Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды
ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушіні таңдау
жөніндегі үлгілік конкурстық құжаттама
____________________________________________________________________
(конкурс атауын көрсету)
Конкурсты ұйымдастырушы____________________________________________
(тапсырыс берушінің толық атауын, орналасқан жерін, БСН, банктік
деректемелерін, байланыс телефондарын, электрондық және почта
мекенжайын көрсету)
1. Жалпы ережелер
1. Орта білім беру ұйымында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет) алушылардың жалпы саны _____ білім алушыны құрайды, оның ішінде жекелеген санаттағы білім алушылар _____,______________________________
(санаттарын көрсету)
Білім алушыларды тегін тамақтандыруды ұйымдастыруға бюджет қаражаты есебінен бөлінетін сома ____ теңгені құрайды.
Бір білім алушыны тамақтандыру құны____теңгені құрайды.
________________(орта білім беру ұйымының атауын және мекенжайын көрсету) білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру қызметі орта білім беру ұйымында білім алу уақытында ______(күнтізбелік жылды көрсету) білім алушыларға тамақтандыруды ұсынуды көздейді.
2. Осы конкурстық құжаттама мыналарды:
1) осы конкурстық құжаттамаға ___-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметтерді алушылар санаттарының тізбесін;
2) осы конкурстық құжаттамаға ____-қосымшаға сәйкес техникалық тапсырманы;
3) осы конкурстық құжаттамаға ____-қосымшаларға сәйкес заңды және жеке тұлғалар үшін конкурсқа қатысуға арналған өтінімді;
4) осы конкурстық құжаттамаға _____-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтерді толтыру үшін нысанды;
5) осы конкурстық құжаттамаға _____-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау критерийлерінің тізбесін;
6) осы конкурстық құжаттамаға _____-қосымшаға сәйкес банктің немесе банк филиалының берешектің жоқтығы туралы анықтама нысанын қамтиды.
конкурста осы конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес банктік кепілдік нысанында немесе конкурсты ұйымдастырушының мынадай банк шотында __________________________________________________(конкурсты ұйымдастырушының банктік шотының деректемелерін көрсету) БСН ________
«Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Қазынашылық комитеті» ММ ИИК KZ_____________, БСК ____ орналастырылған ақшаның кепілдік берілген ақша жарнасы.
Әлеуетті өнім беруші немесе оның сенімхат бойынша өкілі конкурсты ұйымдастырушының ____________________(конкурсты ұйымдастырушының атауы және мекенжайын көрсету) мекенжайында орналасқан почталық мекенжайына келесі құжаттарды қамтитын құжаттар пакетін оны ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін жібереді:
1) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 3, 4-қосымшаларға сәйкес қолдану мерзімін көрсете отырып, мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалған және әлеуетті өнім берушінің қолы қойылып, мөрімен куәландырылған конкурсқа қатысуға өтінім;
2) құқықтық қабілетін және қабілеттілігін растайтын нотариалды куәландырылған құжаттар, заңды тұлғалар үшін:
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі немесе анықтама;
заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғы көшірмесі;
жеке тұлғалар үшін кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелгені туралы құжат;
жеке куәлігінің немесе паспортының көшірмесі;
конкурсқа қатысуға өтінім беруге, қол қоюға, комиссия отырысына қатысуға құқық беретін оның мүдделерін білдіретін адамға сенімхат.
3) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 8-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының банктің (банк филиалының) бірінші басшысының немесе оның орынбасарының қолы қойылып, банк мөрі бар әлеуетті өнім берушінің банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан көп созылған мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы анықтаманың түпнұсқасы (егер әлеуетті өнім беруші бірнеше екінші деңгейдегі банктердің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады). Анықтаманың қолдану мерзімі кемінде конкурстық өтінімдер бар конверттер ашылатын күннің алдындағы бір ай;
4) конкурстық өтінімдер бар конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан кешіктірмей алынған үш айдан астам салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және жинақтаушы зейнетақы қорларына әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екені туралы (төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда) «Салық төлеуші кабинеті», электрондық үкіметі порталы, «Электрондық мемлекеттік сатып алулар» ақпараттық жүйе арқылы электронды түрде немесе салық органы басшысының не орынбасарының қолы қойылып, мөрімен бекітіліп алынған анықтама. Анықтаманың электрондық нұсқасы нотариалды куәландырылмайды;
5) бар болса ҚҚС (қосылған құн салығы) бойынша есепте тұрғаны туралы куәліктің көшірмесі;
6) осы конкурстық құжаттамаға ____-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға банктік кепілдік немесе конкурсты ұйымдастырушының мынадай банк шотында _____________________________________________(конкурсты ұйымдастырушының банктік шотының деректемелерін көрсету) БСН ________
«Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Қазынашылық комитеті» ММ ИИК KZ_____________, БСК ____ орналастырылған ақшаның кепілдік берілген ақша жарнасы.
7) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға нысан бойынша қызметкерлердің біліктілігі туралы мәліметтер.
Құжаттарды әлеуетті өнім беруші конкурсты ұйымдастырушыға тігілген, парақтары нөмірленген түзетусіз түрінде ұсынады. Өтінімнің соңғы парағына бірінші басшының қолы қойылады және мөрімен бекітіледі.
Әлеуетті өнім беруші конкурсты ұйымдастырушының банк шотына банктік кепілдік немесе кепілдік берілген ақша жарнасы түрінде конкурсқа бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізеді.
Конкурсты ұйымдастырушы бекіткен мерзім өткеннен кейін ұсынылған өтінімдер тіркелуге жатпайды және әлеуетті өнім берушілерге қайтарылады.
Достарыңызбен бөлісу: |