Зерттеу жұмысының жетекші идеясы – ғылым мен техника дамуының
қазіргі кезеңінде білім алушыларға оқу бағдарламасы бойынша белгілі бір білім
қорын меңгертіп қана қоймай, білім процесінде шығармашылықпен өзін-өзі
дамытуына негіз болатын визуалды техникалық оқыту құралдарын тиімді
пайдалану олардың болашақта педагогикалық мәселелерді тиімді шеше білуге
қабілетті, білікті әрі жаңашыл маман, кәсіби құзыретті ұстаз болып
қалыптасуына ықпал етеді.
Зерттеу көздері: философиялық, психологиялық-педагогикалық еңбектер;
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы; Қазақстан Республикасында
білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы; Президенттің «Қазақстан-2050» стратегиясы
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына
Жолдауы; Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың
2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы; педагогикалық
жоғары оқу орындарындағы білім беру мәселелеріне қатысты нормативтік
құжаттар мен оқу-әдістемелік кешендер (стандарттар, типтік оқу
бағдарламалары, оқулықтар, әдістемелік және оқу құралдары, т.б.); ақпараттық
технологияларды енгізу үдерісіне қатысты ғылыми еңбектер; педагогтардың
озық тәжірибелері.
|