Оңтүстік Қазақстан облысының 2015 жылғы қаңтар-маусым айларындағы



Дата26.02.2016
өлшемі63.31 Kb.
#26400


Оңтүстік Қазақстан облысының

2015 жылғы қаңтар-маусым айларындағы

әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындысы
Өнеркәсіп. 2015 жылдың қаңтар-маусымында 286,1 млрд.теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді, нақты көлем индексі 2014 жылдың тиісті кезеңінің деңгейіне – 103,6% құрады.

Облыстағы өндірілген өнеркәсіп өнім көлемінің 26,9% үлесін құрайтын тау-кен өндіру саласында өндірілген өнім көлемі – 40,8% артып, 76,9 млрд. теңгені құрады.

Өңдеу өнеркәсібі (үлесі 61,8%) өнімінің нақты көлем индексі – 95,6%, немесе өнім көлемі 176,8 млрд. теңгені құрады.

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптауда – 27,4 млрд. теңгені, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіне 77,6% құрады.

Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және тара-тылуын бақылауда 5,0 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 108,5% құрады.

Аса маңызды өнімдердің ішінде мақта иірімжібі – 16,5% (5052 тонна), портландцемент – 2 есеге (884 мың тонна) артқан.

Сонымен қатар, ұн өндіру – 9,5% (өндірілгені 363,3 мың тонна), мақта талшығы – 25,3% (16,4 мың тонна), бензин – 31,1% (369,2 мың тонна), керосин – 37,4% (89,7 мың тонна), мақта маталары – 5,7% (9,5 млн. шаршы метр), бетон – 9,1% (329,2 мың тонна), кеміген.

Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 90,9 млрд. теңгені немесе нақты көлем индексі 103,7% құрады. Оның ішінде, мал шаруашылығында – 78,8 млрд. теңгеге (104,2%), егін шаруашылығында - 11,9 млрд. теңгеге (100,0%) өнім өндірілді.

Облыстың барлық шаруашылық санаттарында 96,9 мың тонна ет (тірідей салмақта), 364,3 мың тонна сүт, 145,9 млн. дана жұмыртқа өндірілді, немесе тиісінше, өткен жылдың тиісті кезеңіне – 106,0%, 100,6% және 108,8% құрады.

2015 жылдың 1 шілдесіне облыстағы шаруашылықтардың барлық санаттарындағы ірі қара мал саны – 1008,5 мың басты, немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне – 98,0%, қой – 4385,2 мың бас, немесе 103,5%, ешкі – 396,7 мың бас, немесе 95,1%, жылқы – 244,4 мың бас, немесе 106,8%, түйе – 25,2 мың бас, немесе 110,5%, шошқа – 29,5 мың бас, немесе 106,7%, құс саны – 2113,2 мың бас, немесе 93,3% құрады.

Көлік және байланыс. 2015 жылдың қаңтар-маусымында темір жол көлігінен басқа, облыста барлық көлік түрлерімен 65,3 млн. тонна жүк және 1136,8 млн. жолаушы тасымалданған, немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне тиісінше, 106,2% және 103,6% құрады.

Әуе көлігімен жүк тасымалдау – 4,0%-ға артты, жолаушылар тасымалдау – 0,2%-ға кемiп, тиісінше, 445 тонна жүк және 502,4 мың жолаушы тасымалданды.

Байланыс кәсіпорындары 5347,3 млн. теңгеге қызмет көрсеткен, бұл 2014 жылмен салыстырғанда 6,4% артты. Халыққа көрсетілген қызметтің үлесі 62,9%-ды құрады.

Жалпы табыс көлемінде басым үлесі – жергілікті телефон байланысына – 27,5%, халықаралық және қалааралық телефон байланысына – 7,2%, интернет – 42,2%.



Шағын кәсіпкерлік. Белсенді жұмыс істейтін ШОК субъектілерінің саны 2015 жылғы 1 шілдеге 195727 бірлікті немесе 2014 жылғы тиісті кезеңге 104,1% құрады.

ШОК жұмыспен белсенді қамтылғандар саны 2015 жылғы 1 сәуірге 261360 адамды құрады, бұл өткен жылғы тиісті кезеңнен 2,2% кемiп.

2015 жылғы қаңтар-наурыздағы шағын және орта кәсіпкерліктегі субъектілерінің өнім шығарылымы (тауарлар, қызмет көрсетулер) 98,1 млрд. теңгені немесе 2014 жылғы қаңтар-наурызға 102,9% құрады.

Инвестиция саласы. 2015 жылдың қаңтар-маусымында негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі бағалау есебімен 141,3 млрд. теңгені немесе 2014 жылдың сәйкес кезеңіне 91,9% құрады.

Негізгі инвестициялық салымдарды шағын кәсіпорындар жүзеге асырған, олардың көлемі 98,8 млрд. теңгені немесе 2014 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 115,1% құрады.

Мемлекеттіқ бюджет қаржыларының үлесі 33,7%, немесе 47,7 млрд. теңге, меншікті қаражаттары – 47,4% немесе 67 млрд.теңге, қарыз қаражаты – 18,9%, немесе 26,6 млрд.теңге.

Инвестиция салымдарының басым салалары өнеркәсіп, көлік және қоймалау болып табылады, инвестициялардың жалпы көлеміндегі олардың үлесі, тиісінше 31,1% және 26,8% құрады.



Тұрғын үй құрылысын дамыту. 2015 жылдың қаңтар-маусымында тұрғын үй құрылысына 9589,3 млн. теңге инвестиция бағытталған, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 93,7% құрады.

Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 179 мың шаршы метрді құрады, және өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 106,7% құрады.



Сыртқы сауда. 2015 жылғы қаңтар-мамырда облыстың сыртқы сауда айналымының көлемі 1293,7 млн. АҚШ долларын немесе 2014 жылғы қаңтар-мамыр деңгейіне 81,5% құрады, оның ішінде экспорт, тиісінше – 675,2 млн. АҚШ доллары немесе 71,1%, импорт – 618,5 млн. АҚШ доллары немесе 97,0% құрады.

Экспорт ЕЭО елдерімен 202,4 млн. АҚШ долларын (немесе 125,6%), импорт – 140,1 млн. АҚШ долларын (немесе 85,2%) құрады.



Салықтық-бюджеттік сала. 2015 жылдың 1 шілдесіне мемлекеттік бюджетке түскен салықтар мен басқа төлемдердің көлемі 95,7 млрд. теңгені, немесе жоспарға –109,7%, өткен жылдың тиісті кезеңіне – 97,6% құрады.

Республикалық бюджет 49,4 млрд.теңгені (бұл түсімдердің жалпы көлемінің – 51,6%), немесе, жоспарға – 104,8%, өткен жылдың тиісті кезеңіне – 81,8% құрады.

Жергілікті бюджетке 46,3 млрд. теңге түсіп, жоспарға – 115,6% және өткен жылдың тиісті кезеңіне – 122,9% құрады.

Ақша-несие саясаты. 2015 жылғы 1 маусымға екінші деңгейлі банктермен 80,9 млрд. теңге көлемінде несие берілді, бұл 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,8% кеміді, оның ішінде ипотекалық несиелендіруге 1,7 млрд. теңге несие берілді, немесе 27,7% кеміді.

Шағын және орта кәсiпкерлiктi дамытуға берілген несиелердің көлемі 12,3 млрд.теңгені құрап, 2014 жылдың сәйкес кезеңіне 74,2% құрады.

Екінші деңгейдегі банктер несиесі негізінен – жеке тұлғаларға тұтыну мақсатында және басқада жеке қызмет түрлеріне – 60,2%, өнеркәсіп – 19,9%, сауда – 12,9%, ауыл шаруашылығы – 0,3%, құрылыс – 4,1%, көлік салаларына – 2,6% берілген.

Облыс банктеріндегі халық салымының көлемі 132,1 млрд. теңгені, немесе 2014 жылдың сәйкес кезеңіне 19,2% артқан. Халық салымдарының басым бөлігі (57,2%) шетел валютасында.



Бағалар. 2015 жылдың маусымында облыста тұтыну бағаларының индексі 2014 жылдың желтоқсанына 101,2% құрады. Азық-түлік тауарлары – 0,7%-ға, ақылы қызметтер – 2,6%-ға қымбаттап, азық-түлік емес тауарлары – 0,5%-ға жоғарылады.

Азық-түлік тауарлары нарығында баға нанға – 4,9%, ас бұршаққа – 4,6 %-ға баға өсімі байқалды.

Азық-түлік емес тауарларынан тұрғын үйді жөндеуге және қызмет көрсетуге арналған материалдар – 2,4% жиһаз үй керек жарақтары – 0,7% қымбаттап, жанар-жағармай материалдары – 0,3% төмендеді.

Ақылы қызмет көрсету саласында тұрғын үйді жөндеу бойынша қызметтер – 2,9%, шипажайлар – 5,4%-ға жоғарылады.



Халықты әлеуметтік қорғау. Ағымдағы жылдың 1 шілдесіне аз қамтамасыз етілген азаматтар саны 1573 адамды немесе облыс халқының 0,1% құрады.

2102 азаматқа атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2147 адамға кем.

18 жасқа дейінгі 298,6 мың балаға жәрдемақы төленді, немесе 44,3мың балаға артты.

Тұрғын үй көмегі 6121 отбасыға көрсетілді, немесе 79 отбасыға артты.



Демография. 2015 жылдың 1 маусымына облыс халқының саны 2 808,3 мың адамды құрады (2014 жылдың 1 маусымына – 2756,9 мың адам), оның 1258,7 мыңы қала халқы (44,8%), 1549,6 мыңы – ауыл халқы (55,2%).

Жұмыспен қамту. 2015 жылдың I тоқсанында облыста экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 1265,8 мың адамды, жұмыссыздар саны – 66,8 мың адамды, жалпы жұмыссыздық деңгейі - 5,3% құрады.

Ағымдағы жылғы 1 шілдеге жұмысқа орналастыруға өтініш білдірген 26903 жұмыссыздың – 15558-і, немесе 57,8% жұмыспен қамту органдары арқылы жұмысқа орналастырылды. 16587 жаңа жұмыс орны, оның ішінде 11064 тұрақты жұмыс орны ашылды.



Халықтың табысы. 2015 жылдың I-тоқсанында облыс халқының орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы 37304 теңгені құрап, 2014 жылдың I-тоқсанымен салыстырғанда 7,7-%-ға артты. Нақты ақшалай табысының индексі 101,2% құрады.

Денсаулық сақтау. 25 нысанның құрылысы мен қайта құру жұмыстарына бюджеттен 2,7 млрд. теңге бөлінді.

2015 жылы облыстық бюджеттен 17 денсаулық сақтау нысанының жөндеу жұмыстарына 1138,6 млн. теңге қарастырылған.

Денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жақсарту мақсатында, жергілікті бюджеттен – 1195,8 млн. теңге қарастырылған.

Сала желісі 860 мемлекеттік мекемелерден құралады, оның ішінде: 101 – аурухана, 243 – амбулаторлы-емханалық мекеме, 229 – медициналық пункт, 270 – фельдшерлік-амбулаториялық пункт, 17– басқалар.



Білім беру. Облыста 157,5 мың тәрбиеленушісі бар 1452 мектепке дейінгі тәрбие беру мекемелері жұмыс істейді, оның 901-і балабақша, 551-і шағын орталықтар.

Балалардың мектепке дейінгі біліммен қамту деңгейі (1 жастан 6 жасқа дейін) – 45,3%, «Балапан» бағдарламасы (3 жастан 6 жасқа дейін) бойынша – 77,5% құрады.

2014-2015 оқу жылында жалпы білім беру мектептері мен мектеп-интернаттарының саны – 1041 (о.і. 12 коррекциялық мектеп), ондағы оқушылар саны – 562,6 мың адамды, оның ішінде жекеменшік мектептер саны – 7, ондағы оқушылар саны – 2,0 мыңды құрады.

Жалпы орта білім беретін 1022 мектептің ішінен байланыс жүйелеріне – 1017 қосылған, интернет жүйелеріне - 1016 қосылған. Мектептер 36,0 мың бірлік компьютерлік техникамен жабдықталған, немесе бір компьютерге 16 оқушыдан келеді (2014 жылы - 11 оқушы).

262 мектепке спутниктік оқу телеарналары арқылы қашықтықтан оқыту жүйесі қосылған және 592 мектепке 1390 интерактивті тақталар орнатылған.

Орта білімді мамандар даярлаумен 97 колледж (оның ішінде 42 – мемлекеттік) жұмыс істейді, жалпы контингенті 77,1 мың оқушыны (мемлекеттік – 40,6 мың оқушы) құрады.



Облыста жоғары білікті мамандар даярлаумен 11 жоғарғы оқу орны (оның ішінде 3 – мемлекеттік) айналысады. Оларда 74,6 мың студенттер, оның ішінде 21,8 мың студент – мемлекеттік жоғарғы оқу орындарында оқиды.

Мәдениет. Облыста 752 мәдениет және өнер мекемелері қызмет етеді. Оның ішінде: 427 - кiтапхана, 25 – мұражай (оның 11 филиал), 266 – клубтық мекеме, 8 – театр, 11 – демалыс саябағы, 1 - цирк және т.б. халыққа мәдени қызмет көрсетуде.

Спорт. Облыста 5042 – спорт нысандары, оның ішінде 22 – стадион, 3656 – жазық-алаңшалық ғимараттар, халықтың, оның ішінде оқитын жастардың арасында көпшілік спорттық-сауықтыру жұмыстарын жүргізеді. Дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылардың саны 586,7 мың адамды немесе облыс халқының 21,0% құрады.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет