Қостанай облысының 2014-2018 жылдарға арналғАН



Дата23.02.2016
өлшемі352.5 Kb.
#2883


Қостанай облысы әкімдігінің

2013 жылғы «30» қыркүйектегі

№ 420 қаулысына

қосымша


ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ

2014-2018 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН

ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ

БОЛЖАМЫ



МАЗМҰНЫ



Кіріспе

3

1.

Қостанай облысының 2012 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қарқындары

3

2.

Облыстың 2013 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қарқындары туралы

7

3.

Экономиканы дамыту басымдықтары

12

4.

2014-2018 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы және нысаналы индикаторлар

14

Қосымша

Кіріспе

Қостанай облысының 2014-2018 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы (бұдан әрі – Болжам) ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы № 1251 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу ережесіне сәйкес әзірленді.

Даму болжамы стратегиялық және бағдармалық құжаттар мен Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауын, елдің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын ескеріп, әзірленді.

Даму болжамы Қостанай облысының бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын, қарқындарын, басымдықтарын, нысаналы индикаторлары мен көрсеткіштерін, экономикалық, инвестициялық және салықтық-бюджеттік саясаттың негізгі бағыттарын, 2014-2016 жылдарға арналған бюджеттік параметрлер болжамын қамтиды.




  1. Қостанай облысының 2012 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қарқындары

2012 жылы облыс экономикасы ауыл шаруашылығында қолайсыз ауа райылық-климаттық жағдайлардың және тау кен саласында металдың әлемдік бағасының әсерімен дамыды. Бұл облыс жалпы өңірлік өнімі (бұдан әрі – ЖӨӨ) нақты көлем индексінің (бұдан әрі – НКИ) төмендеуіне айтарлықтай дәрежеде әсерін тигізді. Осылайша, 2011 жылы облыс ЖӨӨ НКИ 115,7%, 2012 жыл – 93,6% құрады.

2012 жылы бидай түсімділігінің төмендеуіне байланысты облыс ЖӨӨ құрылымында аграрлық саланың үлес салмағы 2011 жылғы 21,2%-дан 2012 жылы 11,3%-ға дейін төмендеді. 2012 жылы сала НКИ 2011 жылғы 159,7%-ға қарағанда 48,7% құрады.

2012 жылы облыстың ЖӨӨ құрылымында ауыл шаруашылығының жалпы өңірлік өнімін өндіру 184,9 млрд. теңгені, оның ішінде мал шаруашылығы – 93,7 млрд. теңгені, өсімдік шаруашылығы – 90,2 млрд. теңгені құрады. Ауыл шаруашылығының НКИ 48,5%, оның ішінде өсімдік шаруашылығында – 36,7%, мал шаруашылығында – 72,6% құрады.

Өсімдік шаруашылығында көлемнің төмендеуіне 2011 жылдың жоғары түсіміне қарағанда қалыптасқан ұзаққа созылған ыстық пен жауын-шашынның болмауымен сипатталатын, табиғи-климаттық жағдайлар ықпал етті.

2012 жылы гектар түсімділігі 6,1 центнерден айналғанда бидайды жалпы жинау – 2706,8 мың тоннаны (өңдегеннен кейінгі салмақта) құрады. Гектар түсімділігі 178 центнерден айналғанда 186,9 мың тонна картоп; гектар түсімділігі 267,6 центнерден айналғанда 60,7 мың тонна көкөніс; гектар түсімділігі 2,5 центнерден айналғанда 38,8 мың тонна майлы дақылдар жиналды.

Мал шаруашылығында түгендеу анықтаған жеке қораларда ауыл шаруашылығы мал басының (жем-шөп тапшылығына байланысты) азаюы есебінен өндіріс төмендеді. 2012 жылы ет өндірісі 21,9%-ға, сүт – 42,9%, жұмыртқа – 4,7% төмендеді.

Ауыл шаруашылығында қолайсыз табиғи жағдайлар шаруа (фермер) қожалықтарының өнім шығаруына да әсер етті. Бидай түсімділігінің төмен болуына байланысты шағын және орта кәсіпкерлік (ШОК) субъектілерінің өнімдер шығаруы 2011 жылмен салыстырғанда 9,6%-ға төмендеп, 349,4 млрд. теңгені құрады.

Белсенді ШОК субъектілерінің саны 8,6%-ға азайып, 39 мың бірлікті (жеке кәсіпкерлер арасында санның 10,3%-ға, шаруашылық қожалықтарының – 7,4%-ға төмендеуі).

Бұл ретте, ШОК-те жұмыс істейтіндер саны – 1,1%-ға ұлғайды және 138,8 мың адамды құрады.

2013 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша екінші деңгейдегі банктердің филиалдары шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 42,5 млрд. теңге сомасына кредиттер берді, бұл 2011 жылғыдан 6,2 млрд. теңге артық. Салалық құрылымда кредиттеудің аса үлкен көлемі сауда қызметіне – 56,6%, өнеркәсіп үлесіне – 19,1%, ауыл шаруашылығына – 8,3% тиесілі.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) іске асыру шеңберінде Қостанай облысына 2012 жылы жеке кәсіпкерлікті қолдауға – 556,8 млн. теңге сомасына, өндірістік инфрақұрылымды дамытуға – 882,9 млн. теңге көлемінде нысаналы трансферт бөлінді.

2012 жылы бағдарламаның шеңберінде жалпы кредиттеу сомасы – 15,5 млн. теңге тұратын 126 жоба мақұлданды.

2013 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша ауылдық жерлердің аумағында қызмет ететін шағын кредит беру ұйымдары 613 млн. теңге сомасына 2485 жобаға кредит берді.

Облыс өнеркәсібінде 2012 жылы кен бағасының төмендеуіне қарамастан 1,7%-ға өсімге қол жеткізілді. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 502 млрд. теңгені құрады. Өсім өңдеу өнеркәсібі өндірісі көлемінің 11,9%-ға өсуі есебінен қамтамасыз етілді. Тау-кен өнеркәсібінде НКИ 99,1%, электрмен қамтамасыз ету – 109,6%, сумен жабдықтау және канализациялық жүйе – 103,4% құрады.

Есептік мәліметтерге сәйкес облыс өнеркәсіп құрылымында шикізат емес секторының өскені байқалып отыр. Осылайша, тау-кен саласының үлесі 53,7% (2011 жылға қарағанда 11,6%), өңдеу өнеркәсібі – 39,5% (10,5% өсім), электрмен жабдықтау, газ беру, бу және ауаны реттеу – 5,4% (0,7%-ға өсім), сумен жабдықтау, канализациялық жүйе, қалдықтарды жинау және бөлу – 1,4% (0,4%-ға өсім) құрады.

Тау-кен өнеркәсібінде агломерацияланған темір кенін өндіру 5,2%-ға, құрамында алтын бар кен – 0,8%-ға, шекемтастар – 5,7%-ға, мыс концентраттары – 2,8%-ға, бокситтер – 5,9%-ға төмендеді.

Өңдеу өнеркәсібінде машина жасауда өсім 1,7 есе, азық-түлік өнімдерін өндіруде 2,8%-ға, сусындар – 4%-ға, тоқыма бұйымдары 18,2%-ға, металлургиялық өнеркәсіпте – 19,9%-ға өсім қалыптасты.

2012 жылы облыс экономикасына 163,8 млрд. теңге инвестициялар салынды, бұл заем қаражаттарының 1,5 есе ұлғаюы есебінен 2011 жылмен салыстырғанда 2,1%-ға жоғары.

Облыс экономикасының оң сәті инвестициялардың жалпы көлеміндегі үлестері 75% құраған кәсіпорындардың, ұйымдар мен халықтың жеке қаражаттары есебінен негізгі капиталға инвестицияларды қаржыландыру болып табылады. Кәсіпорындар мен халықтың жеке қаражаттарының көлемі 1,6%-ға жоғарылап, 122,7 млрд. теңгені құрады.

Республикалық бюджет қаражаты есебінен 22,9 млрд. теңге игерілді (жалпы көлемде 14%) немесе өткен жылға қарағанда 100,4%, жергілікті бюджеттен 8,3 млрд. теңге (5%) немесе өткен жылға қарағанда 88,5% игерілді. Заем қаражаттары 9,9 млрд. теңгені (6%) құрады, бұл өткен жылғыдан 1,5 есе артық.

Өнеркәсіп (негізгі капиталға инвестициялар жалпы көлемнен 51,8%), ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы (15,8%) және көлік (11,7%) сияқты салалар инвесторларға тартымды болды.

Инвестициялар өсімінің оң қарқынына Қазақстанның үдемелі индустриалдық-инновациялық дамуы бағдарламасының шеңберінде жобаларды іске асыру әсер етті. Индустриаландыру картасының шеңберінде 2012 жылы жалпы құны 20,8 млрд. теңге 20 объекті пайдалануға берілді, 1148 жұмыс орны құрылды.

Құрылыс саласында жұмыс көлемі 2011 жылмен салыстырғанда 2012 жылы 28,6%-ға өсті және 79,5 млрд. теңгені құрады. Барлық қаржыландыру көздерінің есебінен жалпы көлемі 204,8 мың шар.м. тұрғын үй ғимараттары немесе 2011 жылға қарағанда 104,4% пайдалануға берілді.

2012 жылы тұрғын үй құрылысына 16,1 млрд. теңге инвестициялар бағытталды, өткен жылдың деңгейінен 13,9% жоғары. Негізгі капиталға инвестициялар көлеміндегі тұрғын үй құрылысының инвестициялық үлесі 9,8% құрады.

Құрылыс жұмыстары көлемінің ұлғаюы көлік қызметінің өсуіне себеп болды. 2012 жылы автомобиль көлігімен жүк тасымалдау көлемі 275,6 млн. тонна жүкті құрады, 1575,5 млн. жолаушы немесе 2011 жылдың деңгейіне қарағанда 109,7% тасымалданды.

2012 жылғы жүк айналымы 9237,1 млн. ткм, жолаушылар айналымы 14147,9 млн. қкм құрады.

2012 жылы Орталық Қазақстанды Солтүстік Қазақстанмен байланыстыратын «Арқалық-Шұбаркөл» жаңа темір жолының құрылысы басталды. Қостанай облысы бойынша жолдардың жалпы ұзындығы 214 км құрайды.

2012 жылы 624 млн. теңге сомасына, байланыс кәсіпорындары – 9174,3 млн. теңге сомасына пошталық және курьерлік байланыс қызметі көрсетілді, бұл салыстырмалы бағаларда 17,5% және 2011 жылдың деңгейінен тиісінше 4,4% артық.

Белгіленген Интернет абоненттерінің саны 2012 жылы 2011 жылмен салыстырғанда 21,3%-ға ұлғайды және 87,6 мың бірлікті құрады.

Тұтыну сұранысын ұлғайту белгіленіп отыр, 2012 жылы бөлшек сауда тауар айналымы 23,4%-ға өсті және 159,7 млрд. теңгені құрады.

Бұл көбінесе тұрғындар кірістерінің өсуімен және экономикадағы инфляциялық процесстердің бәсеңдеуімен негізделген. 2012 жылы бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 76647 теңгені құрады және 2011 жылмен салыстырғанда 14%-ға өсті, нақты жалақы индексі 9,2%-ға өсті. Халықтың орташа жандық атаулы ақшалай кірістері 45694 теңге 2011 жылмен салыстырғанда 15,4%-ға өсті.

2012 жылғы инфляция деңгейі 5% құрады, оның ішінде азық-түлік тауарлары 5,3%-ға қымбаттады, азық-түлік емес тауарлар – 3,5%-ға және ақылы қызметтер – 6,1%-ға қымбаттады.

Көтерме сауда тауар айналымы 2012 жылы 10,2%-ға өсіп, 379,1 млрд. теңгені құрады. 2012 жылғы сыртқы сауда айналымы 4619,8 млн. долар құрады, бұл 2011 жылғыдан 10%-ға жоғары.

Сауда балансының 2015,6 млн. АҚШ доллары мөлшерінде оң сальдосы сақталады.

2012 жылы экспорт 2011 жылдың деңгейінде қалды және 3317,7 млн. АҚШ долларын құрады, 0,9%-ға төмендеді. Облыс экспорты негізінен шикізат бағытына ие: темір кені өнімі (71%), бидай (9%), ұн (5%), өңделмеген алтын (5%), асбест (2%).

2011 жылмен салыстырғанда 2012 жылы облыстың экспорттық жеткізулерінде бидай көлемі 2 есе, асбест – 66,1%-ға, ұн – 39%-ға, өңделмеген алтын – 26,3%-ға, темір кені өнімі – 13,5%-ға төмендеді. Темір кені өнімдерін жеткізу құны жағынан төмендеді (әлемдік нарықта бағаның түсуі), өйткені жеткізулердің заттай түріндегі көлемі 15,4%-ға ұлғайды.

2012 жылы импорттық түсімдер 1302,1 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2011 жылғыдан 52%-ға жоғары. Көлік құралдарын жеткізу 4,3 есе, қант және кондитерлік өнімдерді 2,3 есе, мұнай өнімдерін 2,2 есе, дәрі-дәрмектерді 1,7 есе, жабдықтарды 50%-ға, қара металдар және олардан жасалатын бұйымдарды жеткізудің – 28,2%-ға ұлғаюына байланысты тауарларды әкелу көлемі өсті.

Импорттық өнімдерді жеткізу әлемнің 72 елінен жүзеге асырылды. Облысқа негізінен өңірде өндірілмейтін тауарлар импортталады. Аса үлкен үлес салмақ жабдықтарға (16,3%), көлік құралдарына (15,4%), дәрі-дәрмектерге (5,5%), қара металдан жасалған бұйымдарға (5,2%) тиесілі.

2012 жылы облыс аумағында бюджетке 116,7 млрд. теңге сомасында салықтар мен басқа да міндетті төлемдер жиналды, олардан 43,8 млрд. теңге немесе 37,5%-ы жергілікті бюджетке аударылды.

Мемлекеттік бюджет жоспары 102,2%-ға, оның ішінде республикалық бюджет – 101,5%-ға, жергілікті бюджет – 103,4%-ға атқарылды.

2012 жылы бюджет шығыстары 136,7 млрд. теңге сомасында немесе жылдық жоспарға қарағанда 99,7%-ға атқарылды. Әлеуметтік салаға 75 млрд. теңге немесе жалпы атқару сомасына қарағанда 54,8% бағытталды.

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын, Жол картасының инвестициялық бағыттарын іске асыру тұрғындардың, оның ішінде жалданып жұмыс істейтіндердің жұмыспен қамтылуына, жұмыссыздық деңгейіне оң әсерін тигізді. 2011 жылмен салыстырғанда 2012 жылы жалдамалы жұмыскерлердің саны 1,2%-ға немесе 3,6 мың адамға ұлғайды. 2012 жылы 18,5 мың жұмыс орны құрылды, оның ішінде тұрақтысы – 11,7 мың.

Жұмыссыздық деңгейі 2011 жылғы 5,4%-дан 2012 жылы 5,2%-ға дейін қысқарды. Жұмыссыздардың саны 2,8%-ға төмендеді.





  1. Облыстың 2013 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қарқындары туралы

2013 жылы облыс экономикасы алдағы жылдардың оң қарқындарын толық сақтауда. Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы мен өңдеу өнеркәсібінде өсім түсімділікті ұлғайту мен енгізілген индустриалық жобалардың жобалық қуаттылыққа шығуы есебінен күтіліп отыр. 2012 жылғы деңгеймен салыстарғанда 2013 жылы ЖӨӨ 106% деңгейінде күтіледі.

Облыстың 2013 жылдың 8 айындағы жұмыс қорытындылары өңірді дамытудағы тұрақтылық туралы куәландырады.

2013 жылдың қаңтар-тамызында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 355,1 млрд. теңгені құрады. Өнеркәсіп бойынша НКИ ағымдағы жылдың наурызынан шілдесіне дейін 100% құрады. 2013 жылдың қаңтар-тамызында НКИ 99,5% құрады, бұл тау-кен саласында өндірістің 2,4%-ға азаюымен байланысты.

Облыстың ағымдағы экономикалық саясаты экономиканы әртараптандыруға, үлесі өнеркәсіпте 40% өңдеу саласын дамыту есебінен экономиканың шикізаттық бағытынан кетуге бағытталған. Алайда өнеркәсіптің тау-кен саласының үлес салмағы баяғыдай үлкен болып қала береді – 53,3% және оның өнеркәсіп саласына жаппай әсер етуі басым болып табылады.

Ағымдағы жылдың қаңтар-тамызында тау-кен өнеркәсібінде темір кені концентраттарын өндіру 11,5%-ға, агломерацияланған темір кені – 2%-ға, бокситтер – 0,8%-ға ұлғайды. Лигнит өндіру көлемдері 69,4%-ға, құрамында алтын бар кен – 34,5%-ға, мыс кендері – 30%-ға, мыс концентраттары – 17,7%-ға, асбест – 5,4%-ға, темір кені шекемтастары – 4,4%-ға қысқарды.

Өндеу өнеркәсібінде НКИ – 105,2% құрады. 2013 жылы өңдеу өнеркәсібі өндірісінің өсуі соңғы жылдарда серпінді дамыған машина жасау саласын дамыту есебінен қамтамасыз етіледі.осылайша, ағымдағы жылдың 8 айының қорытындылары бойынша машина жасау саласындағы өсім 25,5% құрады. «Агромаш Холдинг» АҚ және «Сарыарқа Автопром» ЖШС жеңіл автомобилдер өндірісін 6528 данаға дейін ұлғайту күтіліп отыр, 2012 жылға өсім 2,4 есе (2012 жыл – 2691 дана).

Сондай-ақ, киім өндірісі бойынша 3,5%-ға, металлургиялық өнеркәсіпте – 26,9%-ға өсті.

Осылайша, 2013 жылдың қорытындылары бойынша негізгі салаларды дамыту серпінін ескеріп, өнеркәсіп өнімі 523 млрд. теңге көлемінде немесе 2012 жылға қарағанда 101%, оның ішінде тау-кен өнеркәсібінде – 266 млрд. теңге немесе 2012 жылға қарағанда 100%, өңдеу өнеркәсібінде – 221 млрд. теңгені немесе 2012 жылға қарағанда 104% күтіліп отыр.

Ауыл шаруашылығында 2013 жылдың басынан бері жалпы өңірлік өнім шығару көлемі 78,5 млрд. теңгені, НКИ – 97,9% құрады. Өсімдік шаруашылығында НКИ 104,6%, мал шаруашылығында – 95,7% құрады. Өткен жылдың деңгейіне қарағанда төмендеуге қарамастан ауыл шаруашылығы ай сайын қарқындауда. Жылдың басынан бері саланың НКИ 86,7%-дан (қаңтарда) 95,7%-ға дейін (2013 жылдың қаңтар-тамызында) ұлғайды.

Ауыл шаруашылығында төмендеу мал шаруашылығы саласында өнірісітің; еттің 7,1%-ға, жұмыртқаның – 9,2%-ға азаюымен байланысты. Сондай-ақ, ірі қара мал басының ұрғашысын тұқымы жағынан өзгерту есебінен өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда сүт өндірісі 2,4%-ға ұлғайды, бұл сиыр басының 5,9%-ға ұлғаюымен байланысты. Сондай-ақ, ірі қара мал басы 4,6%-ға, қой – 5,7%-ға, жылқы – 4,4%-ға ұлғайды. Шошқа басы 7,8%-ға, ешкі – 4,3%-ға, құс – 4,8%-ға азайды.

Ауыл шаруашылығында 2013 жылы жалпы өнім өндірісі 266,4 млрд. теңге көлемінде күтіліп отыр, 2012 жылы өсім 28,2%, оның ішінде өсімдік шаруашылығында 59,4%, мал шаруашылығында – 0,1% құрады.

Мал шаруашылығы саласында өсім жаңа объектілер: мал шаруашылығы фермаларын, көбейтуші шаруашылықтар, мал бордақылау алаңдарын, ҮИИДМБ және ірі қара малдың (ІҚМ) ұрғашысын және «Сыбаға» ет тұқымды жас төлді қалпына келтіру үшін асыл тұқымды өндіруші бұқаларды сатып алу бағдарламасын іске асыру шеңберінде мал шаруашылығы кешендерін салу есебінен жоспарланып отыр, 2013 жылы 4801 бас сатып алу жоспарланып отыр.

Өсімдік шаруашылығында өсімді егістік алқаптарының құрылымын оңтайландыру және егіс айналымы және әртараптандыру есебінен жоспарланып отыр, өйткені егістік құрылымында бидай басым болып отыр.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне дәстүрлі бидай өсіруден басқа дақылдарға көшу қиын болып отыр. Ағымдағы жылы бидай және бидай дақылдары 4400,8 мың гектар алқапқа егілді, бұл 2012 жылғыдан 55,2 мың гектар артық, оның ішінде бидай – 4014,5 мың гектар (63,9 мың гектар артық). Жем-шөп дақылдарының аумағы 314,8 мың гектарды, жарма дақылдары – 26,2 мың гектарды құрады.

Май өндірісін дамытуға байланысты ағымдағы жылы майлы дақылдар егістігінің аумағы 12,7 мың гектарға ұлғайтылып, 233,6 мың гектарды құрады.

Ауыл шаруашылығы құрылымдарында картоп, көкөністер мен бақша дақылдарының егістік алқабы ұлғайтылды. Картоп алқабы ағымдағы жылы 32,8 мың гектарға ұлғайтылып, 2991,6 гектарды, көкөністер – 116,8 гектар (659,5), бақша 54,9 гектар (399,3 гектар) құрады.

Облыстың ауыл шаруашылығын қолдауға және дамытуға 2013 жылы 12,2 млрд. теңге мөлшерінде субсидиялар бөлінді. Өндірілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімділігін және сапасын жоғарылатуды қолдауға жергілікті бюджеттен 1,67 млрд. теңге, көктемгі-егістік және жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағармай материалдарының және тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға 2,7 млрд. теңге қарастырылды.

Жылдың басынан бері облыста инвестициялар көлемі өсімінің оң серпіні байқалып отыр, 105,6 млрд. теңге салынды. 2013 жылдың қаңтар-тамызында НКИ 106,1% құрады, бұл заем қаражаттарын 2,1 есе ұлғайтумен байланысты, оның үлесі 15,6% құрады.

Негізгі капиталға инвестициялар кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың жеке қаражаттары – 72 млрд. теңге (негізгі капиталға инвестициялардың жалпы көлемінде 68,2%) есебінен қаржыландырылады.

Республикалық бюджет қаражаты есебінен 12,1 млрд. теңге игерілді, бұл өткен жылдың тиісті кезеңінен 6,9%-ға (негізгі капиталға инвестициялардың жалпы көлемінде 11,5%) төмен.

Жергілікті бюджет есебінен 4,9 млрд. теңге игерілді, бұл 2012 жылдың қаңтар-тамызынан 5,2%-ға аз. Жергілікті бюджет қаражатының үлесі негізгі капиталға инвестициялардың жалпы көлемінде 4,6% құрайды.

Өнеркәсіп (негізгі капиталға инвестициялардың жалпы көлемінде 61,1%), жылжымайтын мүлікпен операциялар (10,7%), селолық және көлік (10,5% бойынша) сияқты салар болып табылады.

2013 жылы негізгі капиталға инвестициялар 169,5 млрд. теңге көлемінде, НКИ – 105% күтіліп отыр.

Облыста «2013 жылдарға инвестицияларды тарту бойынша жоспар» әзірленді және Қостанай облысының әкімі бекітті, қарастырылатын іс-шаралар өңірдегі инвестициялардың өсуіне бағытталған.

Негізгі капиталға инвестициялар көлемінің өсімі қолданыстағы Индустриаландыру картасының шеңберінде жаңа объектілерді пайдалануға беру есебінен және одан тыс жоспарланып отыр. Ағымдағы жылы Индустриаландыру картасының шеңберінде 951 жұмыс орнын құрып, жалпы құны 34,7 млрд. теңге 11 инвестициялық жобаны енгізу күтіліп отыр.

Жылдың басынан бері 3,9 млрд. теңге сомасына 4 жоба (Ұзынкөл ауданының Тайсойған селосында сыйымдылығы жылына 32 мың тонна бидай кептіргіш және бидай қоймасының құрылысы, «Ряжское» ЖШС; Сарыкөл ауданының Златоуст селосында 500 бас ІҚМ арналған асыл тұқымды мал бордақылау және өсіру мал шаруашылығы фермасының құрылысы, «Арыстан ПК» ЖШС; Арқалық қаласында 3 000 бас асыл тұқымды көбейтуші шаруашылық және мал бордақылау алаңының құрылысы, «Нұр Жайлау НС» ЖШС; Қостанай қаласында жиынтық темір бетон өндіретін зауыттың құрылысы, «БК-Строй» ЖШС) пайдалануға берілді, 143 жұмыс орны құрылды.

Жылдың басынан бері құрылыс саласында оң серпін байқалып отыр, 2013 жылдың қаңтар-тамызында орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 53,7 млрд. теңгені құрады, бұл 2012 жылдың қаңтар-тамызындағыдан 14,3% артық.

Жылдың басынан бері инвестициялар 11 млрд. теңгені құраған тұрғын үй құрылысына инвестициялар көлемі 23,9%-ға өсті. Облыс аумағында жалпы ауданы 128,8 мың шаршы метр тұрғын жайлар салынды, бұл 2012 жылдың қаңтар-тамызына қарағанда 134% құрайды.

2013 жылдың қорытындылары бойынша орындалған құрылыс жұмыстары 81 млрд. теңге көлемінде күтіліп отыр.

2013 жылдың 8 айында көлікпен жүк тасымалдау көлемі 203,4 млн. тонна жүкті, НКИ – 108,8% құрады. Жүк айналымы көлемі 3,1%-ға өсті және 16887,2 млн. ткм құрады.

Автомобиль көлігімен 1083,7 млн. жолаушы немесе 2012 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 105,7% тасымалданды. Жолаушылар айналымының көлемі 10,9%-ға өсті және 10051,4 млн. қкм құрады.

Автомобиль инфрақұрылымын жақсарту үшін бюджет қаражаты есебінен жыл сайын қаражаттар бөлінеді. Қазақстан Республикасының инфрақұрылымын дамыту бағдарламасына сәйкес 2013 жылы 16,5 млрд. теңге сомасына 51,5 км автомобиль жолдарын қайта жаңарту, 19 км күрделі жөндеу, 211,2 км орташа жөндеу қарастырылды.

2012-2013 жылдардың басынан бастап 3 жаңа жоба іске асырылуда, бұл «Әулиекөл-Диев-Қосағал-Ақжол» автожолын қайта жаңарту, «Адаев-Ұрқаш-Аралкөл» және «Таранов-Варварин-обл.шекарасы» автожолдарын күрделі жөндеу. Құны 133,2 млрд. теңге «Арқалық-Шұбаркөл» жаңа темір жол желісінің құрылысы бойынша жұмыс жалғасуда.

2013 жылдың қаңтар-тамызында облыста 319,4 млн. теңге сомасына, оның ішінде халыққа – 158,2 млн. теңге сомасына пошта және курьерлік қызметтер көрсетілді. Пошта және курьерлік қызметтердің нақты көлем индексі 2012 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 84,1%, халыққа – 74,7% құрады.

2013 жылы байланыс қызметі мен мәліметтерді беру, жаңа объектілерді коммерциялық пайдалануға беру есебінен байланыс қызметінің көлемін 6,4%-ға ұлғайту жоспарланып отыр.

2013 жылдың басынан бастап тұтынушылар сұранымының ұлғайғаны байқалып отыр. Тұтыну белсенділігінің ұлғаюына халықтың кірістері мен жалақының өсуі, сондай-ақ жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі әсерін тигізді. Екінші тоқсанда жұмыссыздық деңгейі 5,2% құрағанда қаңтар-тамызда нақты жалақы 1,9%-ға өсті.

Қаңтар-тамызда орташа айлық жалақы 8,3%-ға ұлғайып, 79887 құрады, жыл қорытындылары бойынша бағалай бойынша 77 966 теңгені құрады.

Ағымдағы жылдың 8 айында бөлшек сауда айналымы 95,3 млрд. теңгені, НКИ 114,3% құрады. 2013 жылы сауда көлемінің 7%-ға өсуі күтіліп отыр.

2013 жылдың қорытындылары бойынша экспортталатын тауарлардың негізгі топтарына әлемдік нарықта сұраныстың азаюы мен бағалардың түсуі нәтижесінде 3615 млн. АҚШ долларын құраған 2012 жылғы деңгейге қарағанда сыртқы сауда айналымының 21,7%-ға төмендеуі күтіліп отыр, бұл ретте сауда балансының сальдосы оң болып қалды – 875 млн. АҚШ доллары.

2013 жылы экспорт 2245 млн. АҚШ доллары сомасында жоспарланып отыр, 2012 жылға қарағанда 32,3%-ға төмендеген, импорт – 1370 млн. АҚШ доллары, 5,2%-ға өскен.

2012 жылдың желтоқсанына қарағанда 2013 жылдың тамызында тұтынушы бағалар индексі 103,7%, оның ішінде азық-түлік тауарлары – 101,3%, азық-түлік емес тауарлар – 101,1%, ақылы қызметтер – 109,2% құрады.

Ағымдағы жылы ақылы қызметтер бағалары мен тарифтерінің өсімі инфляцияға айтарлықтай әсер етті, канализация бағалары 43,1%-ға, салқын су – 29,5%-ға, орталықтан жылыту – 13,7%-ға, электр энергиясы – 11,2%-ға, ыстық су – 9,3%-ға, газ – 7,4%-ға және байланыс қызметтері – 4,7%-ға қымбаттады.

Азық-түлік нарығында тұрақты бағаларды қамтамасыз етуге: азық-түлік тауарларын тұрақтандыру қорын қалыптастыру (облыста 2012 жылы қалалар мен аудандардың әлеуметтік дүкендері мен нарықтарында, өткізіліп жатқан азық-түлік жәрмеңкелерінде сату үшін «Тобыл» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы тұрақтандыру қорының операторы 770 тонна өнім (картоп, сәбіз, қарақұмық жармасы, күріш, өсімдік майы, сиыр еті) және 215,9 млн. теңге сомасына 3320 мың дана жұмыртқа сатып алды).

Инфляцияның жалпы деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының индексі 2012 жылдың желтоқсанына қарағанда 2013 жылы 6-8% инфляциялық дәлізден аспайды.

2013 жылы білім саласында балалардың шағын орталықтарда толық күн болуы есебінен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына кезекті қысқарту, мектепке дейінгі ұйымдарды кеңейту жөніндегі жұмыстар жалғасып жатыр. Облыста мектепке дейінгі біліммен қамту 92% (34411 бала) құрайды.

Ағымдағы жылы Рудный және Лисаков қалаларында 2 балабақшаны қайта жаңарту аяқталды, Әулиекөл ауданының Әулиекөл селосында 600 орындық мемлекеттік тілде оқытатын орта мектептің құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.

2013 жылға 4 млрд. теңге сомасына 23 білім объектісін күрделі жөндеу (олардан 20 объекті бойынша аяқталды) және 12 ұйымның жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу жоспарланып отыр.

Денсаулық сақтау саласында 2013 жылы ана және бала өлімін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде негізгі әлеуметтік аурулардан қайтыс болуды азайтуға бағытталған іс-шараларды іске асыру жалғасып жатыр.

Ағымдағы жылы денсаулық сақтау саласына 22,6 млрд. теңге бөлінді. 2013 жылдан бастап 701,4 млрд. теңге сомасына 3 денсаулық сақтау объектісін күрделі жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілуде, олардан 2-ін ағымдағы жылдың аяғына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Ағымдағы жылы 4 дәрігерлік амбулаторияның құрылысына республикалық бюджеттен 270 млн. теңге сомасында және тағы да 4 дәрігерлік амбулаторияның құрылысына және 4 дәрігерлік амбулаторияның жобалық-сметалық құжаттаманы үйлестіруге жергілікті бюджеттен 349,6 млн. теңге сомасында трансферттер бөлінді.

Жылдың басынан бері 100 адамға шаққанда туберкулезбен ауыру 73,7-ден (2012 жылдың 8 айы) 67,5-ке дейін (2013 жылдың 8 айы) қайтыс болудың 6,6-дан 5,2-ге дейін төмендегені байқалып отыр.

Жұмыссыздықты төмендету мен өнімдік жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс ауданмен қалалардың бюджеттік қаражаттары есебінен өңірлік жұмыспен қамту шеңберінде, сондай-ақ Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының шеңберінде (Бағдарлама) жүзеге асырылады.

1302 адамды әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыру; білім ұйымдарының 679 түлегі үшін жастар тәжірибесін ұйымдастыру; 865 адамды кәсіби даярлауға және қайта даярлауға жіберу; Бағдарламаның 470 қатысушысына шағын кредит беру; 57 адамды кәсіпкерліктің негізіне оқыту, 117 қатысушының көшуін ұйымдастыру, Бағдарламаның шеңберінде 395 адамды іске асырылатын инфрақұрылымдық жобаларға орналастыру көзделіп отыр.

Бағдарламаның іс-шараларын іске асыру жұмыссыздық деңгейін 5,2% шегінде сақтап қалуға мүмкіндік береді.

Табыстары ең төмен күн көру деңгейінен төмен халықтың үлесін 3,9%-ға дейін азайту жоспарланып отыр.

Орта мерзімдік кезеңге өңірлік саясат «Өңірлерді дамыту», «Моноқалаларды дамыту» Мемлекеттік Бағдарламаларымен және басқаларымен белгіленген басымдықтардың негізінде қалыптасатын болады.

Өңірлерді дамыту бағдарламасының шеңберінде 2013 жылы Қостанай қаласында жалпы сметалық құны 1113 млн. теңге Западная ҚС 110/35/10 кВ екі дәнекерлеумен ЖЖ-110 кВ құрылысы аяқталды, бұл Қостанай қаласының трансформаторлық қосалқы стансаларының жұмысын жеңілдетуге мүмкіндік береді.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасын жергілікті өзін-өзі басқаруды қаржылық қолдау шеңберінде 2013 жылға республикалық бюджеттен 339,7 млн. теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер қарастырылды.

Моноқалалар бағдарламасының шеңберінде 2013 жылға республикалық бюджеттен 2,6 млрд. теңге сомасында, оның ішінде әлеуметтік-инженерлік инфрақұрылымды дамытуға – 1,2 млрд. теңге, моноқаланы жайластыру мәселесін шешуге – 889,1 млн. теңге және кәсіпкерлікті қолдауға – 560,9 млн. теңге нысаналы трансферттер бөлу жоспарланды.



3. Экономиканы дамыту басымдықтары
Орта мерзімдік кезеңде облыстың дамуында экономиканың шикізаттық секторын дамыту басым бағыт болады. Экономиканың өндеу секторына инвестициялар тарту және облыста қолайлы инвестициялық климат жасау облыс экономикалық дамуының негізгі факторы болып табылады. Өндеу өнеркәсібінің дамуы облыстың экономикасына тау-кен өндірісінің ықпалын төмендетуге мүмкіндік береді.

Болжанып отырған кезеңде облысты дамытудың басты стратегиялық мақсаты тұрақты сату нарықтарымен ішкі және сыртқы нарықтарда бәсекеге қабілетті индустриялық және агроөнеркәсіп кешенін қалыптастыру болып табылады. Осы заманғы экономиканы дамыту үшін өзекті жобаларды іске асыру үшін облыста үлкен қорлар бар. «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының (ӘКК) базасында құрылған Инвестицияларды тарту және инновацияларды қолдау орталығы жұмыс істейді, оның қызметінің негізгі бағыты инновациялық бизнес-идеяларды және өңірге инвестицияларды тартуға көмектесуге қабілетті жобаларды іздеу, талдау және қолдау болып табылады. ШОК субъектілерімен бірлесіп «Тобыл» ӘКК жалпы сомасы 313,1 млрд. теңгеге 47 инвестициялық жобаларды іске асырады.

Облыста қолайлы бизнес-климатты жақсарту үшін шетел инвесторларын тарту бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Осылайша, ағымдағы жылы облыс кәсіпкерлерінің қатысуымен, республика бизнесмендерін, сондай-ақ шетел инвесторларын тарта отырып, іс-шаралар жүргізілді.

Орталық және жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің, даму институттарының («Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ, «КазАгроИнновация» АҚ), ғылыми қоғамдастықтың, Қазақстанның 11 өңірінің инновациялық өнімдер мен технологиялар әзірлеушілерінің, Ресей Федерациясы шекара маңындағы 4 облысының және Беларусь Республикасының қатысуымен 2013 жылдың 11 сәуірінде «Kostanay Invent 2013» Бірінші Инновациялық Форумы (бұдан әрі – Форум) өткізілді. Көрмеде агроөнеркәсіптік және тау-кен металлургия кешендері, өндеу өнеркәсібі және энергетика саласын дамытуға бағытталған 45 инновациялық бизнес-идеялар және жобалар ұсынылды.

2013 жылдың 2-4 мамырында облысқа 12 мемлекеттің Дипломатиялық өкілдерінің басшылары келді.

Экономиканың индустриалды және агроөнеркәсіптік секторларының инвестициялық жобалары шикізаттық емес салаларын, шағын және орта бизнесін дамыту және облыстың экономикасына озық технологияларды тарту негізгісі болады.

Облыс экономикасының тұрақты өсіміне қол жету үшін:

бәсекеге қабілетті өндірістер құру, шағын және орта бизнесті тарта отырып, номенклатураны кеңейту және жоғары үстеме құнымен терең қайта өңделген өнім үлесін ұлғайту;

еңбек өнімділігін жоғарылату мақсатында қолданыстағы кәсіпорындарды жаңғырту;

өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндірудің тұрақты өсуіне әсер ететін егін шаруашылығының осы заманғы технологиялары мен озық әдістерін өндіріске енгізу;

ауыл шаруашылығы жер-суларының өнімділігін жоғарылату мақсатында егістік алқаптары мен егіс айналымдарының құрылымын оңтайландыру;

ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін асыл тұқымды өнімге қол жеткізушілікті қамтамасыз ету;

мал шаруашылығында орташа және ірі тауарлық өндірістерді ұйымдастыру бойынша шаралар қабылданады.

Орта мерзімдік кезеңге экономикалық саясаттың мақсаты жоспарланған деңгейде тұрақты экономикалық өсім болады.

2014-2018 жылдарға арналған сыртқы экономикалық қызметтің басым бағыттары:

Кеден одағы, Еуропалық одақ елдерімен, Қытай және дүние жүзінің қалған елдерімен тауарлық-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту;

сыртқы нарыққа тауарлардың (темір кені, асбест, өңделмеген алтын, бидай және ұн) экспорттық жеткізулер өсімінің серпінін сақтау;

экспорттың жалпы көлемінде шикізаттық емес бағыттағы өнімдерді экспорттау үлесін ұлғайту;

экономиканың басты саласында және қайта өндеу өнеркәсібінде жаңа бәсекеге қабілетті өндіріс саласында жаңғырту және байланыстар орнату;

өтімнің жаңа нарығын іздеу және бар өнімдерді кеңейту;

Ресей Федерациясының шекара маңындағы облыстарымен және өңірлерімен, Беларусь Республикасымен және басқа елдермен өңіраралық ынтымақтастықты дамыту болып табылады.

Өңірде басты мақсатты іске асырудың маңызды нәтижесі халық әл-ауқатының жоғары деңгейін, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет, спорт, көлік инфрақұрылымы және жайлы үй қамтамасыз ететін теңгерімді, бәсекеге қабілетті және серпінді дамитын экономиканы құру болып табылады.

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының шеңберінде оқыту, қайта даярлау және жұмысқа орналасуға көмектесу, бизнес-машықтарға оқыту және шағын кредиттер беру, сондай-ақ еңбек ресурстарының мобилдігін қамтамасыз ету арқылы селода кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі іс-шаралар қаржыландырылады.

Алдын алу медицинасын және денсаулық сақтаудың әлеуметтік бағытын айтарлықтай күшейту денсаулық сақтау саласында негізгі басымдық болады. Осы мақсаттарда алдын алу іс-шаралары, скринингтік зерттеулер күшейтіледі, негізгі әлеуметтік маңызы бар аурулардың диагностикасы, емдеу және оңалту жетілдіріледі, бұл ана, бала және жалпы өлім-жітімді төмендетуге себеп болады.

Білім сапасын жоғарылатуға жаңа мектептер салу, сондай-ақ мектептерді пәндік кабинеттермен жарақтандыру жөніндегі жұмыстарды жалғастыру себеп болады.
4. 2014-2018 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы және нысаналы индикаторлар
2014-2018 жылдары экономика өсімі көбінесе жеке және мемлекеттік қаражаттардың есебінен индустриалық және инфрақұрылымдық жобаларда өсіп жатқан инвестицияларға бағдарлап, ішкі сұранымға сүйенеді.

2014-2018 жылдары нақты ЖӨӨ жылына орташа есеппен 4-5%-ға өсуі болжамдалып отыр.

2018 жылы 2013 жылға қарағанда өнеркәсіп өнімі көлемінің 16,5%-ға, оның ішінде өндеу өнеркәсібі 31,3%-ға ұлғаюы күтіледі. Облыс экономикасы қайта өндеу салаларының көрсеткіштерін өндіруші салалардың деңгейіне дейін ұлғайтуға талпынатын болады.

Облысты индустриаландыру экономика өнімділігін кешенді жоғарылатуға көздеп, мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады:

шикізат өндірістерін кейін аса жоғары қайта өңдеуге көшіріп, тау-кен өнеркәсібін дамыту;

шикізат секторымен байланыстырылмаған және экспортқа басым бағдарланған өндірістерді дамыту;

кейінгі 15-20 жылда әлемдік экономикада үстем рөлді атқаратын «болашақ экономикасы» секторларын дамыту.

2018 жылы 2013 жылға қарағанда кен өндірудің – 8,8%-ға, өндеу өнеркәсібі көлемінің 31,3%-ға ұлғаюы күтіледі.

Тұрақты экономикалық өсімді жоспарланған деңгейде қамтамасыз ету және жеделдетілген экономикалық жаңғырту ҮИИДМБ іске асыру арқылы жалғасатын болады.

Экспортқа бағдарланған шикізаттық емес секторды кеңейтуге жаңа өндірістерді дамыту көзделіп отыр.

Осылайша 2014 жылы 245,8 млрд. теңге сомасына «Соколов-Сарыбай кен-байыту өнеркәсібі бірлестігі» («ССКӨБ» АҚ) акционерлік қоғамы 3 жобаны іске асыратын болады:

жоғары сапалы концентраттың байыту кешені: жылына қуаттылығы 7 млн. тонна ДОФ-2, ММО-4;

Рудный қаласында жылына қуаттылығы 1,8 млн. тоннаға дейін металданған брикет өндіретін металданған өнім өндіру зауытының құрылысы;

өнімділігі жылына 5 мың тонна күйдіру машинасының құрылысы.

Баламалы энергетиканы дамыту мақсатында Арқалық қаласында қуаттылығы 48 МВт жел паркінің құрылысы бойынша мәселені пысықтау жоспарланып отыр.

Облыс ішіндегі шикізатты барынша қайта өңдеу, базалық металдарға шығу және қайта өңделген өнімдерді өндіру тау-кен металлургиялық өнеркәсіпте саясаттың басты мақсаты болады.

Қойылған мақсатты іске асыру:

шикізат алу және оны кешенді қайта өңдеу технологиялары, өнімдердің жаңа түрлерін барлау бойынша инновацияларды дамыту және инновациялық үдерістерге саланың ғылыми-техникалық белсенді енуі;

салалық жобаларды қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету;

минералдық-шикізаттық базаны қайта өндіруді кеңейту және қамтамасыз ету;

саланы білікті еңбек ресурстарымен, оның ішінде орташа техникалық буындағы еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету;

ішкі нарықта шикізатты және металлургиялық өнімді алға жылжытуға көмектесу;

сала кәсіпорындарының қоршаған ортаға зиянды әсерін төмендету арқылы жүзеге асырылатын болады;

«жасыл» экономиканы дамыту.

Өнеркәсіп салаларын дамытуға өнеркәсіп өнімдерін өндіретін қолданыстағы кәсіпорындарды жаңғырту, ескірген жабдықтарды мүлдем жаңаларына ауыстыру, өндірілетін өнім түрлерін кеңейту, әрекет ететін Кеден одағының шеңберінде жергілікті кәсіпорындардың Ресей Федерациясы және Беларусь нарықтарына шығуы.

Өңдеу өнеркәсібінде 2013 жылмен салыстырғанда 2018 жылы мынадай салалар бойынша өндірісті ұлғайту жоспарланып отыр:

Азық-түлік өнімдері өндірісінде номенклатура бойынша: шұжық өнімдері – 13,7%-ға, нан – 25,9%-ға, кондитерлік өнімдер – 39,7%-ға, макарон өнімдері – 11,8%-ға, сүт – 49%-ға және т.б. өсім жоспарланып отыр.

Сусындар өндірісінде алкогольсіз сусындар – 4,4%-ға, сыра – 5%-ға өсім жоспарланып отыр.

Жеңіл өнеркәсіпте аяқ-киім және тігін өндірістері басым, олар импортталатын тауарлардың үлесін төмендетіп, сыртқы нарықта бәсекеге қабілетті болуы мүмкін.

«Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау» бірінші бағытының шеңберінде бөлінетін бюджеттік қаражаттар есебінен «Большевичка» өндірістік кооперативімен қалып дайындау бойынша жабдығы, сондай-ақ жоғары өнімді автоматты тігін жабдығы сатып алынды, бұл болжамдалған кезеңдегі келешекте кәсіпорынның еңбек өнімділігін жоғарылатады және нарықта оның бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

Қостанай киіз аяқ-киім фабрикасы мұнайшылар үшін арнайы киіз аяқ-киімінің жаңа үлгісін игерді, бұл өндірісті бірқатар жаңартуды талап етті, өйткені тапсырыс берілген өнімнің өте қатаң талаптары бар: салмағы, сілтілі ортаға беріктік және т.б. Тапсырыс «Спецсиб» Тюмень компаниясынан түсті. Сонымен қатар, фабриканың тапсырыс берушілері: «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы, «Соколоврудстрой» АҚ, «Казхром» АҚ, «Асбест» ҚФ, «Варваринское» АҚ болып табылады. 2013 жылы биязы жүннен киіз аяқ-киім шығару жоспарланып отыр.

Жүн өндірісінде 2018 жылға жоспарланып отырған өсім 19% құрайды (үй шаруашылығы), сыртқы киім – 5,9% («Большевичка» ӨК, «Азурит» ЖШС және басқа), басқа да тоқылған және тоқыма өнімдері – 9% («Жейде» ЖШС).

Машина құрылысында облыстың авто жинау кәсіпорындарында жеңіл автокөлік өндірісі 2018 жылы 9,1 есе 60 тың бірлікке дейін өседі («Агромаш Холдинг» АҚ, «Сарыарқа Автопром» ЖШС).

2018 жылы ауыл шаруашылығы жалпы өнімі 2013 жылмен салыстырғанда 12,8%-ға, оның ішінде өсімдік шаруашылығы – 2,4%-ға, мал шаруашылығы – 30%-ға ұлғаяды.

Ауыл шаруашылығында мал шаруашылығы саласы перспективалық болып табылады, оның көлемдері аталған сала табиғи жағдайларға сәл ғана тәуелді болуына байланысты айтарлықтай дәрежеде ұлғаяды.

Мал шаруашылығында көлемдердің ұлғаюы жоғары өнімді мал үлесінің ұлғаюы есебінен жүзеге асырылатын болады.

Мал шаруашылығы саласында ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін жоғарылату жөніндегі жұмысты жалғастырудың және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін етті мал шаруашылығын дамытуға ынталандырудың арқасында өсімге қол жеткізіледі.

Асыл тұқымды базаны дамыту және мал мен құстың генетикалық әлеуетін жоғарылату жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады, оның ішінде әрі қарай көбейту үшін асыл тұқымды жануарларды импорттау есебінен жалғастырылады. ҮИИДМБ бағдарламасының шеңберінде мал шаруашылығы фермалары, көбейткіш шаруашылықтар, мал бордақылау алаңдары, мал шаруашылығы кешендері сияқты жаңа объектілер құрылысы есебінен жоспарланып отыр. «Тобольское-1» ЖШС, «Денисовское» ЖШС, «Максут-Н» ЖШС, «Беляевка» ЖШС және т.б. сияқты ірі шаруашылықтарда көбейтуші шаруашылықтар, мал шаруашылығы фермалары және мал бордақылау алаңдарының құрылысы жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, «Сыбаға» етті тұқымның жас төлін өсіру үшін аналық ІҚМ және асыл тұқымды өндіруші-бұқалар сатып алу жөніндегі бағдарламаны іске асыру есебінен (2014-2015 жылдары – 11600 бас).

Мал шаруашылығының дәстүрлі салаларын дамыту үшін айдама мал шаруашылығын, оның ішінде қой шаруашылығын дамытуды ынталандыратын іс-шаралар кешені қабылданады. Сондай-ақ, жарма өндірісін дамыту және бұзылған жайылым жерлерді қалпына келтіру, суландыру жөнінде шаралар қолданылатын болады.

Өсімдік шаруашылығында орта мерзімдік кезеңге тұрақтылықты сақтау және өндірістің құлдырауына жол бермеу жоспарланып отыр. Бесжылдық кезеңге күтілетін өсім 2,4% құрайды. 2014-2018 жылдарға өсімдік шаруашылығын әртараптандыруды ескеріп, майлы, көкөніс және жем-шөп дақылдарының егістік алқаптарын ұлғайту, ылғал сақтаушы технологияларды қолдану алқаптарын кеңейту, тұқым айналымының, жоғары селекциялы сорттардың сұлбасын енгізу, ауыл шаруашылық айналымына жаңа және қазір пайдаланылмайтын жерлерді қатыстыру, жоғары өнімді техниканы сатып алып, машина трактор паркін жаңарту.

Бидай өндірісі инфрақұрылымын дамытуға үлкен көңіл бөлінетін болады, өйткені бидай дақылдары ауыл шаруашылығы өнімдері экспортының құрылымында үлкен үлесті алады. Элеваторлар мен дәнді дақылдар тасымалының жетіспеу проблемасы бидайды өңдеуге және сақтауға арналған қуаттылықтарды құру және кеңейту есебінен шешілетін болады. Осы мақсаттарда «Енбек 07» ЖШС, «Ряжское» ЖШС және т.б. бидай қоймалары пайдалануға беріледі. 2014 жылы «Пресногорьковское-250» ЖШС-да желілік элеваторды пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласында отандық өнімдердің сапасын жоғарылату, азық-түлік тауарларының түрлерін кеңейту және сол арқылы Кеден одағы бойынша біздің негізгі сауда әріптестерімізбен бәсекелестік үшін тең жағдайлар жасауға өндірісті технологиялық және техникалық қайта жарақтандыру, халықаралық сапа стандарттарына көшу өзекті болып қала береді.

Сондай-ақ, халықаралық сертификаттау жүйесін енгізу арқылы органикалық өнімдерді өндіруді ынталандыру үшін де жағдайлар жасалатын болады. 2018 жылы ИСО және ХАССП стандарттарын жалпы саннан 15%-ға дейін енгізген қайта өңдеу кәсіпорындарының саны ұлғайтылады.

Тұтынушыларға өнімдерді жеткізу және сақтау логистикасын дамыту арқылы базарды отандық өндірістегі азық-түлік тауарларымен әрі қарай толықтыру, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін біріктіру жолымен дайындау, қайта өңдеу және сақтау пункттерін құру жөніндегі шараларды іске асыру жоспарланып отыр.

Орта мерзімдік кезеңге көлік инфрақұрылымын дамытуда аудандардың облыс орталығымен сапалы көлік байланысын қамтамасыз ету басым бағыт болып табылады.

Облыс аумағында Орталық Қазақстанды Солтүстік Қазақстанмен байланыстыруға шақырған, «Арқалық-Шұбаркөл» жаңа темір жолының құрылысы 2015 жылға қарай аяқталады.

Қазақстан Республикасында инфрақұрылымды дамыту жөніндегі 2014-2015 жылдарға арналған бағдарламаға сәйкес 15 млрд. теңгеден астам сомаға қайта жаңарту және күрделі жөндеу, 6 млрд. теңгеден астам сомаға орташа жөндеу және ұстау жоспарланды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 1006 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасында көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламамен 2014 жылдан бастап Қостанай қаласы әуежайының жасанды ұшу-қону жолағын қайта жаңарту көзделді.

2018 жылы байланыс қызметтерінің көлемі 2013 жылға қарағанда 40%-ға ұлғаяды. Өсім телекоммуникация желілерін және объектілерін пайдалануға беру және жаңғырту есебінен жоспарланып отыр.

Жоспарланған кезеңде инфляция Қазақстан Республикасының макроэкономикалық көрсеткіштерінде жоспарланған деңгейде – 6-8% болады.

Азық-түлік нарығындағы бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз етуге азық-түлік тауарларының қалыптастырылған тұрақты қоры, бидай және май дақылдарының, көкөністердің егістік алқаптарын ұлғайту, қолданыстағы жылыжайлардың және көкөніс қоймаларының құрылысы және жаңғырту әсер ететін болады.

Облыс қалалары мен аудандарында ауыл шаруашылығы құрылымдарының, қайта өңдеу кәсіпорындарының, нарықтардың, супермаркеттердің басшыларымен және көтерме сауда жеткізушілерімен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру және сауда орындарының жалдамалы төлемақысын төмендету жөніндегі меморандумдарға қол қойылады. Азық-түліктер базар бағасынан 15-30%-ға төмен бағамен сатылатын ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізіледі.

Мұнай өнімдері, азық-түлік тауарларының бөлшек сауда нарығындағы ахуалдың мониторингі үнемі өткізіледі. Монополияға қарсы заңнаманы бұзу фактілері анықталған жағдайда монополияға қарсы ден қою шаралары қолданылады.

Шараларының бірі азық-түлік тауарлары бағаларының болжамды дәлізін және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және шекті рұқсат берілген бөлшек сауда бағаларының мөлшерін белгілеу арқылы оларды болжауды анықтау болып табылатын, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру және инфляциялық үдерістерді бір қалыпта ұстау жөніндегі жұмыс жалғасатын болады.

Осы іс-шараларды іске асыру инфляция деңгейін жоспарланған дәлізде сақтауды қамтамасыз етеді.

2018 жылға қарай сыртқы сауда айналымы 4545 млн. АҚШ долларына дейін өседі, өсу қарқыны 2013 жылы 25,7% құрайды.

2014-2018 жылдарға болжамдалып отырған сыртқы сауда айналымы орташа есеппен жылына 4,6%-ға, экспорт - 4,4%-ға, импорт - 5%-ға өседі.

Орта мерзімдік кезеңде өңірлік саясат «Өңірлерді дамыту», «Моноқалаларды дамыту» және басқа бағдарламаларымен белгіленген, басымдықтардың негізінде қалыптастырылатын болады.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасының шеңберінде өңір үшін айтарлықтай маңызы бар инфрақұрылымды дамыту жөніндегі жобаларды қаржылық қолдауды жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, даму әлеуеттері орташа және жоғары өңірлердің экономикалық дамуына көмектесу жөніндегі шараларды іске асыруға ауылдық (селолық) округтерді жайластыру мәселелерін шешуге қаражат бөлу жоспарланып отыр.

Моноқалалардың өзекті проблемаларын шешу жөніндегі шараларды үйлестіру Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасы арқылы жүзеге асырылатын болады.

Өңірлердің экономикасын дамыту үшін мәслихат 2013-2015 жылдарға арналған кешенді дамыту бағдарламаларын әзірлеп, олар Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанында ведомоствоаралық комиссияның отырысында мақұлданды, оларда олардың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату, өңірлердің шаруашылық ерекшеліктерін олардың бәсекелік басымдықтарының негізінде жетілдірудің негізгі жолдары көрсетілген. Жұмыс өңірлерді дамыту үшін жаңа резервтерді іздеуге және пайдалануға бағытталады.

Бұл орайда экономикалық бастамаларды мемлекеттік қолдау инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдардың құрылысы мен қайта жаңарту арқылы жүзеге асырылады.

Орта мерзімдік кезеңге арналған өңірлік дамудың негізгі бағыттары:

әлеуметтік салада – әлеуметтік объектілердің құрылысын оптимистік демографиялық болжамдары және даму перспективалары бар елді мекендерде жүзеге асыру;

индустриялдық саясатта – барлық қажетті факторлардың (ресурстар, кадрлар және басқалар) болуын ескеріп, кәсіпорындарды ұтымды орналастыруға көмектесу;

бюджеттік саясатта – ресурстарды тиімсіз шығындарды бір мезетте қысқартып, перспективалық, тез өсіп келе жатқан өңірлерді дамытуға шоғырландыру керек.

2014-2018 жылдары білім саласында Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы мен 2011-2014 жылдарға арналған «Балапан» Бағдарламасының міндеттері мен іс-шараларын іске асыру басым бағыт болып қалады.

Мектепке дейінгі білім беру саласында мектепке дейінгі білім ұйымдарының желісін кеңейту, шағын орталықтарды толық күн оқытуға көшіру және мектепке дейінгі тәрбие сапасын жоғарылату жөніндегі жұмыс жалғасады.

Барлық деңгейлерде білім сапасын жоғарылатуға айрықша назар салынады. Аталған міндетті шешу педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың жаңа үлгісін енгізуді жалғастыру, «e-learning» электрондық оқыту жүйесін кезең-кезеңмен енгізу, облыстың жалпы білім беру мектептерінің 12-жылдық оқыту бағдарламасына біртіндеп көшуі есебінен жоспарланып отыр (2015 жылдан бастап 12-жылдық оқыту бағдарламасына 1, 5, 11 сыныптарды көшіру жоспарланып отыр).

Білім сапасын жоғарылатуға жаңа мектептердің құрылысы, оларды жаңа үлгідегі кабинеттермен жабдықтау себеп болады. Қостанай қаласында 120 орындық интернаты бар 720 оқушыға арналған Назарбаев Интеллектуалдық мектебін пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Инклюзивтік оқу дамиды. Сенсорлы бөлмелермен, қазіргі заманғы есту жабдықтарымен, интерактивті тақталармен қамтамасыз ету есебінен мектептер мен мектеп-интернаттарының материалдық базасы жақсарады. Жалпы білім беру ұйымдарында түзету сыныптарының саны ұлғаяды, бұл мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мүмкіндігін береді, мектептерде логопедтік пункттердің саны ұлғаяды, бұл балаларда тіл кемістіктерін жоюға оң әсерін тигізеді, әсіресе төменгі сыныптағы балаларда.

Жастардың техникалық және кәсіби білімге қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін екі колледжге жатақханалар салу мүмкіндігі қарастырылады.

Өңірдің техникалық және кәсіби білім жүйесіне дуалдық оқу жүйесінің элементтерін енгізу және кәсіби тәжірибені кеңейту мақсатымен облыс колледждері мен кәсіпорындары арасындағы әлеуметтік әріптестікті әрі қарай дамыту жөніндегі шаралар кешені көзделіп отыр.

Еңбек нарығында мамандар қажеттілігінің болжамын ескеріп, техникалық және кәсіби білім мамандары бойынша мемлекеттік білім тапсырысын ұлғайту жоспарланып отыр.

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының 1-бағыты бойынша даму әлеуеті жоғары және орташа ауылдық елді мекендерде білім объектілері күрделі және ағымдағы жөндеуден өтетін болады.

2018 жылға дейінгі кезеңде денсаулық сақтау саласында алдын алу медицинасын және денсаулық сақтаудың әлеуметтік бағыттылығын айтарлықтай күшейту басым бағыт болады.

Осы мақсаттарда алдын алу іс-шаралары, негізгі әлеуметтік маңызы бар аурулардың ерте кездегі диагностикасы күшейтілетін болады, сапалы жоспарлау, диспансерлеу, жаңа диагностикалық технологияларды енгізу және алғашқы медициналық-санитарлық көмекті жалғастыруды қамтамасыз ету жолымен халықты скринингтік тексеру тиімділігі жақсарады.

Аталған іс-шараларды іске асыру үшін республикалық бюджет қаражаты есебінен облыста 100 бірліктен астам медициналық жабдық және санитарлық автокөлік (компьютерлік томограф, УДЗ, телепатологияға арналған жабдықтар, гастроскопы бар эндовидиостойка, колоноскопы бар эндовидиостойка, жедел жәрдем үшін реанимобиль, стереотактикалық тіреуіші бар сандық момограф, сандық рентгенологиялық аппарат, өкпені жасанды вентиляциялау аппараты және т.б.) сатып алу, 17 дәрігерлік амбулатория, Рудный және Арқалық қалаларында ауысымда 500 келушіге арналған, Қостанай ауданының Затобол кентінде ауысымда 300 келушіге арналған 4 емхана құрылысы жоспарланып отыр.

Бұл шаралар аналардың, балалардың және жалпы қайтыс болуды төмендетуге әсерін тигізеді.

Болжамдалып отырған кезеңде облыстың денсаулық сақтау саласын дамытудың басым бағыты онкологиялық ауыру мен одан қайтыс болуды төмендету болып табылады. Қазақстан Республикасында онкологиялық көмекті дамытудың 2012-2016 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру шеңберінде республикалық бюджет қаражаттары есебінен Қостанай қаласында 300 келушіні қабылдайтын облыстық онкологиялық диспансер емханасының құрылысы жоспарланып отыр.

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының 1-бағыты бойынша даму әлеуеттері орташа және жоғары ауылдық елді мекендерде денсаулық сақтау объектілерін күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізіледі, сондай-ақ дәрігерлік амбулаториялар салынады.

Облыстың мәдениет саласын әрі қарай дамыту инфрақұрылымдарды дамытуды қамтамасыз ету және мәдениет ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту; облыс өңірлерінде жаппай іс-шаралар өткізу арқылы халықтың қоғамдық, әлеуметтік тіршілігін дамыту есебінен облыс өңірлері бойынша мәдениет мекемелерінің желісін дамытудағы сәйкессіздікті болдырмауды қарастырады.

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының шеңберінде оқыту, қайта даярлау және жұмысқа орналасуға көмектесу, бизнес-машықтарға оқыту және шағын кредиттер беру, сондай-ақ еңбек ресурстарының мобилдігін қамтамасыз ету арқылы селода кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеттері орташа және жоғары ауылдық елді мекендерде инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жолымен тұрғындардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар қаржыландырылады.

Облыста кейін жұмысқа тұрғызу шартымен кәсіби оқуға 1 мың адамға дейін жыл сайын бағыттау, 2 мыңға жуық адамды әлеуметтік жұмыс орындарына және жастар тәжірибесіне бағыттау жоспарланып отыр, 4,5 мыңға дейінгі адам қоғамдық жұмыстарға қатысады.

Көзделген іс-шараларды орындау нәтижесінде ҮИИДМБ және Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыруға байланысты жұмыссыздық деңгейі 2018 жылға қарай 5%-ға дейін қысқарады.

Орта мерзімдік кезеңде әлеуметтік қамтамасыз ету саласында негізгі бағыттар асыраушылықты қоспағанда, атаулылыққа және тиімділікке негізделген әлеуметтік көмекті беруге бағытталады.

Мамандығы жоқ, тұрмысы төмен азаматтардың санын қысқарту үшін олар кейін, оның ішінде жаңа құрылған жұмыс орындарына, әлеуметтік жұмыс орындарына, қоғамдық жұмыстарға жұмысқа тұрғызылатын кәсіби даярлауға және қайта даярлауға бағытталады. Осындай іс-шараларды өткізу 2018 жылға қарай кедейшілік деңгейін 0,4%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.

Атаулы әлеуметтік көмекті алушылардың саны жыл сайын төмендейтін болады. Бұл орайда атаулы әлеуметтік көмекті алушылардың құрамындағы еңбекке қабілетті халықтың үлес салмағы 2018 жылға қарай 30%-ға дейін төмендейді (2013 жылғы 1 қаңтарға – 37%).

2017 жылдан бастап кедейшілік шегін 40%-дан 60%-ға дейін ұлғайту көзделуіне байланысты кірістері ең күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен халықтың үлесі 2018 жылы 4,2%-ға ұлғаяды.

Психоневрологиялық интернат-үйге кезектілікті қысқарту үшін (кезек 173 адамды құрайды) кемінде 100 орындық психоневрологиялық интернат-үй ашу есебінен медициналық-әлеуметтік мекемелер желісін ұлғайту жөніндегі мәселе қарастырылатын болады.

Арнайы әлеуметтік қызметтерге қол жетімділікті қамтамасыз ету мақсатында бірінші кезекте ауыл халқы үшін Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі қиын өмір жағдайына тап болған тұлғаларға шағын үйлер салу жөніндегі мәселені талқылап жатыр.

Экономиканың әлеуметтік секторына ұлғайып отырған бюджеттік шығыстар экономикада қызметтер өндірісі көлемінің ұлғаюын қамтамасыз етеді.



Осылайша, болжамдалып отырған әлеуметтік тұрақтылық экономиканың дамуына оң әсерін тигізеді, тұрақты экономикалық өсім халықтың әл-ауқатын қамтамасыз етеді.

2014-2018 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамы 1-қосымшада ұсынылған.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет