Қорытынды аттестаттау емтихан материалдары Пән: Қазақ тілі пәні (оқыту қазақ тілінде) Бағыты



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата05.10.2022
өлшемі0.5 Mb.
#462001
  1   2   3   4   5
Қазақ тілі ҚГБ



 
Қорытынды аттестаттау емтихан материалдары 
Пән: Қазақ тілі» пәні (оқыту қазақ тілінде) 
Бағыты: жаңартылған білім мазмұны бойынша қоғамдық-
гуманитарлық
Білім беру ұйымының атауы:___________________________ 
Сынып: 11 Литер:___ 
Білім алушылардың аты жөні___________________________ 
 
 
 
1-бөлім 
 
1-тапсырма 
Әр сұраққа тӛрт: A, B, C және D жауабы берілген. Дұрыс деген бір жауапты таңдап, тиісті 
ұяшыққа қанатша () белгісін қойыңыз. 
 
Мәтін үзіндісін оқып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз. 
 
Ядролық энергетика қазіргі уақытта ең перспективті жоба деп қарастырылады. 
Адамзаттың XXI ғасырдағы тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуде 
және энергетикалық сұраныстарды қанағаттандыруда ядролық энергетика айтарлықтай 
үлес қосуы тиіс.
АЭС-ті салудың бір артықшылығы – олардың орнын ресурс алынатын 
орынға қарай тәуелсіз таңдауға болады, себебі отын мӛлшері аз болғандықтан, 
тасымалдау кӛп шығынға әкелмейді. Мӛлшері жағынан 0,55 кг ядролық отыннан алған 
энергия 1000 тонна таскӛмірді жаққандағы энергияны беретінін ескерсек те жеткілікті.
Кӛптеген елдердің кӛпжылдық тәжірибесі АЭС-ті қолдануда олардың қоршаған 
ортаға кері әсері кӛп болмайтынын кӛрсетеді. 1998 жылдары АЭС-ті қолдану мерзімі 
орташа жиырма жыл деп есептелген. Қалыпты жұмыс істейтін АЭС-тің қоршаған ортаға 
бӛлінетін радиоактивті элементтер қалдығы ӛте аз болады. Қуаты дәл сондай ЖЭС-пен 
салыстырғанда, олардың мӛлшері орта есеппен 2-4 есе аз. Чернобыль апатына дейін сол 
кездегі Кеңес Одағында тек АЭС-те ғана ӛндірістік жарақат алу дәрежесі тӛмен болған. 
Отыз жыл аралығында болған апаттарда 17 адам қаза тапқан, олардың қазасына радиация 
себеп болмаған. Ал 1986 жылдан кейін ең басты экологиялық қауіп АЭС-те болатын апат 
мүмкіндігімен байланыстырылды. Қазіргі АЭС-те мұндай қауіптің болу мүмкіндігі аз, 
бірақ сонда да оны үзілді-кесілді болмайды деу қиын.
Чернобыль АЭС апатының салдары 20 мемлекеттің территориясын қамтыған
радиусы 2 мың км-ден артық территория радиореактивті ластануға ұшырады. Бұрынғы 
Кеңес Одағы шекарасындағы 17 млн адам ӛмір сүретін 11 аймақ зардап шекті. Осы 
апаттан кейін кӛптеген мемлекеттерде жұртшылықтың талабы бойынша АЭС 
құрылысының бағдарламасы уақытша тоқтатылды, бірақ атомдық энергетиканың дамуы 
әлі де 32 елде жалғасуда.
Қазір ядролық энергетиканың тиімділігі мен тиімсіздігі туралы талас бәсеңдеді. 
Кӛміртегінің қос тотығы мен басқа да органикалық отын секілді жану ӛнімдерінің 
атмосфераны ластауына жол беруге болмайтынын әлем түсінді. Бұл қорытынды мына 
фактілерге негізделген: АЭС-тен энергия алу жылу электр станцияларында органикалық 
отын мӛлшерін тӛмендетеді, соның нәтижесінде Жер атмосферасын 2300 млн тонна 
кӛмірдің қос тотығының, 80 млн тонна күкірт диоксиді мен 35 млн тонна азот 
оксидтерінің жылдық қалдықтарынан қорғайды. Бұндай қауіпті заттарды атмосферадан 
бӛлу және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүмкін болмас еді. Оған нақты мысал 
келтірсек, Швецияда Барсебек-1 атом станциясының жабылуынан Швеция соңғы 30 
Мөрдің 
орны 


жылда электр энергиясын Даниядан тасымалдады. Оның экологиялық салдары мынадай: 
Данияның кӛмір электр станцияларында Ресей мен Польшадан қосымша алынған 350 мың 
тонна кӛмір жағылғандықтан, кӛмірдің қос тотығының жылына 4 млн тоннаға ӛсуіне 
әкелді және Швецияның оңтүстік бӛлігінде қышқыл жауын мӛлшері біршама артып
табиғатқа зиянын тигізді.
Қазір әлемдегі барлық жұмыс істейтін АЭС-ті ЖЭС-пен алмастырса, онда әлемдік 
экономикаға, бүкіл планетамызға және әрбір жеке адамға орны толмас залал келтірер еді. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет