болуы мүмкін.
Жеткізу. Internet желісінде сайтты жеткізу жылдамдығы және бас тартпау бағдарламалық қамтаманы және желілік архитектура көмегімен байланысты.
Тағайындау. Сайттың қандай себеппен құрылғаны web дизайнның негізгі бөлігі болып табылады. Экономикалық сұрақтармен байланысты болғандықтан, басқа облыстарға қатысты кез келген шешімді қабылдағанда осы элемент ескеріледі.
Әрине, web дизайнның әрбір облысының сайтқа әсері құрылатын сайттың типіне тікелей тәуелді. Мысалы, жеке бетте Internet-дүкенге тән экономикалық түсінік болмайды. Өндірістік кәсіпорынның ішкі желісінде шым-шытырық фильмдерді жарнамалайтын сайттағыдай көрінетін бейнесі де болмайды. Осылайша графикалық дизайн, бағдарламалау, желіні ұйымдастыру, қолданушы интерфейсін жобалау, қолдану ыңғайлылығы және басқа да көздерден тұратын web дизайн мультипәндік облыс болып табылады.
1.2 Web дизайнға қойылатын талаптар
Web дизайн – сайтты дайындаудың алғашқы этапы. Ол көбіне Adobe Photoshop немесе Macromedia FlashMX бағдарламасында орындалады, web дизайнның кейбір элементтері CorelDraw немесе Adobe Illustrator векторлы графика, 3Dmax, Maya, LightWare үшөлшемді моделдеу бағдарламаларынан импортталынады.
Бірақ web дизайн-тек сайттың көркемдік жағыемес, оның қолданушыға ыңғайлы болуы – тұрақты қолданылатын элементтердің айқын ерекшеленуі, мәзірдің түсінікті болуы жатады. Сондықтан сайттың дизайны бірнеше талаптарға жауап беруі керек:
1. Web дизайн компанияның имиджін ерекшелеп көрсететін стильді болу керек.
2. Web дизайн команияның фирмалық стилімен үндесуі керек.
3. Web дизайн қолданушыға қолайлылық сезімін тудыру қажет, бетте мәтіннің дұрыс құрылуы, суреттердің ыңғайлы орналасуы және ойластырылған түстердің үйлесімділігі осыған септеседі.
4. Web дизайн қолданушы сайтта басқару элементтері мен навигацияны іздетпегені дұрыс – мәзір анық та түсінікті болу керек.
5. Web дизайн сайтта жарнамаланатын тауар, қызмет көрсету және ақпаратқа сәйке болу қажет.
6. Web дизайн «жеңіл», яғни сайт беттері ұзақ жүктелмеу керек.
Web дизайнда анимация жиі қолданылады. Анимацияланған суретті құрған кезде оның «салмағын» ескерген жөн. Олар ұзақ жүктеліп, қолданушының сіздің сайтынызбен жұмысын қиындатады. Әрине, анимацияланған суреттер статикалық суреттеге қарағанда көбірек көңіл аудартады, оларды мақсатпен және үнемді қолданса нұр үстіне нұр.
Web дизайн қалай құрылады? Web дизайн – бұл сайт жобасының бір бөлігі ғана. Жалпы сайтқа техникалық тапсырма қойылады. Онда web дизайнға негізгі талаптар, беттегі басты элементтердің орналасу схемасы құрылады. Осыдан кейін техникалық тапсырма дизайнерге беріледі, онымен бірігіп дизайн концепциясы жасалынып бекітіледі. Бұл негізгі беттің дизайны, ол барлық сайтқа бірдей стиль береді. Сайттың web дизайн жобалау мен іске асыру бірнеше күннен бірнеше жұмаға созылуы мүмкін.
Қазіргі таңда web дизайнға креативті, ерекше болу талабы қойылады. Себебі онда, жоғарыда көрсетілгендей өнер, маркетинг, технологиялар қиылысады. Негізгі бетке флеш-ролик, компанияның соңғы жаңалықтарын, логотипті сурет, бөлімдердің қысқаша сипаттамасын орналастыруға болады. Web дизайнда визуалды қабылдау үлкен рөл атқарады. Экранның әртүрлі жерінде орналасқан элементтер ақпаратты көру және психологиялық қабылдауға әртүрлі әсер етеді. Экранның сол жақжоғарғы бөлігінде көп қолданушыға таныс логотип орналасады. Ал жаңа бастаған фирмалар логотипін оң жақ жоғарғы бөлікте орналастырса, қолданушы оны тез және оңай жаттайды. Беттің жоғары жағының web дизайнын фотосурет, басқа графикалық суреттермен безендіру керек. Web дизайн құрғанда кейбір нәрселерге назар аудару қажет. Суретке тышқан сілтемесін жақындатқанда көмекші сөз шыққан дұрыс. Бұл қолданушының сайтпен жұмыс жасауын едәуір оңайлатады. Гиперсілтемелер жалпы мәтіннен ерекшеленіп, анық бейнелену тиіс. Ал шрифт өзгере алатын болу керек. Бұл мониторларының өлшемі әртүрлі болатын қолданушыларға арналған. Тышқанды қолданбайтын қолданушылар үшін табуляция клавиштерінің көмегімен бетте логикалық тәсілмен қозғалатын арнайы бағдарлама орнатуға болады. Бұл web дизайнын сапасын арттыра түседі. Тауарды жарнамалайтын сайттарда тауар бағасын суреттердің астына, ал адрес, сандық ақпараттарды беттің төменгі оң жағына орналастырғаны жөн. Баннер төменгі сол жақта орналасса үлкен танымалдыққа ие болады. Web дизайн кітап, газет немесе журнал баспасының полиграфиялық дизайны секілді маңызға ие. Оның қысқа да нұсқа мағынасы – веб-беттің әдемі, көз тартарлық бейнелеуі бірнеше мақсат көздейді: бұл жақсы имидж қалыптастыру, клиенттердің сенімін күшейту, ақпаратты, қызмет көрсету мен тауарды сатуды көбейту. Web дизайн тартымды да пайдалы болу үшін оны құру кезінде оған қандай тапсырма жүктелетінін, осы облыстағы бәсекелес сайттарды зерттеу, клиенттің жұмыс стилі, қандай мақсатты аудиторияға арналғанын білу міндетті.
Графиканы құру және оптимизациялау – күрделі жұмыс. Web-бетті графика құрмай-ақ шрифт, скрипт, стиль кестесі (CSS) көмегімен көрнекі етіп жасауға болады. Алайда құжаттың нәтижесіне көптеген факторлар әсер етеді: браузер терезесінің көлемі, үнсіздік бойынша алынған шрифт, түсі және аты. Сонымен қатар, кей скрипт пен стилдер барлық браузерлермен ұстана бермейді. Ал егер сіз графиканы қолдансаңыз, колданушы бетті дәл сіз құрғаныңыздай көреді. Web-графикамен жұмыстың басты қиындығы-Интернет каналдарының өткізуқасиетінің төмендігі болып табылады. Сондықтан сіз графикалық файлдың көлемі аз, бірақ сапалы болуын және оны оптимизациялауда қандай программалар қолдану қажеттігін қадағалауыныз қажет.
Векторлы және растрлы графикалық редакторлар епті қолда қуатты құрал бола алады. Растрлы суретте әрбір пикселдің анықталған орны мен түсі бар, мұнда әрбір объект программаға боялған пиксел жиынтығы ретінде көрінеді. Бұл қолданушы растрлы суреттермен жұмыс жасағанда нақты суретпен емес, пикселдер тобымен жұмыс жасайтындығын көрсетеді. Растрлы суреттер түс градациясын және жартытондарды дәл береді, суреттің жоғарғы детализациясын қамтамасыз етеді. Сол себепті олар тонды суретті берудің (фотографияны сканерлеу) оптималды құралы болып табылады. Растрлы графикада пикселдердің бекітілген көлемі қолданылады. Бұл суретті өзгерту (бұру, үлкейту) кезінде бейненің бұрмалауына және объект шекараның қисық болып шығуына алып келеді.
Ал векторлы графика математикалық фигура – векторлар негізінде құрылып, координатасы, түсі және басқа параметрлі қисық және боялған шектелген облыстардан тұрады. Векторлы суретті файл қисықтың координатасы мен параметрлерінен құрастырылады. Оларды өзгерткенде сапа төмендемейді. Векторлы графика ұсақ кеглдер (шрифттар) қолданған цифрлы объектілер және анық контур қажет логотиптер жасауда пайдаланылады.
Adobe Photoshop – растрлы графиканы профессионалды өңдеудің ең қуатты пакеті. Әртүрлі фильтрлер мен эффекті жиынтығынан тұратын, растрлы суретті модификациялаудың көптеген мүмкіндіктерінен құралған үлкен кешен болып табылады.
Web-беттің қалай құрастырылу принципін түсінгеннен кейін, олардың әрқилы мақсаттарда қолданатынын білеміз. Сол себепті қазіргі таңда Web-дизайнға көп көңіл аударылады, өйткені желідегі қайсібір ақпараттық ресурстың танымалдығы тікелей соған байланысты. Web-дизайнердің жалақысының жоғары болуының себебі де сол. Web-бетті құрушы адам, өзінің білімін шығармашылық потенциалымен ұштастырады. Көз сүйсінерлік Web-бетті жасап шығару үшін суретші әрі программист қасиетіне ие болу шарт.

1.1. MacromediaFlash-тың пайда болу тарихы.


Web қосымшаларын жасаудағы басты қиындық беттің көлемі және интернет броузерлердің сыйымдылығы болып келеді. Macromedia корпорациясы Web-та барлық ақпарат түрлерінің соңғы жаңалықтарын қолдануға тырысты.
Macromedia Flash - өте қуатты, сонымен қатар қолданыста қарапайым, интерактивтілікті ұстанатын векторлы графика негізінде анимациялық жобалар жасаудың құралы. Flash суретшілер мен дизайнерлер үшін web-жобаны анимация және дыбыспен толықтыруда таптырмайтын жұмыс құралы болып табылады.
Flash-ты Web стандарт ретінде келісім жасалғалы, ол HTML-мен оңай интеграцияланды.
Алғашында бұл программа Splash Animator деп аталды және белгісіз Future Animation фирмасымен мультфильм жасау мақсатымен сатылды. Аниматор-суретшілерге арналып, кең қолданыс таба алмады. WWW қосымшалары танымал бола бастаған кезде Macromedia секілді алып фирма оған көңіл аударып, сатып алды да Flash деп атын өзгертті. Flash құрастырушылары жобаны жасауды оңайлату және автоматтандыру үшін программа интерфейсін өзгертті. Өзгеріс тек сыртқы бейнені ғана емес, құрамына да тарады. Flash-та интерактивтілік түсінігі Action Script (Іс-әрекет) сценарийлерін қолдану арқылы кеңейді. Ол электронды дүкендерді алғаш құрастырушы behaviors (интерфейс элементтерінің орнын ауыстыру, логика және математика) күрделі іс-әрекет стилін құрастыруға мүмкіндік береді. Осы себепті программа Web-өңдеушілерінің арасында кеңінен қолданып, аниматор маманға керемет көмекші бола алды.
1996 жылы пайда болғаннан кейін Flash көрнекі мультемидийлік Web-бет құрастыруда стандарт болды. Мысал ретінде Citibank, Fox, PepsiCola, Paramount, Plymouth, Chrysler, Nestle және Warner Bros серверлерін көрсетуге болады.
Flash-та жұмыс жасау үшін программалаудың маманы болып қажет емес, бұл JavaScript, Java немесе HTML кодтарын жазбай-ақ интерактивті Web-түйін жасауға мүмкіндік береді.

1.3.1. Іс-әрекет принципі.


Интернетте кез келген Web-беттің негізін құжатты белгілеу және гипертексті ақпарат беруші HTML тілі құрайды.
Flash технологияHTML орнын баспағанмен, қазіргі таңда Flash көмегімен толыққанды бет-ролик жасап шығаруға болады. Macromedia Flash қолданатын көптеген беттерде HTML мүлде жоқ сияқты, мұнда HTML-код Flash арқасында минимумға әкелінген. Код мағынасы – Flash-клиптің дұрыс орналасуы. Аяқталған бір беттің түрін қарастырсақ:

Web-бет=HTML+Flash

Flash Action Script-ты қолданғанда, бұл формуланы JavaScript толықтырады.
CGI орындай отырып, Flash қайсібір параметрлерді бере алады. Сонымен қатар, CGI Flash-тан шақырылып, әрекет орындап, жауап ретінде алдын-ала әзірленген Flash-клипті көрсетеді. Flash-технологияны қолданудың ең дұрыс шешімі – толыққанды HTML-құжатты кішігірім клиптермен көркемдеу. Көптеген танымал сайттар сәннен қалғылары келмей, осы жолды таңдады. Осындай сайттарға енген қолданушы не Flash-ролик әрекеттерімен сүйсініп, не оны фон ретінде қабылдайды. Бұл жерде Flash-клиптер анимацияланған GIF секілді қолданылады және бүкіл сайт үшін өмірлік маңызы болмайды, осындайда жаңа формуланы пайдалана аламыз:

Web-бет=HTML+DHTML(JavaScript/VBScript,CSS)+Flash+CGI


Flash Web-беттің сәнді қосымшасы ролін атқарады.
1.3.2. Flash мүмкіндіктері.
Macromedia компаниясы Flash-ты шығара отырып, көптеген қуатты идеялар мен технологияларды бір программаға біріктірді, сөйтіп қолданушыға Web арқылы мультимедиялық презентацияларды көруге мүмкіндік берді.
Векторлы графиканы қолдану.
Графикалық режимді үнсіздік бойынша қою Flash-ты Web өңдеу үшін теңеусіз құрал етеді. Векторлы графика – бұл өлшем, форма, түс, шекара, орналасуы жайлы ақпараттан тұратын математикалық теңдікпен не векторлармен анықталатын объектілер. Күрделі суреттердің өзімен жұмыс жасаған кезде кішкентай өлшемді файл алудың бірден-бір мүмкіндігі. GIF пен JPEG секілді растрлы форматтан өзгешелігі, векторлы суреттер – графика, текст, схема және анимация SWF (Shock Wave Flash) форматты ықшам файлдарға оңай экспортталады, осы файлдар желіде отырып-ақ кәдімгі броузер көмегімен ағымды ойнай алады.

Symbol Conversation технологисы


Flash-тың күрделімультемедиялық презентациялар құрғанда файл көлемінің азғантай болуының себебі бар. Векторлар, растрлы суреттер, дыбыс бір жобада бірнеше рет қолданғандықтан, Flash өзінің ішкі Symbol Conversation функциясының арқасында объектінің бір экземплярын жасауға мүмкіндік береді, оны жаңасын құрмай-ақ бірнеше рет қолдана аласыз. Бұл жобаның көлемін біршама азайтады.
Қосымшаға кітапхана – Library құрылды. Ол барлық қолданылатын константалар: салынған символдар, импорталған графика мен дыбыс тізімінен тұрады. Кітапхана көмегімен қай кадр не қабатта болғанына байланыссыз кез келген элементке баруға болады.
Түстік палитраны, градиенттік құйылуларды басқа графикалық қосымшалардан (Macromedia Fireworks және Adobe Photoshop) экспорттауға (импорттауға) болады, бұл сайттағы түстің өзгермеуіне септеседі. Палитра .fla файлда сақталады және .swf экспортаушы файл көлеміне байланысты емес. Үнсіздік бойынша Flash web-safe палитрасын қолданады.
Symbol Conversation технологиясының қасиетін пайдаланып, Flash-жоба кезінде мәліметтер енгізуге болатын текстілік өріс құруға болады, ол қолданушылардан әртүрлі мәліметтер: пароль енгізуге, регистрациялық, сұраулы мәліметтер жинауға қолданылады. Бұл толыққанды web-сайт құрудың жаңа қадамы. Сонымен қатар, өрістер мәтінді динамикалық ауыстыруда пайдаланылады. Бұл қасиет үнемі жаңаланып тұратын ақпаратты: биржалық, спорттық, ауа-райы болжамы жазғанда қолданылады. Қолданушы мәтіндік өрісті құрғанда оған айнымалы береді. Айнымалыларды роликтің әртүрлі сахналарына, server-side қосымшасына көшіруге болады.
Мәліметтерді ағынды режимде жіберу
Flash-тың web-қа арналған мультимедиасының тез жүктелуі үшін негізгі факторы - мәліметтерді ағынды режимде жіберу. Басқа артықшылықтарына қарамастан, бұл қасиетінсіз Flash желіде тиімді бола алмас еді.
Мәліметтерді ағынды режимде жіберу – қажеттіліктен туындаған технология мысалы. Ол пайда болғанша байланыстың шектеулі жылдамдығы кесірінен қолданушылар файлдарды олардың құрамы компьютерге толық жүктелгенше қарай алмайтын еді. Алайда, құрастырушыларқолданушылардың әрбір байтты бірден қабылдамай-ақ, жоба мазмұнын біртіндеп түсіне алатынын ұғынды. Ағынды мүмкіндік дыбысты, анимациялы және растрлы үлкен файлдар бірден бейнелене бастауын көрсетеді.
Дыбыспен жұмыс
Web-сайтты фондық әнмен дыбыстау көп таралмаған, бірақ кейде қолданылады. dhtml, html не басқа стандарттардың дыбыстық файлдармен тығыз интеграцияланбайтыны дәлелденген. BGSOUND немесе EMBED тегі арқылы қосылатын фондық дыбыс mid не wav форматына ие болады. Бірінші форматты қолданғанда беттің шынылдайтыны байқалған, алайда көлемі бойынша mid Интернетке сәйкес. Яғни, сапасы төмен. Ал wav форматты дыбыстардың сапасы жақсы, бірақ бетте ұзақ жүктеледі.
Flash-тың пайда болуына байланысты бетті әнмен әрлеушілер бетке көп көрінбейтін Flash-клипті орналастырады, ол бір дыбыстық фрагментті шексіз қайталай береді. Бұл кезде сапа/көлем орташа деңгейде қалады.
Дыбысты қадағалау әрбір кадрға байланысты. Flash дыбысты бірнеше тәсілмен шығарады. Ол уақытқа тәуелсіз немесе дыбыс жолы бар анимацияны синхрондау арқылы. Әрбір каналдың дауыс деңгейін ауыстыруға да болады, дыбыстың жайлап көтерілуі не төмендеуі секілді. Сонымен, Flash дыбыстың екі типін пайдаланады – оқиғаға байланысты (event sounds) және ағынды(stream sounds). Олардың ерекшелігі: біріншісі толық жүктелуі қажет, екіншісі алғашқы кадрларды дыбыстайтын мәліметтер жүктелісімен жұмыс жасайды. Экспорттаушы .swf файлға 8-ден 160 kBps дейінгі компрессия деңгейі әсер етеді, ол Publish Settings терезесінде көрсетіледі. Flash AIFF, WAV және MP3 форматындағы дыбыстық файлдарды экспорттайды.
1.3.3. Flash-тағы сценарийлер
Адамды қозғалыс пен әрекеттілік өте қызықтырады. Автордың интерактивтілікке шығармашылық жақындауынан туындайтын қосымшаларды Flash ұсына алады. Батырманы құрайды, оларды басқанда ақпарат беріледі және дыбыс шығарады немесе фильмді жобаның басқа жеріне ауыстырылады. Сол себепті жобадағы презентациялар белгілі бір тәртіппен немесе қолданушы көрсеткен жол бойымен жүреді. Проектіні саналған әрекеттермен болуы және ақпаратты өңдеу үшін “ActionScript” сценарийлер тілі қолданылады.
Action Script Flash-тағы негізгі программалау тілі ретінде қарастыруға болады. Оның көмегімен жобаны әртүрлі мақсат орындайтындай етіп программалай аламыз. Басқа программалау тілі секілді Action Script терминдері мағыналық жүктеуді анықтайды , реті- қисынды құрылымды , ал тыныс белгілер – контекстіні.
Flash-та интерактивті элементтерді өңдеу үшін үш негізгі компонент қолданылады: анықталған іс-әрекетті тудыратын жағдай (event), бір жағдайдан туындайтын әрекет (action), әрекетті өзгертетін мақсатты объект (target).
Жобадағы әрекетті орындайтын интерактивті функцияның логикалық схемасы келесі түрде орындалады:
Жағдай – жобадағы қайсібір әрекеттің бастамашысы. Flash-та жағдайлар мынандай түрлерге бөлінеді:
1. Пернетақта/тышқан жағдайлары – бұл жағдайды қолданушы жасайды.
Кадрлар жағдайы – егер Flash-ролик жүрсе, қажет кадрға жеткенде жағдай ойналады.
Айнымалылар жағдайы – белгілі бір уақыт интервалы өткеннен кейін немесе айнымалы мағынасы жағдай жоспарланған шартқа жеткенде ғана орындалады.
Мақсатты объект – жағдайдан туындаған әрекет жүретін объектінің өзі. Мақсатты объектілер төрт негізгі типке жүреді:
Ағымдағы жоба және оның қасиеттері
Басқа жоба және оның қасиеттері (егер жоба негізгі жоба ішінде орналасса)
Жобаның графикалық элементтері (батырма, рамка, фон және т.б.)
Сыртқы қосымшалар (Интернет броузер)

Жағдай – мақсатты объектіге орындалатын жағдайлар. Action Script-та жағдай жағдайлардан, мақсатты объектіге сілтемеден және орындалатын әрект параметрінен тұрады. Параметрлер объекті қасиетін өзгерту үшін және математикалық, логикалық теңдеулерді шешу үшін пайдаланылады.


Объектілер мен экземплярды идентификациялау үшін Action Script сценарийлеріне беріледі, бұл Action Script көмегімен бөлек объектілерді басқаруда қолданылады.
Flash-тың соңғы версияларында Action Script көмегімен жобаны басқаруға көптеген қосымша мүмкіндіктер қосылған. Енді Flash web-сайт үшін тек әдемі фон ғана емес, күрделі web-сайттарды өңдеу үшін толықфункционалды құрал.Flash жай статикалық бет немесе көпмақсатты сайттар: Интернетте сату, электронды пошта және чат жасау үшін қолданыла алады.
1.3.4. Macromedia Flash ұстанымдары
Егер графика салу құралдарын және web дизайн редакторларын жақсы білсеңіз, flash-проектті құру процесінде flash-тің оларға қарағанда артықшылығын бірден байқайсыз. Олар:
1. Бірден көп шығатын элементтерге арнайы белгі қолдану;
2. Қозғалыс арасындағы сәттерді автоматты түрде көру үшін қозғалу әрекетіндегі кадрларды қосу (motion tweens) қолданылуы. Ол проектті жасауды жеделдету үшін қолданылады;
3. Объектті трансформациялау әрекетіндегі кадрларды қосу (shape tweens);
4. Сызықтардың түрлі типтерінің санын қысқарту (пунктир, нүктелер және т.б). Кистпен жазуға қарағанда қарындаш құралымен салынған сызықтар жадыда аз орын алады;
5. Клип объектілерін бөлу үшін қабаттарды қолдану;
6. Векторлық графика объектілеріне айналдыру арқылы түрлі шрифт пен стильдердің санын қысқарту;
7. Ең жоғары сапалы және үнемді мр3 дыбыстық форматын қолдануы;
8. Фон мен объектілерді бояйтын статикалық элементтерге арналған растрлық бейнелеудің анимация мүмкіндіктерін қолдану;
9. Сценарийлерді қолдану (Actions Script). Оны тіпті киноның бөлек кадрларына қоюға болады;
10. Әр түрлі қабаттарда объектілерді топтау мүмкіндігі;
11. Бір объектінің түстік эффектілерін өзгерту үшін кірістірілген құралдарды қолдану;
12. Броузер түсімен айырмашылығын болдырмау үшін web-safe палитрасын қолдану;
13. Керек объектіні жылдам тауып және оның қасиеттерін өзгерту үшін Library проектті басқару компонентін қолдануы;
14. Бұрын жасалған проектті қазір өңделіп отырған проектіге қосу мүмкіндігі.
1.3.5. Macromedia Flash-ті web-те қолдану.
Қолданушыдан арнайы кеңею модулін (plug-in) сұрау сияқты кемшілігіне қарамастан, flash-ті қолдану амалдары өте көп. Flash проект арқылы web-бетті стильді және тартымды жасауға болады, flash баннер арқылы қарапайым анимацияланған GIF-ті көрсетпей тастайды, ал flash-клипті (оның ішіндегі қалаған әрекетті) дыбыстандыруға болады. Осы себептерменMacromedia Flash технологиясын қолданғын келеді. Бұл технологияны қолдану амалдары келесі объектілер арқылы көрсетіледі:
Flash баннер
Flash-ролик түріндегі басты элемент
FlashMovie түріндегі бет
HTML-құжаттағы дизайн элементтері
HTML-бетіне фондық дыбыс (мр3 форматында)
Macromedia барлық өзінің өнімдерін flash форматындағы оқыту мысалдарымен және ұйымдасқан анықтамалық жүйесімен жабдықтайды. Ол арқылы мәтінмен және текстпен жұмыс жасауды, flash-презентация жасауды, дыбысты синхронизациялау және батырма істеуді үйренуге болады.
Macromedia барлық негізгі операциялық жүйелерге және броузерлердің барлық типтеріне flash-әуен ойнатқыш шығарды, ол Internet-ті кросс-платформдылықпен қамтамасыз етті және бұл технологияны танымал етті. Желідегі соңғы сауалнамаға қарағанда қолданушылардың 80%-ы web-сайтты flash-те қосымша программалық қамтамасыздандырусыз алады және тек 61 %-ы Java-элементтерімен web-беттер. Бұл жағдай flash-ке арналған әуен ойнатқыштың Macromedia кодын ерікті түрде лицензиялауды керек етті, бұл қадам арқылы жаңа ұрпақтың web-қосымшаларында swf форматын қолдану жеделдейді.
Flash-технологиялар – мультимедиялық ақпарат облысындағы көптеген мықты технологиялық шешімдерін өзіне қосады және Macromedia компаниясымен шығарылды. Flash-программаның негізгі құралы ретінде векторлық графиканы алуы мультимедианың барлық негізгі элементтерін (қозғалу, дыбыс, видео, объектілер интерактивтілігі) іске асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар дайын программаның көлемі минималды және олардың жұмысының қорытындысы қоданушының экранына қарамайды – ал бұл интернет-проекттерге қойылатын ең негізгі талаптардың бірі.
Flash-технологиясын қолдануының басқа мысалы – интерактивті локальді презентация жасау. Flash-тің ең басты артықшылығы – аз көлемді, әсем анимацияланған, динамикалық иинтерактивтік беттерді дайындау мүмкіндігі, ал оны интернетте қолдануға өте қолайлы. Мұның бәрі векторлық графика және ақпаратты сығудың мықты алгоритмдері арқылы жүзеге асады. Flash-тің тағы бір мүмкіндігі – серверге арналған сұраныстықұру үшін форма қолдану, ол арқылы мәліметтер базасына қосылуға мүмкіндік болады.
Flash-технология XML-мен жақсы жұмыс жасайды, ол проектпен жұмысты оңтайландырады. Бастапқы flash-роликті өзгертпей-ақ программист көрсетілген мәтінге өзгертулер енгізе алады. Flash-анимацияны құру кезінде программист қолданатын негізгі объект – кадр. Белгілердің, сілтемелердің, айнымалылардың мықты ішкі жүйесінің қолданылуы арқылы кадрлар жиынтығын бірнеше рет көрсету мүмкін, ол нақты айнымалылар мағынасына байланысты болады. Солай программаның көлемі және жүктелу уақыты үнемделеді.
Тағы бір айта кететін жағдай, web-беттерді анимациялау басқа технологияларына қарағанда, flash-технологияны қолданғанда экранның өлшемі мен беттің өлшемдерінің келіспеушілік сұрағы туындамайды. Экранда объектінің размерін процент арқылы көрсетіп, біз flash-объектінің өлшемін аламыз. Мұнда тек векторлық графика өлшемдері ғана емес, кірістірілген графикалық бейнелер де масштабталады.
Фотосурет, дыбыстар, видео, векторлық графика – барлығын да flash бір .swf кеңейтілген файлға сыйдырады. Мұның барлығы программисттің жұмысын жүктемені басқару мүмкіндігі арқылы жеңілдетеді. Ал қолданушы, мысалға, бірден басты элементті және жүктеме бітетін уақытты көре алады.
Әрине, flash-тің кемшілігі де бар: flash-ролик қаралатын компьютердің ресурстарына қойылатын талаптар жоғары. Анимациялық ойнатқыш процессордың көп ресурстарын алады, ал ролик көрсету жылдамдығы экран өлшемдеріне байланысты. Бірақ та flash-роликті көрсету программасы барлық компьютерлерде жасайды. Бұл программа жедел жадының көлеміне, процессор типіне қарамайды. Жұмыстың жалғыз айырмашылығы жылдамдық болады. Енді flash-технологиямен қалай жұмыс жасау керектігіне қысқаша тоқтала кетейік.
1.3.6.Macromedia Flash символдарын жасау және редакциялау.
Символ – бұл фильм кітапханасына тіркелген және мүмкін басқа фильмда бір немесе бірнеше рет қолданған объект (фильм элементі).
Символ данасы (экземпляр) – бұл оның көшірмесі, үстелге орналастырылған немесе басқа символ құрамына қосылған.Символ данасының түпнұсқадан түспен, мөлшерімен және тіпті үлгімен жеткілікті түрде айырмасы болады. Мұндай кезде данаға енгізілетін өзгертулер түпнұсқаға әсер етпейді. Сонымен қатар, кез–келген түпнұсқаны өзгертулер даналардың орналасуына тәуелсіз өзгертулерге әкеледі.
Символдарды әдеттегі объектілермен салыстыру артықшылығы, оларды қолдануда фильмнің өңделу процесін тездетеді және оның мөлшерін кемітеді. Сонымен қатар, тек символдардың негізінде фильмнің интерактивтік элементтері жасалынуы мүмкін.
Символдардың үлгілері
Flash-та үш негізгі символдар үлгісі бар:
графиктік символ (graphic symbol) статикалық немесе бейнелеуді анимациялау үшін фильмде қолданылады. Оның сипаттамасы негізгі фильмнің уақытша диаграммалары көмегімен жазылады. Графиктік символға интерактивтік басқару құралдары және дыбыстық қосымшалар кірмейді;
символ - батырма (button symbol) фильмға интерактивтік батырмаларды қосуға арналған, пайдаланушы әрекеттерін орындау және фильм бейнелеуін басқару. Бұл мақсатпен символ-батырмаға белгіленген, ол орындайтын және осы әрекетпен (Actions) тапсырманы инициализациялайтын тапсырма (events) болуы мүмкін. Сонымен қатар, батырмамен дыбыстық қосымша байланыста мүмкін;
символ - клип (movie clip symbol) фильм кітапханасына қайта қолданылатын анимацияны қосу үшін қызмет етеді. Негізгі фильмнің уақытша диаграммаларынан тәуелсіз, әрбір клиптің өзінің меншікті уақытша диаграммасы болады. Клип өзінің меншікті интерактивтік басқару элементтерін сақтай алады, сонымен қатар клиптар құрамына салынушы төменгі деңгей көп. Басқа жағынан, батырма клипты «жандандыруға» мүмкіндік береді.
Сондықтан кез-келген символдың айырмалық ерекшелігі – бұл кітапханамен байланысы, онда символдардың жиынтығына тағы төрт түрлі фильм элементтерін қосуға әбден болады:
дыбыс;
импорттанған растрлық бейнелеу;
әріп – символ;
видеоклип.
Бұлардың сыртқы қайнардан импортталған кез-келген элементтері, фильм кітапханасына автоматты түрде орналаса бастайды және содан соң фильмде өз бетімен бірнеше рет қайта-қайта «көбею» қажеттілігінқолданады.
Символдарды жасау
Символдар екі баламалық тәсілмен жасалынады: не бірқатар объекті алдымен жасалынады, содан соң символға өзгертіледі, не «бос» символды дайындау жасалады.
Бар объектіні символға өзгерту
Бар объектіні (немесе бірнеше объекті) символға өзгерту үшін:
Символға өзгертуге жататын объектіні (объектілерді) үстелде таңдау;
Insert (Қою) менюінде Convert to Symbol... (Символға өзгерту) командасын таңдау;
Convert to Symbol ашылған диалогтық терезесінде символ параметрлерін көрсету (1-сур.);
ОК батырмасын шерту; жасалған символ фильм кітапханасына автоматты қосылады.

Convert to Symbol диалогтық терезесі көмегімен келесі символ параметрлері анықталады:


Name (Аты) – символ аты, фильм кітапханасына тіркелуі үшін;
Behavior (Сипаттама) – символ үлгісі (клип, батырма немесе график);
Registration (Тіркеу) – символды тіркеу нүктесінің жайы; бұл өріс интерактивті болып келеді: нүкте жайын көрсету, лайықты таңбалағышта тышқанды шерту (тіркеу нүктесі қара түспен, бос таңбалағыш - ақ түспен суреттеледі) үшін.
Advanced (Қосымша) батырмасы Convert to Symbol терезенің үлкейтілген форматына көшуді қамсыздандырады. Бұл жағдайда ол элементтердің жасалынушы символды ерекшеленген кітапханамен байластыру кезінде қолданылатын екі қосымша топтарын құрайды.
Convert to Symbol терезесі көмегімен тек «әдеттегі» объектіні символға өзгертпейміз, сонымен қатар символ үлгісінде өзгертуге болады. Ол үшін Behavior ауыстыру қосқышын жай өзгерту жеткілікті. Күрделі үлгіден өте күрделіге көшу кезінде осындай өзгерту формалды орындалады және онан арғы редакциялауды қолмен жасау қажет болады. Мысалы, егер Сізге графиктік символды батырмаға «ауыстыру» қажет болса, онда Button позициясында бір шерту жеткіліксіз болады: жаңадан жасалған батырманы сипаттап тағы суреттеп айту керек. Сонымен қатар, Сіз батырмадан графиктік символды жеңіл жасай алаcыз. Бұл кезде, әрине, батырма өзінің интерактивтігін жоғалтып алады.
Жаңа бос символ жасау
Үстелде таңдалған объектілержоқ екеніне көз жеткізіңіз және келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:
Insert менюінде New Symbol (Символ жасау) командасын таңдаңыз;
Кітапхана терезесінің (егер ол ашық болса) төменгі сол жақ бұрышында New Symbol батырмасын шертіңіз;
Кітапхана терезесінің ашылушы менюінен сол аттас команданы таңдаңыз.
Ашылған Symbol Properties (1-сур. қараңыз) диалогтық терезесінде Аты және символ үлгісін көрсетіңіз.
Жаңа бос символ жасауда Flash автоматты түрде символды редакциялау режиміне көшеді.
Бұл туралы жұмыс облысындағы аспаптар панелінде символ атауының көрінуі куәландырады, сонымен қатар символды тіркеу нүктелері жіңішке қосу белгісі түрінде (2-сур) болады.
2-сурет. Символды редакторлау режимінде Flash терезесінің түрі

Бос символ, фильм кітапханасында жоқ болса, автоматты түрде қосылады.
Жоғарыда суреттелген процедура жалпы батырма, клиптар және графиктік символдарға арналған. Әйткенмен, жасалынған батырма және клиптардың кейбір ерекшеліктері болады, олар төменде көрсетілген.
Батырма жасау
Егер Сіз символ-батырма жасағыңыз келсе және Symbol Properties диалогтық терезесінде қажетті түрін таңдаңыз, Flash уақытша диаграмманың (3-сур.) панелін өзгертеді. Сонымен, Flash-тағы батырма өзімен 4-кадрлы анимацияны ұсынады, онда бірінші үш кадр батырманың күй-жағдайы талабына сай болады: сығылған (Up), көрсеткіш (Over) немесе басылған (Down) түрде болады. Төртінші кадр (Hit) батырмасы белсенді облыстарды суреттеуге арналған. Белсенді облыс – бұл кеңістік, ішінде Flash ойнатқышын қабылдайтын батырмасын шерту секілді шерту. Ережеге сәйкес, әрбір батырманың күй-жағдайына батырманың өз бейнелеуі сай болады (төртінші кадр фильм көрсетілуі кезінде көрінбейді). Сайып келгенде, символ-батырма суреттелуі, әрбір күй-жағдай үшін кейбір бейнелеу және оған сәйкес кадрдың уақытша диаграммасын салыстыру жасаумен аяқталады.

. Уақытша диаграмманың символ-батырма жасаудағы панель форматы


Бейнелеу үш тәсілмен алынуы мүмкін:
сурет салушы аспаптар көмегімен;
импорт немесе айырбас буферінен қою жолымен;
бұрынжасалған символдардың бір дана негізінде.
Бос символ негізінде батырманы жасауға келесі әрекеттерді орындау қажет.
1. Жоғарыда көрсетілген менюден New Symbol командасын таңдау.
2. Symbol Properties диалогтық терезесінде символ атын енгізу (мысалы, Button 1) және Button-да Behavior ауыстырып қосқышын орнату.
3. Up (Сығылған) күй-жағдайында бейнені үстелге қою немесе суретін салу; мұнымен уақытша диаграмманың бірінші кадры автоматты түрде кілтті болады, кадр ұйымында қара нүкте көрінеді (3-сур.).
4. Insert менюінде Keyframe (Кілттік кадр) командасын таңдау; оның орындалу нәтижесінде уақытша диаграммада бөліктерді есептеу келесі кадр – Over-ға (Көрсеткіш) орналасады, және ол кілтті болады; ол үшін үнсіздік бойынша Up кадрынан бейнелеуді «мұра етеді»; Сіз оның модификациялайсыз, немесе жаңамен ауыстыра алаcыз.
5. Down және Hit кадрларына арналған 4- адымды орындау.
Hit кадрын жасаудан кейінгі редактор терезесінің түрі
Батырма жасау процедурасын аяқтап шығу үшін, символды редакциялау режимінен шығу қажет. Ең қарапайым тәсіл – жұмыс облысындағы аспаптар панелінде нұсқауыш батырмасын (сахна атының сол жағында) немесе сахна атында шерту. Ол үшін Сіз үстелдің және уақытша диаграмманың дағдылы форматына қайта келесіз. Бірақ Сіз жасалған батырма үстелде болмайды. Шошымаңыз. Сонымен, Сіз символ жасадыңыз, яғни кітапхана элементі, ол сахна элементі емес. Батырманы көру және оның жұмысқа қабілеттілігі тексеру үшін, келесі әрекеттерді орындау қажет:
1. Window менюінде Library командасын таңдау.
2. Кітапхана элементтерінің тізіміндегі символ белгісінде тышқан нұсқауышын орнату және оны үстелге апару ( 6-сур).
3. Control (Басқару) менюінде Enable Simple Button (батырманың автономиялық тексеруіне рұқсат беру) командасын таңдау.

Ашық мультимедиа жүйелері


Ашық модульдық мультимедиа жүйелері – бұл модульдық архитектураның электронды оқыту ресурстары. Мұнда әр модуль автономды, оқыту жағынан толық және функционалды ресурс. Ол нақты бір тапсырмаларды орындауға арналған.
Сонымен, ашық мультимедиа жүйелердегі мәліметтерді ұйымдастырудың негізгі ұстанымдары: контентті пәндер бойынша автономды модульдерге , ал автономды модульдерді оқыту тақырыптары бойынша және оқыту процессінің компоненттері бойынша (ақпарат алу, практикалық тапсырмалар, аттестация) бөлу болып табылады. Сонымен қатар әрбір электронды оқыту модулінде орындалуы бойынша (техникалық, методикалық, мазмұнына қарай) аналогы болуы мүмкін.
Электронды модульдің келесі архитектуралары бар:
Контент элементтері
Сценарий
Моделері
Манифест.
Контент элементтері – мультимедиа компоненттері. Бұл экранда көрсетілетін және дыбыс объектілері. Ал компьютерлік технология жағынан қарасақ, бұл мәтін, графика, видео, анимация жиынтығынан тұратын файлдар.
Сценарий – компоненттердің компоновкасын, интерактивтің ұйымдастырылуын, моделердің қосылуын суреттейді.
Моделер – объектпен процесстерді моделдейтін программаны айтады.
Flash-ты таңдау себептері.
Ашық мультимедиа жүйелер ерекшеліктеріне негізделе отырып Flash-технологиясы таңдалынды. Flash-өнімі мультимедиа мен интерактивті компоненттері, орындалу сценарийі бар толық автономды файл. Мұның бәрі модульді басқару кезінде және электронды оқыту модулін zip-контейнерге салған кезде жұмысты жеңілдетеді.
Web-жариялауларды өңдеушілер арасындағы ең үлкен танымалдықты Macromedia Flash алады, сондықтан бұл кез-келген сайттақамсыздандыруға қабілетті Web-парақтарды жасайды. Осыған байланысты SWF форматы жиі Flash-деп атала бастады. Сонымен, Flash-технологияларын құрастырушылар (негізгі сипаттамалар):
векторлық графика;
анимацияның бірнеше түрін қолдау;
интерфейс интерактивтік элементтерін жасау мүмкіншілігі;
импортталған графиктік форматтармен (соның ішінде растрлық) әрекеттестікті қолдау;
синхронды қосымша дыбысты қосу мүмкіншілігі;
HTML форматына Flash-фильмдардың экспортын қамтамасыз ету, сонымен қатар Интернет желісінде қолданылатын кез-келген графиктік форматтарды;
платформдық тәуелсіздік;
Flash-фильмдерді автономиялық тәртіпте қарау мүмкіншілігі, және дәл осылай Web-браузер арқылы;
көптеген Flash-фильмдерін жасаушы ескішіл операцияны өңдеу аспаптардың құрамын, сонымен қатар Flash-технологияның техникалық аспектілерінің орындалуын толық зерттеуді шолу.

1.2. Баннерге сипаттама


Баннер (ағылшынша banner-жалау, транспарант) – жарнамалық сипаттағы графикалық сурет. Баннерді потенциалды клиенттерді тарту немесе имиджді қалыптастыру үшін қолданады. Спортта баннер бір ойыншы не бір команданы көтермелеуде пайдаланылады. Баннер түрлері:
Сыртқы жарнамада – жарнамалық брэндмауер;
Интернеттегі баннерлер - анимацияланған, кейде видео суреті бар элементтер немесе бір сайтқа гиперсілтеме ретінде қолданылады. Ол өз кезегінде дәстүрлі (GIF не JPEG форматындағы графикалық суреттер, олар не статикалық, не анимацияланған болуы мүмкін) және қазіргі ( FLASH немесе JAVA технологияларында жасалған, баннердің кіші көлемінде анимациялық эффектілерге қол жеткізуге мүмкіндік береді)
Спорттық баннер – команданы не бір спортшы жанкүйерлері орнататын баннер.
Баннердің маңызды сипаттамасы оның байтты өлшемі, яғни сервердегі алатын орны. Баннер өлшемі үлкен болған сайын, бетте жүктелу ұзақ жүреді, қолданушы шыдамы жетпей басқа бетке көшіп кету ықтималдығы жоғарылайды.
1-кесте. Баннер аталуы
Пикселдегі өлшемі
Аталуы
300 x 250
Орташа тіктөртбұрыш
250 x 250
Шығушы квадрат
240 x 400
Тігінен тіктөртбұрыш
336 x 280
Үлкен тіктөртбұрыш
180 x 150тіктөртбұрыш
468 x 60
Ұзын баннер
234 x 60
Ұзын баннердің жартысы
88 x 31
Микро жолақ
120 x 90
1-батырма
120 x 60
2-батырма
120 x 240
Тігінен баннер
125 x 125
Шаршы типті батырма
728 x 90
Жүргізуші стенд
160 x 600
Кең тіктөртбұрыш
120 x 600
тіктөртбұрыш
300 x 600
Жарты беті хабарлама

Баннердің негізгі мақсаты:


1. Көңіл аударту. Бұл баннердің жұмысының алғашқы нәтижесі.
2. Қызықтыру. Клиентті жарнамаланған тауар не қызмет көрсетуге қызығушылығын тудыру.
3. Сайтқа өтуге итермелеу. Бұл баннердің мазмұнын толық ашпаудан арқылы жүреді.
4. Әрекет етуге ұмтылдыру, яғни сайттың өзінде тауар не қызмет көрсетуді сатып алуға әкелу.

1.3. PHP бағдарламалау тілі


PHP тарихы 1995 жылдан басталады, сол кезде тәуелсіз программист Расмус Лердорф онлайндық резюмесін оқыған адамдар санын есептеу үшін Perl/CGI сценарийін жасаған еді. Оның сценарийі екі мәселені шешті: сайтқа кірушіні тіркеу және web-беттегі келушілер санын шығару. WWW жаңа дамып жатқандықтан, бұл есептің шешімін табатын ешқандай сценарийлер болмағандықтан, авторға сұраққа толы хаттар ағыны келді. Лердорф өзінің сценарийін Personal Home Page (РНР) немесе Hypertext Processor(гипертекстілік процессор) деп атап, тегін таратты.
PHP тілін жобалауда басты фактор іскерлік болып табылады. Ол программистке қойылған есептерді тез шешетін құралдар ұсыну қажет. PHP іскерлігінің бес маңызды мінездемесі бар:
Дәстүрлігі;
Қарапайымдылығы;
Нәтижелігі;
Қауіпсіздігі;
Икемділігі;
PHP-ді тартымды ететін тағы бір мінездемесі-ол тегін таратылады.

Дәстүрлігі


Әртүрлі облыста жұмыс жасайтын программистерге PHP жақсы таныс. Тілдің кейбір құрылымдары Си Perl-дан алынған, кейде тіпті PHP-дің коды С немесе Pascal бағдарламаларындағы кодтан айнымайды. Бұл жаңа үйреніп жатқан адамдарға көп септігін тигізеді.

Қарапайымдылығы


PHP сценарийі 10000 жолдан немесе бір жолдан тұруы мүмкін – барі тапсырманың түріне орай. Кітапхана жүктеп, компиляцияның арнайы параметрлерін тағайындап әуре болмайсыз. PHP механизмі бірінші экрандық реттіктен ()кездестіргенше орындай береді. Егер код синтаксисі дұрыс болса, ол оны программист көрсеткендей етіп орындайды.
Нәтижелігі
Нәтижелік көпқолданушылы ортада бағдарламалаудың маңызды факторы. PHP 4.0 –де ресурстарды бөлу механизмі іске асырылған және объектіге бағытталған бағдарламалауды қолдау жақсартылған. Соңғы нұсқасында артық жадыны бөлдірмейтін сілтемелерді санайтын механизм (reference counting) қосылған.
Қауіпсіздігі
PHP жобалаушылар мен администраторларға қауіпсіздіктің икемді де нәтижелі құралдарын ұсынады. Олар екі категорияға бөлінеді: жүйелік деңгей құралдары және қосымша деңгейінің құралдары.
Қауіпсіздіктің жүйелік деңгей құралдары
PHP-де администраторлардың басқаруындағы қауіпсіздік механизмдері орнатылған, PHP дұрыс орнатқанда максималды әрекет еркіндігін және қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Ол қауіпсіз режимде (safe mode), яғни қолданушылардың көп уақыт алуын, жадыны ысырапсыз пайдалануын шектейді.

Қауіпсіздіктің қосымша деңгейінің құралдары


PHP-дың функцияларының стандартты жинағына шифрлаудың сенімді механизмдары енеді. Ол сақталған электронды коммерция технологиясымен оңай интеграцияланатын тәуелсіз фирмалардың қосымшасымен сәйкес келеді. Тағы бір артықшылығы – PHP сценарийлерін браузерде қарау мүмкін емес, өйткені сценарий қолданушы сұрауы бойынша жіберілгенше компиляцияланады. PHP-ді сервер жақта өңдеу сценарийлерді ұрлау мүмкіндігін жояды.
Икемділігі
PHP енгізілетін (embedded) тіл болғандықтан, ол жобалаушының қажеттіліктеріне ерекше икемді болып келеді. HTML тілімен қолдану ұсынылғанымен, ол JavaScript, WML, XML және басқа тілдермен керемет үндеседі.
Браузерлерге тәуелділігі жоқ, өйткені клиентке PHP сценарийлерін жіберместен бұрын сервер жақта толық компиляцияланады. PHP сценарийлері кез келген құрылғыларға браузер, ұялы телефон, электронды қойын кітапша, пейджер және портативті компьютерлер, ДК арқылы жіберіле алады. Қосымша утилиттермен айналысатын программистер PHP-ді командалық жол арқылы да жібере алады.
PHP-да белгілі бір web-серверге бағытталған кодболмағандықтан, қолданушылар анықталған серверлермен шектелмейді. Apache, Microsoft IIS, Netscape Enterprise Server, Stronghold және Zeus — РНР осы аталған серверлердің бәрінде жұмыс істейді. Бұл серверлер әрқилы платформаларда жұмыс жасағандықтан, PHP платформалардан тәуелсіз тіл болып саналады, UNIX, Solaris, FreeBSD және Windows 95/98/NT платформаларымен қызмет етеді.
PHP құралдары программистке Enterprise Java Beans немесе СОМ-объекты Win32 сыртқы компоненттермен жұмыс жасауға мүмкіндік береді, осы мүмкіндіктер арқасында соңғы үлгідегі технологиялар арасында іргелі орын алуға көмектесті және жобаларды қажетінше масштабтауды қамтамасыз етті.
PHP конфигурациялары
PHP үнсіздік бойынша алынған конфигурацияда дұрыс істейді, алайда мақсатқа сай жаңа өзгерістер енгізуге болады. Конфигурацияның барлық параметрі php.ini файлында орналасқан, ол үнсіздік бойынша орнату процесі кезінде /usr/local/lib/ каталогіне көшіріледі.
Сәйкес платформа мен web-серверден тәуелсіз php.ini файлы PHP жұмысының маңызды аспектілерін басқаратын бірдей стандартты параметр жиынтығынан тұрады. Бұл файлда PHP сценарийін орындаған кезде пакет қозғалысын анықтайтын параметрлер енгізілген. php.ini файлының мазмұны PHP жібергенде оқылады.
Конфигурацияның жалпы параметрлері
Көп кездесіп, жиі қолданылатын директиваларға тоқталсақ:
short_open_tag [on | off]
short_open_tag [on | off] параметрі стандартты тэгтармен бірге қысқа тэгтарын қолдануға рұқсат береді.
asp_tags [on | off]
asp_tags [on | off] параметрі стандартты тэгтармен ASP стиліндегі тэгтарды қолдануға рұқсат береді. ASP стилінде тэгтарды қолдану төмендегідей құрылады:

precision [integer]


precision [integer] параметрі заттық сандарда берілетін цифрлардың жалпы санын береді.
safe_mode [on | off]
Қауіпсіз режим бір жүйеде бірнеше қолданушы жұмыс жасағанда ыңғайлы. Қауіпсіз режимді қосу қолданушы PHP сценарийін жүйедегі басқа файлға қол жеткізбеуге- мысалы, Linux компьтеріндегі passwd файлына - кепілдік береді. safe_mode параметрі PHP-дың CGI-версиясында жұмыс жасайды.max_execution_time [integer]
max_execution_time [integer] параметрі PHP сценарийін максимальды орындалуын секундыда анықтайды. Бұл шектеу қатесі бар сценарийлердің бағалы жүйелік ресурсты «жұтуына» жол бермейді.
error_reporting [1-8]
error_reporting [1-8] параметрі PHP-дегі қателер жайлы хабарламаның шығу деңгейін анықтайды. Мағынасы неғұрлым көп болған сайын, PHP қателерге соғұрлым сезімтал болады.
2-кесте. Сезімталдықтың мағынасы
Мағына
Сезімталдық
1
Кәдімгі қателер
2
Кәдімгі ескертулер
4
Лексикалық анализатордың қателері
8
Ескертпелер

display_errors [on | off]


display_errors [on | off] параметрі браузердегі қателер туралы ақпарат шығарады.
log_errors
log_errors параметрі қателерді файлда тіркеу керек пе, соны анықтайды.
error_log [filename]
error_log [filename] параметрі log_errors параметрі қосылғандағы қателерді тіркейтін файл болып табылады.
magic_quotes_gpc
magic_quotes_gpc параметрін қосқанда қолданушылардың мәліметтер базасындағы барлық арнайы символдар автоматты түрде кері сызық боп шығады. gрс қысқартылған сөзі «get/post/cookie» мағынасын білдіреді.
track_vars
track_vars параметрі сеанстық айнымалылардың бірнеше маңызды массивін қарайды, оның ішіне $HTTP_GET_VARS[], $HTTP_POST_VARS[], $HTTP_POST_FILES, $HTTP_COOKIE_VARS[], $HTTP_ENV_VARS[] және $HTTP_SERVER_VARS[] кіреді.
PHP-ге өту
Лексикалық анализдің механизмі беттегі басқа элементтерден PHP кодын айыра білу керек. PHP кодының идентификациясы «PHP-ге өту» (escaping to РНР) деп аталады. PHP-ге өтудің 4 жолы бар:
стандартты тэгтар;
қысқа тэгтар;
script тэгтар;
ASP стиліндегі тэгтар;
Стандартты тэгтар
Программистер жиі қолданады, себебі оны жазу ыңғайлы да түсінікті:

Стандартты тэгтардың тағы бір артықшылығы: жабылатын тэгіне дейінгі код PHP коды ретінде түсіндіріледі.


Қысқа тэгтар
PHP-ге өтудің жинақы жазылуын қамтамасыз етеді:

Үнсіздік бойынша қысқа тэгтар қолданылмайды, оларды арнайы белсенді ету қажет. Оны екі тәсілмен жасайды:


enable-short-tags кілтің РНР компиляциясы кезіндекөрсету;
php.ini файлында short_open_tag параметрін қосу.
Script тэгтары
Кейбір мәтіндік редакторлар PHP кодын HTML кодымен шатастырады, бұл web-беттің жұмысын нашарлатады. Бұл қиындық script тэгтарын қолданғанда шешіледі:
ASP стиліндегі тэгтар
PHP кодын енгізудің соңғы тәсілі - ASP (Active Server Page) стиліндегі тэгтар. Олар қысқа тэгтарға ұқсайды, тек сұрақ белгісінің орнына процент (%) белгісін қолданады:

ASP стиліндегі тэгтардың жазбаны жинақы етіп көрсететін ерекшелігі бар. Енгізілген PHP кодына print – теңдік белгісі (=) командасын енгізу қажет емес,ол PHP лексикалық механизміне көрсетілген айнымалының мағынасын шығартады:

Бұл ыңғайлы стилді беттің мына фрагменттерінде қолдануға болады

Luigi's favorite recipe is


Бұл фрагмент PHP-дің екі түрлі сценарийінен тұрады. Бірінші сценарийде $recipe айнымалысына "Lasagna"мәні меншіктеледі. Кейін $recipe мәнін шығарған кезде , оған арнайы ASP стиліндегі тэгтар қолданылады. Бұл мәселе қысқа тэгтарға да қатысты.
Мәліметтер типі кез келген программалау тілінің негізін құрайды және оның көмегімен программист ақпараттың әртүрлі түрін бере алады. PHP-де мәліметтердің негізгі алты түрі бар:
бүтін сандар;
заттық сандар;
жолдар;
массив;
объектілер;
логикалық өлшемдер.

1.4. СSS және JavaScript-ты web-дизайнда қолдану


СSS деген не? Cascading Style Sheets (Каскадты Стилдер Кестесі) – бұл кез келген HTML құжаттың сыртқы түрін сипаттайтын қасиеттер жиынтығы. Оның көмегімен дизайнер стилді толық өз бақылауына алады, HTML тэгтарын жазып отырғаннан гөрі әлдеқайда жеңіл. Каскадты Стилдер Кестесінің үш түрі бар:
Ішкі Стилдер Кестесі (Inline Style Sheets) арнайы атрибут көмегімен бірден HTML тэгке орналасады.
Глобальды Стилдер Кестесі (Global Style Sheets) бүкіл құжаттағы элемент стилін береді.
Байланысқан Стилдер Кестесі (Linked Style Sheets) бірнеше құжатқа бірдей қолданылып, сыртқы файлда сақталады.
Ішкі стилдер кестесін қолдану кәдімгі HTML тэгтарынан көп айырмашылығы жоқ. Олар құжаттағы бір ғана элементке STYLE атрибуты көмегімен стильбереді.
HTML-ге мысал: Болашаққа жарқын үмітпен
INLINE STYLE SHEET-ке мысал:
Болашаққа жарқын үмітпен
Көріп отырғандай, INLINE STYLE SHEET коды HTML-ге қарағанда ұзын. Сондықтан ISS-ті HTML-де орындалмаған және СSS классификациясында кездесетін өзіндік стиль беру үшін қолданған жөн.
JavaScript – бұл HTML беттерінің құрамында функционалдықты арттыру және қолданушылармен қатынасу мүмкіндіктері үшін қолданылатын жаңа программалау тілі. Оны Netscape фирмасы Sun’s Java тілі негізінде Sun Microsystems фирмасымен бірігіп құрастырған. JavaScript көмегімен HTML-дің стандартты тэгтарымен жасау мүмкін емес нәрселерді жасауға болады. Қолданушылар әрекет жасау негізінде скрипт орындалады. JavaScript енгізілген web-беттерді құру үшін мәтіндік редактор мен сәйкес браузер болған дұрыс. Скрипт-программа HTML-файл тэгінің ішіне орналасып, браузерге файлмен бірге жүктеледі. JavaScript HTML құжатқа екі тәсілмен енгізіледі:
Функция және бекіту ретінде Script тэгін қолданады;
Нәтижені өңдеуші ретінде HTML тэгін қолданады;

JavaScript statements…

SCRIPT тэгін қолданылатын сценарий түрі.
Навигатор объектілерін қолдану
Бетті Navigator-ға жүктеген кезде бетке сәйкес объектілер құрылады. Әрбір бет келесі объектілерден тұрады:
Терезе: объектінің жоғарғы деңгейі; ол терезеге қатысты қасиеттерден тұрады.
Локализация: ағымдағы URL қасиеттерінен тұрады.
Хронология: қолданушы болып кеткен URL қасиеттерінен тұрады.
Құжат: ағымдағы құжатта бар қасиеттерден, тақырып аты, фон түсі мен формалардан тұрады.

Фреймдерді қолдану


Қолданушының экранында бірден бірнеше HTML файлдарды ашудың бір жолы – бірнеше браузер терезелерін ашып қою. Екінші жолы терезені бірнеше бөліктерге бөлу. Бұл бөліктер фреймдер деп аталады. Әрбір фрейм өзінің HTML құжатын көрсетеді. Онда өз айналдыру жолағы, сілтемелер, графикалық сурет және т.б. болуы мүмкін. Фреймдер бір-бірінен тәуелсіз немесе бір-біріне сілтемелер арқылы байланысады.
Фреймдерді қолдану үшін кемінде үш файл: орнатушы файл және екі HTML түпнұсқа файлдары болукерек. Орнатушы файл HTML түпнұсқа файлдарының терезеге орнатады, бірақ өзінің мәтіні немесе графикасы болмайды. HTML түпнұсқа файлдары фрейм арқылы беріліп, сілтемелер, сурет, скриптерден тұрады. Орнатушы фреймді құру үшін екі тэг қажет: және .
тэгінің ішінде rows және cols қасиеттері қолданылады. Бұл фреймдер бір-бірінің үстінде не астында орналасатынын көрсетеді. "33%,33%,33%" фрагменті ашылатын терезелердің өлшемін береді. Осы фрагмент "33%,33%,*" жазуына сәйкес немесе фрейм өлшемін пиксел трінде беруге болады. Кез келген фреймге name атрибутын пайдаланып, өзіндік ат беріледі. тэгі фреймнің түрлі қасиеттерін басқаратын атрибуттардан тұрады:
BORDER – фреймдер арасында бөлгіш жолақ енін анықтайды.
BORDERCOLOR - фреймдер арасында бөлгіш жолақ түсін анықтайды.
NORESIZE – қолданушыға фрейм өлшемін өзгертуге мүмкіндік бермейтін атрибут.
SCROLLING – терезеде айналдыру жолақтың бар-жоғын көрсетеді.
MARGINHEIGHT – фреймнің жоғарғы шекарасы мен мәтін не сурет басы арасына бос жол қалдырады.
MARGINWIDTH - фреймнің жанындағы шекарасы мен мәтін не сурет басы арасына бос жол қалдырады.
JavaScript операторлар жиынтығын ұстанады:
Шартты оператор
if ... else
Цикл операторы
for
while
break
continue
Объектіні манипуляциялау операторлары
for ... in
new
this
with
Комментарийлер
//
/*. ..*/
Шартты оператор логигалық шартқа сүйенетін әрекет жасайды. Мұнда шарт шындыққа жанасатын болса, белгілі бір шартты не команда орындалады. JavaScript if шартты операторы бар:
if ( шарт)
{1 шартты бекіту}
[then {
2 шартты бекіту }]

1.5. Macromedia Dreamweaver MX


Dreamweaver әрқашанда программистке қарағанда дизайнердің құралы болып саналып келді. Бірақ та соңғы нұсқасында визуальды құрастыру құралының жинағы болғандай кодтау құралы да бар. Dreamweaver MX 2004 v7.0 – бұл өңдеуші бір салада жұмыс жасай алатын, тез құрастырып, жүзеге асырып және Web-сайтқа және визуальды редактірлеу құралдарын пайдаланып Интернет - қосымшаға қызмет көрсете алатын, қосымшаларды өңдеу және кодты тез жазуинтегралды шешімде біріктіріліп жүзеге асырылған қосымша болып табылады. Өңдеушілер Dreamweaver-ді әр түрлі серверлік технологиялармен қолдана алады және қолданушыларға мәліметтер базасына және Web-сервистерге қол жеткізуді қамтамасыз ететін мықты Интернет –қосымшаларды құрастыра алады.
Жаңа нұсқасында бағдарламаның интерфейсі өңделді, көптеген функцияларды табу және қолдану оңайлатылды, Macromedia MX өнімдерін біртипті жасау үшін ыңғайланды.
Dreamweaver MX 2004 v7.0 жаңа енгізулерінің негізгісі кросс-браузерлік валидатор (cross-browser validator) болып табылады – бұл тэгтердің дұрыс жазылуын автоматты түрде тексеруге және CSS-ережелерін әр түрлі Web-браузерлермен сәйкестігін тексеруге арналған әдіс.
Dreamweaver MX 2004 өз ортасында ең жақсы қосымша екендігін еш күмәнсіз айта аламыз, бірақ та ол нақты жүйелік ресурстарды қажет етеді және қымбат өнім болып табылады.

Macromedia Dreamweaver мүмкіндіктер көрінісі


"Бұл бағдарламаның артықшылығы неде?» деген сұрақ туады. Оның артықшылығы көп және өз атына сай болып келеді.
Олар:
формалары, фреймдері бар HTML 4 тілінің толық қолдауы
стильдің каскадты кестесі (CSS), қабаттар (Layer), объектілер
сонымен қатар JavaScript және ActiveX интерактивті элементтерін қою мүмкіндігі, Java апплеттерін, Macromedia Flash пен Shockwave экзотикалық қойылымдарын қоюға мүмкіндіктер бар
және web-құжатты дайындаудың барлық үрдістерін автоматтау – міндетті тэгтерді генерациялаудан бастап (!DOCTYPE пен title және көп кездесетін тэгтер (body сияқты) Shockwave –нің күрделі параметрлеріне дейін.

7-сурет. Dreamweaver MX бағдарламасының жұмыс беті


Біріншіден бұл жобаны басқарудың жүзеге асырылған құралдары екені сөзсіз. Web-редакторлардың кез келген класынан ішінен өзіне тең келетіні жоқ. Атап айтқанда, жобаны құрып (бағдарламаның терминологиясы бойынша сайтты анықтап) ол үшін тек қана барлық атрибуттарын, мәтіннің, гиперсілтеменің, фонның түстерін анықтап қана қоймайсыз, сонымен қатар локальдық және алыстатылған гиперсілтеменің тұтастығын автоматты түрде бақылапжәне сервердегі файлдарды автоматты түрде жүргізіп, барлық браузерлерге (MS Internet Explorer 2-ден 5-ке дейінгі нұсқасы, Netscape Navigator 2-ден 4-ші дейінгі нұсқасы) сәйкестік нәтижесін тексеріп отыра аласыз.
Екіншісі - html-кодымен ұқыпты жұмыс жасау. Осыған қосымша қоса салынған (қажет болса - сыртқы) html-редакторы арқылы кодты тікелей редактірлеу мүмкіндігі бар. Барлық қолмен енгізген өзгерістер беттің визуальды ұсыну терезесінде көрінеді. Бұл Dreamweaver HTML тілінің негізгі кітабына айналдырады – визуализация терезесіндегі кез келген әрекетті оған сәйкес html-кодымен қарауға болады.
Сонымен рет бойынша ең соңғысы,бірақ маңыздылығы жағынан біріншісі – орыс тілінің (барлық тілдермен қатарлас) қолдауы.
Осылар Dreamweaver қолданудың үш қайнар көзі, үш алғышарты, үш құрама бөлігі болып табылады.

2. Бөлім. «Тalapker.kz» сайт жобасы.


2.1. Ұлттық бірыңғай тестілеу
Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) – Қазақстан Республикасында мектеп бітіруші түлектердің білімін сынайтын жүйе. ҰБТ нәтижесі орта білім беруші мекемелерде мемлекеттік аттестация нәтижесі ретінде, ал колледж, ЖОО үшін қабылдау емтиханы ретінде жүреді.
Оқушының ҰБТ-да жинаған балына мектеп бітіргені жөнінде аттестат бағасы, университетке түсу мүмкіндігі (ақылы немесе грант) және «Болашақ» президенттік стипендиясын тағайындау тәуелді. Бұрнағы жылы бітірген түлектер, колледж түлектеріне ҰБТ-ға аналогі Кешенді Тестілеу (КТ) болып табылады.
ҰБТ-ның екі кезеңді жобасы бар. Бұл жобаға сәйкес, ҰБТ-ны елдегі мектептің түлектері тапсырады, бірінші кезеңнің нәтижесі бойынша ақылы түрде жоғарғы оқу орынға тапсыруға болады. Грант алғысы келетін түлектер, сонымен қатар колледж түлектері, шетелдіктер КТ тапсырады.
2009 жылдың наурызында Білім және Ғылым Министрлігі Ұлттық бірыңғай тестілеу бір турда өтіп, 125 балдық шкала бойынша бағаланады. Бірақ, қазақ/орыс тілдері саналмайды. Яғни аттестатқа баратын 125 балдың 100 балы ғана грант конкурсында ескерілетін болады.
Әрбір пәннен тестілік тапсырма 25-ке тең. Минималды өткізуші балл –45. 2009 жылы ҰБТ-ға 3,5 сағат, яғни 210 минут бөлінеді. ҰБТ 2009 жылдың 4-10 маусым аралығында өткізіледі. Оны 154 пункте 5 пән бойынша: оқыту тілі, қазақ тілі орыс тілінде оқитындарға, орыс тілі қазақ тілінде оқитындарға, Қазақстан тарихы, математика, таңдалынатын пән (қазақ әдебиеті, орыс әдебиеті, физика, химия, биология, география, шет тілі, жалпы тарих) тапсырады. ҰБТ өтетін әрбір пункте мемлекеттік комиссия құрылады. Мемлекеттік комиссия саны тақ болу керек: 5-тен көп, 11 адамнан аспау шарт. Комиссияға маслихат, әкімшілік, оқу орындарының басшылары, облыстық (қалалық) білім басқармаларының басшылары, құқық қорғау органынан, баспасөзден өкілдер және хатшы кіреді.
ҰБТ-ны тапсыратын пунктерде апелляциялық комиссия жұмыс жасайды, олар түлектердің арыздарын нәтиже шыққан күннің ертесіне сағат 13.00-ге дейін қарастырады. ҰБТ-ны тапсырған түлекке жалпы орта білім туралы аттестат және ҰБТ нәтижесі жазылған сертификат беріледі.
2009 жылдың қорытындысы бойынша, республика бойынша орта балл 74,9 балды құрады, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 7 көрсеткішке жоғары. «Алтын белгі» атағын 54,5% талапкер ақтады (былтыр тек 36% еді). 45 балға жете алмаған түлектер саны 2008 жылмен салыстырғанда екі есе қысқарып, 14% болды. Тестілеуде 10,6 % 100 балдан жоғары жинады.
2.2. Сайтты құру этаптары. «talapker.kz» сайтының құрылымы
Мектеп бітіруші түлектердің ҰБТ-ға әзірлік кезінде көретін қиындықтарын ескере отырып, тестіні өзім де тапсырғасын, талапкерлерге көмек ретінде «talapker.kz» сайтын жасадым. Оның техникалық есебі құрылды.
1) Сайтты құрудың этаптары мен мерзімі:
Сайтты құрудың жұмыстары жалпы 4 календарлы аптадан тұрады:
2 жұма –оригинал-макет дизайны, сайтың басты және ішкі бетерінің дизайны.
1 жұма – программалау, JavaScript арқылы тестілеу бағдарламасын жасау.
1 жұма – сайтты материалдармен толтыру.
Сайтты құру этаптарының тізімі:
Сайт концепциясын, ақпараттық жобалау, техникалық есепті құрастыру;
Негізгі дизайн эскизін жасау;
Сілтемелер, интерактивті элементтер кірген сайи шаблонынжасақтау;
Әкімшілік модульді қосу және программалау;
Серверде сайтты жариялау, Yandex, Rambler, Aport іздеуші жүйелерге тіркеу;
2) Технологиялық талаптар:
Сайт экранның 1024х768 негіздік кеңейтілуінде жасалды;
Internet Explorer, Opera, Netscape Navigator барузерлерінде дұрыс көрсетілуі;
Мета-тэгтар мен сайт контентін іздеуші жүйелерге сәйкес жасау;
3) Сайттың құрылымы мен сипаты:
Басты бет (сайт мұқабасы)
Графикалық бөлігі, мұнда навигация жоғарыда және негізгі мәзір сол жағында орналасқан, яғни сайтқа келуші бірден өзін қызықтырған ақпарат ала алады.
Барлық ішкі бетке ортақ графикалық бейнесі:
Анимациялық баннер;
Навигациялық мәзір;
Сайттың құрылымы:
ҰБТ деген не?
Сынақ тест
Формулалар
Шкала
Кітаптар
Кинематика
Математика
Қазақстан тарихы
Физика
Жадыны дамыту
ЖОО
Университеттер каталогі
Гуманитарлық ЖОО каталогі
Өнер және мәдениет ЖОО каталогі
Техникалық ЖОО каталогі
Педагогикалық ЖОО каталогі
Жеке ЖОО каталогі
4) «talapker.kz» сайты бөлімдерінің сипаттамасы
Басты бет
Басты (негізгі) бет сайтқа кірудің негізгі нүктесі болып табылады. Ол сайтқа енушілерге оның мақсатын, кімдерге арналғанын көрсетді. Сайттың басқа бөлімдеріне оңай өтуге мүмкіндік береді. Мен сайт құрудың фреймдік түрін таңдағандықтан, кез келген бөлімнен басқасына оңай өте алынады. Сонымен қатар, сайттың қазақ немесе орыс тіліндегі нұсқаларын таңдауға болады.
«ҰБТ деген не?» бөлімінің сипаттамасы
Бұл бөлімде талапкер Ұлттық бірыңғай тестілеу деген не екен деген сұраққа жауап алады. Қазіргі таңда оның оқушыға үлкен күш түсіретіні анық. Тіпті білімді оқушылардың өзі тестке барғанда абдырап, ойын жинақтай алмай, аз балл алып жататын кездері аз емес. Бұл моралды және психологиялық әзірлікті қажет етеді. Тек талапкерлер ғана емес, ата-ана және мұғалімдер осы сайттан қажет материалдарды жүктей алады.
«Сынақ тест» бөлімі
Бұл бөлімде талапкер өзін сынай алады. Бес пәннен тапсырып болғасын, «жауап беру» батырмасын басп, тест нәтижесін қараңыз. Ал қате кеткен жерлерді «өзінді тексер» батырмасын басқанда, қайсұрақтардан қате кеткенін көруге болады. Тест қайта өтіледі.
«Формулалар» бөлімі
Аты айтып тұрғанда, мұнда математикалық формулалар тізімі берілген. Талапкер қажетіні жарататын шпаргалканы өз компьютеріне жүктей алады.
«Шкала» бөлімі
Қазір ҰБТ-да алынған баға мектеп бітіргені туралы аттестаттағы бағаларға тікелей әсер етеді. 11 жыл бойы қазақ тілден 5 алып, ҰБТ-да төмен балл жинап қалса, аттестатына сол төменгі баға түсетіні өкінішті-ақ. Сондықтан, оқушы мектеп кезінде жүріп-ақ, балды бағаға айналдыру шкаласын білгені дұрыс. Ал қызыл аттестат немесе «Алтын белгіге» үміткер оқушы барлық бес пәннен 5 алса ақтайды.
«Кітаптар» бөлімі
Бұл бөлімде қосымша оқуға арналған кітаптар тізімі берілген. Талапкер тек мектеп бағдарламасымен шектелмей, қосымша ізденген жөн. Өйткені тестіде «очерктер-ден», институт бағдарламасынан да бір-жарым сұрақтар кездесуі мүмкін. Ал 1-2 балл кейде сенің оқуға түсер-түспесінді анықтайды.
Жадыны дамыту.
ҰБТ-да жоғары балл жинау үшін, көптеген ақпарат жатталу керек. Оны да жаттанды, қысқа мерзімді, іш пысатындай емес, тез, әсем, қызықты етіп жаттау техникалары осы бөлімде берілген. Және әзірлік кезінде оқитын жерін де ыңғайлы, барлық жағдай жасалуы керек. Көзінді демалтып, өзінді сергек сезінуге қажет жаттығулар берілген.
«ЖОО» бөлімі
Бұл бөлімде Қазақстандағы негізгі жоғарғы оқу орындары жайлы ақпарат таба аласыз. Университеттер каталогі, Гуманитарлық ЖОО каталогі, Өнер және мәдениет ЖОО каталогі, Техникалық ЖОО каталогі, Педагогикалық ЖОО каталогі, Жеке ЖОО каталогі Интернетте өз сайттары бар ЖОО тізімі көрсетілген. Әрбіреуіне сілтеме арқылы кіріп, өзіңіз қызықтыратын не толығырақ мағлұмат алғыңыз келетін университет, институт сайттарына еркін кіре аласыз. Осы жағдай көп уақытты шығындатпай, бір жерден бірнеше ЖОО-н сайтына кіруге мүмкіндік береді.

3. бөлім. Жобаның техникалық-экономикалық сипаттамасы


3.1. Жобаның техникалық сипаттамасы
Сайтты жобалаудан бұрын оның дизайнының сапасына әсер ететін, сайттың техникалық есебін құру кезінде ескерілетін негізгі факторлартөменде келтірілген:
1 Техникалық
Ақпаратты алу/жіберу жылдамдығы (Интернетпен қосылу жылдамдығы);
Монитордың сипаттамасы (экран өлшемі, түстер саны), монитор сапасы;
Сайтты қарап отырған кезде графиканы қарау мүмкіндігін орнату немесе сөндіру;
Браузер нұсқасы;
Қолданушы компьютерінің қауіпсіздік жүйесінің күйге келтіруі;
Браузерді күйге келтіру (шрифт өлшемі, түрі және т.б.);
Қолданушы компьютерінде орнатылған операциялық жүйе нұсқасы;
Қолданушы компьютерінің мекен – жайы: қаласы, елі;
Тышқанның модификациясы.
2 Әлеуметтік
Сайтқа келушінің білімі (бастауыш, орта, жоғары);
Келуші қызметі (басшы, менеджер, программист, қызметші);
Келушінің материалдық жағдайы;
Келушінің ұстанатын діні.
3 Психологиялық
Мотивация:
Сайтта берілген ақпараттың келушіге қаншалықты құнды екені.
Сайтқа келуші өзіне қандай мақсат қояды.
Сайттан не күтетіні.
Өзіндік ерекшелік (мінез, темперамент, бейімі);
Психологиялық көңіл-күйі (ашулы, көңілді, ойнақы);
Келушінің шаршау деңгейі;
Сайтта берілген ақпарат іздеуде көрсетілген кілт сөзге сай келу/келмеуі.
4 Физиологиялық:
Келушінің көз көруі (көзілдірік тағып-тақпауы);
Дальтонизм;
Келушінің жасы;
Жынысы: еркек немесе әйел адам.
5 Қосымша жағдайлар:
Келушінің тәжірибесі және Интернет бойынша білімі;
Тәулік кезеңі (таң, түскі үзіліс, кеш, түн);
Апта күні, демалыс не мереке күні;
Сайтқа нешінші рет келген (алғаш рет, екінші, тұрақты келуші) және осыған дейін неше сайт қаралды;
Интернетте болуын кім төлейді – өзі не фирма;
Топтық немесе жеке қарауы.
3.2. Жобаның экономикалық сипаттамасы
Сайттың web дизайны қанша тұрады? Дизайнды құру әдетте барлық жоба құнының 15-30% құрайды. Алайда негізгі акцент web дизайнға бағытталған сайт болады, оның құны 50% құрауы мүмкін. Егер сіз жаңа сайтқа 300-500 доллар төлегіңіз келмесе не өзіңіз web дизайнға тікелей араласқыңыз келсе, сайттардың шаблонын қолдануға болады.
«talapker.kz» сайтын құрастырған, оны материалдармен толықтырған өзім болғандықтан, жобаға 1 адам қатысты.
Жобаны іске асыру үшін қажетті негізгітехникалық базаға компьютерлер, байланыс құралдары, құжаттарды басып шығару құралдары жатады.
3-кесте Пайдаланылатын материалдар
Жабдық
Өлшем бірлігі
Баға, мың тг.
Саны
Барлық баға, мың тг.
мың тг.
Компьютер
дана
120
1
120
Принтер
дана
20
1
20
Қағаз
қорап
0.5
2
1
Қаламдар
дана
0.03
3
0.09
Степлер
дана
0.2
1
0.2
Папкілер
дана
0.350
1
0.350
ОС Windows ХР
рұқсат
23
1
23
Қорытынды
164.64

4- кесте Жабдықтарға қажет электроэнергия шығыны

Интернет үшін төлем
Провайдердің интернет қызметтерін жоғарғы дәрежеде орындауы оның жауаптылығына байланысты. Оның таңдалуы мемлекеттік ауқымға ие «Қазақтелеком» компаниясының арзан және сенімді жұмысына байланысты алынған. Бұл шығынның екі бөлігі болады бірретік және абоненттік, олар төменгі 5-кестеде келтірілген.
5- кесте. Провайдердің қызметі үшін төленетін қаржы
Қызмет түрі
Бағасы, мың тг.
Уақыт, ай
Барлығы, мың тг.
Интернет желісі (жылдамдығы 2Mb/s, трафик 16Гб)
12
12
144
ADSL қосылуына төленетін бірреттік төлем
14
-
14
Қорытынды
158
Домендік есімді таңдау және тіркеу.
Домендік есімді иелену иерархиялық принциппен құрылған қатаң анықталған жүйесі бар. Бірінші деңгей домендері екіге бөлінеді: аймақтық (kz, ru, uk) және аймақтан тыс (com, org, net). Бірінші деңгей домендері шектеулі, жаңасын арнайы халықаралық ұйым ICANN енгізеді. Кез келген бірінші деңгей доменінде әр қалаушы екінші деңгей доменін тіркей алады. Мысалы, www.arena.aptech.kz сайт адресіндегі kz бірінші деңгей доменінде aptech екінші деңгей домені болып табылады. Ұйым немесе кәсіпорын сайтының домендік есім интернет-жобаның табысына маңызды рөл атқарады. Жақсы есте сақталатын мағыналы домендік есім Интернет желісінде қолданушының оны оңай табуына көмектеседі. Сайттың провайдер-фирмасы (хостер) серверінде орналасуы web-хостинг деп аталады.
4. Бөлім. Еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігі.
Еңбекті қорғау заң шығару актілерінің жүйесін, әлеуметтік – экономикалық, ұйымдастырушылық, техникалық және емдік – профилактикалық шаралар менқауіпсіздікті, денсаулық сақтау және еңбек ету барысында адамның жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ететін жүйе болып табылады.
Еңбекті қорғау төтенше жағдайлардың, аурулар, апаттар, жарылыстар, өрттің мүмкін болатын себептерін тауып ұғынады және осы себептерді жою мен адамдарға қауіпсіз еңбек шараларын ұсыну мақсатында шаралар мен талаптар жүйесін ұйымдастырады.
Еңбекті қорғаудың басты объектісі еңбек ету үстіндегі адам болғандықтан өндірістік санитария талаптарын өңдеу кезінде медициналық және биологиялық зерттеулердің нәтижелері қолданылады.

4.2. Компьютерде жұмыс жасау кезіндегі қауіпті және зиянды өндірістік факторларды талдау.


Өндірістік ортаның факторлары қолданушының жұмыс қабілеттілігіне және функционалды жағдайына ықпал етеді. Өндірістік факторлар қауіпті және зиянды болып бөлінеді. Қауіпті өндірістік фактор – әсері зақымға немесе кенеттен денсаулықтың төмендеуіне әкеліп соқтыратын өндірістік фактор. Ал зиянды өндірістік фактордың әсері ауруға немесе жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуіне әкеліп соғады.
Негізгі факторлардың болу орны мен нормалары ГОСТ 12.1.003-74/80 көрсетілген және 6- кестесінде баяндалған.
6 – кесте. Негізгі қауіпті және зиянды факторлар.
Фактор атауы
Пайда болған орны
ПДУ, ПДК
Мүмкін болатын зардаптар
Электр сымының қысымының жоғарғы мәні
Қолданушының жұмыс орны, кеңсе
ГОСТ 12.1.038-82. Ұзақ әсер еткен кезде (1с-тан жоғары). Апаттық режимде айнымалы тогы Uпр≤36В
Электрозақым
Электрлік доға
Бөліп тұратын қалқан
ГОСТ 12.2.007.3-75
ГОСТ 12.2.007.4-75
ГОСТ 12.1.004-85
Күйіктер, өрт
Электромагниттік сәулеленудің және электр өрісінің қысымының жоғарылауы
Электрқұрылғылар: 220В,кеңсе
ГОСТ 12.1.002-84
ГОСТ 12.1.006-84
Әсер ету уақыты:
5 КВ/м-8 сағат, 20..25 КВ/м-10 мин., ПДУ 60КГц-3МГц жиілікте, 50 В/м.
Кәсіптік аурулар, электрозақымдар, өрттер
Статикалық электрліктің жоғары деңгейі
Жұмыс орны, электрқұрылғылар
ГОСТ 12.1.004-85
ГОСТ 12.1.010-76
ГОСТ 12.1.018-86
ГОСТ 12.4.124-83
ГОСТ 12.1.045-84
ПДУ 60КВ/м/сағ.
Өрт, жарылыс, элетрлік соққы
Ауа,ылғалдылық жұмыс орнының ауа қозғалысы температурасының жоғарылауы немесе төмендеуі
Жұмыс орны, кеңсе
ГОСТ 12.1.005-88, СН-4088-86, Т=20..24°С, ылғалдылық 40..60%, ауаның жылдамдығы 0.1 м/с кем емес
СанПиН 2.2.4.548-96
Организмнің салқындауы немесе қызуы
Жұмыс аймағында жарықтың жетіспеуі
Кеңсе
СНиП 23-05-95, Е=300 Лк
Шаршау, жағдайсыздық, зақымдылық қауіптілігі, көрудің нашарлауы

Шудың жоғарғы деңгейі


Жұмыс орны
ГОСТ 12.1.003-88
Жиілік жолақтары бойынша деңгейі: 75 Дб кем.
Жүйке және психикалық аурулары мен есту мүшелерінің нашарлауы
Еңбектің бірқалыптылығы
Жұмыс орны
ГОСТ 12.1.003-80

Жүйке және психикалық аурулар

Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар іс – әрекеттері бойынша келесі топтарға бөлінеді:
физикалық;
химиялық;
биологиялық;
психофизиологиялық.
Алғашқы үш топ өндірістік техника мен жұмыс ортасының әсерінен болатын әсерлерден тұрады. Психофизиологиялық фактор еңбектің қысымы мен ауырлығынан болатын адамның жағдайының өзгерісін сипаттайды. Қауіпті өндірістік факторларды жүйеге енгізу шектен тыс еңбектік ауыртпалықтар адамның денсаулығына кері әсерін тигізетінін ескертеді.
Физикалық қауіпті және зиянды өндірістік факторлар келесі топтарға бөлінеді:
қозғалыстағы машиналар мен механизмдер;
жұмыс орнындағы шуылдың жоғарғы деңгейі;
ылғалдылықтың жоғарылауы немесе төмендеуі;
электр тізбегінің қысымының жоғары мәні;
электромагниттік сәулеленудің жоғары деңгейі;
табиғи жарықтың болмауы немесе жетіспеушілігі;
жұмыс аймағына жарықтың жетіспеушілігі;
жарық жарықтығының жоғарылығы;
қарама-қарсылықтың төмендеуі;
жарық ағымының пульсациясының жоғарылауы;
жұмыс аймағының жоғарыда орналасуы;
ауа қозғалысының жоғарылауы немесе төмендеуі;
жұмыс аймағындағы иондалушы сәулеленудің жоғары деңгейі;
жұмыс аймағының шаңдалуы мен газдануының жоғары деңгейі;
жұмыс аймағындағы барометриялық қысымның жоғарылауы немесе төмендеуі;
статикалық электрленудің жоғары деңгейі;
электр өрісінің жоғары қысымы;
магнит өрісінің жоғары қысымы;
ультракүлгін радиацияның жоғары деңгейі;инфрақызыл радиацияның жоғары деңгейі.

Химиялық қауіпті және зиянды өндірістік факторлар мыналарға бөлінеді:


адам организміне әсері бойынша:
улағыштар;
тітіркендіргіштер;
сенсибилизациялық;
канцерогендер;
мутагенділер;
дауыс зорайтқышты функцияға әсер еткіштер;

Адам организміне өту жолдары, олар:

дем алу мүшесі;
асқазан – ішек арқылы;
тері жамылғылар және шырышты қабықтар.

Биологиялық қауіпті және зиянды өндірістік факторлар келесі биологиялық объектілерден құралады:


патогендік микроорганизмдер (бактериялар, вирустар, қарапайым саңырауқұлақтар) және олардың тіршілік әрекетінің өнімдері;
микро және макро организмдердің қауіпті қасиеттері.
Психофизиологиялық қауіпті және зиянды өндірістік факторлар келесілерге бөлінеді:
физикалық ауыртпалық (статистикалық және динамикалық);
жүйке – психикалық ауыртпалық (зерделі қысым, еңбектің бірқалыптылығы, эмоциялық ауыртпалық, шаршау).

Бір қауіпті және зиянды өндірістік фактор жоғарыда көрсетілген әр түрлі топтарға бір уақытта жүгіне алады.

Бұл дипломдық жобада жоғарыда аталған қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың төрт түрінің ішінен биологиялық және химиялық факторларды ескермеуге болады, себебі жұмыс аймағындағы ЭВМ қолданушысының әрекетіне болар болмас әсер етеді. Сондықтан физикалық және психофизиологиялық қауіпті және зиянды өндірістік факторларды және оларды төмендету немесе жою жолдарын қарастырайық.

4.3. Компьютермен жұмыс кезіндегі физикалық қауіпті және зиянды факторлар

Микроклимат анализі
Маңызды физикалық фактор болып микроклимат, әсіресе температура мен ауа ылғалдылығы табылады. Адам қоршаған ортамен үнемі жылу алмасады. Зерттеулер жоғары температура ауаның жоғары ылғалдылығымен қоса қолданушының жұмысына үлкен әсер ететінін көрсетеді. Қолданушының реакция уақыты көбейеді, қозғалыс бұзылады, қате әрекеттер саны артады. Жоғары температура да психологиялық функцияларға кері әсер етеді: зейін төмендеп, жады көлемі азаяды.
Жұмыс орнында ауа ылғалдығы үнемі төмен болады. Қыста орталық жылу жүйесінен, жазда кондиционерқолданғандықтан ауа ылғалдығы төмен болып, адамның тері қабатына кері әсер тигізеді: тері ылғалдан айырылып құрғақтанады. Температураның, ылғалдықтың және жұмыс орындағы ауа қозғалысының жылдамдығының оптималды нормалары ГОСТ 12.1.005-88-ге сәйкес төмендегі кестеде берілген:
7-кесте. Температураның, ылғалдықтың және жұмыс орындағы ауа қозғалысының жылдамдығының оптималды нормалары
Жыл кезеңі
Жұмыс категориясы
Температура, С
Салыстырмалы ауа ылғалдылығы, %
Ауа қозғалысының жылдамдығы, м/с
Салқын және өткізуші
жеңіл
20-23
60-40
0,2
Жылы
жеңіл
22-25
60-40
0,2

Жарықтандыру анализі


Жұмыс орнын жарықтандыру – еңбекпен қамтудың маңызды факторы. Жарықтандыруға үлкен көңіл бөлген дұрыс, себебі монитормен жұмыс жасағанда күш көзге түседі.
Жарықтандыруды ұйымдастырған кезде оның деңгейінің жоғары болуы дисплейдегі бейне контрастілігін азайтады. Бұл жағдайда жалпы жарықтандыру көздерін жарықтыққа және сәулеленудің спектрлік құрамына қарап таңдайды.
Жергілікті жарық жұмыс үстеліндегі шырақтар, видеотерминал экрандары арқылы қамтылады. Олар оператордың көру сызығынан төмен болу керек.
Жұмысқа әсер ететін тағы бір фактор – кеңсе қабырғаларының түсі және қолданылатын түстің спектрлік мінездемесі. Төбе түскен жарықтың 80-90%, қабырға – 50-60%, еден – 15-30% қайтарғаны дұрыс. Түстің психологиялық, физиологиялық әсері де бар. Мысалы, «жылы» түсті тон (қызыл, қызғылт сары, сары) сергектік әсер, қоздырулар, уақыттың баяулатылған ағымдары және жылу сезім тудырады. «Салқын» тон (көк, жасыл, күлгін) тыныштық сезімін тудырып, салқындық сездіреді. «Салқын» түске боялған заттар «жылы» түске боялғаннан гөрі кіші көрініп, қарап тұрған кісіден алыстау жерде орналасқандай болады. Екі тонды қатар қолданудан сақтанған жөн, себебі онда алаңдау мен сасқалақтау сезімі тууы мүмкін.
Электромагнитті сәуленің жоғары деңгейі.

Электромагнитті сәуле деп ортаны ионизациялайтын сәулені айтады. Адамның электромагнитті сәулелермен қатынасы денсаулыққа қатерлі. Компьютер мониторының сәулелену спектрі рентгендік, ультракүлгін жәнеинфрақызыл облыстарынан және басқа жиілікті электромагнитті толқындар диапазонынан тұрады. Сыртқы сәулеленуден қорғалу үшін компьютерді қолданушы мен электромагнитті сәуле көзі арасындағы қашықтықты ұлғайту, жұмыс ұзақтығын қысқарту, сәулелену көзін экрандау болып табылады.

4.4. Психофизиологилық қауіпті және зиянды факторлар.
Психофизиологилық факторлар келесі топтарға бөлінеді:
Физикалық ауыртпалық (статикалық және динамикалық);
Жүйке-психикалық ауыртпалық (мидың шаршауы, жұмыстың бірқалыптылығы, анализатордың жұмыс істемеуі, эмоционалды ауыртпалық).

Шаршау
Шаршаудың тез және асықпай шаршау деген екі түрі бар. Тез шаршау үлкен физикалық жұмыс пен күш түсіру салдарынан болады. Ұзақ және бірқалыпты жұмыс нәтижесінде жұмысқа қабілеттілік азайып, асықпай шаршау пайда болады.


Созылмалы шаршау келесі белгілерден тұрады:
Шаршауды жұмыс бастамай жатып сезіну;
Ашушаңдық пайда болуы;
Жұмысқа қызығушылықтың төмендеуі;
Тамаққа тәбеті болмауы;
Салмағын жоғалту;
Түстің бұзылуы;
Қорқынышты түстер көре бастау.
Тез шаршау кезінде болуы мүмкін:
Лоқсу;
Созылған қолдар треморы;
Артериялық қысымның төмендеуі.
Осы белгілер пайда болысымен, жұмыс режимін бір қалыпқа келтіріп демалу қажет.
4.5. Өрт қауіпсіздігі.
Объектінің өрт қауіпсіздігі өртті болдырмау жүйелері мен өрттен сақтау құралдарымен қамтылу керек. Компьютер тұрған кенселер Д категориясына (өрттен қауіпсіз) жатады. Бұл кеңселерде тез тұтанатын, өздігінен жанатын және жарылатын заттар жоқ. Алайда өрт сыртқы көздерден де болуы мүмкін. Сондықтан кейбір іс-шаралар жүзеге асуы шарт:
Түтіннің жоқ болуы, өйткені компьютер тұрған бөлмелерде жанғанда улы зат және ащы түтін бөлетін пластикалық заттар молынан болады.
Эвакуациялық жолдарды дұрыс ұйымдастыру.
Өрт сөндіргіш құралдары мен өрттік дабыл белгісінің бар болуы.
Жылу жүйелеріне және ауа салқындату жүйелеріне арналған өрт қауіпсіздігі шарттарын ұстану.
Кеңседе өрт сөндіргіштің көбіне ұнтақ тәрізді түрі (ОП-3), өрт сөндіру қалқаны , құмы бар жәшік қолданылады. Өрт болған жағдайда эвакуация жоспарыбарлығына тегіс көрінетін жерде ілінуі керек.
Өрттің қауіпті факторлары:
Жалын, ұшқындары жылулық ағынның бет бірлігіне санымен сипатталады;
Жоғары температура. Адам 45 С температурадан ауырсыну сезінеді;
СО + жанудың басқа улы заттардың үлкен концентрациясы. 3% концентрация ес тануға, ал 10%-өлімге әкеліп соғады;
Ауада оттегінің төмен концентрациясы 17% - бас айналуға, 13%-бас аурулары, 9% - ес тану, 6% болуы - өлімге әкеледі.
Өрттен сақтану шаралары төменде көрсетілген:
Тез жанбайтын және жанбайтын материалдарды максималды қолдануға тырысу;
Жанатын материалдарды шектеу және оларды дұрыс орналастыру:
Өрттің жану ошағынан шықпауын қадағалау;
Өрт сөндіру құралдарын қолдану;
Адамдарды эвакуациялау;
Жеке және топтық қорғау құрылғыларын пайдалану;
Өрт дабылын қолдану;
Маңызды шаралардың бірі – алдын-ала және оперативті қызмет етуді қамтитын объектінің өрт қауіпсіздігін ұйымдастыру.
Қорытынды
Web дизайн түсінігіне сайттың шаблонын жасау және оны графикалық көркемдеу жатады. Қазіргі таңда web дизайн өзіне бірнеше мақсат қояды: қолданушыда объект бейнесін оң қабылдату, сайт құрылымының қарапайымдылығы мен анықтылығы, қолданушы интерфейсінің оңай түсінігі, навигациялық жүйенің ыңғайлылығы және т.б. Осы мақсаттарға жету үшін сайтты құрастырушы компьютерлік графикамен жұмыс жасайтын программа-құралдарының кең таңдауын, html- және java кодтарын қолданады.
Dreamweaver MX– бұл өңдеуші бір салада жұмыс жасай алатын, тез құрастырып, жүзеге асырып және Web-сайтқа және визуальды редактірлеу құралдарын пайдаланып Интернет - қосымшаға қызмет көрсете алатын, қосымшаларды өңдеу және кодты тез жазу интегралды шешімде біріктіріліп жүзеге асырылған қосымша болып табылады. Өңдеушілер Dreamweaver-ді әр түрлі серверлік технологиялармен қолдана алады және қолданушыларға мәліметтер базасына және Web-сервистерге қол жеткізуді қамтамасыз ететін мықты Интернет –қосымшаларды құрастыра алады. Сайттың басты бет шаблонын HTML гипермәтіндік белгілеу тілінде жасап, кейін басқа беттерінDreamweaver MX бағдарламасы арқылы жасадым. Визуальды құрастыру құралы .swf форматындағы флэш-роликтерді, графикалық суреттерді кодты жазбай-ақ бірден қоюы жұмысты көп жеңілдетеді.
Macromedia Flash- өте қуатты, сонымен қатар қолданыста қарапайым, интерактивтілікті ұстанатын векторлы графика негізінде анимациялық жобалар жасаудың құралы. Flash-программаның негізгі құралы ретінде векторлық графиканы алуы мультимедианың барлық негізгі элементтерін (қозғалу, дыбыс, видео, объектілер интерактивтілігі) іске асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар дайын программаның көлемі минималды және олардың жұмысының қорытындысы қоданушының экранына қарамайды – ал бұл интернет-проекттерге қойылатын ең негізгі талаптардың бірі.
Flash-тің ең басты артықшылығы – аз көлемді, әсем анимацияланған, динамикалық иинтерактивтік беттерді дайындау мүмкіндігі, ал оны интернетте қолдануға өте қолайлы. Мұның бәрі векторлық графика және ақпаратты сығудың мықты алгоритмдері арқылы жүзеге асады. Flash суретшілер мен дизайнерлер үшін web-жобаны анимация және дыбыспен толықтыруда таптырмайтын жұмыс құралы болып табылады. Бұл бағдарлама арқылы өз сайтыма әдемі баннер, анимациялық мултьфильм жасадым.
Жобаны құрастыру кезінде алдыма қойылған мақсаттарды толығымен орындадым, екітілді сайт еліміздегі білім беру саласында жақсы бір толықтыру болатынына сенемін. Ең бастысы, талапкерлердің көңілінен шығып, оларға пайдалы болуы ғой. «Talapker.kz» сайты сынақ тестісінен басқа кітаптар, есептердің жаңа нұсқасын, формулалар және жадыны дамыту тәсілдерін ұсына отырып, талапкерлерге арналған нағыз көмекші-сайт атанары сөзсіз. Яғни Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі оқушылар, бұл сайтымды қолданып, ҰБТ-да жақсы нәтиже көрсетіп жатса, менің бір тілегімнің орындалғаны. Осылайша, алған білімім игі бастама жасауға жұмсалса, менің 4 жыл бойы текке оқымағанымды көрсетеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет