Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
Тақырыбы: Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бойынша денсаулық, денсаулықты анықтайтын факторлар және денсаулық деңгейі
Орындаған: Шекербек А.
Қабылдаған: Жолдас К.
Тобы: ЖМ-908
Жоспар: І.Кіріспе Денсаулық туралы түсінік ІІ.Негізгі бөлім Денсаулықты анықтайтын факторлар Денсаулық деңгейі ІІІ.Қорытынды Кіріспе Денсаулық – адам өміріндегі ең басты қажеттілік, бой тазалығы, дертті бойға дарытпау, яғни ағзасының дұрыс және қалыпты жұмыс жасауы, әрі сыртқы ортамен динамикалық тепе-теңдікке келіп, барлық мүшелер жүйелерінің қарым-қатынасы гармониялық түрде болуы, организмнің өзін-өзі басқара білуі. Денсаулықты қалыптастырудың негізгі алты қырлары: а) Тәндік денсаулық – жатыққан және шыныққан тәндік аурулары жоқ біздің денеміздің қалай құрылғандығы және қалай жұмыс істейтіндігі туралы түсініктерді қамтиды. б) Психикалық және интеллектуалды денсаулық – кемістігінің және психикалық аурулардың жоқ екендігін білдіреді, ол адамның жаңа білімді игеруге және пайдалануға қалай қабілетті екенін айтады. в) Өзіндік денсаулық – адамның өзін тұлға ретінде түсінуін, оның алға ұмтылуын, жетістіктерін, өмірлік құндылықтарын көрсетеді. Біреулер табысты жұмыстан, кейбіреулер — өнерден, үшіншілері – жанұядан, ал төртінші біреулер – жеке баюдан іздейді және т.б. г) Рухани денсаулық – бұл адам өмірінің орталығы, бұл оның адамгершілігі, түсінуі, мейірімділігі мен қайырымдылығы, ізгілікті қабылдауы. д) Эмоциялық денсаулық — өзін түсіну, сезімін және абыржуын бақылауы, өзінің сезімін түсіндіре білу, керекті және керексіз емес эмоцияларды білу. е) Әлеуметтік денсаулық — өзіндік қоғамның бір бөлігі ретінде тану, қоғамның өміріндегі және қоғамдағы өз сәттіліктеріңді тану. Бұл адамдармен қатынас жасай білу, мамандық- білімділік.
Достарыңызбен бөлісу: |