Қоршаған ортаны қОРҒау министрлігі «Қоршаған ортаны қОРҒаудың АҚпараттық-талдау орталығЫ» республикалық мемлекеттік кәсіпорыны


Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың күйi



бет5/14
Дата08.06.2016
өлшемі5.6 Mb.
#122933
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

1.3 Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың күйi

Сирек эндемикті және реликті түрлердің арасында өсімдіктердің 400 астам түрі және омыртқалы жануарлардың 300 астам түрі бар. Қорғау шараларына қарамастан, жоғалу қаупінде құстардың, амфибиялар мен сүтқоректілердің үлесі артуда.

Жалпы республика аумағындағы экожүйелердің, түрлердің, популяциялардың жалпы күйін көрсететін Биоалуантүрліліктің Ұлттық индексі (0,44) дамыған елдердің (0,55) табиғи жүйелері күйінің орташа мәнінен төмен. Табиғат ресурстарын есептеу үшін ГИС технологиясы негізінде орман, балық, өсімдік нысандары, жануарлар дүниесі , ЕҚТА бойынша ақпараттық база құрылған (8 Сур.).

Республикада республикалық және халықаралық маңыздағы мемлекеттік табиғи-қорық қорының нысандары және оның шаруашылық пайдалану шегінің ережелері, ерекше экологиялық, ғылыми, мәдени және өзге құндылықтарға ие жер қойнауы тізілімі, республикалық маңыздағы ЕҚТА категориясына жататын нысандар бекітілген (№3 Кесте).

«Қазақстан Республикасы аумағын ұйымдастырудың бас сызбасы» шеңберінде сирек және жойылу қаупі бар жануарлар, өсімдіктер, бірегей экожүйелерді және биоалуантүрліліктің сирек түрлерінің мекен ету орнын сақтау үшін келесі шаралар әзірленді: 4 даму сценариі бойынша «Республикада 2020-2030 жылдарға ЕҚТА ұлғайту шаралары».

8 Сур. – Ерекше қорғалатын аумақтар картасы
Нәтижесінде ЕҚТА ауданы тиімді даму сценариін қолданса, 2020 жылы 1 615 867,00 га артады, сондай-ақ ЕҚТА жалпы ауданы 14 811 205,9 га немесе Республика аумағының 5,44% құрайды.
3 Кесте – Республикалық маңызы бар ЕҚТА түрі, саны және ауданы


ЕҚТА түрі

Нысандар саны

Ауданы, мың га

Табиғи қорықтар

10

1 223,0

Ұлттық табиғи бақтар

9

1 653,2

Орман резерваттары

2/4

940,2

Табиғи қорықшалар

50

5 998,4

Қорық зоналары

5

11 350,5

Табиғат ескерткіштері

26

6,6

Ботаникалық бақтар

5

0,4

Барлығы

107

21 172,3

2030 жылы ЕҚҰА желісіне халықаралық талаптарға сәйкес келетiн жаңа қорғалатын табиғи аумақтар кіреді; (Жетісу Алатауы) қорығы құрылатын болады. ЕҚҰА ауданы

827 162,0 га кеңейтілді. 2030 жылы оңтайлы даму сценариінде ЕҚҰА жалпы ауданы 25 514 364, 0 га, Республика ауданының 9, 36% құраған. «Жасыл Даму» бағдарламасы шеңберінде жоспарланған ЕҚҰА қосымша Қазақстанның Қызыл кітабына және халықаралық Қызыл кітапқа енгізілген тау барысын (ілбіс) сақтау бойынша бірнеше қорықтар құру ұсынылады. Тау барысын сақтау стратегия негізінде Саур жотасында ауданы 39 000 га Мұзбел қорығын құруға алдын-ала жоба әзірленді. Жетісу Алатауының оңтүстік-батыс беткейінде – Кора, Көксу, Өсек, Черкасай өзен бассейндерінде қар барысы мен жетісу бақасын (қосмекенді) қорғау үшін (ауданы шамамен 651 581,0 га) ЕҚҰА құру ұсыныстары енгізілген.

Құстардың миграция жолдарын қорғау мақсатында миграция уақытында құстардың тоқтайтын жерлері болатын барлық орнитологиялық аумақтарға халықаралық маңызы бар мәртебе беру қарастырылған. Бұл миграция орындарының деградациясы дара популяциялардың және барлық құстардың амандығына кері әсерін тигізеді.

Көшіп-қонып жүретін сүтқоректілерді (жайран, тяньшань арқары, құлан) қорғау үшiн экологиялық дәліздерді құру қарастырылуда. Мұндай дәліздерді ірі («Алтын Емел») және жобадағы ЕҚҰА («Іле-Балқаш») арасында жүргізу ұсынылды. Сонымен бiрге «Алтын Емел» мен Жетісу Алатауының оңтүстiк-батыс баурайында жобаланатын қорық арасында экологиялық дәліз орнатылу ұсынылады. «Алтын-Емел» аумағы мен «Іле-Балқаш» қорғау зонасын қосатын экологиялық дәліз тұяқтылар мен басқа да фауна өкілдерінің қауіпсіз миграциясын қамтамасыз ететін аумақ болуы тиіс. Қазақстанның заңнамалық базасына сәйкес экологиялық дәліз аумағында жайрандар мен басқа жануарларды заңсыз ату дәлелдерін қысқарту мақсатында күшейтілген бақылауды ұйымдастыру жоспарлануда.

«Эконет» - «экологиялық желісін» құруға және Орталық Азияның су және басқа табиғи қорларын сақтау үшін Қазақстан мен Тажiкстан аумағы үшiн (2007-2012 жж.) «Эконеттің» екі жобасы ұсынылды. «Сырдария өзенiнiң аңғарының биологиялық әртүрлілігін сақтау және интегралды бассейндік басқаруды дамыту,Қазақстан» жобасы 2012 жылы аяқталды. Жоба Сырдарияның орта ағымындағы жайылымдық тоғай ормандарының және де жақын жатқан дала және шөл экожүйелері мен биоценоздарын, сонымен қатар Қаратау тауларының ормандарының биологиялық әртүрлілігінің қалыптасуын сақтауға бағытталған (9 сурет).

Тянь-Шань түрінің арқарын сақтау үшін оның көктемгі және күзгі миграциясы кезінде Ақсу-Жабағылы қорығы мен Боралдай қорықшасы арасында екі экологиялық дәліз құру жоспарлануда. Бұл дәліз Күйік асуы арқылы Қаратаудың оңтүстік-батыс беткейлеріне және Жабағылытаудың солтүстік баурайларынан Шақпақ асуы арқылы Боралдай тауна дейін созылып жатыр.

Қазақстан үшін ірі автокөлік жолдарын, құбырлар, қатты жамылғысы бар жасанды арықтар, теміржолды, тікенді сыммен қоршалған шекаралық тосқауылдарды кесіп өту кезінде сайғақтар мен басқа жерүсті жануарлардың миграция жолдарын инженерлік қорғау (экодук, ландшафттық көпірлер, жолдың үйім табаны) ең өзекті мәселенің бірі болды.



9 Сур. – Орталық Азияның табиғи аумақтары /«Эконет»
Сонымен бірге, «Қазақстан Республикасы аумағын ұйымдастырудың бас сызбасы» шараларында келесілер қарастырылады: Биологиялық алуантүрлілік туралы конвенцияның негізгі талаптарына жауап беретін ЕҚТА ауданын ұлғайту, экологиялық дәліздер құру, жануарлар миграциясы жолдарын инженерлік қорғауды ұйымдастыру, түр популяцияларының табиғи жағдайда тіршілікке қабілеттілігіне жағдай жасау және қайта қалыптастыру шаралары.
1.4 Халықтың тұрмысы үшін табиғи әлеует/биоалуантүрліліктің азаюының әлеуметтік-экономикалық маңызы

2012 жылдың 1 қаңтарындағы елдегі халық саны 16,6 млн. адамды құраған. Халықтың ең жоғарғы өсімі Астана және Алматы қалаларында, Оңтүстік Қазақстан облысында байқалған. Маңғыстау облысында, Астана мен Алматы қалаларында халық санының артуы табиғи өсім есебінен, сондай-ақ миграциялық өсім есебінен болған. Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды және Павлодар облыстарында халық санының артуы – табиғи өсім есебінен. Шығыс Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстарында халық санының төмендеу себебі халықтың табиғи өсімі төмен, ал Солтүстік Қазақстан облысында табиғи өсімнің төмендігі де байқалды (№4 Кесте).


4 Кесте Қазақстандағы демографиялық жағдай


Көрсеткіш атауы

Адам

1000 адамға шаққанда, жылдар бойынша

қаңтар-наурыз 2010г.

қаңтар-наурыз 2011г.

01.04.2010ж.

01.04.2011ж.

Туылғандар

87044

90298

22,4

22,6

Өлгендер

36285

38823

9,0

9,1

Табиғи өсім

50759

51475

13,4

13,5

Некеге тұру

28115

30199

8,8

9,1

Ажырасу

9553

9755

2,5

2,6

Қазақстан экономикасының өсуiне қол жеткiздi. 2000 жылдан 2011 жылға дейінгі мерзiмдегі орташа жылдық өсім – 9,1% құрады. 2011 жылы 1 адамға есептегенде ЖІӨ 11,2 мың АҚШ долларын құрайды. Өнім экспортының (%) 2000-2011 жылдар аралығындағы экспорт көлеміне қатынасы 24,8%, яғни 78,0 млрд. АҚШ доллары болған.

Қазақстан экономикасының тиімділігі табиғи қорлардың бай болуымен себептеледі. Республикамыз көмiр, мұнай, газ, хром, уран, мырыш, темiр кені, мыс, алтын қорлары және оларды өндіру көлемі бойынша әлемнiң 15 жетекші елдері (2011 жыл) қатарына кiреміз. Бюджет табыстарының шамамен жартысы және экспорттың 70 % астамын табиғи қорлардан келетін табыстар құрайды. Олардың iшiнен, мұнай табыстары бюджеттiң жартысынан астамын құрайды; өндіруші өнеркәсiптiң өнiмдерiнiң экспорты 76% құрайды, оның 71% көмiрсутектердің үлесіне тиесілі. Негiзiнен экономиканың 17% қорларға тәуелдi салалардан тұрады. Халық шаруашылықты дамытудың қазiргi үлгiлерiн пайдалану ел экономикасын көптеген қорларды ала алмауға келтiреді (10 Сурет). Мұндай дамудың басты себептері энергия тиімділігін арттыру мен ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін көтеру үшін табиғи капиталды пайдалану тиімсіздігі жоғары болып табылады.

Экономика үлгісінің басты факторы, ол өз кезегінде табыс деңгейінің, өмір сүру жағдайы мен халықтың денсаулығы деңгейінің үйлесімсіздігіне алып келетін аймақтар дамуының тепе-теңсіздігі болып табылады. Сонымен қатар, қоршаған ортаға түсетін ластағыш заттар эмиссиясының айтарлықтай деңгейі, жылулық газдарды қоса алғанда, «жасыл экономика» пікірін ұстаушы ретінде халықаралық келбетін төмендетеді. Ел экономикасының барланатын ресурстарға тәуелділігі дүниежүзілік нарықта бағаның өзгеруі есебінен балансталған мемлекеттік бюджет үшін қауіпті арттыруы мүмкін.



10 Сур. – Экономика секторларының бюджеті
Қазіргі таңда экономиканың барлық салалары өнімділігінің төмендігімен сипатталады, ол энергияның жоғалуы есебінен (тұрғын үйлерді жылыту, жылу, электр беру); жерлердің өнімділігінің төмендігінен (бидай егіні, арпа, күріш егіні және өзге дақылдар); ауыл шаруашылығында, өнеркәсіпте және тұрмыста судың шамадан тыс жұмсалуы, айналма сумен қамтамасыз ету пайдаларын қолданбағандықтан болады.

Қазақстан үшін энергия тиімділік (тұрғын үйлерді жылыту, тау-кен, мұнай өндіру өнеркәсібі) бойынша халықаралық деңгейге шығу пайдаланатын энергияның көп көлемін үнемдеуге және тиісінше, 40 млн. тоннадан астам мұнай эквивалентін үнемдеуге мүмкіндік береді. Бұл жағдайда энергия тиімділігін арттыру үшін энергиямен қамтамасыз ететін жаңа нысандар құрылысына қарағанда аз қаражат қажет. Энергия ресурстарына үлкен көлемдегі жанама субсидиялар айырылған пайдаға алып келеді де, ресурстарды, сонымен қатар барланатын отынға: мұнай, табиғи газ, көмірді, басқару бағдарламаларының тиімділігін төмендетеді (11 Сур.).




11 Сур. – Энергетикалық инфрақұрылымның даму болашағы
Жер ресурстарын орнықты пайдалану жағдайында өсімдік шаруашылығы өнімін экспорттау біршама артуы мүмкін (12 Сур.).

12 Сур. – Жер ресурстарының күйі
Сондай-ақ, экономика табыстылығы төмендеуінің басты себептері жер сапасының төмендігі; жер ресурстарын тиімсіз басқарумен себептелген ауыл шаруашылық өнімдерінің және жайылымдар өнімділігінің төмендеуі; монодақылды тиімді ауыспалы егісті қолданбаған, топырақ тыңайтқышын ең аз қолдану, шамадан тыс өріске жаю, ескірген жабдықтар мен жұмыс әдістері.

Аграрлы және табиғи жүйе түрлілігін, өнімділігін арттыру жылулық эффектіні төмендетудің негізгі шарты болатын көмірқышқыл газының көп көлемін қысқартуға мүмкіндік беріп, тиісінше, климаттың өзеру салдарын төмендетеді.

Қазақстанның алдында табиғи капитал мен экономикалық пайданың потенциалды жоғалуына жетелейтін бірнеше өте маңызды экологиялық мәселелер, әлеуметтік қауіптер тұр. Жер ресурстарының көптеп деградацияға ұшырауы астық өнімділіктің көлемін төмендетті (шамамен 30 %).

Су ресурстарының тапшылығы, суға деген сұраныс, ұтымсыз сумен қамтамасыз ету және суды тұтыну халықтың тұрмыс сапасын айтарлықтай төмендетіп, елдің азықтық қауіпсіздігі қатерін құрады.

Қазіргі таңда қала, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы қажеттілігі үшін керекті орташа жылдық су көлемі 21 млрд. шаршы метрді. құрайды, ал оның суға мұқтаждығы 2020 жылы 23 млрд.куб.м. дейін артады (13 Сур.).

13 Сур.– Суды пайдалану жүйесі
Жоғарыда көрсетілген үлгіге сәйкес су ресурстарының тапшылығы бассейндер деңгейінде сумен қамтамасыздандыру және суды тұтынуды басқару жүйесінде үнемі арту тенденциясына ие.

Су ресурстарының тапшылығы Арал теңізінің экожүйелерінің жағдайына үлкен кері әсерін тигізді. 40 жылдың ішінде Арал теңізі күріш және мақта өсіру шаруашылығын көлемді суландыру есебінен өз қорының 90% айрылды.

Осындай шамадан тыс әрекеттердің нәтижесінде Арал теңізіне құятын өзен су 50 шаршы шақырымнан нөлге дейін кеміген (14 Сур.).

14 Сур. – Арал теңізі акваториясының кему динамикасы
2005 жылы салынған Көкарал бөгені (Кіші Арал) аймақтағы жағдайды біршама жақсартты, бірақ жалпы Арал маңы шөлдену үрдісі жалғасып, оның қарқыны күшейіп, ландшафттың айтарлықтай өзгеруіне және биоалуантүрліліктің апатты төмендеуіне ықпал етті.

Қазақстан мен Қытайда суғару аудандарын жетілдіру және ұлғайту кезінде 2045 жылға Балқаш көлі өзінің су қорының 86% жоғалту қаупі бар (15 Сур.).



15 Сур. – Балқаш көлі экожүйелерінің өзгеру тенденциясы

Балқаш көлі суды тұтыну көлемін сақтауды жүзеге асыру кезінде дәл сол жағдай күтіледі. Қазіргі таңда он алты көл жүйелерінің ішінде тек бесеуі сақталған, ірі спутник-көлі 30 жылда жойылған.

Балқаш көлі су ағынының Қытай аумағындағы трансшекаралық Іле өзенінің су тұтынуына тәуелділігі Балқаш маңы экожүйесінің жағдайын нашарлатады, өнімділігін және су, жағалаулық, континенталдық территориялардың биоалуантүрлілігін төмендетеді.

Сумен қамтамасыз ету үшін Ертіс, Іле және Сырдария трансшекаралық өзендерінің су ағынына тәуелділігі көлемді қатер туғызады. Жалпы, Қазақстанға басқа елдерден ағып келетін ағындар 1998 жылдан 2008 жылға дейін 26% немесе 15 млрд.куб.метрге азайған, сонымен қатар жыл сайынғы ағын 2-3% тұрақты түрде кемігені байқалған.

Бұл Арал теңізіне, Есіл және Тобыл өзендерінің су қорына, Шу және Талас өзендерінің жағалауындағы территориялардың ирригациялық жүйелеріне қосымша кері әсерін тигізеді. Сонымен қатар, Орал және Каспий аймағындағы су ресурстарының күйіне су ресурстарының таусылуымен бірге олардың ластануын туғызатын мұнайгаз саласы кері әсерін тигізеді. Нәтижесінде территорияның эпидемиологиялық жағдайы төмендеп, тұрғындардың денсаулығы нашарлайды және тиісінше ішек аурулары, несеп-жыныстық жүйе және т.б. аурулардың артуына себепші болады. Урбанизацияланған территориялардағы (қалалар, өнеркәсіп орталықтары) атмосфераның ластануының шекті мүмкін тастандылардан асатын жоғары деңгейі тұрғындардың ауруға ұшырауының даму себебі болып табылады. Нәтижесінде, сауықтыруға көптеген мемлекеттік шығындар жұмсалып, экожүйенің ресурстық әлеуетінің/биоалуантүрліліктің төмендеу факторы болады. Қазақстан қалаларының атмосфералық ауасының қатты бөлшектермен ластануы 100 мың адамнан шамамен 40 өлімді құраған (16 Сур.).

Атмосфералық ластанулардың тұрғындардың денсаулығына кері әсерімен байланысты жалпы шығындар 2010 жылы 1,7% ІЖӨ құраған, оның 90% шығыны өлімнің жоғары деңгейімен байланысты. Қазақстан қалалары қатты қалдықтардың көп көлемін өндіреді. Экономиканың өнеркәсіп секторларының, өсуі негізінен мұнайгаз және таукен салаларының дамуының жоғары қарқынын көрсететін Қазақстанның ІЖӨ (9,1%) жоғары деңгейін ескере отырып, олардың тиімсіз технологияларды қолдану арқылы қалдықтардың жиналу көлемінің артуына себепші болады.

Бұл жоспарда шахталық (14 000 млн. тоннадан астам), өндірістік (10 000 млн. тоннадан астам) және радиоактивті (9 мың. тоннадан астам) қалдықтардың үлкен көлемін пайдаға асыру бойынша жедел шаралар қолдану керек. Дүниежүзілік банк, Аймақтардың экономикалық ынтымақтастық ұйымы, Азиялық даму банкі, Қазақстан Республикасының статистика агенттігі мәліметтері бойынша өнеркәсіптік қалдықтармен ең көп ластанған Қостанай, Павлодар Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстары болған. Радиоактивті қалдықтар Шығыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында шоғырланған.

Сондай-ақ республикада тұрмыстық қалдықтардың үлкен көлемі жиналған. Ірі қалалардың сыртында қалдықтарды жинау бойынша қызметтер өте әлсіз дамыған (шамамен 25%). Мүмкін деңгейде қалдықтарды жинау тек бірнеше ірі қалаларда ғана, мысалы Астана қаласында (90%), Көкшетау қаласында (95%), Өскеменде (85%). Дегенмен, ірі қалалардың сыртында қалдықтардың 75% жиналмайды, рұқсат етілмеген (санкциялық емес) қоқыстар тасталған жер болып қалады.



16 Сур. – Атмосфералық ауаны ластағыштардан болатын ауру түрлерінің динамикасы
Қатты тұрмыстық қалдықтарды пайдаға асыру қауіпсіздік ережелері сақталмай, екінші рет қайта пайдаланудың төмен тиімділігі жағдайында жүргізіледі. Қалдықтардың үлкен көлемі (97%) қоқыс тастайтын жерлерде шоғырланған, шашылған қоқсық орындары («санитарлы») 2% құрайды және қалдықтардың 1% ғана жылу энергиясын өндіру үшін және компост өндірісіне, қайта пайдалану материалдары үшін қолданылады (17 Сур.).


17 Сур. – Қалалардағы қатты қалдықтарды пайдаға асыру
Рұқсат етілмеген қоқыс орындарының көптігі ірі қалалар мен кіші елді-мекендердегі санитарлық-эпидемиялық жай-күйін нашарлатып, тұрғындарға инфекциялық аурулардың және тынысалу жолдары ауруларының таралу қаупін күшейтеді. Бұл жағдайда қалдықтардағы екінші ретті ресурстарды өңдейу кезіндегі жіберілген пайданың біршама көлемі жоғалады. Қалалардағы қалдықтарды пайдаға асырудың рентабельділік (пайдалылық) үлгісі Германия болып саналады. Мұнда қалдықтардың 99% жылу энергиясын өндіруге және жаңа технологиялар негізінде екінші ретті өндіру үшін пайдаланылады. Мұндай тәсіл әр түрлi экономиканың түрлі секторларының жоғары табыстылығын қамтамасыз етіп, урбанизациялық және табиғи жүйелерге антропогендік қысымын төмендетеді, қоршаған орта/ биоәртүрлілік жағдайын, халықтың денсаулығы мен әл-ауқатын жақсартады.

Қазақстан республикасының ресурстық әлеуетін, пайдалы қазбаларды пайдалануға негізделген экономикасының бiрқалыпты дамуының қамтамасыз ету үшiн халық шаруашылығының барлық салаларында «жасыл» экономика ұстанымдарын енгізу, қазіргі өндіріс пен тұтыну үлгілерін жақсарту керек. Бұл тәсілдер бизнес үшін қолайлы шарттарды құруды, инвестиция тартуды; жаңа технологиялардың енгiзуді, ауылшаруашылық және табиғи аумақтардың қалпына келтiруді, материалдарды өңдеудiң тұйық циклдерiн қолдануды, қалпына келетін көздерден электр энергиясын өндіру бойынша қуаттарын күшейтуді талап етеді.

Дамытудың жоғары қарқыны фонында мекендеудiң қолайлы ортасын жасау, ресурстық әлеуетін сақтау Азия, Тынық мұхиты, Еуропа (2010, 2011 жж.) елдері министрлерінің конференциясында; Орнықты даму бойынша жердің дүниежүзілік бас қосуында (2012ж.) қолдау тапқан Қазақстанның бастамалары (Энергоэкологиялық стратегия, «Жасыл көпір» Серіктестік Бағдарламасы) көрініс тапты. Қазіргі таңда Қазақстанның «жасыл» экономикаға өту стратегиясы әзірленуде, оның басты артықшылықтары өнеркәсіптің урбанизациялық және ауыл шаруашылығы аумақтарының төмен көмiртектi дамуы, энергоресурстықтық сақтау, су ресурстары мен биоәртүрлілікті орнықты пайдалану және сақтау болып табылады.
1.5 Биологиялық әртүрліліктің төмендеуінің себептері мен факторлары (қауіптері)

Табиғи флора биоәртүрлілігінің жойылуы жергiлiктi түр популяцияларының толық жоғалуы және ареалы мен санының қысқаруы есебінен, фитоценотиялық белсендiлiктiң және репродуктивті қабiлеттiлiктің төмендеуi есебінен болады. Флорадағы қолайсыз өзгерiстер Қазақ КСР-ының Қызып кiтабы Өсімдіктер. 2-шi бөлімінде (1988 жыл) көрініс тапты. Онда 303 өсiмдiктердiң сирек және жоғалу қаупі бар түрлерi енгізілді. Қазіргі кезде Қазақстанның Қызыл кітабының жаңа редакциясы баспаға дайындалуда. Өсімдіктердің сирек және жоғалу қаупі бар түрлеріның саны 387 түр.

Жерлерді кең ауқымды жыртуы нәтижеде көптеген экожүйелердің жалпы өзгерiстерi, дала және орманды дала аймағының антропогенді өзгерістері пайда болды. Жер жырту әрекеттерінен әсіресе бозды-бетегелi - 8,5 млн.га және түрлі бетегелi далалар - 13, 6млн. га зақымданды. Жазықтарда аумақтардың жыртылғаны 90% жетедi, ал ұсақ шоқылы жерлерде 30 % жеткен. Жазықтықтардағы құрғақ далалар (ауданы 52 млн га) 50-60 %, шоқыларда – 10-15% дейін жетеді. Бұл аймақтарда қалған жерлер (беткейлердегі тасты және кешенді дала) біршама өзгеріске ұшыраған. Бұл өлкелердiң бозды жерлерiне шамадан тыс өріске шығуы нәтижесiнде биоәртүрліліктің түбегейлi жоғалтуы орын алды.

Сонымен бiрге, тау далаларының өсiмдiктерi де өзгерген, себебі жайылым, пiшен шабудың ықпалынан жерлер түбегейлi өзгерген.

Шөл аймақтарындағы биоәртүрліліктің жойылуы бірдей жүрмейді. Солтүстік жусанды шөлдерде қыстаулар, елді-мекендер айналасында ошақтық (локалды) өріс және мал айдау жолдары бойында ошақтық-жолақ өріс байқалады. Орталық және оңтүстік шөлдерде (көпжылдық бұталар) өрістен басқа, (көбіне республиканың батысында) техногендік әсерлер мен жол желісінің жүйесіз болуымен, өзен ағынының ретсіздігі, сексеуілдерді шабумен байланысты қауіптер бар. Әсіресе құмды шөлдердің өсімдігі жойылған. Тау баурайындағы урбанизация мен ауыл шаруашылық жерлерін қарқынды игеру нәтижесінде өсімдік жамылғысының қатты бұзылуына себеп болып, қазақстандық ерекше эфемерлі жусанды шөлдер толығымен жойылуда.

Іле, Сырдария, Шу, Талас өзендері алқаптарында шалғындық өсімдіктердің күрт өзгеруі болған. Жоғары өнім беретін қамыс бірлестіктері толығымен деградацияға ұшыраған. Суғарудың тоқтап қалуынан шалғынды өсімдіктердің далаға айналуы жүреді. Өзен ағынның шектелуіне байланысты шалғынды өсімдіктер жер-жерлерде азайып, жойылуда, олардың әртүрлілігі қысқарып, өнімділігі 10-15 есеге (15-40 тан 1,5-2ц/га дейін) азайған.

Орманды дала аймағының қайыңды, көктеректі, үйеңкі ормандары өз ареалын қысқартуда. Қазақстанның солтүстік-батысында алқаптағы өсімдіктер (емен орманы, ақ үйеңкі, үйеңкі ормандары, қалың бұталар) гидрологиялық режимнің бұзылуы нәтижесінде деградацияға ұшыраған.

Шөл зонасының ормандары – сексеуілдер 10-нан 5 млн. га дейін қысқарған. Өзендер жағасында тар жолақ түрінде орын алған теректі, ақ үйеңкі, жыңғыл, шетен ағаштарының тоғайлары күшті антропогендік қысымға (рұқсатсыз пішен шабу, жүйесіз жайылым, суқоймалар мен ирригациялық жүйелер құрылысы) ұшыраған. Олардың көп бөлігі шөлдену әсерінен жойылған. Су басу ауданының қысқаруы; грунт сулары деңгейінің төмендеуі пайда болды.

Орманды дала және дала аймақтарының ормандарына орман алқаптары маңындағы даланы жырту үрдісінің ықпалы зор, нәтижесінде осы аймақтың ормандарының гидрологиялық режимі өзгерген. Олардың биологиялық әртүрлілігіне ауыл шаруашылығы далаларын гербицидтермен авиаөңдеу; қайыңдарды кесу айтарлықтай әсерін тигізіп, төмен өнімді ағаштардың қалыптасуына ықпал етті.

Даланың қарағай ормандары қарқынды ағаш кесу, ірі өрттер әсерінен азайған. Ертіс маңының ормандары ұзақ уақыт бойы Семей полигонында ядролық қаруды сынау нәтижесiнде радионуклидтердің әсерінде болды; Торғай аймағы мен Орталық Қазақстанның басқа аудандарында орман массивтері толығымен жойылды.

Тау ормандары жайылымға артығынан пайдаланылған, топырақ жамылғысының тозып, табиғи жаңару жойылған. Осы жағдайда жүргізілген ағаш кесу әрекеттері ағаштардың азайып, қылқан жапырақтылардың бұталыларға (Шығыс Қазақстан облысы) ауысуына алып келеді. Іле Алатауында соңғы 100-150 жылда шыршалы белдеудің шекарасы шамамен 200 м-ге, Жоңғар Алатауында майқарағайлар – 100 м-ге көтерілген. Қаратау және Шу-Іле тауларындағы бірегей бірлестіктердің жағдайы үрей туғызады.

Қазақстанда фаунасы бай және түрлі табиғи ландшафттар көп. Дегенмен, соңғы он жылда республиканың жануарлар дүниесі антропогендік факторлар әсерінен көптеген өзгерістерге ұшырады.

Тың жерлерді жаппай жырту салдарынан, табиғи өсімдік аудандарының қысқаруы, топырақ эрозиясы, техногендік және ауыл шаруашылық ластанудың салдарынан жер беті және топырақ жәндіктері, өрмекші тәрізділер, құстар, сүтқоректілер және басқа да жануарлар тобы зақымданды. Республиканың солтүстік облыстарында шамамен 80 % дала фаунасы жойылды. Осыған ұқсас жағдай Тянь-Шань тауларының дала белдеуінде орын алды, мұнда жерлерді игеру, пестицидтерді көптеп қолдану, өрттер салдарынан фитофак-жәндіктердің, жабайы ара-өсімдікті тозаңдандырушылардың, жыртқыш және паразитті бунақаяқтылар, бауырымен жорғалаушылар, құстар мен сүтқоректілердің көп түрлері сиреп, жойылған. Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы, Тарбағатай тауларында, Тауқұм, Мойынқұм, Сарыесік-Атырау шөлдерінде шамадан тыс өріске пайдалануынан, жануарлардың көп түрінің ареалы, саны қысқарып, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізуге тура келді.

Антропогендік әсер нәтижесінде зооценоз құрылымы өзгерді: түрлік құрамының азаюы, жануарлардың жалпы санының қысқаруымен қатар салыстырмалы түрде эврибионтты пластикалық түрлер (олардың ішінде – ауыл және орман шаруашылығы зиянкестері) саны артқан. Ірі өнеркәсіптік қалалар аумағында, әскери полигондар аумағында пайдалы қазбалар өндіретін аудандарда фаунасы да қатты өзгерген. Ауылдық елді-мекендердің маңында малдарды артығымен жаю есебінен жайылымдар деградацияланған. Кіші ауылдардан ірі басқа жерлерге қоныстануы салдарынан жайылымдар қараусыз қалған (ауыл шаруашылығы аумағының 60%).

Фауна жағдайына шөлдену үрдістерімен күресуге бағытталған адам әрекетінің кейбір формалары қолайсыз әсер етеді. Артезиан құдықтарымен суландыру шөлдердің жалпы көрінісін өзгертіп, өздігінен төгіліп жатқан скважиналар маңында көптеген ұсақ көлдер пайда болады. Мұнда жануарлар су ішуге жиналады, ал ол браконьерлікке жол береді. Жолдар, құбырлар, электр тасымал желілерін жүргізу жұмыстары фаунаға үлкен зиянын келтіреді. Бұл ландшафттарға аборигенді фаунаға зиян келтіретін бөгде элементтердің енуіне жағдай жасайды.

Фаунаның өзгеруінің салдары: фауналардың жалпы бірігіп кетуі болашақта зоологиялық ресурстарды пайдалану мүмкіндігін төмендетеді. Омыртқасыздардың азаюы олармен қоректенетін құнды кәсіптік жануарлар санының азаюына себеп болады. Зооценоздарда эврибионтты пластикалық түрлердің артуы ауыл, орман, балық және аңшылық шаруашылығына үлкен әсерін тигізеді. Омыртқасыздардың деградациясы топырақ өнімділігін төмендетіп, топырақтағы табиғи реттеу ұрдістерін бұзып, ауыл шаруашылығы жерлерінің өнімділігін төмендетеді. Тозаңдандырушы жәндіктер санының азаюы ауыл шаруашылық өнімінің көлемін қысқартады; энтомофаг-жәндіктердің түр құрамы мен санының азаюы зиянкестердің көбейіп, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі жоғалады (мұнымен химиялық құралдармен күресу уақытша нәтиже беріп, ортаның ластануын тудырады).

Фаунадағы қолайсыз өзгерістер Қазақстанның Қызыл кітабында көрсетілген, мұнда омыртқалы жануарлардың 125, балықтың (16), қосмекенділердің (3), бауырымен жорғалаушылардың (10), құстардың (56), сүтқоректілердің (40) түрі мен түршелері енгізілген (1 Том. Жануарлар. 1 Бөлім. Омыртқалылар. 3-ші Баспа, 1996ж.); омыртқасыз жануарлардың 96, оның ішінде сақина тәрізді құрттар – 2, ұлу – 6, шаянтәрізділер – 1, өрмекшітектілер – 2, шыбын-шіркейлердің – 85 енгізілген (1 Том. Жануарлар. 2 Бөлім. Омыртқасыз жануарлар). Одан басқа жануарлардың жоғалу қаупі бар түрлері мен сирек түрлері: сүтқоректілердің – 40, құстар – 57, бауырымен жорғалаушылар – 10, қосмекенділер – 3, су жануарлары – 18, сақина тәріздіқұрттар – 2, ұлулар – 6, шаянтәрізділер – 1, өрмекшітектілер – 2, шыбын-шіркейлердің – 85 (31.10.2006ж. Үкіметтің № 1034 Қаулысы).

Сүтқоректілердің ішінде қауіпті жағдайдағы жануарлар: тау ешкілері; персия кәмшаты; қарақал, барқыт мысығы, тау барысы, түркістан сілеусіні. Құстардың ішінде – дуадақ, балобан, В наиболее угрожаемом положении из млекопитающих оказались: горные бараны; персидская выдра; каракал, барханный кот, снежный барс, туркестанская рысь. Среди птиц - дрофины, балобан, шахин, лашын, бұйра және күлгін бірқазан, аққұтан, жалбағай, ақбас үйрек, каравайка, мәрмәр шүрегей, тұрпан, сұңқар, өткір тұмсықты кроншнеп. Арал және Каспий теңізі бассейндері балықтарының ішінде: сырдария тасбекіресі, ысыл, арал мен каспий албырты, арал және түркістан сүгені, омыртқасыздардан – көбелектер мен қоңыздардың коммерциялық, яғни экспорт құралы болып табылатын түрлері.

Бұл жағдайда тек осы түрлерге ғана қауіп төніп тұрған жоқ екенін ескеру керек. Омыртқасыздардың көп түрлерінің саны өте аз, және биогеоценоздағы кез-келген экологиялық өзгеріс бұл түрлердің жоғалып, барлық экожүйенің құрылымын бұзуы мүмкін.

Каспий теңізінің биологиялық әртүрлілігіне үлкен антропогендік қысым ықпал етеді. Каспий теңізі – әлемдегі ең ірі ағынсыз, тұзды көл, ауданы – 371 000 км2, ең терең жері – 1025 метр. Каспий теңізі шартты түрде физико-географиялық жағдайы бойынша 3 бөлікке – Солтүстік Каспий, Орталық Каспий және Оңтүстік Каспий деп бөлінеді. Шамамен 130 өзен Каспиге құяды, жылдың ағын көлемі 3000 км3. Негізгі өзендері – Волга (жылдық ағынның 80%), Орал (5%), Терек, Сұлақ және Самұр (5%), Кура, Сефидруд, Алборз және басқалар (10%). Бұл өзендердің барлығы Каспий балықтарының уылдырығын шашуы үшін Каспидің жалпы экожүйесінің маңызды бөлігін құрайды.

Каспиде өзара байланысты экожүйелердің саны көп, Каспийдің өзіндік ерекшелігі оның биотоптарының, биоталық және абиоталық жағдайлардың әр түрлі болуында. Мысалы, каспий айналасындағы тұздылық шегі тұщысы, олигогалин, мезогалин және гипергалин экожүйелерді ұстап тұрады. Тұщы су экожүйелері каспиге құятын өзен атырауында түзіледі. Олигогалин экожүйелер Солтүстік Каспий үшін тән, мұнда теңіздің тұздылығы 0,5-5 грамм/литр (г/л) шамасынды. Орталық және Оңтүстік Каспий сулары орташа тұздылығы 12 г/л мезогалинді экожүйеге жатады, ал Каспидің шығыс жағалауындағы Қарабұғазкөл бұғазының қатты минералданған суы орташа тұздылығы 40 г/л жоғары, гипергалинді экожүйеге жатады.

Биоәртүрлілікке генетикалық, түр және жоғары таксон деңгейінде көптеген тірі ағзалар кіреді, олар эндемизмнің жоғары деңгейімен, экологиялық үрдістер мен жүйелердің үйлесімімен ерекшеленеді.

Каспий теңізінің флорасы мен фаунасы түр құрамы бойынша кедей, бірақ биомассасы бойынша біршама. Каспий теңізінде өсімдіктердің 500 түрі және балықтар мен өзінің шығуы бойынша әртүрлі жануарлардың 854 түрі мекендейді. Каспий теңізіндегі өсімдіктердің ішінде көкжасыл, қызыл және диатомды балдырлар басым. Жақында жерсіндіргендерден қызыл және қоңыр балдырлар көп. Гүлдерден рупия және заостер кең тараған. Хара балдырлары ең көп биомассаны (1 м3-ке 30 кг дейін) береді.

Фаунаның пайда болуы тұздылықтың жиі және көп ауысуы салдарынан қатты өзгерген, негізінен неоген уақытына дәл келеді. Бұл топқа балықтардан – бекіре, майшабақ, шабақ, теңіз шабағы, бақашабақ, ұлулардан – жүрек тәрізілер мен дрейсендер, омыртқасыздардан - гаммарида, полихет, медузалардың бір түрі, губка жатады. Бұдан басқа мұнда арктикалық және жерорта теңізі бассейндерінен алынған 15 түр мекен етеді. Тұщы судан алып келінген ағзалар үлкен топ (балықтардан – көксерке) құрайды. Жалпы эндемизмнің барлық дәрежесі тән. Кейбір ағзалар Каспий теңізіне теңіз кемелерінің ең түбіне орналастыру жолымен (митислятер, қызыл балдырлар, баланус, шаяндар), немесе адамдардың саналы жерсіндіру жолымен (мысалы, балықтардан – кефаль, омыртқасыздар – нереис, синдесмия) алып келінген. Фаунаның түраралық әркелкі болуы қызықтырады, мысалы жартылай балықтар тұзды және тұщы суда мекендейді, және олардың келесі түрлері болады: Анадром, негізінен теңізде мекендейді және тұщы суда көбейеді; Катадром тұщы суда мекендеп, теңізде көбейеді; Амфидром, барлық тіршілігінде тұщы және тұзды суда мекендеп, бірақ онда көбеймейді.

Каспий теңізінің түбінде мұнай мен жанғыш газдың бай кендері табылған. Каспий теңізінің Қазақстандың секторындағы мұнай-газ кен орындарын игеру қоршаған ортаны ластайтын және бұзатын антропогендік қысымның көбеюіне алып келеді.

Құрылыс техникасымен жұмыс жасау барысында, сейсмобарлау және бұрғылау кезінде пайдаланылатын жабдықтар двигательдерінен; жерді қазу жұмыстары мен құрылыс материалдарының орнын ауыстырудан, көмірсутектерді шамда жағудан; ГСМ резервуарлары мен технологиялық жабдықтардан атмосфераға ластағыштар шығады.

Шаруашылық-тұрмыстық және техникалы қажеттіліктердің беткі суларының суаты; су жинау бассейнінде ағын режимінің бұзылуы; жүктерді тасу барысындағы ықпалдар кешені; гидродинамикалық және мұз режимінің бұзылуы. Геологиялық құрылымдардың физикалық бұзылуы, экзогенді геологиялық үрдістердің дамуы, гидродинамикалық режимнің бұзылуы (пластқа айдау, суасты суларын шаруашылық-ауыз су және техникалық қажеттіліктерге пайдалану), суасты суларының химиялық ластануы. Жерлерді алу, механикалық бұзылу, ауадан ластағыш заттардың түсуі, химиялық ластану, жұмысты жоспарлау, арықтар қазу, шуыл, вибрация, жарықты рекультивациялау өсімдіктер мен жануарлар әлеміне әсер етеді.

Қойма орны ретінде жерлерді пайдалану; қалдықтарды тасымалдау және сақтау кезінде атмосфераға ластағыштардың түсуі; қалдықтардың топырақ-өсімдік жамылғысына және жерасты суларына мүмкін әсері. Жер беті суларын шаруашылық-тұрмыстық қажеттіліктерге пайдалану; техникалық қажеттіліктерге керек су қоры; гидродинамикалық және мұз режимінің өзгеруі; жауын-шашындардың мөлдірлігінің азаюы, теңіз суының «су бүркеуі». Ағын сулар, вибрация, шаңның шөгуі мен түптік шөгінділер. Антропогендік факторлар балықтар, құстар, итбалықтар үшін жаңа мекен ортасын құрып, миграцияға бөгет болады.



Жалпы, биологиялық әртүрлілік төмендеуінің басты себептері мен факторлары:

  • Мұнайгаз және энергетикалық кешен нысандарын су басу және батыру кезіндегі Каспий теңіз суының ластануы (су деңгейінің көтерілуімен байланысты); теңіз мұнайын өндіру және тасымалдаумен байланысты ластану; Каспиге өзендермен бірге құйылатын ластағыштар.

  • Ілеспе газды жандыру кезінде және өндірістік қалдықтардың токсинділігі нәтижесінде атмосфералық ауаның ластануы.

  • Мұнайгаз, химия және энергетикалық кешен әрекетінің нәтижесінде топырақ-өсімдік жамылғысының ластануы және деградацияға ұшырауы.

  • Бақылаусыз су көдерін пайдалану және суды ауыз су және техникалық қажеттіліктерге пайдалану нәтижесінде жерасты суларының таусылуы.

  • Мұнаймен, газ және мұнайөнімдерімен флора мен фаунаның улануы әсерінен жойылуы.

  • Бекіре, каспий итбалықтары, сайғақ және басқа жануарлар санының қысқаруы.

  • Радиациялық қауіпсіздік нормаларының артуы және қоршаған ортаға әсері.

Мұнайгаз нысандарының жер беті және жер асты инфрақұрылымының табиғи кешендерге әсері қоршаған ортаға газтәрізді, қатты және сұйық ластағыштардың шығуы, табиғи қорларды өнеркәсіптік, шаруашылық және тұрмыстық қажеттіліктерге пайдалану және жағалайдағы ландшафттардың бұзылуынан көрініс табады. Шырақтарда ілеспе мұнай газын жағу қоршаған ортаға қауіпті әсер етеді (№5 Кесте).
5 Кесте – Қазақстандағы мұзайдың ірі кен-орындары




Кен-орны

Ашылған уақыты

Болжанатын толық қорлар, млн. т.

Лицензия

1

Шығыс және Батыс Қашаған

2000

6400

Agip KCO

2

Теңіз

1979

3100

Tengizchevroil

3

Өзен

1961

1100

Қазмұнайгаз

4

Қарашығанақ

1979

1000

Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б. В.

5

Қаламқас

1976

510

Маңғыстаумұнайгаз

6

Жаңажол

1978

500

CNPC-Актөбемұнайгаз

7

Жетібай

1961

330

Маңғыстаумұнайгаз

8

Ақтоты

2003

269

Agip KCO

9

Қаламқас-теңіз

2002

156

Agip KCO

10

Қайран

2003

150

Agip KCO

11

Кенкияк

1959

150

CNPC-Актөбемұнайгаз

12

Құмкөл

1984

90

Торғай Петролеум, PetroKazakhstan

13

Солтүстік Бұзащы (Жалғызтөбе)

1975

70

Buzachi Operating Ltd, Жалғызтөбемұнай

14

Қаражанбас

1974

50

Қаражанбасмұнай

15

Қарақұдық

1971

40

Қаракұдықмұнай

Каспий теңізі деңгейінің өзгеруі жағалық аймақта әлеуметтік-экономикалық және экологиялық мәселелерді туындатады. Мысалға, теңіз деңгейі төмендегенде гидротехникалық құрылғыларды, порттарды қайтадан орналастыру керек болады. Каспий теңізінің флорасы мен фаунасы дамитын қайраң аймағы ауданының азаюы уылдырық шашу уақытында балықтардың өзендерге өтуіне кедергі болады. Кері әсерлер осы аймақтың гидрометеорологиялық режимінде де жүреді. Теңіз деңгейі көтерілсе, жағадағы әлеуметтік-экономикалық тіршілікке қиян келеді, экологиялық жағдай нашарлап, батпақтар түзіледі, үйлер мен жерлер су астында қалады.

Биоәртүрліліктің жоғалуы Каспий экожүйесін толығымен бұзды. Каспидің маңызды балық қорларының азаюына алаңдау аймақтық және халықаралық ауқымда белгіленеді. Каспий бекіресін, майшабағын, алабұғасын аулау кәсібі соңғы үш онжылдықта (бекіре 90%) қатты азайған. Каспидің балық қорларының төмендеуі жергілікті тұрғындардың әл-ауқатына зиян келтіріп, биоқорлардың аса үлкен мөлшері, әсіресе бекіре уылдырығының мөлшерінен әлеуметтік-экономикалық салдары болады. Каспий итбалықтарының саны қарқынды түрде азаюда. Биоқорлардың кенеттен азаюы экожүйе тұрақтылығының қатты бұзылғандығын және каспий теңізінің биологиялық әлеуетінің қайтымсыз деградациясын тудыратынын көрсетеді.

Балықтардың жабайы генотиптерінің генетикалық деградациясы генофондтың жоғалуының басты факторы болып табылады. Бұзылған жабайы популяциялар мен жасанды көбею табиғи жолмен уылдырығын шашатын балық популяцияларын сақтауға қаупін тигізеді, сонымен қатар сау жабайы популяциялардың орнына гибридтердің пайда болу қаупі болады. Балық қорлары және табиғаттың тұрақтылығы жойылуының тағы бір факторы балықтардың уылдырық шашуға өту жағдайының нашарлауы (ирригациялық бөгеттер, тоғандар салу, қайраңды игеру).

Жерсіндірілген балықтар да биоәртүрліліктің жоғалуы мен балық қорларының азаюына ықпал ететін фактор болып есептеледі. Мысалы, Mnemiopsis leydi ескекті балық каскад қоректену арқылы өзара әрекеттесуге әсерін тигізді, тиісісінше ол майшабақтардың санын төмендетеді де, онымен қоректенетін Каспий итбалықтары да азаяды.

Қазіргі уақытта Каспий аймағы, ең алдымен, теңіздің өзі жергілікті тұрғындардың тіршілік жағдайына ықпал ететін қоршаған ортаның қатаң өзгерісін шыдауда. Бұл адам денсаулығы мен өмір сапасының төмендеуінен, биоәртүрліліктің, бекіре балықтарының азаюынан көрініс тапты. Каспийдің және жағалық аймақтардың экологиялық мәселелері елдердің экстенсивті экономикалық дамудың салдары болып табылады. Осыған ұзақмерзімді табиғи өзгерістер (теңіз деңгейінің ғасырлық өзгерісі, климаттың өзгеруі), қазіргі кездегі экологиялық мәселелер (экономикалық дағдарыс, аймақтық шиеленістер, мұнай өндірудің дамуы) қосылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет