Жаса мәңгі, Түркістан!
Ұлы дала ұлылығын ұлықтап,
Жыр жырласам қиял кетер қалықтап.
Түркістаным – Ұлы Дала кіндігі,
Талай ғасыр аты шыққан шарықтап.
Түркістаным – ойға салар Меккені,
Түркістаным – ғұлама ойдың желкені,
Арыстанбаб, Қожа Ахмет Яссауи,
Ибрагим* мен Қарашаштың* мекені.
Ұлы Дала мавзолейі – Түркістан,
Қазағымның Ханордасы – Түркістан.
Ордабасы, Отырарға жол нұсқап,
Жібек жолын жалғастырған – Түркістан.
Қаратаудың көшін көрген – Түркістан,
Отырардың күлін көрген – Түркістан.
Жоңғар, қалмақ, Ақсақ Темір, Шыңғыстың,
Зұлымдығын көзбен көрген – Түркістан.
Кезіксең де көп жауыздық кәріне,
Түркістаным, сен шыдадың бәріне.
Он бес ғасыр сырын жиып текшелеп,
Енді айналдың қазағымның әріне.
Түркістаным, мың құлпырып ажарың,
Сен аудардың бүкіл әлем назарын.
Ұлылықтың, береке мен бірліктің,
Куәсі боп төрінде тұр Қазаның*.
Түркістаным – Ұлы Қазан иесі,
Ұлы Қазан – Қожа Ахметтің киесі.
Қайтқан малдың қайырына қуанып,
Көкке тиді қазағымның төбесі.
Түркістаным – бойға дарыр қасиет,
Түркістаным – шежіре шертер өсиет,
Түркістаным – табынатын тұмарым,
Түркістаным – мұсылмандық ақ ниет.
Түркістаным – қазағымның айбыны,
Түркістаным – ақыл-ойдың айдыны.
Ғасырлардан ғасырларға нұр төгер,
Түркістаным – Қазақстанның Ай-Күні.
Түркістаным – сен екінші Меккесің,
Адамзатқа ақыл нұрын төккесің.
Яссауидей Ұлы сопы ілімін,
Топырағыңа ұрық етіп сепкесің.
Түркістаным – Ұлы Достық жалғасы,
Ұлғаятын Ұлы өзендей арнасы.
Мың қала бар ғаламшарда атақты,
Түркістаным – даралардың дарасы.
Түркістаным – қазағымның ақ жолы,
Түркістаным – түркілердің хақ жолы.
Түркістаным, сен әрқашан бола бер,
Туған елдің Қыдыр қонған бақ жолы.
Түркістаным – азаттығы қазақтың,
Тарихы бар таусылмайтын ғажап тым.
Түркістаным – көк байрағы елімнің,
Түркістаным, жаса мәңгі, ардақтым!
1.Арыстанбаб – Қожа Ахмет Яссауидің ұстазы;
2.Ибрагим – Қожа Ахмет Яссауидің әкесі;
3.Қарашаш – Қожа Ахмет Яссауидің шешесі,
4.Қазан – Ахмет Яссауи мавзолейінде тұрған үлкен қазан 50 жылдан кейін Санкт-Петербургтен қайтарылып алынған.
МАЗМҰНЫ
С.Меңдібай. Алғысөз. Бас иеміз, бабалар!
І БӨЛІМ. ТҮРКІСТАНДА ТЫНЫСТАҒАН БАБАЛАР
Ә.Жүсіпұлы. Шақшақ Жәнібек......................................................................
С.Оспанов. Ұлтқа ұйытқы ұлы тұлға............................................................
Ә.Қабденұлы. Қарабалуан Алдиярұлы.........................................................
С.Меңдібай. Ісі аңызға, аты ұранға айналған.............................................
С.Меңдібай. Қарабалуан мен Жазы би.......................................................
Қ.Сейдахмет. Мерген Бабасұлы..................................................................
Е.Исламұлы. Мешітбай Сүгірұлы...............................................................
О.Аққойұлы. Бабаға тағзым.......................................................................
С.Меңдібай. Бекбаулы Өтейұлы................................................................
А.Хұсайынұлы. Терең тамыр.....................................................................
С.Меңдібай. Қанжығалы Әлібек батыр......................................................
С.Досмағамбетов. Қырықмылтық Шобан Жаманқұлұлы..........................
С.Меңдібай. Бас иеміз, бабалар!.................................................................
Ә.Оразбайұлы. Қанжығалы Айтбай батыр................................................
Қ.Әлім. Мадияр Жауғаштыұлы..................................................................
ІІ БӨЛІМ. ТҰМАРЫМЫЗ – ТҮРКІСТАН
Бабалар аманаты. Төле би...............................................................................
Әйтеке би...................................................................................................
Қазыбек би..................................................................................................
Ә.Қабденұлы. Түркістанға сапар...............................................................
С.Шаймағанбетов. Өткеніңді тани біл.......................................................
С.Меңдібай. Рухы мықты елдің тұғыры да нық........................................
Қ.Сейдахмет. Батагөй батыр – Баймырза..................................................
Қ.Сейдахмет, С.Меңдібай. Өтей батыр......................................................
Т.Әбенұлы. Өтей батыр және оның ұрпақтары.........................................
Т.Әбенұлы. Есентемір Бөкен би елінде.....................................................
С.Меңдібай. Бұлақтай таза, теңіздей терең, аспандай асқақ.......................
С.Меңдібай. Тұнық бастауды іздеген........................................................
М.Шалабаев. Ұлттық даңқ пантеоны.........................................................
Дәненов және басқалары. Аруақ қолдасын ағайын...................................
«Қостанай таңының» кітапханасы
ТҰМАРЫМЫЗ – ТҮРКІСТАН
Баһадүр бабалар туралы баян
Құрастырып, алғысөзін жазған және редакциясын басқарған
Сәлім МЕҢДІБАЙ
Кеңесшілер: Қазақстан Журналистер одағының мүшелері
Қабылахат СЕЙДАХМЕТ, Қыдырбек ҚИЫСҚАН.
Компьютерде терген және корректоры
Базаркүл ЖАНКИШЕВА.
Таралымы __________дана.
Кітапты құрастырушы
Сәлім МЕҢДІБАЙ
осы жобаға қатысқан барлық авторларға ризашылығын білдіріп,
алғыс айтады.
Және қолдан келгенше көмек-қолдау көрсеткен демеушілерді атап өтуді парыз санайды. Олар: «Алдияр» қоғамдық бірлестігі;
академик Зұлхарнай Алдамжар атындағы университет;
«Москалев» серіктестігі; Мадияр Жауғаштыұлының ұрпақтары атынан Бақберген Өтеулин; Бекбаулы би мен Өтей батыр ұрпақтары;
Дәметкен Қабашева және басқалары.
Достарыңызбен бөлісу: |