Отоларингология және офтальмологиядағы хирургиялық аурулар курсы бойынша экзамен сұрақтарына жауап


Құлақтың хирургиялық аурулары, түрлері



бет21/28
Дата18.06.2024
өлшемі80.65 Kb.
#502669
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   28
Отоларингология және офтальмологиядағы хирургиялық аурулар курсы бойынша симуляциялық сабақтардың тақырыптық жоспары (копия) (копия)

47.Құлақтың хирургиялық аурулары, түрлері.
Құлақ аурулары[1]– құлақтың сыртқы, ортаңғы және ішкі бөліктерінде кездесетін дерттер. Құлақаурулары жедел және созылмалы деп бөлінеді. Жиі кездесетін сыртқы құлақ ауруларынаотит,перихондрит,отогематома,құлық, т.б. жатады. Әсіресе, балаларда жиі кездесетін түрі – сыртқы есту жолына бөгде дененің түсуі. Бұл кезде баланың құлағы қышып, есту қабілеті төмендейді. Осының салдарынан есту жолы терісі қабынып, сұйық зат бөлінеді. Емдеу үшін бөгде денені жою мақсатында спиртті тамшы тамызады, стерильді жылы ерітіндімен есту жолын тазалайды. Ауру асқынып кетсе хирургиялық операция жасалады. Ішкі құлақ ауруларынан есту жүйкесініңневритіменотосклерозжиі кездеседі. Есту жүйкесінің невриті түрлі жұқпалы аурулардың (тұмау,қызылша,қызамық, т.б.) асқынуынан және құлаққа түрліинфекциялардыңтүсуінен болады.Белгісі: құлақ үнемі шуылдап тұрады, адамның естуі төмендеп, тіпті сөйлеудің өзі қиындайды. Науқасты емдеу үшін мидың қан айналысын жақсартатын препараттар, В, С тобыныңвитаминдерінішкізеді, кейделазерліжәне төменжиілікті магниттіктерапияқолданылады. Отосклероз (грек. otos – құлақ, sklerosіs – қатаю)– екі құлақтың да есіту қабілетінің төмендеуі. Әдеттедыбыстолқыныдабылжарғағынан жәнеесіту сүйекшелерінен өтіп, есіту жүйкелерін тітіркендіреді. Ауру кезінде ортаңғы құлақты ішкі құлақпен жалғастыратын үзеңгі, төсше және балғашық сүйекшелері қозғалғыштық қабілетінен айырылады. Соның нәтижесінде дыбыс есіту жүйкелеріне жетпейді. Аурудың белгісі бірден байқалмайды, адамның естуі бірте-бірте төмендейді. Дәрі-дәрмекпен емдеу көп нәтиже бермейтіндіктен, көбіне есіттіргіш аппараттарды пайдалану не хирург. операция жасау қажет.Құлақ мүкістігіҚұлақ мүкістігі[1]– есту органының дерті. Құлақ мүкістігі әр түрліқұлақ аурулары(отит,отосклероз, т.б.) салдарынан, қабыну, мұрын, жұтқыншақ ауруларының, сондай-ақ, қызылша, тұмау, қызамық, т.б. жұқпалы аурулардың асқынуынан пайда болады. Кейде ұрықтың дамуы кезінде ортаңғы, ішкі құлақтың жетілмеуінен бала іштен туа естімейтін болуы мүмкін. Мұндайды туа пайда болған құлақ мүкістігі деп атайды. Бұл баланың дұрыс сөйлеуіне де әсерін тигізеді. Ересек адамның естімеуі, көбінесе, айқай-шудың ұзақ уақыт әсер етуінен, есту жүйкесі қызметінің бұзылуынан, уланудан, дәрі-дәрмектерді шамадан тыс ішуден, т.б. болады. Кейде адам уақытша естімей қалуы мүмкін. Мысалы, құлаққа құлық қатқанда, құлақ ішіне іріңді жара шыққанда, т.б. Емі: құлақ мүкістігіне шалдықтырған ауруды тауып емдеу. Іштен туа біткен кемістікке кей жағдайда хирургиялық операция жасайды. Құлақ мүкістігінен тілі бұзылған баланы арнайы балабақша мен мектептерде сөйлеуге үйретеді.Есту мүшесінің гигиенасыЕсту мүшесінің қалыпты жұмыс істеуі алдымен тазалық сақтауға байланысты. Ол үшін құлақты сабындап жылы сумен жуып түру керек. Әдетте, құлақтың сырткы дыбыс жолының бездеріненқұлықбөлінеді. Құлық шаң-тозаң мен зияндымикробтардыішке өткізбей корғаныштық кызмет атқарады. Дегенмен, құлақта құлық көбейсе, адам естімей, керең болып калуы мүмкін. Сондықтан құлықты ауың-ауың тазалаптұрған жөн. Құлықты тазалағанда қатты, үшкір заттарды пайдалануға болмайды. Дабыл жарғағы зақымдануы мүмкін. Есту мүшесіне ішімдік өте зиян. Мас адам дыбысты естігенімен, қай жақтан шыққанын бағдарлай алмайды. Тәлтіректеп барып колайсыз жағдайғаұрынуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет