Оңтүстік Қазақстан облысының коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру жөніндегі Қағидасын бекіту туралы
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 24 ақпандағы № 57 Қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 30 наурызда № 2072 тіркелді
"Оңтүстік Қазақстан" 2012 жылғы 09 сәуірдегі № 56
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
__ 1 ____________________
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі Азаматтық кодексiнің (Ерекше бөлімі) 29-тарауының 1-параграфына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 2-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Жеке кәсiпкерлiк туралы" 2006 жылғы 31 қаңтардағы, "Мемлекеттiк мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413 Заңдарына, "Мемлекеттiк мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 18 сәуірдегі № 49-ө өкіміне сәйкес және облыстық коммуналдық меншiктi басқарудың тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
__ 2 ____________________ 1. Қоса беріліп отырған Оңтүстік Қазақстан облысының коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидасы бекітілсін.
__ 3 ____________________ 2. Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) әкімдіктері Оңтүстік Қазақстан облыстық коммуналдық меншікті басқару бойынша уәкілетті органға аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру жөніндегі тоқсан сайынғы жиынтық есепті есеп берілетін мерзімнен кейінгі айдың бесінен кешіктірмей ұсынуды қамтамасыз етсін.
__ 4 ____________________ 3. Мыналардың:
__ 5 ____________________ 1) "Оңтүстік Қазақстан облысының коммуналдық мүлкін мүліктік жалға (жалдауға) беру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 2 наурыздағы № 70 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004-нөмірмен тіркелген, "Оңтүстік Қазақстан" газетінде 2009 жылғы 7 сәуірде жарияланған);
__ 6 ____________________ 2) "Оңтүстік Қазақстан облысының коммуналдық мүлкін мүліктік жалға (жалдауға) беру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 2 наурыздағы № 70 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 12 мамырдағы № 187 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2027-нөмірмен тіркелген, "Оңтүстік Қазақстан" газетінде 2010 жылғы 3 маусымда жарияланған) күшi жойылды деп танылсын.
__ 7 ____________________ 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
__ 8 ____________________ 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Е.Қ. Айтахановқа жүктелсін.
Облыс әкімі А.Мырзахметов
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.Оспанов
Облыс әкімі аппаратының басшысы Б.Жылқышиев
Облыс әкімінің орынбасары Е.Айтаханов
Облыс әкімінің орынбасары Б.Әлиев
Облыс әкімінің орынбасары Ә.Бектаев
Облыс әкімінің орынбасары С.Қаныбеков
Облыстық экономика және бюджеттік
жоспарлау басқармасының бастығы Е.Садыр
Облыстық қаржы басқармасының бастығы Р.Исаева
__ 9 ____________________
Оңтүстiк Қазақстан облысы
әкiмдiгiнiң 2012 жылғы 24 ақпандағы
№ 57 қаулысымен бекiтiлген
Оңтүстік Қазақстан облысының коммуналдық мүлкін мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру
ҚАҒИДАСЫ
__ 10 ____________________
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Оңтүстiк Қазақстан облысының коммуналдық мүлкін мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру Қағидасы (бұдан әрi - Қағида) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 18 сәуірдегі № 49-ө өкіміне сәйкес әзiрлендi және облыстық коммуналдық мүліктi мүліктік жалға берудiң негiзгi принциптерi мен тәртiбiн белгiлейдi.
__ 11 ____________________
2-тарау. Қағидада пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:
жалға алушы – мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру шартында облыстық коммуналдық мүлікті белгiлi бiр мерзiмге, белгiлi төлемақымен және шартта белгiленген талаптармен уақытша иелiк етуге және пайдалануға алушы тарап;
жалға берушi – мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру шартында меншiк иесiнiң атынан уәкiлеттiк етушi тарап (коммуналдық меншікті басқаруға уәкілетті орган);
мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру - жалға берушiнiң жалға алушыға мемлекеттік коммуналдық мүлiктi уақытша иелiк ету және пайдалану үшiн белгiлi төлемақымен жалға беруi;
мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру объектiсi - коммуналдық заңды тұлғалардың теңгерiмiндегi коммуналдық мүлкінің объектісі;
мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру шарты - жалға берушi мүлiктi уақытша иелiк ету және пайдалану үшiн жалға алушыға белгiлi төлемақымен жалға беруге мiндеттенетiн шарт;
коммуналдық мүлiк – әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстердiң мүлкi;
мемлекеттік заңды тұлғалар – мемлекеттiк кәсiпорындар мен мемлекеттiк мекемелер;
мемлекеттiк мүлiк – республикалық және коммуналдық мүлiк;
тендер - қатысушылар өздерiнiң ұсыныстарын мәлiмдейтiн конкурс өткiзу нысаны;
тендердi ұйымдастырушы – коммуналдық мүлiк объектiлерiн мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру бойынша тендердi өткiзуге жалға берушiмен уәкiлеттiлік берілген тұлға;
теңгерiм ұстаушысы - иелiгiнде (теңгерiмiнде) мемлекеттiк коммуналдық мүлкi бар ұйым.
__ 12 ____________________
3-тарау. Тендердi өткiзу тәртiбi
1-параграф. Негiзгi ережелер
3. Коммуналдық мүлiктi мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру мынадай жағдайларды қоспағанда, тек тендер негiзде ғана жүргiзiледi:
1) мүлiктi мемлкеттік заңды тұлғаларға, сондай-ақ жарғылық капиталында мемлекет 100 % қатысатын заңды тұлғаларға (АҚ, ЖШС) мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру;
2) қызметтерi азаматтардың денсаулығын қорғауға, қайырымдылық және бiлiм беру мақсаттарына бағытталған коммерциялық емес ұйымдарды орналастыру үшiн үш айдан аспайтын мерзімге жайларды беру;
3) жалға берушiнiң жазбаша келiсiмiмен теңгерiм ұстаушы жүзеге асыратын теңгерiмдiк құны 150 еселiк айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын құрал-жабдықтарды, ғимараттар мен жайларды бiр айдан аспайтын мерзiмге курстық сабақтар, конференциялар, семинарлар, концерттер, спорттық және басқа да iс-шаралар өткiзу үшiн бiр айдан аспайтын мерзiмге мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру;
4) тендер өткенге дейiн үш айға дейiнгi мерзiмге мүлiктi жалдап отырған жалдаушыға мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру;
5) ауданы 50 шаршы метрге дейiнгi жайларды мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру;
6) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алу арқылы жеңімпаз болған тұлғаларға мемлекеттік бiлiм беру ұйымдарында ыстық тамақтандыруды ұйымдастыру үшін мүлікті мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру.
4. Осы Қағиданың 3-тармағының 3) және 5) тармақшаларында көзделген объектілерді мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруге екі немесе одан да көп өтінімдер берілген жағдайда, оларды мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру осы Қағидаға сәйкес тендер өткізу арқылы жүзеге асырылады.
5. Коммуналдық мүлiк объектiлерiн мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) берудi объектiнiң теңгерiм ұстаушысының ұсынысы бойынша және кәсіпорынға басқаруды жүргізетін органының келiсiмiмен (коммуналдық кәсiпорын объектiлерi үшiн) Жалға берушi жүзеге асырады.
6. Атқарушы органдар, коммуналдық мемлекеттiк мекемелер мен кәсiпорындар жарты жылда бiр рет, есептi кезеңнiң соңғы айының 25-i күнiнен кешiктiрмей жайлардың алаңдары, орналасқан орны көрсетiлген бос жайлар туралы талдамалық мәлiметтi Жалға берушiге тапсырады.
7. Тендер өткiзу кезiнде жалға берушi өзiне ұсынылған бастапқы талаптар негiзiнде мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) ұсынылған объект үшiн жоғары жалгерлiк ақыны ұсынған тендер қатысушысымен шарт жасасады.
__ 13 ____________________
2-параграф. Тендерлiк құжаттама
8. Жалға берушi тендердi өткiзу үшiн құрамына жалға берушi мен теңгерiм ұстаушының өкiлдерi кiретiн комиссия құрады. Тендерлiк комиссия мүшелерiнiң жалпы саны тақ және бес адамнан кем болмауы керек.
Тендерлiк комиссияның төрағасы болып тендер ұйымдастырушының бiрiншi басшысының орынбасарынан төмен емес лауазымды адам айқындалуы тиiс.
9. Комиссияның отырысы, егер оған комиссия мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екісі қатысса, заңды болып табылады.
Комиссияның шешiмi қатысушы комиссия мүшелерiнiң қарапайым көпшiлiк дауысымен қабылданады, дауыстар тең болған кезде комиссия төрағасының дауысы шешушi болып табылады.
10. Тендерлiк комиссия хатшысы тендерлiк комиссия мүшесi болып табылмайды және тендерлiк комиссия шешiм қабылдаған кезде оның дауыс беру құқығы жоқ.
Тендерлiк комиссия хатшысы тендерге қатысуға келiп түскен өтiнiмдердi тiркеу кiтабын жүргiзедi, тендерлiк комиссия мәжiлiстерiнiң хаттамаларын рәсiмдейдi.
11. Жалға берушi осы Қағиданың 1 қосымшасына сәйкес үлгі бойынша есептелетiн, негiзгiлерiнiң бiрi жалдау ақысы мөлшерлемесiнiң бастапқы көлемi болып табылатын тендердiң шарттарын әзiрлейдi.
12. Жалға берушi жарияланған тендер өткiзiлетiн күнге дейiн, он бес күннен кешiктiрмей, мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беруге ұсынылған объектiлер туралы ақпараттық хабарламаны мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жалға берушінің интернет-ресурсында орналастырады және/немесе бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.
Тендер өткiзу туралы ақпараттық хабарламада төмендегi деректер қамтылуы тиiс:
1) мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру объектiсi жөнiнде, оның орналасқан жерi, теңгерiмiнде болып табылатын ұйымның атауы мен орналасқан жерi қамтылатын ақпарат;
2) мүлiктiк жалдау мерзiмi;
3) айлық жалдау ақысының бастапқы мөлшерлемесi;
4) тендер өткiзу күнi, уақыты және орны;
5) тендерге қатысуға өтiнiмдерді қабылдау мерзiмi;
6) кепiлдi жарнаның сомасы;
7) жалға берушiнiң қалауы бойынша басқа да ақпараттар.
13. Тендердiң шарттары немесе жеңiмпазды таңдаудың критерийлерi жалға берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.
14. Тендердi ұйымдастыру және өткiзу шығындары тиісті бюджет қаржысы есебiнен жүзеге асырылады.
15. Тендерлiк құжаттама мына төмендегi негiзгi бөлiмдердi қамтуы тиiс:
1) тендер объектiсi жөнiндегi мәлiмет;
2) өтiнiм мазмұны бойынша талаптар және онымен бiрге ұсынылатын құжаттар;
3) тендер өткiзу тәртiбi мен шарттары;
4) мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру шартының жобасы;
5) тендерге қатысу үшiн өтiнiм нысаны.
16. Тендерге қатысушыларды тiркеу ақпараттық хабарламалар жарияланған күннен бастап жүргiзiледi және тендер басталуына бiр жұмыс күні қалғанда аяқталады.
17. Тендер өткiзу туралы ақпараттық хабарлама жарияланғаннан кейiн объектiлер туралы және тендер өткiзу шарттары туралы барлық мәлiметтерге тiлек бiлдiрушiлердiң еркiн қолжетiмдiлiгi қамтамасыз етiледi.
__ 14 ____________________
3-параграф. Тендерге қатысуға өтiнiм
18. Тендерге жеке және заңды тұлғалар қатыса алады.
19. Тендерге қатысуға ниет бiлдiрген қатысушы өтiнiмдердi ұсыну мерзiмдерi аяқталғаннан кейiн өз өтiнiмiн өзгертпейтiнiне немесе қайтармайтынына және егер оның өтiнiмi жеңген жағдайда, мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру туралы шарт жасасуына кепiлдiк беретiн кепiлдiк жарнаны төлейдi.
20. Кепiлдiк жарнаны қатысушы тендер ұйымдастырушының тиiстi есеп шотына төлейдi. Бұл орайда, кепiлдiк жарнаның мөлшерi барлық тендер қатысушылары үшiн бiрдей болуы тиiс.
Кепiлдiк жарна жалға берiлетiн объектiнiң бастапқы бағасынан 10 пайыз мөлшерiнде есептеледi.
21. Тендерге қатысушы ретінде тіркелу үшiн төмендегi құжаттарды тапсырылады:
1) ақпараттық хабарлануда көрсетілген тендер шарттары мен тендер қатысушының өзі ұсынысымен келісім-шарттқа отырудың, ол тендер жеңімпазы болып анықталған жағдайда 4 қосымшасына сәйкес үлгі бойынша тендерге қатысу үшін жазбаша міндеттемесі болып табылатын өтінімі;
2) баға ұсынысы – қолымен және мөрімен (егер жеке тұлғада бар болса) расталған жазбаша түрде жабық конверттiң iшiнде тапсырылатын объектiнi жалдау бағасын көрсететін ұсыныс, басқа құжаттардан бөлек және ықтимал қатысушының мекен-жайы мен «(Объекттің атауы) ОБЪЕКТ БОЙЫНША КОНКУРС және (конвертті ашу күні мен уақыты көрсетіледі) ДЕЙІН АШУҒА БОЛМАЙДЫ» деген мәтін жазылған жабық конвертте осы Қағиданың 5 қосымшасына сәйкес үлгі бойынша тапсырылады;
3) заңды тұлғалар үшiн - заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң; жарғының; құрылтайшыларының келісім шартының; Қазақстан Республикасы салық төлеушiсi куәлiгiнiң нотариалды куәландырылған көшiрмелерi; кепiлдi жарнаның салынғанын растайтын құжат;
4) жеке тұлғалар үшiн - жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің; жеке тұлғаның жеке басын растайтын құжаттың; Қазақстан Республикасы салық төлеушiсi куәлiгiнiң нотариалды расталған көшiрмелерi; кепiлдiк жарнаның енгiзiлгенiн растайтын құжат;
5) өтінімді беру сәтінде салықтық берешегі жоқ екені туралы салық органының анықтамасы.
22. Тендерге қатысу өтінімі тендерлік құжаттамада анықталған талаптар мен шарттарға сәйкес жасалады. Өтінім қосарланған конверттерде қабылданады. Сыртқы конвертте осы Қағиданың 21-тармағында айтылған құжаттар болуы тиіс. Ішкі конвертте үміткердің ұсынысы болуы тиіс. Ішкі конверт өтінім берген сәтте жабық және үміткермен мөрленуі тиіс.
23. Тендерге қатысу өтінімді қабылдаған кезде тендерлiк комиссия хатшысы ішкі конвертке салынғандарды қоспағанда, құжаттардың толықтығын тексереді. Егер құжаттар осы Қағиданың 21-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, тендерлiк комиссия хатшысы өтінімді қабылдаудан және тіркеуден бас тартады.
24. Тендерге қатысу өтінімін осы Қағиданың 21-тармағының 2-тармақшасын қоспағанда ықтимал қатысушының мекен-жайы көрсетілген бөлек жабық емес конвертте тендерлік комиссия хатшысымен тіркелу үшін тапсырылады (тігілген түрде, парақтарына нөмір қойылған және соңғы бетіне қол қойып, мөр басылған (егер жеке тұлғада бар болса). Тендерге қатысуға ниет білдірген адамдарды тіркеу Тіркеу кітабында көрсетіледі.
25. Тендер басталғанға дейiн тендерге қатысушылар жөнiндегi мәлiметтердi жариялауға болмайды.
26. Комиссия төмендегi жағдайларда тендерге қатысу үшiн ұсынылған өтiнiмдi қабылдамауға құқылы:
1) тендерге қатысушы өзi туралы жалған мәлiмет бергенде;
2) сенiмхат тиiстi түрде рәсiмделмегенде (өкiл үшiн);
3) кепiлдiк жарнаның салынғанын растайтын құжат болмағанда;
4) өтiнiмді көрсетiлген мерзiм бұзылып берiлгенде;
5) егер тендерге қатысушы бұрынғы тендер жеңiмпазы бола тұрып коммуналдық мүлікті мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру шартын жасасу және орындау бойынша мiндеттемелерiн орындамаса.
Басқа негiздер бойынша өтiнiмдi қабылдамауға жол берiлмейдi.
27. Егер жалған ақпарат ұсынған жағдайда тендерге қатысушы осы факт анықталған сәттен бастап бiр жыл бойына тендерлерге қатысуға жiберiлмейдi.
28. Тендерге қатысушы:
1) мүліктік жалдауға (жалға алуға) берiлетiн объект жөнiнде тегiн мәлiмет алуға;
2) объектiнi алдын-ала қарауға;
3) мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру шарты жобасының талаптарымен танысуға;
4) жеке өзi немесе тиiстi түрде рәсiмделген сенiмхат негiзiнде өзiнiң өкiлi арқылы тендерге қатысуға;
5) жалға берушiге жазбаша хабарлап өзiнiң тендерге қатысу өтiнiмiн ол басталғанға дейiн бiр тәулiк бұрын қайтарып алуға;
6) өзiнiң құқықтары бұзылған жағдайда сотқа жүгiнуге құқылы.
__ 15 ____________________
4-параграф. Тендер рәсiмi
29. Тендердi комиссия өткiзедi.
Тендер басталар алдында жалға берiлетiн коммуналдық меншiк объектiсi, оның техникалық деректерi және бастапқы жалдау ақысы хабарланады.
30. Тендер өткiзiлген кезде:
1) объектiнi мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) тiлек бiлдiретiн бiрнеше қатысушы қатысса, комиссия жалға берiлiп отырған объектiге ең жоғары жалдау ақысын ұсынған Қатысушыны тендер Жеңiмпазы деп жариялайды;
2) тендерге жалғыз қатысушы қатысқан жағдайда, (екiншi және келесi тендерлердi қоспағанда), тендер өткізілмеді деп танылады. Өткізілмеген тендер туралы шешім тиісті хаттамамен рәсімделеді;
3) қайта тендерге жалғыз қатысушы қатысқан жағдайда, онымен қатысушы ұсынған жалдау ақысы бойынша мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру шарты жасалады, бiрақ ол баға бекiтiлген бастапқы жалға беру ақысынан төмен болмауы керек.
31. Егер тендер өткiзiлген кезде барлық қатысушылар жалға берiлетiн объектiге бiрдей жалдау ақыларын ұсынса, тендер комиссиясының шешiмi ашық дауыс беру тәсілмен қабылданады және тендер комиссия мүшелерi отырысына қатысқан жалпы санының көпшiлiк дауысы берiлген шешiмімен қабылданады.
32. Жалға берiлген объектiнiң жалдаушысы болып табылатын тендерге қатысушы тендер өткiзу кезiнде жалға беру құқығының артықшылықтарын пайдаланады, яғни тендер өткiзу кезiнде қатысушылардың барлығы тең баға ұсынса, сол коммуналдық мүлiк объектiсiнiң адал ниетті болып табылған жалгерi жеңiмпаз болып танылады. Бұл талап жөнiнде тендерге қатысушылар ол басталғанға дейiн ескертiлуi тиiс.
__ 16 ____________________
5-параграф. Тендердiң қорытындыларын рәсiмдеу
33. Тендер жеңiмпазын анықтайтын тендер комиссиясының қорытындысы немесе тендердің қорытындылары бойынша өзге шешiм тендер аяқталғаннан кейін бір күн мерзімде хаттамамен рәсiмделедi және тендер комиссиясының барлық мүшелерiнің қолдары қойылады.
Тендер жеңiмпазын айқындайтын хаттамаға тендердi жеңiп алушы да қол қояды.
34. Тендер қорытындысы комиссия мәжiлiсiнiң хаттамасымен рәсiмделедi, онда төмендегiлер көрсетiледi:
1) комиссияның құрамы;
2) объектiнiң атауы;
3) тендердің шарттары;
4) тендерге қатысушылар туралы деректер;
5) тендер өткiзу кезiнде белгiленген жалдау ақысының мөлшерлемесi;
6) тендер жеңiмпазы;
7) жалға берушi мен тендер жеңiмпазының шартқа қол қоюы бойынша мiндеттемелерi;
8) жеңiмпаздан кейiн жалдау ақысының ең жоғары мөлшерлемесiн ұсынған тендерге қатысушы.
35. Тендер нәтижелерi туралы хаттаманың көшiрмесi тендер жеңiмпазына берiледi және оның мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру шартын жасасу құқығын куәландыратын құжат болып табылады.
36. Тендер жеңiмпазы мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру шартын жасасудан бас тартқан жағдайда ол салған кепiлдiк жарнасы ұсталып қалады және тиісті бюджетке аударылады. Мұндай жағдайда жалға берушi жеңiмпаздан кейiн жалдау ақысы мөлшерлемесiнiң ең жоғарғысын ұсынған тендер қатысушысымен мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру шартын жасасуға құқылы.
37. Кепiлдiк жарна:
1) егер тендер қатысушысы тендерлiк құжаттамаларды ұсынудың соңғы мерзiмi аяқталғаннан кейiн баға ұсынысын керi қайтарған жағдайда;
2) тендер жеңiмпазына, егер ол тендерге қатысу кезiнде көрсетiлген ұсыныстарға жауап беретiн шарттар бойынша шартты жасасудан бас тартқан жағдайда қайтарылмайды.
Қалған барлық жағдайларда кепiлдiк жарналар қатысушының реквизиттерi көрсетiлген тендер қатысушысының кепiлдiк жарнасын қайтару туралы өтiнiшi негiзiнде қайтарылады.
38. Тендер жеңiмпазының кепiлдiк жарнасы мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру шарты бойынша жасалатын төлемдерге жатқызылады.
__ 17 ____________________
4-тарау. Мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру шартын жасасу және объектiнi жалдаушыға тапсыру тәртiбi
39. Жалға берушi тендер жеңiмпазымен Қазақстан Республикасы Үкiметi бекiтетiн үлгi шартпен айқындалатын шартты тендер хаттамасына қол қойған күннен бастап 10 күннен кешiктiрмей белгiлi бiр мерзiмге жасасады.
40. Мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру объектiсiн теңгерiм ұстаушысы жалға берушiмен бекiтілген қабылдау-өткiзу актiсi бойынша жалдаушыға өткiзедi, онда төмендегiлер көрсетiледi:
акт түзудiң күнi мен орны;
өкiлдерге тараптардың мүдделерiн бiлдiруге уәкiлеттiк беретiн құжаттардың атауы мен реквизиттерi;
объектiнi өткiзуге негiз болып отырған мүлiктiк жалдау шартының күнi және нөмiрi;
өткiзiлетiн объектiнiң (объектердің) жарамсыздығын (егер болса) көрсетілген техникалық жағдайы;
тараптардың мөрлерiмен (заңды тұлғалар үшiн) расталған қолдары.
41. Қабылдау-өткiзу актiсi үш данада жасалады, оның бiреуi жалға берушiде сақталады, екiншiсi - жалдаушыға тапсырылады, үшiншiсi - теңгерiм ұстаушыда болады.
42. Теңгерiм ұстаушы жалдаушыға шартқа қол қойылған күннен бастап 5 күннен аспайтын мерзiмде объектiнi тапсыруды қамтамасыз етуге мiндеттi. Жалдау ақысы қабылдау-өткiзу актiсiне қол қойылған күннен бастап есептелiнедi.
43. Жалға беру шартының қолданылу мерзiмi аяқталғаннан кейiн немесе шарт мерзiмiнен бұрын бұзылған жағдайда жалдаушы жалға берілген объектiсiн қабылдау-өткiзу актiсi бойынша табиғи тозуды есепке ала отырып, объектіні бастапқы жай-күйiнде, сонымен қатар қарыздардан және басқа да мiндеттемелерден бос күйде теңгерiм ұстаушыға қайтаруға мiндеттi.
44. Өз мiндетiн лайықты түрде атқарған жалға алушының, егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмесе, шарт мерзiмi аяқталғаннан кейiн басқа тұлғалардың алдында мүлiкті жалдау шартын жаңа мерзiмге жасау үшiн басқадай тең жағдайларда артықшылық құқығы болады.
45. Бір жылдан артық мерзімге жасалған шарт мемлекеттік тіркеуге жатады және осындай тіркеу сәтінен бастап жасалған болып есептеледі. Мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру шартын мемлекеттiк тiркеуден өткiзу жалдаушының есебiнен жүзеге асырылады.
46. Жалға алушы, егер заңнамада немесе шартта өзгеше көзделмесе, мүлiктi дұрыс күйде ұстап-тұтынуға, ағымдағы жөндеудi өз есебiнен жүргiзуге және мүлiктi ұстап-тұтынуға кететiн шығындарды көтеруге мiндеттi.
47. Жалдаушы бiр айдан кешiктiрмей жалға берушiнi жазбаша түрде ескерте отырып, шартты мерзiмiнен бұрын бұзуға құқылы.
48. Шарт әрекетi мерзiмiнен бұрын мына жағдайларда тоқтатылады:
1) заңды тұлға ретiнде жалдаушының таратылуы;
2) жалдаушының жалға беру шартының талаптарын бұзған жағдайда;
3) заң актiлерi мен шартта белгiленген жағдайларда тараптардың келісімдері бойынша;
4) жайды жалға алғаны үшiн төлемақы шартта белгiленген мерзiмде екi реттен көп төленбеген жағдайда;
5) Қазақстан Республикасы заңнамасында немесе шартта белгiленген басқа да жағдайларда.
49. Шарт мерзiмiнен бұрын бiр жақты тәртiппен бұзылған жағдайда сот тәртiбiмен шағымдануға болады. Сот шешiмi күшiне енгенге дейiн объект шартқа сәйкес мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру ақысын төлеп отырған жалдаушыда сақталады.
50. Қандай да бiр негiздер бойынша мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру шарты мерзiмiнен бұрын тоқтатылған жағдайда, сонымен бiрге, бұрын жалға берiлмеген объектi пайда болған жағдайда жалға берушi тендер өткiзiлгенге дейiн базалық мөлшерлеменi қолдана отырып, кез келген жалдаушымен жаңа мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру шартын жасасуға құқылы.
Аталған жағдайларда тендер теңгерім ұстаушысының өтініші берілген сәттен бастап бір ай мерзiмнен кешiктiрiлмей өткiзiлуі тиiс.
__ 18 ____________________
5-тарау. Жалдау ақысын есептеу тәртiбi
51. Жалдау ақысы коммуналдық мүлiктiң жалға беру шарттары бойынша тиісті жергілікті бюджетке аударылады.
52. Жалға беруге ұсынылатын жылжымайтын мүлiктiң жалдау ақысының мөлшерлемелерi осы Қағиданың 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес анықталады.
53. Жылжымалы мүлiкке (құрал-жабдықтар) жалдау ақысының базалық мөлшерлемесi жалға берушiмен мына төмендегi формула бойынша есептеледi:
Жа =
|
( Бқ * Өм) + (Ққ * Қж)
|
12
|
Жа - мүлiктi жалдағаны үшiн айлық жалдау ақысының мөлшерлемесi, (теңге);
Бқ - бекiтiлген активтердiң (мүлiктердiң) бастапқы құны, теңге;
Өм - Қазақстан Республикасының салықтық заңнамасына сәйкес (жалға берушi мүлiктiк жалдауға тапсырылатын жабдықтардың жеделдетiлген өтелiмiне өтелiм мөлшерлемесiне түзету енгiзуге құқығы бар) анықталатын бекiтiлген активтер (мүлiктер) өтелiмiнiң шектi мөлшерi, пайыздар;
Ққ - бекiтiлген активтердiң (мүлiктердiң) қалдық құны, теңге;
Қж - Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң қайта қаржыландыру мөлшерлемесi, пайыздар.
54. Коммуналдық қызметтер және мүлiктi ұстау төлемдерi жалдау ақысына қосылмайды. Егер мұндай төлемдердi орталықтандырылған төлеу үшiн шоғырландырса, жалдаушы оларды бөлек тiкелей қызметтердi жеткiзушiге немесе теңгерiм ұстаушының есеп айырысу шотына аударады.
55. Жалға берушi мен теңгерiм ұстаушыға жалдаушыдан жалдау ақысы және жалдағы мүлiктi ұстауға кететiн нақты шығындар төлемiнен басқа төлемдер алуға тыйым салынады.
56. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң қайта қаржыландыру мөлшерлемесi көтерiлген жағдайда жалға берушi бiр жақты тәртiппен жалдау ақысын өзгертуi мүмкiн.
__ 19 ____________________
6-тарау. Осы Қағиданы бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
57. Коммуналдық мүлiктiң теңгерiм ұстаушысының бірінші басшылары мен жалға берушiнің лауазымды тұлғалары Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған тәртiпте:
1) жалған ақпарат ұсынғаны;
2) пайдаланылмаған мемлекеттiк коммуналдық мүлiктердi жасырғаны;
3) шарттық қатынастарды жасырғаны;
4) коммуналдық мүлiктi тендерден тыс мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) бергенi (осы Қағидада аталып өткен жағдайлардан басқа);
5) тендердiң талаптарын бұзғаны;
6) объектiнi тапсырудан немесе уақытында тапсырудан бас тартқаны үшiн жауапты болады.
__ 20 ____________________
7-тарау. Ерекше жағдайлар
58. Жергiлiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерi Қазақстан Республикасының "Тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану туралы" Заңына сәйкес Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаулысымен пайдалануға берiледi.
__ 21 ____________________
8-тарау. Қорытынды және ауыспалы ережелер
59. Осы Қағида күшiне енгеннен кейiнгi туындайтын қатынастарды реттейдi.
60. Осы Қағидада қамтылмаған қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледi.
__ 22 ____________________
Оңтүстік Қазақстан облысының
коммуналдық мүлкін мүлiктiк жалдауға
(жалға алуға) беру қағидасына
1-қосымша
Мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беруге ұсынылған Оңтүстiк Қазақстан облыстық коммуналдық жылжымайтын мүлкін жалдау ақысының
МӨЛШЕРЛЕМЕЛЕРI
Оңтүстiк Қазақстан облысының коммуналдық меншiгi болып табылатын, мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беруге ұсынылған жылжымайтын мүлiкке жалдау ақысының мөлшерлемесi төмендегiлердi құрайды:
жарғылық капиталында мемлекет 100 % қатысатын заңды тұлғаларды және коммерциялық емес ұйымдарды (Қағиданың 3-тармағының 2-тармақшасында көрсетiлген) орналастыру үшiн – айына бiр шаршы метр үшiн 100 (жүз) теңге;
мемлекеттiк заңды тұлғалар үшiн – бiр шаршы метр үшiн 0 (нөл) теңге;
басқа заңды және жеке тұлғалар үшiн:
1) Шымкент қаласының аумағында орналасқан объектiлерге бiр шаршы метр үшiн айына 350 (үш жүз елу) теңге;
2) Оңтүстiк Қазақстан облысының қалалары мен аудандардың аумақтарында орналасқан объектiлерге бiр шаршы метр үшiн айына 300 (үш жүз) теңге;
3) Бiлiм беру ұйымдарында тамақтандыруды ұйымдастыру үшiн бiр шаршы метрге айына - 100 (жүз) теңге;
4) Мәдениет сарайларында, кинотеатрларда және жастар орталықтарында курстық сабақтар, конференциялар, семинарлар, концерттер, спорттық және басқа да iс-шаралар өткiзу үшiн бiр шаршы метр үшiн сағатына 20 (жиырма) теңге.
Оңтүстiк Қазақстан облысының
коммуналдық жылжымайтын мүлiктiң аумақтық
орналасқан жерiн ескеретiн жоғарылату коэффициентi
№
|
Объектiнiң орналасқан аумақтық жерi
|
жоғарылату коэффициенттерi
|
1
|
Шымкент қаласы бойынша
|
|
|
1-аймақ
|
2,5
|
|
2-аймақ
|
2,0
|
|
3-аймақ
|
1,5
|
2
|
Қала, аудан орталықтарында және кенттерде
|
1,5
|
|
ауылдық жерлерде
|
1
|
__ 23 ____________________
Оңтүстік Қазақстан облысының
коммуналдық мүлкін мүлiктiк
жалдауға (жалға алуға) беру қағидасына
2-қосымша
Шымкент қаласы бойынша облыстық коммуналдық жылжымайтын
мүлiктiң аймақтық шекаралары (схемалық карта)
РҚАО-ның ескертпесі! (қағаз нұсқасын қара)
__ 24 ____________________
Оңтүстік Қазақстан облысының
коммуналдық мүлкін мүлiктiк жалдауға
(жалға алуға) беру қағидасына
3-қосымша
Шымкент қаласы бойынша облыстық коммуналдық жылжымайтын
мүлiктiң аймақтық шекараларының сипаттамасы
1–аймақ:
Мәделi Қожа көшесiнен бастап Жолдасбеков көшесiне дейiн;
Жолдасбеков көшесiнен бастап Тәуке хан даңғылына дейiн;
Жолдасбеков көшесi мен Тәуке хан даңғылының қиылысынан бастап түзу Қалдаяқов көшесiне дейiн;
Қалдаяқов көшесiнен бастап Мақталы (Хлопковая) көшесiне дейiн;
Мақталы (Хлопковая) көшесiнен бастап Темiрлан тас жолына дейiн;
Мақталы (Хлопковая) көшесi мен Темiрлан тас жолының қиылысынан бастап Қожанов (Щербакова) көшесiне дейiн;
Қожанов (Щербакова) көшесiнен бастап Мәделi Қожа көшесiне дейiн.
2–аймақ:
2-аймақтың iшкi шекарасы 1-аймақтың шекарасынан бастап келесi аймақты қамтиды (сыртқы шекара):
Т. Рысқұлов және А. Байтұрсынов көшелерiнiң қиылысынан бастап Сайрам көшесiнiң соңына дейiн;
Сайрам көшесiнен бастап Ақназар хан (Попова) көшесiнiң қиылысына дейiн;
Ақназар хан (Попова) көшесiнен бастап Жансүгiров көшесiне дейiн;
Жансүгiров көшесiнен бастап Володарский көшесiне дейiн;
Володарский, Громов, Сеченов көшелерiнiң бойымен Богдан Хмельницкий көшесiне дейiн;
Богдан Хмельницкий көшесiнен бастап Темiрлан тас жолына дейiн;
Тың (Целинная) көшесiнен бастап түзу Т.Рысқұлов және А. Байтұрсынов көшелерiнiң қиылысына дейiн.
3-аймақ:
3-аймақтың шекара аумақтары 2-аймақтың сыртқы шекарасынан бастап Шымкент қаласының солтүстiк, шығыс, оңтүстiк және батыс аумақтарын қамтиды.
__ 25 ____________________
Оңтүстік Қазақстан облысының
коммуналдық мүлкін мүлiктiк жалдауға
(жалға алуға) беру қағидасына
4-қосымша
Оңтүстік Қазақстан облысының коммуналдық мүлкін мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру бойынша тендерге қатысу үшін
ӨТІНІМ
1. Мен________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(өтінімді берген жеке тұлғаның толық аты-жөні, мекен жайы және төлқұжатының немесе жеке тұлғаны куәландыратын құжаттары туралы мәліметтер)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(алаңы көрсетілген объекттің атауы)
шаршы метр жайын жалға беру туралы жарияланған хабарламаны қарап, тендерге қатысу үшін өтінімді қабылдауды сұраймын.
2. Егер мен тендер жеңімпазы болып анықталған жағдайда өзіме тендердiң хаттамасына қол қойылған күннен бастап он күннен кешіктірмей келісім-шарт жасасуға міндеттенемін.
3. Егер тендерге өзiмнің ұсынысымнан бас тартсам нeмece оны тендер мерзiмi өткенге дейiн өзгерткенде, тендер жеңiмпазына тендерге қатысу кезiнде мәлiмделген ұсыныстарға жауап беретiн талаптарда тиiстi шарт жасасудан бас тартқан жағдайда кепілді жарнаның қайтарылмайтындығы туралы ескертілдім.
4. Тендерді өткізу талаптарымен таныстым және келіскенім туралы растаймын.
5. Менің өтінімімді қарау нәтижелері бойынша шешімді____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
мекен жайға хабарлауды сұраймын.
6. Осы өтінімге келесі құжаттарды тіркеймін.
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Төлем реквизиттері:
____________________________________________________________________
(банк реквизиттері, банк атауы, СТН, ЖСК, БСК)
____________________________________________________________________
(алушының реквизиттері, атауы, СТН, ЖСК, КБе, ағымдағы шот)
____________________________________________________________________
7. Қатысушының толық атауы (заңды тұлғаның немесе аты-жөні) және жеке тұлға туралы мәлімет, орналасқан жері (мекен-жайы, сымтетігі, факс және т.б.) ____________________________________________________________________
(қолы) (сенімхат негізінде әрекет ететін өкілетті тұлға)
«_____»_____________20__ жыл
|
__________________________________ (қолы, аты, жөні)
|
Қабылданды: «____»________20__ жыл
|
__________________________________
(қолы) (тендерлік комиссия хатшысының аты-жөні)
|
__ 26 ____________________
Оңтүстік Қазақстан облысының
коммуналдық мүлкін мүлiктiк жалдауға
(жалға алуға) беру қағидасына
5-қосымша
Коммуналдық мүлкін жалға беру бойынша
БАҒА ҰСЫНЫСЫ
____________________________________________________________________
(Ықтимал қатысушының атауы (заңды тұлға үшін)
____________________________________________________________________
(Бастықтың немесе өкілетті тұлғаның аты-жөні)
____________________________________________________________________
(СТН)
____________________________________________________________________
(Жеке куәлік №)
____________________________________________________________________
(Жеке кәсіпкердің куәлігі №)
____________________________________________________________________
(Объектінің орналасқан мекен-жайы және жалданатын жайдың алаңы, ш/м)
_________________________________________ тұрғын емес бос жайын жалға алуға ұсынылатын баға:
Айына ______________________________________________________________
(санды және жазбаша түрде көрсету керек)
Жылына _____________________________________________________________
(санды және жазбаша түрде көрсету керек)
Екі жылға___________________________________________________________
(санды және жазбаша түрде көрсету керек)
__________________________
м.о. (аты-жөні, қолы)
Ескерту: Баға ұсынысы жабық конвертте тапсырылуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |