Оспанкулов ернар ерланович


Зерттеудің практикалық құндылығы



Pdf көрінісі
бет8/75
Дата14.10.2023
өлшемі1.83 Mb.
#480725
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   75
disser ernar

Зерттеудің практикалық құндылығы 
– «Бастауыш сынып оқушыларының жалпы дамыту жаттығуларын 
өзбетімен орындау дағдыларын дамыту» атты арнайы оқу бағдарламасы 
дайындалды; 
– «Бастауыш сынып оқушыларының өз бетімен ЖДЖ-ны орындау 
дағдыларын дамытудың
маңызы» тақырыбында семинарлар сериясы 
жасалынды; 
– «Бастауыш сынып оқушыларына арналған жалпы дамыту 
жаттығулары» атты мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал әзірленді; 
– Бастауыш сыныптарда дене шынықтыру пәнін сапалы өткізуде, жалпы 
дамыту жаттығуларын қолдануда тиімділігі жоғары әдістер жүйесін қолдану 
бойынша ұсыныстар әзірленді. 
Диссертациялық зерттеу барысында алынған нәтижелер мен жасалған
нақты ғылыми-әдістемелік ұсыныстарды, зерттеудің материалдарын жалпы 
білім беретін мектептердің бастауыш сыныптарында, колледждердің 
тәжірибесінде, жоғары педагогикалық оқу орындарында, педагог мамандардың 
біліктілігін жетілдіру және қайта даярлау жүйесінде пайдалануға болады. 
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар 
– жалпы дамыту жаттығулары – балалардың физикалық жағынан 


11 
дамуының негізі және оқушылардың қимыл-қозғалыс әрекеттерін жетілдіруші, 
денсаулығын нығайтудың және ақыл-ой әрекеті қабілетінің жетілдірудің 
сапалы көзі. Жалпы дамыту жаттығуларын үйрете отырып, оны оқушылардың 
өз бетімен орындауға дағдыландыру оқытудың, тәрбиенің, білім беру мен 
дамытудың түйіскен нүктесінде танылған әдістеменің жемісі болады. 
Сондықтан бастауыш мектепте жалпы дамыту жаттығуларын оқушылардың өз 
бетімен қолдануын қалыптастыру әдістемесінің сенімді де нық теориялық-
әдіснамалық тұғырлы теориялық жүйесі анық болуы міндетті болып саналады; 
– «бастауыш сынып оқушыларының өзбетімен орындау дағдылары»
педагогикалық ұғымының мәнін жан-жақты талдау негізінде нақтылау және 
осы ұғымның ішкі мазмұндық құрылымын анықтау бастауыш мектеп 
оқушыларының жалпы дамыту жаттығуларын өз бетімен орындауға 
дағдыландырудың үдерісін ұйымдастырудың ғылыми және әдістемелік негізін 
жасаудың базасы болып табылады; 
– жүйеленген теориялық әдіснамалық тұғырлар мен ішкі мазмұндық 
құрылымы нақтыланған «бастауыш сынып оқушыларының өзбетімен орындау 
дағдылары»
ұғымының ерекшеліктеріне сүйене отырып жалпы дамыту 
жаттығулары арқылы бастауыш сынып оқушыларының өзбетімен орындау 
дағдыларын дамытудың құрылымдық-мазмұндық моделін даярлау мүмкіндігі 
танылады; 
– ұсынылатын модель негізінде арнайы оқу бағдарламасы әзірленіп, дене 
шынықтыру мұғалімдеріне арнайы семинарлар ұйымдастыру арқылы, ата-
аналарды да қатыстыра отырып, жалпы дамыту жаттығулары арқылы бастауыш 
сынып оқушыларының өзбетімен орындау дағдыларын дамыту әдістемесін 
жасаудың тиімділігі үлкен болады, әзірленген әдістеменің сапасы мен тиімділігі 
педагогикалық тәжірибелік-эксперимент жүзінде тексеру арқылы дәлелденеді. 
Оқушыға меңгертілетін «Жалпы дамыту жаттығулары» жайындағы білімі, 
сабақта оның түрлерін білуі, ойын, жарыс әдістерінің мәнін, қызметін түсінуі, 
оқушылардың қазақ ұлттық элементтері бар жалпы дамыту жаттығуларын 
орындай алуы сияқты бір-бірімен тығыз байланысқан компоненттерден 
тұратын тұлғаның кешенді сапасы болып саналады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет