Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі, оның орынбасарлары және облыс әкімі аппаратының басшысы арасында міндеттерді



Дата16.06.2016
өлшемі198.2 Kb.
#139316
Оңтүстік Қазақстан

облысы әкімінің

2016 жылғы «___ » ақпандағы

№ _____ өкіміне

қосымша

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі,

оның орынбасарлары және облыс әкімі аппаратының

басшысы арасында міндеттерді


Б Ө Л У

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі

Б.Б.Атамқұлов

1. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, Қазақстан Республикасы Президентінің жергілікті мемлекеттік басқару мәселелері жөніндегі Жарлықтарымен, өзге де нормативтік құқықтық актілермен белгіленген өкілеттіктері мен құзыретіне сәйкес облыс аумағында атқарушы билікті іске асырады.

Әкім Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары мен өкімдерінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі мен Үкіметі актілерінің сөзсіз орындалуын, өңірлік мүдделердің жалпы мемлекеттік мүдделермен дұрыс үйлесуін қамтамасыз етеді, мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда облыстың мүдделерін білдіреді.

2. Облыстың жергілікті атқарушы органының басшысы ретінде Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі облыстық өкілді органның қарауына заңдардың сақталуын және Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі кесімдерінің орындалуын, азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін құқықтық кесімдерді енгізеді.

3. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі қолданыстағы заңнамаға сәйкес облыстағы атқарушы органдар жүйесін қалыптастыруды іске асырады, кадрлық саясат, әскери міндеттілік және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру мәселелеріне қарайды, сондай-ақ өз өкілеттіктері шегінде Қазақстан Республикасы министрліктері мен ведомстволары аумақтық органдарының өзара іс-қимылын және олардың қызметін үйлестіруді қамтамасыз етеді.

4. Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің өкілі ретінде Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі заңнамада көзделген жағдайларда өңір проблемаларының Қазақстан Республикасының Парламентінде, орталық атқарушы органдарда шешілуіне ықпал етеді, өз құзыреті шегінде сыртқы экономикалық қызметте облыстың мүдделерін білдіреді және өңіраралық байланыстардың дамуына ықпал етеді.

5. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі бюджеттік саясат және бюджетаралық қатынастар саласында жалпы басшылықты қамтамасыз етеді, салық және бюджеттік әкімшілік жүргізу, қаржылық бақылау және экономикалық қауіпсіздік мәселелері бойынша аумақтық органдарды үйлестіруді және олармен өзара іс-қимыл жасауды ұйымдастырады.

6. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі әскери қызмет заңнамасы талаптарының орындалуын ұйымдастырады, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қылмыскерлікке, нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі өңірлік бағдарламалардың іске асуын үйлестіреді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, терроризмге қарсы іс-қимыл, азаматтық-құқықтық қатынастарды жетілдіру, жергілікті мемлекеттік басқару органдары өкілеттіктерін іске асыру саласындағы заңнаманың орындалуына бақылау жасайды.

7. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік саяси қызметшілерді (облыс әкімінің бірінші орынбасарын, облыс әкімінің орынбасарларын), облыс әкімі аппаратының басшысын, облыс қалалары мен аудандарының әкімдерін, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындайды және босатады.

Облыс әкімі болмаған жағдайда, оның өкілеттіктерін облыс әкімінің бірінші орынбасары жүзеге асырады.

8. Мыналардың:

1) облыс әкімі бірінші орынбасарының;

2) облыс әкімі орынбасарларының;

3) облыс әкімі аппараты басшысының;

4) Шымкент, Арыс, Кентау, Түркістан қалалары әкімдерінің, облыс аудандары әкімдерінің қызметіне тікелей басшылық етеді.

9. Мыналармен:



  1. Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі істер департаментімен;

  2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментімен;

  3. облыстық прокуратурамен және көлік және әскери прокуратурамен;

  4. облыстық сотпен;

  5. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментімен;

  6. Оңтүстік Қазақстан облысының әділет департаментімен;

  7. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментімен өзара іс-қимыл жасайды.

10. Мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлыққа, қылмысқа және терроризмге қарсы күрес саласындағы жұмысын үйлестіруді жүзеге асырады. Құқық бұзушылықтардың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі өңірлік бағдарламалардың орындалуын ұйымдастырады.
11. Мыналарды:

  1. Облыс әкімдігін;

  2. Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясын;

  3. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссиясын;

  4. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясын;

  5. Мемлекеттік органдардың дағдарысты жағдайлар қаупі төнген және туындаған кезде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметін үйлестіру жөніндегі Оңтүстік Қазақстан өңірлік жедел штабын;

  6. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссиясын;

  7. Кәсіпкерлік мәселелері бойынша сараптама кеңесін басқарады.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары

Д.А.Сатыбалды

12. Мына салалардағы мәселелерге қарайды және осы салаларда қабылданатын облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімі шешімдерінің, өкімдері мен тапсырмаларының іске асуына жеке дара жауап береді:



  1. мемлекеттік тұрғын үй саясаты;

  2. бюджеттік қаражат есебінен жүзеге асырылатын құрылыс;

3) аумақтарда құрылыс салу, бас жоспарды іске асыру және инфрақұрылым нысандарын дамыту;

4) жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау.

13. Мыналарды:

1) Оңтүстік Қазақстан облысының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасын;

2) Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын;

3) «Ақпаратты Қазақстан - 2020» 2013-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруды ұйымдастырады.

14. Өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша аудандық және қалалық әкімдіктердің жұмысын үйлестіреді.

15 Облыс әкімі орынбасарларының жұмысын үйлестіру жөніндегі жекелеген функцияларды орындайды.

16. Мыналардың:


  1. облыстық құрылыс басқармасының;

  2. облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының;

  3. облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының;

4) облыстық жер инспекциясы басқармасының;

5) Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті Жергілікті полиция қызметінің қызметіне жетекшілік етеді және жұмысын үйлестіреді.

17. «Жобалардың мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен өзара іс-қимыл жасайды.

18. Өзі жетекшілік ететін бағыттарға сай салаларда қабылданып отырған облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімі шешімдері мен өкімдерінің қолданыстағы заңнамаға және мемлекет саясатына сәйкес болуына жеке дара жауапты болады.


Облыс әкімінің орынбасары

С.Қ.Тұяқбаев
19. Мыналарды:

1) Оңтүстік Қазақстан облысының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасын;

2) Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын;

3) Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын;

4) Қазақстанның су ресурстарын басқару 2014- 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын;

5) «Ақпаратты Қазақстан - 2020» 2013-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын;

6) «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын;

7) Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013- 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасын іске асыруды ұйымдастырады.

20. Мыналарды:

1) өнеркәсіп кәсіпорындарының жұмысына мониторинг жасау, олардың қызметінің тиімділігін талдау және Оңтүстік Қазақстан облысындағы өндірістің өсуінің және экспорттық әлеуетінің қазіргі бар қорларын анықтауды;

2) өндірістік және инновациялық әлеуетті аумақтық ұйымдастыру, өндіріс қуатының тиімділігі, технологияларды жаңғырту мен трансферттеу мәселелерін ескере отырып, Оңтүстік Қазақстан облысының индустриялық-инновациялық дамуы мен инновациялық белсенділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеуді;

3) индустриялық-инновациялық салада халықаралық және шекаралас ынтымақтастық мәселелерін іске асыру, жобаларды іске асыру үшін, оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысының шикізат қорын тиімді игеру және оны тереңдетіп өңдеу бойынша жаңа өндірістер құру мақсатында инвесторларды тартуды;

4) қолданыстағы заңнама шеңберінде инфрақұрылыммен, қажетті қаржылық қаражаттармен қамтамасыз ету, техникалық және консультативтік көмек көрсету мәселелерін шешуді қоса алғанда жобаларды іске асыру үшін жағдайлар жасау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды;

5) қолданыстағы заңнама шеңберінде инновациялар мен озық технологияларды, өнімдер мен қызметтердің жаңа түрлерінің инновациялық әзірлемелерін шапшаң игеруді енгізу үшін жағдайлар жасау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды;

6) Оңтүстік Қазақстан облысында туризмді дамыту (туризм инфрақұрылымын дамыту, оның ішінде туристік салаға инвестициялар, соның ішінде шетелдік инвестиция тарту) мәселелерін іске асыруды;

7) кәсіпкерлікті дамыту, мемлекеттік органдармен бизнес-қоғамдастығының өзара әрекеттесу мәселелері, кәсіпкерлер үшін әкімшілік кедергілерді төмендету, бизнесті қолдау бағдарламаларын іске асыруды;

8) отандық тауарөндірушілердің (қазақстандық мазмұндағы) өнімдерін ұлттық компаниялар мен жүйе құраушы кәсіпорындар көлемінде арттыру мәселелерін іске асыруды;

9) өндірістік кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және олардың өнімдерін сыртқы рыноктарға жылжыту мәселелерін іске асыруды;

10) агроөнеркәсіптік кешен және халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету саласындағы даму бағдарламалардың мәселелерін іске асыруды;

11) ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін суармалы сумен қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және сату, ауылды жерлерде реформаларды тереңдету, ауыл шаруашылығы құралымдарын қаржылық сауықтыру, шаруа (фермер) қожалықтарын, маркетингтік және ветеринариялық қызметтерді, машина-технологиялық станцияларды, азық-түлік көтерме сауда, сауда-логистикалық рыноктарын дамыту, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің ассоциациялары мен одақтарының жұмысын жөнге қоюды іске асыруды.

21. Жетекшілік ететін салалары бойынша:

1) Елбасының, Президент Әкімшілігінің, Үкіметтің, облыс әкімінің тапсырмаларының орындалуына;

2) мемлекеттік және салалық бағдарламалардың, облыс аумағын дамыту бағдарламасының іске асырылуына бақылауды қамтамасыз етеді.

22. Мыналармен:

1) республикалық деңгейдегі Президент Әкімшілігімен, Премьер-Министрі Кеңсесімен, Инвестициялар және даму, Ұлттық экономика, Сыртқы істер министрліктерімен, басқа да мемлекеттік орталық органдармен, Қазақстан Республикасының шет елдердегі елшіліктері мен өкілдіктерімен, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамымен, «КазАгро» ҰБХ» акционерлік қоғамымен және өзге де ұлттық холдингтермен, даму институттары мен ұлттық компаниялармен;

2) өңірлік деңгейдегі Инвестициялар және даму, Қаржы, Ұлттық экономика, Ауыл шаруашылығы, Энергетика министрліктерімен, Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми зерттеу институтымен, Ауыл шаруашылығы дақылдарының сұрыпын сынау жөніндегі мемлекеттік инспекциясымен, «Сараптама және сертификаттау ұлттық орталығы» АҚ-ның филиалымен, «Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамымен, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Ұлттық экономикалық палатасымен, Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығымен, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы «ОҚО бизнесі» өңірлік үйлестіру кеңесімен, «Максимум» өңірлік инвестициялық орталығы» ЖШС-мен, банктермен, жоғарғы оқу орындары мен ғылыми ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды.

23. «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының, «Оңтүстік» индустриялық аймағының жұмысын үйлестіреді.

24. Мыналарға:

1) облыстық кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм, ауыл шаруашылығы басқармаларының жұмысына және өз құзыреті шегінде индустрияландыру және инвестиция тарту мәселелері жөніндегі қызметтің тиімділігін арттыру мақсатында облыс әкімдігінің басқа да басқармаларының қызметіне жетекшілік етеді және жұмысын үйлестіреді;

2) «Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК» АҚ директорлар кеңесінің, кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңесіне және өзге де кәсіпкерлікті дамыту және инвестиция тарту жөніндегі консультативтік-кеңестік органдарының жұмысына жетекшілік етеді, жұмысын үйлестіреді.

25. Өзі жетекшілік ететін бағыттарға сай салаларда қабылданып отырған облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімі шешімдері мен өкімдерінің қолданыстағы заңнамаға және мемлекет саясатына сәйкес болуына жеке дара жауапты болады.

Облыс әкімінің орынбасары

Е.Ә.Садыр

26. Мына салалардағы мәселелерге қарайды және осы салаларда қабылданатын облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімі шешімдерінің, өкімдері мен тапсырмаларының іске асуына жеке дара жауапты болады:

1) экономика және бюджеттік жоспарлау;

2) салық және қаржылық саясат;

3) мемлекеттік сатып алу.

27. Өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша аудан және қала әкімдіктерінің жұмысын үйлестіреді.

28. Мыналарды:

1) Оңтүстік Қазақстан облысының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасын;

2) Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын;

3) «Ақпаратты Қазақстан - 2020» 2013 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруды ұйымдастырады.

29. Облыстың экономикалық реформалар мәселелері бойынша, облыстың коммуналдық меншігін басқару, жергілікті бюджеттер, бюджеттен тыс және өзге де қорлар қаражаттарының жиналуы мен жұмсалуын талдау және мониторинг жүргізу мәселелеріне басшылық етуді, облыстық бюджеттің кіріс және шығыс бөлігінің атқарылуын қамтамасыз етуді, әлеуметтік саланың мемлекеттік мекемелерін және облыстық бюджеттен қаржыландарылатын атқарушы органдарды ұстауға бағытталатын қаржы ресурстарының мақсатты бөлінуіне бақылау жасауды, ауылдық аумақтарды дамыту және мемлекеттік сатып алу мәселелерін жүзеге асырады.

30. Мына:

1) облыс рейтінгісінің және облыстың аудандары мен қалалары әкімдері рейтінгісінің;

2) республикалық, сондай-ақ облыстық деңгейде болсын мемлекеттік органдардың жүргізетін қызметінің тиімділігін бағалау қөрсеткіштеріне бақылауды қамтамасыз етеді.

31. Облыс әкімі аппараты ішкі аудит қызметімен өзара іс-қимыл жасайды.

32. Мыналардың:

1) облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының;

2) облыстық қаржы басқармасының;

3) облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының қызметіне жетекшілік етеді және жұмысын үйлестіреді.

33. Мыналармен:

1) Оңтүстік Қазақстан облысы ревизиялық комиссиясымен;

2) Оңтүстік Қазақстан облысы статистика басқармасымен;

3) Оңтүстік Қазақстан облысы қазынашылық басқармасымен өзара іс-қимыл жасайды.

34. Өзі жетекшілік ететін бағыттарға сай салаларда қабылданып отырған облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімі шешімдері мен өкімдерінің қолданыстағы заңнамаға және мемлекет саясатына сәйкес болуына жеке дара жауапты болады.


Облыс әкімінің орынбасары

Сәдібеков Ұ.

35. Мына салалардағы мәселелерге қарайды және осы салаларда қабылданатын облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімі шешімдерінің, өкімдері мен тапсырмаларының іске асуына жеке дара жауапты болады:

1) денсаулық сақтау;

2) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы;

3) білім және ғылым;

4) жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау;

5) еңбек инспекциясы;

6) мәдениет;

7) мұрағат;

8) тіл саясаты;

9) гендерлік саясаты;

10) ішкі саясаты;

11) жастар саясаты;

12) дін;


13) этносаралық келісім;

14) дене шынықтыру және спорт.

36. Мемлекеттік органдардың спорттық іс-шараларды дайындау мен өткізу жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асырады.

37. Салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша жұмысын қамтамасыз етеді.

38. Президенттің Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын міндеттерді орындау бойынша әкімдіктің және облыс әкімдігіне ведомстволық бағыныстағы барлық мемлекеттік органдардың жұмысын ұйымдастырады.

39. Қоғамдық-саяси іс-шараларды әзірлеу және өткізу бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіреді.

40. Әлеуметтік-саяси жағдайды зерттеу мен болжамдауды, саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің, бұқаралық ақпарат құралдарының, діни конфессиялардың, шығармашылық одақтардың, этномәдени орталықтардың, Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясының, ардагерлер және кәсіподақтар ұйымдарының қызметін үйлестіруді қамтамасыз етеді және оларға Мемлекет басшысының, Үкіметтің ішкі және сыртқы саясатын түсіндіру жөніндегі жұмысты, әлеуметтік қақтығыстардың алдын алу және болдырмау тетіктерін қалыптастыруды ұйымдастырады.

41. Мыналарды:

1) Оңтүстік Қазақстан облысының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасын;

2) Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын;

3) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын;

4) «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын;

5) Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын;

6) Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын;

7) «Ақпаратты Қазақстан - 2020» 2013-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын;

8) Діни экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын;

9) 2006-2016 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы гендерлік теңдік стратегиясын іске асырудың Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша іс-шаралар жоспарын іске асыруды ұйымдастырады.

42. Өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша аудан және қала әкімдіктерінің жұмысын үйлестіреді.

43. Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығымен өзара іс-қимыл жасайды.

44. Мыналардың:

1) облыстық денсаулық сақтау басқармасының;

2) облыстық білім басқармасының;

3) облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының;

4) облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының;

5) облыстық ішкі саясат басқармасының;

6) облыстық дін істері басқармасының;

7) облыстық мәдениет басқармасының;

8) облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының;

9) облыстық тілдерді дамыту, мұрағаттар мен құжаттама басқармасының;

10) облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының қызметіне жетекшілік етеді және жұмысын үйлестіреді.

45. Мыналармен:

1) Қазақстан Республикасы Медициналық және фармацевтикалық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментімен;

2) Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаментімен;

3) «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» Оңтүстік Қазақстан облысы филиалымен;

6) БАҚ өкілдерімен;

7) саяси партиялардың, үкіметтік емес ұйымдар мен басқа да қоғамдық бірлестіктермен;

8) діни конфессиялармен өзара іс-қимыл жасайды.

46. Облыстың ғылыми мекемелерімен, жоғары және орта арнаулы оқу орындарымен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі комитетімен, білім және лицензиялау саласының сапасын бақылау жөніндегі аумақтық департаментімен өзара іс-қимыл жасайды.

47. Өзі жетекшілік ететін бағыттарға сай салаларда қабылданып отырған облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімі шешімдері мен өкімдерінің қолданыстағы заңнамаға және мемлекет саясатына сәйкес болуына жеке дара жауапты болады.

Облыс әкімінің орынбасары

С.Ә. Қаныбеков

48. Мына салалардағы мәселелерді қарайды және осы салаларда қабылданатын облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімі шешімдерінің, өкімдері мен тапсырмаларының іске асуына жеке дара жауап береді:

1) энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық;

2) табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу, қоршаған ортаны қорғау;

3) көлік және автомобиль жолдары;

4) жер қатынастарын реттеу;

5) тарифтік саясат;

6) байланыс және телекоммуникациялар;

7) жұмылдыру дайындығы және төтенше жағдайлар, шекара және шекара маңы мәселелерін шешу.

49. Мыналарды:

1) Оңтүстік Қазақстан облысының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасын;

2) Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын;

3) Инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын;

4) «Ақпаратты Қазақстан - 2020» 2013-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын;

5) «Жасыл аймақ» бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2014-2016 жылдарға және 2017-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын;

6) табиғи монополиялар субъектісінің инвестициялық бағдарламаның (жобаның) келісу мәселелерінің іске асыруды ұйымдастырады.

50. Құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша аудандық және қалалық әкімдіктердің жұмысын үйлестіреді.

51. Мыналардың:

1) облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының;

2) облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының;

3) облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының;

4) облыстық жер қатынастары басқармасының қызметіне жетекшілік етеді және жұмысын үйлестіреді.

52. Мыналармен:

1) Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша «Оңтүстік» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясымен;

2) «ҚазАвтожол» ҰК» АҚ Оңтүстік Қазақстан филиалымен;

3) «Оңтүстік су шаруашылығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен;

4) Гидрометеорология орталығымен;

5) Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша экология департаментімен;

6) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы инспекциясымен;

7) Арал-Сырдария бассейндік инспекциясымен;

8) Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу инспекциясымен;

9) «Қазақтелеком» АҚ филиалы – Оңтүстік Қазақстан облыстық телекомуникациялар дирекциясымен;

10) «Қазпошта» ашық акционерлік қоғамы Оңтүстік Қазақстан облысы филиалымен;

11) Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментімен;

12) Оңтүстік Қазақстан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментімен өзара іс-қимыл жасайды.

53. Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі конкурстық комиссиясының, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сарапшылық комиссиясының, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі, тiкелей келiссөздер жүргізу арқылы барлаумен немесе өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі, тікелей келіссөздер жүргізу арқылы техногендік минералдық түзілімдерді пайдалануға арналған шартты жасасу жөніндегі жұмыс топтарының жұмысын үйлестіреді.

54. Өзі жетекшілік ететін бағыттарға сай салаларда қабылданып отырған облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімі шешімдері мен өкімдерінің қолданыстағы заңнамаға және мемлекет саясатына сәйкес болуына жеке дара жауапты болады.

Облыс әкімі аппаратының басшысы
Б.Жылқышиев

55. Облыс әкімі аппаратының бекітілген регламентке және бөлімдерінің ережерлерге сәйкес облыс әкімі аппараты бөлімдері мен қызметтерінің жұмысын және әрекет етуін үйлестіруді қамтамасыз етеді.

56. «Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат кестесін, оның құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді.

57. «Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін мемлекеттік лауазымдарға тағайындайды және мемлекеттік лауазымдардан босатады.

58. «Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің тәртіптік және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады.

59. Қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады.

60. Еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерді қоспағанда, «Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілерін іссапарға жіберу, оларға демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, оларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар белгілеу мәселелерін шешеді.

61. Еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерді қоспағанда, «Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілерінің тәртіптік жауаптылығы мәселелерін шешеді.

62. Өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді.

63. Оңтүстік Қазақстан облысының жергілікті атқарушы және өкілді органдары қабылдаған шешімдердің орындалу барысын бақылайды.

64. Облыс әкімі аппаратының, аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметін ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалпы үйлестіруді жүзеге асырады.

65. Құжаттамамен қамтамасыз етуді жетілдіру, құжаттардың орындалуын бақылау мен тексеру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, әкімдіктің және басқа да консультативтік-кеңесші органдардың мәжілістерін дайындауға, облыс әкімінің хаттамалық шешімдері мен тапсырмаларының уақтылы орындалуына бақылау жасауды жүзеге асырады.

66. Іс жүргізуді ұйымдастыруды және құпия құжаттармен жұмыс істеуді қамтамасыз етеді, жергілікті мемлекеттік басқару мәселелері бойынша заңнамалық және нормативтік актілерді іске асыру жөнінде атқарушы органдар жүйесіндегі өзара іс-қимыл тәжірибесін жақсарту туралы ұсыныстар енгізеді.

67. Азаматтардың хаттары мен өзге де өтініштерін, жоғары тұрған атқарушы органдардың тапсырмаларын қарауды қамтамасыз етеді.

68. Өз құзыреті шегінде облыс әкімі аппаратының өзге де мемлекеттік басқару органдарымен, облыстық мәслихатпен және Оңтүстік Қазақстан облысының қала және аудан әкімдіктерімен, Оңтүстік Қазақстан облысының әділет департаментімен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді.

69. Заңды тұлғаның басшысы ретінде әкім аппараты мен бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің, әкімі аппаратының қызметін қамтамасыз етуге қатысты құжаттарға бірінші қол қою құқығына ие.

70. Мыналарды:

1) Діни экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын;

2) «Ақпаратты Қазақстан - 2020» 2013-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруды ұйымдастырады.

71. Мыналардың:

1) облыс әкімінің хатшылығының;

2) облыс әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және өңірлік даму бөлімінің;

3) облыс әкімі аппараты ішкі аудит қызметінің;

4) облыс әкімі аппараты персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің);

5) облыс әкімі аппараты әлеуметтік-экономикалық мониторинг және талдау бөлімінің;

6) облыс әкімі аппараты қоғамдық мониторинг бөлімінің;

7) облыс әкімі аппараты ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімінің;

8) Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының;

9) облыс әкімі аппараты заң бөлімінің;

10) облыс әкімі аппараты құқық қорғау органдарымен жұмыс жөніндегі және жұмылдыру жұмысы бөлімінің;

11) облыс әкімі аппараты жалпы бөлімінің;

12) облыс әкімі аппараты мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі тобының;



13) облыс әкімі аппараты қаржы-шаруашылық (әкімшілік) бөлімінің жұмысына басшылық етеді.

Мынадай өзара орын басу белгіленеді:


  1. Д.А.Сатыбалдыны – С.Қ.Тұяқбаев, ол болмаған жағдайда Е.Ә.Садыр алмастырады;

  2. С.Ә.Қаныбековты – Ұ.Сәдібеков, ол болмаған жағдайда Е.Ә.Садыр алмастырады;

  3. Е.Ә.Садырды – Д.А.Сатыбалды, ол болмаған жағдайда С.Қ.Тұяқбаев алмастырады;

  4. С.Қ.Тұяқбаевты – Д.А.Сатыбалды, ол болмаған жағдайда С.Ә.Қаныбеков алмастырады;

  5. Ұ.Сәдібековты – С.Ә.Қаныбеков, ол болмаған жағдайда Д.А.Сатыбалды алмастырады.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет