Орындаушылық өнер кафедрасы



бет1/5
Дата25.02.2016
өлшемі320.5 Kb.
#19932
  1   2   3   4   5
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Филология, журналистика және өнер факультеті
Орындаушылық өнер кафедрасы

ХОР ӘДЕБИЕТІ
«Музыкалық білім» мамандығы студенттеріне

арналған оқу - әдістемелік құралы

Павлодар

Кереку


2010

ӘОЖ 372. 878 (075. 8)

КБК 74. 268. 53я 73

X 76
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің филология, журналистика және өнер факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен ұсынылды


Пікірсарапшы:

Е. О. Жұматаева – педагогика ғылымдарының докторы, профессор




Құрастырушы: Г. Т. Мақышбаева

Х76 Хор әдебиеті : «Музыкалық білім» мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік құралы / құраст. :

Г. Т. Мақышбаева. – Павлодар : Кереку, 2010. – 52 б.

«Хор әдебиеті» пәнінен жазылған оқу-әдістемелік құралда, күндізгі және сырттай оқитын тәлімгерлерге дәрістік және тәжірибелік сабақтарының курстық тақырыптары қамтылған.

Оқу-әдістемелік құрал «Орындаушылық өнер» мамандықтарының студенттеріне арналған.

372. 878 (075. 8)

74. 268. 53я 73

© Мақышбаева Г. Т., 2010

© С. Торайғыров атындағы ПМУ, 2010
Материалдық дурыс болуына, грамматикалық және орфографиялық қателерге авторлар мен құрастырушылар жауапты

Кіріспе
Негізгі мақсаты – оқушылардың, студенттердің музыкалық ой - өрісін кеңейту, оларды хор әдебиетінің әртүрлі жанрларымен, стильдерінің жақсы үлгілерімен таныстыра отырып, хор шығармаларын талдап – идеялық көркемдік мазмұнын, жанрын, хор жазбасының стилін, формаларын ашу, вокальды- хор ерекшеліктерін айқындау.

Хор мәдениеті тұрғысында зертелулерге тарихи деректерге сүйеніп жазылған хор жөніндегі әдебиеттермен танысып, оқып үйренеді. Әдедиеттер топтасымен жұмыс жасай жүріп, өзіне көптеген мәселелерді білуге жол ашады. Көрнекті хор әлеміндегі аты әйгілі халық таланттарының алдыңғы қатарлы өкілдерімен таныстыра отырып, өз халқының музыкалық бай мұраларын талдап тәжірибелік мәнін оқушылардың назарына жеткізіп, ғылыми тұрғыдағы көзқарастарын қалыптастырады.

Хор әдебиеті курсы – музыкалық колледждердің, музыка факультеттерінің хорды басқару бөлімдерінде жүргізітілетін негізгі пәндердің бірі.

Негізгі оқу - әдістемелік құрал үш бөлімнен тұрады.



Бірінші бөлім – сырт музыкасының хор әдебиетіндегі жанрлары оқытылады. Кантаталар, ораториялар, мессаларға анықтамалар беріледі және де И. С. Бахтың, Г. Ф. Гендельдің, Й. Гайдынның шығармаларының ішіндегі кейбір хорларға талдау жасау.

Екінші бөлім – орыстың хор әдебиетімен танысу, хор өңдеулеріндегі халық әндерімен, опералық- хор классикасымен, және хорға арналған а капелла шығармаларымен таныса отыра, орыстың опералық-хор әдебиетімен таныса аламыз. П. Чайковский, С. Танеев, Вик. Калинников, П. Чесноковтің творчестволары қаралады.

Үшінші бөлім – қазақ халқының музыкалық мұрасына тоқталып өтіледі. А. Жұбановтың, Л. Хамидидің, М. Төлебаевтың хор шығармаларына, Қазақстандағы профессионалдық жанрдың, оның ішінде опералық жанрлардың дамуына тоқтаталады.

Біздер оқу - әдістемелік құралда хор әдебиетіндегі барлық жанрлармен танысып өттік деп, айта алмаймын, бірақ - студенттер өздеріне алатындай мәлімет қамтылды.



1 Шетелдегі хормен ән айту өнері
1.1 Ертедегі және орта ғасырдағы хор өнері

Хормен ән айту – өте көне және бай музыкалық өнердің бір үлкен саласы. Тарихи өз дамуына басқа өнерге қарағанда, хор өнері алғашқы қауым қалыптасумен бірге жасасып келеді. Бірте – бірте адамдардың әлеументтік жағдайларының дамуымен рухани байлықтарының толығуымен бірге хормен және жеке дауыста орындаушылық тұрақты орын алып олардың еңбекке көзқарастары қалыптастыра отырып ұлттық ойындар мен би, салт – дәстүрлерінде көрініс тапты. Халықтық ойындардың негізі ән болып саналып, кейінірек көпдауысты ән айту түрлері шыға бастады.

Кәсіпшілік хор өнері кештеу дамыды. Оның негізгі міндеті – шіркеу салт –жоралары мен сарай мерекелерінің көркемдік жағын дайындаушы болды. Тарихи ескерткіштерге қарағанда шығыс цивилизациясы дәуірінде хор өнерінің түрлері дамыған. Египет пен Вавилонда халықтық бөлімдерде (сценаларында) хормен ән айтылды. Ежелгі Үнді елінің әншілігі - би, аспаптық өнерлер мәдениетіне байланысты дамыды. Өте жоғары дәрежеде жетілген Үнді патшалығындағы әйелдері хоры болды. Ал ежелгі Палестина халқының ән, би, музыкалық аспаптары болғандығын біз көне өсиет кітаптарынан оқып таласуымызға болады.

Ертедегі Грек елінде хор өнерінің дамуы ерекше қызғылықты және тарихи маңызды болды. Ер баланың тәрбиесіне қанша назар аударғандай, Грецияда хор өнеріне сонша назар аударылды. Хор өнері білімнің алғашқы баспалдығы – деп саналды. Грецияда хор өнері жерге қатысты ұлттық мерекенің айрылмас құрамдас бөлігі ретінде сақталып келеді. Сонымен қатар Грецияда бір дауыспен орындайтын (унисон) ерлер, әйелдер, балалар хоры кең таратылған. Хорлардың ішінде кең тараған: партении алкмана (әйелдерге арналған лирикалық әндер) және Оды Пиндара (жеңімпаздарды мақтайтын әндер).

Әсіресе Грек трагедиясы хорына көп көңіл бөлінді. Бұл жанр б. э. д. VI ғ. болды. Хор арнайы жасалған сахнада өнерлерін көрсетті.

Ежелгі Грецияда дауыстар мынадай классификацияға бөлінді:

1 metoide – виртуоздарға арналған жоғары дауыс;

2 mesoide – хорға тән орташа, қалыпты дауыс;

3 iratoide – трагик актерларге арналған төменгі дауыс.

Ертедегі Гректің философ – музыканттарының теориялық ізденістері, хор өнерінің тәрбиелік ролін жоғары бағалауы, гармониялық, акустикалық, ладтық, заңдылықтарын ашуы хор мәдениетінің дамуына үлкен ықпалын тигізді. VI – VIII ғасырда феодалдық дәуір кезеңінде Византияда хор өнері жоғары жетістіктерге жетті. Бұл кезде гимндер ерекше көзге түсті. Олар ырғақты композициялық құрылымымен ерекшеленді. Гимн – шығыс литургиясының негізі, сондықтан гимндерді орындау сарай мереке-мезреттерінің негізі бөлімі болып есептелді. Византияда құдайға құлшылық еткен хор құрамы бір жарым екі жүзге дейін жетті. Гимн – халықтық ән өркениетінің қайнар көзі бола тұрып, сол уақыттағы католиктік діни мерекелердің негізгі музыкалық және көркемдік бөліміне айналды.

Гимн бес бөлімнен құралды (V ғасырдан):

1) «Kurie eleison» - «Тәңір жарылқасын»;

2) «Vloria» - «Алланың даңқы артсын»;

3) «Credo» - «Тәңіріме сенім артсын»;

4) «Sonetus» - «Тәңірімді ардақтаймын»;

5) «Benediktus» - «Бата беремін, қолдаймын».

Орта ғасырдағы профессионал хор өнерінің орталығы монастырлар мен соборлар болды.

Италияда – Рим, Милан.

Францияда – Париж, Меца, Шартра.

Германияда – Райхенау.

Швейцарияда – Сен – Галлена т.б.

Осы монастырлар мен соборларда жоғарғы дәрежелі әншілер мектебі болды, мектеп жеке әншілер мен регенттерді дайындаумен қатар, хормен ән айтудың жаңа түрлерін дамытты.



1.2 Қайта өрлеу дәуіріндегі ән айту өнері

Батыс және орталық Еуропадағы мәдениеттің қайта өрлеу (возрождения) XIV – XVII ғасырды қамтиды. Грецияда трагедия өнері Еуропа драма және музыка театрына жол ашты. Қайта өрлеу мәдениетінің жетілуі қоғамда гуманизм көзқарасын қалыптастырды. Қоғамдағы шығармашылық ағымдардың бірігуі ғылым- білімнің, өнеркәсіп, сауданың дамуына жол берді. Франция, Италия, Германиядағы шаруа көтерілісінде халық өздері шығарған ән-гимндерін айтты.

Сол кездегі мадақ (хвалебные песни) – әнұран авторы – Роман Сладко ол көпжолды драмалық мазмұнды лирикалық шығарма – кондак авторы, ол Андрей Критский мен Иоганн Дамаскин 9 әннен тұратын канон, яғни музыкалық шығармалардың авторлары болып танымал болды. Мадақ әнұрандары шығыс литургия негізіне айналып сарай ақсүйектерінің бөлінбейтін рәсімдерінің бірі болды. Хор мүшелері 150 ден 200 адамға дейін жетті. Бұл құрамда жай әншілермен қатар доместиктер (ән мұғалімі) магистрлер (шығармашылар), протапсаяттар (меңгерушілер) лампадариялар (корифей - кемеңгерлер) де болды. Орта ғасырдағы кәсіби хор мәдениетінің орталықтары сол кездегі Рим, Милан, Париж, Германия қалаларындағы монастырлар мен шіркеулер болды. Бұл соборларда хор өнері мектептері өз жұмыстарын ұйымдастырды. XII ғасырда Париж Богоматери соборының ән мектебі өзінің жоғары шеберліктерін көрсетіп кәсіби дәрежелері шыңдалды.

Көпдауысты ақсүйектер хорының (светское хоровое многоголосие) жетілуіне және таралуына университеттер көп ықпалын тигізді. Университеттте туындаған 3 – 4 дауысты мотет шіркеу әуенімен мәтінін біріктіріп орындауға биімделді. Төменгі дауыс- тенор дауыстылар әнді латын тілінде айтса, жоғары дауысты ұстағандар әнді ана тілінде ішер мәтінін қолдана тұрып орындайтын болған. Хор мәдениетінің дамуына славян халқы үлкен роль атқарды. Олар: орыс, украин, беларусь, поляк, чех, словак, болгар, серб, хорват халықтары. Славян әндері Батыс, төлеу шығыс елдерінің музыка өнеріне оң әсерін тигізіп, ықпал жасады.

XII ғасырда Иоганн Дамаскиннен кейін көрнекті композитор теоретик Иоан Кукузель болды. Оның әндері кең таралып көркем, колоритімен ерекшеленді. Иоан Кукузель – Византиядағы ән мектептерінің негізін қалаушы және реформаторы бола білді.

Батыс және орталық Еуропадағы мәдениеттің қайта өрлеуі (возрождения) XIV – XVII ғасырды қамтиды. Грецияда трагедия өнері Еуропа драма және музыка театрына жол ашты. Қайта өрлеу мәдениетінің жетілуі қоғамда гуманизм көзқарасын қалыптастырды. Қоғамдағы шығармашылық ағымдардың бірігуі ғылым- білімнің, өнеркәсіп, сауданың дамуына жол берді.

Алғаш композитор ұғымы пайда болып, дауыс ырғағының саны 6 – 9 ға дейін жетті. Диссананс қолдануы қатал ережелермен шектелді., мажор мен минор жүйелері қалыптаса бастады. Осы жаңа жүйелер композиторлардың қайта өрлеу дәуірінде жаңа музыкалық туындылар жасауға бейімдеді. Мәтін мен музыка арасында тығыз байланыс пайда болды, ол адамның көңіл – күйін, махаббат, өмір тақырыптарын баяндады.

Қайта өрлеу дәуірі 2 бағытта дамыды: шіркеу және ақсүйектер бағытында. Шіркеу музыкасының негізгі жанрларына месса, мотет, көпдауысты полифониялық шығармалар жатады.

Ақсүйектер музыкасының дамуы композиторлардың мадригал, концон, полифониялық әндер жазуына себеп болды. Алғашқы орныдаушылар алғашқы – виртуоздар (орган, лютия, виола) болып табылды.

Қайта өрлеу дәуірінде ұлттық музыка мектептері көптен ашыла бастады. Ең ірі мектеп болып – Нидерланд Франко – Фломенская мектебі саналды. Сонымен бірге Испан, Итальян, Ағылшын, неміс ұлттық музыка мектебі қоса қалыптасты.

Еуропа елдерінде қайта өрлеу дәуіріндегі музыка әр кезеңде дамыды. Италияда бұл дәуір XV ғасырда, Франция мен Германия, Англияда XVI ғасырға келіп тірелді.
1.3 XVII – XVIII – XX ғасырдағы хор өнері

XVII ғасыр алғашқы операның шығу дәуірі, сонымен қатар хор өнерінде оратория жанры, кейіннен кантаталардың шығуымен сипатталады. XVII ғасырдың басында діни концерттер кеңінен таралды. Ірі формалары хорлармен қатар, аспаптық музыкалар да орындалды. Бұл концерттер Италия, Англия шіркеулерінде өткізілді. Неаполь және Венецияда шіркеу жанынан жабық түрдегі арнаулы музыканттар даярлайтын оқу орындары ашылды консерватория – приют). Мұнда кедейдің балалары және жетім балалардың музыкаға қабілеттері таңдалып алынып, олар аспапта ойнауға, шіркеу хорында ән айтуға тиым салынды. Сопрана, альт дауыстарын ұл балалар орындады.

XVIII ғасырдың аяғындағы ұлы француз революциясы хор өнерінде ғана емес, бүкіл қоғам өміріне үлкен өзгеріс енгізді. 90-шы жылдары Париждегі хор өнері жаңа заматтық кесіндегі халықтық күшке айналды.

Бұл хорларды оң мыңдаған халықтар айтты, бұл патриотизмге шақырған саяси мағыналы әуендер тізбегі.

XX ғасырдың басында (1908 ж.) Чехияда да хорлар ұйымдастырылды. «Сметана» хоры, «Ферстер» хоры т.б.

Бедржих Сметано (1824 - 1894) – чехтың Глинкасы деп атаған. Чех музыкасының гүлденуі, ұлттық классикалық операның қалыптасуы осы Сметаноның музыкалық қазынасын құрайды. «Проданная невеста» әлемдегі музыка әдебиетінің комикалық операларының қатарына жатады.

Операның сюжетінің негізіне – қарапайым шаруа Маженка мен Еник махабаты, ойсыз бай күйеу жігіт Вашек өзінің қаландығынын «сатып кеткен» және оған үйленуге қахысын алған тапқыр Еник оқиғасын алынған.

Бірінші көрініс өте көңілді, динамикалық шаруалар хорымен – «Как же нам веселиться» хорымен басталада.

Станислав Монюшка 1819 жыл. Поляк музыкасының дамуына көп көмектескен, поляк операсының классигі. «Галька» операсы Монюшкоға көптеген атақ, абырой әкеледі. «Галька» операсы қарапайым адамдардың ішкі толғаныстары және сезімдері жайлы баяндайды. Үшінші көріністегі «В час вечерний в воскресенье» шаруалар хоры жексенбі күнгі серуенді суреттейді. Шіркеуден жаңа шыққан шаруалар әннің басын жәй, ұстамды орындайды. Хор үш бөлімді формада жазылған. Бірінші бөлімі орташа темпте орындалады, би ырғағына қарамастан әуен лирикалық болып орындалады. Ортаңғы бөлім «Барин, гости и невеста» жылдамырақ орындалады.

Иоганн – Себастьян Бах (1685 - 1750)

И. С. Бахтың кең көлемді шығармашылығының мұрасында кантата – ораториялық жанрдағы шығармалары үлкен орын алады. Үш ораториясы – «Рождественская», «Пасхальная» және «На вознесение Христово» - діни мейрамдармен тығыз байланысты; олардың музыкаларында лирикалық, әзіл – оспақ, халықтық тұрмыс – салт интонациялары өте көп.

И. С. Бах көптеген кантаталар жазды: үш жүзге жақын рухани және ақсүйектерге арнап. Ақсүйектік кантаталары тұрмыстық планда жазылған шығармалары. Көбінесе камералық оркестр және жеке әншілерге арналып жазылған. Мадақтау кантаталары – «Играйте, веселые волны», «Умиротворенный Эол», «Славься», «Саксония» - бұларды маңызды хор номерлері бар.

«Страсти по Матфею» және «Страсти по Иоанну» Бахтың ең ірі масштабтағы ораториялық шығармалары. Мұнда жетпіс сегіз және алпыс сегіз нөмір бар.

Бахтың хор шығармашылығындағы ең бір шарықтау шегі болып табылатын, котоликтік сыйыну текстіне жазылған традициялық алты бөлімді формадағы оның тамаша шығармасы традициялық алты бөлімді формадағы оның тамаша шығармасы «Высокая месса» (си минор).

Си – минорлық мессасы шіркеуде ешқашанда орындалған емес. Орныдаушылар тобы – сегіз дауысты аралас хор, жеке әншілер; екі сопрана, алть, тенор және бас, симфониялық оркестрдің үлкен құрамы. Мессаның бірінші бөлімінің барлығы – екі күрделі хор фугалары мен дуэттен тұратын «Kirie», ол бар болғаны екі - ақ «Kirie eleison» және «Criste eleison» сөздеріне ғана айтылады, бірақ соның өзінде қандай сезім байлығы, бейнер және әртүрлік бар.

«Сrucifixus» хоры (Ииусус Христостың өлімі және керіп тастауы жайлы, адамдардың қайғысы туралы айтылады) – мессаның трагедиялық шарықтау шегі болып саналады. Ол екі полифониялық варияциялар формасында basso ostinato – ға жазылған, пассакальярдың формасында. Тыныш, ыңырсу сияқты берілген қысқа әуен барлық дауыстарында имитация түрінде жүреді:

Бұл хор ми – минор тональностінде жазылған (мессаның негізгі тональностінің субдоминантасы). Барлық бөлімде аяқтайтын варияциясы параллельдік мажорда (соль – мажор) бітіреді.



Георг Фридрих Гендель (1685 - 1759)

Г. Ф. Гендель - әлем музыкасындағы ораториялардың классикалық түрін жасаушы. Ол өзінің шығармаларында немістің және англияның музыкалық мәдениетінің традицияларын біріктіруші. Гендель Германияда туылды және оқып тәрбиеленді, өзінің ең бірінші шығармаларын сонда жазды, ән сабағынан сабақ берді. 1706 – 1710 жылдарда ол Италияда оқып – зерттеді, кантаталар, опералар, ораториялар жазды. 1712 жылдан бастап Англия Гендельдің екінші отаны болды.

Гендель өз өмірінің кезеңдерінде 32 оратория жазды. Оның белгілі оратриялары: «Саул», «Израиль в Египте», «Мессия» т.б. Бұлардың көпшілігін Лонданда жүргенде жазды.

«Самсон» ораториясы Гендельдің хор шығармашылығында үлкен орын алды. Бұл батылдық драма.

«Сражен Самсон» - ораторияның үшінші актісіндегі филистимияндылық хоры. Филистимияндылықтар жауларымен күрестегі өздерінің жеңісін Дагона құдайының құрметіне арнап салтанатты түрде тойлап жатады. Хор кодасымен бірге күрделі екі бөлімді формада жазылған. Мұнда полифониялық құрылыммен сай келген.

Ең алдымен әндетіп сопраналар бастайды, содан кейін тоника – доминанталық арақатынаспен альтерде жүреді.

Екінші тақырып, фанфарлы интонациялармен жеңімпаз, қуанышты филистимляндықтардың бейнесін көрсетеді:

Иозеф Гайдн (1735 – 1809)

Немістің көрнекті композиторы, веналық классикалық мектебінің өкілі. Гайдн ірі формадағы хор музыкасының дамуына өзінің белгілі үлесін қосты.

Балалық шағынан хорда ән айтуға қатысып жүрді. Ол он төрт месса, кантаталар, мотеттер, әндер жазды. Оның шығармашылығының шыңы деп, соңғы кезде жазылған екі шығармасы «Сотворение мира», «Времена года» ораторияларын айтуға болады.

Гайдынның соңғы ірі шығармаларының бірі «Времена года» оратриясы. Либреттосын жазған Ван Свитен ағылшын жазушысы Джеймс Томсон поэмасы бойынша жазды. Оратрияда төрт бөлім бар: «Көктем», «Жаз», «Күз», «Қыс». Жыл мезгілдері сияқты адам өмірі, жасөсрірім шағы арқылы өтетін (көктем), балалық шағында (жаз), есейгенде (күз) және кәрілік шағында (қыс). Гайдн ораторияның екінші бөліміндегі «Гроза» хор сценасының екі бөлімдерінде нажағайды, әртүрлі суреттейді: біріншісі – прелюдия – нажағайды, сұрапыл апаттың құбылмалы жағдайындағы адамдардың абыржуып бейнелейді; екіншісі – фуга – нажағайдың өзін суреттейді.

Фуга хор музыкасында суреткерлердің ең жақсы үлгілерін көрсетеді. Ол екі тақырыпта жазылған (екі еселенген фуга).

Бірінші тақырып хроматикалық қайғылы тонда берілген. Екінші тақырып (оны қарама – қарсы құрылым деп есептеуге болады) – дамылсыз, әуендерінің үзіліссіз қозғалысында жүреді:

Бірінші бөлімдегі хордың репликалары («Горе», «Где спасенье») фуганың тақырыптарының полифониялық дыбысталуына жіктеледі.

Опера жанрындағы хорлар

Шетел композиторларының опералық мұралары өте үлкен және әртүрлі. Батыс Европада опера өзінің даму жолында бірнеше этаптардан өтті. XVIII ғасырдағы италияның буффа мен серия, француздың лирикалық трагедиясы менкомедиялық опера жанрлары пайда болды.

Опера жанрының дамуына Кристоф Виллибальд Глюктің де үлесі бар, ол опера театраның аристократтық эстетикасына қарсы болды. Глюк өз операларында хорға ерекше орын берді.

Глюктің бірінші реформаталық операсы – «Орфей» - Венада 1762 жылы қойылды. Орфей мен Эвридиканың махаббаты туралы көне (антик) сюжеті либреттоның негізін жатады

Бірінші актідегі «О, если в роще сей уныло» хорын бақташылар мен бақташы әйелдер орындайды.

Моцарттың шығармашылығы опера өнеріне жаңа табиғи қарқын әкелді. Өзінің творчестволық өмірінің барысында ол әртүрлі жанрларда опералар жазды: «Волшебная флейта», «Бастьен және Бастьенна», «Похищение из сераля», «Мнимая простушка» - Зингшпильдік және буффа операларынан бастап драматикалық сериаоперасына дейін «Идоменей» және «Милосердие Тита». Опералық шығармашылығының нағыз қайнар бұлағына екі ұлы шығармаларын «Свадьба Фигаро» және «Дон – Жуан» - жатқызуға болады. «Идоменей» операсында хор номерлары көбірек жазылған. Бұл драматикалық операда характеріне, құрамына қарай хорлар өте көп. Екінші актідегі «Спит безмятежно море» хоры Идаманат пен Электраның Аргосқа корабльмен жүріп кетер алдында орындалады. Хордың формасы үш бөлімді. Хорда музыкалық мәнерліктің тәсілдері өте қарапайым және классикалық түрде белгілген: негізгі функциялар шегінде құрылған диатоникалық гармония, төртдауысты дивизиясыз айтылатын хордың арқауы айқын және жеңіл берілген.

Неміс операсының дамуына өз үлесін қосқан белгілі Вебер болды. Ол опералық жанрда романтикалық стильдің негізін қалаушылардың бірі болып табылды. «Волшебный стрелок», «Эврианта» және «Оберон» опералары әлемге белгілі шығармалары. «Волшебный стрелок» операсының негізгі мазмұнында шайтан мен келісімге келген жас жігіт туралы көне аңыз жатыр.

«Аңшылар хоры» Вебердің опералық хорларының ішіндегі ең белгілі, қарапайым жазылғаны. Формасы – екі бөлімді шумақты қайырмасымен.

Джузеппе Верди

Италияның опералық өнерінің гүлденуі Джузеппе Вердидің шығармашылығымен тығыз байланысты. XIX ғасырдың 40 жылдарында Европадағы революциялық жағдайлардың қызулы кезеңінде жазған «Набукко», «Ломбардцы», «Эрнани», «Битва при Леньяно» опералары бүлікші, романтикалық бағыттағы шығармалары.

«Риголетто», «Трубадур», «Травиата» - бұлар Вердидің түпкілікті, аса көрнекті реалистік опералық шығармалары.

В. Гюгоның «Король забавляется» драмасы бойынша, либреттист Ф. Пиавемен бірігіп жазған «Риголетто» операсы. «Тише, тише» сарай жанындағы хор Риголеттаның қызы Джибданы ұрлап кететін сценаның орталық эпизоды болып табылады. Хор күрделі екі бөлімді формада жазылған, кодасы бар. Операның қысқаша мазмұны жеңіл ойлы Герцогтың өткіші махаббатының құрбаны сарай сайқымазағының трагедиясы драматикалық жағдайлардың шынжыры кең жайылуы айналысындағы негізгі стержені болып жасалынған.



Жорж Бизе

XIX ғасырдың екінші жартысында француз музыкасының реалистік трагедиялары Жорж Бизенің опералық шығармаларында нақтылы іске асты.

«Кармен» (1874) Бизенің данышпан шығармасы және әлем музыка әдебиетіндегі опералардың ішіндегі ең көрнекті шығармалардың бірі. Либреттосы А. Мальяк пен Л. Галевтікі, француздың жазушысы П. Мерименің новелласы бойынша жазылған.

«Гляди, как струей дымок улетает» жұмысшы әйелдер хоры опералық хор музыкасында қарапайым әдемділіктің және суреткерліктің үлгісі болып табылады. Негізгі тональность ми – мажор. Бірінші бөлімінде хордың формасы кодасымен үшбөлімді, бірінші құрылым си мажорда модуляция жасалады, екіншісі – ля – бемоль мажорда.

Ортаңғы бөлім соль – диез минорда айтылады. Хор құрылымының музыкалық характері өзгереді. Әуендегі жүректілік жойылады. Минорлық лад хорға өзінің қайғылы әсерін береді:
2 Ресейдегі хор мәдениетінің дамуы
2. 1 XVIIғасыр

XVII ғасырда Ресейде әр түрлі кіші хандықтар топтастырылып үлкен Русь мемлекетінің тууы көптеген таптық қайшылықтар туғызды. Қалыптасқан мемлекет дипломатиялық принципке арқа сүйеп орыс мәдениетінің дамуына оң көзқарас танытты. Барлық мәдениет ағымдарында өзгерістер жол алды. Архитектура, живопись өнерінде жаңа стиль біртіндеп орныға бастады. Шіркеудегі бірдауысты ән орындау көпдауысты орныдаушылыққа көшті. Партесті ән салу екі бағытқа негізделіп құрылды. 1ші шіркеу музыкасын қайта қарау, үндестіру; 2 еркін композиция (партесты концерт, псалма, кантата). Партесті концерт дегеніміз – 17 – 18 ғасырда қалыптасқан хор музыкасының ірі формасы. Хор концерті 4 дауысқа негізделіп құрылған. 4 хор партиясы бар: Дискант, альт, тенор, бас дауыстары хорға жаңа өң беретін болды. Жаңа нота жазу үлгісі қалыптасты. Полифония, иммитация, канон 4, 3 – 2 дауысты болуы орыс ән салу шеберлерінің болғанын дәләдеп береді. Дьяк Титов 1650- 1710.



Псалма – үй ішінде, отбасы төңірегінде орындалатын ән орындау үлгісі.

Рухани кант – музыкалық поэтикалық жанр ретінде Украинамен Белоруссияда қалыптасты. Бұл жанр Поляк, Беларус халықтарының ұлттық патшаларының бірігуімен құралған.

Лирикалық кант – үстел басында, әзіл, жортқа шыққанда орындалатын әндер.

Орыс композиторлар мектебінің пайда болуы, жаңа жанрлар мен формалардың әсері орыс ұлттық мәдениетінің жетілуіне ықпал етті.

Танымал жанр – комикалық опера. Қалаларда көп таралған жанр, бұл ән, би, елементтері. Осы элементтер қатар жүріп бір – бүтін екендігін байқатады. Даматургиялық операда – хор музыкасына үлкен мән берілді. Бұл ретте италия мектебі орыс ұлттық мектептерінің дамуына үлкен әсер етті. Италия мектебімен байланыстың арқасында орыс музыкасында гармония, полифония заңдары жаңа жанр оротория жанрының тууына себеп болды. Ең бірінші Дягтеревтің ораториясы «Минин мен Пожарский» 1711жыл. Ең алдыңғы қатарда музыка жанрында Бортянскийді (1726 - 1825) алуымызға болады. 1804 ж. И. А. Глинка класстық стиль тапты – «Руслан және Людмила», «Иван Сусанин» операларын жазды. Композитор 3 қойылымнан тұратан «Разгулялися, разливалися» шығармаларын сол жылдары жазып шығып орыс композиторларының мектебінің мәртебесін асқақтатты.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет