Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы Қалыпты және патологиялық физиология кафедрасы Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өндеу



бет4/4
Дата09.06.2016
өлшемі0.63 Mb.
#124910
1   2   3   4

Жағдайлық есеп

Туберкулезбен ауыратын 40 жастағы пациенттің шағымдары: ентігу, оң жақ қабырға астының ауырсынуы, суборебрильді қызба. Бұл шағымдары пайда болып, 4 апта көлемінде біртіндеп көбейе түсті. Қарағанда: беті бозғылт және ісіңкі, ортопноэ (науқас алдына еңкейе отыр). Перкуссияда: жүректің тұйық дыбысты салыстырмалы шекарасы солға және оңға ағысуы 2 см; ЖСЖ 100 рет мин, АҚ 90/50 мм.с.б.; аускультацияда: жүрек тондары тұйық, өкпесінің базольді бөлігінде майда көпіршікті сырылдар естіледі. ТЖ 26 рет минутына; мойын көк тамыры ісінген, бауыр қабырға доғасынан 3 см шығыңқы, пальпациялағанда ауырсынады, аяғының шамалап ісінуі байқалады? Көкірек қуысы ағзаларының рентгенографиясы: жүректің шар тәрізді көлеңкесі.

Сұрақтар

1.Пациентте жүрек жеткiлiксiздiгі бар ма? Қандай белгілер куә бола алады?

2.Жүрек патологиясының түрін анықтау үшін қандай қосымша зерттеу әдістер қажет?

3.Жүрек жеткiлiксiздiгі түріне қорытынды жасаңыз?



Әдістемелік өндеу №3

1.Тақырыбы: Сыртқы тыныс алу патофизиологиясы.

2.Мақсаты: сыртқы тыныс алу бұзылыстарымен байланысты жағдайларының патофизиологиялық талдауды жүргізуді үйрету.

3.Оқыту мақсаты

  • тыныс алу жүйесінің бұзылыстарының жалпы этиология және патогенезін зерттеу;

  • тыныстың орталықтан реттеу бұзылыстары, түрлері, даму механизмдерін зерттеу;

  • тыныс жеткiлiксiздiгi және оның түрлерін анықтау.

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары

1.Сыртқы тыныс жеткiлiксiздiгiң шақыратын этиологиялық факторлар.

2.Альвеолалық гиповентиляция.

3.Альвеолалық гипервентиляция.

4.Өкпе диффузиялық қабілетінің бұзылыстары.

5.Өкпе перфузиясының бұзылыстары.

6.Тыныс жеткiлiксiздiгi, түрлері және патогенезіндегі негізгі тізбегі.

7.Плевра зақымдалуының көріністері.

8.Тыныс реттелуінің бұзылыстары.

9.Периодтық тыныс түрлері.

10.Тыныстың терминалдық түрлері.

11.Ентікпе, анықтамасы, түрлері.



5.Білім берудің және оқытудың әдістері: тақырыбы бойынша тәжірибелік жұмысты орындау, зерттеу нәтижелерін талқылау.

Тәжірибелік жұмыс

Мақсаты: жоғары тыныс алу жолдарын тітіркендіргенде тыныс алу өзгерістерін үйрету.

Егеуқұйрықтың іш қуысына 16,8 ммоль/кг есебімен уретанды енгіземіз (1,5 мл 10% ерітіндіні 100г дене салмағына). Егеуқұйрықта наркоздық жағдай дамығаннан кейін препарат жасайтын столға арқасын төмен қаратып байлап қояды. Серфин және Энгельман рычагы көмегімен кимограф лентасына көкірек қуысының тыныстық экскурсиясын жазып алады. Содан кейін нашатыр спиртінің бірнеше тамшысын тамызған мақтаны воронка ішіне салып жануар тұмсығына тақайдыда, тыныс алу жиілігін тіркеп отырады. Тыныс қалпына келген соң мұрын қуысына 2-3 тамшы 1-2% (33 ммоль/л) кокаин ерітіндісін, дикаин немесе 5% (0,18 ммоль/л) новокаин ерітіндісін тамызу арқылы жоғары тыныс алу жолдарының кілегей қабатын анестезиялайды. 5-10 мин өткенде егеуқұйрық тұмсығына аммиак ерітіндісіне шыланған мақтаны жақындатып, тыныс алу өзгерістерін тіркеп отырады. Жоғарғы тыныс алу жолдарының кілегей қабатын анестезиялағанға дейін және кейінгі аммиакка деген реакциясын салыстырады.

Төмендегі сұрақтарға жауап бере отырып тұжырым мен қорытынды жасайды:

1.Жоғарғы тыныс алу жолдарының рецепторларын өте қатты тітіркендіргенде бақыланған тәжірибедегі тыныс алу рефлекторлық өзгерістерінің патофизиологиялық мәні қандай?

2.Тыныс алудың байқалған өзгерістерінің даму механизмдері қандай? Адамдарда дәл осындай механизммен дамитын тыныс алу бұзылыстарын мысал келтіріңіз.



6.Әдебиет: № 1 қосымшаны қараңыз.

7.Бақылау

Тесттер

1.Сыртқы тыныстың жеткiлiксiздiгi ... кезiнде байқалады.

А) қанда рО2 және рСО2 жоғарылауы

В) қанда рО2 жоғарылау және рСО2 төмендеуi

С) қанда рО2 және рСО2 төмендеуi

Д) қанда рО2 төмендеуi және рСО2 жоғарылауы

Е) қанда рО2 жоғарылау және рСО2 қалыпты деңгейде болуы

2.Тыныс жеткiлiксiздiгiнiң обструктивтi түрi ... кезінде пайда болады.

А)пневмосклероз

В)пневмония

С)қабырғалардың сынуы

Д)тыныс орталығының салдануы

Е)бронзспазм

3.Тыныс жеткiлiксiздiгiнiң рестриктивтi түрi ... дамиды.

А) тыныс жолдарының iсiнуiнде

В)тыныс жолдарыныv бiтелуiнде

С)бронхтың тегiс бұлшық еттерiнiң жиырылуында

Д)өкпенi алып тастағанда

Е)тыныс жолдары қысылғанда

4.Алқыну – бұл ... .

А) жиі терең тыныс алу

В)жиі беткілікті тыныс алу

С)сирек терең тыныс алу

Д)сирек беткілікті тыныс алу

Е)ауа жетіспеу сезімі

5.Гиперпноэ – бұл ... .

А)сирек тыныс

В)стенотикалық тыныс

С)жиi, терең тыныс

Д)жиi, үстiртiн тыныс

Е)терең, сирек тыныс

6.Брадипноэ – бұл ... .

А)сирек тыныс

В)жиi, терең тыныс

С)жиi, үстiртiн тыныс

Д)үзілісті тыныс

Е)тыныстың тоқтауы

7.Тахипноэ – бұл ... .

А) жиi, үстiртiн тыныс

В) жиi терең тыныс

С) бейритмикалық тыныс

Д)терең, сирек тыныс

Е)сирек, үстiртiн тыныс

8.Үзiлiстi тыныс дегенiмiз ... .

А) демдi iшке тарту мен демдi шығарудың ара қатынасы өзгерген тыныс

В)тыныс кезеңдерiнiң апноэмен ауысып отыруы

С) жиi тыныс

Д)тереңдiгi өзгерiп отыратын тыныс

Е)тыныстың тоқтауы

9.Биотт тыныс – бұл ... .

А) жиiлiгi және тереңдiгi бiрдей қозғалыстардың апноэмен ауысып отыруы

В)тереңдiгi бiртiндеп ұлғайып, соңынан бiртiндеп азаятын тыныстық қозғалыстардың апноэмен ауысып отыруы

С)терең, сирек тыныстық қозғалыстар

Д)терең, жиi тыныстық қозғалыстар

Е)бiртiндеп жойылатын тыныстық қозғалыстар

10.Чейн-Стокс тынысы – бұл

А)тереңдiгi бiртiндеп ұлғайып, соңынан бiртiндеп азаятын тыныстық қозғалыстардың апноэмен ауысып отыруы

В)жиiлiгi және тереңдiгi бiрдей қозғалыстардың апноэмен ауысып отыруы

С)терең, сирек тыныстық қозғалыстар

Д)терең, жиi тыныстық қозғалыстар

Е)бiртiндеп жойылатын тыныстық қозғалыстар

Жағдайлық есеп

24 жасар науқас клиникаға төмендегі шағымдармен түсті: ентігу, физикалық жүктемені орындағаннан кейін жүректің қағуы, жүрек тұсының сыздап ауырсынуы. Қатты ентігу кезінде қан араласқан аз мөлшердегі қақырық бөліне бастайды. Науқастың көрсетілген шағымдары және зерттеулер негізінде митральді стеноз нәтижесінде өкпелік қанайналым бұзылыстары дамиды деген болжам жасалынды. Тж – 20 рет минутына спирометрия мәліметтері: ӨӨС 81 % қажетті мөлшерінен, ЖӨС 76 % қажетті мөлшерінен, ФӨӨС1/ӨӨС 80%.

Сұрақтар

1.Науқаста өкпелік перфузия бұзылыстарының қандай түрі дамыған? Жауапты негіздеңіз.

2.Науқаста ӨӨС және ЖӨС төмендеу механизмдерін түсіндіріңіз.

3.Науқаста альвеолалық вентиляция бұзылыстарының обструкциялық түрі анықталады ма? Жауапты негіздеңіз.



Әдістемелік өндеу №4

1.Тақырыбы: Асқорыту патофизиологиясы. Бауыр патофизиологиясы.

2.Мақсаты: асқорыту мен бауырдың бұзылыстарымен байланысты жағдайларының патофизиологиялық талдауды жүргізуді үйрету.

3.Оқыту мақсаты

Студент білуі тиіс:

  • асқорыту бұзылыстарының жалпы этиологиясы және патогенезін зерттеу;

  • бауыр патологиясының негізгі түрлерің зерттеу;

  • сарғыштану түрлерін анықтау.

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Анорексия түрлері.

2.Гиперсаливация және гипосаливация.

3.Жұтудың бұзылыстары.

4.Өңештің қозғалғыштық функциясының бұзылыстары.

5.Асқазанның гипосекреция және гиперсекрециясы.

6.Асқазан моторлық функциясының бұзылыстары.

7.Қабырғалық асқорыту бұзылыстарының себептері.

8.Ішек перистальтикасының бұзылыстары.

9.Бауыр патологиясына әкелетін негізгі этиологиялық факторлар.

10.Сарғыштану түрлері, оның сипаттамасы.

11.Бауыр жеткіліксізд, түрлері, сипаттамасы.

12.Бауырлық кома патогенезі.

5.Білім берудің және оқытудың әдістері: тақырыбы бойынша тәжірибелік жұмысты орындау, зерттеу нәтижелерін талқылау.

Тәжірибелік жұмыс

Мақсаты: бақаға өттің жалпы токсикалық әсерін үйрету.

Бақаның алғашқы жағдайында қозғалғыштық активтілігін тексереді;арқасына жатқызғанда ішіне аударылуының жылдамдығын, ауырсыну тітіркенгішіне әсерін (шымшу). Жұлынның лимфа қапшығына 2-3 мл өтті шприцпен жіберіп әрбір 3-4 мин бақаның жалпы жағдай өзгерістерін бақылайды.

Төмендегі сұрақтарға жауап бере отырып тұжырымдаңыз:

1.Өтті енгізгенде бақаның сезімталдық және қозғалғыштық бұзылыстарының патофизиологиялық мәні қандай?

2.Байқалған өзгерістер механизмі қандай?



6.Әдебиет: № 1 қосымшаны қараңыз.

7.Бақылау

Тесттер

1.Тәбеттің дерттік күшеюі ... терминмен белгіленеді.

А)гиперорексия

В) полифагия

С) дисфагия

Д) афагия

Е) анорексия

2.Анорексия – бұл ... .

А)тәбеттің болмауы

В) жұтудың мүмкін еместігі

С) шектен тыс күшейген тәбет

Д)тағамды артық пайдалану

Е) булимия

3.Булимия – бұл ... .

А) тәбеттiң болмауы

В) жұтудың мүлiксiздiгi

С) шектен тыс күшейген тәбет

Д)тағамды артық пайдалану

Е)сілекей бөлінуінің бұзылуы

4.Полифагия – бұл ... .

А) тәбеттiң болмауы

В) жұтудың мүлiксiздiгi

С) шектен тыс күшейген тәбет

Д) тағамды артық пайдалану

Е) шайнауның бұзылуы

5.Дисфагия – бұл ... .

А) тоқтық сезімі

В) тәбеттiң болмауы

С) шектен тыс күшейген тәбет

Д) тағамды артық пайдалану

Е) жұтудың бұзылуы

6. Жоғары уробилинурия болатын сарғыштанудың түрі ... деп аталады.

А)паренхиматоздық

В)гемолиздiк

С)обтурациялық

Д)механикалық

Е)бауыр асты

7.Бауыр жеткіліксіздігі кезіндегі команы алдың алу үшін тағамда … шектеу керек

А)нәруыздарды

В)көмірсуларды шектеу керек

С)майларды шектеу керек

Д)судың қабылдауын шектеу керек

Е)тұздарды шектеу керек

8.Ахолия … сарғыштануға тән.

А)механикалық

В)бауырлық

С)гемолиздік

Д)бауыр үстілік

Е)паренхиматозды

9.Бiрiншiлiк бауыр жеткiлiксiздiгi ... дамиды.

А) жүрек жеткiлiксiздiгiнде

В) шокта

С) бүйрек жеткiлiксiздiгiнде

Д) бауырдың вирустық зақымдануда

Е қантты диабетте

10.Бауыр жеткiлiксiздiгi көрiнiстерiне ... жатады.

а) қанда аммиак мөлшерiнiң артуы

б) гипопротеинемия

в) қанның АЛТ және АСТ белсендiлiгi төмендеуi

г) қанағыштық

д) сусыздану

А)а, б, г

В)б, в, г

С)а, б, в, г, д

Д)г, д

Е)в, г, д



Жағдайлық есеп

35 жастағы пациент клиникаға төмендегідей шағымдармен түсті: тамақ ішкеннен 2-3 сағат өткенде пайда болатын, эпигастрий аймағындағы ұстама тәрізді қатты ауырсынуы (күйдіру сезімімен), соңғы кездері ауырсыну жүрегіайнуы және құсуымен бірге жүреді. Құсқаннан кейін пациент жеңілдікті сезінеді. Түнгі мезгілде ауырсынуына байланысты науқас оянып және «аш қарынға» тамақ жейді. Осы орайда ауырсыну тез арада басылады. Пациент ашушаң, тітіркенгіш, өте көп темекі шегеді және алкогольді шектен тыс қолданады. Шағымдары және тексерілу нәтижелерінің негізінде пациентке диагноз қойылды: «12 елі ішек жара ауруы» және қажетті ем тағайындалды, ем жағдайын едәуір жеңілдете түсті.

Сұрақтар

1.Дәрігер қандай зерттеулердің негізінде диагноз қойып, ем тағайындады?

2.Қандай факторлар берілген аурудың себебі, болып табылады? Әсер ету негізінде қандай механизмдер жатыр? Анамнезіне сүйене отырып жауапты негіздеңіз.

3.Эпигастрий аймағындағы ауырсыну (күйдіру) даму себептері қандай?



Әдістемелік өндеу №5

1.Тақырыбы: Бүйрек патофизиологиясы.

2.Мақсаты: бүйрек функциялары бұзылыстарымен байланысты жағдайлардың патофизиологиялық талдауды жүргізуді үйрету.

3.Оқыту мақсаты

Студент білуі тиіс:

  • бүйрек функциясы бұзылыстарының жалпы этиологиясы және патогенезін зерттеу;

  • несептің жалпы анализін интерпретациялау;

  • СБЖ дегі ем ұстанымдарын негіздеу.

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары

  1. Шумақтық фильтрация бұзылыстары.

  2. Натрий, калий, көмірсу және амин экскрециясының бұзылыстары.

  3. Бүйректік түтікшелік ацидоз, түрлері.

  4. Несептің патологиялық құрамдық бөлігі.

  5. Нефротикалық синдром патогенезі.

  6. Бүйрек жеткіліксіздігі, түрлері.

  7. ЖБЖ және СБЖ-нің этиопатогенезі.

  8. Бүйректік кома, жалпы этиология және патогенез.

5.Білім берудің және оқытудың әдістері: тақырыбы бойынша тәжірибелік жұмысты орындау, зерттеу нәтижелерін талқылау.

Тәжірибелік жұмыс

Мақсаты: үйрек ишемиясында және іркілістік толыққандылықта диурез өзгерістерін үйрету.

Алдын ала жүргізілген жуан лигатурасын тарту арқылы 1-2 мин бүйрек артерияларын қысады. Бүйректің қысқа мерзімдік ишемизациясынан кейін тікелей диурез өзгерістерін анықтайды. Ишемияланған бүйректен бөлінетін несептің аз мөлшерін жинайды да, белок болуына бағытталған сульфосалицил қышқылдық сынамасын жасайды. Содан кейін санның көк тамырына 200 мл 36-400С жылытылған натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісін, боялған 2-3 мл 5% индигокармин ерітіндісін енгізеді? Ишемизацияланған бүйректен бөлінетін, несепте бояудың пайда болу уақытын тіркей отырып диурезді бақылайды. Ишемияланған бүйрек диурезі тұрақтанған соң венозды гиперемияны шақыру үшін 2-3 мин вена астына салынған лигатураны қысады. Венаны қысуды тоқтата сала бірден диурезді анықтайды және 5-10 мин өткен соң диурезді тағы тексереді. Тәжірибе аяқталған соң итті магнит сульфатының қаныққан ерітіндісін көк тамырға енгізу арқылы жансыздандырады. Бүйрегін бөліп алып макроскопиялық тұрғыда патанатомиялық өзгерістерін үйренеді.

Төмендегі сұрақтарға жауап бере отырып қорытынды жасайды:

1.Қолданылған тәжірибеде әрбір әсер етуінен кейін біріншілік несептің түзілу және судың реабсорбция үрдістері қалай өзгереді?

2.Бұл өзгерістердің механизмдері қандай?

3.Әрбір тәжірибеде тіркелген диурез өзгерістері адам ағзасының қанда жағдайларында кездеседі және ағза үшін маңызы қандай?

6.Әдебиет: № 1 қосымшаны қараңыз.

7.Бақылау

Тесттер

1. Шумақтық сүзiлудiң артуы ... байқалады.

А)гиперволемияда

В)әкелетiн шумақтық артериялардың тонусы артқанда

С)гиперпротеинемияда

Д)гиповолемияда

Е)шумақтық сүзгi мембранасы өткiзгiштiгi төмендегенде

2. Гематурия – бұл зәрде ... пайда болуы.

А)эритроциттердiң

В)лейкоциттердiң

С)эпителий жасушаларының

Д)цилиндрлердiң

Е) белоктардың

3.Пиурия – бұл ... .

А)зәрден лейкоциттердiң көп мөлшерде шығарылуы

В)зәрдiң меншiктiк тығыздығының азаюы

С)зәрде нәруыздың бiраз мөлшерде пайда болуы

Д)зәрде көп мөлшерде цилиндрлердiң пайда болуы

Е)зәрде эритроциттердiң пайда болуы

4.Зәрдiң салыстырмалық тығыздығының төмендеуi ... аталады.

А)гипостенурия

В)цилиндрурия

С)никтурия

Д)гиперстенурия

Е)изостенурия

5.Соңғы зәрдiң изостенурия кезiндегi меншiктi тығыздығы – ... .

А)1010-1011

В)1016-1020

С)1020-1030

Д)1025-1035

Е)1006-1012

6.Пререналды полиурия ... дамиды.

А) қуық асты безi аденомасында

В) антидиурездiк гормонның өндiрiлуi төмендегенде

С)организмнiң дегидратациясында

Д)жедел артериялық гипотензияда

Е)зәр шығаратын түтiктiң тарылуына

7.ЖБЖ-нiң пререналды себебi болып ... табылады.

А)шок

В)бүйректi алып тастау



С)бүйрек артериясының тромбозы және эмболиясы

Д)зәр шығаратын жолдардың обструкциясы

Е)бүйрек паренхимасының жедел зақымдануы

8.ЖБЖ-нiң реналды себебi болып ... табылады.

А)бүйрек паренхимасының жедел зақымдануы

В)организмнiң жедел сусыздануы

С)несеп ағардың стриктурасы

Д)шок


Е)несеп тас ауруы

9.ЖБЖ дамуының құрылымдық негiзi ... болып табылады.

А)тубулярлы некроз

В)липоидты нефроз

С)амилоидоз

Д)нефросклероз

Е)саркоидоз

10.СБЖ-нiң 1-ші сатысында ... байқалады.

А)шумақтық сүзiлудiң 50 % дейін азаюы

В)олигоанурия

С)қанда мочевина мөлшерiнiң артуы

Д)қанда қалдық азоттың артуы

Е)қанда креатинин мөлшерiнiң артуы

Жағдайлық есеп

Пациенте бадамша бездерінің қабынуынан 1 апта өте әсіресе ұйықтап тұрғанда айқын байқалатын көздерінің ісінуі пайда болды.

Несептің анализі: тәуліктік диурез 750 мл, тығыздығы 1,028, белок 0,1 %, қант және ацетон жоқ. Несеп тұнбасының микроскопиясы, эритроциттер, мылжаланған, 10-26 көру аймағында, гиалинді және эритроцитарлы цилиндрлер аз мөлшерде кездеседі. АҚ 180-110 мм с.б.

Қанның анализі: азот қалдығы 60 мг %, жалпы белок 7,3%; эндогенді креатинин клиренсі 50 мл/мин.

Сұрақтар

1.Пациентте анықталған ауру белгілері патологияның қай түріне тән?

2.Берілген патология түрінің негізгі патогенездік тізбегі қандай?

3.Көрсетілген жағдайдағы азотемия және гипертензияның даму механизмдері қандай?



Қосымша № 1
Әдебиет

Қазақ тілінде

негізгі:

1.Нұрмұхамбетұлы Ә. Патофизиология: оқулық. – өнд., толықт. 3-бас. – Алматы, 2011.

2.Нұрмұхамбетұлы Ә. Клиникалық патофизиология: оқулық. – Алматы: Эверо, 2010.

3.Нұрмұхамбетұлы Ә. Ұрық дамуы мен балалық шақ ауруларының патофизиологиясы: монография. – Алматы, 2006.

4.Хасенова К. Патологиялық физиологиядан дәрістер жинағы: оқу құралы. Түркістан, 2005.

5.Нұрмұхамбетұлы Ә. Орысша-қазақша медициналық (физиологиялық) сөздік = Русско-казахский медицинский (физиологический) словарь. – Алматы, 2007.



қосымша:

1.Нұрмұхамбетұлы Ә. Орысша-қазақша медициналық (физиологиялық) сөздік. – Алматы:Эверо, 2007.



Орыс тілінде

негізгі:

1.Патофизиология: учебник: в 2-х т. /Под ред. В.В. Новицкого, Е.Д. Гольдберга, О.В. Уразовой. – 4-е изд., перераб. и доп. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2010. – Т. 1.

2.Патофизиология: учебник: в 2-х т. /Под ред. В.В. Новицкого, Е.Д. Гольдберга, О.В. Уразовой. – 4-е изд., перераб. и доп. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2010. – Т. 2.

3.Литвицкий П.Ф. Патофизиология: учебник. – 4-е изд., испр. и доп. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2010.

4.Патологическая физиология: учебник /Под ред. Н.Н. Зайко. – 3-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2006.

5.Патофизиология. Руководство к практическим занятиям: учебное пособие /Под ред. В.В. Новицкого, О.И. Уразовой. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2011.



қосымша:

1.Долгих В.Т. Общая патофизиология: учебное пособие. – Ростов-на-Дону, 2007.

2.Баркова Э.Н. Руководство к практическому курсу патофизиологии: Учебное пособие. – Ростов-на-Дону, 2007.

3.Патофизиология и физиология в вопросах и ответах: учебное пособие /Л.З. Телль [и др.]. – М., 2007.

4.Фролов В.А. Общая патофизиология: электронный курс по патофизиологии и вступ. статья к нему: учебное пособие. – М., 2006. + 1 CD-ROM.

5.Рубцовенко А.В. Патологическая физиология: монография. – М., 2006.

6.Литвицкий П.Ф. Патофизиология: учебник: в 2-х т. – 3-е изд., испр. и доп. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2006. – Т. 1.

7.Литвицкий П.Ф. Патофизиология: учебник: в 2-х т. – 3-е изд., испр. и доп. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2006. – Т. 2.

8.Желтова Н.А. Патологическая физиология: учебное пособие. – М., 2005.

9.Патофизиология: учебное пособие /Под ред В.Ю. Шанина. – СПб., 2005.



10.Зайчик А.Ш. Патофизиология. Общая патофизиология (с основами иммунопатологии): учебное пособие для студентов мед. вузов. – 3-е изд., доп. и перераб. – СПб.: ЭЛБИ-СПб, 2005.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет