«Қостанай ауданы әкімдігінің Владимиров орта мектебі» мм «Тіл білімінің салалары»



бет1/37
Дата12.01.2024
өлшемі1.73 Mb.
#488947
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Тіл білімінің салаларыOffice Word


«Қостанай ауданы әкімдігінің Владимиров орта мектебі» ММ

«Тіл білімінің салалары»

(орыс мектебінің қазақ тілі пәніне арналған факультатив курс)



Қостанай ауданы Владимиров с. 2017 ж.

Пікір берушілер:


Сауленко Т.Н. - Қостанай ауданы акімдігінің білім бөлімі "Владимиров орта мектебі" ММ директордың оқу-тәрбие жұмысының меңгерушісі
Жүрсиналина Г.Қ. – Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, практикалық лингвистика кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымының кандидаты

Құрастырған: Нурмагамбетова А.Б.
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Владимиров орта мектебі

23.08.2017 жылы мектепішілік әдістемелік кеңесте қаралып , 28.08.2017 жылы


№1 педагогикалық кеңес шешімімен бекітілді


«Тіл білімінің салалары»
Қазақ тілі 7-сынып
/Қазақ тілінен факультативтік курс бойынша орта мектептің 7-сынып оқушыларына арналған /
Авторлық бағдарламаны құрастырып, ұсынушы: А.Б.Нурмагамбетова - Қостанай ауданы Владимиров селосы

Орыс тілінде оқытылатын орта мектептердің қазақ тілі пәнінен 7-сыныбын арналған факультативтік курсқа жылдық жоспар мен сабақ жоспарлары



Тақырыбы: «Тіл білімінің салалары»


Мақсаты: Оқушылардың грамматикалық сауаттылығын дамыту

Міндеттері:
дыбыстың айтылуы мен жазылуын меңгерту;

  • оқушылардың сөздік қорын байыту;

  • көркем жазуға тәрбиелеу;

  • тапсырмаларды өз бетінше орындау дағдысын қалыптастыру;

  • дыбыстық жүйені,фонетика,лексика мен грамматиканы терең меңгерту;

  • шығармашылық қабілеттерін арттыру;

  • өз бетінше жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру;

  • еріктен тыс есте сақтауларын жүзеге асыру;


Түсінік хат

Тіл білімінің салалары(орыс мектебінің қазақ тілі пәніне арналған факультатив курсы) бағдарламасы орыс мектебінің 7-сынып оқушыларына арналған. Ұсынылып отырған бағдарламада берілген тапсырмалар оқушылардың қазақ тілі пәніне деген қызығушылығын, жауаптылығын арттырады және олардың білімдерін тексеруге арналған тапсырмаларға бай. Бұл қосымша сабақ аптасына бір сағат, оқу жылында барлығы – 34 сағат өткізіледі.


Бұл факультатив сабақты алу себебім: жалпы оқушылардың грамматикалық талдау дағдысын дамыту, сауатты, әрі көркем жазуға баулу. Сонымен қатар оқушыларға жан-жақты ізденуге арналған тапсырмалар бере отырып, оқушылардың алған білімдерін пысықтап, сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру, өз бетінше талдауға үйрету. Оқушылардың бойындағы шығармашылық қабілеттер ашу және оны дамыту.
Қазақ тілінің дыбыстық жүйесін, лексикасы мен грамматикалық құрылымын терең меңгерту, бір жүйеде сауатты жазу, тілдік – грамматикалық құрылымды орынды пайдалану осы пәнді оқытудың негізгі мақсаты болып табылады. Бұл тұрғыдан алғанда, оқушылардың білімдерін пысықтау мен тексеруге арналған грамматикалық тапсырмалар, талдау жұмыстары, диктант жұмыстарының алатын орны ерекше. Сауатты жазу – дұрыс ойлаудың көрінісі.
Ендеше бұл факультатив сабақтан уүтілетін нәтиже - оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, олардың ойлау, шығармашылық қабілеттерін арттыруға, жазу дағдыларын дамыту.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет