Көкөніс дақылдары саңырауқұлақтармен (қара мойнақ, түйін ауруы, пероноспороз), бактериялармен (талшықтық, кілегей бактериоз), вирустармен (мозаикалар), фитоплазмалармен (столбур) зақымданады. Аурулар жемістерді, сабақтарды, жапырақтарды, тамырларды, тұқымды зақымдап үлкен шығын келтіреді, өнім түсімін төмендетеді. Ауру өсімдіктердің жағдайын нашарлатады, жапырақтардың ассимиляциялық қабілеті төмендейді, өсімдіктердің өсуін тежейді және мүшелерін өзгеріске ұшыратады, кейде өсімдіктер өліп қалады.
Қырыққабаттың қара мойнағы. Қоздырғыштары Rhizoctonia solani Kuhn.( Deuteromycetes класы, Mycelia sterilia қатары), Pythium debaryanum Hess, (Oomycetes класы, Peronosporales қатары), Olpidium brassicae Wor (Chytridiomycetes класы, Chytridiales қатары) саңырауқұлақтары. Қара мойнақ қырыққабаттың барлық түрлерін, шалғамды, тарнаны, қызанақты, қиярды, ақсүттігенді, сәбізді, қызылшаны және басқа да көптеген мәдени дақылдар мен арамшөптерді залалдайды.
Ауру көшеттердің сабағы мен тамырының қиылысқан жерінде білінеді. Тамыр мойыны қараяды, жұмсарады, жіңішкереді және шіриді, кейде сыртында ақшыл өңез байқалады. Ауру өсімдіктердің тамырлары нашар дамиды. Мұндай өсімдіктер құлап қурап қалады, жерден оңай жұлынады. Ауру топырақта цисталар (Olpidium), ооспоралар (Pythium) немесе қарамықтар (Rhizoctonia) түрінде сақталады. Қоздырғыштар бір өсімдіктен екіншісіне тез тарайды. Ауру көшеттерді дұрыс күтпеген жағдайда күшейіп кетеді.
Күресу шаралары: көшеттерді залалданбаған топырақта өсіру; қажет болғанда топырақты ыстық бумен өңдеу; өсімдіктердің тығыздық мөлшерін сақтау; топырақты қопсыту; көшетжайларды жүйелі түрде желдету; суару мөлшерін сақтау; көшеттерде қосымша тамырлар қалыптасуы үшін зақымданған жерден жоғары қалыңдығы 1-2 см құм себеді; танапқа көшіріп отырғызғанда тек сау көшеттерді ғана алады; өсімдіктерді танапқа уақытында егу; аз зақымданатын сорттарды өсіру; тұқымды «...Тізім» бойынша уақытылы дәрілеу керек.
Қырыққабаттың түйін (кила) ауруы. Қоздырғышы нағыз тоғышар Plasmodiophora brassicae Wor., Plasmodiophoromycetes класының саңырауқұлағы. Түйін ауруының қоздырғышы мәдени дақылдар мен жабайы өсетін крестгүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктердің тамыр жүйесін (қырыққабат, шалғам, шомыр, мал азықтық шалқан, жұмыршақ, беде, қанатжеміс, қышаны және басқаларын) залалдайды.
Ауру өсімдіктердің тамырларында ұсқынсыз ісіктер пайда болады. Ісіктердің әсерінен су және қоректік заттардың келуі бұзылып, нәтижесінде өнім түсімі төмендейді. Ісіктер біртіндеп шіріп бұзылады, споралар шашылып жаппай зақымдануды тудырады. Өсімдіктер өсіп дамудың барлық кезеңінде, әсіресе тамырдың өсуі кезінде көп зақымданады. Ерте және қатты зақымданғанда қаудандар түзілмейді, ал ересек өсімдіктер нашар өсіп ұсақ қаудандар қалыптасады.
Аурудың дамуына 18-24° С топырақ температурасы, 75-90% топырақ ылғалдылығы, рН 5,6-6,5 топырақ қышқылдығы қолайлы. Споралар топырақта жауын құрттары, топырақ жәндіктері және су арқылы таралады. Споралар топырақта өнгіштігін алты жылдан астам уақытқа дейін сақтай алады.
Күресу шаралары: танаптарда ауыспалы егістікті қолдану; дақыл айналымын сақтау; аурудан сау көшеттерді, төзімді сорттар мен будандарды өсіру; тыңайтқыштарды қолдану; арамшөптерді әсіресе крестгүлділерді жою; көшіріп егу алдында ауру көшеттерден тазарту; қышқыл топырақты актеу; топырақ пен өсімдіктерді «...Тізім» бойынша дәрілерді пайдаланып залалсыздандыру керек.
Қырыққабаттың фомозы (құрғақ шірік). Қоздырғышы Phoma lingam Desm. (Deuteromycetes класы, Sphaeropsidales қатары) саңырауқұлағы. Қоздырғыш қырыққабатты, шалғамды, тарнаны, мал азықтық шалқанды және басқа да крестгүлді дақылдарды залалдайды.
Қоздырғыш тұқым жарнағын, жапырақтарды, тамырды және тұқымды зақымдайды. Тұқым жарнақтарында түссіз немесе ақшыл-сұр дақтар пайда болады, оларда эпидермис астында саңырауқұлақ пикнидтері дамиды. Ауру өскіндерде қара мойнақ түрінде байқалады. Жапырақта ортасында пикнидтері бар үлкен (диаметрі 1-1,5 см) сұрғылт-қоңыр дақтар түзіледі. Қаудандар мен тамырда құрғақ шірік дамиды. Зақымданған өсімдіктер өспей, солып қалады. Тұқымдықтарда жиектері қара ақшыл-қоңыр дақтар қалыптасады. Зақымданған бұршаққындар өзгеріске түседі және оларда саңырауқұлақ пикнидтері түзілетін солғын тұқымдар қалыптасады.
Өсіп даму кезеңінде аурудың қоздырғыштары көшетпен, жәндіктер арқылы, жаңбыр тамшысы, жел және жұғысқанда тарайды. Ауру тұқым мен өсімдік қалдықтарында сақталады.
Күресу шаралары: залалданған өсімдік қалдықтарын жою; өсімдіктердің тығыздық мөлшерін сақтау; қажеттілік бойынша суару; тыңайтқыштар қолдану; тұқымдық егісті қырыққабаттың бірінші жылғы екпелерінен оқшаулау; төзімді сорттарды өсіріп керек болғанда «...Тізім» бойынша фунгицидтерді пайдалану.
Қырыққабаттың жалған ақ ұнтағы (пероноспороз). Қоздырғышы: Peronospora brassicae Gaеum. (Oomycetes класы, Peronosporales қатары).
Крестгүлділер тұқымдастарына жататын көптеген мәдени және жабайы өсімдіктердің жапырақтары, бұршаққындары мен тұқымдары залалданады. Аурудың алғашқы белгілері жапырақтардың үстіңгі бетінде қисық пішінді ашық-қоңыр дақтар түрінде байқалады. Жапырақтардың астыңғы бетінде ылғалдылық жағдайында конидитүзгіштермен олардың конидилерінен тұратын сұрғылт өңез дамиды. Ауру жапырақтар сарғаяды және мезгілінен бұрын өліп қалады. Бұршаққындарда ылғалдылық жағдайында өңезденетін қара түсті ойық дақтар пайда болады.
Саңырауқұлақтың конидилері жаңбыр тамшылары арқылы тарап өсімдіктерді жаппай зақымдайды. Ауру зақымданған қаудандарда және сақтау кезінде дамуын жалғастырады. Патоген тұқымдарда мицелий, ал өсімдік қалдықтарында ооспоралар түрінде сақталады.
Күресу шаралары: егуге сау тұқымды пайдалану, тұқымды ыстық суға (температура 50° С) 20 минутқа салып, кейін 2-3 минут бойы суық суда жылдам салқындату арқылы өңдеу, «...Тізім» бойынша тұқымды дәрілеу және өсіп даму кезеңінде қажет болған жағдайда фунгицидпен өңдеу жұмыстарын жүргізу керек.
Қырыққабаттың фузариозы. Қоздырғышы: Fusarium oxysporum Wr. (Deuteromycetes класы, Hyphomycetales қатары).
Крестгүлділер тұқымдастарына жататын өсімдіктердің өткізгіш ұлпаларын зақымдайды. Ауру төменгі жапырақтардың торларының арасының сарғаюы түрінде байқалады. Кейін ауру өсімдіктің жоғарғы бөліктеріне таралады да ол өліп қалады. Жапырақтың көлденең кесіндісінде өткізгіш ұлпалардың қарайғандығы жақсы көрінеді. Аурудың қоздырғыштары топырақта хламидоспоралар түрінде сақталады.
Күресу шаралары: ауыспалы егісті пайдалану; төзімді сорттар мен будандарын өсіру және «...Тізім» бойынша фунгицидтерді қолдану керек.
Қырыққабаттың альтернариозы. Қоздырғышы: Alternaria brassicae Sacc., A. Brassicola, A. Raphani. (Deuteromycetes класы, Hyphomycetales қатары). Альтернариозбен крестгүлділер, алабұта, асқабақ, алқа, бұршақ тұқымдастарына жататын дақылдар зақымданады.
Қырыққабаттың жапырақтарын, бұршаққындары мен тұқымын зақымдайды. Жапырақтарында бастапқыда сарғыш, кейін қоңыр түсті болып келетін, қара-қоңыр өңезбен қапталған шоғырланып орналасқан дақтар дамиды. Дақтардың жиектері сарғыш түсті болады. Кейін дақтардың ортаңғы бөлігі ақшыл-қоңыр түстенеді және түсіп қалуы мүмкін. Зақымданған тұқымнан шыққан өскіндердің тұқым жарнақтары мен сабақтарында көптеген қара дақтар мен жолақтар дамиды. Мұндай өсімдіктер жиі өледі. Бұршаққындардың сыртында қара көк түсті дақтар түзіледі, ал жоғарғы жағы өңезбен қапталады. Мұндай зақымданудың нәтижесінде тұқымдар толмайды және өнгіштігі төмендейді.
Өсіп даму кезеңінде саңырауқұлақ конидийлермен тарайды. Аурудың қоздырғыштары өсімдік қалдықтары мен арамшөптерде сақталады және тұқыммен де таралуы мүмкін.
Күресу шаралары: сау тұқымдарды пайдалану; ауыспалы егісті қолдану; тұқымды жинап алғаннан кейін кептіру; «...Тізім» бойынша тұқымды дәрілеп және керек болғанда танаптағы өсімдіктерді фунгицидпен өңдеу.
Қырыққабаттың түтікше бактериозы. Қоздырғышы Xanthomonas campestris Dows бактериясы. Крестгүлділердің мәдени және жабайы түрлерін залалдайды.
Қырыққабат өсіп дамудың барлық кезеңінде зақымданады. Ересек өсімдіктерде зақымдану жапырақ шеттерінің сарғаюынан басталады да, негізгі тарамды бойлай тарайды. Сарғайған ұлпа бойындағы тарамдар қарайып, тор түзіледі. Жапырақ сағағының кесіндісінде өткізгіш ұлпалардың қарайғандығын көруге болады. Зақымданған жапырақтар қурайды, үгітіледі, түсіп қалады, ал қаудандар ұсақ болып қалыптасады. Ауру тұқым жарнағының сарғаюы және өлуі түрінде өскіндерде де байқалуы мүмкін. Аурудың қоздырғыштары тұқымда және құрамында ауру өсімдіктердің қалдықтары бар топырақта сақталады.
Бактериялар жаңбыр тамшыларымен, жәндіктермен, топырақ түйіршіктерімен тарайды. Өсімдікке жапырақтардағы жаралар мен табиғи тесіктері арқылы енеді. Ауа-райы жылы, ылғалды болғанда және өсімдіктер жәндіктермен зақымданғанда аурудың дамуына қолайлы жағдай туады.
Күресу шаралары: ауыспалы егісті пайдалану; зиянкестермен күресу; көшеттіктердегі топырақты міндетті түрде ауыстыру және дезинфекциялау; көшетжай жадығаттарын залалсыздандыру; сапалы тұқымды пайдалану; крестгүлділер тұқымдастарына жататын арамшөптерді жою; «...Тізім» бойынша тұқымды дәрілеп, фунгицидтерді пайдалану керек.
Қырыққабаттың шырышты бактериозы. Ауру қоздырғышы Erwinia carotovora Holl бактериясы. Өсіп даму кезеңінде барлық көкөніс дақылдарын залалдайды.
Аурудың белгілері алғашқы жапырақтарда да, жас жапырақтарда да байқалады. Алғашқыда сыртқы жапырақтар шіріп кілегейленеді, ал кейін қауданның іші де шіриді. Қауданы шіріген өсімдік өліп қалады. Ауру кейде топырақтан немесе жәндіктермен зақымданған қауданның өзегінен басталуы мүмкін. Бұндайда қаудан жұмсарып, сұрғылт түстенеді. Ауру қоймаларға салынған қаудандарды да шірітіп жібереді. Аурудың қоздырғыштары зақымданған өсімдік қалдықтарында, жапырақтары мен қаудандарында сақталады.
Күресу шаралары: ауыспалы егісті пайдалану; жинаудан қалған өсімдік қалдықтары мен қаудандарды жою; қоймаларды мұқият тазартып дайындау, дезинфекциялау; сақтауға сау қаудандарды іріктеп алу; сақтау ережелерін орындау; «...Тізім» бойынша тұқымды дәрілеу және керек уақытта фунгицидтерді пайдалану қажет.
Пияздың жалған ақ ұнтағы (пероноспороз). Қоздырғышы: Peronospora destructor Casp. (Oomycetes класы, Peronosporales қатары).
Аурудың әсерінен жапырақтар мезгілінен бұрын қурап қалады да өнім түсімі мен оның сапасы төмендейді. Бастапқыда пияз жапырақтарында ақшыл-жасыл дақтар пайда болады. Кейін оларда сұрғылт немесе сұр-күлгін түсті өңез пайда болады. Жапырақтардың жоғарғы бөлігі сарғайып, өліп қалады.
Аурудың қатты дамуына ылғалдылығы мол жылы ауа-райы қолайлы. Саңырауқұлақ өсіп даму кезеңінде конидийлерімен ауа ағысы және жаңбыр тамшылары арқылы тарайды. Аурудың қоздырғыштары топырақта, жиналмай қалып қойған өсімдіктерде және сақтауға қойған пияздарда ооспоралар түрінде сақталады. Ауру қоймаларда дамымайды.
Күресу шаралары: ауыспалы егісті пайдалану; күзде іштегі аурудың қоздырғыштарына қарсы баданалы пиязды қыздыру қажет; көктемде екпе пиязды 40-45° С температурада 8-16 сағат бойы қыздыру керек; арамшөптер мен өсімдік қалдықтарын жояды; себер алдында «...Тізім» бойынша тұқымды, екпе пиязды дәрілейді; керек болғанда өсіп даму кезеңінде фунгицидті пайдаланады.
Пияздың қара күйесі. Қоздырғышы: Urocystis cepulae Frost. (Basidiomycetes класы, Ustilaginales қатары).
Пияз өскіндері мен бірінші жылғы екпелері залалданады. Ауру жапырақтарда эпидермисі күлдіреген, ұзынша қара-сұр жолақтар түрінде байқалады. Кейінірек эпидермис ұзына бойына жарылады да, саңырауқұлақ споралары шашылады. Үлкен баданалар сирек ауырады. Мұндайда ауру сыртқы етті қабықтарында байқалады.
Саңырауқұлақтың хламидоспоралары тұқымда, екпе пиязда және топырақта сақталады, өнгіштігін 15 жылға дейін жоғалтпайды, бірақ 4-6 жылдан кейін зияндылығы төмендейді. Өсімдіктер ауаның температурасы 22° С шамасында болғанда қатты зақымданады.
Күресу шаралары: ауыспалы егісті пайдалану; өсіп даму кезеңінде фитотазалау жүргізу; баданалы және екпе пиязды 40-45° С температурада 8-16 сағат бойы қыздыру; арамшөптермен күресу; өсімдік қалдықтарын жою; «...Тізім» бойынша фунгицидтерді пайдалану қажет.
Пияз таты. Қоздырғыштары: Puccinia allii Rud. и P. Porii Wint. (Basidiomycetes класы, Uredinales қатары). Пияз бен сарымсақтың барлық түрлерін залалдайды.
Алғашқыда жапырақтарда эцийлері бар ашық сары дақтар, ал кейін урединийлері бар қоңыр к‰лдіреуік пайда болады. Саңырауқұлақтың споралары эпидермис жыртылғаннан кейін босап шығады да, сау өсімдіктерді зақымдайды. Кейін қара түсті телиопустулалар дамиды. Телиоспоралар қысқы уақытта өсімдік қалдықтарында сақталады. Ауру қатты дамығанда жапырақтар мезгілінен бұрын қурап қалады.
Күресу шаралары: өсімдік қалдықтарын жою; ауыспалы егісті қолдану; әртүрлі жастағы пияздарды бір бірінен алшақ орналастыру; «...Тізім» бойынша фунгицидтерді пайдалану қажет.
Пияз мойынының сұр шірігі. Қоздырғышы: Botrytis allii Munn. (Deuteromycetes класы, Hyphomycetales қатары). Негізінен баданалы және екпе пияздар залалданады.
Ауру сақталу кезінде байқалады, пияздың сыртқы қабығында аздаған қыртыстар пайда болады, мойынның ішкі қабықшалары сирек ашық сұр өңезбен қапталады. Кейін бадана жұмсарады, мойыны кілегейленіп саңырауқұлақ споратүзгіштерінің, қара қатты склероцийлері бар сұр өңезімен қапталады. Саңырауқұлақ конидийлермен өсіп даму кезеңінде және қоймада тарайды. Аурудың қоздырғыштары баданада және тұқымда сақталады.
Күресу шаралары: ауыспалы егісті пайдалану, тыңайтқыштар енгізу, арамшөптер мен өсімдік қалдықтарын жою, пиязды жапырақтары толық сарғайғаннан кейін ауа-райының құрғақ кезінде жинау, сақталатын пиязды +25-26° С температурада он екі күн, кейін бес күн +30-35° С температурада кептіреді, сақтау ережелерін орындау, «...Тізім» бойынша фунгицидтерді пайдалану қажет.
Пияз мозайкасы. Аурудың қоздырғышы Allium virus I вирусы.
Оның вириондары жіпше түрінде болады. Алғашқыда ауру өсімдіктің жапырақтарында ұзынша келген ақ-сары жолақтар пайда болады, кейін олардың түстері ақшылттанып қатайып кетеді. Ауру өсімдіктер нашар өседі. Аурудың қоздырғыштары баданада сақталып, бітелер, кенелер арқылы тарайды.
Күресу шаралары: ауыспалы егістікті пайдалану, тыңайтқыштар енгізу, арамшөптер мен өсімдік қалдықтарын жою, фитотазарту жүргізу, пиязды құрғақ ауа-райында жапырақтары сарғайғаннан кейін жинау, жинап алғаннан кейін баданаларды он сағат бойы 40-42 °С температурада қыздыру қажет.
Қиярдың тамыр шірігі. Аурудың қоздырғыштары Fusarium solani, F. culmorum, Rhizoctonia solani, Рythium debaryanum және тағы басқа саңырауқұлақтар. Негізінен әлсіз өсімдіктерді зақымдайды.
Ауру өсіп дамудың барлық кезеңдерінде зиян келтіреді. Бастапқыда сабақтың төменгі бөлігінде, тамырда шамалы дақтар пайда болады, кейін олар ұлғайып, тұтасып кетеді. Сабақ пен тамырдың зақымданған ұлпалары шіріп кетеді. Су және қоректік заттар жетіспегендіктен өсімдіктің жапырақтары сарғайып солып қалады. Саңырауқұлақтар топырақта немесе өсімдік қалдықтарында қыстайды.
Күресу шаралары: топырақты дезинфекциялау, жылы сумен суару, ауру өсімдіктер мен өсімдік қалдықтарын жою, «Тізім...» бойынша фунгицидтер пайдалану керек.
Қиярдың ақ ұнтағы. Ауруды Erysiphe cichoracearum D., Erysiphe communis Fr., Sphaerotheca fuliginea Poll. (Ascomycetes класы, Erysiphales қатары) саңырауқұлақтары тудырады.
Өсімдіктің жер үстіндегі барлық мүшелері, әсіресе жапырақтары мен олардың сағақтары қатты зақымданады. Ақ өңез алғашқыда жапырақтардың үстіңгі бетінде, ал кейін астында да пайда болады. Зақымданған жапырақтардың түстері ағарып, қурайды, өсімдік өліп қалады.
Ауруға өсімдіктер төмен температурада және суық сумен суарғанда шалдығады. Ауру өсімдік қалдықтары мен арамшөптерде дамитын конидийлер мен аскоспоралар арқылы тарайды.
Күресу шаралары: ауыспалы егістікті пайдалану, зақымданған жапырақтарды, өсімдік қалдықтары мен арамшөптерді жою, жылыжайларда 20-25 °С температура мен тиісті ылғалдылықты сақтау, жылыжайлар мен көшетжайларда топырақтың жоғарғы қабатын (5-7 см) ауыстыру, өсіп даму кезеңінде аурудың алғашқы белгілері байқалғанда «...Тізім» бойынша фунгицидтерді пайдалану қажет.
Қиярдың антракнозы. Қоздырғышы: Colletotrichum lagenarium E. (Deuteromycetes класы, Melanconiales қатары ).
Жапырақ сағағын, сабақты, тамырды және жемістерді зақымдайды. Жапырақтарда дөңгелек пішінді, шашырап орналасқан, ашық қоңыр немесе сары түсті дақтар пайда болады.
Ауруға шалдыққан ұлпалар үгітіліп, тесіктер пайда болады. Қатты зақымданған жапырақтар өліп қалады. Сабақтарда, жапырақ сағақтарында, жемістері мен тамырда кейін жараға айналатын, суланған дақтар дамиды. Ылғалды ауа-райында зақымданған мүшелерде ақшыл-қызғылт түсті өңез түзіледі. Ауру жемістердің дәмі ащы болады, кейін шіріп кетеді. Саңырауқұлақ өсімдік қалдықтарында, сондай-ақ тұқымда конидийлер және микросклероцийлер түрінде 5 жылға дейін сақталады. Аурудың жылдам дамуына жоғары ылғалдылық пен температура қолайлы.
Күресу шаралары: өсімдік қалдықтарын жою, ауыспалы егістікті сақтау, ауруға төзімді сорттарды өсіру, өсіп даму кезеңінде аурудың алғашқы белгілері байқалғанда «...Тізім» бойынша фунгицидтерді пайдалану қажет.
Қиярдың аскохитозы. Қоздырғышы: Ascochita cucumis Fautr et Roum. (Deuteromycetes класы, Sphaeropsidales қатары).
Ауру імдіктің барлық мүшелерін залалдайды. Алғашқыда сабақта сопақша немесе дөңгелек пішінді дақтар пайда болады. Басында олар ашық сары түсті болады, сосын біртіндеп қоңырланады. Кейін оларда пикнидтер түзіледі және кебуіне қарай дақтар ағарады. Аурудың қоздырғыштары өсімдік қалдықтарында, топырақта және ауру жемістерден алынған тұқымда сақталады. Жаңбыр тамшылары, жәндіктер және топырақ арқылы тарайды.
Күресу шаралары: ауыспалы егістікті сақтау, жылыжайларды өсімдік қалдықтарынан тазарту, тұқымды тек сау жемістерден алу, жылыжайда суару ережесін сақтау, төзімді сорттарды өсіру, өсіп даму кезеңінде аурудың алғашқы белгілері байқалғанда «...Тізім» бойынша фунгицидтерді пайдалану қажет.
Қиярдың зәйтүн дағы (кладоспориоз). Қоздырғышы Cladosporium cucumerinum Ell et Arth,. (Deuteromycetes класы, Hyphomycetales қатары).
Қиярдың жемістерін залалдайды. Аурудың алғашқы белгілері кішігірім суланған дақтар түрінде байқалады. Дақтар біртіндеп ақшыл-жасыл түсті өңезбен қапталған жараларға айналады. Ауруға шалдыққан жемістердің тауарлық сапасы болмайды, пішіні өзгереді және өспей қалады. Жоғары ылғалдылықта ауру тез дамиды, дақтардың көлемі үлкейіп сұйықтық шығатын жарықшалар пайда болады. Саңырауқұлақтың конидийлері жаңбыр тамшысымен, желмен және топырақ арқылы тарайды. Аурудың қоздырғыштары өсімдік қалдықтарында, топырақта, құрал-жабдықтарда сақталады.
Күресу шаралары: ауыспалы егістікті қолдану, жылыжайларды дезинфекциялау, жылыжайларда қолайлы температураны (17-18°С-тан жоғары) ұстау, төзімді сорттарды өсіру, аурудың алғашқы белгілері байқалғанда жылыжайларды желдету, өсіп даму кезеңінде аурудың алғашқы белгілері байқалғанда «Тізім...» бойынша фунгицидтерді пайдалану қажет.
Қиярдың жалған ақ ұнтағы. Қоздырғышы Pseudoperonospora cubensis Rostov., Oomycetes класы, Peronosporales реті.
Өсімдіктің жапырақтарын зақымдайды, олардың үстіңгі бетінде кішігірім, майлы, ақшыл-жасыл түсті дақтар пайда болады. Біртіндеп дақтар үлкейіп, түсі қоңырланады, ауруға шалдыққан жапырақ қурап қалады. Жапырақтардың астыңғы бетінде зақымданған ұлпа өңезденеді, өңез сұр-күлгін түсті болады. Ауру көбінесе қиярдың жаппай гүлденуі мен жемістенуі кезінде байқалады. Ауру топырақта бес жылға дейін өнгіштігін сақтайтын ооспоралармен тарайды.
Күресу шаралары: ауыспалы егістікті пайдалану, көшетжайлар мен жылыжайларды өсімдік қалдықтарынан тазарту, керекті мөлшерде ғана суару, көшетжайларды жиі желдетіп отыру, өсіп даму кезеңінде аурудың алғашқы белгілері байқалғанда «...Тізім» бойынша фунгицидтерді пайдалану қажет.
Қиярдың сұр шірігі. Ауру қоздырғышы - Botrytis cinerea Pers. (Deuteromycetes класы, Hyphomycetales қатары).
Алғашқыда өсімдіктің сабақтарында сұр түсті өңезбен қапталған ірі дақтар байқалады. Зақымданған жер тез шіриді де өсімдіктің одан жоғары орналасқан бөлігі өліп қалады. Ауру түнде салқын болғанда, суық сумен суарғанда, өте тығыз отырғызылғанда және нашар желдетілген жағдайда тарайды. Сұр шіріктің қоздырғыштары өсімдік қалдықтарында сақталады.
Күресу шаралары: өсімдік қалдықтарын жою, тыңайтқыштарды қолдану, ауру басталған кезде жапырақтарды 1 пайызды бордосс сұйығы мен өңдеу немесе «...Тізім» бойынша фунгицидтерді пайдалану қажет.
Қиярдың бактериозы (бұрышты дақ). Қоздырғышы – Pseudomonas syringae Yong et al. Өсімдіктің жер бетіндегі мүшелерінің залалдануынан жемістер нашар қалыптасады және олардың тауарлық сапасы төмендейді.
Жапырақтарда кейін түсі қоңыр болатын, бұрышты, қара-жасыл түсті, майлы дақтар пайда болады. Зақымданған ұлпа үгітіліп, жапырақ тесіліп, қурап қалады. Дақтардан сұйықтық (шырыш) жиі ағады. Олар кепкенде қабыршақ пайда болады. Жемістер мен сабақтарда жаралар дамиды. Аурудың дамуына жоғары ылғалдылық пен температура және су тамшыларының болуы қолайлы. Аурудың қоздырғыштары өсімдік қалдықтарында, тұқымда сақталады.
Күресу шаралары: өсімдік қалдықтарын жою, жылыжай топырағын дезинфекциялау, ауыспалы егісті пайдалану, өсімдіктерді қоректендіру, аурудың алғашқы белгілері білінгенде «...Тізім» бойынша фунгицидтерді пайдалану қажет.
Қызанақтың төбе шірігі.
Ауру өсімдік қолайсыз жағдайларда (күн ыстық болғанда және ылғал мен қоректік заттар жетіспегенде) өскенде пайда болады. Жемістің бетінде кейін қоңырланатын, суланған, қара-жасыл түсті дақ дамиды. Ал зақымданған ұлпа қыртыстанады, қатаяды, әрі құрғақ болады. Ылғал көп болғанда шіріктің сулы шірікке айналуы мүмкін. Ауруға көбіне алғашқы жемістер шалдығады. Төбе шірігіне ұқсас қызанақ жемістерінің зақымдануын Pseudomonas lycopersicum, Bacterium lycopersicum бактериялары да туғызуы мүмкін. Бактериялық төбе шірігі пісіп келе жатқан жемістерде суланған дақтар түрінде білінеді.
Күресу шаралары: жемістер қалыптасқан кезде жиі суарып тыңайтқыш енгізу қажет.
Қызанақ фитофторозы (қоңыр шірік). Қоздырғышы – Phytophthora infestans dBy (Oomycetes класы, Peronosporales қатары).
Ауру жемістерде, жапырақтарда және сабақтарда дамиды. Жемістердегі дақтар қоңыр түсті және шашыраңқы орналасады. Ауруға шалдыққан жемістер қатайып кетеді. Жапырақтардың үстіңгі бетінің шеттерінде қоңыр түсті шашыраңқы дақтар, ал астыңғы жағында ылғалды ауа-райында ақ өңез түзіледі. Аурудың салдарынан жемістердің сапасы мен өнім түсімі төмендейді. Фитофтораның қоздырғыштары топырақта және өсімдік қалдықтарында сақталады.
Күресу шаралары: фитофтораға төзімді будандарды өсіру, жоғары агротехника, ауыспалы егістікті пайдалану, қызанақты картоптан алыс отырғызу, тыңайтқыштар пайдалану, ауруға қарсы «Тізім...» бойынша рұқсат етілген фунгицидтерді пайдалану.
Қызанақтың бактериялық қатерлі ісігі. Қоздырғышы Corynebacterium michiganense Jensen бактериясы.
Өсімдіктің жер үстіндегі барлық мүшелері кез-келген уақытта зақымданады. Жемістерінде «құс көзі» сияқты – ортасы қара сары түсті дақтар пайда болады. Зақымданған жемістер біртіндеп түсе бастайды. Ауру дамыған сабақтарда қара түсті жолақ дақтарды, ал кесіндісінде шіріп кеткен өткізгіш ұлпаларды көреміз. Қатерлі ісіктің қоздырғыштары топырақта, тұқымда және өсімдік қалдықтарында сақталады.
Күресу шаралары: себуге сау тұқымды пайдалану, дезинфекциялау үшін тұқымды 20 минут ыстық суда (48-50° С) ұстау, өсімдік қалдықтарын жою, төзімді сорттарды өсіру, «Тізім...» бойынша рұқсат етілген фунгицидтерді пайдалану.
Қызанақ мозаикасы. Қоздырғышы - Tobacco mosaic tobamovirus вирусы.
Аурудың алғашқы белгілері жапырақта байқалады. Жапырақтың бетінде қара немесе ақшыл-жасыл түсті мозаика пайда болады. Жапырақтар өзгеріске түседі, қыртыстанады. Мозаиканың қоздырғыштары тұқымда және топырақта сақталады.
Күресу шаралары: тұқымды жылыту және натрий фосфатымен (III) өңдеу арқылы залалсыздандыру, өсімдік қалдықтарын жою, жылыжай топырағын зарарсыздандыру.
Қызанақтың стригі. Ауруды Tobacco mosaic tobamovirus вирусы, кейде
картоптың Х-вирусы мен қияр мозаикасы вирустарының қосындысы тудырады. Жемістерінде, жапырақтарында, жапырақ сағағы мен сабақтарында кейін тұтасып кететін жаралар пайда болады. Аурудың әсерінен жемістер жарылып, тұқымдары сыртқа шашылып кетеді. Таратушылары – бітелер, цикадалар.
Күресу шаралары: тұқымды қыздыру және натрий фосфатымен (III) өңдеу арқылы залалсыздандыру, өсімдік қалдықтарын жою, жылыжай топырағын зарарсыздандыру, жылыжайларда температураны бірқалыпты ұстау, қызанақ пен картопты бір-бірінен алыс отырғызу қажет.
Қызанақтың столбуры.
Ауру қоздырғышы - PhLO фитоплазмасы. Зақымданған жас өркендердің түстері қызарады, гүлдің тостағаншалары үлкейіп өседі, аналық пен аталық дамымай қалады. Жемістерінің түсі бірыңғай емес және ұлпалары біртіндеп тығызданады. Кесіндісінде қатты дамыған ақ түсті талшықтарды көреміз. Аурудың негізгі таратушылары болып цикадалар саналады.
Күресу шаралары: ауруды таратушы - цикадалармен күрес жүргізу, арамшөптерді жою, цикадаларға қарсы «...Тізім» бойынша рұқсат етілген интексицидтерді пайдалану керек.
Сәбіздің қара шірігі (альтернариоз). Қоздырғышы: Alternaria radicina M.D. et E. (Deuteromycetes класы, Hyphomycetales қатары) саңырауқұлағы. Сәбізді, аскөкті, балдыркөкті, ақжелкенді залалдайды.
Өсіп даму кезеңінің екінші жартысында жапырақтарда қоңыр түсті дақтар пайда болады, ал ылғалдылық жеткілікті болғанда түсі қара-жасыл, барқыт сияқты өңезбен қапталады. Дақтар біртіндеп ұлғайып жапырақ бетін түгелдей
басып кетеді. Мұндай жапырақтар қурап қалады. Саңырауқұлақ жапырақ сағағы арқылы тамыржемістің жоғарғы бетін зақымдайды, алғашқыда қара дақтар шығады, кейін құрғақ шірікке айналады. Аурудың қоздырғыштары өсімдік қалдықтарында сақталады.
Күресу шаралары: өсімдік қалдықтарын жою, ауыспалы егістікті пайдалану, тыңайтқыштар қолдану, тұқымды тек сау аналықтардан ғана алу, аналықтарды отырғызу алдында жақсылап тексереді және ауру өсімдіктерді алып тастайды, тұқымды «Тізім...» бойынша рұқсат етілген улы дәрілермен дәрілеу, тамыржемістерді сақтауға қоймаларды дайындау, сақтау ережелерін мұқият орындау.
Сәбіздің ақ шірігі (склеротиниоз). Ауруды Sclerotinia sclerotiorum d By. (Ascomycetes класы, Helotiales қатары) саңырауқұлағы тудырады. Ақжелкенді, қиярды, қырыққабатты, қызылшаны және басқа да көкөніс дақылдарын залалдайды.
Тамыржемісті өсімдіктер оларды күзде жинағанға дейін, жинау кезінде және сақтаған кезде зақымданады. Тамыржемістер сақтау кезінде зақымданғанда, олар жұмсарып кетеді, ал сырттары ақ түсті өңезбен қапталады. Уақыт өте келе өңез тығыздалып бетінде қара склероцийлер пайда болады. Зақымданған жерден тамшы түрінде сұйықтық (шырыш) бөлінеді. Склеротиниоз ошақтанып пайда болады және ауру тамыржемістерден сау тамыржемістерге тез жұғады. Ауру топырақтағы склероцийлерден және өсімдік қалдықтарындағы мицелийлерден тарайды.
Күресу шаралары: көкөністерді өсірудің жоғары агротехникасын пайдалану, аналықтарды «...Тізім» бойынша фунгицидтермен дәрілеу, өсімдік қалдықтарын жою, қоймаға сақтау үшін аурудан таза тамыржемістерді салады, сақтау ережелерін орындау.
Сәбіздің сұр шірігі. Қоздырғышы – Botrytis cinerea P. (Deuteromycetes класы, Hyphomycetales реті) саңырауқұлағы.
Ауруға сәбіздің зақымданған тамыржемістері шалдығады және қоймаға салынғаннан кейін 1-2 айдан соң байқалады. Залалданған ұлпаның түсі қоңырланады, сұр түсті тығыз өңезбен қапталады, тамыржеміс шіриді. Уақыт өте келе өңездің бетінде кішкене қара ќарамыќтар пайда болады. Аурудың қоздырғыштары өсімдік қалдықтарында сақталады.
Күресу шаралары: ауыспалы егістікті пайдалану, аналықтарды «Тізім...» бойынша фунгицидтермен дәрілейді, өсімдік қалдықтарын жою, қоймаға аурудан таза тамыржемістерді салады, сақтау ережелерін орындайды.
Сәбіздің фомозы (құрғақ шірік). Қоздырғышы – Phoma rostrupii Sass. (Deuteromycetes класы, Sphaeropsidales қатары) саңырауқұлағы.
Өсіп дамудың екінші жартысында сәбіздің жапырақтары мен сабақтарында, ақшыл, кейінірек сұрғылт-қоңыр түсті болатын жолақша пішінді немесе ортасында қара нүкте сияқты пикнидтері бар ұзынша дақтар пайда болады. Тамыржемістерде кейін ұлпаны зақымдайтын қоңыр дақтар түзіледі. Сақтау кезінде ұлпа бүлінеді. Көктемде ауру аналықтардан басқа өсімдіктерге жұғады.
Күресу шаралары: ауыспалы егістікті пайдалану, өсімдік қалдықтарын жою, суару мөлшерін сақтау, сирету және арамшөптермен күресу, жинағанда және тасымалдағанда механикалық зақымдануды болдырмау, «...Тізім» бойынша фунгицидтерді қолдану керек.
Бақылау сұрақтары.
1.Капуста қара мойнақ ауруының қоздырғыштар тобы.
2.Кила аурудың өсімдіктің қандай мүшесі шалдығады?
3.Қиярдың ақ ұнтақ аурудың белгілері.
4Қызанақтың төбе шірігінің белгілері және қоздырғышы.
5.Столбур аурудың қоздырғышы
6.Сәбіздің ақ шірігінде қандай споралар түзіледі?
7.Пияз және сарымсақтың саңырауқұлақ аурулары
№13Дәріс Тақырыбы: Техникалық дақылдардың аурулары
Жоспары:
1.
2.
3.
Әдебиеттер:
-
Р.Д.Карбозова, К.Н.Туленгутова. Фитопатология. Оқулық.Алматы: ЖШС РПБК «Дәүір»,2014-312 б.
Бақылау сұрақтары.
№14Дәріс Тақырыбы: Көпжылдық шөптердің аурулары
Жоспары:
1.
2.
3.
Әдебиеттер:
1. Р.Д.Карбозова, К.Н.Туленгутова. Фитопатология. Оқулық.Алматы: ЖШС РПБК «Дәүір»,2014-312 б.
Бақылау сұрақтары.
№15Дәріс Тақырыбы: Жеміс-жидек дақылдардың аурулары
Жоспары:
1.
2.
3.
Әдебиеттер:
-
Р.Д.Карбозова, К.Н.Туленгутова. Фитопатология. Оқулық.Алматы: ЖШС РПБК «Дәүір»,2014-312 б.
Түсініктеме
Жеміс ағаштары саңырауқұлақтармен, бактериялармен, вирустармен зақымданады. Олар келтіретін зияндылықты төмендету үшін, дақылдардың ғылыми негізделген өсіру технологиясын сақтау қажет. Жеміс ағаштарының ауруларының таралуына қолайлы жағдай, көбінесе зиянды жәндіктердің қоректенуінен кейін туады. Сондықтан да жеміс бақтарында олардың таралуын шектейтін пайдалы энтомофагтар мен құстарды пайдаланудың маңызы зор.
Алма мен алмұрт ағашының таз қотыры. Алма ағашындағы ауруды Venturia inaequalis Wint., алмұртта – Venturia pirina Aderh. (Ascomycetes класы, Pleosporales қатары) саңырауқұлағы тудырады.
Аурудың қоздырғышы жапырақтарды, жемістерді, өркендерді зақымдайды. Жапырақтарда жасыл-зәйтүн түсті, барқыт сияқты өңезбен қапталған дөңгелек пішінді қоңыр дақтар пайда болады. Алма ағашында өңез көбінесе жапырақтардың үстіңгі бетінде, ал алмұртта – жапырақтардың астыңғы бетінде түзіледі. Зақымданған жапырақтар мезгілінен бұрын қурап, түсіп қалып өркендердің өсуіне кері әсер етеді, ағаш әлсірейді, оның аязға шыдамдылығы мен басқа саңырауқұлақ ауруларына төзімділігі төмендейді.
Жемістердегі тазқотыр қара-зәйтүн түсті, барқыт сияқты өңезбен қапталған, жиектелген шектеулі дақтар түрінде білінеді. Олардың астындағы ұлпа ағаштанып, жарылады. Ауру ерте пайда болғанда дақтар тұтасып кетеді. Жемістер ұсқынсыз, бүйірлі болып келеді. Көктемде ауру жерге түсіп қалған жапырақтарда, жемістерде сақталған аскоспоралардан тарайды. Негізінен жас жапырақтар зақымданады, ал 25 күннен асқан жапырақтарға саңырауқұлақ ене алмайды. Өсіп даму кезеңінде саңырауқұлақ конидийлермен тарайды.
Күресу шаралары: түсіп қалған жапырақтарды, жемістерді жою, ағаш түбін қопсыту, тазқотыр белгілері байқалған кезде «Тізім...» бойынша фунгицидтер бүрку қажет.
Алма ағашының монилиозы (жеміс шірігі). Ауруды Monilia fructigenales, M. cinerea Bon. f. mali Worm., M. cydoniae Schell (Deuteromycetes класы, Hyphomycetales реті) саңырауқұлағы тудырады.
Жемісте қоңыр дақтар пайда болады, олар біртіндеп үлкейеді және жемістің көп бөлігін басып кетеді. Кейін шіріген жемістің бетінде шоғырланып орналасқан, шеңбер сияқты, үлкен, сұр түсті жастықшалар түзіледі. Саңырауқұлақтың дамуына жағдай қолайсыз болғанда жемістер көкшіл қара түсті болып, кеуіп қалады (мумификацияланады). Мұндай жемістер ағаш басында қала береді. Саңырауқұлақ мицелий түрінде зақымданған жемістерде қыстайды. Олардан көктемде конидийлік споротүзгіштер дамиды, бұл аурудың алғашқы таралу жолы болып табылады. Ауру сау жеміс пен ауру жеміс бір біріне тигенде жұғады.
Күресу шаралары: үзіліп түскен жемістер мен мумификацияланған жемістерді жою, жеміс ағаштарының зиянкестерімен күресу, «...Тізім» бойынша фунгицидтер қолдану керек.
Алма ағашының ақ ұнтағы. Ауру қоздырғышы Podosphaera leucotricha
Salm. (Ascomycetes класы, Erysiphales қатары). Бүршіктер, жапырақтар, өркендер мен гүл шоқтары зақымданады. Бастапқыда олар ақ өңезбен қапталады, кейін түсі қоңырланып, қара нүкте сияқты саңырауқұлақ клейстотецийлері түзіледі. Ауруға шалдыққан жапырақтар сарғайып қурайды, ал зақымданған өркендердегі жемістер піспейді. Саңырауқұлақ ауруға шалдыққан өркендерде қыстайды.
Күресу шаралары: жоғары агротехниканы сақтау, зақымданған өркендерді жою, төзімді сорттарды өсіру, «Тізім...» бойынша фунгицидтерді қолдану.
Аќшыл жылтыр. Қоздырғышы – Stereum purpureum Fr. (Basidiomycetes класы, Aphyllophorales қатары)
– шекілдеуіктер мен сүйектілер тұқымдастарын зақымдайды. Ауруға шалдыққан жапырақтардың түстері ақшыл-күміс түстес болады және олар біртіндеп қурап қалады. Бұтақтары мен діңдерінде ұзындығы 2-3 см, жұқа тақта сияқты саңырауқұлақтардың жеміс денелері өсіп шығады. Жеміс денелерінің үстіңгі беті ақшыл-сұр түсті қылмен қапталған, астыңғы беті жұмсақ, қара-күлгін түсті, ал кейін қоңырланады. Мұндай белгілердің байқалуы өсімдіктерге қолайсыз ауа-райының (күннің қатты ыстық болуы) әсерінен болады.
Күресу шаралары: агротехниканың барлық тәсілдерін сапалы, әрі уақытылы жүргізу; ауру бұтақтарды кесіп алып, өртеп жіберу керек.
Клястероспориоз, немесе сүйектілер тұқымдастарының жапырақтарының ойылып түсуы. Қоздырғышы Clasterosporium carpophilum Aderh.
(Deuteromycetes класы, Hyphomycetale қатары) саңырауқұлағы.
Өсімдіктердің барлық мүшелерін залалдайды.
Жапырақтарда жиегі қара, дөңгелек пішінді, түсі ақшыл-қоңыр дақтар пайда болады. Олар уақыт өте келе түсіп қалады да, орындарында тесіктер қалады. Өркендердегі дақтар жарылады, олардан сары түсті шайыр бөлінеді. Жемістердегі дақтар бірігіп кетеді. Олар кейін жарылады да, зақымданған жерлерден шайыр (экссудат) бөлінеді. Саңырауқұлақ зақымданған өсімдіктерде қыстайды.
Күресу шаралары: бүршік жарғанға дейін және гүлдеген соң «...Тізім.» бойынша фунгицидтермен өңдеу қажет.
Шие мен қызыл шиенің коккомикозы. Ауруды Blumerella hiemalis Poeldmaa (Deuteromycetes класы, Phacidiales қатары) және Cylindrosporium hiemale Higg. (Deuteromycetes класы, Melanconiales қатары) саңырауқұлақтары туғызады.
Жапырақтың үстіңгі бетін көптеген, қызыл-қоңыр түсті дақтар басып кетеді, олар біртіндеп ұлғаяды. Жапырақтың астыңғы бетінде ақшыл-қызғылт түсті өңез пайда болады. Ауру жапырақтар мезгілінен бұрын түсіп қалады. Жемістер нашар өседі, дәмділігі төмендейді, уақыт өте келе жемістер кеуіп қалады. Қоздырғыш түсіп қалған жапырақтарда қыстайды.
Күресу шаралары: төзімді сорттарды өсіру, жоғары агротехниканы қолдану, өсімдік қалдықтарын жою, «...Тізім» бойынша рұқсат етілген фунгицидтерді қолдану керек.
Тамырдың қатерлі ісігі (тамырдың қостамақтануы). Ауруды Pseudomonas tumifaciens gfevens бактериясы туғызады.
Аурудың қоздырғышы өсімдікке тамырдағы жарықтар арқылы енеді. Ұлпаға енген бактериялар көбейеді, жасушалардың бөлінуін тездететін токсиндер бөліп шығарады, нәтижесінде тамырда ісіктер пайда болады. Уақыт өте келе ісіктер бұзылады.
Күресу шаралары: көшеттерді аурудан таза жерге отырғызу, уақытылы суару, көшеттерді отырғызғаннан кейін топырақты өңдеу.
Жидек дақылдардың аурулары
Түсініктеме
Жидек өсімдіктері саңырауқұлақтармен (жапырақ дақтары, сұр шірік, ақ ұнтақ, фитофтороз), вирустармен, микоплазмалармен (жапырақтардың қатпарлылығы, мозайка, жапырақтардың көгеруі) залалданады. Осы аурулармен күресу шараларын дұрыс жүргізу үшін, аурудың негізгі белгілерін анықтай білу қажет.
Америкалық ақ ұнтақ. Ауруды Sphaeroteca mors-uvae Berk. et Curt. (Ascomycetes класы, Erysiphales қатары) тудырады. Қарлыған мен қарақатты залалдайды.
Ауру өсімдіктің барлық мүшелерін: жапырақтарын, өркендерін, жемістерін, түйіндерін зақымдайды. Саңырауқұлақ өсімдіктің зақымданған мүшелерінде қыстайды. Көктемде гүлдегеннен кейін зақымданған мүшелерде, кейін қарайып кететін ақшыл-сұр түсті өңез пайда болады. Залалданған өркендер өсуді тоқтатып қыста өліп қалады, жапырақтар қурайды. Ауру жемістер өспейді, қышқылданады, езіледі және шашылады.
Күресу шаралары: төзімді сорттарды өсіру, өсімдіктерді сирек отырғызу, ерте көктемде немесе күзде зақымданған өркендерді кесіп алып жою, топырақты қопсыту, ауру жапырақтар мен жемістерді жою, өсіп даму кезеңінде «...Тізім» бойынша рұқсат етілген фунгицидтермен бүркеді.
Антракноз. Ауру қоздырғышы – Gloeosporium ribis Mont. et Desm, (Deuteromycetes класы, Melanconiales қатары) саңырауқұлағы. Қарлыған мен қарақатты залалдайды.
Жапырақтарда біртіндеп ұлғаятын кішкене қоңыр дақтар пайда болады. Залалданған жапырақтардың шеттері жоғары қарай қайрылады да, мезгілінен бұрын түсіп қалады. Саңырауқұлақ түсіп қалған жапырақтар мен өркендерде қыстайды. Көктемгі көбею бірінші жапырақтар пайда болғанда басталады, жазда саңырауқұлақ конидийлермен тарайды. Ауру ылғалды ауа-райында және жиі суарылғанда қатты дамиды.
Күресу шаралары: өсімдіктерді сирек отырғызу, күзде немесе көктемде барлық түскен жапырақтарды жою, «...Тізім» бойынша фунгицидтерді қолдану керек.
Бағаналы тат. Қоздырғышы – Puccinia ribesii-carisis Kleb, (Basidiamycetes класы, Uredinales қатары). Ауру қарлыған мен қарақатты залалдайды.
Залалданған жапырақтарда сары дақтар, ал астыңғы бетінде ашық-қызғылт түсті к‰лдіреуіктер пайда болады. Ауру жапырақтардың түсі қоңырланып, мезгілінен бұрын түсе бастайды. Аурудың қоздырғыштары залалданған өсімдіктерде сақталады. Аурудың қатты дамуына жылы, әрі ылғалды ауа-райы қолайлы.
Күресу шаралары: түскен жапырақтарды жою, арамшөптермен күресу, топырақты өңдеу, мөлшермен суару, «...Тізім» бойынша фунгицидтерді қолдану керек.
Бүлдірген жапырақтарының ақ дағы. Ауруды Ramularia tulasnei Sacc. (Deuteromycetes класы, Hyphomycetales қатары) тудырады.
Жапырақтарда дөңгелек қызғылт-қоңыр түсті дақтар пайда болады, кейін олар ағарады. Ескі жапырақтарда көбінесе дақтардың ортасы түсіп қалады. Қатты зақымданғанда жапырақтар қурап қалады. Жаздың бірінші жартысында ауру қатты дамитындықтан жеміс өнімі біршама азаяды, ал ауру кеш басталса – зияны онша көп емес. Бүлдірген жиі отырғызылса және ауа райы ылғалды болса аурудан қатты зиян шегеді. Қоздырғыштың қарамықтары өсімдік қалдықтарында қыстайды. Көктемде қарамықтардан конидийлік споратүзгіштер дамиды. Бұл аурудың алғашқы таралу жолы болып табылады.
Күресу шаралары: өсімдік қалдықтарын жою, өсімдіктердің тығыздық мөлшерін сақтау, сау көшеттерді пайдалану, жүйелі қоректендіру, «...Тізім» бойынша фунгицидтерді қолдану қажет.
Бүлдірген жапырақтарының қоңыр дағы. Ауру қоздырғышы – Marssonina potentillae Magn. саңырауқұлағы (Deuteromycetes класы, Melanconiales қатары).
Ауру жаздың екінші жартысында байқалады. Жапырақтарда торларымен шектелген, дөңгелек пішінді, қара-қоңыр түсті, жайылған дақтар пайда болады. Дақтардың үстінде саңырауқұлақтың конидийлік споратүзгіштері түріндегі кішкене жастықшалар түзіледі. Ауру желмен, жауынмен және жәндіктер арқылы тарайды. Саңырауқұлақ, конидилік споратүзгіш бүлдіргеннің өліп қалған немесе жасыл жапырақтарында қыстайды.
Күресу шаралары: ақ дақ ауруына қарсы қолданылатын шаралармен бірдей.
Бүлдіргеннің сұр шірігі. Ауру қоздырғышы – Botrytis cinerea Pers. саңырауқұлағы (Deuteromycetes класы, Hyphomycetales қатары).
Ауру шанақтарды, жапырақтарды, гүлдерді, жемістерді залалдайды. Оларда алғашқыда қоңыр түсті, жайылма дақтар пайда болады. Кейін олар өсе келе тұтасып кетеді де, сұр түсті өңезбен қапталады. Зақымданған жемістерде қоңырқай түсті дақтар пайда болады, өсе келе оны орап алады. Бұл әлі піспеген жемістердің өлуіне әкеп соқтырады. Шіріген жемістерде сұр түсті, мамық сияқты өңез түзіледі. Ауруға шамадан тыс суару мен өсімдіктердің жиі отырғызылуы себеп болады. Аурудың қоздырғыштары желмен, жауынмен және суару кезінде тарайды. Топырақта, өсімдік қалдықтарында ќарамыќтар түрінде қыстайды.
Күресу шаралары: агротехникалық тәсілдерді дұрыс пайдаланып өсімдіктердің ауруға төзімділігін арттыру; өсімдік қалдықтары мен ауру өсімдіктерді жою; бүлдіргенді жақсы желдетілетін, күнгей, құнарлы жерлерге орналастыру; «...Тізім» бойынша фунгицидтерді қолдану керек.
Қарақаттың түктілігі (реверсия). Вирустық ауру (Currant reversion virus).
Бұл ауруға қарақат егу кезінде шалдығады, сонымен қатар өсімдіктен өсімдікке қарақаттың бүршік кенесі арқылы және өсімдікпен қоректенетін қандаламен тарайды. Жекелеген өркендер, тұтас түптер жеміс бермей қояды. Жапырақтар ұзарып бөліктері азаяды, түстері бозғылттанады. Өркендер көбейіп түптер қалыңдайды. Гүлдері ақшыл қызғылт түсті болады. Жемістер өспейді.
Күресу шаралары: ауру өсімдіктерді тамырымен бірге жою; отырғызуға сау, жақсы жетілген көшеттерді пайдалану; ауруды таратушы қарақаттың бүршік кенесімен күресу жұмыстарын жүргізу керек.
Бақылау сұрақтары
1. Жеміс ағаштарының жапырақтарын, жемістерін, тамырларын залалдайтын ауруларды ата.
2. Қандай аурулар микоздарға, бактериоздар мен вироздарға жататындықтарын ата.
3. Жеміс ағаштары ауруларының сыртқы белгілеріне сипаттама бер.
4. Жеміс ағаштары аурулары қоздырғыштарының даму кезеңдерін сипатта.
5. Жеміс ағаштарының ауруларымен күресу шаралары.
Аурудың қоздырғышын және оның жүйелік орнын атау.
2. Жидек дақылдары ауруларының белгілерін сипаттау.
3. Аурудың алғашқыда пайда болуы және қоздырғыштардың өсімдікке енуі қалай болады.
4. Аурудың қоздырғышының қыстау кезеңіне сипаттама беру.
5. Жидек дақылдарының ауруларымен күресу шаралары.
Тәжірибелік сабақтар
1 – модуль Жалпы фитопатоллогия
1 – блок Өсімдік аурулары, олардың себептері және сыртқы белгілері.
№1Тәжірибелік сабақ. Тақырыбы: Өсімдіктердің жұқпалы және жұқпалы емес аурулары
Жоспары:
1.
2.
3.
№2Тәжірибелік сабақ . Тақырыбы: Аурулар түрлерінің сипаттамасы
Жоспары:
1.
2.
3
2 Блок-Жұқпалы аурулардың негізгі топтары
№ 3Тәжірибелік сабақ. Тақырыбы: Өсімдіктердің жұқпалы және жұқпалы емес аурулары
Жоспары:
1.
2.
3.
№ 4Тәжірибелік сабақ. Тақырыбы: Өсімдіктердің жұқпалы және жұқпалы емес аурулары
Жоспары:
1.
2.
3.
№5 Тәжірибелік сабақ. Тақырыбы: Өсімдіктердің жұқпалы және жұқпалы емес аурулары
Жоспары:
1.
2.
3.
№ 6 Тәжірибелік сабақ. Тақырыбы: Өсімдіктердің жұқпалы және жұқпалы емес аурулары
Жоспары:
1.
2.
3.
№7 Тәжірибелік сабақ. Тақырыбы: Өсімдіктердің жұқпалы және жұқпалы емес аурулары
Жоспары:
1.
2.
3.
№8 Тәжірибелік сабақ. Тақырыбы: Өсімдіктердің жұқпалы және жұқпалы емес аурулары
Жоспары:
1.
2.
3.
№9 Тәжірибелік сабақ. Тақырыбы: Өсімдіктердің жұқпалы және жұқпалы емес аурулары
Жоспары:
1.
2.
3.
№10 Тәжірибелік сабақ. Тақырыбы: Өсімдіктердің жұқпалы және жұқпалы емес аурулары
Жоспары:
1.
2.
3.
№11 Тәжірибелік сабақ. Тақырыбы: Өсімдіктердің жұқпалы және жұқпалы емес аурулары
Жоспары:
1.
2.
3.
№12 Тәжірибелік сабақ. Тақырыбы: Өсімдіктердің жұқпалы және жұқпалы емес аурулары
Жоспары:
1.
2.
3.
№13 Тәжірибелік сабақ. Тақырыбы: Өсімдіктердің жұқпалы және жұқпалы емес аурулары
Жоспары:
1.
2.
3.
№ 14 Тәжірибелік сабақ. Тақырыбы: Өсімдіктердің жұқпалы және жұқпалы емес аурулары
Жоспары:
1.
2.
3.
№15 Тәжірибелік сабақ. Тақырыбы: Өсімдіктердің жұқпалы және жұқпалы емес аурулары
Жоспары:
1.
2.
3.
Зертханалық сабақтар
1 – модуль Жалпы фитопатоллогия
1 – блок Өсімдік аурулары, олардың себептері және сыртқы белгілері
№1 Зертханалық сабақ. Тақырыбы: Жұқпалы емес ауруларын анықтау
№2 Зертханалық сабақ. Тақырыбы: Саңырауқұлақ, бактериалды, вирусты және микоплазмалық аурулардың сыртқы белгілерін анықтау
№3 Зертханалық сабақ. Тақырыбы: Хитридиомицеттер, оомицеттер, зигомицеттер, аскомицеттермен танысу
№4 Зертханалық сабақ. Тақырыбы: Қаракүйе және тат аурулары сыртқы белгілерімен танысу
Дәнді дақылдардың қара күйе ауруларын кәдімгі саңырауқұлақтар (Eumycota) бөліміне, Базидиомицеттер (Basidiomycetes) класына, қаракүйе (Ustilaginales) қатарына жататын қоздырғыштар тудырады. Олар бейімделген паразиттер болып табылады, әрбір түрі белгілі бір дақылды залалдайды. Ұлпалар бұзылып, түрі күйік тәрізді болады. Қара түсті телиоспоралар (бір дәнде 8-20 млн. дана) пайда болып, зақымдалған жер қарайып кетеді.
Бидайдың тозаңды қара күйесі.Қоздырғышы: Ustilago tritici (Pers) Rostr.
Бидай өсіретін аудандарда жаппай таралған. Тозаңды қара күйенің қоздырғышы екі вегетациялық кезеңде дамиды. Бидай бірінші жылы гүлдеген кезде залалданады, ауру екінші жылы бидайдың масақтану кезінде байқалады. Бидай гүлдеген кезде ауадағы телиоспора аналықтың аузына түседі, телиоспородан диплоидті жіпше өсіп аналықтың түйініне енеді. Зақымданған дәннің сырттай сау дәннен айырмашылығы болмайды. Саңырауқұлақ жіпшумагы өскіннің ішінде масақтану кезеңіне дейін диффузиялық жолмен өсу нүктесінің артынан бойлап дамиды. Жапырақ қынабынан масақ бүлінген күйінде шығады, тек өзегіғана (гүл шоғырының сағағы) сақталып қалады. Кейде жекелеген сағақтар немесе масақтар сақталады. Ауру масақтың жұқа түссіз қабығы оңай жыртылады да, споралар жеңіл шашылады. Саңырауқұлақ жіпшелері тұқымда 3 жылдан аса уақыт сақтала алады. Өсімдіктердің зақымдануына ауаның жоғары ылғалдылығы (60%-дан астам) немесе гүлдену кезінде тамшылы-сұйық ылғалдың болуы қолайлы.
Бидайдың қатты қара күйесі. Қоздырғышы: Tilletia caries (DC.)Tul.
Жаппай таралған. Ауру өсімдіктің масағының қабыршақтары аналық түйіннің үлкейінуінің әсерінен ашылып кетеді. Түйіннің ішінде саңырауқұлақтың споралары дамып жетіліп, тұздалған балықтың иісі шығып тұрады. Аурудың әсерінен тұқымның өнгіштігі төмендейді, өнім түсімі азаяды.
Егінді орып бастырған кезде қара күйе қапшықтары (ішінде телиоспоралар бар түйін) жарылып, телиоспоралар сау дәндерге түседі. Залалдану құрал-жабдықтар, ыдыс және т.б. арқылы да жүзеге асады. Тұқым өніп-өскен кезде телиоспоралар да өседі. Олардың жіпшелері дамып бидай өскінінің ішіне өтеді. Өскіннің ішінде саңырауқұлақ диффузиялық жолмен дамиды. Аурудың сыртқы белгілері бидайдың сүттенуі кезінде білінеді. Егін ору кезінде қара күйе қапшықтары жарылады да, споралар шашылып дәндерді залалдайды. Қыста телиоспоралар тұқым бетінде сақталады және өнгіштігін 5 жылға дейін жоғалтпайды. Ал егін орағы кезінде топыраққа түскен телиоспоралар өнгіштігін ұзақ сақтай алмайды.
Өскіндердің залалдануына топырақтың ылғалдылығының 60% -дай болуы және 5-100 С температура, тұқымды терең сіңіру қолайлы болып табылады.
Арпаның қатты (тас) қара күйесі. Қоздырғышы: Ustilago hordei (Pers) Lagerh.
Қылтанақтан басқа масақтың барлық бөліктері зақымдалып, жұқа түссіз қабықпен жабылған қара түсті споралар жиынтығына айналады. Споралар біріне бірі тығыз, жабысып орналасқан, сыртқы ортаның әсерінен жеке кесектерге оңай бөлінеді. Споралар өздігінен шашылмайды. Дән астық бастыру және өңдеу кезінде залалданады. Залалданған дән тұқым ретінде пайдаланылғанда, аурудың әсерінен өскіндердің өліп қалуынан егістік сиреп кетеді. Өскіндер топырақтан залалдануы да мүмкін.
Аурудың дамуына 5-100 С температура мен топырақ ылғалдылығының 60-70% болуы өте қолайлы.
Дәнді дақылдардың тат ауруларының белгілері
Дәнді дақылдардың тат аурулары аса зиянды аурулардың бірі. Эпифитотия кезінде көптеген аудандарды қамтып, егін түсіміне көп шығын келтіреді. Споралары алыс қашықтықтарға желмен ұшып барып аурудың кенеттен пайда болуына себепкер болады. Тат саңырауқұлақтары өсімдіктердегі ассимилияциялық процестерді бұзып, фотосинтезді азайтады, тыныс алу мен булануды жиілетеді. Мысалы сабақ татымен қатты зақымданғанда шығын 50%-дан жоғары болуы мүмкін.
Қазақстанның негізгі астық өсіретін аймақтарында бидай, қарабидай, арпада сабақ (жолақты) таты, бидай мен қарабидайда қоңыр тат, сұлының тәжді таты, арпаның қортық таты таралған, ал бидайдың, қарабидай мен арпаның сары таты сирек кездеседі.
Дәнді дақылдардың тат ауруларының қоздырғыштары болып Uredinales ќатарыныњ Базидиомицеттер (Basidiomycetes)класына жататын Puccinia spp. саңырауқұлағы саналады. Аурумен зақымданған мүшелерде түрлі шама мен пішіндегі к‰лдіреуктер (пустулалар) пайда болады. Даму кезеңінде спора түзудің бес түрі болады: 0 – спермогонии спермацияларымен, I – эции эциоспораларымен, II – урединиоспоралар түзу, II – телиоспоралар түзу, IV – базидии базидиоспораларымен. Жазғы споралар деп аталатын урединиоспоралар желмен үлкен қашықтықтарға таралады.
Саңырауқұлақтың жекелеген түрлері қысқа жолмен (жартылай циклмен) дами алады, яғни оларда спора түзудің белгілі бөлігі ғана болады. Тат саңырауқұлақтарының даму кезеңі бірнеше өсімдікте (көп қожалы) немесе бір өсімдікте( бір иелі) өтуі мүмкін
Дәнді дақылдардың сабақ (жолақ) таты. Жолақ таттың қоздырғышы Puccinia qraminis Pers.
Олар бидайдың барлық түрлерін - арпаны, қарабидайды, арпабасты залалдайды. Аралық иесі болып бµріќараќат (барбарис), магония өсімдіктері саналады. Күздік дақылдар мен жабайы дақылдар ауру қоздырғыштарының сақталатын орны (резерваторы) болып табылады.
Споралар ауа ағыны арқылы басқа аймақтарға тарайды. Дәнді дақылдардың сабақтары ауруға шалдыққанда, жапырақ қынаптары мен масақ қабыршақтары сирек зақымданады. Өсімдіктің даму кезеңінің екінші жартысында, әсіресе соңына қарай, зақымданған мүшелерде қатар орналасқан, әуелі татқа ұқсас қоңыр урединиялар, кейін қара телиопустулалар пайда болады. Саңырауқұлақтың дамуына ауаның жоғары ылғалдылығы (95 – 100%) және жылы ауа-райы қолайлы
Дәнді дақылдардың қоңыр таты. Қоздырғыштары Puccinia triticina Erikss. syn. Puccinia recondita f. sp. tritici бидайды, ал Puccinia dispersa Erikss. syn. Puccinia recondita f. sp. secalis. қарабидайды залалдайды.
Бидайдың қоңыр татының аралық иесі марал оты (василистник), қара бидайдікі – анхуза. Олар аурудың таралуы мен дамуына әсер етпейді. Аурудың қоздырғыштары қысқа жолмен дами алады. Масақтану кезінде, кейде одан да ерте, жапырақтарда қоңыр түсті, ретсіз шашырап орналасқан, дөңгелек пішінді, ұсақ, оңай шашылатын урединиялар дамиды. Даму кезеңінің соңына қарай жапырақтардың төменгі бетінде қара телиопустулалар түзіледі. Бұл ауру тамшылы-сұйық ылғал мен ауа-райы жылы (18-230 С) болғанда жылдам дамиды. Ауру жаздық дәнді дақылдарда зақымданған күздік дақылдармен жақын орналасқанда, егістік тығыз болғанда және кеш егілгенде көп байқалады. Аурудың қоздырғыштары күздік дақылдарда мицелий түрінде сақталады. Саңырауқұлақтың споралары шекаралас аймақтардан келуі мүмкін.
Арпаның қортық таты. Аурудың қоздырғышы Puccinia hordei G. H. Otth. саңырауқұлағы. Көбінесе арпаны залалдайды, ал арпабаста сирек кездеседі.
Белгілері бидайдың қоңыр татымен ұқсас. Аралық қожасы – птицемлечник. Саңырауқұлақ қысқа жолмен дами алады.
Достарыңызбен бөлісу: |