108
өзгергіштігі бар дараларды сақтап, ондай өзгергіштігі жоқтары
жойылып отырады деген қортындыға келді. Ч. Дарвин органикалық
дүниенің тарихи дамуы, эволюцияның 3 факторына байланысты
екендігін анықтады, олар: тұқым қуалайтын өзгергіштік, тіршілік
үшін күрес және табиғи сұрыпталу.
Тұқым қуалайтын өзгергіштік, тіршілік үшін күрес, табиғи
сұрыпталудың өзара байланысының нәтижесінде түрлер тіршілік
ортасына бейімделіп, өзгеріп отырады. Міне, бұл - Дарвиннің
эволюциялық теориясының негізгі қағидалары.
Өзгерткіштік - тіршіліктің жалпы қасиеті.Әр түрлі жағдай-
лардың әсерінен организмдердің белгілері ылғи өзгеріп отырады.
Ч. Дарвин саяхат кезінде жинаған материалдарын ретке келтіріп,
организмдерде, айқын (топтық) және айқын емес (жеке) өзгергіш-
тіктер болады деген тұжырым жасады.
Ч. Дарвин сұрыптауға ерекше көңіл бөліп, оның түрлері мен
себептерін
толық
зерттеді.
Жануарлар
мен
өсімдіктердің
іріктемелерін шығаруда, олардың ерекше бір қасиеті мен өзгеріс
белгілеріне қарайды. Өсмдіктер мен жануарларды қажет белгілеріне
қарай сұрыптап, іріктеп алуды Ч. Дарвин
қолдан сұрыптау деп
атады. Табиғатта да, ауыл шаруашылық практикасында организм-
дердің жаңа формалары (жануарлардың, өсімдіктердің іріктемелері)
қалай шығарылатының зерттеді. Содан соң табиғатта қандай
себепшарттардың әсерінен жаңа түрлердің пайда болатының талдады.
Адамның қолдан сұрыптауы мен табиғатта болатын табиғи сұрыпта-
лудың арасында үлкен айырмашылық бар енендігін дәлелдеді.
Нәтижесінде, Ч. Дарвин қолдан сұрыптау және табиғи сұрыпталу
ілімінің негізін салды. Қолдан сұрыптаудың нәтижесінде адам тек өз
қажетіне жарайтын пайдалы тұқымдар мен іріктемелерді шығарады.
Ч. Дарвин түрлердің ішіндегі даралар морфологиясы, мінез-құлқы
жағынан ерекшеленетін өзгергіштіктері болатының байқаған.
Өзгергіштіктің негізгі ерекшелігі -
тұқым қуалайтындығы.
Ч. Дарвин организмдердің тек тұқым қуалайтын өзгергіштігі ғана
эволюция процесінде пайдалы, шешуші рөл атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: