Отандық фирмалардағы жарнамалық құралдар



Дата31.01.2023
өлшемі78.51 Kb.
#468977
Отандық фирмалардағы жарнамалық құралдар


Отандық фирмалардағы жарнамалық құралдар
Нарықтың пайда болуымен жарнама қоғамдық институтқа айналды. Ең алғаш жарнама хабарландыру түрінде болды. Жарнамалық хабарландыру мәтінінің сауатты жазылуы оның жұмыс істеуіне себепші болды. Кейіннен теледидарда роликтер, радиода джинглдар, ал баспа беттерінде модульдер  пайда бола  бастады.
Жарнама барынша маңызды нарықтық құралға айналып барады. Жоғары дәрежедегі бәсекелестік бар және әр сатушы тұтынушының сұранымын қанағаттандыра алатын дамыған нарықтық жағдайда, жарнама бәскелестік күрестің шешуші факторы бола алады және сол арқылы өзінің пәрменділігін арттыруда. Бірақ тауарды сатып алу циклінің әр кезеңі жарнамада өзінің ерекшеліктері бар. Жарнаманы тек коммерциялық қажеттілікті өсіру құралы («жарнамалық прессинг» деп айтылатындай) ретінде қолдану тиімсіз нәтижеге әкеледі. Жарнама барынша көп ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатса да, ХІХ ғасырдың ортасында ғана БАҚ-қа ене бастады, яғни қоғамда кеңінен орын алды [1; 21б.].
Елімізде жарнамалық технологиялардың дамуы барысында, өзіміздің мамандарымыз, өзіміздің ноу-хау пайда болды. Жарнамалық қызметтерді ұсынушы компания мамандары жарнаманың сұранысты ұстап тұратын экономикалық құрал ғана емес, тұтынушыларды, құндылықтарды қалыптастыруға әсер ететін идеологиялық құрал екенін де түсіне бастады.
Жарнаманың қоғамдағы рөлі өлшеусіз. Әлеуметтік- экономикалық өмірдің сан қилы салаларына еркін араласатындықтан, оны кей зерттеушілер бизнес өрісінен іздесе, кей ғалымдар коммуникация түрі ретінде қарастырады. Жарнаманы өнер саласына жатқызатын мамандарда баршылық. Мәселен, атақты ғалым, бірегей суда ұсынымы теориясының негізін салушы Роберт Ривс «Жарнамадағы ақиқат» атты кітабында: “ Жарнама – ол бизнес. Міне, жүздеген жыл бойы бұл бизнес өркендеп келеді, қанатын кеңге жайып, биіктерге ұмтылуда.Алайда мынаған таң қалмасқа болмайды: жарнаманың немен және қалай айналысатыны туралы күні бүгінге дейін бірде-бір жалпы экономикалық теория өмірге келген жоқ.Экономистер жарнамаға күмәнмен қарайды ” деп жазады [3, 12 б].
Жарнама өзінің негізгі міндетін орындау үшін сатып алушылардың назарын аударуға, жүрегін жаулауға, жол табуға тырысады. Содан кейін оларды еліктіреді. Ақырында тауар алуға мәжбүр етеді. Тың тәсілдерді іздеу ғасырдан ғасырға жалғасып келіп, қазіргі кездегі формаға әкелді. Жарнама шындыққа сәйкес және сенімді, қазіргі өмір талабына сай және сауатты, түсінікті және нақты болуы тиіс. Әдемі және ұсқынсыз, надан және есті жарнамалар тез есте қалады. Бұлыңғыр және қарапайым жарнамалар есте қалмайды. Жарнама белсенді және эмоционалды болғаны дұрыс. Тек сонда ғана ол тұтынушының ойлау инерциясын жаулап алады. Жарнама жоқ нәрседен құрастырылмайды, ол бар нәрсені көрсетуге, көпшілікке таратуға бағытталады. Жарнама ісіндегі бірнеше мамандар былай деп ескертеді: әр жарнамалық хабарламалар тұтынушының қоғамдық құрылымындағы жағдайын қозғайды. Басқаша айтқанда, жарнама тұтынушыға қосымша ләззат береді немесе бағыт-бағдарын жолғалтқан адамға ұқсас мазасыз күйге түсіреді.
Жарнамалық әрекет өндіруші мен сатып алушының арасында тікелей жеке байланыс орнатады және оны шынайы және нақты қолданады.
Жарнама мынадай жағдайларда қажет:
- жаңа, ешкімге таныс емес фирма пайда болғанда;
- сатып алушыға таныс емес тауар ұсынылған кезде;
- нарықта бір типті тауарлар көбейгенде, сатушы өз тауарына назар аударту үшін;
- сату көлемі төмендегенде;
- сатушы сату көлемін кеңейтуді жоспарлаған кезде, нарықтық жаңа территорияны «жаулап алғанда», жаңа клиенттерді өзіне тарту үшін;
Жарнама мынандай жағдайларда ақшаны текке шығындаған болып
есептеледі:
- нарықта монополист-тауар пайда болғанда;
- тауар өздігінен өтімді болса, басқаша айтқанда дефицит немесе
сұранымның көптігі;
- сату көлемін басқа, жарнамалық емес жолмен қарқындатқанда немесе барынша арзан әдіспен;
- жарнаманы қажет етпейтін кірісі төмен тұрғындар үшін жасалған жағдайда шыққан шығын текке кетеді.
Жарнаманың түрлері
Жарнама хабарламаларының типтерінде төмендегідей айырмашылықтар бар:
- сатып алушыға әсер ету тәсілі бойынша;
- көрсету тәсілі бойынша;
- негізгі мақсаты мен мәні жағынан;
Баспасөздегі жарнамаға Алматы қаласының 55-65 жас аралығындағы тұрғындары үлкен қызығушылық танытады. Коммуникацияның осы құралы 16-19 жас аралығындағы жастар арасында сұранысқа ие емес. Жарнама бюджетінің көлемі бойынша көшбасында «Казахстанская правда», «Егемен Қазақстан» және «Экспресс » газеттері тұр [7, 23 б.].
Желідегі жарнамаға қатысты 25 пен 50 жас аралығындағы республиканың экономикалық белсенді халқының бөлігі интернет-жарнаманы қалайды, ал зейнет жасындағы тұтынушылардың жарнаманың бұл түріне құлқы жоқ. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, баннерлік жарнаманың күні мүшкіл, Батыста одан бас тартуда. Дегенмен Қазақстанда жарнаманың бұл түрі интернеттегі ең танымал түрі болып табылады. Мұндай жарнаманы жасаушылар оны ашық, түрлі-түсті етіп тұтынушылар көңілін аудартуға тырысады.
Жалпы Қазақстанның жарнама нарығының даму тенденциясын төмендегідей сипаттауға болады:
- Қазақстандағы жарнама нарығының болашағы жарқын. Жергілікті нарық жарнама қызметімен қанықпаған және нағыз креативті еңбектерді тұтынуға дайын.
- Қазақстандағы тұтынушы үшін брендтің маңыздылығы;
- Жарнама қызметі ірі және орта қалаларда, облыстық және аудандық орталықтарда белсенді дамуда;
«ЖинақБанкі» АҚ Қазақстан нарығында белсенді даму жолына түсе отырып, қаржылық қызмет көрсету нарығында брэндін жайғастырудың өзіндік бағыттарын қалыптастыруға күш салды. Оның ерекше белгілері болып:
- отандық тұтынушылар үшін жаңа өнімдер мен қызметтерге бағдарлануы;
- енгізілген өнімдерін белсенді жарнама-ақпараттық қамтуы;
- банктің «фирмалық» өнімдерінің негізгі топтарының бейнесін жылжытудың негізгі арналарына бейімделуін қалыптастыратын саясатты жүзеге асыру саналады.

1.2-сурет. «Жинақ банкі» жарнамалық шығындары жылдан жылға артып отыр оны мына суреттен көруге болады.
Сыртқы жарнама тұрақты жарнама «аясы» ретінде қолданылады. Ал радио мен прессадағы жарнама, теледидардағы жарнаманың белсенділігі төмендегенде белсенді түрде қолданылады.

1.3-сурет. Жарнама шығындары
Жарнама үшін «Жинақ банкі» АҚ ЕБ негізгі телеарналарды таңдайды. Солардың ішінде «КТК», «31 Канал», «Еларна», «Қазақстан» телеарналары артықшылыққа ие. Теледидардағы жарнамада көбіне «Сенімділік пен жауапкершілік » ұраны көп пайдаланылады.
Сыртқы жарнама көбіне еліміздің ірі қалалары Алматы мен Астана қалаларында бақыланып отыр. Сондай – ақ, өзіміздің қаламыздан да көруге болады. Сәйкесінше жарнаманың дәстүрлі фарматы – стандартты бильбордтар кеңінен қолданылуда.[9]
Прессадағы Жинақ банкі жарнамасы үшін пайдаланылатын басылымдар жинағы, алуан түрлі. Бұл көбіне еліміздегі ірі басылымдар, газеттер мен журналдар болып табылады. Соның ішінде «Информбиржа», «Уральская неделя» газеттеріне ай сайын бірнеше рет Жинақ банкінің жарнамалары шығып тұрады.
Осыған ұқсас жағдай радиодағы Жинақ банкі жарнамасы – көп шығын «Европа Плюс» және «Русская радио» радиоларына жұмсалады.
Жарнама – белгілі бір мақсатты көздеп, нақты бір уақыт кезеңін қамтитын іс-шара. Жарнама дұрыс ұйымдастырылған жағдайда өте тиімді және шығарылатын өнімнің тез, әрі үзіліссіз өндірілуіне себепші бола алады. БАҚ-тағы жарнаманы жоспарлау кезінде мақсатты аудиторияны анықтап, жарнама компаниясының мақсатын, негізгі идеясын, оны берудің әдісін таңдап, материалды жариялаудың оңтайлы мерзімін белгілеп, ықтимал шығындарды есептеп алу қажет. Жарнама мақсаты – жарнамалық хабарламаны оқыған аудиторияны мақсатты әрекетке талаптандырып, белгілі бір коммуникативтік нәтижеге қол жеткізуге жетелейді.[10] 42 бет.
Қорыта айтқанда, жарнама жасау біздің қоғамдық-ғылыми өмірімізге немесе экономикалық қатынастар жағдайында қолданысқа енуі өткен ғасырдың отызыншы жылдарында белгілі болды. Қазір жарнама барынша маңызды нарықтық құралға айналып отыр. Жоғары дәрежедегі бәсекелестік бар және әр сатушы тұтынушының сұранымын қанағаттандыра алатын дамыған нарықтық жағдайда, жарнама бәскелестік күрестің шешуші факторы болып табылады. Сол арқылы өзінің пәрменділігін арттырады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет