ОҢТҮстік қазақстан облысының Өндірістік-экономикалық Әлеуетін талдау айдарова А. Б., Алиева Э. М. Aidarova A. B., Alieva E. M



Дата03.07.2016
өлшемі188.16 Kb.
#174170
ӘОЖ 338.312;338.514(574.5)

UDC 338.312;338.514(574.5)


ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӨНДІРІСТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ

ӘЛЕУЕТІН ТАЛДАУ
Айдарова А.Б., Алиева Э.М.

Aidarova A.B., Alieva E.M.

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Шымкент, Қазақстан

M.Auezov South Kazakhstan State University, Shymkent, Kazakhstan

@e.mail: ab_moon@mail.ru
Резюме

Согласно Стратегии долгосрочного социально-экономического развития Казахстана на период до 2050 года, освоение экономикой Казахстана инновационного пути связывается с реализацией комплекса направлений по формированию эффективной системы управления региональным экономическим развитием. Для регионов Казахстана данная проблема лежит в плоскости выбора стратегии развития региональной экономики, реализация которой связана как с реструктуризацией и техническим перевооружением сфер экономики, так и с выработкой эффективных форм и инструментария регулирования процессов сбалансированного развития и рационального использования регионального производственно-экономического потенциала в разрезе всех его составляющих.

Производственно-экономический потенциал региона является сложной, многогранной, многоуровневой категорией, в связи с чем закономерности его формирования, функционирования, использования и развития могут быть раскрыты только на основе комплексного системного исследования. Состояние и возможные качественные и количественные изменения производственно-экономического потенциала предопределяют достижение необходимого производственного роста и повышение благосостояния населения территорий.

Таким образом, выявление предпосылок формирования и совершенствование механизмов реализации экономического потенциала является основным фактором решения социально-экономических проблем и важнейшим условием сбалансированного регионального развития, что актуализирует тему исследования.


Аbstract

According to the Strategy of long-term social and economic development of Kazakhstan for the period till 2050, development by economy of Kazakhstan of an innovative way contacts realization of a complex of the directions on formation of an effective control system of regional economic development. This problem for regions of Kazakhstan lies in the plane of the choice of strategy of development of regional economy which realization is connected with restructuring and modernization of spheres of economy, and with development of effective forms and tools regulation of processes of the balanced development and rational use of regional productive and economic potential in a section of all his components.

Productive and economic capacity of the region is difficult, many-sided, multilevel category in these connection regularities of its formation, functioning, uses and developments can be opened only on the basis of complex system research. The state and possible high-quality and quantitative changes of productive and economic potential predetermine achievement of necessary production growth and increase of welfare of the population of territories.

Thus, detection of prerequisites of formation and improvement of mechanisms of realization of economic potential is a major factor of the solution of social and economic problems and the most important condition of the balanced regional development that satirizes a research subject.


Кілттік сөздер: өндірістік-экономикалық әлеует, инвестиция, өнеркәсіп, өндіріс, ОҚО, индустриалды аймақ, Арнайы экономикалық аймақ

Keywords: productive and economic potential, investment, industry, production, SKR, industrial zone, special economic zone
Қазақстан Республикасы “Қазақстан-2050” ұзақ мерзімді бағдарламасы және 2015 жылға дейінгі мерзімге арналған индустриялық-инновациялық даму стратегиялық жоспарына сәйкес ілгері дамып, бүкіл әлемдік қауымдастық алдында беделі өсіп келеді. Сонымен қатар, соңғы жылдары экономикалық жаңа талаптарға сай өндірістік инфрақұрылымның жетілдірілуі, өңдеуші және өндіруші өнеркәсіптерінің, агроөнеркәсіп секторларының дамуы айқындалуда [1].

Нарықтық қатынастар аясының кеңеюі, экономиканы басқару жүйесіндегі соңғы уақытта жүргізіліп жатқан өзгерістер аймақтардың әлеуметтік-экономикалық жүйедегі орны мен рөліне айтарлықтай ықпалын тигізді. Осыған орай аймақ экономикасын басқару, олардың дамуын мемлекет тарапынан реттеу үшін аймақтың өндірістік-экономикалық әлеуетін талдау және дамуын жоспарлау мәселелері өзекті бола түсері сөзсіз.

Республикамыздың әрбір аймағы еліміздің шаруашылық кешенінде белгілі бір орынды ала отырып, осыған қоса басқа аймақтармен бүтіндей экономикалық бірлікті құрайды. Сондай-ақ әр аймақтың өзіндік табиғи ресурстары, оларды орналастырудағы ерекшеліктері, экономикалық даму деңгейі, өзіндік шаруашылық құрылымы бар. Соған байланысты аймақтық саясат қалыптастырылып, жүзеге асырылады. Бірақ барлық мемлекеттер қолдану үшін оңтайлы болып табылатын әмбебап үлгі жоқ, әрбір мемлекет тарихи дамуының белгілі бір кезеңінде өзінің ұлттық ерекшеліктеріне сай келетін ыңғайлы үлгіні жасақтауы тиіс. Мұның барлығы да өз еліміздіц және шет мемлекеттердің даму тәжірибелерін тереңірек талдау, ой елегінен өткізу міндеттерін жүктейді.

Оңтүстік Қазақстан облысы елеулі өндірістік-экономикалық әлеуетімен ерекшеленеді.

Аймақтың экономикалық әлеуетінің дамуының негізгі көрсеткіші – жалпы аймақтық өнім және жан басына шаққандағы ЖАӨ (1 кесте).

1 кесте – ҚР мен ОҚО жалпы аймақтық өнім (ЖАӨ) көрсеткіштерінің динамикасы




Жылдар

ЖАӨ( млрд.теңге)

Жан басына шаққандағы ЖАӨ (мың теңге)

ОҚО жан басына шаққандағы ЖАӨ өсімі (алдыңғы жылға %)

ҚР

ОҚО

ҚР

ОҚО

2009

17007,6

925,5

1056,8

372,1




2010

21815,5

1205,3

1336,5

474,6

127,5

2011

27571,9

1507,2

1665,1

580,9

122,4

2012

30347,0

1870,6

1807,3

705,8

121,5

2013

35275,2

2142,4

2070,7

791,7

112,2

Кесте мәліметтерінен көріп отырғанымыз, соңғы 5 жылда облыста өндірілген жалпы аймақтық өнім көлемі жыл сайын қарқынды өсіп келеді.

2009 жылы бұл көрсеткіш 925,5 млрд. теңге болса, 2013 жылы 2142,4 млрд. теңгеге дейін өсті.

Халықтың жан басына шаққандағы ЖАӨ 2009 жылы 372,1 мың теңге болса, 2013 жылы 791,7 мың теңге болды.

Республика өңірлерінің арасында 2013 жылғы өндірілген ЖАӨ көрсеткіші бойынша облыс 7-ші орынды, ал халықтың жан басына шаққандағы есебінде – 15-ші орынды иемденді, яғни халықтың жан басында шаққандағы есебінде облыс әлі соңғы орындардың бірінде.

Халықтың жан басына шаққандағы ЖАӨ алдыңғы жылға қарағандағы өсім қарқыны жылдан жылға төмендеп отырғанын 2 кесте мәліметтерінен көруге болады. 2010 жылы 2009 жылға қарағанда өсім 127,5% болса, 2013 жылы 2012 жылға қарағанда 112,2% ғана болды.

Оңтүстік Қазақстан облысының 2013 жылы республика бойынша жалпы аймақтық өнім құрылымындағы үлесі келесі кестеде келтірілген.

Дағдарысқа қарамастан, Оңтүстік Қазақстан облысының Республика бойынша жалпы аймақтық өнім өндірісінің үлес салмағы 3,1%-дан (2008 жылы) 2009 жылы 4,8 %-ға, 2012 жылы 5,9 %-ға, 2013 жылы 6,07%-ға дейін өскен.

Кез-келген аймақтың экономикасы оның негізгі саласы – өнеркәсіптің дамуына тәуелді. Оңтүстік Қазақстан облысының өнеркәсіп саласы дамуының қазіргі кездегі ерекшеліктері және оның әлеуметтік-экономикалық жағдайға әсерін қарастырайық.

Оңтүстік Қазақстан облысы тері шикізатының, өсімдік майларының, жеміс, көкөніс, жүзім, бақша, макарон, темекі өнімдерінің, сыра алкогольсіз өнімдердің, мақта өнімдерінің жалғыз, ірі өндірушісі мен жеткізушісі болып табылады. Облыста сонымен қатар қорғасын, мұнай өнімдері, экскаваторлар, күштік трансформаторлар, май өндірушілері, шұлық және тігін бұйымдары, жиһаз өндіріледі.

2014 жылы Республика өндірісінің жалпы көлемінде ОҚО үлесіне мақта-талшығы, мақта-мата және трансформаторлар өндірісінің 100,0 %, минералды сулар – 53,7 %, дәрі-дәрмек препараттар – 28,3 %, бензин – 36,4 %, дизельді отын – 28,4 %, отындық мазут – 24,8 %, цемент – 27,1 %, сыра – 10,8 %, ұн – 21,7 % тиесілі.

ОҚО Статистика департаменті мәліметтері бойынша 2010 жылы белсенді өнеркәсіп кәсіпорындар мен өндірістер саны 722, 2011 жылы – 760, 2012 жылы – 724, 2013 жылы – 811, 2014 жылы – 751 құрады.

ОҚО Статистка департаменті мәліметтері бойынша 2014 жылдың 1 қаңтарына және 2013 жылы 1 қаңтарына жұмыс істейтін өнеркәсіп кәсіпорындар мен өндірістердің саны тиісінше 2013 жылы - 949, 2014 жылы - 1094 құраған.

ОҚО ірі кәсіпорындары қатарында келесілерді атауға болады: «Петро Қазақстан Ойл Продактс» ЖШС, «Химфарм» АҚ, «Шымкентцемент» АҚ, «Стандарт цемент» ЖШС, «Меланж» АҚ, «Ютекс» АҚ, «SOUTH TEXTILINE KZ» ЖШС, «Кентау трансформатор зауыты» АҚ, «Шымкентмай» АҚ, «Шымкентсыра» ЖШС, «Алдын дән» ЖШС, «Рахат-Шымкент» ЖШС, «Шымкент-құс» ЖШС, «Алекс» ЖШС, «Састөбе Технолоджис» ЖШС, «Феррум-Втор» ЖШС, «Құрылыс металлоконструкциялар зауыты» ЖШС, «Шардара СЭС» АҚ, «3-Энергоорталық» АҚ, «Шымкент Ремсервис» ЖШС, «Ақ Жол» ЖШС, «Ақ-Берен» ЖШС, «Қоңыр-Ат» ЖШС, «Мырзакент» МӨЗ» ЖШС, «Контал» ЖШС, «Корпорация «Ақ Алтын» ЖШС және т.б.

Өңір экономикасын дамытудың басты басымдықтарының бірі нақты сектордың бәсекелесу қабілетін арттыру болып табылады және өнеркәсіптің салаларын тұрақты дамуына қол жеткізу, халықаралық стандарттарға өту, жаңа технологияларды ендіру және инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға бағытталған кешенді шараларды іске асыруды көздейді.

Өнеркәсіптің дамуына позитивті әсері бар өңірдің күшті жақтары:

- ауыл шаруашылығын тиімді дамытуға мүмкіндік беретін өңірдің топырақ-климаттық жағдайының қолайлы болуы;

- жеңіл және тамақ өнеркәсібінің дамуы үшін, жергілікті шикізаттың болуы;

- өндірістік-экономикалық әлеуеттің болуы;

- экспортқа бағдарланған өндірістердің болуы (тоқыма, металлургия, кен өндіру өнеркәсібі, мұнай өңдеу);

- кәсіпкерліктің дамуына қолайлы жағдайдың болуы: қаржылық-несиелік ұйымдар (қаржылық даму институттары, екінші деңгейлі банктер, шағын несиелік ұйымдар, «Максимум» АИО» ЖШС), «Шымкент» ӘКК ҰК» АҚ, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақ, индустриалды аймақтар, «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» ЖШС, «Шымкент инновация» ЖШС, «ОҚО өңірлік технобақ» ЖШС, түрлі консалтингтік компаниялар және бизнес-инкубаторлар.

Облыс өнеркәсіп құрылымында өңдеу салаларының үлесі басым болып тұр (сурет 6).

Облыстың Даму бағдарламасының 1-ші кезеңін (2011-2013жж.) жүзеге асыруда өңдеу өнеркәсібіндегі кәсіпорындарымен: 2011 жылы – 257396,6 млн. теңге, 2012 жылы – 312900,6 млн. теңге, 2013 жылы – 355264,8 млн. теңгенің өнімі өндірілді, 2010 жылға қарағанда нақты көлем индексі 104,2 % (2008 жылға қарағанда – 115,9 %) құрады.

2014 жылдың қаңтар-маусымында сала кәсіпорындарымен 183211,1 млн. теңгеге өнім өндірілді, 2013 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 104,1 % құрады.

Жалпы өнеркәсіп көлемінде өңдеу өнеркәсібінің үлесі 88,7% (2003 жылы) 2009 жылы 66 %-ға дейін, 75,1 %-дан (2008 жылы), 2012 жылы 63 %-ға дейін, 75,1 %-дан (2008 жылы) 2013 жылы 64,6 %-ға дейін төмендеді. Өңдеу өнеркәсібі үлесінің төмендеуі кен өнеркәсібінің өндіріс көлемімен салыстырмалы түрде төмендеуімен, инвестициялардың тапшылығына байланысты негізгі құралдардың жоғары дәрежеде тозуымен (71%-ға дейін), сонымен қатар өндірістік өнеркәсіптердегі инновациялық белсенділіктің төмен деңгейіне байланысты (2 кесте ).

2 кесте - Оңтүстік Қазақстан облысының өнеркәсіп құрылымы



пайызбен

Көрсеткіш атауы

2008 ж.

2009 ж.

2012 ж.

2013 ж.


2014 ж.

9 айға


ӨНЕРКӘСІП – барлығы,

оның ішінде:



100,0

100,0

100,0

100,0

100,0

кен өндіру және карьерлерді қазу

13,5

23,4

28,2

26,5

23,4

өңдеу өнеркәсібі

75,1

65,9

63,0

64,6

67,2

электр энергиясын, газ бен суды өндіру және бөлу

11,4

10,7

8,8

8,9

9,4

Өңдеу өнеркәсібінде келесі салалардың дамуы күтілуде:



  • металллургия өндірісінің өсуі және металдарды 2,0 есе өңдеу;

  • тоқыма және тігін өндірісін («Оңтүстік» ЕЭА бірқатар кәсіпорындарды іске қосумен қатар) 2,0 есеге арттыру;

  • басқа да металл емес минералды өнімдерді шығару (жаңа цемент зауытын іске қосу, құрылыс индустриясының өндірісі);

  • мұнайды қайта өңдеу (ШМАЗ модернизациясы);

  • тамақ өнеркәсібі;

  • химиялық өнім өндірісіне 2,6 есеге дерлік арттыру;

  • фармацевтикалық өнімнің өндірісін 2,0 есеге өсіру.

ҮИИДМБ аясында Индустрияландыру картасы шеңберінде жүзеге асырылып жатқан 150 жобаның ішінде 102 жоба өңдеу өнеркәсібіне жатады. Өңдеу өнеркәсібіндегі жобалардың жалпы құны 343 млрд. теңге құрайды [3].

Аталған кәсіпорындардың есебінен 15 мыңнан астам жұмыс орнын ашу көзделуде.

2013 жылы өңдеу өнеркәсібіндегі жұмысшылардың саны 25534 адамды, олардың орташа айлық жалақысы 81520 теңгені құрады. Саладағы бір адамға шаққанда жылдық еңбек өнімділігі 11429,1 мың теңгені (74,7 мың АҚШ долларын) құраған.

Оңтүстік Қазақстан облысындағы нарықтық қатынастардың бүгінгі таңдағы даму жағдайын талдай отырып, өндіріс саласы әлеуетінің дамығанын, көре аламыз.

Өңірдің индустриялды-инновациялық даму стратегиясын іске асыруы өнеркәсіптің жекелеген салаларының дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді, аудандар мен қалалардың өндірістік әлеуеті артты.

Нақты сектордың тұрақты экономикалық дамуы инфляция деңгейін тежеумен; кәсіпкерлікті дамытумен; қолайлы инвестициялық климатпен; тұрғындардың өмір деңгейін көтеру нәтижесінде ішкі сұраныстың өсуімен; сонымен қатар тауарлар мен көрсетілетін қызметтер өндірісінің қарқынының өсуімен қамтамасыз етілді, бұл ішкі және сыртқы сауда көрсеткіштеріне болымды әсерін тигізеді.

Нақты сектордың инновациялық құрамдасын дамыту бойынша жұмыс жүргізілді. Қазіргі күні облыс ЖОО-мен, «Риц «Максимум» ЖШС жобалар, бағдарламалар мен ғылыми-техникалық идеялардан мәліметтер қоры жинақталды.

2012 жылы Республика өндірісінің жалпы көлемінде ОҚО үлесіне мақта-талшығы өндірісінің 100,0 %, трансформаторлар өндірісінің 99,2 %, фармацевтикалық препарттар өндірісінің 48,0 %, бензин өндірісінің 46,1 %, жанар мазуты өндірісінің 22,9 %, цемент өндірісінің 16,8 %, сыра өндірісінің 16,7 %, шарап өндірісінің 24,9 %, ұн өндірісінің 15,0 % түседі.

2014 жылы Республика өндірісінің жалпы көлемінде ОҚО үлесіне мақта-талшығы, мақта-мата және трансформаторлар өндірісінің 100,0 %, минералды сулар – 53,7 %, дәрі-дәрмек препараттар – 28,3 %, бензин – 36,4 %, дизельді отын – 28,4 %, отындық мазут – 24,8 %, цемент – 27,1 %, сыра – 10,8 %, ұн – 21,7 % тиесілі.

ОҚО Статистка департаменті мәліметтері бойынша 2010 жылы белсенді өнеркәсіп кәсіпорындар мен өндірістер саны 722, 2011 жылы – 760, 2012 жылы – 724, 2013 жылы – 811, 2014 жылы – 751 құрады.

ОҚО Статистка департаменті мәліметтері бойынша 2014 жылдың 1 қаңтарына және 2013 жылы 1 қаңтарына жұмыс істейтін өнеркәсіп кәсіпорындар мен өндірістердің саны тиісінше 2013 жылы - 949, 2014 жылы - 1094 құраған.

ОҚО ірі кәсіпорындары қатарында келесілерді атауға болады: «Петро Қазақстан Ойл Продактс» ЖШС, «Химфарм» АҚ, «Шымкентцемент» АҚ, «Стандарт цемент» ЖШС, «Меланж» АҚ, «Ютекс» АҚ, «SOUTH TEXTILINE KZ» ЖШС, «Кентау трансформатор зауыты» АҚ, «Шымкентмай» АҚ, «Шымкентсыра» ЖШС, «Алдын дән» ЖШС, «Рахат-Шымкент» ЖШС, «Шымкент-құс» ЖШС, «Алекс» ЖШС, «Састөбе Технолоджис» ЖШС, «Феррум-Втор» ЖШС, «Құрылыс металлоконструкциялар зауыты» ЖШС, «Шардара СЭС» АҚ, «3-Энергоорталық» АҚ, «Шымкент Ремсервис» ЖШС, «Ақ Жол» ЖШС, «Ақ-Берен» ЖШС, «Қоңыр-Ат» ЖШС, «Мырзакент» МӨЗ» ЖШС, «Контал» ЖШС, «Корпорация «Ақ Алтын» ЖШС және т.б.

Тау-кен өнеркәсібінде тауарлық өнім көлемі қолданыстағы бағаларда 2003 жылмен салыстырғанда 12,2 есе өскен, өңдеу өнеркәсібінде – 1,5 есе өскен, электр энергия, газ бен суды өндіру және бөлу 2,6 есе өскен.

2012 жылы кен өндіру өнеркәсібінде тауарлық өнім көлемі қолданыстағы бағаларда 2008 жылмен салыстырғанда 4,9 есе, өңдеу өнеркәсібінде – 2,0 есе, электр энергия, газ бен суды өндіру және бөлу - 1,8 есе өскен.

2013 жылы өнеркәсіпте тауарлық өнім көлемі қолданыстағы бағаларда 2008 жылмен салыстырғанда 2,6 есе өскен, соның ішінде: тау-кен өнеркәсібінде - 5,1 есе өскен, өңдеу өнеркәсібінде – 2,2 есе өскен, электр энергия, газ бен суды өндіру және бөлу 2,4 есе өскен.

Кез келген аймақтың өндірістік-экономикалық әлеуеті сол аймақтағы инвестициялық іс-әрекетке байланысты дамиды. 2009-2013 жылдар аралығында облыста негізгі капиталға салынған инвестицияларға талдау жасайық (3кесте).



3 кесте - Қаржыландыру көздері бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар





2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

млн. тенге

үлес салмағы, %

млн. тенге

үлес салмағы, %

млн. тенге

үлес салмағы, %

млн. тенге

үлес салмағы, %

млн. тенге

үлес салмағы, %

Негізгі капиталға инвестициялар

319 043

100,0

262595

100,0

273 094

100,0

318 168

100,0

415276

100,0

республикалық бюджет

75 202

23,6

68 053

25,9

60 103

22,0

78 908

24,8

51 963

12,5

жергілікті бюджеті

11 364

3,6

25 589

9,7

41 110

15,1

44 519

14,0

56 712

13,6

меншікті қаражаттар

52 615

16,4

79 881

30,5

87 491

32,0

124950

39,2

113622

27,4

шетелдік қаражаттар

161504

50,6

60 983

23,2

54 297

19,9

24 347

7,7

20 396

4,9

қарыз қаражаты

18 357

5,8

28 089

10,7

30 093

11,0

45 445

14,3

172583

41,6

Қаржыландыру көздері бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар көрсеткіштері келтірілген 4 кесте мәліметтері бойынша 2009 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі бағалау есебімен 319,0 млрд. теңгені немесе 2008 жылға қарағанда 151,3% құрады, 2010 жылы – 262,6 млрд. теңге (78,6%); 2011 жылы – 273,0 млрд. тенге (97,5%); 2012 жылы – 318,2 млрд. теңге (110,2%); 2013 жылы – 415,3 млрд. теңге (124,7%). Соңғы екі жылдағы инвестициялар көлемінің едәуір өсімі негізінен жергілікті бюджеттен бөлінген қаржы және қарыз қаражаты есебінен болғанын көреміз.

Экономикаға инвестициялардың жұмсалу динамикасы соңғы жылдары жыл сайын өсу тенденциясы байқалады. Өнеркәсіп инвестициялар үшін басым сала бола тұрып, 2009 жылы негізгі капиталға жұмсалып отырған инвестициялардың жалпы көлемінің 23,8 %, 2010 ж. – 47,6 %, 2011 ж. – 45,5 %, 2012 ж. – 44,0 % және 2013 ж. – 32,3 % құрайды [2].

Соңғы жылдарда Оңтүстік Қазақстан облысындааймақтың өндірістік-экономикалық әлеуетін арттыру мақсатында атқарылған негізгі ауқымды шараларға тоқталып өтейік.

Облыстың даму Бағдарламасының бірінші кезеңінің (2011-2013жж.) жүзеге асырылуы экономика қызметінің қорытындысы бойынша өнеркәсіп дамуының болымды динамикасының сақталғанын көрсетеді [3].

ҚР Үкіметінің 2007 жылы 28 желтоқсандағы №1331 қаулысымен 2010 жылы жалпы аумағы 337,0 га жер телімінде Шымкент қаласында бұрынғы фосфор зауыты аумағында индустриялық аймақ құрылды. Индустриалды аймақты ашудың мақсаты жеке кәсіпкерлікті дамыту, облыс индустриализациясын дамыту, жаңа жұмыс орындарын құру, өңірдің инвестициялық тартымдылығын өсуіне ықпал ету [4].

Жеке кәсіпкерліктің индустриалды аймақ аумағында қолайлы жағдай жасау, инженерлік-коммуникация жартылай жаңартылған. Бұл бағытта «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде республикалық бюджеттен 4,9 млрд.теңге бөлініп, толығымен игерілді.

Арнайы экономикалық аймақта және индустриалды аймақта эскпортқа бағытталған, импортты алмастыру мақсатында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда. Бұл өз кезегінде үдемелі индустриалды-инновациялық бағытында өз септігін тигізеді. Осы мақсатта тікелей инвестицияларды тарту, отандық және шетелдік инвесторларды ынталандыру механизмдері бойынша кешенді институттық жүйе құрылды. («Шымкент» ӘКК, Инвесторларға қызмет көрсету орталығы, «Шымкент –инновация», Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы, «Максимум» АИО, Техносаябақтар, бизнес инкубаторлар ж т.б.).

2010-2014 жылдарға арналған Үдемелі индустриалды-инновациялық дамыту шеңберінде облыста сауда-экономикалық байланыстар және шетел мемлекеттерімен бәсекелестікке сай өнімдерді шығару үшін бірлескен кәсіпорындарды ашу және инвестицияларды тарту жұмыстары жүргізілуде [5].

Өндірістік сектордың дамуы, облыстың өнеркәсібіне шетелдік және отандық инвестицияларды тарту каналдарының кеңеюі арнайы экономикалық (АЭА) және индустриялық аймақтардың (ИА) тартымдылығын арттыру арқылы жүзеге асырылатын болады, ол өз кезегінде нарықтың жаңа қатысушыларына тартымды болатын бәсекелестік ортаның жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.

2009-2014 жылдардағы облыстың агроөнеркәсіп кешенінің дамуы, егін алқаптарының 12,4% төмендеуімен, астық және астық-бұршақ дақылдарының жиынының 2,5 есеге төмендеуімен, шит-мақта өндірісінің 21% қысқаруымен сипатталынады.

Облыс инфрақұрылымы көрсетілетін қызмет түрлері бойынша және территориялық шекте бір қалыпты емес және жеткіліксіз дамыған. Көлік инфрақұрылымы (көліктер мен жолдардың барлық түрлері) саласы, тұрғындарды газбен, ауыз сумен, жылу және электроэнергиясымен қамтамасыз ету салалары қарқынды дамуды қажет етеді.

Облыстың тарихи қалыптасқан орнығуы, аймақтық диспропорциялармен, бір аудандарда еңбектің басым келуімен және өзгелерінің депрессиялы болуымен сипатталып, бірқатар мәселерді туындатады.

Оңтүстік Қазақстан облысына, облыстың индустриялық-инновациялық дамуының 2004-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын іске асыру барысында қойылған негізгі міндеттері шикізаттық бағыттылықтан дайын бәсекелі өнім өндіру, өңдеу саласын ілгермелі дамыту, оның жолдарын күшейту үшін жағдайлар жасау, болашақта сервистік-технологиялық экономикаға өту үшін жағдайлар жасау, облыстың экспорттық-әлеуеттік деңгейін арттыру мақсатында бәсекеге қабілетті және экспортқа бағдарланған өнім түрлерін өндіру, өнеркәсіптегі прогресивті технологиялық ілгерілеушіліктерді ынталандыру, шағын кәсіпкерлікті дамыту.

Дегенмен облысымызда құрылыс материалдарын, тамақ өнеркәсібі дайын өнімдерінің импорттық үлесінің тұтынылуы жоғары, сондықтан бүгінгі күнгі негізгі мәселелері шикізаттық бағыттағы өндірістен дайын өнім өндіруге мамандануға үлкен көңіл аударылып отыр. Бұл өз кезегінде жаңа техника-технологияның және инновацияның дамуын қажет етеді.
Әдебиеттер


  1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 жыл

  2. Оңтүстік Қазақстан облысы және оның өңірлерінің әлеуметтік – эканомикалық дамуының статистикалық көрсеткіштері – Шымкент, 2007, 2006, 2009, 2010, 2011

  3. ҚР Үкіметінің 2007 ж. 28 желтоқсан №1331 қаулысы 2010.

  4. Оңтүстік Қазақстан облысының 2015жылға дейінгі территориялық даму стратегиясы. Орындаушы: ТОО «KERA», Астана, 2009 ж.

  5. «Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010жылғы 19 науыздағы № 958 Жарлығы.

ӘОЖ 338(4/9)



UDC 338(4/9)

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет