Өсіп келе жатырмын



Дата25.02.2016
өлшемі27.29 Kb.
#20665













Өсіп келе жатырмын

Т. Айбергенов

Кеудесінде таулардың,

Кемесінде арманның,

Жалау етіп өрлікті,

Ескек етіп ерлікті

Есіп келе жатырмын.

Кейде күнмен теңесем,

Таласып күнмен мен өсем,

Гүл теремін жерімнен,

Бірге туған еліммен

Өсіп келе жатырмын.



Біздің Мәншүк

Е.Естаев
1943 жыл. Күз айы. Лейтенант Темников басқарған пулеметшілер бөлімі Калинин майданына келді. Бұларға Невель қаласын жаудан азат ету тапсырылды. Олардың ішінде Мәншүк Мәметова бар еді. Ол соғыстың ең қауіпті жеріне жіберілді.

Жау әскері Невель қаласына шабуылға шықты. Бірақ өжет қыз «Максим» пулеметімен жау аяғын ілгері бастырмады, оларды шөпше жапырды. Ызаланған жау Мәншүкті зеңбірекпен атқылады. Дәл жанында жарылған снарядтың сынығы батыр қыздың желкесіне қадалды. Осыны пайдаланып жау әскерлері тағы ілгерілей бастады. Мұны көргенде, Мәншүк те ызалана түсті. Самайынан көзіне құйылған жылы қанға қарамай, майдандас серігі «Максимге» қайта ұмтылды. Бар күшін жиып, жауды жалын шашқан оқпен қарсы алды. Тағы да жаудың жетпіс солдаты қазақтың өжет қызы Мәншүктің қолынан қаза тапты. Осы шайқаста Мәншүк Отаны, елі үшін асқан ерлікпен, батырлықпен қаза тапты.

Мәншүк Мәметованың ерлігі аса жоғары бағаланып, оған Кеңес Одағының Батыры деген атақ берілді.




- Мәншүк Мәметованың жаудан қаймықпай ерлік көрсетуінің себебі неде деп ойлайсыздар?

- Мәншүк Мәметованың ерлік шайқасқа қандай сезім жетеледі деп ойлайсыңдар?

- Отаны үшін ерлік жасаған тағы да кімдерді білесіндер ?

- Олардың қандай ерліктерін білесіндер ?




Отан үшін отқа түс – күймейсің.

Б. Момышұлы



Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, мақал-мәтелдерді жалғастырыңдар.

Олардың мағынасын қалай түсінетіндер.

Отансыз .............., Туған жерге ......... тік.

Ормансыз бұлбұл. Ел іші – алтын ............ .

Отан .............. да ыстық.



Керекті сөздер: бесік, адам, туың, оттан.

Отан туралы

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем.

Отан! Отан!

Бәрінен биік екен,

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.



М. Мақатаев
МАҚАЛ – МӘТЕЛДЕР
Батыр туса – ел ырысы, Алыс жол атты сынайды, Жау жоқта батыр көп,

Жаңбыр жауса – жер ырысы. Ауыр жол ерді сынайды. Дау жоқта ақыл көп.

****** ****** ******

Ат басына күн туса, Ат өнері білінбес, Болат қайнауда шынығады,

Ауыздығымен су ішер. Бәйгеге түсіп жарыспай. Батыр майданда шынығады.

Ер басына күн туса, Ер өнері білінбес,

Етігімен су кешер. Қоян-қолтық алыспай.

****** ****** ******

Тура ағаш үйге тіреу, Дұшпанға тастай қатты бол, Жомарт бергенін айтпас

Тура жігіт елге тіреу. Досыңа балдай тәтті бол. Ер айтқанынан қайтпас.



Материалды дайындаған

«Мемлекеттік тілді оқыту орталығы» МКҚК

оқытушысы А.М. Темірбекова




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет