Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы



бет1/8
Дата29.06.2016
өлшемі398 Kb.
#165976
  1   2   3   4   5   6   7   8


Орта білім беру ұйымдарында

білім алушыларды тамақтандыруды

ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы

 «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 4-1-тармағына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.

2. Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (З.Ж. Оразалиева):

1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2) мемлекеттік тіркеуден өткен соң осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым вице-министрі Е.Н. Иманғалиевке жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрі А. Сәрінжіпов

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2014 жылғы «___»_________

№_______ бұйрығымен

бекітілген




Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру қағидалары

1. Жалпы ережелер


1. Осы Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) бастауыш, негізгі орта және жалпы білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – орта білім беру ұйымдары) білім алушыларға ақылы және тегін негізде тамақтандыруды ұйымдастыру тәртібін белгілейді.

Қағидалар оқушыларды тамақтандырудың негізгі принциптері мен талаптарын айқындайды, орта білім беру ұйымдары мен көрсетілетін қызметтерді берушілер, басқа мүдделі органдар мен ұйымдар арасындағы қатынастарды реттейді.

2. Білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру – бұл білім алушыларға, олардың білім беру ұйымдарында болу кезеңінде тамақтандыруды ұсыну бойынша қызмет көрсету үшін қажетті жағдай жасау.

3. Тамақтандыруды ұйымдастырудың міндеттері:

білім алуышыларды тиімді тамақтандырумен қамтамасыз ету;

тағам әзірлеуде пайдаланатын тамақ өнімдерінің сапасына және қауіпсіздігіне кепілдік беру;

білім алушылар арасында тамақтан уланудың алдын алуға және профилактикасына бағытталған санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау болып табылады.

4. Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру қоғамдық тамақтандыру қызметін көрсетуге мамандандырылған заңды немесе жеке тұлға болып табылатын көрсетілетін қызмет берушілер жүзеге асырады.

5. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) конкурсты ұйымдастырушы – орта білім беру ұйымы немесе білім беру ұйымы бухгалтерлік есепті өз бетінше жүргізбеген жағдайда, білім беру органы;

2) әлеуетті өнім беруші – кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға немесе қызметті көрсету туралы шарт жасасуға үмiткер заңды тұлға;

3) өнім беруші – кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға немесе қызметті көрсету туралы шарт жасасқан заңды тұлға;

4) конкурсқа қатысуға өтінім – конкурстық құжаттамаға сәйкес жасалған, қызметтер көрсету үшін материалдық, қаржылық және еңбек ресурстарына ие екенін растайтын, әлеуетті өнім беруші ұсынатын құжаттар;

5) конкурстық құжаттама – осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушіні таңдау жөніндегі үлгілік конкурстық құжаттамаға (бұдан әрі – Үлгілік конкурстық құжаттама) сәйкес әлеуетті өнім берушіге конкурсқа қатысуға өтінім дайындау үшін және конкурс өткізу шарттары мен тәртібі қамтылған конкурсты ұйымдастырушы ұсынатын құжаттар;

6) конкурстық комиссия – конкурс өткізуге конкурсты ұйымдастырушы құратын уақытша алқалы орган;

7) интернет-ресурс – конкурсты ұйымдастырушының немесе конкурсты ұйымдастырушының жеке интернет-ресурсы болмаған жағдайда білім беру органының интернет-ресурсы;

8) қызмет көрсету туралы шарт – Қазақстан Республикасы азаматтық заңнамасына сәйкес жазбаша түрде тіркелген конкурсты ұйымдастырушы және өнім беруші арасында жасасатын азаматтық-құқықтық шарт;

9) өнім берушінің біліктілік талаптары – қызмет көрсету туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті, материалдық, қаржылық және еңбек ресурстарына ие екенін растайтын құжаттар тізбесі;

10) өнім берушілер тізімі – қызмет көрсету туралы шарт жасасқан өнім берушілердің тізімі;

11) көрсетілетін қызмет берушіні таңдау критерийлері – әлеуетті өнім берушінің қызмет көрсетуі бойынша мүмкіндіктері мен жағдайларын бағалау негізінде жасалатын белгілер;

12) тиімді тамақтандыру – тамақтандырудың физиологиялық және жас ерекшелігі нормалары ескерілген үйлестірілген тағам.
2. Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыруға қойылатын талаптар

6. Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыру осы Қағидалардың 3 тарауына сәйкес ұйымдастырылады.

Жалпы білім беретін ауыл мектептерінде, конкурс қорытындысы бойынша әлеуетті өнім берушілер болмаған жағдайда, жергілікті бюджет есебінен жергілікті өкілді органдарының шешімі бойынша ас әзірлейтін бөліктің қызметкерлерін енгізуге жол беріледі.


7. Орта білім беру ұйымының әкімшілігі білім алушыларды тиімді тамақтандыруды, дұрыс тамақтанудың принциптері мен санитарлық-гигиеналық негіздерді қамтамасыз етуге, білім алушылардың ата-аналарымен (заңды өкілдерімен) консультациялық және түсіндірме жұмыстарын жүргізуге бағытталған ұйымдастырушылық-басқарушылық шешімдерді қабылдауды қамтамасыз етеді.

8. Білім алушыларды тамақтандыру бекітілген ас мәзіріне сәйкес орта білім беру ұйымдарының асханалары мен буфеттерінде жүзеге асырылады.

9. Білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастырудың тәсілдері:

ас әзірлейтін бөлікте тамақ өнімдерінің сақтауды, өңдеуді және дайын тамақтар мен аспаздық өнімдерді, оны өндіретін жерден сатуды ескере отырып, азық-түлік шикізатымен жұмыс істейтін асханада білім алушыларды тамақтандыру;

дайын тамақтарды, аспаздық және кондитерлік бұйымдарды сатуды жүзеге асыратын буфеттерде білім алушыларды тамақтандыру;

мектептік тамақтандырудың базалық ұйымдарымен салқындатылған немесе мұздатылған әзірлігі жоғары деңгейлі аспаздық жартылай фабрикаттарды, дайын өнімдерді өнеркәсіптік өндіруді көздейтін білім алушыларды индустриалды тамақтандыруды ұйымдастыру болып табылады.

10. Өнім беруші білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету барысында конкурсты ұйымдастырушының техникалық тапсырмасының талаптарын орындайды.

11. Білім алушылар үшін әзірленетін тағамдар мен аспаздық бұйымдар, оның ішінде білім алушыларды тамақтандыру кезінде пайдаланатын шикізат пен тамақ өнімдері, оларды жеткізу жағдайлары, өндіріс технологиясы Кеден одағының техникалық регламенттерінде, санитарлық-эпидемиологиялық қағидаларда және басқа нормативтік құқықтық актілерде белгіленген санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келуі тиіс.

12. Білім беру ұйымдарының асханалары мен буфеттеріне тағамдарды мектептік тамақтандырудың базалық ұйымдарынан жеткізілген жағдайда тиісті температураны сақтауды қамтамасыз ететін арнайы ыдыстар (термоконтейнерлер) қолданылады.

13.Білім алушыларды тамақтандыру тәртібі санитарлық-эпидемиологиялық заңнама талаптарына сәйкес белгіленеді және орта білім беру ұйымының басшысымен бекітіледі.

14. Орта білім беру ұйымдарында тамақтандыруға жауапты, сынып жетекшілердің, педагогтардың оқушыларды асхана бөлмесіне алып жүруін қамтамасыз етеді.

Алып жүретін сынып жетекшілер, педагогтар асханаға бару тәртібін, қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етеді және асхана қызметкерлеріне тамақтандыруды ұйымдастыруға ықпал жасайды, тамақ алдындағы оқушылардың жеке гигиенасын бақылайды.

15. Оқыту ауысымына қарай білім алушыларды біржолғы тамақтандыру: бірінші ауысым үшін – екінші ыстық таңертенгі асты, екінші аусым үшін – екінші ыстық түстікті құрайды. Екі рет тамақтандыру ұйымдастырылған жағдайда білім алушылар үшін таңертеңгі және түскі ас қарастырылады,

Ас ішу уақыты орта білім беру ұйымдарымен белгіленген санитарлық нормаларға сәйкес белгіленеді. Оқу күні режимінде тамақтандыруға ұзақтығы 30 минут бір үзіліс немесе 20 минуттан 2 үзіліс қарастырылады.

Асханаларда бастауыш сынып оқушыларына тамақты жіберу білім беру ұйымының басшысы бекіткен ас ішу кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.

16. Дайын аспаздық өнімдерді және тамақ өнімдерін сату асхана және (немесе) буфеттің жұмыс уақыты ішінде жүзеге асырылады және оқу процессінің соңына кемінде бір сағат қалған уақытта аяқталады.

Тамақ өнімдерін сатып алу білім алушылардың тамақ рационына сәйкес және оны сақтау(жарамдылық) мерзімін ескере отырып жүзеге асырылады.

17. Органдар және орта білім беру ұйымдары интернет ресурсында «Мектептік тамақтандыру» айдарын ашады және білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша ақпаратты жүйелі орналастыруды қамтамасыз етеді.

18. Көрсетілетін қызмет беруші орта білім беру ұйымының басшысына ай сайын тамақ өнімдерінің сертификаттарын қоса бере отырып, білім алушылар үшін пайдаланатын тамақ өнімдерінің тізбесі туралы мәліметтерді ұсынады.

Көрсетілетін қызмет беруші болмаған жағдайда, білім алушыларды тамақтандыруға жауапты қызметкер орта білім беру ұйымының басшысына ай сайын тамақ өнімдерінің сертификаттарын қоса бере отырып, білім алушылар үшін пайдаланатын тамақ өнімдерінің тізбесі туралы мәліметтерді ұсынады.

19. Білім беру органы маусымдықты ескере отырып (жаз-күз, қыс-көктем) бірыңғай перспективалы мәзір әзірлейді және санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы мемлекеттік органмен келісіледі.

Орта білім беру ұйымдарында білім алушылардың мәзірі санитарлық-эпидемиологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес жасалады.

20. Әлеуетті өнім беруші шығарылатын өнімнің ассортимент тізбесін санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылық саландағы мемлекеттік органда бекітеді. Көрсетілетін қызмет беруші болмаған жағдайда орта білім беру ұйымы шығарылатын өнімнің ассортимент тізбесін санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылық саландағы мемлекеттік органда бекітеді.

21. Орта білім беру ұйымының басшысы перспективалы мәзірге сәйкес күн сайын алдағы күнге мәзірді бекітеді және оны асхана мен білім алушылардың ата-аналары немесе заңды өкілдері үшін қолжетімді жерде орналастырады.

22. Күн сайынғы мәзір көрсетілетін қызмет берушімен күні, жекелеген тамақты қабылдаудың атауы, тамақ және аспаздық бұйымдардың тізбесі, жас ерекшелігіне байланысты дайын тамақ порциясының көлемі туралы мәліметтер, әр тағам бойынша технологиялық картаның нөмірі көрсетіле отырып әзірленеді. Көрсетілетін қызмет беруші болмаған жағдайда, мәзірді аталған талаптарды ескере отырып, орта білім беру ұйымының медициналық қызметкері және (немесе) білім алушыларды тамақтандыруға жауапты қызметкер әзірлейді.

Тамақтанудың іс жүзіндегі рационы бекітілген перспективалы мәзірге сәйкес келуі тиіс. Санитарлық-эпидемиологиялық заңнама талаптарына сәйкес, ерекше жағдайларда бір өнімді, тағамды және аспаздық бұйымдарды басқаларымен ауыстыруға жол беріледі.

Жекелеген оқушыларға жеңіл (емдәм) тамақтандыру ұйымдастырылады.

23. Көрсетілетін қызмет беруші тағамды дайындау технологиясын және дайын тағамдарды каллориялығына сәйкестігін сақтау мақсатында бірыңғай тағамды дайындау картотекасының бар болуын қамтамасыз етеді.

Технологиялық карталарда азық-түліктерді таратып салу, тағамдардың түсімі, әр тағамның құрамы туралы және оның тағамдық құндылығы (ақуыздың, майлардың, көмірсулардың, витаминдердің болуы) және әр тағамның (аспаздық бұйымның) энергетикалық құндылығы (калориялығы) мен әр тамақты қабылдау жиынтығы туралы толық ақпарат көрсетіледі.

24. Асхананың ас әзірлейтін бөлігінде тағамдарды және аспаздық өнімдерді дайындаудың технологиялық процесін қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастыруды өндіріс меңгерушісі қамтамасыз етеді.

25. Асханада және білім алушылар үшін қолжетімді жерлерде ауыз суы бар ыдыстарды орнату есебінен ауыз су режимі ұйымдастырылады. Пайдаланатын ауыз су органолептикалық, микробиологиялық, физикалық-химиялық көрсеткіштер бойынша санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес болуы тиіс.

Ауыз су ұйымдастырылған жерде қажетті мөлшерде бір рет қолданатын стакандар қарастырылады. Көп мәртелік таза стакандарды пайдаланған жағдайда таза және лас ыдыстарға арналған екі таңбаланған подностардың бар болуы міндетті.

26. Орта білім беру ұйымдарында қажетті технологиялық, тоңазытатын жабдықтар мен мүккәмәлмен, сондай-ақ асханалық жабдықтармен, тиісті жиһаздар және ыдыстармен жарақтандырылған шикізатты сақтауға, тағамдарды әзірлеуге арналған өндірістік бөлмелер қарастырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет