«Отбасы және демографиялық өзгеріс» бөлімі бойынша жиынтық бағалау



бет1/5
Дата07.09.2022
өлшемі55.18 Kb.
#460410
  1   2   3   4   5
,;, 9 csysg

«Отбасы және демографиялық өзгеріс» бөлімі бойынша жиынтық бағалау


І нұсқаОқу мақсаты:

9.1.4.1Мәтіннің мақсаты арқылы негізгі ойды анықтау;
9.4.4.2 Салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу,
түрлендіріп қолдану.

Бағалау критерийі:

Білім алушы

  • Мәтіннің негізгі ойын анықтайды.

  • Салалас құрмалас сөйлемдерді

мағыналық түріне қарай түрлендіріп қолданады.

Тапсырма. Мәтінді тыңдап, берілген кестені толтырыңыз.
Демография - мемлекет дамуының кепілі
Демография – кез келген мемлекет үшін маңызды мәселе.
Өйткені қай мемлекеттің де дамуына халық саны ықпал етеді. Сондықтан Мемлекет басшысы да жыл сайынғы Жолдауының бiр тармағын демографиялық ахуалға арнайды. Әсіресе, Елбасы «Қазақстан-2050» стратегиясында демографиялық ахуалға айрықша көңіл бөлді.
2018 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша еліміздегі халық саны 18 миллион 272 мың 400 адамға жетті. Статистикалық деректерге шолу жасағанда халық санының өсуі бірінші кезекте туу көрсеткішіне тәуелді болып отырғаны аңғарылады. Жалпы, демографиялық өсімді арттыру үшін ана мен бала денсаулығында ешқандай кінәрат болмауы тиіс. Халық денсаулығын жақсарту мақсатында арнайы бағдарламалар да қабылданды.
Ана мен бала денсаулығы – демографиялық саясаттың негізгі көрсеткіші. Демографиялық ахуалдың түзелуі – елдің экономикалық әлеуеті, әлеуметтік қорғалуы мен медициналық қызмет сапасының артуына тікелей байланысты. Мемлекет басшысының бастамасымен 2030 жылға дейін жүзеге асатын
«Отбасылық-гендерлік саясат жөніндегі концепция» іске қосылды. Әлеуметтік төлемдердің жыл сайын артуы – отбасылық- демографиялық ахуалға да оң әсер етуде. Бүгінде жыл сайын елімізде 300-400 мыңға жуық сәби дүниеге келеді. Мемлекет тарапынан арнайы бағдарламалар жүзеге асып, жүйелі жұмыс істеп отырса, ол елдегі демографиялық ахуалдың жақсаруына дем бере алады. Ал егер мемлекеттік тұрғыда ұлттық құндылықтар мен отбасы институтын нығайтуға бағытталған шаралар жалғасын тапса, демографиялық өсімнің одан ары дамуына жол ашылады.
(192 сөз)
Мәтін бойынша графикалық органайзерді толтырыңыз.



Бірінші азатжолдағы негізі ой

Екінші азатжолдағы негізі ой

Үшінші азатжолдағы негізі ой








Қорытынды: мәтін қандай
мақсатта жазылған?




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет