Орындаған: ттх-111 студенті Маукенбай Айжан



бет1/2
Дата06.12.2023
өлшемі475.57 Kb.
#485687
  1   2
Маукенбай Айжан Тарихи ғылымының философиясы


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Тарих кафедрасы
Орындаған: ТТХ-111 студенті Маукенбай Айжан
Қабылдаған: Т.ғ.д., профессор Тұрсын Хазіретәлі
Тарихи ғылымының философиясы

Жоспар

  • Кіріспе
  • Тарих философиясы
  • Тарих философиясының түсінігі
  • Тарихи процеске структуралық көзқарастың қалыптасуы.
  • Қорытынды
  • Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе


Тарих философиясы мен тарих ғылымы арасындағы корреляцияны талдауға байланысты бір маңызды мәселеге - тарих ғылымының құндылық бағдарына тоқталмай кетуге болмайды. Барлық әлеуметтік пәндер қандай-да бір түрде дүниетанымдық сипатқа ие. Бірақ тарих ғылымының өзіндік ерекшеліктеріне байланысты зерттеушінің философиялық ұстанымдары оның тұжырымдары мен жалпылауына үлкен әсер етеді. Бір фактіні саяси бағытына байланысты әр түрлі айтуға болады. Осыған орай, тарихи тұжырымдар көбінесе өзінің ғылыми сипатын жоғалтады, өйткені ғылыми нәтижелер объективті және дәйекті болуы керек.
Тарих философия ғылымынан бұрынырақ пайда болса да ғылым болып қалыптасуы кенжерек қалды. Ал, философия болса сонау көне заманда барлық ғылым-дардың негізі болып қалыптасып қалды. Кешегі Кеңес заманында да, бүгінгі күні де философтар мен тарихшылар арасында тығыз байланыс жоқ. Бір қызығы тарихшы философиялық қағидаларға мән бере қоймайды да, керісінше философтар әлемдік тарихи про-цесті білуге онша құмартпайды.
Ал енді шындығына келгенде, тарихшы философия ғылымын негізгі заңдылықтары мен категорияларын терең меңгеріп, оны өз зерттеуінде кеңінен пайдаланғанда ғана белгілі бір нәтижелерге жетуі мүмкін. Мұны айтқанда біз кез-келген тарихшы философ болсын деп отырғанымыз жоқ. Тарихшы өз зерттеп отырған тақырыбының философиялық және теориялық негіздерін білсе оның нәтижесі де қомақты, әрі салмақты боларына сенімдіміз.

Тарих философиясының түсінігі
Г.Гердер тарихтың философиясын жеке тұрған арнаулы пән деп санады. Ал одан кейінгі осы тақырыпта қалам тартқан Гегель, Маркс, О. Конт, М.Я.Данильевский, О. Шпенглер, А. Тойнби, К.А.Сорокин, К.Ясперс сияқты ғалымдар тарих философиясының күрделі мәселелерін зерттеуге өз үлестерін қосты.
Философтар қызыққан тарихи проблемаларды шамамен 7 топқа бөлуге болады. Бірінші топқа жататындар тарихи процесті қоғам дамуының қандай белгілеріне байланысты зерттеу қажет деген сұраққа жауап іздеді.
* Қоғамды тек экономикалық формация негізінде зерттеу (алғашқы қауымдық құрылыс тарихы, құл иеленушілік қоғам таризы, феодалдық қоғам тарихы, капиталистік қоғам тарихы, социалистік қоғам тарихы).
* Қоғамды өркенит негізінде зерттеу (жабайылық тарихы, варварлар тарихы, өркениет тарихы, Европа еледрінің тарихы, араб дүниесінің тарихы).
* Қоғамды мәдениеттану тұрғысынан зерттеу (антика қоғамының тарихы, Шығыс өркениетінің тарихы, Европа елдері мәдениетінің тарихы, Қытай мәдениетінің тарихы).
* Қоғамды сол жерді мекендейтін этникалық топтардың тарихы арқылы зерттеу (қазақ тарихы, орыс тарихы, татар тарихы).
* Қоғамды мәдениеттің шаруашылықтың саясаттың салалары негізінде зерттеу (өнер тарихы, ғылым тарихы, мемлекет тарихы, дін тарихы, шаруашылық тарихы).
* Қоғамды жеке тұлғалардың немесе белгілі бір әулеттердің тарихи тұрғысынан қарастыру (Шыңғыс ұрпағының тарихы, Ресейдегі Романовтар тарихы, Тимуриттер тарихы, Стюарттар тарихы тағы т.с).
* Қоғам тарихын нақтылы әлеуметтік проблемалар тұрғысынан қарастыру (завод – фабрика тарихы, ұжымжар-кеңшар тарихы, қазақ киімдерінің тарихы)
 
Төменде тарих ғылымының дамуына және жаңа мектептердің пайда болып белгілі мектептердің көбеюіне елеулі үлес қосқан негізгі философиялық бағыттарға (жолдарға) мінездеме беріледі.
Әр түрлі философиялық
бағыттардың тарих ғылымына көзқарасы.
Позитивизм ағымы. Позитив ұғымы латынның (positivus) – положительный деген сөзінен шыққан. Ағымның негізін қалаған француз ғалымы О.Конт, ХІХ ғасырдың 30 жылдары өмір сүрген ғалым өзінің метафизикалық философиядан бас тартатындығын жариялады. Ол философияның басқа ғылымдардың үстінен қарайтын рөліне үзілді-кесілді қарсы болып, сол кездегі философиядағы екі ағым: иделизм және материализмді қолдамайтындығын білдірді. Конттың ұғымынша дүниедегі барлық ғылым пайдалы.
Осыны негізге алған тарихшылар өз ғылымының пайдалы ғылымдар қатарына жатқызуға атсалысты. Тарихшы өз шығармаларын жазу барысында белгілі бір ойдан шығарылған схеманың тұтқынында қалмауы қажет. Қоғамдағы құбылыстарды нақтылы, шынайы дәйек-тер негізінде, әрбір деректі сыни талдау жасай отырып пайдаланғанда ғана шынайы шығарма жазу мүмкіндігі туады.
Позитившілер қоғам мен табиғат ортақ заңдылықтар бойынша дамиды деген қорытындыға келеді. Конт әлеуметтану ғылымының негізін қалады. Қоғам дамуының негізінде эволюция (қарапайым формадан күрделіге дамуы). Бұл концепция бойынша қоғам эволюциясына саяси, экономикалық, әлеуметтік, географиялық, идеологиялық, биологиялық, психологиялық сияқты факторлар әсер етеді. Қоғамдық өмірде аталған факторлар біріне-бірі байланысты бір мезгілде дамиды. Кейде тарихшылар өз зерттеулерінде көрсетілген факторларды кешенді зерттемей, олардың арасындағы тығыз байланыстарды ескере бермейді. Соның нәтижесінде зерттеу біржақты болып шығады. Осы күні позитивизм ықпалындағы тарихшылар қоғамның әлеуметтік-экономикалық үрдісін зерттеуге үлкен көңіл бөлуде. Өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, сауда тарихына арналған еңбектерде соңғы жылдары статистика әдісін пайдалану үрдісі орын алуда. Әлбетте, мұндай шығармаларда қоғамның интеллектуалдық дамуына да зор көңіл бөлінді. Позитивші тарихшылар өз зерттеулерінде тарихи-салыстырмалы әдістерді пайдаланып отыр. Бір өкініштісі, олар тарихи процестің тереңде жатқан себеп-салдарлық байланысын тану мүмкін еместігін алға тартып, тарихшы тек «қалай» деген сұраққа жауап беруге тиісті. Ал «неге» деген сұраққа жауап берудің мүмкіндігі жоқтығын дәлелдейді.
Бірінші проблема. Тарихи зерттеулерде факты мен процесті бағалау. Тарихшы зерттеу барысында фактілерді молынан пайдаланады. Соның негізінде сол тарихи процеске өз бағасын береді. Процесті, құбылысты тану және оларды бағалау зерттеу жұмысының екі жағы. Осылар бір-біріне сәйкес келе ме? Фактіге қарап сол құбылысты жағымды немесе жағымсыз деп есептеуге бола ма? Міне бұл үлкен философиялық проблема. Тарихшы белгілі бір қоғамның субъектісі. Оның маман ретінде қалыптасқан өзінің көзқарасы бар. Оған белгілі бір діни, саяси идеялогиялық факторлар әсер етеді. Үшінші проблема. «Тарихи ретроспекцияның» шынайылығына баға берудің әдіснамалық сипатына байланысты. Тарихшы образға кірген артист сияқты. Зерттеп отырған заманының рухани, саяси өмірін білуі қажет. Сол заманның тарихи оқиғаларын, сол заман адамының көзқарасы арқылы қарастыруы керек.
Төртінші проблема. Бізге дейін жеткен тарихи деректерді сын елегінен өзкізуге байланысты. Тарих ғылымында болған оқиғаларды фальсификациялау, сол заманнан қалған құжаттарға әдейілеп түзету-өзгерту енгізген фактілер кездеседі. Сондықтан империкалық материалдарды эксперимент арқылы теориялық деңгейге жеткізу үлкен философиялық проблема.
Бесінші проблема. Тарих ғылымының тарихи процесс субъектілерін топтау әрекетіне байланысты. Адамзат тарихы жеке адамның әлеуметтік топтардың, ру-тайпалардың таптардың, ұлыс-ұлттардың тарихынан тұрады. Тарихи процесс субъектілерін типологиялық талдаудан өткізу үлкен философиялық проблема.
Алтыншы проблема. Тарихи зерттеулердің әдіснамасына тікелей байланысты. Егер біз әдіснама ғылымы тарихи танымның әдістері дейтін болсақ, онда әдіс зерттеу жұмысы ұстанымдарының жұмысы. Кез келген ғылымның әдіснамалық негіздері философия аясында анықталатыны белгілі. Бұл философияның негізгі атқарар қызметі. Жалпы ғылымда пайдаланатын әдістердің көпшілігі жеке бір ғылымның меншігі болса, философия соларды ой елегінен өткізе отырып, философиялық бағыт-бағдар береді. Әлбетте, тарихшылар жалпы ғылыми әдістерді, оның философиялық нұсқаларын пайдалана отыра, өзіне тән әдістерді де пайдаланады. Ғылыми зерттеу жұмысы барысында әдістерді таңдау тарихшының жеке басының шаруасы.
Соңғы проблема тарихпен теориялық білімнің қиылысқан жеріне байланысты. Жарық көрген тарихи еңбектерді теориялық және методологиялық тұрғыдан баға беретін тарих ғылымының саласы тарихнама. Тарихнама ғылымы өзінің әдістері жағынан философияға тым жақын. Оның метатеория ретінде негізі міндеті тарихи оқиғалармен процестердің зерттелу деңгейіне баға беру. Ғылымдағы әртүрлі авторлардың, ғылыми мектептердің, ғылыми бағыттардың әрекетіне талдау жасау. Сөйтіп, ғылымда ашылмаған немесе шала зерттелген, терең зерттеді қажет ететін проблемаларды анықтап беру.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет