Ресейде эволюциялық идеялардын, дамуы. Ресейде табиғат
туралы эволюциялық идеялар XVIII ғасырдың екінші жартысында
қалыптаса бастады. Жер қыртысының тарихы туралы еңбектерінде
М.В. Ломоносов өлі табиғаттағы өзгерістердің тірі табиғаттағы
өзгерістерге тікелей байланысты екенін айтса, Санкт-Петербург
академигі К. Ф. Вольф алғашқылардың бірі болып, ұрықтың дамуы
жөнінде дұрыс пікір ұсыңды. А.Н. Радищев табиғатты біртұтас деп
тауып, ондағы даму қарапайымнан күрделі құрылысты ағзаларға
қарай жүреді деген пікірде болды. Зоолог К.Ф. Рулье түрлердің
тұрақтылығы жайлы метафизикалық көзқарасты қатты сынап,
ағзалардың қай қайсысы болса да айналадағы ортаның әсерінен
өзгереді, ал өз кезегінде ағзалар сыртқы ортаны өзгертеді деді.
Аса құнды эволюциялық идеяны А.И. Герценнің еңбектерінен
де кездестіруге болады. Ол құрылысы мен физиологиялық ерекшелік-
106
тері жақын ағзалар арасында міндетті түрде туыстық байланыстар
бар, яғни олардың шығу тегі бір деп жазды.