Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Жаратылыстану-математика факультеті


Адамның  жануарлардан  шыққандығының  дәлелдемелері



Pdf көрінісі
бет152/183
Дата02.01.2022
өлшемі1.59 Mb.
#452555
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   183
Оразымбетова Б. Б. Биологияға кіріспе

Адамның  жануарлардан  шыққандығының  дәлелдемелері
 
Адамның  шыққан  тегі  жөніндегі  мәселе  ерте  кездерден  бастап-
ақ жұрттың назарын аударып келді. Ол туралы көптеген болжам, ой-
пікірлер айтылды. Жаратылыстану ғылымының дамуына сәйкес және 
қоғамның  өркендеуіне  байланысты  адамның  арғы  ата  тегі  жайлы 
түрліше  тұжырым  қорытындылар  жасалды.  XVII  ғасырдын  бас 
кезінде  жиханкездер,  саяхатшылар  адам  тәрізді  маймылдардың 
тіршілік ететіні жөнінде хабарлар таратты және олар жайлы деректер 
жинақтала  түсті.  К.  Линней  1735  жылы  шыққан  «Табиғат  жүйесі» 
деген еңбегінде адамды сүтқоректілер класының приматтар отрядына 
шала  маймылдар  және  маймылдармен  бір  топқа  жатқызды.  Бұл 
ғылыми  тұрғыдан  әрі  дұрыс,  әрі  орыңды  жүйе  болатын.  Ал                       
Ж.Б.  Ламарк  алғаш  рет  адамның  ағашқа  өрмелеп  тіршілік  ететін 
маймылдардан емес, керісінше жерде жүруге ауысқан маймыл тәрізді 
ата  тектен  шығып,  маймылдар  мен  адам  арасында  өтпелі  аралық 
форма  болуы  мүмкін  деген  батыл  болжам  айтты.  Денені  тік  ұстап 
жүруге  қолдың  босап,  оның  еңбек  құралдарын  жасауына  ықпалын 
тигізді. Топтанып тіршілік ету салдарынан бірте-бірте сөздің дамуына 
жағдай жасалды. 
 
Ч.  Дарвин  1871  жылы  шыққан  «Адамның  шығу  тегі  және 
жыныстық  сұрыпталу»  деген  еңбегінде  адамның  тіршіліктің  тарихи 
даму  тізбегінде  ең  соңғы,  әрі  жоғары  сатыдағы  буын  екенін  және 
адам  тәрізді  маймылдармен  арғы  ата  тегінің  бір  тармақтан 
таралғанын мойындады. Ол сонымен бірге адамның тарихи дамуында 
әлеуметтік  әсердің  маңызды  орны  бар  екенін  де  атап  көрсетті.
 
Бұл  мәселені  Ф.  Энгельс  «Маймылдың  адамға  айналу 
барысыңдағы  еңбектің  рөлі»  (1896)  еңбегінде  ғылыми  тұрғыдан 
дәлелдеп  берді.  Ол  «Адамды  адам  еткен  еңбек»  деген  қорытынды 
жасады. Бірақ ол кезеңде адамның ата тегінің сүйек қалдықтары және 
олардың пайдаланған еңбек құралдары туралы деректер аз болды.Ал 
кейіннен ғылымның дамуы Энгельс ілімінің дұрыс екенін дәлелдеді. 
Қазіргі кезде адамның шығу тегін, дамуын және қазіргі кезге дейінгі 


143 
 
қалыптасуын  зерттейтін  антропология  (грекше.  “антро-  пос”-"адам") 
ғылымында көптеген ғылыми құнды мәліметтер жинақталды. 
 
Адам  мен  жануарлар  құрылысындағы  ортақ  белгілер.  Адам 
сүтқоректілер  класына  жататындықтан,  олардың  құрылысында  бір-
біріне  ұқсас  белгілер  көптеп  кездеседі.  Мысалы,  құлақ  қалқанының 
болуы,  көкет,  сүт  бездері,  тістерінің  құрылыс  ерекшелігіне  сәйкес 
күректіс,  сойдақтіс,  азутіс  деп  жіктелуі  және  ортаңғы  құлақта  үш 
дыбыс  сүйектерінің  (төс,  үзеңгі,  балға)  болуы,  т.  б.  адам  тәнтаным 
құрылысының  сүтқоректілерге  өте  ұқсас  екенін  дәлелдейді.  Адамда 
кейде  өзінің  бұрынғы  ата  тегіне  тән  белгілер  де  кездесіп  қалады. 
Мысалы,  адам  ағзасындағы  рудиментті  (латынша  -  қалдық)  және 
атавизмді  (латынша  -  арғы  ата  тек)  мүшелердің  болуы.  Сүтқоректі 
жануарлардың  көпшілігінде  болатын  соқыр  ішек  негізінен  асқоры-
туға қатысады, ал ол адам ағзасы үшін қорғаныштық қызмет атқаруға 
көшкен. 
 
Атавизмге  мысал  ретінде  кейде  адамда  құйрықтың  болуын, 
денені  қалың  түк  басуын  косымша  емшектері  болып  туатын 
жағдайларды  атауға  болады.  Рудименттіжәне  атавизмді  мүшелердің 
адам  ағзасыңда  кездесуі  оның  арғы  ата  тегінің  жануарлардан 
шыққандығына нақтылы ғылыми дәлел болады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   183




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет